Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері


Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I КӨНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ КУҢ ЗЫ ІЛІМІ . . . 8
1. 1 Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері . . . 8
1. 2 Куң зы ілімінің концепциясы және ілімнің таралуы . . . 18
ІІ КУҢ ЗЫ ІЛІМІНІҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ . . . 25
2. 1 Куң зы іліміндегі рухани құндылықтары . . . 25
2. 2 Куң зы іліміндегі ізгілік, этикалық, моральдік
құндылықтары . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . … . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … . . . …… . . . 48
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Куң зы ілімінің негіздері мен ерекщеліктері».
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеті.
Курстық жұмысының негізгі мақсаты - Куң зы ілімі құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына тарихи-әлеуметтік талдаулар жасау; Куң зы ілімінде қарастырылып өткен рухани құндылықтарды көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында курстық жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктерін анықтау;
- Куң зы ілімінің концепциясы және ілімнің таралуын айқындау;
- Куң зы ілімінің рухани құндылықтарын көрсету;
- Куң зы іліміндегі ізгілік, этикалық және моральдік құндылықтар.
Курстық жұмысының жаңалығы.
Бұл жұмысының ғылыми жаңалығы - Куң зы ілімінің негізгі құндылықтарына тарихи-әлеуметтік талдау жасалу және жақандану үрдістері аясындағы куң зы ілімінің қазіргі заманда қоғамдық ортадағы білім, саясат, рухани құндылықтарға ықпалын ашу болып табылады. Куң зы іліміне қатысты мәселені дәл осы тұрғыдан зерттелу алғаш рет орын алып отыр. Бұған қоса бұл магистранттың материалды оригинал тілінде жазылған еңбектерге сүйене отырып, зерттеуі және қоғамындағы Куң зы ілімінің орны, рөлі, ықпалы туралы өзінің куәгер болып, қытай қоғамында өмір сүруі Куң-Цзи іліміне зерттеуге жаңаша серпін берді. Жұмыстың жаңалығы да ұтымды жерлері де осы деп есептейміз.
Бұл жұмысымыздың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Куң зы өзі ертедегі ойшылдардан үйрене отырып, олардың сөздерін жан-жақты салыстыруға, ғылыми ізденістер жасауға мүмкіндік қалдырса, қазіргі таңда куң зы көне мұраны шексіз бедел, мызғымас қуат ретінде қабылдау доктринасы күшіне енді. Уақыт өткен сайын, куң зы ілім мен тәрбие өткенге, тарихқа үлкен мән бере түсуде.
Қазіргі қытай қоғамында өткендегі "алтын ғасыр" болашақтың да үлгісі болады деген үміт күшейе түсуде. Мұндай заман өзгерсе де, қоғамдағы қалыптасқан тәртіпті және қытайлықтардың келбетін сақтау - басты міндет деген түсініктен практикалық нақты тұжырым туындайды.
Куң зы идеясы, ілімі, идеологиясы екі мың жылдан артық уақытта қытайлықтардың сана-сезімін қалыптастырды, олардың мінез - құлқына, психологиясына, сеніміне шешуші ықпал етті, өмір салтын жалғастырды. Осы бас бағыт пен үлкен әрекет барысында ұлттық тұтас менталитет қалыптасты. Мұның бәрі де ұлттық мінездегі куң зының ерекшеліктерін сипаттайды.
Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңде жатыр. Бұл ежелден бері Аспан асты империясының салт-жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінуде көрінеді. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген зор ықылас, қызығушылық танытып, Ұлы Қытай халқының өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетімен, оның ұлы ойшылдары, саяси философиясының негізін салушылар Куң зы(Конфуций), Сао- цзы, Мао-цзының көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге мүмкіндік туады. Олардың Қытай қоғамының тарихына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс-тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған, әрі тұрақты болған ілімдерімен таныса аламыз. Бүгінгі курстық жұмысмда қарастырылып отырған осындай ілімнің бірі-Куң зы ілімі. Кез келген дәуірде заман ағымы адам төңірегінде өрбиді. Жеке тұлға тарихты жасаушы нысана бола отырып, өзі зерттеу объектісіне айналады. Қоғамдағы жеке тұлғаның мән-маңызы Батыс пен Шығыста біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Ал қытайдың рухани мәдениетінде бұндай рөлді Куң зы ілімі атқарып келді.
Куң зы доктрина қытай жерінде күшті мемлекеттің құрылуына, әлеуметтік тәртіп тұрғысынан ұйымшылдықпен сақтауға үлкен септігін тигізді. Бұл доктрина қытай өмірін қилы-қилы заманда мемлекет деңгейінде реттестіріп отырды.
Қытайдағы инвестицияның көп бөлігін шетелдерде қызмет істеп, қаржысын молайтқан бай қуатты қандастары құйып отырған. Олар басқа жерден табыс тапқанмен, ақшасын Қытай экономикасының дамуына түскен. Бұл-дәстүрлі құндылықтардың негізінде туған ілім мен сенімнің жемісі. Осы орайда Қытайдың рухани дүниесінен үйренуіміз бен аларымыз мол деуге болады. Қытай атомдық технологияны да, ғарыштық технологияны да игеруі жағынан кез келген елден артық болмаса, кем емес. Қалай десекте біз басқа мемлекетке барғанда, немесе дипломатиялық қатынас жасағанда таң қалу үшін емес, олардың осындай ішкі тұңғиық сырларын салымтырғанымыз абзал. Осы тұрғыда Куң Цзылық ілімдегідей отбасында қалыптасқан борыш мемлекеттік борышқа айналса ғана, елдің ұтары анық.
Қазіргі кезде көңіл аударарлық жәйт-бұл Қытайдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Салыстырмалы аз уақыттың ішінде мемлекет экономикалық дағдарыстан шығып, сапалы жаңа саяси-экономикалық дамуға түсті.
1949 жылға дейін Қытайда Куң зы ілімі ресми идеология болды. 50-ші жылдардан бастап бірқатар уақыт Куң зы ілмін ұстану мәселесі қатаң қадағаланып отырса, уақыт өте келе мемлекет өзінің дағдарысын шешуге мәжбүр болған жағдайда Қытай қоғамы Куң зы ілімімен қатар олардың жалғастырушыларына көңіл аудара бастады. Соңғы жылдарда куң зы өзінің ықпалын шығыс аймақтарында жоғалтпай, керісінше, өзінің деңгейін әрдайым күшейтіп жатыр.
Шығыс елдері және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттеріне дәстүрлі қытай мемлекетін өркениетінің ықпалы зор, яғни куң зы идеялары осы мемлекеттердің халықтарын жақандандыруға үлкен ықпалын тигізіп отыр. Қытайдың экономикалық жетістіктерін «Оңтүстік Шығыс Азияның кішкентай айдаһарлырын» көптеген ғалымдар және саяси зиялылар куң зышілдікпен байланыстырады. Қазір ХХІ ғасырда, кейбір Шығыс Азия мемлекеттері өздерінің экономикалық әлеуметтік дамуында алға шыққан себептерін, фундаменталдық куң зының құндылықтарын сақтап қалыптастырумен байланыстырады, куң зының елді өркендеудегі мұндай рөлі ғылыми және саяси тұлғаларды толғандырады.
Осы орайда экономикалық „ғажаптың” жаратушысы Ли Куанның куң зы маңыздылығын айтып өткен сөздерімен келісуге болады: “Мы на этом держимся, если мы позаимствуем западные моральные ценности, силы сцепления, которые поддерживают наше общество, рухнут”/1/. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс елдерінің экономикалық ресурстары және этикалық ресурстары куң зының жаңаша көзқараспен қарап және бұрын соңды елемеген құндылықтарына көңіл аудартқызады (1) .
Қазіргі Қытайдың саяси және әлеуметтік жағдайын объективтік тұрғыда зерттеуі үлкен мәселе болып отыр, өйткені қазіргі болып жатқан жәйттер, сонымен қатар ұлттық саяси-қоғамдық идеалдардың ерекшеліктері, жаһандану аясында Қытай қоғамының тарихи дамуы дұрыс түсінілмеген болса, объективтік сараптама орында жасалына алмайды.
Қытай мемлекетінің тарихи маңызы Конфуций ілімінен бастау алады және сонымен қатар Соу эрасының ортасы және соңғы кезеңіне тиеді. Куң зы әр адамның біркелкі потенциалы бар және білім этикалық жүріс- тұрыстан адастырмайтын кез-келген бағыттарды тізгіндейтін дұрыс құрал дейді.
Куң зы ең басынан ақ білімді бүкіл кластардағы шәкірттеріне қол жететіндей мүмкіндік етті. Осылайша білім Қытайда ежелгі уақыттан бері тең түйін болып келеді. Ол, тіпті, ең кедей адамдардан жоғарыға көтерілуге болатын құралға айналды. Дәстүрлі білім жүйесін этика арқылы толықтырумен қатар, Куң зы сонымен бірге Қытай қоғамындағы этикалық және әлеуметтік нормаларды орындайтын күшті механизм болды.
Біз білімнің мемлекеттік жүйесі Уи ти императоры тұсындағы Хан хиуе немесе Ұлы Академия студенттері үшін олар сыртқы емтиханды тапсырған соң азаматтық қызметтер беріледі және олар жарыс нәтижесінде түрлі қызымет орындарына таңдап алынды. Шындығында ұлы Академияға тек елу студент түсе алды. Ал VIIIғ м. д Академияның үш мың студенттерінің тізімі болды. Хан династиясы тұсында ауылдық жерлерде мектептер ашылды және білімнің Куң зы дәстүрлі Бүкіл Қытай территориясы бойынша тарады.
Академия дамыған сайын ғылым мен жеке тұлғалық культ арасындағы байланыс қалыптасты. Куң зы мен ресми Қытай білім жүйесінің арасындағы үйлесімдік байланыс күні бүгінге дейін үзілген жоқ.
Ұлы Академиядағы білім жүйесі Куң зы бес классиктердің негізінде құрылды, ал сабақтар По-шии деген атаумен белгілі бес классиканың профессорлары жүргізді. Қытай білім жүйесінің негіздері империялық тарихтың өн бойынша соңғы Чи ины императорлары билігіне дейін өзгертілмеді. Чи ины династиясы негізінде мемлекеттік және жетекшілік мектептер дамыды, және студенттер осы мектептерге орын сатып алуға мүмкіндік алды.
Батыстық білімге қарсы, әсіресе Орта ғасырлардағы және Ренессанс негізіндегі университеттегі жоғары білім моделіне қарсы (студенттер ал жерге диспутқа тартылар) дәстүрлі Қытай білім жүйесі негізінен Классиктерді оқу және жаттаудан туады. Бұл формула б. з VII ғасырда стандартталды. Азаматтық қызметтегі материалдарды жаттау талабы қойылды және ешқашан өз қабілеттерін көрсету талабын сұраған жоқ.
Тылсым сабақтың мақсаты - «Бұл, (бюрократтық) этикалық дүниетанымдық және білімнің белгілі саласын қабылдаған, бірақ білім деңгейі жоғары не болмаса акедемиялық мамандығы бар қызметкерлерді емес, бюрократтық қызыметкерлерді дайындау болды».
Қытай білім жүйесінің демократиялық табиғаты - оның емтихандары мен оқудың қиыншылықтараынан өткен кез-келген адамға жоғарғы мүмкіндіктерге жол ашуы, бұны алғаш рет Куң зы өзі ашқан еді. Келесі дәстүрлі қанатты сөздің оның есімімен байланыстырады: «Кім де кім өз басымен жұмыс істесе сол билейді, ол қолмен жұмыс істесе - ол қызмет көрсетеді. Сонымен, көптеген мықтылар бойында милиондаған халықтар алдында тұрған кедейшілікпен қиыншылықтардан құтылудың стратегиясы- осы білім болды» (51) .
1999 жылы қазан айында Пекинде және Цюйфуда Куң зының туғанына 2550 жыл болғанына байланысты халықаралық конференция өткізілді. Конференцияда ғалымдар Куң зы ілімінің Батыс елдерінің дамуына өзінің септігін тигізетінін атап өтті. Р. Деллиос “Конфуцианская парадигма глобальной политики” деген баяндамасында қазіргі әлем өте қатты жаһандануын атап өтті. Ол әлеуметтік және саяси коммуникациялардың әлемдік экономиканың дамуы-бұл қазіргі уақыт шындығы болып табылады деген (2) .
Басқаша сөзбен айтқанда, бүкіл әлемнің бірлігі үшін инфраструктура дайындалу үстінде, бірақ бұл бірлік материалдық бірлік негізінде жүзеге асса, рухани бірлік Деллиостың және басқа ғалымдардың ойынша, куң зылык бола алады.
Көптеген Батыс саясаттанушылары, соның ішінде, С Хонтингтон „конфуцийлік демократия” іштей қайшылықты түсінік болып табылады деп есептейді, сондай-ақ олардың арасында бірыңғай мойындалатын факт- дәстүрлі Куң зылык не демократиялық, не антидемократиялық деп саралайтындар бар. Дегенмен де Ф. Фукуяма өзінің „Конфуцийшілдік және демократия” деген еңбегінде, куң зыныың демократияға қарсы еместігі жағынан қарастырып, соның ішінде мемлекеттік аппаратқа ұсынушыларды таңдауда емтиханның дәстүрлі куң зылік жүйесін атап көрсетеді. Куң зы ілімі мен демократияның бір-біріне қарсы келмеуінің келесі бір көрінісі ол демократияның маңызды белгісі болып табылатын білімге деген назардың жоғары болуы, сонымен қатар қоғамда әртүрлі жаңалықтарды түрін қабылдау Куң зы моральдық қажеттілікті ескере отырып, кемелді ұйымдасқан қоғамды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғары құратындығы.
Куң зы ілімі, Куң зы жайында Батыс ғалымдары, орыс және қытай ғалымдары көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірқатар еңбектер жазған. Айталық: кететін болсақ: Афанасьев А. Г. „Борьба против конфуцианства в период „движения за новую культуру”; Конфуцианство в Китае. Проблемы теории и практики. - Москва, 1982. Кобзев А. И. Проблема природы человека в конфуцианской социальной утопии. Китайские социальные утопии. Москва, 1987. Переломов Л. С. „Книга правителя области Шан” (Москва, 1993) ; „Конфуцианство и легизм в политической истории Китая” (Москва, 1981) ; „Конфуций „Лунь юй”” (Москва, 1998) ; „Слово Конфуция” (Москва, 1992) ; „Мао, легисты и конфуцианцы” (Москва, 1975) . Сонымен қатар, көптеген батыстық, қытайлық және отандық ғалымдардың зерттелген еңбектері сан алуан. Дегенмен бұл еңбектерде зерттелген мәселелер бітіру жұмысының маңыздылығын шектемейді, се, бебі жұмыста келтірілген зерттеулердің оригинал тілінен тілінен тікелей келтірілгендігінен, құндылығы мол деп есептейміз. Жұмыстың сүбелі тұсы да осы жерде.
I КӨНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ КУҢ ЗЫ ІЛІМІ
1. 1 Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері
Куң зы - Кун-фу-цзы (б. з. б. 551-479 жж. ) негізін қалаған және оның ізбасарлары дамытқан Қытай, Корей, Жапон елдері сияқты бірқатар елдердің діни жүйелеріне енген этикалық-философиялық ілім.
Куң зы ілімі Куң зы ата-баба аруағына табыну, жер культі, ежелгі қытайлықтардың жоғарғы құдайы және ілкі тегі - Шан-диге табыну сияқты көне нанымдарды өзіне қабылдады. Кейінірек Шан-ди жер бетіндегі барлық тіршіліктің тағдырын анықтайтын жоғарғы құдайышылық күш ретіндегі Көк аспанмен ассоцияцияланды. Даналық және құдіретті тылсымдық бастаулары мен генетикалық байланыс - XX ғасыр басына дейін сақталған - «Аспан асты ұлы» деп атауда ұяланды. Куң зы көне - «алтын ғасыр» даналығының қорушысы ретінде көрінеді. Ол ел билеушілерге жоғалтқан беделді қайтарып, халық құлқын жақсартып, оны бақытты етуге талпынды. Ол көне заман даналары мемлекеттік құрылымдарды әр бір жеке адамның мүдделерін қорғау үшін қалыптастырған деген көзқарасты негізге алады.
Куң зы әлеуметтік және саяси күйзелістер орын алған дәуірде өмір сүрді: Чжоу билеушсі - Ван билігінен айырылды, патриархалдық - рулық нормалар дағдарысқа ұшырап, мемлекет құрылымы ыдырады. Осы хаосқа қарсы шыққан философ әлеуметтілік үйлесімділік идеясын ұсынды, Қытайдың рухани және қоғамдық өмірінде маңызы рөл атқарған даналар мен ел билеушлердің беделіне сүйенеді (37) .
Куң зы пікірлері көрініс тапқан «Луньюй» жинағында (оның шәкірттерімен әңгіме - сұхбаттары жазылған еңбек) жетілген адам идеясы (цзюнь цзы) ашылады, адами тұлға өзіндік құндылық ретінде қарастырылады. Куң зы ғарышпен үйлесімділікте болатын рухани кемелденген тұлға деңгейіне жету мақсатында жетілген адам бағдарламасын жасады. Мейірімді адам - бүкіл қоғам үшін адамгершілік мұраттың бастауы. Тек соған ғана үлесімділік сезімі мен табиғи ырғаққа сай өмір сүру тән. Ол ішкі жүрек әрекеті мен сыртқы іс-қимылдың тұтастығының көрініс. Дана табиғатқа сай әрекет етеді, өйткені «алтын үйлесімділік» ережесін сақтау оған туа біткен дарын. Оның мақсаты - ғарышта орын алған үйлесімділік заңына сай, әлеуметті қайта құру, барлық тіршілікті тәртіпке келтіріп, сақтау.
Куң зы үшін бес «тұрақтылықтың»: әдет-ғұрып, адамгершілік, әділетті парыз, білім мен сенімділік аса маңызды. Әдет-ғұрыптан ол әр-бір тұлғаға, қоғам мен мемлекетке шексіз ғарыштық қауымдастықта өз орнын таба алуына, Жер мен Аспан арасына «Негіз және арқау» болатын құралды көрді. Осы тұрғыда отбаслық этика ережелерін Куң зы мемлекет сферасына да таратады. Иерархиялықтың негізіне ол білім, кемелдену, мәдениетке жақындық принциптерін алды. Әдет - ғұрыптың ішкі мәнінде ұяланған шама сезімі, сыртқы - церемониялар мен рәсімдер арқылы әркімге түсінікті деңгейде үйлесімді қарым-қатынас құндылықтарын жеткізді, оларды игі істерге тартты.
Осы қасиеттерді тәрбиелей отырып, даналар қоғамдағы иерархиялықты қалыптастырды, сөйтіп оның өміршеңдігін қамтамасыз етті. Әлеуметке берілген табиғи ырғақ қоғам мен мемлекеттің дамуына түрткі болды. Ұстаздың шәкірттеріне берілген жауаптарындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіру әрқашан табиғатқа сай келеді, ырғаққа толы әрі қарым-қатынас субъектісіне сәйкес тәрізді. Әңгімелесушіге деген сенім белгісі - мұқияттылық пен жұмсақтық - шиеленісуге, қақтығысқа жол бермейді. Мысалы, ел билеуші мен шенеуінік арасындағы әділетті парызға негізделген қарым-қатынас, ел билеушінің адамгершілігіне, оның қамқоршылығы мен игі еркіне жауап ретінде шенеуініктің оған сенімділігіне, берілгендігіне меңзейді (әкенің балаға деген махаббаты сияқты) . Конфуцишілдік этика аясында төмен тұрған адамның жағдайы кемсіту ретінде қарастырылмады, ол өз жүріс-тұрыстың нормативтілігіне жауап ретінде өзін қанағаттандыратын бағасын алады деп саналады (53) .
Саясаткер ретінде Куң зы ел басқарудағы әдет-ғұрыптың құндылығын жақсы түсінді. Үлкен және кіші істерде қол астындағыларды өз шамасын білу сезіміне тәрбиелей отырып, әдет - ғұрып тұлғалық және әлеуметтілік деңгейдегі адамды «сыртқы ортаға» бейімдейді; қақтығыстардың алдын алды. Әдет - ғұрып әлеуметтегі әртектіліктің сақталуына ықпал етті, тұлғаға кемелдену болашағын ашты, өмірдің нағыз қамқорына айналды, кез-келген жағдайда, мысалы материалдық және табиғи қордың шектеулігі жағдайында тұрғындардың тұтыну үйлесімділігін сақтап, аман қалуына қол үшін берді. Әркімнің шаманы сақтауға ұмтылуы қоғамда моральдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етті. Қытай мәдениетінен сусындаған тұрақтылығы үшін қытай қоғамы мен мемлекеті әдет-ғұрыпқа көп қарыздар.
Конфуцишілдікті Куң зы идеяларын әрбір жаңа эволюциясы ұрпақ өзінше қайта қарастырды.
Эволюциясы ұрпақ өзінше қайта қарастырды. Мысалы, Мэн-цзы (б. з. б. 372-289) игі биліктің мәні тұралы ұстаз тезистерін қайтадан сана талқысына салды. Ол қоғам мен жер пайдалану идеалының көне жобасынан-ақ тұлғаралық ұйлесімділікке, қоғамдағы жоғарғы және төменгі таптар арасындағы келісімділікке жетудің жолын көрді. Идеалды мемлекетте билік барлық қажеттіні өз қолына алады, ал тұрғындар шамадан тыс салықтар мен азықтың аздығынан жапа жекпейді. әділетітлік бұзылған жағдайда Мэн-цзы халықтың көтеріліске шығып, «Көк жарлығын» жаңа, игі ел билеушіге тапсыру құқына ие болуына талап етті (54) .
Жаңа дәуір аралығында куң зылылдікте жаңа ағымдар айқындалады: қол астындағыларды басқарудың құралы ретінде әдет - ғұрыпқа куң зының бұрынғы саяси опоненттері - легистердің арсеналынан заң институты алынады. Бір - бірімен сәйкес келмейтін осы ұғымдарды біріктіргенде әдет-ғұрыпты қоғамның билеушілеріне қатысты ғана қолдануға болды, ал төменгілерді тек заң мен жазалауға сүйеніп басқаруға болады деген ескерту айтылады.
Б. з. б. II ғ. Куң зы мемлекет қайраткері Дун Чжуншу (б. з. б. 120-104) куң зылікке мемлекеттік идеология сипатын береді. Ол дәстүрлі екі бастау «инь» мен «ян» және барлықтың негізгі болып табылатын бес элемент (су, меттал, ағаш, топырақ, от) туралы ілімді жинақтап, бүкіл универсумды қамтитын бір жүйеге біріктірді, Аспан мен адамның және әлеуметтің ажырамас байланысы жайлы ілімді басшылыққа алып, қоғамдық және мемлекеттік құрылымның космологиялық интерпритациясын ұсынды (53) .
Қытайда будда діні кең таралған орта ғасырларда, IV-V ғғ. Бастап буддизм мен даосизм элементтерінің қосылуы барысында куң зылік модификациясы орын алады. Негізгі колондалған мәтіндердің кодификациясы жүргізілді: олардың жаңа редакциялары мен түсіндірмелер соңғы инстанциядағы ақиқат болуға ұмтылды. Көне классиктерді жаңаша түсіндіруге деген ұмтылыс ақырында, неокуң зылік деп аталған философиялық бағытты қалыптастырды. XIII ғ. бұл ілім философ Чжу Си (133-120) есімімен - Чжусионшылдық деген атауға ие болды.
Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларынан бастап Куң зы көзқарастары бұрмалана бастайды, олар алғашқы мағынасынан айырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz