Медициналық-география


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Шығыс Қазақстан табиғи-климаттық зонасына әркелкілік тән. Аймақ өңірін-таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, андшафт алып жатыр. Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жеріне Қалба, Сауыр-Тарбағатай таулары орналасқан. Таулардың биіктігі- 800ден 1500 м-ге дейін, Алтайдың шығысы-3000 м-ден-4000 м. аралығында. Шығыс Қазақстанда аталған ландшафтар белгілі бір табиғат жағдайларына және антопогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Табиғат жағдайларының өзгеруінің көрінісін адам денсаулығының өзгеруінен көруге болады. Адам мен табиғат бір тұтас, оларды бөліп қарастыруға болмайды.

Сондықтан қазіргі таңда медициналық-географияның маңызы зор, себебі медициналық-географиялық жағдайын сипаттау барысында экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және медициналық мәселелер қозғалды. Медициналық-географиялық жағдайды сипаттау үшін атмосфералық ауа, су, топырақ жабындысы және өсімдік жабындысында кездесетін улы заттар түрлері және олардың ластаушы көздері анықталып, олардың адам ағзасында қандай ауру түрлерін тудыратыны анықталды. Медициналық-географиялық жағдайға сипаттама беру барысында демократиялық көрсеткіштер, халықтың ауру-сырқатанушылар құрамы, халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін дәрігерлік ұйымдар саны және қоршаған ортаны ластайтын сұйық, қатты және газ тәрізді заттар құрамы анықталып, талдау жасалынды. Сонымен қатар аурулардың табиғи ошақтары анықтап, жиналған және талданған мәліметтерді карта бетіне түсіруге болады.

Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған табиғи ортаның ластануы және орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы елiмiздiң жеделдетiлген индустриялық-инновациялық дамуымен тығыз байланысты. Қоршаған ортаның ластануы салдарынан топырақ жабындысы, өсімдік жамылғысы деградацияға ұшырайды, шөлдену процестерін, атмосфераның ластануын және жер беті, жер асты суларын ластануына себепші болады. Атмосфералық ауаның, гидросфераның, топырақ жабындысының, өсімдік жамылғысының ластануы халық денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей әсер ететiн негiзгi факторлардың бiрi болып қала бередi. Аталған табиғи компонеттерге керi әсерлердi жылу-энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндiру, қара және түстi металлургия өнеркәсібі тигiзедi.

Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі : Медициналық-география Қазақстанда кең етек алмған және әліде толық зерттелмеген география саласы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жаңа статистикалық мәліметтер қолданылып, қоршаған орта мен медициналық-географиялық мәселелер қатар қойылып зерттелді.

Жұмыстың мақсаты. Табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың адам ағзасына әсер етуін Шығыс Қазақстан мысалында көрсету. Аурулардың таралу ошақтарын анықтау және олардың себептерін анықтаумен қатар оңтайлы шешу жоларын қарастыру.

Жұмыстың міндеттері . Ауру ошақтары таралуына әсер ететін табиғи жағдайлардың және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды әсерін анықтау, талдау және баға беру;

Ауруларды емдейтін емханалар мен демалыс, санитарлық-гигиеналық мекемелерді салудыжоспарлау;

Келешекте медициналық-географиялық карталарды құрастыру;

Өнеркәсіп орындарында қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жаңа технологияларды пайдалану.

Тәжірибелік маңызы. Жалпы медициналық-география туралы қосымша ақпарт ретінде пайдалануға болады. Медициналық-географиялық зерттеулер мәліметтерін географтар, медицина қызметкерлері және құрылыс жоспарлау мамандары пайдалана алады. Себебі, медициналық-география география және медицина ғылымдарының түйіскен жерінде пайда болған. Осы зерттеулер негізінде демалыс орындары, санитарлық-гигиеналық орталықтарынның құрылыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жер бірнеше географиялық қабықтардан тұрады

және бұл географиялық қабықтар

ауыруларға шалдыққан. Осы аурулардың бірі,

мысалы: «адам». (Фридрих Ницше)

  1. ТАРАУ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯМедициналық-география туралы жалпы түсінік

Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсуімен сипатталады. Қазіргі таңда «Адам денсаулығы және қоршаған орта» деген көкейтесті мәселеле туындап отыр. Адам ағзасы өте күрделі жүйе. Ол көптеген табиға физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсер етуіне ұшырайды. Адам денсаулығы табиға факторларға, қоғамның дамуына, ғылыми-техникалық жетістіктерге, өмір сүру жағдайына, қоршаған ортаға және денсаулық сақтау жүйесіне байланысты [1] .

Осы жоғарыда аталған мәселелерді географияның бір саласы медициналық-география зерттейді. Медициналық-география аурулардың таралу географиясын және адам денсаулығына табиғи, шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуін зерттейді. Медициналық-география деген терминді италияндық дәрігер Бернардино Рамаццин (1633-1714 ж. ж. ) ғылымға енгізген болатын. Неліктен «медицина» және «география» деген екі термидер бірге жүреді? И. М. Сеченов былай жазған : «Ағза сыртқы қоршаған ортамен тығыз байланысты және оны қоршаған ортадан бөліп қарастыруға болмайды» [2] . Мысалы ретінде айтсақ атмосферадағы зиянды заттар терінің беткі қабаты немесе шырышты қабық арқылы адам ағзасына түседі. Олар тыныс алу мүшелерімен қатар иіс сезу мүшелерінің қызметіне зақым келтіреді. Ластанған ауа тыныс алу мүшесіне зиян келтіріп, бронхит және демікпе ауруларын тудырады. Адам ағзасына ластанған ауамен қатар ластанған ауыз суыда үлкен зиян келтіреді. Ластанған ауыз суын тұтынуы салдарынан оба iндетi, iш сүзегi және қантышқақ деген аурулары пайда болады. Топырақтың құрамындағы зиянды заттар жер асты сулар мен өсімдіктерге таралады, осы ластанған зиянды заттар ағзаға күнделікті тұтынатын сүт, май және жануарлар етімен біздің ағзаға түседі [3] .

Аурулардың географиялық таралуы табиға факторлармен байланысты (климат, суда, топырақта және тамақта кейбір химиялық заттардың жетіспеуі), әлеуметтік факторлар (адам өмірінің материалдық жағадайы, мәдени жағдайы, дәстүрлі тамақтануы) аталған факторлар адам денсаулығына, аурулардың туындауына әсер етеді. Адам денсаулығына әсер етеін табиғи факторларға: геофизикалық, метеорлогиялық және геохимиялық, климатқа бейімделу жатады. Әлеуметтік-экономикалық фактрларға: өнеркәсін, көлік және ауылшаруашылық жатады. Медициналық-география эпидемология, микробиология, гигиена, патология, физикалық география және экономикалық географиямен, оның ішінде ландшафттанумен байланысты. Адам денсаулығына әсер ететің факторларды анықтау, талдау, бағалай және жіктеу арқылы біз туындап отырған мәселелердің шешу жолдарын қарастырамыз, адам денсаулығын сауықтырытын орындар салуға, санитарлық-демалыс орындарын және санитарлық-гигиеналық орындарын салуға жоспарлауға мүкіндік береді. Жиналған мәліметтер негізінде медициналық-географиялық болжамдар жасау, медициналық-географиялық карталар құрастыруға болады [4] .

Медициналық-географияда нозогеография деген бөлімі бар. Нозогеография, адам ауруларының географиясы (гр. nasos- ауру және география) -қазіргі кездегі немесе ертедегі адам ауруларының географиялық таралуын зерттейтін медициналық-география бөлімі. "Нозогеография" терминін неміс ғалымы Д. Мюри ұсынды [5] .

Қазіргі кезде медициналық-географияның ең өзекті мәселелерінің бірі аурулардың табиғи ошақтары болып табылады. Табиғи ошақ деген белгілі бір территорияда, жылы қандыларды омыртқалыларының қолайлы табиғат жағдайы туындағанда ауру таратуы немесе ауру қоздыруын айтамыз. Климаттық карталарды қарасақ, біз экватордан оңтүстікке және солтүстікке қарай аурулардың таралу территориясын көреміз, оларды тропиктік аурулар деп атайды. Осындай ыстық, құрғақ, ыстық, ылғалды және құрғақ климатта өзіне тән алуан түрлі жануар және өсімдік түрлері болады, алайда олар ауру таратушылар болып табылады. Көптеген аурулардың таралуы сол жердегі халықтың әлеуметтік жағдайы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауы, дұрыс тамақтанбау, медициналық қызметтің дұрыс көрсетілмеуі себеп болып табылады.

