Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау қағидалары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1. 1 Кәсіпорынның кайта құрылымы - өнеркәсіп аясындағы бағалау қызметінің нарықтарын қалыптастыру негіздері

1. 2 Бағалау қызметінің нарықтағы инфрақұрылымның пайда болуы, оны жетілдіру және шаруашылық жүйесін баскару

1. 3. Кәсіпорын ресурстарын басқару кеңістігі

2. КӘСІПОРЫН (БИЗНЕС) ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

2. 1 Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер

2. 2 Бағалау мақсаты мен құн түрлері. Бағалау мақсаты

2. 3 Бағалау құнының қағидалары

2. 4 Кәсіпорынның мүліктік құнына әсер ететін факторлар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерінің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.

«ҚР бағалау қызметі туралы» заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәмле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.

Бағалау қызметі ғылыми негізде, оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар кағидалар мен жылжымайтын мүлік кұнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.

Бүгінгі таңдағы түсінік бойынша, бизнес-жұмыспен қамту және қызмет көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтсақ, бизнес- пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.

«Бизнес» және «кәсіпкерлік» ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Көбіне оларды синоним ретінде қолданады. Бұл дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұны жағынан көп айырмашылығы бар. Кәсіпкерлік -жұмыс және қызмет көрсетудің, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен шығару үшін маүмкіндіктерді жүзеге асыруда ізденіспен, тәуекелмен бел байлаушы жаңашыл, творчестволық және бастамашыл шарушылық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұрын -соңды болмаған немесе өзгелердің қолынан шықпаған бар жаңаны ізденуші іскер адамдарды ғана кәсіпкер деп есептуеге болады.

1. БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1. 1 Кәсіпорынның қайта құрылымы - өнеркәсіп аясындағы бағалау қызметінің нарықтарын қалыптастыру негіздері

Кәсіпорындар ресурстарының нарықты құрылу үрдісі (материалдық және материалдық емес), олардың нарықтык айналымға кіруі, Қазақстандағы меншіктік қайта құрылымның жаңа кезеңімен тікелей байланысты. Бұл үрдістің тежелуіне әлде де түрлі операциялар жасағанда ресурстарды құндылық бағалаудың жоқгығы себеп болып отыр.

Кәсіпорынның мүліктік және мүліктік емес потенциал құндылығының анықталуы, мемлекеттік немесе мемлекетгің катысуымен, нарыктық инфрақұрылымның жүйесін құру қызметін бағалауға байланысты. Өндірістік операцияларды басқару механизмдерге байланысты мынадай бөлімдерден тұрады:

Өндірістік ресурстар мен операцияларды басқару механизміне байланысты топтар

Дағдарысқа қарсы басқару
Жекешелендіру, сатып алу сату
Жалгерлік
Дағдарысқа қарсы басқару: Қарыз жэне несие
Жекешелендіру, сатып алу сату: Бизнесті бағалау (сонымен катар: жерді, ғимараттарды, кұрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, жобаларды, материалдық емес активтерді, құқықтарды және т. б. )
Жалгерлік: Кепіл зат және ипотека
Дағдарысқа қарсы басқару: Сактандыру
Жекешелендіру, сатып алу сату: Бағалы кағаздар
Дағдарысқа қарсы басқару: Сенімділік басқару
Жекешелендіру, сатып алу сату: Меншіктің қайта құрылуы және реинжинирингі
Жалгерлік: Кәсіпорын ресурстарымен басқа да операциялар

Қазақстандағы мүліктік қайта құрылу нәтижелері бүгінгі кезеңдегі мемлекеттік емес кәсіпорын меншігінің басымдылығын көрсетеді. Бұл тұрғыда, біріншіден, кәсіпорындардың мүліктік және мүліктік емес ресурстары және солармен байланысты бағалау қызметінің дамуына ықпал ететін, бүгінгі уақытқа қалыптасқан өнеркәсіптің әртүрлі ресурстарының потенциалды тауарлық массасы туралы айтуға болады. Екіншіден, бағалау акпараттарының дамуы және де жекешелендірілген кәсіпорынның жекешелендіруден соң қолданбауы, «суық» инвестициялық климаты мен активтілігінің төменділігі, олардың қызметінің нәтижелері төмендеуі мен нарықтық бағалау талабының жойылуына әсерін тигізеді. Демек, шығуға жол көрінбейтін «жабық орта» пайда болады. Бұл жағдай, біріншіден, мемлекеттік өнеркәсіптің (жеке шикізат салаларынан басқа) бәсеке қабілетінің төмендеуін, екіншіден, өнеркәсіптік кәсіпорындары ресурстарьшың қайталама рыногы пайда болуының нақты потенциалына және өндірістік ресурстардың тиімсіз қолдануына әкеліп соқгырады. Оның қалыптасуы аталған жағдайлар есебімен, келесідей кезеңдер бойынша жүргізіледі:

Тиімсіз атқарым жасайтын және бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды кеңейту, соның ішінде, келешекте тиімсіз қолданылатын мемлекеттік және муниципалдық ресурстарды өндірістік мақсатта жұмсау мен өтімділігі төмен ресурстар салмағын артықшылықпен қалыптастыру.

Нарықтық бағалаудан кейін айналымға және жаңа бизнестің қалыптасуына негіз бола алатын аталған кезеңдердің «қойылымы», кәсіпорындарды қайта құрумен, кәсіпкерліктің дамуымен, кәсіпорынның мүліктік және мүліктік емес ресурстарының қайта құрылуымен байланысты.

Кәсіпорын ресурстарының инфрақұрылымы кәсіпкерлік қызметтің бірқатар бағыттағы нарығын қалыптастырады. Ресурстардың айналымын қамтамасыз ететінін бағалау. Демек, сатушы мен сатып алушының арасындағы мәміленің болуы.

1. 2 Бағалау қызметінің нарықтағы инфрақұрылымның пайда болуы, оны жетілдіру және шаруашылық жүйесін басқару

Кәсіпорын ресурстарын, бүгінгі уақыт шарттарына сай, шаруашылықты жүйемен басқару және адекватты құру мақсатында нарықтардың инфрақұрылымының пайда болуы мен бағалау қызметін жетілдіру, келесі негізгі жағдайларды қажет етеді.

Біріншіден, Қазақстан экономикасының мемлекеттік сектордағы елеулі үлесі, кұрылымдық қайта кұру үрдістерінің ұзақтығы мен күрделілігін объективті шарттайды.

Екіншіден, өнеркәсіпті қайта құру үшін инвестициялық ресурстарды тарту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілетілігі мен тиімділігін жоғарлату мүмкіндігін арттырады. Сонымен бірге меншік иесін ауыстыру жолымен ғана емес (мысалы, мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті жекешелендіру үрдісі), меншік түріне тәуелді емес мүлікпен операциялар жолымен жүргізіледі.

Кәсіпкерлік қызметтін бағыттары

Аталған қарама-қарсы тенденциялар өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар негіздерге ие.

Әлемдік тәжірибеде, меншік түрлеріне тәуелді емес, кәсіпорындар ресурстарының қайталама нарықтарының мақсаттарын тиімді пайдаланатын шаруашылық қызметтің жоғары нәтижелерінің куәлары бар. Бірақ Қазақстанның заңнамасы және мүліктік кешендерімен қатынастарды реттейтін нормативтік база, отандық «ерекшеліктерді» белгілейді. Ал бұл мемлекеттің елеулі қатысуымен ойлап табылған және жасанды өнеркәсіптік ресурстар нарығының бөлінуіне байланысты, бастапқыға арналған және қайталама, кәсіпорындар ресурстарының қайталама нарығының болмауымен сипатталады. Сондықган олардың инфрақұрылымы жоқ. Кәсіпорындар ресурстарының операцияларьш мемлекеттік құқықтық реттеу жүйесі, әлі де, бағалау қызметіне қатысты орналасу кезеңінде. Нарықтардың тиісті инфрақұрылымын, оның орталық бөлімшесі - бағалау қызметін құру шарты негізінде, кәсіпорындардың ресурстарымен және мүлікпен операцияларды жасау ғана инвестициялық активтілікті «тірілте» алатын механизм болып табылады.

Кәсіпорын ресурстарының операциялары ұйымдардың (заңды түлғалардың) жойылуы мен дамуы, ресурстардың бағалау құнын құру үрдісімен ғана байланысты емес, ол, мәміле құнының бағалауымен, сонымен бірге, кәсіпорындарды жекешелендіру мен банкротқа ұшырауына, конкурстарды, аукциондарды, жалды, сенімділік басқаруды, кепіл затты, ипотекаларды және басқа операцияларды жүргізуімен де байланысты.

Нарық жағдайында ресурстармен операциялар жасау, басқару шешімдерінің мүмкін болатын сәйкестіктер, кәсіпорынның ресурстарын басқару келесі кестеде көрсетілгендей, шартты «кеңістік» түрінде қарастырылады.

Кәсіпорын ресурстарымен операциялар жасау және оның нарықтық құнын бағалау кезінде анықтаушы жағдай болып, аталған «кеңістіктегі» әрбір ресурс бойынша, тиімді басқару шешімін қабылдау операцияларына қатысатын сатушымен сатып алушы және бағалаушының құқықтық қатынастары негізінде анықталады.

1. 3. Кәсіпорын ресурстарын басқару кеңістігі

Мүліктік құқықтар - бағалау объектілерінің құнық жиынтығы болып табылады да, олардың кейбірі мүліктің иемденушісі немесе заң бойынша оқшаулануы мүмкін. Нәтижесінде кейбір құқықтар мен міндеттемелер мәміленің басқа жағына беріледі де, әрбір жаққа мүлікке деген белгілі жиынтық құқықтар қалады. Бұл қүқықтар мынадай болуы мүмкін: кәсіпорын ресурстарымен белгілі операциялар жүргізу үшін, иелік ету немесе жеке ресурстарды қолдану құқығын уақытша шектеу, сонымен қатар олардың кайта құрылымы туады. Құқықтардың әрбір шектеуі (ауыртпалығы) және оларды қолдану тәсілі, кәсіпорын мен ресуртарды бағалау құнына әсер етеді.

2. КӘСІПОРЫН (БИЗНЕС) ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

2. 1 Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер

Нормативтік база шегіндегі бағалау технологиясының нарықтарында кәсіпорын бизнесін бағалау 3 тәсіл бойынша жүргізіледі: нарықтык, табыстық және шығындық.

Бизнес - бұл заңды, жеке түлғалардың нақты қызметі.

Мұнда заңды тұлға - кәсіпорын, азаматтық құқықтардың объектісі болып табылады да, кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын мүліктік кешен ретінде қарастырылады.

Мүліктік кешен жер телімдері, ғимараттар мен кұрылыстарды, машина мен құрал-жабдықтарды, шикізат пен өнімдерді, материалдық емес активтерді және мүліктік міндетгемелерді қүрайды.

Бизнесті багалаудың бірінші концепциясы

Бірінші концепция мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалаумен байланысты.

Кәсіпорын бизнесін бағалау мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалауына әкеледі: нарықтық, табыстық және шығындық тәсілдерді қолданып, негізгі қаражаттардың мүліктік құқықтар құнының есебінсіз бағалауға болады.

Мұнда, бір-бірінен жекеше бағаланатын (орындық, компьютер, ғимарат, станок, бассейн, жер телімі жэне т. б. ), мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалау жөнінде айтылып отыр. Мүліктік кешеннің кұрамдастарын бөлек бағалау, мүліктік кешен жиынтығы түрінде бола алатын қосымша құнды анықтаумен байланысты және олардың кейінгі аккумуляциясын болжамайды.

Бизнесті багалаудың екінші концепциясы

Екінші концепция, кәсіпорын бизнесін бағалағандағы пайда болатын қосымша құнның анықталуымен тікелей байланысты.

Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бакылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.

Құқық жүйесі немесе қоржыны, кәсіпорынға бизнес жүйе ретінде тауар нарықтарында тиімді бәсекелесуге рұқсат етеді.

Құқықтар жүйесі немесе қоржыны өзіне мыналарды қосуы қажет:

- кәсіпкерлік қызметті іске асыратын, кәсіпорынға республикалық және атқарушы жергілікті билік органдары беретін лицензиялардан, сертификаттардан және тағы басқалардан пайда болатын нарықта жұмыс істеу құқығы;

- кәсіпорынға табыс әкелетін жал құқығы, субжал, кепіл және т. б;

- бизнес бойынша әріптестердің келісім-шарт жүйелерінен пайда болатын құқықтар (материалдар мен шикізатты жеткізу келісім-шарттары, тауарлық өнімдерді сатып өткізу келісім-шарттары және т. б. ) ;

- кәсіпорын акцияларының бақылау пакеттерінен пайда болатын кұқықтар;

- материалдық емес активтерді қалыптастыратын артыкшылығы бар кұқыктар.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, кәсіпорынның бизнесін бағалаудың объектілері мыналар болуы керек:

- кәсіпорынның мүліктік кешені;

- кәсіпорынға (фирмаға) нарықтың секгорын бақылауға рұқсат ететін құқықтар жүйесі немесе қоржыны;

- кәсіпорынның (фирманың) тауар нарықтарында бәсекелесуге қабілетілігі.

Сөйтіп, кәсіпорын (фирма) бизнесін бағалау екі концепцияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші концепция, сатып алу-сату мәміле кезіндегі кәсіпорын (фирма) бизнесінің бағалауын болжайды. Бұл жағдайда бизнестің кұны екі құрамдас бөліктерден қалыптасады: мүліктік кешеннің кұнынан және материалдық емес активтердің құнын сипаттайтын кұнға қосымша бағалануынан.

Екінші концепция, бағалау кезінде тауар нарығындағы бағаланатын сектордың бағалау сыйымдылығын болжайды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талдауы мен нарықта неғұрлым салмақты болып табылатын табыс формуласында көрсеткендей, артықшылығы бар құқықтардың көлемін бағалану, патенттік монополиялардың шекараларын анықтауға мүмкіндік береді. Тауар нарығының үлкен секторлар монополияларымен байланысын патенттік монополизмдердің мүмкіндіктерін құқық иеленушілер қүкықтарымен байланыстырады, атап айтқанда:

- иелігіндегі интеллектуалдық меншік объектілерін өз талабына сай қолдану;

- оларды пайдалануға, басқа тұлғаларға рұқсат етпеу;

- белгілі шарт негізінде, интеллектуалдық меншікті бағалауға жеке объектілерін пайдалануға рұқсат ету.

Аталған ғылыми дәлелденген артықшылықтарды, құқық иеленуші өнім нарығында жоғары технологиялық өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндігі бар нарықтардың үлкен секторларын қатаң бақылау үшін қолданылады.

Айырықша құқықтарының ірі портфелі шоғырланған технологияларды меңгерген жоғары технологиялық компаниялар мен корпорациялар ғылыми дәлелденген өнім құқық иеленуші нарықтарын басқаруға, миллиардтаған табыстар алуға белгілі мүмкіндіктер алады.

Айырықша құқықтар портфелінің көмегімен тауар нарығының ірі секторларын басқару бойынша компаниялардың мүмкіндіктерін бағалау, олардың айырықша құқықтар мен бизнесін бағалауына қосылады.

2. 2 Бағалау мақсаты мен құн түрлері. Бағалау мақсаты

Бағалау мақсаты - кәсіпорынның нарықтық құнын есеп айырысуымен негіздеу.

Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

Кәсіпорынның құнын бағалау көбінесе келесі жағдайлардан туындайды:

1) кәсіпорынды сату;

2) кәсіпорын мүлігінің бөлігін сату (жер телімі, ғимараттар, құрылыстар) ;

3) ұйымды қайта құру немесе кәсіпорынды тарату (қосылу, бөліну, сіңісу және т. б. ), және кәсіпорынның банкротқа ұшырағандағы төрелік сот және меншік иелерінің шешімі бойынша жүргізіледі;

4) бағалы қағаздар нарықтарында кәсіпорын акцияларьн сатып алу және сату (акционерлік меншіктегі кәсіпорындарды немесе оның бөлігін сатып алу) ;

5) жауапкершілігі шектеулі коғамда немесе серістестіктің жарғылық қорының үлесін сатып алу және сату (үлес ақша бірлігімен бағаланады) ;

6) кәсіпорынды жалға беру. Құнды бағалау жал төлемін белгілеу үшін маңызды;

7) кәсіпорынды жетілдіру максатында инвестициялық жобаның орындалуы мен оның негізделуі кезінде кәсіпорын құнын білу қажет;

8) несие алу үшін кәсіпорын мүлігін кепілге беру;

9) кәсіпорын мүлігін сақтандыру;

10) мүлікке салық салу үшін, оның салық базасын анықтау;

11) негізгі қорларды кайта бағалау.

Сонымен, мүліктік кешен құнын бағалану негізділігі мен дәлелділігі көбінесе бағалауды қолдану аумағының дұрыс анықталуына тәуелді, яғни сатып алу және сату, несие алу, сақтандыру, салық салу, т. б.

Құн түрлері

Кез келген мүліктің құнын, бір-бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына (ақша эквиваленті мағынасында) алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.

Құн, шығындар және баға түсініктемелері бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн - алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері. Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік объектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей объектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, құн және баға бір-бірімен тең болады. Мүлікке қатысты құн, өзімен нақты шарттардың нәтижесі болатын бағаны усынады. Баға - өткен мәмілелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік кұнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.

Құн негізінен төрт шарттан туындайды: сұраныс, пайдалылық, тапшылық және меншік қүдылықтарын беру мүмкіндігі.

1. Сұраныс. Сұраныс - белгілі бір уақыт ішінде нарықта сатып алатын тауар (қызмет) саны немесе меншік объектілері. Сұраныстың өсуі бағалардың өсуіне алып келеді.

2. Пайдалылық. Адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тауарлар мен меншік объектілерінің қабілетін - пайдалылық деп атайды. Берілген зат неғұрлым көбірек кажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оған сұраныс жоғары болады. Пайдалылықтың өсуі көбіне бағаның өсімімен сәйкес жүреді.

3. Тапшылық. Үлкен сұраныс пен жоғары пайдалылыққа қарамастан, ешбір мүлік тапшы болмағанша құны болмайды.

4. Меншік құқығын біреуге беру мүмкіндігі. Кез келген зат меншік кұқықтарын біреуге беру мүмкіндігі бар болған жағдайда тауар болып саналады. Мысалы, берілген заңнамамен жердің белгілі бір түрлеріне сату рұқсат етілмесе, онда олардың құндылығы болмайды. Дегенмен, бұл жерлердің жал құндылықтарының нарық кұнын бағалауға болады.

Мүліктің құнын бағалау нақты бір мақсатпен жүргізіледі (сатудың бағасын анықтау, ипотекалық несиені алу, мүлікті сақтандыру және т. б. ) . Бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолданғанда, мүліктің құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатындағы құнның бағалануы, ипотекалық несие мақсатындағы құнның бағалануынан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің тоқтатылу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.

Сөйтіп, бағалаудың тағайындалуына тәуелді мүлік әр түрлі құнға ие болады.

Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құралдардың түрлерін қолданады:

Негізделген нарықтық құн - ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға. Экономикалық рационалды, мәмілеге ерікті баратын және қажет ақпаратпен қамтамасыз етілген сатушы мен сатып алушы арасында еркін бәсекені көрсетеді. Қаржыландырудың ерекше шарттарына сәйкес, сатып алу мен сатудың жағдайлары, екі жақтың жеткіліксіз ақпараттануы, нарық деформациясы және т. б. факторлардың әсерінен, тәжірибеде нақты мәмілелердің бағалары нарықтық қүннан айырмашылығы болады. Нарыктық емес құн ретінде, мысалы, нормативті есептелетін құн бола алады. Нормативті есептелетін құн - нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелетін мүліктік кешеннің құны. Қарастырылып отырған мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің (ставкалардың, коэффициенттердің) бірлік шкалалары қодданылады. Нормативті есептелетін құн ретінде, мысалы, кәсіпорын мүлігінің салық салу құны болып табылады. Кәсіпорын мүлігіне салық салу үшін салықтық база ретінде негізгі қаражаттардың, материалдық емес активтердің, қорлар мен шығындардың орташа жылдық қалдық құны жатады. Салық салу құнын есептеу үшін кәсіпорын мүлігінің бухгалтерлік есебінің баланстық активіндегі қалдықтар алынады. Нормативті есептелетін құнның тағы бірі, жерге салық салу үшін, жер телімінің құнын анықтау болып табылады.

Мүліктік кешеннің нормативті есептелетін кұнының көрсеткішін салық салу және мүлікті мемлекеттік сақтандыру органдары тәжірибеде пайдаланылады. Бұл көрсеткішті талаптар бойынша зақымды бағалау үшін сот органдары да қолданады.

Бухгалтерлік есеп жүйесі баланстық құнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны деп бөледі.

Баланстық құн - кәсіпорынның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.

Бастапқы құн - белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген баға. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.

Қалпына келтіру құны - бұрын анықталған негізгі қаржыларды қазіргі талаптарға сай қайта өндіру құны. Бағалаушы қор элементі құнының толық қалпына келуін салыстыру арқылы қазіргі заманға сәйкес нарықтық құнын есептейді.

Қалдық құн . Егер баланстық кұннан, эксплуатация кезеңінде жинақталған тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық күнды аламыз, ал қалдық құнның бағалануын кайталама нарығының бағасы бойынша жүргізсе, онда ол нарықтық сипаттама алады. Яғни, бағалауға тәуелді қайта өндіру мен орнын басу кұнын белгілейді.

Қайта өндіру құны - қазіргі нарыққа сай сатып алу немесе қайта өндіру құнын бағалау мүліктің тура сол сияқты объектінің кұны барабар шама. Қайта өндіру қүнын анықтау көбінесе технологиялар, материалдар, шикізаттар, стандарттар және тағы басқа өзгерулерінен мүмкін болмайды. Сондықтан тәжірибеде орнын басу құны қолданылады.

Орнын басу кұны - бағаланатын объектінің пайдалылығы бойынша эквивалентті, меншіктің барабар объектіні өндірудің ағымды құны.

Тағы да мүліктік кешеннің құны мен жойылу құны туралы айтуға болады.

Мүліктік кешеннің құны. Мәміле жасағаннан кейін табыс әкелетін және қызмет жасай алатын объектінің құны. Мысалы, инвестор кәсіпорын акцияларын алғанда және олардың құнын бағалау кезінде, кәсіпорын элемент - бұл болашақта табыс әкелетін және тиімді қызмет жасайтын объект деп қарастырылады.

Жойылу құны мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады. Кәсіпорынның жойылу құны бағалау кезінде анықталады. Мысалы, оның банкротқа ұшырауы кезінде немесе аукционда ашық көтере сату кезінде.

Бағалаудың әр түрлі жағдайларына тәуелді құндардың бірнеше түрін ажыратады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандырулық, утилизациялық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
Бағалау құнының қағидалары
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІН ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒАЛАУДЫН МАҚСАТТАРЫ
Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
Құнның өзгеру қағидасы
Кәсіпорын(бизнес) құнын бағалаудағы әдістемелік тәсілдер
Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері
Палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Кәсіпорынның меншік обьектісінің жалпы құнын есептеу
Бағалау құны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz