Экономикалық жүйе жайлы


Жоспар:
Кіріспе.
І. Меншік экомомикалық категория ретінде.
ІІ. Экономиклық жүйе.
ІІІ. Шекті пайдалылық теориялары.
Қорытынды.
Кіріспе
“Меншік” ұғымы әрбір эканомикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен, қоғаммен бірге пайда болада. Алғашқыда осы ұғым жермен байланыстырылды. Сондықтанда меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынасын байқатады. Мұнда адам өндіруші ретінде және өндіріс құрал - жабдығын иеленуші ретінде көрсетеді ( жер - қоғамдық өндірістің басты құралы) . Материалдық игіліктерді өндіру нәтижесі арқасында адамда өндіріс нәтижесін иеленуіне мүмкіндігі ашылады. Материалдық игіліктерді адамдар бірлесе жүзеге асырғандықтан, өндіріс нәтижесін иелену қоғамдық эканомикалық қатынастар шеңберінде адамдар арасында жүзеге асады.
Өткен дәуірдегі эканомикалық ой меншіктің мәні мен мазмұны қарастыруда ерекше қоғам жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз эканомисі Франсуа Кенэ ( 1694 - 1774 ж ж. ) “Эканомикалық кесте” ( 1758 ) деген еңбегінде меншікті көбейту процесін еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Әуелден физиократ болған ол, еңбекшінің егін шаруашылығында басымдығын қолдап, оны барлық байлық пен әл - қуаттың қайтар көзі деп санаған.
І Бөлім. Меншік эканомикалық котегория ретінде
Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті класскалық эканомикалық ғылым өкілдері: Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғашқы рет қоғамның топқа - жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші - болып жіктелуін негіздеді. Уильям Петти: еңбек - байлықтың атасы, жер - оның анасы деген қанатты сөздері кезінде дұрыс айтылған.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809 - 1865 жж. ) меншікке көзқарасын өзінің “Кедейліктің философиясы” еңбегінде баяндаған. Онда ол ұсақ буржуазиялық пен жеке меншікті дәріптеген, ал капиталистік меншікті сынаған. “Меншікті - бұл ұрлық” деген сөзді Прудон айтқан. Меншіктің мұндай сипаттамасы кең тарай қоймады және ғылыми сынға ұшырады.
К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік эканомикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасына тәуелсіз өмір сүреді. Меншік - бұл өндіріс құрал - жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстің теорияға сәйкес - құралдар, заттар және т. б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды. Алайда “меншік” ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәрсені - қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - эканомикалық категория ретінде мазмұнын жаяды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі эканомикалық мектебінің өкілдері американ эканомистері - Рональд Коуз (1910 ж. ) және Армен Алчиан (1914 ж. ) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель,
Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектеріне өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылытұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынастардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде “ойын ережесін” білуі қажет. Меншік, Кімге жатады, және өзара іс - әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?
Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады;
-4-
- 1. иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы;
- 2. пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қамтамасыз етуді шешу құқығы;
- 3. басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;
- 4. табысқа деген құқық яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы;
- 5. егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;
- 6. қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
- 7. игілікті мұрагерге беру құқығы;
- 8. игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
- 9. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;
- 10. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жалдау мүмкіндігі;
- 11. қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардыөмір сүру құқығы, бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны білдіреді: меншік бұл - адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды байқатады.
2. 2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері.
Меншік қатынастары қамтитыны: иелену (затты иеленуді жүзеге асыру), пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу), білік ету заттың меншік обьектісін экономикалық өткерілуі. Меншіктің экономикалық өткерілу иесіне табыс, рента, пайыз диведенд алып келсе ғана жүзеге асады.
Әрине әртүрлі игіліктер мен қызметтерді көрсетудің иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал - жабдығын иелену процесін талдау ғана емес, сондай - ақ оның әлеуметтік - эканомикалық салаларын талдау маңызды.
Өндіріс құрал - жабдығына деген меншіктің эканомикалық қатынастары кез келген эканомикалық моделін (нарықтық, әміршілік - әкімшілік, мемлекеттік, аралас және т. б. ) құрастырушы болып табылады.
-5-
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жерге жеке адам меншік иесі болып, оның өндіру сол адамға және оның птбасына берілді.
Өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналды. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық ( қоғамдық ), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрі көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйеде бұрыңғы КСРО-да (1917-1991жж) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылмында - 88, 6 процент құрады. Алайда нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5пайыздан 30 пайызға дейін аутқыды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымына оңтайландырылуы - нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғары тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұстарда, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және, тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Рынокқа өту және ТМД елдерінде оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекелендіру процесінің басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдық өндірістің тиімділігін артыру үшін бәсекелестік
-6-
ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағытталуы қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 пайыз шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми - техникалық ревалюцияның әсерінен ХІХ -шы ғасырдың екінші жартысынан жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе коперативтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі “жеке” термині ретінде кезкелген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегінен жасалған жеке еңбектің және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскесі табысымен жалға берілген басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдемақы, степендия, зейнатақы және т. с. с. ) есебінен жасалады.
Жеке меншіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігі көтеруге және тұрғын- дардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның терістұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп - төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің (иегердің өз еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда:
Әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, сондай-ақ өзінің мағынасында өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекелеген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), аукционерлік және кооперативтік түрде - меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Рынокқа өткенге дейін ҚР-де кооперативтік меншік - колхоздың, кооператив меншіктің тұтыну корпорациясы, тұрғын үй құрылыс және басқа да кооперативтік ұжым мен көрсетілді. қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік біріккен аралас кәсіпорын меншіктері мен толықтырылды.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан - жақты дамыған. Айталық, өндірісті кооперативтік бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты азаматтардың өз еркі. Кооперативтер Англияда ХІХ-шы ғасырдың басында пайда болған.
-7-
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлері мен өте ерекше болып табылады. “Муниципал” - латынның “municipalis” немесе немістің “munizipalitet” сөздерінен шыққан, қаланы басқару дегенді білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке үкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік аумақтық құрылымдарды басқару жатады. ҚР-да осындай мүліктер коммунальды меншік деп аталады.
-8-
ІІ бөлім Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері.
Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әр қашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтау-
дың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.
- 1. Меншік типтері бойынша;
- 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені шешуді төмендегідей типтер арқылы бөледі:
а) Дәстүрлі экономика
ә) Әкімшілдік әміршілдік экономика
б) Еркін бәсекелестік нарықтық экономика
в) Қазіргі рыноктық экономика немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) Дәстүрлі экономика тұйықталған, оқшауланған шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғыға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
ә) Еркін бәсекенің экономикасы ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді. Бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен мақсатқа қарай бағыттайды және оның мойнында бұл болғанда емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де ол қоғам мүддесіне батымды ақ жие қызмет жасайды.
б) Әкімшілдік әміршілдік экономика. Рыноктық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әәкімшілдік әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: “Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғаты мен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірістік қоғамдық - жоспарлы реттеумен алмастырылады. ”
Әкімшілдік - Әміршілік экономиканы нарықтық экономика қарағанда артықтағы мынаған саяды: ол ашық түрде жұмыссыздықтарды,
-9-
өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырылады.
в) Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика ретінде болуда. Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: “Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аоралас экономика-бұл нарықпен, команда, дәстүр элементімен болатын экономика”, - дейді.
Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы батыс герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950ж. ж) болып табылады. Оның тұжырымдасының құрамдас бөлігі әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ.
-10-
ІІІ бөлім.
Еңбектің құндық теориясының негізін классикалық теория өкілдері А. Смит және Д. Рикардо. Олар алғашқы рет экономикалық ғылымдар ерте дүниедегі Грек ғалымы Арестотел қойған сұрақтарға жауап беріп, былай деген: “Тауардың айырбасталу құны оған сінген еңбек мөлшерімен анықталады”, сондықтан адам еңбегі тауар құнының қайнар көзі, субстанциясы болады.
Экономикалық ғылымда ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жаңа құн теориясы - шекті пайдалылық теориясы жасалды. Оған ат салысқандар ағылшын экономисі Уильям Джевонс (1835-1882), Австрия экономистері Карл Менгер (1840-1921) және Ейген Бем-баверк (1851-1914) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz