Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Конфуций философиясындағы «цзюнь.цзы» (қайырымды адам) ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Әл.Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Абай философиясындағы «толық адам» ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.
Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.
1. «Философия», Алматы, Рауан, 1991 жыл
2. «Философия», Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Алматы, 2002 жыл
3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы 2000
4. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. Алматы, 1990
5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы 2003
6. Мәдени – философиялық энциклопедиялық сөздік. Т.Х. Ғабитов, А.Т.Құлсариева. Алматы: Раритет 2004
7. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. Алматы 1994
8. Философиялық сөздік. Алматы 1996
9. Философия: Электронды оқулық. Құр. Т.Х. Ғабитов. Алматы Юрлит,2004
10. Философия құр. Т.Х. Ғабитов. Алматы: Раритет 2005

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы (қайырымды адам)
ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..4
2. Әл-Фараби дүниетанымындағы адам
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Абай философиясындағы толық адам
ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..16
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...18

Кіріспе

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші
кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш
көңіл бөлмейді. Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не
екенін қайдан білейік, — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы
ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың
көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың аспан асты империя
деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.
Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік
тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның
адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді
құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман
болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций
мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда,
үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да
ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы
қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

3
Жан-жақты дамыған адам
1. Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі.

Жеке адамның мән-маңызы Батыс пен Шығыс біздң эрамызға дейін
мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Егер де еуропалық болмыста жеке
адамға ғана табынуды жақтау дәстүрінің негізгі жеке адамды өзіндік бір
әулие ретінде қарайтын хрестиан діні болса, ал Қытайдың рухани мәдениетінде
бұндай рөлді Конфуцийдің ілімі алды. Абсолют функциясын жеке адамның барлық
идеалдық қасиеттерін бойына жинақтаған Цзюнь-цзы(қайырымды адам)атқарады.
Көктем және күз (Чунь цю), соғысушы патшалықтар (чжань го) дәуірлері-ежелгі
Қытай тарихында өзгеріске толы кезен еді. Қоғамда болған әлеуметтік-
экономикалық өзгертулер ең алдымен адамға әсерін тигізбей қоймайды. Ежелгі
Қытай ойшылдарыныңтаң қалған назарларының алдында бұрын беймәлім адамның
мінезі мен жүріс-тұрысы ашылды. Егер бұрында жеке адам өзінің жүріс-
тұрысын, талпынысын туысқандық коллектившілдікке бағындырып, өзін жанұяның
бір құрамды бөлігі ғана болса, жерге жеке меншіктің пайда болуы, жеке
кәсіптердің, сауданың дамуы, қалалардың бой көтеруі оны жанұядан алысатты.
Адамдардың жүріс-тұрысында да өзгерісер болды. Кей-кезде атасы кедей
немересі бай болған, бай туыстары кедей туыстарына көмек көрсетуден бас
тартқан сияқты жағдайлар кездесе бастады. Осындай адамдардың моралдық
құлдилауы ойшылдары таң қалдырды. Сондықтан да олардың көпшілігі өткен,
қайтып келмес алтын ғасырды аңсады. Бұл Конфуций ілімінде де байқалады.
Ежелгі Қытай ойшылдары сияқты Конфуцийді де адам табиғаты
қызықтырмай қоймады. Ол алдымен ең болмағанда өзі үшін оның түп-тамырын
ұғынғысы келеді. Әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдармен әңгімелесу оған
жұбанышты қорытындыны бермеді. Лунь юй (әнгімелесу және талқылау)
кітабында өзі енгізген жэнь (адамгершілік) ұғымына сипаттама берген
кезде, біз адам табиғатына оның берген нақтылы анықтамасын кездестіреміз:
Ұстаз (Конфуций) айтты: Байлық пен атақтылық - міне осыған барлық адам
талпынады. Егер олардың бұған жетуіне Даоны (жолды) тағайындамасақ, онда
олар бұдан да ешқашан құтылмайды[1]. Конфуцийдің пікірінше, байлық пен
атаққұмарлыққа талпыну, кедейлік пен жек көрушілердің қатарында болып
қалудан қорқу адам табиғатына тән бірдей нәрселер. Ежелгі Қытай ойшылдары,
соның ішінде Конфуцийден жүз жыл кейін өмір сүрген Ян Чжу Конфуцийдің
көзқарастарын қолдады. Ян чжу ұзақ өмір сүру мен атақ-абыройды қосып төрт
негізгі талпынысты атап көрсетті: Адамдарға тыныштық жетуге маза бермейтің
төрт нәрсе бар:бірінші-ұзақ өмір сүруге талпыныс, екінші - атақ-абырой,
үшінші-қоғамдағы жағдай, төртінші-байлық. Осы төрт нәрсені иемденушілер
рухтан қорқады, күштен қорқады, күштен қорқады, күштен қорқады, жазалаудан
қорқады[2].
Алғашқы кезендегі конфуцийшілдер әлеуметтік мәселелерді
экономикалық жолмен емес, адамгершілік рухындағы оқытулар мен және
этникалық ережелер арқылы шешуге тырысты. Конфуций оларды аспанның өзі
билік жүргізуге жіберген деген.
Конфуций осыған орай жалпы қытай қоғамын, адамдарды үш категорияға
бөлді:
1.Цзюнь-цзы (қайырымды адам)
2.Сяо жэнь (сөзбе-сөз аударсақ кішкентай адам, арам
адам)
3.Жэнь (адам)
Цзюнь-цзы және Сяо жэнь – бұл өзара байланысты екі түсінік бірнеше
жүздеген жылдар бойы тек қана саяси мәдениеттің дамуын емес, сонымен бірге
қытай ұлтының рухани мәдениетінің тағдырын анықтады. Цзюнь-цзы Конфуций
ілімінде орталық орындардың бірің алады рөлі берілген, басқа екі
категорияның өкілдері еліктеу үшін көрнекті мысал.
Сяо жэнь - өзіне әрі этикалық, әрі әлеуметік жүкті көтергенббір
мағыналы емес термин. Бұл термин көбінесе цзюнь-цзыға қарама-қарсы
қолданылады.
Жэнь термині - әдеттегі қарапайым адамдарды айқындау үшін
қолданылады.
Конфуций іліміндегі адам – бұл жанұя мүшесі,әлеуметтік адам.
Адамдар тең емес. Олардың әлеуметтік – жанұялық жағдайы, ең алдымен өзіндік
абыройы мен қызметі тұрғысынан қатты өзгеруі мүмкін,сондықтан тең болуы да
мүмкін емес. Бірақ олардың әрқайсысына қоғамдағы орнын көрсету – Конфуций
ілімінің зор еңбегі осында. Бұның мәні ақыр-аяғында барлығы адамдардың
игілігі үшін дегенге саяды. Бұған дейін билеушілердің даналықтарын
коллективтік сана мен барлыққоғамның жүріс-тұрысының бейнесі ретінде
қараса. Конфуций әдеттегі қарапайым адамға сүйенеді. Бірақ шындығында, кез
келгенге емес, адамгершілікті, ақылды, қабілетті және білімге ұмтылған, өз
ойлары мен жүріс-тұрысына сенімділерге, нақтырақ айтсақ қайырымды
адамдарға сүйенеді.
Үлкен әріпті Адам, яғни цзюнь-цзы болу, Конфуцийдің пікірінше
әркімнің қолынан келеді. Дегенмен философ тәжірибеде шәкірттерінің
зеректігін жоғары бағаласа да, адамдар әр түрлі қабілетке ие екенің жақсы
түсінсе де, адамдарға сенлі, кез-келген Дао жолына түссе, өзгеретіндігін,
өзін-өзі жетілдіретін, идеалға жақындай түсетіндігіне сенді. Тек ең
ақылдылар мен еқымақтар ғана өзгермейді. Ең ақымақтар жайлы айтпасақта
түсінікті, ал ең ақылдыларға Конфуций ежелгі кезендердегі даналардың
кейбіреулерін ғана қосты, ал өз замандастарын, тіпті өзін де ең
ақылдылардың сантына қоспады. Конфуций өзін көне заманды, көне заман
даналарын жақсы көретіндердің қатарына қосты. Енді, Конфуций іліміндегі
идеал, кемелденген адам цзюнь-цзыны қарастырайық. Астан-кестен
өмірқарсылығына төтеп беретін әрі өзінің абыройын сақтап қалатын тек
қайырымды адам.Рухани негізгі жоғарғы моральдан құралғандар қайырымды
болып табылады. аштықтан өлу - бұл үлкен оқиға емес, ал адамгершіліктен
айырылу – бұл үлкен оқиғадеген Конфуций.
Егер біз Конфуций іліміндегі ең маңызды ұғым-жэнь(адамгершілік
адамсүйгіштік) жайлы айтпасақ, қайырымды адамның моралдық абыройы толық
болмаған болар еді. Жэнь мәселесі (адамгершілік мәселесі) барлық дәуірдің
мәселесі. Оның пікірінше жэньнан айырылған адам цзюнь-цзы емес. Енді осы
ұғымға тоқталсақ.
Жэнь ұғымға жан-жақты. Жэньге иелерге бұл қасиет өмірден
қымбат, ол қандай да бір өзіндік терең нәрсе, адамға келген әрі береке, әрі
көп нәрсеге міндеттендіретін ауыртпалық. Ол адамға жаңа әлемді ашады, оған
барлығына басқаша қарауға көмектеседі. Жэнь-қоршаған әлемнің әдемілігі,
бірақ бос бояма сөзбен, кекірейген үлгі-жэнь емес; жэнь – шынайы, ішкі
жанөдүниенің байлығы, және де аса мол қажеттілік; онсыз қол жеткізген
білімді сақтап қала алмайсын. Жэньге ие болу үнемі жетіліп отыруды
шамалайды; жэньді жақсы көру және оқуды жақсы көрмеу-ақымақтық, олай болуы
мүмкін емес.
Қайырымды адам жэньсіз бола алмайды, егер жэньнен (адамгершіліктен)
айырылса ол цзюнь-цзы болудан қалады. Конфуций адамгершіліксіз қайырымды
адамды кездестіруге болады, ал жэньге ие сяо жэнь (кішкентай адам) деген
мүлде болмайды деп сендіреді[3]. Соған орай, ол сяо жэнь үшін қол жетпес
нәрсе. Шынайы цзюнь-цзы өзгелер арасына жэньді тратуға қабілетті. Басқаша
айтқанда, жэнь міндетті турде барлық нәрсеге қатысады, адамның өмірі мен
қызметінде көрінеді. Ақыр аяғында жэнь – кемелденген адам болуға талпыныс
пен мүмкіндік, осы жолға өзгелерді босату, халыққа қызмет ету мәселесін
үндейді.
Конфуций бойынша адамның кемелденуінің мақсаты, адам өзін әлем
алдында көрсетуде емес, әлемде бар болуы мен өзін үнемі женуде.
Конфуцийлік адамгершілік – адамды айқындаудың жолы. Міне сондықтан Конфуций
адамгершілік қиындықтарды жеңгендекеледі деп есептеді. Қандай да бір
сезімдер мен білімнің бар болуықиын емес. Өзінді жеңу үшін лайықты
парасатты ақыл мен мызғымас жігердің бар болуы өте қиын.
Конфуций іліміндегі цзюнь – цзыға қарсы категория – сяо
жэнь(кішкентай адам,арам адам). Егер цзюнь-цзы адамда бар барлық жақсы
қасиеттерге ие болса, сяо жэньге тән басты қасиет – ли(пайда). Конфуций
былай дейді: Қайырымды адам тек парызын, міндетін ойлайды, арам адам
өзінің пайдасын ғана ойлайды[4].
Сяо жэнь ұғымы этикалық категория ретінде қолданылады. Конфуций
жағымсыз қылықтарды бойына жинақтаған арам адам бейнесін замандастарына,
әсіресе келер ұрпаққа өзінің жеке басының пайдасына жету үшін талпынған
адам неге айналатынын көрсеткісі келді. Әркім міндетті түрде цзюнь-цзы
болуы міндет емес, бірақ барлығы жоғары сатыға көтерілудің өнегелі және
мәдениетті жолына түсуі керек. Адам үнемі өзін-өзі жетілдіруі қажет.
Сонымен, Конфуцийдің адам жайындағы пікірлерін қорытындылай отырып,
Қытай мәдениетінің тарихында бірінші рет иаеалдыадам бейнесі пайда
болғанын, оның Қытай ұлтының рухани өмірі мен ұлттық мінез құлқын
қалыптастыруға әсерін тигізгенін көруге болады. Идеалды адам Конфуцийдің
өзі үшін емес, үйлесімді қоғам құрудың кілті ретінде керек болды.

Адам табиғаттың тамаша туындысы
2. Әл-Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі.
Тарихи түп-тамырларымызға шегінер болсақ Шығыс философиясы адамды
тірі табиғаттың,ғарыштың бір бөлшегі деп оларды өзара тығыз байланыста
қарастыратыны белгілі. Бұған дәлел - Әл-Фарабидің адам мен табиғат
құбылыстарының жасырын сырын ашуға, оны түсінуге күш салғандағы Қайырымды
қала тұрғындарының көз қарасы туралы трактатында тыныштық пен
бейбітшілікке негізделген білімді әкім билеген идеал қауім кодексін ұсынды.
Адамның ішкі дүниесін аша білу, түйсік, сезімге әсер ету білімділікті
талап етеді,-деген пікірді жариялады.
Адамды ай астындағы әлем дамуының жоғарғы сатысы ретінде қарастыра
отырып, ойшыл адам жаның бөлшектері мен күштері (қабілеттері) туралы ілімді
дамытады. Адам табиғаттың тамаша туындысы бола отырып, әртүрлі күштер мен
қабілеттердітиеленеді:мысалы, қүат беруші күш, елестеуші күш,парасатты
немесе ойлаушы күш, қозғаушы күш, талпынушы немесе толықтандырушы
күш. Осы аталған күштердің әрқайсысына анықтама бере отырып, әл-Фараби
адамның анатомиясы, физиологиясы, психологиясы туралы көзқарастарын
дамытады.
Әл-Фараби адамзат болмысының жекеше қырларын қарастырада келіп,
адам өмірінің мақсаты шынайы бақытқа жету, ендеше ол бақыттың не екенін
біліп алып, оны өзінің мақсатына айналдырып, соған қарай қадам басуы қажет
деп айтты. Әл-Фарабише пайымдасақ, жалпы құрылым мен болмыстың мәнің,
қоғамның әлеуметтік бейнесін, жеке адамның рухани өмірі жете білмей бақытқа
жетуге болмайды. Біз бақытқа өзімізге әсемдік тән болғанда ғана тән,
ендеше бұдан бақытқа тек философия өнері арқылы ғана жетеміз деген
қорытынды шығарамыз.
Әл-Фараби өзі өмір сүрген тарихи дәуірде үстемдік еткен дүниетаным
мен қасаң мұсылмандық идеология шеңберінде - өзінің қоғам, мемлекет және
саясат туралы тұғырнамасында өз заманынан озды, дәлірек айтсақ,
замандастарынан әлдеқайда ілгері кетті, қоғамның кемшіліктерін сынай
отырып, ондағы қайта құрылым сұраныстарын алдыға жылжытты. Отырарлық ойшыл
ұсынған қайырымды және қайырымсыз қалалар мен мемлекет туралы теория сол
кездегі өмір сүріп, үстемдік еткен ресми саяси жүйеге туралап атылған оқ
іспетті болатын. Оның идеялары бүгінгі Қазақстандағы әлеуметтік-саяси
ахуалдан туындайтын мәселелермен үндес . Бұны айтып отырған себебім жылдар
бойы коммунизм жұмағына жетеміз деп жүріп өз халқымыздың

8
шынайы жұмаққа жетелей алатын аса құнды бағалы мұраларын
жоғалтып алдық. Бұдан былайғы уақыттағы әр адамның рухани өрлеу – осы
құндылықтарды қайтадан тірілту, жаңғырту ісімен жапсарлас болуы
лазым.рухани дәстүр адамды қайта түлетеді.
Қоғам мен адам мәселесіндегі Фарабидің идеялық және азаматтық
мақсатын қарастыру ондағы адамзат туралы мәселесінің анықтайтын үш негізгі
бөлімді бөліп қарауға мүмкіншілік жасайды: жалпы рационалистік мақсат
өмірді түсінудің эвдемониялық принципті, сонымен бірге ақыл-ой мен мінез-
құлықтың өзара байланысы онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік және
психологиялық сипаттағы мәселелер өзара тығыз байланыста болғандықтан, ал
кейде ол субъект пен объект, жалпылық пен жекелік, ақыл-ой мен ашылымдар,
құдайшылдық пен адамзаттық мәселелерімен де тоғысатындықтан және осы
мысалдар ойшылдың алдындағы ең алғаш ортағасырлық мұсылман дәуіріндегі адам
мен қоғам тұжырымдарына рационалистік жақындау болғандықтан ерекше
тоқталамыз.
Фараби адамға ең үлкен игілік адамзат болмысының мақсатымен мәні
ретіндегі саналы әрекетті түсіндірді.