Дүние жүзінде 10 мыңға жуық улы өсісдіктер белгілі, олардың көбі тропиктер мен субтропиктерде кездеседі. Олардың адамға ағзасына зияны уларындағы заттарға баланысты атап айтсақ: алколойдттар, гликозит, эфир майы, органикалық қышқылдарға байланысты. Улы өсімдіктер десек оларға саңырауқұлақтар мен папоротниктерді айтсақ болады. Дүние жүзінің инфекциялық және паразиттік картасына көз жүгіртсек, Солтүстік Африка (Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Египет) кең таралаған ауруларды көруге болады. Оларға: iш өту аурулар, қантышқақтар, гепатит Е және гепатит А. [6] .

1. 2 Медициналық-географияның зерттеу әдiстерi

Адам денсаулығына табиғи және әлеуметтiк-экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын анықтауында-медициналық географияның әртүрлi зерттеу әдiстердi пайдаланады. Медициналық-географиялық зерттеу жүргізу барысында зертеліп отырған территорияға сипаттама беріледі, яғни табиғи жағдайы, әлеуметтiк-экономикалық, медициналық-санитарлық жағдай және өлім-жітім туралы мәліметтер жиналады. Статисткалық мәліметтер, яғни халықтың сырқаттанушылар құрамын анықтайтын мәліметтер пайдаланылады. Жиналған мәліметтер негізінде медициналық-географиялық карта құрастырылады. Медициналық-географияда негізгі үш түрлі әдістер бар: медициналық-географиялық сипаттама, картографиялық және статистикалық әдіс [8] .

Медициналық-географияда далалық зерттеулер жүргізу барысында және биология, география (табиғи және әлеуметтік), демография, экономика, этнография, әлеумет тану, тарих ғылымдарынан мәліметтер алынады. Медициналық-географиялық зерттеулер нәтижелерін әртүрлі сала мамандары пайдаланады, географтар, құрылысшылар және тағы басқа сала мамандары. А. П. Виноградов және В. В. Ковальски биогеохимиялық теорияның медицинада, биология және ауыл шаруашылығында пайдалауын қарастырған. Бұл теорияның маңызы биогеохимиялық провинциялардың және биогеохимиялық аудандар туралы түсінікті қалыптастырды. Биогеохимиялық провинция-бұл жердегі белгілі бір облыс және оның өзіне тән тау жыныстарында, топырағында, жер беті және жер асты суларында, өсімдіктерінде химиялық элементтері болады, осы байланысты ол жерде сол территоряға тән ауру түрлерінің таралуына әсер етеді. Бұл жағдай сол жерде тұратын адамдар тұтынатын тамағы мен суларында белгілі бір химялық элементтердің аз немесе шамадан көп болуымен түсіндіріледі. Осындай эндемикалық ауруларға тамақ құрамында тұздың жетіспеуінен пайда болатын зоб ауруын, ауыз суында фтордың жетіспеуінен тіс жегі ауруларының пайда болуы және қоршаған ортада фтордың шамадан тыс асып кеткенде флюороз ауруының пайда болуы. Биохимиялық повинциялармен қатар техногендік повинциялар болады, ол сол жердегі өнеркәсіп орындарымен байланысты. Техногендік биогеохимиялық провинциялар өнеркәсіпорындары ареалдарында химиялық элементтерідің ластануымен байланысты, мысалы алюмени заводының айналасында фтор сутекпен және олардың қоспаларымен ареалда халық флюорозобен ауырады.

Халыққа медициналық-географиялық тұрғыдан баға беру барысында географиялық орналасуы, еңбек етуі және тұрмыстық жағдайына үлкен мән беріледі. Кей жағадайларда аурулар кенет пайда болуы мүмкін бұл сол жерге келетін демалушылар немесе уақытша келетін жұмысшылар ағымымнада байланыты болуы мүмкін. Кезкелген жерге сипаттама береу барысында біз халық саны, тығыздығы және орналасуы деген сияқты мәліметтер жиналады, ол мәліметтерді жылда берілетін статистикалық есептерден алуға болады. Сонымен қатар сол жерде тұратын тұрғындардаың тамақтануы, салты, еңбек ету аясы және тұрмыстық жағдайы үлкен әсер етеді. Мысалы, кәсіби аурулар болуы мүмкін, ол істейтін жұмыс орында болатын шудан және т. б жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Кәсіби аурулар адам ағзасына өнеркәсіптің келенсіз факторларың әсер ету: шаң тозан, діріл, шу аурулар. Медицналық-географиялық баға беру кезінде аурулар тарлаған жердің ландшафты, өсімдік түрлері, теңіз деңгейінен биіктігі, су сапасы, жел бағыты ескеріледі.

Медициналық-географияның зерттеу әдістерінде сипаттау әдісінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық, медициналық-санитарлық жағдай және халықтың сырқаттанушылар құрамы жайында мәліметтер жиналады. Жиналған мәліметтер жүйеленіп, ғылыми сараптамадан өтіп, зерттеліп отырған территорияның халқының денсаулығына әсер ететін факторлар анықталады.

Медициналық статистика негізінде:

жалпы және жекелеген түрде халық денсаулығының жағдайы және динамикасы анықталады (жынысы және кәсібі бойынша және т. б. ) ;

денсаулық сақтаудың мекемелердің және органдарының (дәрiгер кадрлар, мекемелер желiсі, олардың емдiк-профилактикалық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жұмыстары және т. б. ) қызметі анықталады;

қоршаған ортаның адамға және оның денсаулығын жақсартуға бағатталған шараларының тиiмдiлiгін баға беріледі ;

Медициналық-географияның үшін есептік құжаттар өте құнды болып саналады: диспансеризация туралы мәліметтер, медициналық құжаттар және әр түрлі аурулармен сырқаттанған сырқаттанушылар құрамы жайындаға мәліметтер. Осы сипаттамалар негізінде медициналық-географиялық карталар құрастырылады. Демографиялық статистика мәліметтері ең құнды мәліметтер қатарына жатады. Демографиялық көрсеткіштерге: халық саны, жыныстық және жастық құрамы, жалпы және нәрестелер өлімі, табиғи өсім және халықтың орташа өмір сүру жасы жатады.

А. А. Шошин «Медициналық-география негіздері» деген еңбегінде медициналық-географиямен медициналық статистика арасындағы байланысты көрсеткен. Өз еңбегінде «Аурулардың медицналық-географиялық талдауына жалпы аурулар құрылымын, ауру динамикасын, аурулардың пайда болу мезгілдерін және жекелеген инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың таралуын кіргізген. Зерттеу нысаны медициналық-географияның зерттеу нысаны өлім-жітімді және шектік көрсеткіштерді көрсеткен». Медициналық статистиканың негізі жалпы статистика және математикалық статистика. Медициналық статистиканың теориясының және практикасының дамуы әсер еткен математика, кибернетика, информатика, есептеу техникасы, ақпаратты есептеу техникасымен өңдеу медициналық статистиканың дамуына әсер етті. Медицицналық статистика мынадай негізгі бөлімдерден тұрады: жалпы теориясы және әдістер; халықтың денсаулық статистикасы; денсаулық сақтау статистикасы; медициналық статистиканы әдістерін клиникалық, лабораториялық және тәжірибелік зерттеулерде пайдалану.

Статистикалық зерттеудің негізгі әдісіне статистикалық бақылаулар (оған тағы жоспарлау әдісіде кіреді) ; бақылау мәліметтерін топтастыру; мәліметтерді бастапқы статистикалық өңдеуден өткізу математикалық-статистика анализі: салыстырылып отырған көрсеткіштерді бағалау, байланыс пен өзара байланысты зерттеу және бағалау, поцесстер мен құбылыстардың динамикасын көрсету, тәжірибие статистикасын жоспарлау, болжам жасау, статистикалық талдау, графикалық анализ және т. б.

Медициналық статистика негізгі бес кезеңнен тұрады: 1) зерттеуді жоспарлау (мақсатты анықтау, міндетті анықтау, зерттеу жоспарын мен жобасын жасау) ; 2) статистикалық бақылау (статистикалық терң зерттеуден өткізу үшін мәліметттерді жинау) ; 3) бақылау мәліметтерін топтау; 4) мәліметтердің бірінші реттік өңдеуден өткізу; 5) ғылыми-статистикалық талдау жасау, зерттеу мәліметтерін графикалық және әдебиеттерімен өңдеу. Осы аталған кезеңдерге бөлінуіне қарамастан медициналық-статистикалық зерттеу бір бүтін зерттеу әдісі болып табылады. Медициналық статистиканың зерттеу нысаны адамдар арсында және жедел медициналық көрсету саласында, эпидемияға қарсы шараларды зерттей, адамдар арсында таралаған ауруларды талдау, өңдеу және болжау арқылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысына анықтау болып табылады.

Медициналық статистикада адам денсаулығы жайындағы мәліметтер (өлім-жітім) және емдеу-профилактикалық мекемелердің (қалалық емханалар), балалар емханасының, стоматологиялық емхансының және жедел медициналық көмек көрсету мекемелерінің мәліметтері өте маңызды және құнды болып табылады. Медиицналық статистика мәлімететері денсаулықсақтау саласында жаңа талаптардың қойылуына, медицина ғылымының дамуына және техникалық жабдықталуына байланысты жаңарып, толығып отырады.

Медициналық статистикалық зерттеулер бес кезеңең тұрады:

зерттеуді жоспарлау;

статистикалық бақылау;

статистикалық топтау және бақылау мәліметтерін салыстыру;

жиналған мәліметтерді бірінші реттік өндеуден өткізу;

ғылыми-статистикалық сараптама жасау және олардың әдебиеттер тізімін жинақтау және графикалық көркемделуі.

Медициналық-географиялық зерттеулердің дұрыс жүргізілуі тандалып алынған территорияға байланысты. Көптеген мамандардың айтуы бойынша кешендік медициналық-географиялық жұмыстарды жүргізу үшін өнеркәсіптік кешені дамыған территорияны алған жөн. Бұл территориялар адам денсаулығы үшін қауіпті зона болып табылады.

Кешендік медициналық-географиялық сипаттау жүргізу үшін төмендегідей реттілікпен жүру керек:

1) алынған территорияның табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау;

2) халықтың денсаулығын және сырқаттанушылар құрамын анықтау;

3) адам денмаулығы мен қоршаған орта арсындағы байланысты анықтау;

4) ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшылыар топтарына арнайы жүргізілетін шараларды анықталады, тұрмыстық жағдайды көтеруге арналған жұмыстар және медициналық көмек көрсету, жергілікті халықтың денсаулығын көтеруге прналған жұмыстарды анықтау.

Медициналық географиялық картографиялық әдісі адам мен қоршаған орта арасындағы байланысты сандық түрде көрсетеді. Құбылысты кеңістіктік тұрғыда бағалау, яғни қоршаағн орта ластануын кеңістіктік тұрғыда баға беерді. Медициналық географиялық картографиялық әдісі қоршаған орта және адам денсаулығы арасындағы байланысты көрсетіп, оған сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Медициналық географиялық карталар арулар динамикасын және оның табиғатпен, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, экологиялық жағдаймен байланысын көрсетіп қана қоймай адам денсалығын нығайту шараларын жоспралауға мүмкіндік береді.

Медициналық карталарда қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық факторлардың адам денсаулығына қалай әсер ететенің және адам денсаулығының қазіргі жағдайын, денсаулық сақтау шаралардың қалай өтіп жатқаның кеңістікте көрсетеді. Мазмұны жағынан медициналық карталар үшке бөлінеді. Бірінші топ карталарында табиғи жағдайды көрсететін карталар (ландшафтың, климаттың және өсімдік дүниесінің адам денсаулығына ісері), әлеуметтік-тұрмыстық жағадайлар, өнеркәсіп орныдардың адам денсаулығына әсері, сонымен қатар бұл топқа кешендік медициналық-географиялық аудандастыру каратлары да кіреді. Екінші топ караталарына нозогеографиялық карталар жатады. Үшінші топ карталарына денсаулық сақтау мемкемелерін, денсаулық сақтау мекемелерінің жүйесін көрсететін, санитарлық орталықтар, курорттық және демалыс орындарының желісін көрсететін карталар жатады. Медициналық-географиялық тақырыптық карталары әлеуметтік-экономикалық географияның және техникалық тақырыптық карталармен байланысы бар. Олардың ішінде атап айтсақ, медициналық-демографиялық көрсеткіштері бар карталар, туу, өлу; санитарлық-техникалық көрсеткіштер және әлеуметтік-тұрмыстық көрсеткіштер, олар белгілі бір табиғи ортада тұратын және өндірісте жұмыс істейтін адамға жұмыс істеуге және демалуға қолайлы жағдай тудырадрады.

Медицициналық-географиялық карталары әліде теориясы, принциптері және әдістері құрастылуы. Медициналық-географиялық картаграфиялау әдісінің дамуы қазіргі медициналық-географиялық зерттеулермен байланысты. Қазіргі таңда ғылыми тұрғыда медициналық-географиялық зерттеулерді картографиялық әдіссіз мүмкін емес.

Аталған картаның маңызы, адам денсаулығы үшін арнайы қолайлы орта туғызуға болады және арнайы профилактикалық шаралар жүргізуге, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру жолдарын қарастыруға болады. Карталар әртүрлі тақырыпта болуы мүмкін, ол зерттеліп отырған территорияға және сол территорядағы мәселелерге байланысты. Мысалы үшін алсақ: «Денсаулықсақтау», «Аурулардың табиғи ошақтары», «Кешендік медициналық-географиялық карталар», «Курорттық-сауықтыру орындары», «Санэкологиялық жағдай» және тағы басқа тақырыпта.

Карталар құрастырылу барысында сол территорияның табиғи жағдайы ескеріледі. Кей жағдайларда табиғи жағдай өте ауқымды болғандықтан биогеохимиялық жағдайы, топырақ-ландшафттық-геохимиялық жағдай толық қарастырылуы мүмкін. Нозологиялық кескінді көрсету барысында тек бір ауру түрі ғана емес сонымен жалпы сырқаттанушылар саны көрсетіледі. Кешендік медициналық-географиялық карталарда аудан бойынша барлық территорияның толық медициналық-географиялық жағдайы сипатталады, яғни негізгі ауру түрлері, климаттық көрсеткіштер, ландшафт және шаруашылықта пайдалану түрлері көрсетіледі.

Негізгі картада көрсетілетін көрсеткіштер аурулардың пайда болу жиелігі, жұқтыру қауіпі және ауру таратушылар түрлері көрсетіледі. Медициналық-демографиялық көрсеткіштерден негізгі мына көрсеткіштер алынады: әртүрлі жастар арасында аурулардың таралуы, әйелдер мен еркектер аурулары, өлім-жітім, балалар өлімі, әйелдер мен еркектердің орташа жасы сияқты мәліметтер пайдаланылады.

Медициналық-географиялық карталар жасау барысында медициналық статистика, арнайы далалық зерттеулер және экцпедиция, кешендік зерттеулер мәліметтері алынады. Медициналық-географиялық карталарды рәсімдеу барыснда геометриялық белгілер және күрделі диграммаалармен қатар жүретін пиктограммалар кеңінен пайдаланылады /9/.

Картаны жасау технологиясының ерекшелігі негізгі түп нұсқа картада негізге алына қабаттарды құру және жұмыстың барлық кезеңдері компьютерде орындалады. Жалпы ең алдымен мәліметтер базасы құрылады және ол ГАЖ технологиясы негізінде жасалады. Карталарды бірден баспаханаларға жіберіге болады, ол жерде тағыда қосымша өңдеуден өтіп қағаз бетінде шығады. Медиицналық-географиялық карталардың маңызы өте зор ол қоғамдағы ең маңызды мәселелерді шешуге, халық денсаулығын нығайтуға және жақсартуға қажетті шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Карталар арқылы біз қазіргі кездегі халықтың денсаулығы жайында толық мәлімет аламыз және олардың шешу жолдарын қарастырамыз.

Медициналық-географиялық картографиялау арқылы біз адам мен қоршаған арасындағы байланысты толық көреміз. Бұл әдістің маңызы құбылыстарға кеңістіктік талдау жасауға мүмкіндік береді. Картографиялау әдісі географиялық тұрғыда абстрактілі, масштабты кең ауқымды, көрнекті және жалпылаушы. Аталғандар медициналық-географиялық құбылыстарды толық суреттуге және бейнелеуге мүмкіндік береді.

1. 3 Табиғи және әлеуметтік - экономикалық факторлардың медициналық-географиялық жағдайға әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм географиясының өзге ғылымдарымен байланысы
Фараби және оның шәкірттері ғылым мен мәдениетті дамудағы орнын анықтау, ғылым мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Адамдардың табиғатпен арақатынастары
Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі
Рекреациялық жүйе
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Тірі ағзалардың экологиялық факторларының компенсация әрекетінің механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz