Мемлекет шығыстарының мазмұны


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

  1. Мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәні 4
  2. Мемлекет шығыстарының құрамы . . . 5-7
  3. Мемлекет шығыстарының сыныптамасы . . . 7-9
  4. Мемлекеттік шығыстарының жұмсалу бағыттары . . . 9-12

ІІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАРДЫҢ БӨЛІНУІ

  1. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары . . . 13-20
  2. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру . . . 21-22
  3. Қорғанысқа жұмсалатын шығыстар . . . 23-24
  4. Басқаруға жұмсалатын шығыстар . . . 25-26

ІІІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ
ЖЕТІЛДІРУІ . . . 27-28

Қорытынды. 29

Қолданылған әдебиет . . . 30

КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып қалды. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздлің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылумен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтанда болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселесі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды атқа тастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірісітің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасына ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.

Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысының тақырыбын « Мемлекет шығыстарының мазмұны» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік шығыстар елдің орталықтандырылған қаржыларының негізін құрай отырып, барлық шаруашылық қызметті және қоғамдық қатынастарды жүргізіп және қолдап отыратын бірден бір қаржы құрылымы болып табылады. Мемлекеттік шығыстардың дамуы жыл сайынғы бюджеттік бағдарламалар мен заңдар арқылы белгіленіп, дамып отырады. Мемлекеттік шығыстардың құрамы арқылы қоғамда мемлекеттің іс-шаралары орын алып, қызметтері атқарылады.

Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме : қаржы саласындағы мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну, шығыстардың функциялары мен қызметтерін талдау, мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен үйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді, олардың жіктелуін талдау және осылардың негізінде 2009 жылғы мысалға ала отырып бюджекттің шығыстарын талдау болып табылады.

ІБӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МӘНІ

1. 1. Мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәні

Мемлекет шығындары мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы бөлінеді. Ол экономиканың әлсіз салаларын нығайтуға, көмір өнеркәсібі, электроэнергетика, теңіз, теміржол және әуе транспорты, авиация мен космонавтика, атом энергетикасы т. б. дамытуға арналған бағдарламалар мемлекетпен белгіленеді. Әңгіме, өндіріс үшін маңызды, құны жоғары жабдықтар мен машиналар жиынтығы, яғни негізгі капитал топталған салалар жөнінде болып отыр. Алайда негізгі капиталдың осындай маңыздылығы саланың бәсеке мен дағдарысқа өте сезімталдығын да байқатады.

Жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергентикасы), қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары т. б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған каражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы - "Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы" ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және үтымды экономиканы, құқық тәртібін заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;

2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артышылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады.

1. 2. Мемлекет шығыстарының құрамы

Мемлекеттің шыгыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей байланысты.

"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:

  1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, түтыну қорына ыдырайды.
  2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бүл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекетгік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады

Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-қарсы) қажет ететің болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының қүрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Мемлекет шығыстарының қүрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен үйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының қүрамына мыналар кіреді:

  1. өндірістік, шаруашылық - пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
  2. ұлғаймалы үдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
  3. бюджетке жэне бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шыгындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық

айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

Багыттары мен мақсатты арналымы бойынша шыгыстардың барльқ түрлерінің жиынтығы мемлекет шыгыстарының жүйесін қүрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттік шыгыстарын ұйымдастыруга оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекетгің шыгыстарын үйымдастыру қағидаттарыңың бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметгік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстік әдіс болып табылады.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғүрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар

қолданылады (мысалы, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) ; бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

Даму жоспарларының, (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.

Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау - мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерініц оңтайлы үйлесуі болып табылады.

Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

1. 3. Мемлекет шығыстарының сыныптамасы

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады.

Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша ү ш негізгі топқа бөлінеді:

  1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;
  2. қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
  3. мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;

Шыгыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.

Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты түтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жүмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады.

Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық ондірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, корінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске еңгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: сол жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Түтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын қүрайды.

Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттік резервтерді жасаумен толықтыруга жүмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, үйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мүндай резервтерді орталықтандырылмаған тэртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларга, ғылымға, қорганыс пен басқаруға жүмсалатын шығыстарға бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мүндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Сапалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғүрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудін ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:

  1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыруменшікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
  2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекшеқұжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс . Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер менұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларын кәсіпорындар мен үйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін болінеді. Бүл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметгік-қолайлы бағаларын қолдау, түрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарга нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс жэне арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т. б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

1. 4. Мемелекеттік шығыстарының жұмсалу бағыттары

  1. жалпы сипаттагы мемлекеттік қызметтер көрсету:Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.
  2. қорғаныс, қогамдық тәртіп, қауіпсіздік:мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық төртіпті қорғау және қоғамдық қәуіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық жене қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
  1. құқық, com, қылмыстық-атқару қызметі:әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жүмыс істеуі және басқалары.
  2. білім беру:білім берудің республикалық үйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жэне жоғары оқу орын-дарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық үйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
  3. денсаулық сақтау:жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-әрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-пидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылыгын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет
қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен
қамсыздандырьшуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері,
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар,
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

  1. мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
  1. ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаган ортаны қоргау, жер қатынастары:
  2. онеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала қүрылысы және қызметі:
  1. көлік және коммуникациялар:
  2. экономикалық қызметті реттеу:стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бесекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық
маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, ұлттық қорға берілетін ресми
трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу,
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге, де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады (1 кесте) .

Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жүмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының кұрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда - ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жүмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда.

1-кесте. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы

(2009 ж. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы
Республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру
Қазақстанның бюджет жүйесі
Әлеуметтік сфераны бюджеттік қаржыландыру
Мемлекеттік шығыстардың түрлері және қызметі
Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу механизмі
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz