Кәсіпкерлікті ұйымдастыру. Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы



Жоспар:

Кріспе

Ι.бөлім. Кәсіпкерліктің эканомикалық түсінігі , формалары
1.1 Кәсіпкерліктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпкерліктің формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II.бөлім.Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
2.1 Кәсіпкерліктің жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Кәсіпкерлікті дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» «Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпкерліктің экономикадағы негізін, құқықтық жағдайларын, түрлерін, формаларын, даму жолдарын күрделі қамту.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) белгілі бір істің түрі
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ? Сан есебінен алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығынан, шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спотандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік ( қайғы- касірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік . Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси , әлеуметтік , экономикалық , әскери , тарихи , айуандық т.б болып бөлінеді .
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады . Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы , ал кәсіпкерлік табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты . Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес , адамдардың жан – жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді . Сондықтан экономикалық белсенділік , іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі , қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды : көпестер , саудагерлер , қол өнері қызметкерлері . Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып , өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген . Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі .
16 ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды , акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы , 1554 жылы Англия сауда компаниясы , 1660 жылы Ост – Индия сауда компаниясы . 17 ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды .
Ресейде Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ . Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды . 1861 жылғы рефермадан кейін темір жол құрылысы , ауыр өнеркәсіп салалары орын алды .
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге , заңды тұлғалар , біріккен серіктестер ( партнерлер ) : арендалық , ұжым , ашық және жабық акционерлік қоғамдар , шаруашылық ассоциациялары , әртүрлі бірлестіктер ( корпорациялар ) .
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері :
- дербестік және тәуелсіздік :
- экономикалық ынталылық :
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілігі:
- жаңашылдық .
Осы «Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес» - деп аталатын курстық жұмыстың мақсаты да, обьектісі де жалпы қазақстандағы кәсіпкерлік ісінің және сол іспен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың алдында кездесетін қиыншылықтарды жеңуіне, жоюына, немесе алдын-алуына дұрыс бағыт – бағдар көрсету болып табылады
Қолданылған әдебиеттер

1. «Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның даму перспективалары». Қазақстан жоғары мектебі. 2003ж. №2
2. «Кәсіпкерлік – азаматтық қоғамның тірегі, тұрмыстық кепілі». Егемен Қазақстан 2003ж. 1 қараша.

3. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақынова Ф.Н, Табаев Т.П. «Экономикалық теория ». Алматы, «Қазақ университеті» 1999ж.
4. Бисенғазиев М.Б. «Кәсіпкерлік негіздері». Орал, 2001ж.
5. Бусыгин А.В. «Предпринимательство». Москва 1999г.
6. Горфинкель В.Я, Поляк Г.Б, Швандар А.А. «Предпринимательство». Москва 1999г.
7. Елімбаев М.С. «Іскерлік кәсіпкер әліппесі». Сұхбат 1994ж. №1
8. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы. «Экономика». 2003ж.

9. Мәдешов Б.Ы. «Нарықтық экономикасына кіріспе». Алматы,
«Экономика». 1995ж.
10. Оспанов М.Т. «Агробизнес теориясы мен тәжірибесі». Алматы. 1996ж.
11. Фишер С. «Экономика», Москва, 1993ж.
12. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002ж.
13. Шарқымбаев М.Е. «Шаруашылық жүргізу формаларын құру принциптері». Жаршы, 2001. №1.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кріспе

Ι-бөлім. Кәсіпкерліктің эканомикалық түсінігі , формалары

1.1 Кәсіпкерліктің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..5
1.2 Кәсіпкерліктің
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
. 8

II-бөлім.Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
2.1 Кәсіпкерліктің жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Кәсіпкерлікті дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .32

Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі
формалары Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпкерліктің экономикадағы негізін,
құқықтық жағдайларын, түрлерін, формаларын, даму жолдарын күрделі қамту.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) белгілі бір істің түрі
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс
істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және
іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын
шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері
белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе,
сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ? Сан есебінен
алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығынан, шамадан
тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға
дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь
социалистік революциясы. Сапа жағынан спотандық белсенділік (ішкі
себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің
шектелген түрі және еріксіз белсенділік ( қайғы- касірет шегу),
сонымен бірге еркін белсенділік . Адамдардың белсенділігі әртүрлі
болады: саяси , әлеуметтік , экономикалық , әскери , тарихи , айуандық
т.б болып бөлінеді .
Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке
қолданылады . Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы , ал
кәсіпкерлік табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс
тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты .
Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес , адамдардың жан –
жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді . Сондықтан
экономикалық белсенділік , іскерлік еріксіз немесе еркін болуы
керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі
, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды : көпестер ,
саудагерлер , қол өнері қызметкерлері . Кәсіпкерліктің алғашқы
дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып , өздері
сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген . Бұл тауарлы өндірістің
бастапқы жабайы түрі .
16 ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды ,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы , 1554 жылы Англия
сауда компаниясы , 1660 жылы Ост – Индия сауда компаниясы . 17
ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды .
Ресейде Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін
дамыған жоқ . Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды . 1861
жылғы рефермадан кейін темір жол құрылысы , ауыр өнеркәсіп
салалары орын алды .
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге , заңды
тұлғалар , біріккен серіктестер ( партнерлер ) : арендалық , ұжым ,
ашық және жабық акционерлік қоғамдар , шаруашылық ассоциациялары ,
әртүрлі бірлестіктер ( корпорациялар ) .

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері :
- дербестік және тәуелсіздік :
- экономикалық ынталылық :
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілігі:
- жаңашылдық .
Осы Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес - деп аталатын курстық
жұмыстың мақсаты да, обьектісі де жалпы қазақстандағы кәсіпкерлік ісінің
және сол іспен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың алдында
кездесетін қиыншылықтарды жеңуіне, жоюына, немесе алдын-алуына дұрыс
бағыт – бағдар көрсету болып табылады.

I-бөлім.Кәсіпкерліктің эканомикалық түсінігі

1.1. Кәсіпкерліктің түсінігі.
Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар
шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды .
Бірінші ақиқат : қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз .
Екінші ақиқат : экономикалық ресурстар шекті немесе сирек .
Экономикалық ресурстар дегеніміз – бұл тауар өндіруде қолданылатын
барлық табиғат , адам және адамдардың өндірген құрал жабдық
ресурстары Олар : фабрика , зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары :
әртүрлі жабдықтар, инструменттер , өндірістік тауарлар мен ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар: әртүрлі
транспорт , байланыс құралдары : материалдық байлықты өндіруге
қатынасатын алуан түрлі еңбектер: жер және қазбалы байлықтар . Олар
мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді :
1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал.
2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік .
Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық .
1. ЖЕР. Жер деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады -
өндірісте қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған
мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар,
минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б .
2. Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген
өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналары, жабдықтар,
фабрика - зауыттар, қойма, транспорт, құралдарының барлық түрлері
және тауар өткізу торабы . Құрал жабдықтарды өндіру және
қорландыру процесін инвестициялау дейді .
Тауарлар екіге бөлінеді : 1 . Инвестициялық тауарлар ( капитал),
олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді .
2 . Тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады .
Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді . Ақша ештеңе
өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды . Ақша - бұл финанс
капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал .
3. Еңбек - бұл кең мағыналы термин . Экономистер оны
адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл - ой
қабілеттілігін бейнелейді .
4 . Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы.
Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1 . Кәсіпкер барлық ресурстарды : жер , капитал және еңбекті
өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады,
яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда
беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз
қолына алады және фирманың ( кәсіпорынның ) іс бағытын
айқындайды .
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар
өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа
формаларын енгізу аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей - тегжейін айқын талдап, қортындысында не
болатынын білген жөн ( капитализм совет өкіметі емес, ешкім
әншейін көмек көрсетпейді .) Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін
іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен
өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәуекелге салады .
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу .
Ресурстарға төлем . Жоғарыда көрсетілген ресурстар , яғни
өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде
беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды , ол зиян да болуы
мүмкін. Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану
жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жете түсіну керек . Экономикалық
тиімділік – бұл
шығын өнім мәселесін қамтиды . Экономикалық тиімділіктің
критериясы (өлшемі) әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз
шығын жұмсау . Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді
пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады.Ол үшін
ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін
толық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан толық қамтылу деген
экономикалық терминді түсіндіріп кетелік .
Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды
іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек. Егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы , яғни барлық жарамды
ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе
шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық
тауарлар сатылады т.б . яғни ел байиды, нарық тауарға толады,
адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады . Қазақтың мақалы бар
шығын болмай, тығын болмайды деген . Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс , яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Шын мәнінде, кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып,
өзі Төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді
қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы, капиталға пайыз, жер
иелеріне рента кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда, социализм мен
капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің
өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде - қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және
кәсіпкерлік пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету
үшін мемлекеттік органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы
күштер ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканың жеке меншік
экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл – ой, парасатты жұмысқа
негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер
табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты
құру үшін бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық
саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет . Елдің болашақ тағдырын
білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай
жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы
керек. Аш – жалаңаш елде кәсіпкер де халықты та байымайды.

1.2. Кәсіпкерлік формалары
Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:
өндірістік, коммерциялық, қаржы және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге
қоғамдық қүрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің
(ұжымның) құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2)
ұжымдық экономикалық.
А. Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер . 1. Серіктестіктер -
адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер
болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің
капиталымен жеке жауап береді.
Серіктестіктердің түрлеріне: толық серіктестік, коммандиктік
мүшелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мүшелері, акционерлік
қоғам және оның түрлері: ашық және жабық акционерлік қоғамдар
кіреді.
Толық серіктестік – мүшелері өз мүліктері шеңберінде
жауапкершілікке ие болады.
Коммандиктік мүшелері - аралас жауапкершілікке ие болады, яғни
біреулері толық мүлкімен, ал екіншілері салынған капиталдың
негізінде жауап береді.
Ж.Ш.С. мүшелері – тек қана салынған капиталдың негізінде
тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капитал белгілі бір
үлестерге ( акциаларға) белгіленген заңды тұлға, құқығы бар
кәсіпорын
Ашық акционерлік қоғам - өз акциаларын ашық сатуға және
басылымдарда акциаларының құнын жариялауға құқылы.
Жабық акционерлік қоғам - акциалар құрылтайшылардың арасында
сатылады және акциалардың құны жарияланбайды
Ұжымдық ( қоғамдар ) өздерінің қаражаттарымен бірігеді . Шектелген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап
бермейді . Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының
мөлшерінде болады . Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің
барлық дүние - мүлкімен жауапты .
Б. Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың
бақылау пакеттерін сатып алады.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті
бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –
техникалық, өндірістік , экономикалық және әлеуметтік міндеттерді
бірігіп шешу.
3. Консорциум- бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін ( мысалы,
өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын
бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
6. Финанс- өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда
капиталының бірлестігі.
Қазіргі Қазақстанда мынадай ұжымдық - құқықтық формалы
кәсіпкерліктер құрылуда .
1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері
өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті
серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы,
зияны пайдаға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы
қосып сонан салық төлейді.
2. Коммандиктік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері
серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше
мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде
жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді , ал зиян тәуекеліне өздерінің
үлестерімен жауап береді .
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне
өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам .
6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын
тек мемлекеттік немесе мунципиалдық болады. Унитарлы кәсіпорын
федералдық қазына кәсіпорыны болып есептеледі.

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі , кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы
оған бүгінен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады . Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу үшін қызмет көрсету , жинау ,
өңдеу , және ақпарат беру, құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған
әрекеттер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түріне және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар
көп мөлшерде қажет болады . Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің
нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар
өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай
қызмет керсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу,
сонымен бірге шикізат, материалдар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара
қатынасты орнату.
Келесі кезең өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар,
құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б)
Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша
материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы
бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері,
полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу кезі. Инструменттер
мен инвесторлар айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және
пайдалану мерзімімен бөлінеді.
Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі
тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар
өніміне тікелей қатынасады.
Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру
арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы,
тәжірибелілігі жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді
ойластырып, алдын ала есептеу. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін анықтайтын тауар – ақша қатынастары, тауар –
айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен
айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды
қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы
ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай
білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының
өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары
болуы керек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері.
Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда
нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен
бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады.
Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген
бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир
ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынандай бағамен сатасың деп
келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- сауда-саттық келісім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Ұсақ бизнес
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Пәндер