Индустриалды-инновациялық даму



КІРІСПЕ

I Индустриалды.инновациялық дамудың теориялық.әдістемелік негіздері (әлемдік тәжірибе)
1.1. Индустриялдық.инновациялық даму экономикалық өсудің факторы ретінде
1.2. Индустриалдық.инновациялық даму саясатының мақсаттары мен міндеттері, жүзеге асыру механизмдері

II Қазақстан Республикасының Индустриалды.инновациялық саясаты
2.1. ҚР бәсеке қабілеттілігін арттырудағы саясаттың ролі, мақсаты.
2.2. Индустриялық.инновациялық саясат негізінде қол жеткен жетістіктер.


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының маңызды мақсаттары- экономика салаларын әртараптандыру арқылы шикізаттық бағыттын алшақтап, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметтер өндіру.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылығы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына жолдауында:”Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық рыноктың осы заманғы талаптпрына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.”-деп он алтыншы бағытта атап көрсетті. Осы тұста бірінші кезекте Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді жеделдету, қазақстандық экономиканы одан әрі ырықтандыру сияқты негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлді.[1]
Бүгінгі таңда әлем халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы мен тереңдеуі, мемлекеттердің өзара байланыстарының күшеюі барысында бірыңғай ауқымды жуйеге айналып отыр. Жаһандану үрдісінің дамыған бай елдер саясаты сияқты субъективті жақтарымен қатар ғылыми-техникалық прогресс, жаңа ақпараттық коммуникациялар, әлемдік экономика құраушыларының даму деңгейі іспеттес объективті себептерін көрмеске болмайды.
Берілген курстық жұмыста ҚР-ның Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен оларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар ҚР-ның бәсеке қабілеттілігін арттырудағы бұл саясаттың ролі мен оның нәтижесінде іске асырылған және күтілетін жетістіктер де орын алған.
1. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.-“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”. Астана, 2007, 28 ақпан.
2. ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. Астана, 2003.
3. Наука и инновации в рыночной экономике: Мировой опыт и Казахстан. Алматы, 2005.
4. www.sodbi.kz
5. Мансұров Т.М. «Әлем бізді әлеуетімізден тануы тиіс». Егемен Қазақстан, 19 маусым 2007 жыл.
6. Изеев С.Н. «Оценка инновационной активности субъектов национальной инновационной системы Казахстана». Қаржы және қаражат 2006 №4
7. Мұхамеджанов. «Технологияны өзімізде жасамай, инновация көшіне ілесе алмаймыз». Айқын, 7 ақпан 2006 жыл.
8. Бахаев Д. «Инвестициялық жобалаудың тиімділігін бағалау әдістері». Экономика негіздері. Мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. 2006 № 6.
9. Рахметтулина Ш. «Региональные аспекты инновационно-индустриального развития». Саясат, № 12, 2005.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I Индустриалды-инновациялық дамудың теориялық-әдістемелік негіздері
(әлемдік тәжірибе)
1. Индустриялдық-инновациялық даму экономикалық өсудің факторы
ретінде
2. Индустриалдық-инновациялық даму саясатының мақсаттары мен
міндеттері, жүзеге асыру механизмдері

  II Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық саясаты
2.1. ҚР бәсеке қабілеттілігін арттырудағы саясаттың ролі,
мақсаты.
2.2. Индустриялық-инновациялық саясат негізінде қол жеткен
жетістіктер.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының
маңызды мақсаттары- экономика салаларын әртараптандыру арқылы шикізаттық
бағыттын алшақтап, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар
мен қызметтер өндіру.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылығы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты
Қазақстан халқына жолдауында:”Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық
рыноктың осы заманғы талаптпрына сай келетін Қазақстанды одан әрі
индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.”-деп он
алтыншы бағытта атап көрсетті. Осы тұста бірінші кезекте Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруді жеделдету, қазақстандық экономиканы одан әрі ырықтандыру
сияқты негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлді.[1]

Бүгінгі таңда әлем халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы мен тереңдеуі,
мемлекеттердің өзара байланыстарының күшеюі барысында бірыңғай ауқымды
жуйеге айналып отыр. Жаһандану үрдісінің дамыған бай елдер саясаты сияқты
субъективті жақтарымен қатар ғылыми-техникалық прогресс, жаңа ақпараттық
коммуникациялар, әлемдік экономика құраушыларының даму деңгейі іспеттес
объективті себептерін көрмеске болмайды.

Берілген курстық жұмыста ҚР-ның Индустриялдық-инновациялық даму
стратегиясының мақсаттары мен оларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар ҚР-ның бәсеке қабілеттілігін арттырудағы бұл саясаттың ролі
мен оның нәтижесінде іске асырылған және күтілетін жетістіктер де орын
алған.

I ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
(ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ)
1. ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ
РЕТІНДЕ

Индустриялдық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті
және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы
жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағыттылған шаралар кешенін
білдіреді. [2, 8 б]
Әлемде индустриялдық саясат жүргізудің мол тәжірибесі жинақталған.
Санаулы елдердің ғана экономикасының бір өнімге тәуелділік проблемасын
ойдағыдай шешіп, өз өнеркәсібін әртатаптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану
түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа
бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай
саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия
(Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа
бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы
туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де
импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс
Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас
тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт
алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың
табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып
тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы
рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт
алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк
және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту
керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi
арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi
сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға
бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар
халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа
қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды
үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға
ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.

Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар
Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне
қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн
бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру
функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге
асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.
Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және жеке
институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген дамушы
елдердiң қолы жетпейдi.
Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат шеңберiнде
бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-қатынасты
нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды
қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;
ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң пайда
болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi болып
табылады.
Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер
көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық
бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да
мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс
iстейдi.
Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң және
iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа келтiру
үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке болуы
мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.
Рынокты алмастыру
Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерiмен
байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер нарықтық
бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен
ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.
Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке
кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы
мүмкiн екенiн көрсеттi.
Өзiнiң одақтары үшiн ел iшiнде бизнес жүргiзу үшiн жаңа мүмкiндiктер
туғызу ниетiмен 1979 жылы Филиппин үкiметi $5 миллиард сомаға "ipi
индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың барлығы
капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркәсiпте жүзеге асырылды). Бiр жылдан
кейiн Стратегия қарсыластарының қысымымен үкiмет осы жобаларға қайтадан
экономикалық және қаржы сараптамасын жүргiзуге келiстi. Көп кешiкпей бұл
процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигiздi. 1987 жылдың
соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард болатын ($ 5
миллиардтан) он бiр жобаның бесеуi жүзеге асырылмайтын жоба ретiнде
тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион болатын төрт жоба
ғана пайда әкелдi.
Әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, Стратегияны iске асыру кезiнде
инвестицияларды үйлестiру және iскерлiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi
бастамаларға баса көңiл аударылатын болады. Қаржылық қолдау үлестiк қатысу
қағидаттары негiзiнде ғана даму институттары арқылы көрсетiлетiн болады.
Бұл ретте жеке сектор, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктер негiзгi
тәуекелдердi өз мойындарына алатын болады.
Мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тiзбегiн (ҚҚТ)
дәйектiлiкпен дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын өндiрiс
орындарының бiртұтас жүйесiн құруға бағытталған жобаларға Даму институттары
арқылы қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне
сәйкес келетiн түпкi өнiм үшiн жұмыс iстейтiн көп салалы кәсiпорындарды
құруға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi әлемдiк практикада экономика салаларын ҚҚТ ретінде қарастыруға
негiзделген дамыту стратегиясын әзiрлеу және талдау әдiсi жасалған және
кеңiнен қолданылады.
Бұл әдiстiң мәнi әрбiр саланы түпкi өнiмнiң құнын ретiмен қосып
отыратын өндiрiстер тізбегi ретінде қарастыруға болатынына келiп саяды.
ҚҚТ арқылы салаларға талдау жасау әдiстемесi тiзбекте қозғалысқа
келтiретiн немесе онда басым күштерге байланысты ҚҚТ-ның екi негiзгi түрiн
бөлiп көрсетедi. Осыған байланысты ҚҚТ құрылымдық тұрғыдан алғанда тiк және
көлбеу тiзбектер болып бөлiнедi.
ҚҚТ көлбеу құрылымдарындағы экономикалық белсендiлiк, әдетте, бiр
компанияның шеңберiнде шоғырланады. Мәселен, бiр компанияның өзi-ақ шикiзат
өндiредi, оны ұқсатады, өз бетiмен қосалқы бөлшектер шығарады және өнiмдi
жинайды.
ҚҚТ көлбеу құрылымдарында белсендiлiк көптеген шаруашылық жүргiзушi
субъектілерi бойынша бiрдей етiп бөлiнген: компаниялардың бiреуi өнiмнiң
дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушы бөлшектерiн шығарады,
үшiншiлерi оларды жинайды.
Әдетте, өндiрушiлер басым жерде ҚҚТ тік құрылымды болады, ал сатып
алушылар басым жерлерде көлбеу құрылымды болады.
Тұтастай алғанда, кiм ҚҚТ-ға барынша әсер етсе, ең үлкен қосылған құнды
сол алады.
Кейбiр елдерде халық табысының өсуi, тауар өндiрушiлерге қойылатын
экологиялық және басқа да талаптардың күшейтілуi қосылған құнды
орналастыруға елеулi әсер етедi. Мысалы, Гонконгте жалақының елеулi
өскенiне және киiм мен аяқ киiм шығару индустриясында өзiнiң бәсекелестiк
артықшылығын жоғалтып алғанына қарамастан, ел ҚҚТ-дан шығып қалған жоқ.
Себебi АҚШ-қа киiм мен аяқ киiм жеткiзуге квота алуда Гонконг
компанияларының тәжiрибелерi мен қажеттi байланыстары бар. Егер АҚШ үкiметi
квоталарды жойса, Қытай компаниялары өнiмдi тiкелей жеткiзумен айналысар
едi. [2, 9-10 б]

1.2. ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ, ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың
шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған
өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады.
Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет
ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға
ерекше көңiл бөлу қажет.
Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс
істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және
экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.
Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi
банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай
ұсыныстарды жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста ықтимал iске асыру
мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды. Нарықтық
экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет
қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге
жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық
қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде
бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете
алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк
қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға,
инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және
бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы
болуы мүмкiн және болуы тиiс.
Алдағы он жылдың ішінде Қазақстан Республикасы алдына әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Қазақстан
бұған қандай стратегиялық жолмен қол жеткізеді? Әрине, ең бірінші еліміз
халықаралық рынокқа шығу үшін қызмет көрсетудің және өндіріс саласының
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың алатын орны айрықша. Осыған байланысты
өндіріс саласының рентабельділігін арттыруда ғылымға негізделген
технологиялар мен инновациялық жобалардың жүзеге асуы маңызды.
Осы ретте Израиль мемлекетінің дамуын айта кеткеніміз жөн. Өткен
ғасырдың 50-жылдарында көлемі шағын әрі жері бос жатқан Израиль мемлекеті
өркениеттен тыс қалған сияқты көрінетін. Бірақ елдегі экономикалық саясат
халықтың ынта-жігерін оятып, қиындықтан қорықпауға тәрбиеледі. Соның
нәтижесінде қазір Израиль жоғары өркендеген экономикасы бар, бәсекеге
қабілетті, ақпараттық технологияларға негізделген венчурлік кәсіпорындары
табыстың 60 пайызын әкелетін мемлекетке айналды.
Тағы бір мысал ретінде Қытай мемлекетін алайық. Өткен ғасырдың 70-
жылдарында Қытай Халық Республикасы әлемдік экономиканың жетекшілерінен көп
кейін қалды. Бұл елде тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету елеулі
проблемаға айналды. Ал қазір сол күрделі кезеңді еске түсірудің өзі оңай
емес, бәрі де бір күндей болмай ұмытылған тәрізді. Бүгінгі Қытай мемлекеті
әлемдік рыноктағы алпауыт мемлекеттермен бәсекеге түсе отырып, тауар
өндіру, түрлі қызмет көрсету, әлемдік деңгейдегі жоғары технологияларды
игеруде біраз мемлекеттерді артқа тастады. Бұған қоса, Қытай мемлекеті
қазірдің өзінде ғарышқа адам ұшырып, ал 2020 жылы ай бетінде ғарыштық
станса салу жоспарын жаһанға жариялады.
Орталық Азиядағы жоғары дамып келе жатқан мемлекеттің бірі – Қазақстан.
Ол тәуелсіздік алған жылдардан бастап шетел инвестициясын өз экономикасына
тарту көлемі жағынан ТМД елдерінің ішінде көшбасшы қатарында. Сонымен
қатар, елімізде жаңа салық және банк жүйесі құрылып, олар отандық
кәсіпкерлермен шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрсете бастады. Ауылдық
жерлерде де экономика дұрыс жолға қойылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, орташа
табыс деңгейі бар мемлекеттер тобына кіреді. Сонымен бірге, Қазақстан
Еуроодақ пен АҚШ-тың орынды мойындағанындай, бұрынғы Кеңестер Одағына
қараған мемлекеттердің ішінде рыноктық экономикасы қалыптасқан алғашқы
елдің бірі болып табылады. Ал енді Дүниежүзілік банк Қазақстан
Республикасын инвестиция тартуға мүмкіндігі мол әлемдегі 20 мемлекеттің
қатарына жатқызды. ТМД мемлекеттері арасында еліміз инвестициялық рейтингке
ие болды. Осылайша Қазақстан экономикалық-саяси салада тұрақты дами келіп,
қазіргі уақытта сапалық жаңа деңгейге жетуге мүмкіндік алды. Тәуелсіздік
жылдарында экономикалық реформаны тиімді дамыта отырып, Қазақстан қазіргі
уақытта өндірісті ілгерілетудің сервистік-технологиялық түріне көшуді қолға
алды. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған
Индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Осы стратегияға
сәйкес елдегі өндіріс бес салаға: ақпараттық технология, биотехнология,
нанотехнология, энергетика және көмірсутегі шикізатын өңдеу технологиялары
бірыңғай жүйеге біріктіріледі. Бұл ретте жоғарыда айтылған ғылыми
зерттеулерді талап ететін салалардың құрылуы мемлекетіміздің қаржы
саласында біршама бюджеттік төлем бөлуін талап етеді. Қазақстан Үкіметі
осыған орай арнаулы экономикалық аймақтар құрды. Онда технопарктер және
жоғары технологиялық өндіріс орындары ашылды. Мұның өзі өндірісті дамыта
отырып, жоғарыда аталған техноло-гияларды қолдану арқылы оның тиімділігін
арттырды.
Өндіріс пен экономиканы дамыту үшін елдегі технопарктерді жетілдіруге
көңіл бөлінуде. Мұның өзі ғылым мен өндірісті бір мақсатқа жұмылдыра
отырып, жеке сектордың, жекелеген адамдардың, ғалымдардың, әлемдік ғылым
мен тәжірибенің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жол ашады.
Осындай іргелі міндеттерді жүзеге асыруға елдегі дұрыс құрылған
венчурлік капиталдың жүйесін пайдалана білу маңызды. Бұл үшін Ұлттық
инновациялық қор құрылды. Ол қазіргі уақытта технопарктермен, биотехнология
орталықтарымен, мұнай-химия парктерімен, басқа да ғылымды дамытуды талап
ететін орталықтармен бірлесіп жұмыс атқарады. Бұл жерде Елбасымыз атап
өткен “30 корпоративтік көшбасшы” бағдарламасын жүзеге асыру айрықша
маңызға ие болуда. Оның өзі елімізде инновациялық жаңа экономиканы
қалыптастырудың тиімді құралы болып саналады. Сондықтан да мемлекет
елімізде ұлттық жетекші компаниялардың құрылып, нығайып және дамуына
мүмкіндік жасауда. Экономикадағы мұндай өзгерістер Қазақстанның аймақтық
және жаһандық дәрежеде бәсекеге сай өнім шығарып, алға қадам жасауына
мүмкіндік береді.
Жұртшылыққа мәлім корпоративтік көшбасшы кәсіпорындар еліміз
экономикасының анағұрлым жетілдірілген секторында дамытылады. Оған
конкурстық негізде шетелдік бизнестің тәжірибесі енгізіледі. Корпоративтік
көшбасшылар алдағы уақытта еліміздің сыртқа шығарылатын өнімдерін бәсекеге
қабілетті, сапалы әрі мол шығаруына негіз қалайды. Бұл бағытта отандық және
дүниежүзілік тәжірибенің жетістіктері кеңінен пайдаланылады. Бұл жерде
еліміздегі әр азаматтың Қазақстандағы ірі компаниялардың капиталына
акционер болуының маңызы зор. Сөйтіп, олар табиғи байлықтарды игере отырып,
стратегиялық саладағы байлықтан өз үлесін алады. Екінші жағынан
инновациялық технологияларды дамыту жоспарларын жүзеге асыруда қаржымен
қатар адам күші де қажет болады. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстандағы оқу
орындарының материалдық базасы нығайтылуда. Соның ішінде жаңадан
перспективалық оқу орындары ашылуда. Атап айтқанда, Елбасымыз атап
көрсеткен Қазақтың халықаралық университеті бұл маңызды іске зор үлес
қосады. Президенттің Жолдауында айтылғанындай, жыл сайын шетелдегі беделді
жоғары оқу орындарына мыңдаған студенттер жіберілуде. Олар келешекте
инновациялық экономиканы, технопарктерді жоғары білікті, білімді кадрлармен
қамтамасыз етеді.
Мемлекетіміз ғылымның дамуына да ерекше назар аударады. Экономикалық,
қаржылық, адам ресурстары проблемаларын шеше отырып, ел Үкіметі
Қазақстандағы ғылымның алдыңғы шепке шығуына мүмкіндік береді. Елбасының
Жолдауында ол біздің алдымызда тұрған стратегиялық міндеттің бірі ретінде
атап көрсетілді. Мұның өзі келешекте Қазақстанның бәсекеге қабілетті
елдердің қатарына қосылуына септігін тигізеді.
Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында инновациялық дамуды
стратегиялық міндет ретінде белгілеп, оған осы заманғы ғылым мен техниканың
барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, елдегі әлеуметтік-экономикалық
міндеттерді шешуді осыған негіздеді. Ал мұның өзі әрбір азаматтың
белсенділігін, іскерлігін арттырады. Соның нәтижесінде еліміз таяудағы 10
жылдың ішінде дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына
қосылады.[5]

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ САЯСАТЫ
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
СТРАТЕГИЯНЫҢ РОЛІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi
кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және
экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол
үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға
және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi
талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және
ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге
инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi
дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде.[2, 2 б.]
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар
рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат
металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл
шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар. Қазақстанда пайдалы
қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы
болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi
бойынша дамуда. Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды
дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда
экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы
саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде
мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының
дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ
мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге
мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.
Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы
мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде
бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.
Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20
елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд.
астам АҚШ долл. тартылды.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан
бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық
орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн
экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады. [9, б.
13]

2000 ж. салыстырғанда 2010 жылы ЖIӨ екi еселенуі бойынша кестенің
болжамды орындалуы, (%)
Стратегиялық жоспар бойынша ЖIӨ болжам бойынша нақты ЖІӨ

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ-пен қатар жаһандануға, өңірленуге,
сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері “әлеует кіндіктеріне”
айналады деп болжануда. Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік
компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау
көлемінің ұлғаюы, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен
өндірістерде бірлескен кәсіпорындардың құрылуы көрсетіп отыр.
Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша, 2050
жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен
қатар Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіреді. ХВҚ, Бүкіл әлемдік банк,
Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық
өнімнің, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында
болды. 2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн. 880 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі
ҚР индустриалдық - иновациалық саясаты
Индустриялық-инновациялық даму. Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Индустриалды-инновациялық қаржыландыру
Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Индустриалды даму
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы
Пәндер