Мұнай және газ өндіру компаниясы қызметінің техника-экономикалық көрсіткіш терін анықтау есебі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Каспий Қоғамдық Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Мұнай және газ өндіру компаниясы қызметінің техника-экономикалық көрсіткіш терін анықтау есебі »
Тексерген: Тайкулакова Г. С.,
Орындаған:Джумсакова Г. Р.
Э-05-01тобы студенті
АЛМАТЫ 2007
КІРІСПЕ
«Мұнайгаз өнеркәсібінде жобаларды инвестициялық талдау» бойынша курстық жұмыста мұнай өндіруге кететін шығындары мен табыстары анықталады. Иевестициялық жобаның тиімділігін анықтайтын алғашқы критерийлер:ТҚП, ПІН, жобаны өтеу мерзімі болып табылады. Республика өнеркәсібінде мұнай және газ саласының дамуы өте маңызды болып табылады. Шикізат қорларын, ең басты, мұнайды экспорттау негізінде Қазақстан экономикасының өсуі қамтамасыздандырылады. Сондықтан стратегиялық табиғи қорларын тиімді өңдеу мен пайдаланудың алдын-ала шаралар жиынтығы қабылдануда.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты - Таза ағымдағы құн, пайданың ішкі нормасы, заласыздық нүкте және тағы да басқа инвестициялық жобаның басты критерийлерін анықтау.
Негізгі зерттеу объектісі - мұнай өндіретін кәсіпорындарының негізгі іс-әрекеті, әзірлеу процесі және шаруашылық шешімдерін қабылдау болып табылады.
Зерттеу құралы -күрделі қаржылар, инвестжобанының құрылуы, оны құру қаншалықты тиімді екендігіне көз жеткізу.
Курстық жұмыс шығындар шегерілімінен, инвестициялар мағынасынан, мұнай өндіру компанияның өндірістік-шаруашылық қызметінің техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау есебінен тұрады.
Инвестиция дегеніміз-ұзақ мерзімді ақша салуды айтамыз. Капиталдың ел ішінде және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және барлық түрлері.
Бұл курстық жұмыстың мазмұны инвестицияларға түсінік беру, мұнай газ өнеркәсібінің технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтаудан тұрады.
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ ЕСЕБІ
1 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Капиталдың тағы бір нысаны - қарыз капиталы. Бұл белгілі бір мерзімге пайыз үстеме өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. Қарыз - жеке адамның, заңды ұйымның және мемлекеттің қайтарма негізден және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызсыз, жеңілдікті қарыз және коммерциялық шартқа негізделген қарыз болып бөлінеді.
Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін капитал құрайды. Заттық нысанда капитал өндіріс құралдары болса, заттай емес нысанда - инвестиция.
Инвестиция, латын тілінен аударғанда «салу» немесе «ұзақ мерзімді салу» дегенді білдіреді. Инвестициялар:
- Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Қаржы инвестициясы және нақты инвестиция түрлеріне бөлінеді.
- Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтарының барлық түрлері.
Қарыз капиталының көзі уақытша пайдаланбаған бос ақша қаражаты, соңғысы болса, кәсіпорын мен фирманың уақытша бос қаржыларымен халықтың ақшалай қаражатынан тұрады. Несие арқылы осылардың барлығы қарыз капиталына айналады. Қазіргі экономикада несиенің бірнеше түрі бар:
- Коммерциялық ;
- Банктық ;
- Мемлекеттік ;
- Мемлекетаралық.
Инвестициялық саясат - күрделі жұмсалымдарды экономикалық өрістері мен салаларында пайдалану бағытын айқындайтын халық шаруашылығы шешімінің жиынтығы. Қазіргі инвестиция саясатның басты міндеттері - ресурстарды өндіруші, өңдеуші және тұтынушы салаларға күрделі қаржы жұмсалымы арасындағы ара салмақты көбейту; ҒТП-ті қамтамасыз ететін инестицияларды қайта бөлу; әлеуметтік даму тағы басқа жұмсалатын қаржының үлесін арттыру.
Инвестор - салымшы; пайда табу мақсатымен ел ішінде немесе шет елде белгілі бір кәсіпорынға инвестиция жасаушы, күрделі қаржы жұмсаушы адам.
Халықаралық тәжірибеде жобаларды негіздеу үшін бірнеше жалпылама көрсеткіштері қолданылады. Олар күрделі салым тиімділігінің шешімдерін даярлауға мүмкіншілік береді.
Халықаралық тәжірибеде жобаларды негіздеу үшін бірнеше жалпылама көрсеткіштері қолданылады. Олар күрделі салым тиімділігінің шешімдерін даярлауға мүмкіншілік береді:
- Таза ағымдағы құн (ТАҚ) ;
- Пайданың ішкі нормасы (ПІН) ;
- Күрделі қаржылардың қайтып келу уақыт мерзімі (ҚУМ) ;
- Инвестициялардың экономикалық тиімділігі;
- Залалсыздық нүкте (ЗН) .
2 МҰНАЙГАЗ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ТЭК-ДІ АНЫҚТАУ
КЕЗЕҢДЕРІ
Бұрын, шаруашылықтың жоспарлы-әкімшіліктік жүргізу жағдайында өнімге бағалар жоспарлы түрде бекітілсе, нарықтық экономика жағдайында бағалар негізінде сұраныс пен ұсыныстың арқасында, яғни құн заңы бойынша құрылады. Экономикалық тұлғалар /кәсіпкерлер, капитал иелері, үй шаруашылығы, фирмалар/ үшін маңызды категория болып баға табылады.
Тауардың бағасы өндірушілер мен тұтынушылардың жеке мүдделерін айқындауға қызмет етеді. Нарықта басты рөлдерді сатушы мен сатып алушы ойнайды.
Баға құру тетігінің арқасында нарықта экономика пайда болған дефицитті жояды.
1 баррель мұнай бағасы арқылы 1 тонна мұнай бағасын табамыз. Инвестжоба бойынша мұнай тығыздығы ρ=0, 792г/см
Осыдан 1 тоннадағы литр санын анықтаймыз, яғни 1 тоннада болатын 1000 литрді берілген мұнай тығыздығына бөлеміз: V=m/p формуласымен V= 1000/0, 792=1280, 40 л/т тең. Бір тоннада баррель саны тоннадағы литр санын баррельдегі литр санына қатынасына 1280, 40/159=8, 05 бар. /т тең. Ал 1 тонна мұнайдың бағасын табу үшін, 1-ші жылдағы Б1т=8, 05 бар/т*306дол. /бар. =367 дол. /т.
Инвестжоба бойынша 9 жыл бойы 1 баррель бағасы тұрақты 31 дол. /бар. болғандықтан, 1 тонна мұнай бағасы 9 жыл бойы 249, 64 дол. /т болады. Бұл кесте түрінде мынадай болады.
4-көрсеткіште мұнай өндіру коэффициенті берілген. Бұл көрсеткіш арқылы мұнай өндіру көлемін табамыз. Инвестжоба бойынша 1 жылдың мұнай өндіру көлемі белгілі, ол 2, 7 млн. т. /жылға тең. 1 жылдың мұнай өндіру көлемін әр жылдың өндіру коэффициентіне көбейту арқылы 9 жылдың өндіру көлемін анықтаймыз.
1 жылға қарағанда мұнай өндірудің
коэффициенті, %
Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорынның табыс көздері - өндірілген өнімнің қажеттілігі болып табылады. Өндірілген өнім қоғамда қажет болмаса, яғни оған сұраныс төмен болған жағдайда, кәсіпкерлер қаражат болмауынан өзінің міндеттемелерін төлеуден бас тартады және шығындалған ақшалай қаражаттарын өтеп шыға алмай, дәрменсіз болып, сәтсіздікке ұшырайды. Әрине, бұл сәтсіздік өндірілген өнім көлеміне де өз әсерін тигізбей қоймайды.
2. 1 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс (НӘТТ)
Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар қызметінің аса маңызды экономикалық көрсеткіші, олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді. Бұл табыс түрі келесідей жолмен анықталады:
2. 1. 1 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс (НӘТТ) қосымша құн салығынсыз (ҚҚС-сыз)
НӘТТ ҚҚС-сызды табу үшін негізгі іс-әрекеттерден түскен табысты қосылған құн салығын өтеу коэффициенттеріне көбейтеміз.
Қосылған құнға салынатын салық - жанама салықтың бір түрі. Түпкілікті тұтынушы тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ, тауарларды өндіру мен өткізудің түрлі сатыларында төлейтін салықтың бір түрі болып табылады. Осы салық салынатын айналымға түсімнің бәрі емес, тек өндіру мен өткізудің осы буынында қосылатын құн ғана кіреді. Қосылған құн құрамына өтелім (амортизация), үстемелермен қоса жалақы, басқада кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін пайыз), сондай-ақ, пайда кіреді.
Инвестжобамызда НӘТТ-ні ҚҚС-сызды мына жолмен табамыз:
Яғни:
Немесе:
2. 1. 2 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс қосымша құн салығы (ҚҚС) сомасымен
Қосылған құнға салынған салық Қазақстан Республикасының салық кодексінде бекітілген 14 % (пайыз) мөлшерінде негізгі іс-әрекеттен түскен табысқа салынады. Негізгі іс-әрекеттен түскен табысқа қосылған құнға салынған салық сомасы:
2. 2 Басқа да іс-әрекеттен түскен табыс (БӘТТ)
Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларды және пайдаланбаған мүліктерді сатудан түскен табыс болып табылады. Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс тыс өткізу операциялардан түскен табыстан, өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызметтерден тұрады.
Ал, тыс өткізу операцияларынан түскен табыстың өзі бағалы қағаздардың дивидендтері, жалғаудан түскен төлемдері мен айыптар, өсімдер және тұрақсыздық айыппұлдар қосындысынан құралады. Кәсіпорынның ағымдағы табысы жалпы жиынтық табыстан бастапқы инвестициялар мен ағымдағы шығындарды шегеріп тастаған көрінісі болып табылады.
- Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс ҚҚС сомасымен
Басқа да іс-әрекеттен түскен табысқа салынған қосылған құн салынатын салық сомасы басқа да іс-әрекеттен түскен табысқа қосылған құн ставкасының көбейтіндісіне тең.
- Басқа да іс-әрекеттерден түскен табыс ҚҚС-сыз
Басқа да іс-әрекеттен түскен табыстың қосылған құн салықсыз сомасы басқа да іс-әрекеттен түскен табыс пен басқа да іс-әрекеттен түскен табысқа салынған қосылған құн салығы сомасының айырмасына тең болады:
2. 3 Жалпы жылдық жиынтық табыс (ЖЖЖТ)
Кәсіпорынның жиынтық табысы - тауарлық өнімді өткізуден түскен пайдадан, басқа да өткізуден түскен және тыс өткізу операциялардан түскен табыстан құрылады. Жалпы табысты мұнай өндіру көлемінің құны, негізгі іс-әрекеттерінен түскен табыс немесе тауарлық өнімді өткізуден түскен пайда деп атауға болады.
Жалпы жылдық жиынтық табыс негізгі іс-әрекеттен түскен табыс пен басқа да іс-әрекеттен түскен табыс қосындысына тең:
2. 3. 1 Жалпы жылдық жиынтық табыс ҚҚС-сыз
Жалпы жылдық жиынтық табысқа қосылған құнның салықсыз сомасы - жалпы жылдық жиынтық табыс пен қосылған құнның өтеу коэффициентінің көбейтіндісі арқылы есептеледі:
2. 4 Роялти сомасы
Роялти - қоймаларды пайдалану құқығына салынатын тұрақты салық / өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты /. Роялти тыс өткізу операцияларынан түсскен пайдаға жатады. Роялти сомасы инвестжоба бойынша 5 % -ға тең деп алынды.
2. 4. 1 Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс ҚҚС-сыз, роялтисіз
Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс қосылған құнға салықсыз және роялтисіз келесідей жолмен анықталады. НӘТТ ҚҚС-сыз және роялти сомасы арасындағы айырмамен:
2. 4. 2 Жалпы жылдық жиынтық табыс ҚҚС-сыз, роялтисіз
Жалпы жылдық жиынтық табыс қосылған құн салығынсыз және роялтисіз - негізгі іс-әрекеттен түскен табыс қосылған құнға салықсыз және роялтисіз бен басқа да іс-әрекеттен түскен табыс қосылған құн салығынсыздың қосындысынан тұрады.
- Өндірістік шығындар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz