Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Кіріспе
І. Теориялық бөлім
1.1. Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану саласына талдау
1.2. Іс жүргізу барысында ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар
2) Ақпараттық жүйенің жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар
1.3. Іс жүргізудегі ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. «ҚазМұнайГаз» АҚ.да SAP жүйесі бойынша жобаcы
2.2. Кіріс ақпараты
2.3. Шығыс ақпараты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 18 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да , бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жасау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінші азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Курстық жұмысмның мақсаты –энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі SAP жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, іс жүргізудегі ақпараттық жүйенің орны көрсетілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған. Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.

Жоспар

2.1. ҚазМұнайГаз АҚ-да SAP жүйесі бойынша жобаcы

Теориялық бөлім

Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмеитін сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала-бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйе(АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны.
Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Ақпараттық жүенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авйация және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын-ала сатып алу және т.с.с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруымызға болады.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
ақпаратты сақтау;
ақпаратты енгізу және өзгерту;
ақпаратты көру және іздеу;
берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
кез-келген формада есеп құжатын алу;
ақпараттың дұрыстығын қадағалау;
Ақпаратты іздеу жүйесі – берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысал, қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат ғана керек.
Мәліметтерді өңдеу жүйесі- мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауға немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метеорология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданышуға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауарайы болжамы керек.
Сонымен қатар, ақпарат жүйесі келесі түрлерге бөлінеді: фактографиялық, құжаттық, құжаттық-фактографиялық.
Фактографиялық. Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі объект жайлы мәліметтердің (атрибуттардың) дәл мәндері тіркеледі. Бұл жүйенің негізгі идеясы – объект жайлы барлық деректер (адамдардың аты жөндері және заттардың атаулары, сандар, мерзім КК.АА.ЖЖЖЖ түрінде) беріледі. Фактографиялық АЖ-дегі ақпараттар қатаң құрылыммен беріледі, өйткені бұл компьютерге мәліметтерді бір-бірінен айыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап береді, мысалы: “Мектепте қанша оқушы“4” және “5” деген бағаларға оқиды’’, “Оқушылар арасындағы 13 пен 15 жастағы қыз балалар саны?” және т.с.с.
Құжаттық. Қандай да бір формалданған іздеу аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (статьялар, кітаптар, рефераттар, заң мәтіндері және т.б.) мен графикалық объектілерден құрылады, бірақ қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап бермеиді. Жүйенің мақсаты – қолданушының сұранысына жауап ретінде сұраныстағы шартты қанағаттандыратын құжаттардың тізімін беру болып табылады. Мысалы, “синергетика” сөзі , бар барлық статьялардың тізімін беру.
3)Құжат-фактографиялық. Бұл аралас жүйенің мәліметтері бөлек мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады.
Сонымен, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара байланысын ескере отырып, объектілер жайлы деректерді өңдеу болып табылады. Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар, ал объектілерді маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс –АЖ-нің іргелі түсініктер болып табылады.
Объект(маңыздылық)- бүл нақты өмірде бар және бір – бірінен айыруға болатын “нәрсе”, яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын тәсілдерден тұратын “нәрсені” объект деп атауымызға болады. Мысалы, әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай-ақ адам, мектептегі сынып, фирма, химиялық қосындылар және т.с.с бола алады. Нақты өмірді бейнелейтін абстрактылы түсініктер де объект бола алады. Мысалы оқиға өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер және т.с.с.
Атрибут(мәліметтер)- бұл объектіні сипаттайтын анықталған көрсеткіш және бұл объектінің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мысалы, фирма шығаратын өнім объект болсын. Бұл өнімнің мәләметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы және т.с.с. бола алады. Мысалға, объектілер жинағы ретінде мектептің сынаптарын алайық. Сыныптағы оқушылар саны – бұл сан түріндегі мәнді қабылдайтын мәлімет(бірінші сыныпта 28 оқушы, ал екінші сыныпта 32 оқушы). Сынып атауы – бұл мәтін түріндегі мәнді қабылдайтын мәлімет.
Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өйткені компьютерде құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат- бұл мәліметтердің көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мысалы, мәтіндік файлдар компьютердің ұғымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін “құрылымсыз” немесе “әлсіз құрылымды” ақпараттардан тұрады.
Құрылымсыз мәліметтердің көрінісіне мысал келтірейік:
Глобалды идентификатор #5407. Нұрымбетов Рүстем Абазұлы. Туылған күні 4 ақпан 1979ж., GlobalID #3601. Иманалиев Данияр Сағатұлы, туыл. Күні 22 маусым 1973ж.; Идентификатор номері 4472 Шаповалов Иван Иванович, 10 тамыз 1975 жылы туылған.
Мәліметтерді жүйелеу мен іздеуді автоматтандыру үшін мәліметердің көрініс тәсілдерін алдын – ала келісіп алған жөн, мысалы, әрбір студенттің туылған жылын бір форматта жазу және олардың ұзындығы бірдей болуы керек және олардың ұзындығы бірдей болуы керек және басқа ақпараттар арасында өзінің орны болуы тиіс. Бұл тәсіл басқа мәліметтерге (аты – жөні, мекен жайы және т.с.с.) де тиісті болуы керек. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді келісілген құрылымға келтірілгеннен кейінгі көрініс:
Иденти-
фикатор
Тегі
Есімі
Әкесінің аты
Туылған күні
5407
3601
4472
Нұрымбет
Иманалиев
Шапавалов
Рүстем
Данияр
Иван
Абазұлы
Сағатұлы
Иванович
04.02.1979
22.06.1973
05.01.1975
Алғашқы кезде ақпаратты құрылымға келтіру мәселесі файл жүйесін құру арқылы шешілген. Мұнда әрбір элемент қандай-да бір түрдегі ақпаратты сақтауға жауапты болады. Бірақ файл жүйесі әлсіз құрылымды ақпарат мәселесін шешу арнайы қолданбалы программалар арқылы жүзеге асырылды.
Мәліметтер қоры кең мағынада қандайда бір пәндік аймақтағы өмірде бар нақты объектілер жайлы деректердің жиыны. Пәндік аймақ – басқару мен автоматтандыру ұйымдастыру үшін зерттелінетін сала. Мысалы мекемелер, жоғары оқу орындары және т.с.с. Мәліметтер қорын құра отырып, қолданушы өзіне керекті деректі тез алу мақсатында ақпаратты әртүрлі белгілері бойынша реттеуге тырысады. Қолданушы осы мақсатта МҚБЖ қолданады Мәліметтер қоры – бұл МҚБЖ басқарудағы, бір – бірімен байланысқан мәліметтердің атаулы жиыны.
Сонымен, мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бұл мәліметтер қорын құратын, оларды өзекті жағдайда ұстайтын және одан керекті ақпаратты іздеуді ұйымдастыратын программалық және тіл құралдарының кешені.
Ақпарат сөзі латынның түсіндіру,баяндау,мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informafio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі:философия,экономика,физика,ма тематика,информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар. Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз, ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды бұқаралық ақпарат құралдары деп айтамыз. Диктор теледидар арқылы Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті деп хабарлайды.
Адам ақпаратты не істейді?
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.
Біз кітап, газет – журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап, жинаймыз. Демек адам миы ақпараттарды тек қабылдап қана қоймай, оны ұмытпай, сақтай да алады.
Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады.
Хабарды жеткізуде пайдаланатын құралды ақпарат жеткізу арнасы деп аталады. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар т.б. жатады.
Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады.
Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну тұрып өзгертуді, алынған ақпаратты ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережасін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау,ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылуы (кодталу) түріне байланысты болды. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код ASCLL американдық ақпарат алмастырудың стандартты коды болып табылады.
Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 – ден 127 – ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі – екінші 128 символү 128 – ден 255 – ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерінің (орыс, қазақ, жапон т.б.) псевдографиялық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған.
Сигнал – дегеніміз оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс.
Сигнал – ақпарат тасушы. Ақпарат жіберу дегеніміз сигналдар тізбегін жіберу.
Сигналдар (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін.
Дүние жүзіндегі ақпарат көлемі әр он жылда екі есе өсіп отырады.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтау - ФБАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.
ФБАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
ФБАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:
Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
Сыныптау және кодтау;
Нормативті-анықтамалық құжаттар.
Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.
Ішкі жабдықтау – ФБАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.
Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.
Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:
ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
типтік жобалар шешімі;
кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.
Екінші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.
Үшінші саты, басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.
Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:
№
Түрі
Көрсеткіші, мәні
1
Компьютердің қуаттылығы
2400 Ггц
2
Жедел жадының көлемі
512 Мб
3
Қатты жадының көлемі
40 Гб
4
Дисковод
Қажет
5
CD – ROM
Қажет
6
Микропроцессор
Pentium (R) 4 CPU
7
Модем
қажет емес
8
Файлдық жүйесі
NTFS
9
Монитор түс беру сапасы
32 бит
10
Монитордың экрандық рұқсаттамасы
1152 нүкте 864 нүктеге
11
Видеокарта
128 Мб
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.
Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын фиманы басқарудағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.
Арнайы ПЖ-ға іс жүргізудегіәр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.
Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:
1
Жалпы жүйелік программалық жабдықталуы
Microsoft 2000, NT, XP
2
Офистік бағдарламасы
Office 2002
3
Қолданбалы программалық ортасы
Delphi 7 программалық ортасы
4
МББЖ
Paradox, Oracle
5
Көмекші программалар
Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар
Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.
Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен банк рейтингін талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.
Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. КБРТАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.
Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ФБАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым қүжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
Тұтас ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспатық құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық ішкі жүйелеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz