Қазақстандағы ислам эволюциясы



КІРІСПЕ

Қазақстан территориясын исламизациялау тарихы

Отаршылдық жағдайындағы қазақ қоғамындағы ислам

Кеңестік дәуірдегі ислам

Қазақстанның саяси тәуелсіздік жағдайындағы ислам

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Этномәдениеті алуантүрлілігімен ерекшеленетін бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің қазіргі әлеуметтік-саяси дамуына әсер ететін факторлардың ішінде діннің маңызы зор. Ол қазіргі кезде өзіндік саяси күшке айналуда. Бір жағдйаларда конфессионалдық фактор этникаралық қарама-қайшылықтар мен даулар туғызса, басқа жағдайларда ол саяси үрдістерде жетекші күшке айналу мүмкін. Кез келген жағдайда діннің әлеуметтік-саяси дамуға араласуы конфликтогендік факторлар санын көбейтеді. Мұнымен белгілі бір діни идеологиядан тәуелділік болады.
Исламның дәстүрлі таралу зонасына кіретін Орталық азиялық мемлекеттердің бірі Қазақстанда 131 этникалық топ тұрады. Оның 82 %-ы екі ірі этникалық қауымдастықты құрайды: қазақтар (48 %) және орыстар (34 %), сәйкесінше олар екі діни қоғамға жатады: қазақтар – сүннит мұсылмандары, орыстар – православиялық христиандар. Қалған 18 % әртүрлі діни топтарға жататын этникалық топтар құрайды. Ресми мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 1996 жылға қарай 30 конфессияға жататын 1503 діни бірлестіктер тіркелген, оның ішінде дәстүрлі және «жаңа діндер» де кіреді. Көпшілігін мұсылмандық діни қоғамдар құрайды – 679, православиялық – 182. Толығымен бұл екі конфессия барлық діни қоғамдардың жартысынан көбін құрайды – 57 %. Сөйтіп, Қазақстандағы діни алуантүрлілік оның белгілі бір діни дәстүрдің абсолютті басым мемлекеттерге жатқызбайды (6).
Мемлекет шегінен еуропалық (христиандық) халықтың миграциясының қарқыны мен масштабымен және қазақ пен басқа түркі тілдес халық (бәрінен бұрын, өзбек халқы) санының көбеюімен Қазақстанда мұсылман қауымдастығы басым болады. Сонымен бірге бұл территориядағы исламның қазақша нұсқасы туралы айтуға рұқсат ететін бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі – қазіргі Қазақстан территориясына исламның енуі мен оның территориясының исламизациясы арасындағы уақыттың ұзаққа созылуы. Бұл екі нүкте арасында ҮІІІ – ХҮІ аралығында бірнеше ғасырлар жатыр. Дегенмен ХҮІІІ ғасырдың өзінде исламның жаппай сана деңгейінде діни доктрина және өмір сүру образы ретінде қабылдануы әлсіз болды. Бұл кең дала зонасына белгілі бір діни дәстүрдің берік сақталуы тән емес. Қазақстан территориясында ислам эволюциясын талдау Орталық Азияның бұл аймағындағы исламизацияның ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
1. Религии мира. Москва, «Махаон», 2007, 112 бет.
2. М.Орынбеков. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы, «Қазақ Университеті», 2002, 201 бет.
3. Я.Ф. Трофимов. Религия в Казахстане. Алматы, «Әділет Пресс», 1996, 157 бет.
4. Ислам энциклопедиясы, Алматы, 2005.
5. Б.Аханов. Дін және еркін ойшылдық. Аламты, «Қазақ Университеті», 1993, 112 бет.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Философия және ғылым методология кафедрасы

МӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы ислам эволюциясы

Орындаған: .

Тексерген:

Алматы, 2008

КІРІСПЕ

Қазақстан территориясын исламизациялау тарихы

Отаршылдық жағдайындағы қазақ қоғамындағы ислам

Кеңестік дәуірдегі ислам

Қазақстанның саяси тәуелсіздік жағдайындағы ислам

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Этномәдениеті алуантүрлілігімен ерекшеленетін бұрынғы Кеңестік
мемлекеттердің қазіргі әлеуметтік-саяси дамуына әсер ететін факторлардың
ішінде діннің маңызы зор. Ол қазіргі кезде өзіндік саяси күшке айналуда.
Бір жағдйаларда конфессионалдық фактор этникаралық қарама-қайшылықтар мен
даулар туғызса, басқа жағдайларда ол саяси үрдістерде жетекші күшке айналу
мүмкін. Кез келген жағдайда діннің әлеуметтік-саяси дамуға араласуы
конфликтогендік факторлар санын көбейтеді. Мұнымен белгілі бір діни
идеологиядан тәуелділік болады.
Исламның дәстүрлі таралу зонасына кіретін Орталық азиялық
мемлекеттердің бірі Қазақстанда 131 этникалық топ тұрады. Оның 82 %-ы екі
ірі этникалық қауымдастықты құрайды: қазақтар (48 %) және орыстар (34 %),
сәйкесінше олар екі діни қоғамға жатады: қазақтар – сүннит мұсылмандары,
орыстар – православиялық христиандар. Қалған 18 % әртүрлі діни топтарға
жататын этникалық топтар құрайды. Ресми мәліметтерге сәйкес Қазақстанда
1996 жылға қарай 30 конфессияға жататын 1503 діни бірлестіктер тіркелген,
оның ішінде дәстүрлі және жаңа діндер де кіреді. Көпшілігін мұсылмандық
діни қоғамдар құрайды – 679, православиялық – 182. Толығымен бұл екі
конфессия барлық діни қоғамдардың жартысынан көбін құрайды – 57 %. Сөйтіп,
Қазақстандағы діни алуантүрлілік оның белгілі бір діни дәстүрдің абсолютті
басым мемлекеттерге жатқызбайды (6).
Мемлекет шегінен еуропалық (христиандық) халықтың миграциясының
қарқыны мен масштабымен және қазақ пен басқа түркі тілдес халық (бәрінен
бұрын, өзбек халқы) санының көбеюімен Қазақстанда мұсылман қауымдастығы
басым болады. Сонымен бірге бұл территориядағы исламның қазақша нұсқасы
туралы айтуға рұқсат ететін бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі –
қазіргі Қазақстан территориясына исламның енуі мен оның территориясының
исламизациясы арасындағы уақыттың ұзаққа созылуы. Бұл екі нүкте арасында
ҮІІІ – ХҮІ аралығында бірнеше ғасырлар жатыр. Дегенмен ХҮІІІ ғасырдың
өзінде исламның жаппай сана деңгейінде діни доктрина және өмір сүру образы
ретінде қабылдануы әлсіз болды. Бұл кең дала зонасына белгілі бір діни
дәстүрдің берік сақталуы тән емес. Қазақстан территориясында ислам
эволюциясын талдау Орталық Азияның бұл аймағындағы исламизацияның
ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.

Исламның пайда болуы

Ислам әлеуметтік-идеологиялық құбылыс ретінде Арабия қоғамы дамуының
тарихы нәтижесі болды. Ол көне заманнан бастап, орта ғасырға өтпелі
кезеңдегі бүкіл Таяу Шығысқа тән жалпы өзгерістерді алып келді. Оның
дүниеге келуі таза діни жағынан алып қарағанда өзіне дейінгі байырғы
діндердің өркендеуі және әсер етуіне, сондай-ақ синкретикалық монотеизмнің
өзіндік арабтық үлгісін бойына сіңірген араб халқының діни сана-сезімінің
дамуына байланысты болды (1).
Ү-ҮІ ғ-ға таман Арабияның солтүстігі мен оңтүстік аудандарындағы
таптық көне мемлекеттер ыдырады. Көбінесе осы мемлекеттердің экономикалық
ахуалының негізі болған керуен саудасы әлсіреді, көптеген қала орталықтары
азып кетті. Байырғы егіншілік аймақтары мал жайылымына айналдырылды.
Арабияның солтүстігі, шығысы мен оңтүстігіндегі кейбір жерлер бірте-бірте
Иран, Византия, Эфиопия секілді көршілес мемлекеттердің тікелей билігіне
көшті (1).
Көне қоғам негіздерінін ыдырауы күллі қоғамдық қарама-қайшылықтарды
ушықтырып, байырғы әлеуметтік байланыстардың жігін ажыратуға әкеп соқты.
Қоғамның түрлі топтарының, тайпаларының, көшпенділер мен отырықшылардың
арасындағы жанжалды күшейтті. Осы Ү-ҮІ ғасырларда Арабияның жаңаша тыныс-
тіршілігі өмірге келді. Отырықшы және көшпенділердің өсу арақатынасы
құрылған жаңа мемлекеттер пайда бола бастады. Бұлардың ішінен
көшпенділердің негізгі билікке ие болды. Көшпелі тайпалар мен қала
тұрғындары арасындағы жаңа одақтар дүниеге келді. Арабиялық жәрмеңкелік
жүйеге иек артқан ішкі-арабиялық сауда байланысы күшейіп, жаңа саяси-сауда
орталықтары (Мекке) жоғары дәрежеге көтерілді. Тайпалық территорияларға
бөлінген Ішкі Арабияда жан сауғалауға болатын қасиетті орындар мен сауда
орталықтары – қорықты жерлер ерекше маңызға ие болды. Көптеген діни
пұттар мәнін жойды; жергілікті және тайпалық тәңірлердің ішінен Алла, әл-
Лат, Манат, әл-Узза есімдері жалпы арабиялық мәнге ие болды (4).
Арабияда этникалық және мәдени нығаю һәм бірігу, топтасу үрдісі жүріп
жатты. Барлық жерде жалпыға бірдей араб тілі, ортақ бір тілде сөйлесу
секілді жалпы сана-сезім оянуының нышандары кең етек алды. Ру-тайпалық
құрылыстан ерте таптық кезеңге өту мерзімі ары қарай жалғасып, ерте таптық
қатынас дамыды, әлеуметтік теңсіздік анық біліне бастады.
Саяси-экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді идеологиялық жағынан
негіздеу, оларды дамыту үшін Арабияның түкпір-түкпірінде тайпалар мен
қалаларды біріктіріп, сыртқы жауға қарсы тұруды ұйымдастырған саяси
қозғалыстар жүріп жатты. Олардың басында құдаймен тікелей байланысы
барлығын білдіруші және өзінің қызметін тәңірлік рухпен негіздегісі
келген адамдар құрды. Құдай оларға бір және жалғыз болып көрінді және ол
Рахман немесе Алла деп аталды.
Ислам, сондай-ақ Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі жалпы үрдістің
жекеше және заңды көрінісі болып табылады. Алайда идеялық және саяси
тұрғыдан келгенде Мұхаммед ерекше тұлға болатын, оның сол қасиеті
мазмұндық тұрғыдан яһуди-христиан діни сектасына жақын бір түкпірдегі
хиджаз қозғалысының өзіндік сипат алып, рухани және саяси күш-қуатқа ие
болуының исламның дүниеге келуінің өте маңызды тарихи оқиғаға айналуының
себепкері болды (4).
Исламның яһудизм және христиан дінімен байланысын ерекше атап көрсету
керек. Олардың қасиетті кітаптары мен аңыздарында өзіндік діни мағынасын
жоғалтып, арабиялық болмысқа ие болған, жалпыға мәшһүр тарихы – эпикалық
сюжетке айналған әңгімелер баршылық. Мұхаммед Арабияның пұтқа табынушы
тұрғындарына білетінінің бәрін өзінше, жаңаша баяндады, қайта түсіндірді,
өзінің ойлары мен түсініктерін уағыздап дәлелдеді. Мұсылмандарда бірте-
бірте діни парыз бен рәсімнің өзіндік жүйесі ғана қалыптасып қойған жоқ,
олар өздерінің өзгелерден мүлдем ерекшелігін басқа монотеистерден
айырмашылығын айқын сезіне бастады.
Арабиядағы сыртқы жаумен күрес бірте-бірте оның саяси бағынышты
болуына ұласты, сөйтіп исламды Арабияның экономикалық, саяси, этникалық
және мәдени процесін аяқтаудағы ең маңызды факторға айналдырды. Осы күрес
дүмпуі Мұхаммедті сыртқы әлім – Византия және Иранмен қықтығысқа ұшыратты
және олармен болған күрес жаңа діннің, сондай-ақ жаңа саяси құрылымның әрі
қарйа дамуына себепші болды (4).

Қазақстан территориясын исламизациялау тарихы

Исламизациялау тарихы Орталық Азияның бұл бөлігінде ислам діні
таралуының деңгейі мен масштабына әсер еткен бірнеше маңызды сатылардан
өтті. Исламның территорияға ену үрдісі бір уақытта жүзеге аспай, бірнеше
ғасырларға, тіпті, ХҮІ ғасырға дейін созылды.
Бірінші саты – ҮІІІ-ІХ ғасырларда қазіргі Қазақстан территориясы
кірген байтақ еуразиялық далалық зонасына исламның енуі. Бұл сатының
ерекшеліктері кейінгі исламизациялау үрдістерінің табиғатына едәуір әсер
етті. Біріншіден, көрші аймақтардың қалалық орталықтарымен (Мәуреннахр)
салыстырғанда, Қазақстан аймағы көшпенді мал шаруашылықты зонасы болды. Тек
оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана егін шаруашылығы, қалалық мәдениет дамыды.
Дәл осы аймақтарда ислам кеңінен таралды (2).
Екіншіден, Қазақстан территориясында исламның енуі кезеңінде рухани-
діни өмірі алуантүрлілігімен ерекшеленген ежелгі түрік көшпенді тайпалар
өмір сүріп жатты. Ежелгі дәуірлерден бастап, мұнда әртүрлі мәдени-
идеологиялық жүйелер дамыды: табиғатқа табыну және аруақтарға сену, магия,
аспанға (Тәңірге) табыну. Бұл сенімдерге, біріншіден, шығыс-ирандық
зороастризм едәуір әсерін тигізді. Исламизациялау басында аймақта шығыс-
христиандық ілімдер: несториандық, манихейшілдік кеңінен етек жайды. Келесі
оңтүстік-шығыс қалаларда христиандық шіркеулер қызмет етті: Тараз, Сығанақ.
ХІҮ ғасырдың аяғында көшпенді тайпалардың арасында несториандық шіркеудің
түрік митрополит миссиясы болды. Әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара әсері
исламға дейінгі мәдени таптқа тән синкретизмді туғызды. Бұл таптың ішінде
ежелгі түрік сенімдері жақсы сақталды. Олар исламмен біріге отырып,
нәтижесінде қазақ қоғамының дәстүрлік өмірінің мәдени негізін құрады (3).
Үшіншіден, көшпенді халықты исламға бағыттауда негізгі рөлді
Мәуреннахр қалалық орталықтарынан, негізінен Бұхардан шыққан накшбандийа,
яссауйа, кадирийа секілді бірлестіктердің суффистік миссионерлері атқарды.
Басқа бір қатар мұсылмандық аймақтармен салыстырғанда, бұл жерде суффистік
ағайындар безгендік болып саналған жоқ, ресми және халық исламының
арасында айырмашылық болған жоқ. Сөйтіп, аймаққа исламның әрі қарай енуінің
және оның саяси өмірге әсері мұсылманға дейінгі дәстүрмен, монғол
шапқыншыларынан кейін монғол идеологиясымен тығыз байланысты болды. Бұл
үрдістер идеялардың соғысы нәтижесі емес, әртүрлі идеялардың бейімделу
болды.
Этникалық түрік-монғол ұжымдық исламдық ұқсастығын алмастыру немесе
қолданыстан шығарып тастау мақсат болған жоқ. Нәтижесінде ол синкретикалық
мәдени ұқсастықтың қалыптасуына әкелді.
Монғол шапқаншылығынан кейін ірі мемлекеттерде (Алтын Орда,
Моғолстан), исламизациялау ырғағы төмендетіліп, нәтижесінлде түрік-монғол
білімділерінің өзіндік қабаты құрылды (2).
Кейінгі кезеңдерде ХҮІ ғасырда қазақ халқының түзіліп, исламның енуі
жоғарғы биліктің нығайып, әртүрлі қазақ тайпаларының біртұтас этникалық
қоғамға бірігуіне әрекет етті. Бұл кезде қазақтар дәни ұқсастықтарын
анықтап, өздерін мұсылман-сүнниттер деп есептеді. Дегенмен, ислам
сенімінің синкретизмі толық жеңілмеді: құрамына исламға дейінгі сенімдердің
элементері енген халық исламы формасында далада таралған діни көріністер
мен салттарға бұрынғыдай аруақтарға сену, шаманизм, анимизмнің күшті
элементтері кірді. Сәйкесінше, имам, кади, молда тұлғасында мойындалатын
ислам өкілдері, мұсылмандық руханилықтың ұйымдастырылған құрылымдары әлсіз
дамыды.
Бастапқыда ислам отырықшы түркілер арасында, қалалар мен ірі
қоныстарда таралды. Ибн Хордадбехтің түркі қалаларының тізімінде Фараб
қаласындағы мұсылман әскери топтарымен қатар түркі-қарлұқтардың әскери
бөлімшелері де бар. Түркілердің барлық қалалар саны – 16. Көшпенділерге
қалам алдымен Қазақстанда қалалық дін ретінде қалыптасқан. Ислам бұқара
халыққа дүниедегі байлықтан, сараңдықтан, ақы алудан бас тартуға шақырумен
ұнады. Біртіндеп идеологиялық және ұжымдық қауым қалыптасты, ол адам
өмірінің тұрақтылығын, өмірін, денсаулығы мен игілігін қорғады.
Тұрғындардың исламды қабылдауы қоғамның тұрақтылығы мен топтасуын
арттыратын маңызды фактор болып табылады. Ислам бұл жерлерге бір құдай –
Аллаға табынуды алып келді (2).

Отаршылдық жағдайындағы қазақ қоғамындағы ислам

Исламизациялаудың келесі сатысы қазақ даласында ХҮІІ-ХІХ ғғ. Ресейдің
ықпалымен тығыз байланысты. Бұл кезеңдерде көшпенділердің арасында беделі
мол сопылардың – ишандардың рөлі төмендеді. Сөйтіп, басқа дін
уағыздаушыларына жаппай қарсылық білдіруге қажетті ұйымдастырылған идеялық
жағдайлар болмады. Бұның барлығы қазақтардың әлсіз исламдық санасымен
қосылып, еуропалық елдердің билігіне душар болған басқа мұсылмандық
аймақтардағы секілді, Батысқа (Ресейге) қарсы діни реакйияның туындауына
әрекет етпеді. Американдық географ Шулер өзінің Түркістан (1876 ж.) атты
еңбегінде: Қырғыздар мұсылмандар болып есептелсе де, көбі бекітілген діни
принциптерді білмейді... Олар сирек дұға етеді, олардың сенімі пұтқа
табынушылық пен шаманизм элементтерімен араласып кеткен,-деген. Ресейлік
зерттеуші Левшин де сондай пікір білдіреді: қазақтар ислам және
политеистік культтарды араластырады, ораза ұстамайды, тек қазақ даласында
қызмет етіп жүрген орта азиялық және татар молдаларының арқасында ғана
исламизм өшпеген (6).
Қазақ руханилығының жеке әкімшілігі болмай, Орынбор мүфтиятының
құрамына кірген. Сол дәуірде Қазақстанда мешіттердің санын анықтау қиынға
соғады, өйткені олардың мәліметтері облыс, уезд бойынша келтірілген.
Мысалы, Жетісу облысында 1915 жылда 52 мешіт болған.
Отаршылдық кезеңіндегі исламның ерекшелігі – жаңа этно-әлеуметтік
жағдайға түсуі. ХІХ ғасырдың 70-80 жж. Қазақстанның оңтүстік-шығыс
территориясына Қытайдың шекаралас аудандарынан екі ірі мұсылман қауымдары –
ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Олардың көшіп келуі Ресей-Қытай
қатынастары дамуының сатысымен байланысты болды. Алайда стратегиялық
маңызды Жетісу аймағында мұсылман қауымдарының келуі ислам позициясын
бекітіп, ресейлік басқарушылардың үрейін тудырды. Сөйтіп, көшіп келуші
ұйғырлар мен дүнгендердің санына шектеулер қойды. Жетісу аймағына барлығы
45373 ұйғыр, 4682 дүнген және идеология мың ағаш үй қоныс аударды (6).
Қазақтардың рухани мәдениетіне поволжья татарлары едәуір әсерін
тигізді, олар қазақ халқының исламға бет бұруында едәуір рөл атқарды. Қазақ
жастарының Уфа және қазан қаласының мұсылмандық оқу орындарында рухани
білім алуы сол дәуірге тән болды. Қазақ газетінің (1917 ж.) мәліметтері
бойынша, Уфа қаласындағы атақты Ғалия медресесінде 10 жыл ішінде 154
қазақ білім алған.
Ресми ресейлік мәліметтер бойынша, 1914 жылға қарайАзиялық Ресейде
Урал тауларынан шығысқа қарай мұсылмандар 8,идеология млн адамды құрды,
олардың жартысы қазақтар болған. Діни сенімдер бойынша Азиялық Ресей
халықтарының таралу картасына сәйкес мұсылмандарға жатты: қырғыздар
(қазақтар), өзбектер, Түркістан, Қырғыз даласының түрікмендері, үш Сібір
губерниялараның татарлары (6).
Қазақ даласына қоныс аударушы орыс халқының санының көбеюі аймақтың
діни өміріне жаңа қыр берді. Далада жүргізілген христиандық миссионерлік
әлсіз болса да, қазақтардың христиан дінін қабылдаған жағдайлар болды.
Ресейлік билеушілердің исламға деген әсері тұрақты болмады.
Отаршылдықтың басында (ХҮІІ ғ.) жаңа басқарушылар қазақтардың діни өміріне
араласпады, тіпті, мешіттердің құрылысына және молдалардың еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Шығыс әлеміндегі және Қазақстандағы дінаралық қарым-қатынас
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
Экстремизм
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясы
Сирский каганат
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Пәндер