Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары



Жоспар

Кіріспе

І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.
1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
1.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру
жүйесі және оны дамыту перспективалары.

ІІІ. Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
3.1. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру.
3.2. АҚШ.тағы шағын кәсіпкерлік
3.3. Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі.
Кіріспе

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті.
Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.
1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.Кәсіпкерліктің экономикадағы
орны.
1.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік
саясаты.
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру
жүйесі және оны дамыту перспективалары.

ІІІ. Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
3.1. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру.
3.2. АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік
3.3. Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді.
Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-
экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете
отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің
өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз
қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды
жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті
жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары
қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға
бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және
қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын
қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және
қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік
кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер)
шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір
адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте
тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл
сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа
дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын
тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің
күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және
ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді
қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан
кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды
жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе
түсті.
Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап
әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.
1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.

“Кәсіп ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау,
қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық
жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық
жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және
заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің
мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін
қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік
барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте
ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі
болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір
кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.
Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз
көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай
алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.
Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау – кәсіпкердің кез-келген
жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі
түрінде көрінеді.
Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы,
іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы
ретінде сипатталуы мүмкін.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған
байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде
қарастырылады.
Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын
жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : “Егер сіз
болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.
Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа
сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.
Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп
мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін
кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті
функцияларды орындайды.
Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын
жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші
сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты
игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке
айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда,
шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-
құлық түрі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
• Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
• Тәуекелге баруға дайын;
• Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын
жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. ¤з өнімінің үнемі
жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре
алады.
¤ндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын
жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу және қалыптастыру және оны
дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді
(орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз
бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы
мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың
шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын
(нишасын) табуы керек.
“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсінігі бір қатарда тұрады және оларды
синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.
Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет
қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.
Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға
сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте құрылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика
сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік
компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу.
Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды.
Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер
өндірістің төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті көрсетті.
Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік туралы
айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін,
іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни
еңбектің, еңбек қорларының сапасы.
Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге
қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға болады.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға бай,
бастамалық, ізденіс болып табылады.
Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Кәсіпкерлік” атауына
толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған,
ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.
Ол шығындардың және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша
кәсіпкерлік – бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.
Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық
анықтамасында “кәсіпкерлікке” мынадай анықтама беріледі.
“Кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың
бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен
немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге
асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет
түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа
қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б.
Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша
қызмет етуші адам), қызмет мақсаты – әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе
табыс алу және атқаратын қызметтері – шығармашылық (шаруашылық тәуекелге
байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық
(ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру
(ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).
А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: “Ол өз қызығушылығын ойлайды,
өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына
мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. ¤зінің қызығушылығының артына
түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет
етеді”.
“Кәсіпкер” түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы 1725 ж. Р.
Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А
Бодо (1797 ж.) кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни
жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж.
Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің
ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды.
1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д.
Маклелланд бойынша кәсіпкер – қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс
істейді.
Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер – бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары
тиіммен қолданады.
А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер – бұл бастама көтеруші адам деп санайды.
Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық
жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) кәсіпкерлік – құны бар жаңа
бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және
әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша
алады және жетістігіне қанағаттанады.
Сонымен, кәсіпкерлік – пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді
қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі
болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық
кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз
еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы
мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі
шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі
акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады.
Кәсіпкердің бастапқы шешімі дегеніміз негізін қалаушы, ұзақ мерзімді
шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, әрі қарай оны түзеуге
болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдық
шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
А) ұзақ мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;
Б) өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.
Кәсіпкерлік мақсат – бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын
жағдай.
Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:
А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету
деңгейін анықтау, белгілеу.
Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?
В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анқтау қажет, қойылған
мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.
¤ндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа
ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде
қабылдау қажет. ¤ндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құру
кезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашақта
орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шығындармен
байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылығы өндірісті
орналастыруға болатын әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру
кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері.
• Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген
кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім
қабылдауда еркін.
• Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін
пайданы алу.
• Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де
тәуекелді анықтау мүмкін емес.
Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір
уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты.
Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды.
Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А.
Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек
жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген
процестерді жылдамдатуын да, - деді.
Шумпетер кәсіпкерге берген бағасы дұрысырақ деп саналады. Кәсіпкер -
өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды
түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның
бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола
отырып, үнемі “бүлінгенді қалпына келтіруді” жүзеге асырады. Қоғамда
кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға
болады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:
• Экономикалық;
• Құқықтық;
• Әлеуметтік және басқа.
Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар
түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс
орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек
ақы деңгейі.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен
тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес
тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі
мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама
роль атқарады.
Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз
кезегінде оның бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына
қатынасына әсер етеді.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет
атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші
орында кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы
жағдай жасайтын заңдардың болуы:
• Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;
• Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
• ¤ндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық
заңдылықтарды жетілдіру;
• Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.
(1. 4 – 10 беттер(

2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін
жаңа болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
• Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
• Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
• Монополияға қарсы әлеуеті бар;
• Ғылыми – техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
• Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін
шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық
экономиканың даму негізі.
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді
жеңу оңайға түспейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы
шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс
жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз
жасалды.
Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару
құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі).
Меншіктің үш құқығы бар.
Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігін
заңдақ қамтамасыз ету.
Екінші құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу
мүмкіндігін береді.
Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін заңмен
қамтамасыз етеді.
Меншік құқығы мен экономикалық тиімділік арасында нақты байланыс бар.
Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:
• Ынталандырушы;
• Капиталды жинау;
• Икемділік;
• Мақтаныш.
Заңдар жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану үшін ынтамен
қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-
да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне
ресурстарды қолданудағы икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың
қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік береді.
Меншікті иелену және басқару меншік иесінің өз жетістіктеріне, өзінің
кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады.
Өзіндік жеке меншік меншіктік немесе (жалға алынған) өндіріс құралдарын
қолданып, жеке (жанұялық) еңбекпен жасалған материалдық және рухани
құндылықтар болып табылады.
Жеке меншік өркениетті қызметтің басты факторы. Ол өзінің осы тарихи
миссиясын орындауы қажет. Жеке меншік біздің экономикалық процестерге ең
қолайлы ықпалын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90
жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын
реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер
қабылданған және қызмет етуде.
Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген сұрақтарын қамтиды:
• Шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдану;
• Шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті,
мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті шаруа (фермер) шаруашылығын
әлеуметтік экономикалық зоналарды дамыту;
• Заңды тұлғаларды лицензиялау, мемлекеттік тіркеу;
• Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау және басқа.
Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан
Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуды. Бұл ұзақ мерзімді
міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында
көрстеілген “әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік
жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы
кеңістікті тазартуға араласуы тиіс”.
Нарықтық инфрақұрылымы – биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары,
аудиторлық, консалтингтік фирмалар және басқалар дамуда.
Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті,
мемлекеттік қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.
ҚР Президентінің “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды
белсендіру шаралары туралы” Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп
саналады.
Отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп
санауға болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның
қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін, механизмдер белсенді
жасалуда.
Кәсіпкерлік экономикада ерекше орын алады, кез келген кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі
процесінде басты роль атқарады.
Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай поцестің
негізгі субъектісі ретінде шығады.
Экономикалық поцесс – адамдардың өзара қатынастарының процесі.
Экономикалық поцесс - өмірдің негізі: онысыз қоғамның қалыпты қызмет етуі
мүмкін емес. Қоғамның барлық қалған жақтарының қызмет етуі ұйымдасқан
экономикалық процеске байланысты. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін
адам экономикалық процеске қатысуы қажет.
Адамның экономикалық белсендігі оның қызметінің мақсаты болуы, істеген
әрекетіне келесі жеке пайдалануы үшін ақысына жеке табыс алу. Адамның
экономикалық белсенділігінің түрі күтілетін, жүктелетін орындалатын
экономикалық процестегі жүзеге асуы тиіс қызметтер, міндеттер.
Адамның экономикалық белсенділігінің екі негізгі түрі бар:
• Жалдамалы қызметкер ретінде;
• Өндірісті ұйымдастырушы, яғни кәсіпкер ретінде.
Осы әрбір мүмкін түрінің әр қайсының өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Экономикалық процеске жалдамалы қызметкер ретінде қатысу, жұмыс беруші
немесе оның өкілінің белгілейтін әрекеттерді орындауға қызметкердің
келісуіне байланысты. Кәсіпкердің жолдамал қызметкерден айырмашылығы өзі
жасаған өндірістік құрылымдағы (өндірістік процеске тартылған жалдамалы
қызметкерге жауапкершілікпен бірге) болып жатқандарға толық жауапкершілік
алады. (1. 10 – 14 беттер(

1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына
байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп
көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде
кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп
көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге
бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға
болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге
асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз
өзгерістерге ыдырады:
• Шаруашылық байланыстар ыдырады;
• Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
• Өнімді өткізу күрт төмендеді;
• Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен
айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.
Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас
жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді.
Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады:
жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс
факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас
бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр
болады.
Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет болса,
онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде
бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін
тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.
Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы
жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.
Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл
технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі.
Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін,
жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі
жоқ және тәуекел үлесі жоғары. Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала
анықталмаған табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны
және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық
фирма.
Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді
тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату
бойынша келісімдер.
Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.

Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды
сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:
• Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама
жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
• Келесі сату үшін тауарды сатып алу;
• Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін
жалдау;
• Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын
басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу;
• Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан
пайызбен қарызды қайтару;
• Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;
• Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;
• Келісімді тіркеу, салық төлеу.
Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі,
ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды
қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға
байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.
Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер
құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде
қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні
осында.
Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл
ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта
курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары
және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы
мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы
көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.
Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды
қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.
Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін
бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.
Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен
шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы
маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы
кеңес консалтинг деп аталады.
Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге
асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған
келесі негізгі кезеңдер кіреді:
• Мәселені анықтау (диагностика);
• Шешімдерді, жобаны жасау;
• Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.
Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше
айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы
мүмкін.
АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық
көлемі 500 млрд. долл. құрайды.
Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы
дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз
қабылданбайды.
Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім
өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша
ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт
жасауына ықпал етеді.
Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы,
екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға
біріктіреді.
Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік,
сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда
коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір
әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік зейнет ақымен
қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.
Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру,
тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.
Кәсіпкерліктің әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара
бірі бірімен өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз
немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі.
Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды
сату немесе айырбастау қажет.
Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді,
сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз
байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас
үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне
кіреді. (1. 14 – 18 беттер(

ІІ.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру
нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі
нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық
нысандары шегінде жүзеге асады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері
арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен
қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген
факторларға байланысты:
• Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
• Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
• Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
• Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;
• Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері,
сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.
Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру
мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды
тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке
кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады.
Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім
қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық
жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік
нысанын қалайды.
Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау,
ұтқырылық, материалдық қызығушылық және т.б.
Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген
жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын
қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке
кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына
негізделген?
Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық
мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда
болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен
пайда иесіне тиесілі.
Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары ерекше қарқында дамуда,
Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелген болатын, оның ішінде
өнеркәсіпте 1950 адам (4,8 %), саудада – 29992 (74,2 %), қала және жол
көлігінде – 4020 (10 %), қонақ үй мен мейрамханаларда – 1815 (4,5 %),
және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6,5 %) адам істейді. Өз кезегінде
кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық
деп бөлуге болады. (1. 21 – 24 беттер(
Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді
жатқызуға болады.
Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық
жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге
асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық
кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.
Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар
және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады.
Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.
Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады.
Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және
кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды
жүзеге асыру болып табылады.
Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне
байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті
барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып
саналады.
Серіктестіктің қатысушылары екі топқа – толық серіктестік
(жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер
жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.
Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігінде шектелмеген, ал
бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы мүмкін.
Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі
бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын
(ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.
Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері
бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде
жауапкершілік алады. Қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырудағы нысандар
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Пәндер