Зейнетақы жүйесі жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарттары мен ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Қаржы нарығындағы зейнетақы қорларының үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҚ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi он жыл уақыт жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те болады. Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс iстейтiндердi қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты, әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бүл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады. Зейнетақы жүйесі туралы өз еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді айта кетуге болады. Оларға орыс экономистерінен Н.А. Тодорова, В.Т. Иконников, И.В. Рожков және т.б жатады. Ал қазақ экономистерінен Н.Т. Рамазанов, К.Ж. Төлебаев, А.С. Алибаев, Н.К. Мамыров және т.б айтуға болады. Мен болашақ квалификациялы жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қатты қызықтырады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы”. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елді зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің маңыздылығын ашу және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Менiң курстық жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.
Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:
1) "Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;
2) шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;
3) Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-әрекетiн талдау;
1. Қазақстан Республикасының “ҚР Ұлттық Банкі туралы” 30.03.2006 жылғы Заңы, 19-22б.
2. Гүлжан Қарақұсова. “Зейнетақы реформасы: тәжірибе және табыс”.
3. Егемен Қазақстан. 2005, тамыз. 1-3б.
4. Әлисұлтан Құланбай. “Басты мақсат-салымшылар сенімінен шығу”. Егемен Қазақстан. № 114, 2008-02-09.
5. Әлисұлтан Құланбай. “Қор таңдау-салымшының өз еркі”. Егемен Қазақстан. 2006-03-18.
6. www.google.kz.
7. www.rambler.kz.
8. www.yandex.com.
9. Гүлнар Жұмабайқызы. “Зейнетақы қоры ірі инвестор ретінде”. Литер-Айқын. 18.04.2008.
10. Меруерт Өмірзақова. “Ұлар Үміт ЖЗҚ”. Егемен Қазақстан. № 316-317, 20.12.2006.
11. “Мемлекет басшысының 2005—2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың
(іс-аралардың) жалпыұлттық жоспары”. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». «Ақиқат» журналы, № 4, 2007ж.
12. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру— мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». «Егемен Қазақстан» № 36 (25008), 7 ақпан 2008 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарттары мен
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор
ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Қаржы нарығындағы зейнетақы
қорларының үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ...

3 ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҚ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
3.1 ҚР Президентінің Қазақстан халқына
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi он жыл уақыт жұмыс істеп жатыр.
Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те болады.
Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс iстейтiндердi
қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам
өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты, әрине, бұл
өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы
пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында
зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр
сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк
танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде
қабылдап жатыр. Бүл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан,
ол актуальды тақырып болып табылады. Зейнетақы жүйесі туралы өз
еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді айта кетуге болады. Оларға
орыс экономистерінен Н.А. Тодорова, В.Т. Иконников, И.В. Рожков және т.б
жатады. Ал қазақ экономистерінен Н.Т. Рамазанов, К.Ж. Төлебаев, А.С.
Алибаев, Н.К. Мамыров және т.б айтуға болады. Мен болашақ квалификациялы
жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қатты қызықтырады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы
реформасы”. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елді зейнетақымен қамтамасыз
ету жүйесінің маңыздылығын ашу және оны дамыту жолдарын қарастыру болып
табылады. Менiң курстық жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу
жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.
Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:
1) "Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;
2) шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;
3) Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-
әрекетiн талдау;
4) жүйенiң экономикалық перспективасы туралы және экономикаға тиетін
әсерiне нақты мәлiметтер нәтижесiнде талдау қарастыру.
Реферат екі тараудан тұрады.
Бiрiншi тарауда Қазақстан Республикасының зейнетақы заңына көз
жүгiртiледi. Жалпы ҚР ЖЗҚ-на сипаттама беріледі.
Екiншi тарауда жинақтаушы жүйенiң құрылымы туралы сөз қозғалып,
олардың iс-әрекетiне талдау жасалады және ҚР Президентінің Қазақстан
халқына жолдауында зейнетақы жайлы айтылғаны қарастырылады.
Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы
жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарттары мен ерекшелiктерi

Осыдан 10 жыл бұрын елімізде зейнетақы реформасы жүзеге асырылып,
жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енгізілді. Алғашында бұл жүйеге
көпшілігіміз жатсына қарағанымыз рас. Уақыт өте зейнеткерлікке шыққанда,
оның тиімді екеніне көзіміз жетті. Сонымен, зейнетақы қорлары өз
салымшыларына қажетті жағдайлар жасау мақсатында қандай шаралар қарастырып
жатыр?
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданғанына 10 жыл болды.
Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi
жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне
көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни “ынтымақтастық”
жүйенiң механизмiн зерттейiк. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақылар
кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы
есебiнен төлендi. Бүл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:
1) туу көрсеткiшi.
2) жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер санының арақатынасы.
3) өмiр сүру ұзақтығы.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп,
экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс
iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар
өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым
төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының
арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерге 1,7 жұмыс iстеушi
келедi. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1
зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында
бюджетке аударылуы тиiс. Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде
түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды
ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске
ұшырауының негiзгi себептерiн келтiрейiк:
1) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс
iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш
қазiр 1 ге 1,7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде;1, б.36
2) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары
болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ
болуы, уақытылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға
беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында
тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды.
Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-
40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда
көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде
әлi де болса уақытылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан жалтаруына
итермеледi;
3) зейнетақы жарналарын жеке тiркемеудiң жоқ болуы әркiмнiң өзiнiң
кәрiлiгiн қамтамасыз етудегi ынтасын жойды.
4) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.
5) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден зейнетақы төлеу
мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу
механизмiн жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық
шотқа түседi. Министрлiк бүл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар
арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы
әдiлеттiлікке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға
көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.
6) орталықсыздандыру әкiмшiлiк жұмыстардың қайталануына әкелдi.
Аумақтық тұрғыда операцияларды министрлiктiң бөлiмшелерi жүргiзедi, ал
екiншi жағынан барлық аумақтық бөлiмшелер әкiмге бағынады.
Мiне, бiз жоғарыда көрсетiлген себептердiң нәтижесiнде Қазақстан
Республикасында зейнетақы жүйесiнiң нелiктен дағдарысқа ұшырағанын бiлдiк.
Осымен Қазақстан Республикасы жаңа жинақтаушы жүйеге көштi. Ал ендi
жинақтаушы жүйенiң бұрынғы “ынтымақтастық” жүйемен арасындағы
айырмашылығының артықшылығын қарап көрейiк.
Бiрiншiден “ынтымақтастық” жүйеде әртүрлi жеңiлдiктер көрсетiлiп,
осыған байланысты бiреулер 60 жаста емес, одан ерте шығады, яғни бүл 60
жаста зейнетақыға шыққан адамнан гөрi көбiрек уақыт зейнетақы алады.
Екiншiден жұмыс iстейтiн адам еңбек стажының көп бөлiгiнде орташа
жалақы алып, кейiн бiрден жоғары жалақы алып зейнетақыға шықса, оның
зейнетақысы сол жоғары жалақының мөлшерiне сәйкес болады. Ал басқа адам көп
жылдар жоғары жалақы алып, сол бойынша зейнетақыға шығады. Салыстырып
қарасақ екеуiнiң зейнетақысы бiрдей, бiрақ соңғы адам алдыңғыға қарағанда
көбiрек әлеуметтiк жарна аударды. Бүл әдiлеттiлiк деп айту қиын.
Үшiншiден екi адам бiр кәсiпорында жұмыс iстейдi, бiреу жоғары еңбек
өнiмдiлiгiн көрсетсе, екiншiсiнiң еңбекке ынтасы аз. Бiрақ зейнетақы алар
кезде олар бiрдей зейнетақы алады. Жинақтаушы жүйенiң осы жердегi бiр
артықшылығы әр адам өзiнiң болашақ зейнетақысы үшiн өзi жауапты. Ол алатын
зейнетақы мөлшерi жұмыс iстегенiне, тапқан табысына байланысты.
Төртiншiден “Ынтымақтастық” жүйеде зейнетақы беру шегi, алушының қайтыс
болуымен аяқталады. Бұл адам зейнетақыға шыққаннан кейiн, күтпеген
жағдайларға байланысты ғана дүниеге кетсе, еңбек еткен кездегi аударған
жарналары текке кеттi деген сөз. Ал жинақтаушы жүйеде өмiр бойы жинаған
жарнасын, салымшы қайтыс болса, оның мұрагерi алады, яғни артындағы отбасы
өз керегiнше пайдаланады.

1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері
Қазақстанда қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі
жүйесіне көшу жүзеге асырылуда. Әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2005 жылдан
бастап зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі көп деңгейлі болды.
Оның негізгі міндеті мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы
жауапкершілікті айырып бөлу және қосымша қаржыландыру көздерін тарту
есебінен әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін арттыру болып табылады:
Бірінші (базалық) деңгейі – мемлекет кепілдік берген ең төменгі
мөлшердегі әлеуметтік жәрдемақылар. Бұл – Қазақстан Республикасының
зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарына еңбек өтілі мен еңбекақысына
тәуелсіз төленетін зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен
бекітілген төлемдер.
Екінші деңгей (міндетті) – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енбек өтілі
бар азаматтарға заңмен бекітілген ынтымақты жүйеден зейнетақы
тағайындалады. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті салымдар есебінен
зейнетақы төлемдері. Бұл зейнетақы төлемдерді алушылар аралас және
жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қатысушылары болып
табылады.
Үшінші (қосымша) деңгей – ерікті және кәсіби зейнеткерлік салымдар
аралас және жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қатысушылары
есебінен төленеді. Сондықтан жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін
болашақ зейнетақы төлемдерінің сомасы салымшылардың міндетті зейнетақы
жарналарының мөлшері мен аударылу ұзақтығы, сондай-ақ есептелетін
инвестициялық табыс есебінен құралатыны белгілі.
Заң бойынша зейнетақы жарналарын жинау және салымшылармен жұмыс
iстеумен айналысатын жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады. Ал
зейнетақы активтерiн басқару зейнетақы активтерiн басқарушы компанияға
жүктеледi. Ал ақша қаражаттарын сақтау мен есебiн банк-кастодиан жүргiзеді.

Банк кастодиан – бағалы қағаздар жөнiндегi тiркеу мен есепке алу,
құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшасын есепке алу
жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы банк;
Ол жабық акционерлiк қоғам ретiнде құрылып, салымшылардан зейнетақы
жарналарын жинау және зейнетақы төлемдерiн беретiн үйым.
ЖЗҚ-ң екi түрi бар:
1) Ашық
2) Корпоративтi
Ашық ЖЗҚ-ы кез келген салымшыдан зейнетақы жарналарын қабылдай алады.
Оны құру үшiн ең төменгi жарғылық капитал 180 млн тенге. құрылтайшылары
болып заңды немесе жеке тұлғалар табылады және олар Қазақстан
республикасының резидентi болуы қажет. Ашық ЖЗҚ-н құру кезiнде ешбiр
тұлғаның тiкелей немесе жанама түрде акция пакетiнiң 25%-тен артығын
басқаруға, алуға, иеленуге құқы жоқ. Ал ашық ЖЗҚ iс-әрекет кезiнде 25%-н
астамын иеленуге, басқаруға тек өкiлеттi органның рұқсаты арқылы ғана
болады. Корпоративтi қор осы қордың құрылтайшылары немесе акционерi болып
табылатын заңды тұлғаның жұмысшыларын яғни салымшылары үшiн құрылады. Оны
құру үшiн ең төменгi жарғылық капитал 50 млн. теңге. құрылтайшылары болып
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы табылады. Корпоративтiк қорда
зейнетақы жарналарының табыстылығы инфляция деңгейiнен төмен болмауға тиiс
және бүл үшiн осы қордың акционерлерi ынтымақты жауапкершiлiкке ие. Ал ашық
қорда бұндай жауапкершiлiк жоқ. Сондықтан бүл қосымша жауапкершiлiк
корпоративтiк қор құрғысы келген құрылтайшыларды үркiтедi.

1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі
нарықтық қатынастарға көшуге және экономикалық ахуалдың нашарлауына
байланысты ерекше өткір сипатқа ие болды. Қаржы дағдарысы зейнетақы мен
жәрдем-акы төлемі бойынша берешектің пайда болуына және оның ұлғаюына
әкеліп соқты. Зейнетақының уақытында төленбеуі халық арасындағы
наразылықтың және әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеле жатты.
Осы проблеманы шешу үшін республика Президентінің тапсырмасы бойынша
халықаралық тәжірибе және халықаралық институттар мен сарапшылардың
ұйғарымдары жан-жақты зерттелді.
Қазақстанда қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі
жүйесіне көшу жүзеге асырылуда. Оның негізгі міндеті мемлекеттің, жұмыс
беруші мен қызметкердің арасындағы жауапкершілікті айырып бөлу және қосымша
қаржыландыру көздерін тарту есебінен әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін
арттыру болып табылады.

Мұндай жүйенің алғашқы негізі 1998 жылы енгізілген жинақтаушы зейнетақы
жүйесі болғаны белгілі.

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі нарықтық
қатынастарға көшуге және экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты
ерекше өткір сипатқа ие болды. Қаржы дағдарысы зейнетақы мен жәрдем-акы
төлемі бойынша берешектің пайда болуына және оның ұлғаюына әкеліп соқты.
Зейнетақының уақытында төленбеуі халық арасындағы наразылықтың және
әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеле жатты.
Осы проблеманы шешу үшін республика Президентінің тапсырмасы бойынша
халықаралық тәжірибе және халықаралық институттар мен сарапшылардың
ұйғарымдары жан-жақты зерттелді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жағдайы жақсы мемлекеттердің өзі
азаматтарды қартайған шағында бағып-қағу жөніндегі өзінің жауапксршілігін,
зейнетақымен камсыздандыру ісіне қосымша қаржыландыру көздерін тарта
отырып, жұмыс берушілермен және қызметкерлермен тікелей бөліседі. Солардың
біреуі жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Біздің еліміз де осы жолды таңдады. Зейнетақы жүйесін реформалау
тұжырымдамасына және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстанда
аралас зейнетақы жүйесі колданылады.
Азаматтардың белгілі бір бөлігі (зейнеткер болғандар) мемлекеттік
таратып бөлуші немесе ынтымақты зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып
табылады, ал енді бір бөлігі жинактаушы зейнетақы жүйесіне катысады. 1998
жылдың басындағы жағдай бойынша қажетті еңбек стажы болған зейнеткерлср
өтпелі кезеңде, бір мезгілде бірінші және екінші жүйенің де қатысушылары
болып табылады.
Реформалау басталғаннан бері оның нәтижесі мен жинақталған тәжірибені
қорытындылау үшін жеткілікті уақыт өтті. Оның үстіне Қазақстанда жинақтаушы
зейнетақы жүйесі бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші болып енгізілді.
Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын шартты түрде бірнеше
кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең: 1998 — 2001 жылдар — жүйенің және оның институттарының
қалыптасу уақыты. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жеке зейнетақы жинақтарына
және зейнетақы активтерін жеке басқаруға негізделгеніне қарамастан реттеу
функцияларын мемлекет өзіне қалдырды.
Осыған байланысты бірінші кезеңде жүйенің барлық
субъектілерінің қызметін міндетті лицензиялау енгізілген болатын;
зейнетақы активтеріне иелік ету жөнінде шектеулер белгіленді; жинақтаушы
зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдардың қаржылық
жағдайы туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қабылданды. Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында
инвестициялауға арналған активтердің тізбесі заңнамамен белгіленді.
Екінші кезеңде (2001-2004 жылдар) реформалау тәжірибесі зейнетақы
жинақтарының сақталуы мен ерікті зейнетақы тәсілдерін дамыту мәселелерін
шешуді талап етті.
Зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
• инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына
мемлекеттік кепілдік енгізілді;
• салымшылар мен төлеушілерге зейнетақы жарналарын уақытында ұстап
қалмағаны және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына;
• зейнетақы төлемдерін кешіктіргені үшін қойылатын жауапкершілік
артырылып, қолданылатын санкциялар белгіленді;
• еңбек жағдайлары ерекше кауіпті өндірістерде істейтін қызметкерлер
үшін, жұмыс берушінің есебінен қосымша ерікті зейнетақымен
қамсыздандыру енгізілді;
• 2003 жылғы шілдеден бастап алушының жасына және жеке зейнетақы
шотындағы жинақтарының мөлшеріне қарай жинақтаушы зейнетақы қорларынан
кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа
ережесі қолданысқа енгізілді;
• жеке зейнетақы жинақтарының мөлшері ең төмен зейнетақы алу үшін
жеткілікті болып табылған жағдайда, зейнетке анағұрлым ерте — 55 жаста
шығу мүмкіндігі көзделді; мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші
және екінші топтағы мүгедектер өздерінің зейнетақы жинақтарын
мерзімнен бұрын алуына болады.
Қазіргі жағдайда (3-кезең) зейнетақы жүйесін реформалау жалғасуда.
Тұтастай алғанда, дамудың оң үрдістеріне және ТМД елдерінің
ғалымдары мен халықаралық ұйымдар сарапшыларының жоғары бағаларына
карамастан, Қазакстан Республикасының зейнетақы жүйесінде шешімін күтіп
тұрған бірқатар проблемалар да бар. Олардың ішінде, бүгінгі зейнеткер
ұрпақты ( әсіресе, әйелдерді, жұмыспен тұрақты қамтылмаған адамдарды,
бюджеттік сала қызметкерлерін) барабар зейнетақы табысымен қамтамасыз ету
аса маңызды болып табылады. Сондай-ақ бағалы кағаздар рыногын дамыту және
зейнетақы жинактарының табыстылығын арттыру және т.б. кажет. Зейнетақымен
қамсыздандыру деңгейін арттыру бүгінде әлеуметтік қамсыздандырудың көп
деңгейлі жүйесіне көшумен және базалық зейнетақы төлемдерін енгізумен
байланысты.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 акпандағы Жолдауына және Қазақстан
Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007
жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 3000 теңге мөлшерінде базалық
зейнетақы төлемі енгізілді (болашақта базалық зейнетақы деңгейі ең
төмен күнкөріс деңгейіне жакындайды).
Базалық зейнетақы төлемін ескергенде, ең төмен зейнетакы 9200 теңгені
кұраса, орташа зейнетақы 12 мың теңгеден асты. Республикадағы
зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі ТМД елдері арасында әжептәуір жоғары
болып отыр.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бойынша:
• халықтың жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтылуын ұлғайту;
• барлық жинақтушы зейнетаы қолары үшін міндетті табыстылық
табалдырығының деңгейін белгілеу;
• зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың негізінде жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің барлық ақпараттық және ақшалай ағымдарының біріңғай
есеп орталығын құру бөлігінде шаралар қабылданды. Жинақтаушы жүйені
дамыту мынадай нәтижелерге әкелді. 2005 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының саны 7 128 244 адам, оның 30
мыңнан астамы — ерікті зейнетақы жарналарын салымшылар; 3,1 мыңы — ерікті
кәсіптік зейнетақы жарналарын салымшылар болды. Зейнетақы қызметтері
рыногында 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді. Зейнетақы
активтерін баскаруды жүзеге асыратын 7 ұйым бар.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі нарықтық
қатынастарға көшуге және экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты
ерекше өткір сипатқа ие болды. Қаржы дағдарысы зейнетақы мен жәрдем-акы
төлемі бойынша берешектің пайда болуына және оның ұлғаюына әкеліп соқты.
Зейнетақының уақытында төленбеуі халық арасындағы наразылықтың және
әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеле жатты. Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы зейнетақы жинақтары 542,1 млрд. теңгені құрайды. Салымшылардың
(алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына таратып бөлінген инвестициялық таза
табыс сомасы 129,5 млрд. теңге болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс
істеген уақыт ішінде 30 млрд. теңгеден астам сомаға зейнетақы төлемдері
жүргізілді. 2008 жылғы 1 қаңтарға жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық портфель жиынтығы 1 триллион 195 миллиард 89 миллион теңгені
құрады. Мұндағы мемлекеттік емес құнды қағаздардың 46,32 пайызы
қазақстандық эмитенттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Салық тексерулерінің қатысушылары болып салық қызметі органдарының өкілетті тұлғалары және салық тексеруінен өтетін салық төлеушілер
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін талдау
Әлеуметтік қамсыздандыру және мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті
Пәндер