Тауарлы-материалдық қорлардың сипаттамасы мен есеп саясаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет

1.тарау. Тауарлы.материалдық қорлардың сипаттамасы мен есеп саясаты.
1.1. Тауарлы.материалдық қорлардың өндіріс үрдісіндегі мәні мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 бет
1.2. Шаруашылықтың технико.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... .7 бет

2.тарау. Тауарлы.материалдық қорлардың есебі.
2.1. Тауарлы.материалдық қорларды топтау және бағалау ... ... ... ... ...11 бет
2.2. Тауарлы.материалдық қорлардың қозғалысының есебі ... ... ... ... .20 бет
2.3. Тауарлы.материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 бет


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35бет
Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылықтың есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттары мен халықаралық есеп стандарттарына, бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылықтың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер әрі күрделі, әрі ауқымды болып отыр. Өйткені қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде еліміздегі мемлекет меншігінің үлесі сегіз пайыз болса, қалған бөлігі меншіктің басқа нысандарының үлесінде. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
1. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” заңы, 26.12.1995. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 24.06.2002.)
2. Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет жөніндегі” заңы, 18.11.1998ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2001.)
3. Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000.
4. Ұлттық Бухгалтерлік есеп стандарттары.
5. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары, А., 18.09.2002.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1994.
7. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. А: Қазақ Университеті, 1999.
8. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. А: Қазақ Университеті, 1999.
9. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета: М.: Финансы и статистика, 2002.
10. Радостовец В.К., Радостовец В.В. Бухгалтерский учет на предприятии: А., 1998.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет

1-тарау. Тауарлы-материалдық қорлардың сипаттамасы мен есеп саясаты.
1. Тауарлы-материалдық қорлардың өндіріс үрдісіндегі мәні мен
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
2. Шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... .7
бет

2-тарау. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі.
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды топтау және
бағалау ... ... ... ... ...11 бет
2.2. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының есебі ... ... ... ... .20
бет
2.3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 30 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..34 бет

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 35бет
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылықтың
есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Ұйымда
бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды
жөніндегі” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және бухгалтерлік
есептің ұлттық стандарттары мен халықаралық есеп стандарттарына,
бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ
принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ
ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылықтың және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке
жүктелетін міндеттер әрі күрделі, әрі ауқымды болып отыр. Өйткені қоғамдық
дамудың жаңа кезеңінде еліміздегі мемлекет меншігінің үлесі сегіз пайыз
болса, қалған бөлігі меншіктің басқа нысандарының үлесінде. Осыған орай
қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық
және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Халық
шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік
және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру
принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан
реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет
тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін
дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған
өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға
мәлім.
Егемендік алған жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер
Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды
нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылықтардағы
бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуді жетілдіре
түсу мақсатында, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары қайта қаралып,
жобасы жалпы талқыға ұсынылды.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және аудиті зерттеуді қажет ететін
өзекті тақырыптардың бірі. Тақырыпты зерттеудегі мақсат - тауарлы-
материалдық қорлардың есебін және аудитін жүргізудің теориялық және
тәжірибелік мәселелерін оқып-үйрену.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екi тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Тауарлы-материалдық қорлардың сипаттамасы мен есеп саясаты.
1. Тауарлы-материалдық қорлардың өндіріс үрдісіндегі мәні мен
сипаттамасы.
Өндіріс үрдісінде еңбек құралдарымен қатар өндірістің қорлары еңбек
заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы өндіріс үрдісінде
бір-ақ рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп,
оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалдық қорлардың алатын орны
өте зор. Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте
атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне
қарай өзара айырмашылықтары бар.
Тауарлы-материалдық қорлар баланста материалдар, дайын өнімдер, тауарлар
және аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынандай
активтер жатады: шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші материалдар,
сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастырушы
бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берген материалдар, сондай-
ақ шаруашылықтың негізгі және қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған
өнімдер түріндегі активтері және әр-түрлі мақсаттар үшін сатып алынған
тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік
шығындар да жатады.
Шикізаттар деп – бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері
(руда, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқалар) жатады. Негізгі
материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері (мата, ұн, кірпіш тағы
да басқалары) жатады. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін
өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды. Өндірістік
процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуге қажет ететін
материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі
қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен
айырмашылығы оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай
фабрикатты сатып алған шаруашылық субъектісі оны әрі қарай өңдейді.
Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған шаруашылық субъектісінің өзінің
өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында
есептелінеді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон
және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға – әр-түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және
жөндеуге керекті басқа да материалдар жатқызылады. Көмекші материалдардың
негізгі материалдардан өзгешелігі олар өнімнің материалдық негізін
құрамайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі
материалдарға қосымша пайдаланады. Олар өндіріс процесінде қолданылуы
барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп,
негізгі материалдардың түсін және тағы да басқа жақтарын өзгертеді.
Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады. Бірақ
материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені
олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық
сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.
Материалдық құндылықтар ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектер, құрастырушы бұйымдар және тағы да басқалар
есептелінеді.

2. Шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының ұлттық есеп стандарттарында және ол бойынша
жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін
жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері
мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,
олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің
біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер
жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі
шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік
саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат – бұл
бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі
нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты
келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы;
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір
қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде
тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа
алынуы керек);
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету
әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен
мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде
де);
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр
фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің
орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек);
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы –
кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы
қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы
ақпаратпен қаптастыру.
“Системотехника” жабық акционерлік қоғамының есеп саясаты – басшылықтың
бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті олардың сәйкес
қағидалары мен негіздері бойынша ашып көрсету үшін қабылдаған әдістерінің
жиынтығы.
Есеп саясаты келесі құжаттар негізінде жасалады:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп жөніндегі”
заңдық күші бар нұсқауы, 26.06.2002ж.
2. Халықаралық және ұлттық есеп стандарттары.
3. Стандарттарды пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
4. Бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік Жоспары, 18.09.2002ж.
5. Басқа да есеп, қаржы, салық салу салаларындағы нормативтік-құқықтық
актілер.
6. “Системотехника” ЖАҚ-ның жарғысы.
7. “Системотехника” ЖАҚ-ның басқа да ішкі құжаттары.
Қызмет барысында “Системотехника” ЖАҚ-ы өз есеп саясатына бекітілген
тәртіп бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
“Системотехника” жабық акционерлік қоғам болып табылады, Қазақстан
Республикасының “Акционерлік қоғамдар жөніндегі” заңына (10.07.1998ж.) және
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (27.12.1994ж.) сәйкес
құрылған.
“Системотехника” ЖАҚ-ның негізгі мақсаты өз жарғысында көрсетілген
өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Қоғам қызметін келесі құжаттар мен актілерге сүйеніп атқарады:
- қоғам жарғысы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасы “Акционерлік қоғамдар жөніндегі” заңы;
- Басқа да өндірістік-шаруашылық қызметке нұсқау беруші нормативтік-
құқықтық актілер.
Қоғам банктік (теңгелік және шет ел валютасында) шот ашуға құқылы, өз аты
көрсетілген мөрі, бұрыштама мөрлер, фирмалық бланклері бар.
Қоғамның басқару ұйымдары:
- жоғарғы ұйым – акционерлердің жалпы жиналысы;
- атқарушы ұйым – директор;
- ревизиялық-бақылау ұйымы – Ревизиялық комиссия.
Басқару ұйымдарының өкілеттілігі Қазақстан Республикасы заңдары мен Қоғам
жарғысы бойынша анықталады.
Қоғамның толық аты:
- қазақ тілінде – “Системотехника” жабық акционерлік қоғамы;
- орыс тілінде – закрытое акционерное общество “Системотехника”;
- Ағылшын тілінде – closed joint stock company “Systemotechnica”.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480091, Алматы қаласы, Алмалық
ауданы, Амангельді көшесі 40.
Қоғам заңды тұлға болғандықтан қызметін заң актілері мен жарғысына сәйкес
жүзеге асырады. Өзінің жеке балансы, мөрі, банкте шоттары мен сәйкес
реквизиттері, тауарлық белгісі, символдары (эмблема, логотип) бар.
Қоғам заңды түрде тіркелгеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Қызмет
ету мерзімі шектелмеген. Қоғамның мақсаты шаруашылық қызметі нәтижесінде
пайдаға қол жеткізу және оны акционерлерге қатысты пайдалану. Қоғамның
қызметі компьютерлік бағдарламамен жабдықтау және тұрмыстық техниканы
жөндеу.
Жарияланған жарғылық қорының мөлшері барлық шығарылатын акцияларының
номиналдық құндарының жиынтығына тең болады және теңге есебінде
көрсетіледі. Қоғам жарияланған акцияларының барлығын түгел немесе жартысын
шығаруға құқылы.
Жарияланған жарғылық қор мөлшері номиналдық құны 900 теңгеден 4000 дана
жарияланған акциялар санына бөлінген 3600000 теңгені құрайды.
Қоғам қарапайым және атаулы акциялар шығарады. Қоғам акциялары жабық
сипатта орналастырылады. Қоғам міндеттемелерін қамтамасыз ету, қызметі
нәтижесінде пайда болатын зиян сомасын жабу мақсатында жарияланған жарғылық
қордың 0,6 пайызы мөлшерінде резервтік қор құрастырылады. Резервтік капитал
қоғамның таза табысы есебінен құралады. Резервтік капитал қаражаттары
келесі мақсатта пайдаланылады:
- күтілмеген зиянды жабу;
- есепті жылдың баланстық зиянын жабу;
- артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер пайыздарын төлеу.
Резервтік капитал қаражаттары келесі нысанда орналастырылады:
- өтімділігі жоғары мемлекеттік қағаздарды сатып алу;
- тұрақты банктерде арнайы депозиттерде сақтау;
- тұрақты шет ел валютасын сатып алу;
- резиденттер мен резидент еместердің листингтік бағалы қағаздарын сатып
алу.
Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесінде алған және салық
төлегеннен кейін қалған табыс сомасы қоғамның өз меншігінде қалады және де
акциялар бойынша дивиденттер төлеуге, әр-түрлі қорлар құруға бағытталады.
“Системотехника” жабық акционерлік қоғамының есеп саясаты бойынша тауарлы-
материалдық қорлардың есебін жүргізу “Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік жөніндегі” заңға, Ұлттық есеп стандарттарына, оның ішінде №7
“Тауарлы-материалдық қорлар ” стандартына келтірілген әдістемелік
ұсыныстамасына, Бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарына сәйкес
ұйымдастырылады.
“Системотехника” жабық акционерлік қоғамының есеп саясаты бойынша
өндіріске жатқызылатын материалдық қорлардың нақты өзіндік құнын анықтау
үшін орташа өзіндік құнын есептеу әдісін қолданылады.

2 тарау. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі.
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды топтау және бағалау.

Тауарлы-материалдар қорлардың есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты
мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген топтау жасау болып
табылады.
Тауарлы-материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте
пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар
және материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы
бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа
материалдар; аяқталмаған өндіріс; субьект қызметі барысында сатуға
шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі
міндеттер тұрады: қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу,
сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық
операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары
(КДШ) мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау:
КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау;
ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық
қорларды сату сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы
туралы дәл мәліметтер алу.
Тауарлы-материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 13 “Қорлар”
бөлімінің негізгі, активті мүлікті шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше
құрамына төмендегі жинақтамалық шоттар кіреді: 1310 “Шикізат және
материалдар”, 1312 “Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы
бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер (детальдар)”, 1313 “Отын”, 1314
“Ыдыс және ыдыстық материалдар”, 1315 “Қосалқы бөлшектер”, 1316 “Басқа да
материалдар”, 1317 “Қайта өңдеуге берілген материалдар”, 1318 “Құрылыс
материалдары”.
1310 “Шикізат және материалдар” шотында шығарылатын өнімнің негізін
салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет
шикізат және материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді
шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне
септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1312 “Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар мен бөлшектер” шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар
және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар
және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1313 “Отын” мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке
алынады.
1314 “Ыдыс және ыдыстық материалдары” ыдыстың барлық түрі (цистернаны,
бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
1315 “Қосалқы бөлшектер” жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер, аккумуляторлар, агрегаттар, дөңгелектер т.б.)
арналған қосалқы бөлшектер есепке алынады.
1316 “Басқа да материалдар” өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау
бөлшектер, негізгі құралдарды жою барысында алынған материалдар және т.б.
есепке алынады.
1317 “Қайта өңдеуге берілген материалдар” шотында сыртқа өңдеуге берілген
материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені
есепке алынады.
1318 “Құрылыс материалдары” құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке
алынады.
Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс
шоттарды есепке алынады (002, 003).
Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс
бағалау болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік
құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық
қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе
олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының
деңгейіне келтіру жағдайы болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату
(өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отын, қосалқы
бөлшектер және басқа құндылықтар кәсіпорын балансында өздерінің нақты
өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар жинақтамалық
есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте – тұрақты есеп бағасымен (келісімді
немесе жоспарланған – есеп бағасы) көрсетіледі.
Егер субъект материалдық қорларды келісімді бағасымен есепке алса, онда
олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына теміржол
тарифы, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы
тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдықтаушылардың
теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу;
қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапарлардың шығындары,
қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу,
түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген
комиссиялық сыйлықтар және құндылықтарды алумен тікелей байланысты басқа
шығындар жатады.
Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған
шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдық қорлардың таза
сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында
сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға
тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда
тауарлы-материалдық қорлардың таза сату құны пайдаланады:
- осы тауарлы-материалдық қорлар біршама бүлінген;
- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;
олардың сату құны төмендеген.
Қазақстан Республикасы ұлттық есебінің стандарты бойынша тауарлы-
материалдық қорлар төменде көрсетілген әдістер негізінде бағаланады.
1. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.
2. ФИФО әдісі.
3. Арнайы (жалпылама) есептеу әдісі.
Мысал. “Системотехника” ЖАҚ-ның 2004 жылдың 1-ші наурызында қалған
материалдар саны:
- Сары құм – 200 тонна 60000 теңге сомасына;
- Желі сым – 100 метр 4500 теңге сомасына.
2-кесте
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.
Сары құм Желі сым


Күні
Кіріс шығыс Кіріс шығыс
саны, 1 метрдің сомасы,
тонна бағасы, теңге
теңге
1 2 3 4
Сары құм
Қорлардың шығысы:
бірлік саны 37 37 37
құны, теңге 119596,95 114400 116800
Қорлардың ай
соңына қалған
қалдығы: 31 31 31
бірлік саны 100203,05 105400 103000
құны, теңге
Желі сым
Қорлардың шығысы:
бірлік саны 800 800 800
құны, теңге 36504 36300 36250
Қорлардың ай
соңына қалған
қалдығы: 300 300 300
бірлік саны 13696 13900 13950
құны, теңге

Жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, тауарлы-материалдық
қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысына да,
тұтас табысына да, қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан
оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстанған жөн. Бір әдістен екінші
әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар
мына жағдайларды да сақтау керек:
- шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына өзгерістерді
енгізу;
- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;
- дер кезінде тауарлы-материалдық қорлардың қалдықтарына да және өткен
жылдардың бөлінбеген табысына да түзетулерді енгізу.

2.2. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының есебі.
Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар
материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы
құжаттардың қөмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және
сақталуын, қозғалысын алдын-ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын
жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен
есепке алуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің
номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында
барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері –
номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда тауарлы-
материалдық қорлардың бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады.
Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың
қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында
есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-
номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша
жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық
жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.
Тауарлы-материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу. Тауарлы-
материалдық қорларды әр-түрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының
қоймасынан, темір жол станциясынан, әуежайдан, материалды жауапты тұлғалар
арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушының қоймаларынан тауарлы-материалдық қорларды алған кезде
алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар
пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты
тұлғаға үлгілі түрі М-2 немесе М-2а сенімхаты беріледі. Сенімхатты
бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. М-
2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның тауарлы-материалдық қорларды қабылдап
алуға субъектінің сенімді адамы ретінде қатысу құқығын рәсімдеу үшін
беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған
адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. М-
2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген
Журналға (ү. М-3) тіркеледі.
Берілген сенімхатты есептеу Журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге
жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай
келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген
сенімхатта шаруашылық жүргізуші субьектілер оның мерзімін көрсетеді.
Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол
сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.
Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де бір
тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы-материалдық қорларды алған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
ЖШС «Бұрғылау»Жанаөзен қаласы. Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі есеп
Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
Өндірістік корлар есебі және аудиті
Өндірістік қорлар ретінде есептелетін материалдар
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кәсіпорынның қызметі
Өндірістік іс-тәжірибе есебі. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
Барлық материалдық шығындар
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Пәндер