Саналы қабілет – адамның табиғи қасиеті, ол әрбір жеке адамға
ерекше тән және барлық адамдарға жалпы. Осыған келісе отырып Фараби ежелгі
грек софистері сияқты тегі мен жынысына қарамастан адамдардың табиғи
теңсіздігі туралы қорытындыға келеді. Софистер барлық заттардың өлшемін
үнемі адамның өзінен, дүниелік-рухани бірлігінен іздесе, Фараби адам
болмысының мәнің іздеуге саналы әрекет жағдайымен шектеледі. Мұндай
шектеулік – иерархиялық қоғамдық құрылымды құдайшыл дүниеге көзқарас
тәртібі көрінісі ретінде қабылдаушы, соның ізінше адамдардың табиғи идеасы
үшін рух жағдаятында негіз іздеуші ортағасырлық ойшылдар үшін жайт.
Сондықтан да софистер де адамзат табиғи әлемі - қоршаған жарамдылықтың
қарсы тұруындағы бір мәнділік – зандар әлемінде - және де барлығының
өлшемі ретінде адам әрекет емес, әл-Фарабиде – барлық адамдар үшін ақыл-ой
жалпылығы нәтижесінде әлемге, ақылға қонымды таным субъектісі ретінде
болмыстың құдайшыл жағдайын енгізетін таным объектісіне қарсы болады,
барлық заттардың өлшемі ретінде адамзат ақыл-ой әрекет етеді.
Таным объектісі таным субъектісіне қарағанда алғашқылық мәнде.
Алайда адам ақыл-ойы әлемнен салыстырғанда белсенді бастама болып табылады:
Фарабидің түсінігінде адам ақыл-ойы субстанциалды жеткіліксіз, сондықтан
да оның мәні – енжар, селқоз пайымдауда емес, әрекетте, тұрақтануда, дамуда
ақиқат табиғат пен кемел ақыл-ойға жақындаудауда деп түсінеміз.

9
Құдайшыл ақыл-ойы үнемі дамып, белсендігі өсіп, потенциядан шындыққа
ауысып отырады. Ақыл-ой кемелденуге, субстанцияға қол жеткізу үшін,
потенцияда маныздылыққа өтуге мүмкіншілік жасайтын басқа нәрсе қажет[5].
Қайырымдылыққа үйренуге бола ма? Фараби үшін осы мселе өте маңызды
болды. Қайырымдылыққа әртүрлі әдістермен білім алу арқылы, тәрбие арқылы
және сенім арқылы қол жеткізуге болады. Осылардың қолданылуына байланысты
Фараби адамдарды – халық, қалың жұртшылық және ғалымдар деп үшке бөледі.
Ғалымдар – ең анық дәлелдемелер дәнекерлігімен қайырымдылық қабылдаған
ерекше адамдар. Олар, Фарабидің айтуынша, - ақиқат білімнің жалғыз ғана
көзі, ал қалың жұртшылық – шығармашылық білімдерін баршаға мәлім пікірлер
арқылы расталатын біліммен шектеуге болатын адамдар. Көпшілік
қайырымдылықпен қарым-қатынас жасауда білімнің ақиқат мәнің қажет етпейді.
Фараби дүниетанымы өзінің барлық рационалистік сенімі жағынан
құдай идеясынан тәуелсіз емес дейтін болсақ, ондағы адам мәселесі де кез-
келген компонент жүйесіндегі: құдай-әлем – адам – қоғам және олардың
арасындағы байланыс, құдайдың мәні, құдайдың әлемге қатынасы, адамға
ықпалы, адам табиғаты туралы негізгі дүниетанымдық мәселелердің шешімімен
бөлінбейтін байланыста. Бұл мәселелерді әл-Фараби ислам діні шарттылығында
шешуге тырысты.
Әл-Фараби жаңа мәдени жағдайда Алла мәселесін шешудегі таза діни
шешімдермен шектелуді сезінді: құдайдың ашариаттық тұжырымында, жоғарыда
айтып өткеніміздей, бастапқы құралдық тұжырыммен салыстырғанда ешқандай
жаналықтар әкелмеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Ислам философиясының құрылымы мен бірегейлігі
Дін философиясы мен тиялогияның ара қатнасы.
Ежелгі атеизм
Философиялық көзқарастары
Таяу және қиыр шығыс мемлекететтеріндегі тәлім-тәрбие
Киниктер мен киренаиктер
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
Пәндер