Қысқа мерзімді несиелендірудің қазіргі тәжірибесі. Қысқа мерзімді несиені ұсыну және өтеу тәртібі


Қысқа мерзімді несиелендірудің қазіргі тәжірибесі. Қысқа мерзімді несиені ұсыну және өтеу тәртібі
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Бөлім Қысқа мерзімді несие түсінігі
1. 1 Қысқа мерзімді несиенің объектілері мен субъектілері . . . 5
1. 2 Қысқа мерзімді несиені ұсыну тәртібі, құжаттары . . . 7
1. 3 Қарызшы қабілетін анықтау . . . 9
1. 4 Қысқа мерзімді несие бойынша қамту нысандары . . . 12
II Бөлім Қысқа мерзімді несиені ұсыну, өтеу және рәсімдеу есебі
2. 1 Қысқа мерзімді несиенің бухгалтерлік есебі . . . 14
2. 2 Тұтыну мақсатындағы қысқа мерзімді несиелер . . . 20
2. 3 Қысқа мерзімді банкаралық несиелер . . . 21
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 26
Кіріспе
Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып табылады және банктік несиенің елімізде кеңеюін қолдауда. Банк несиесі эканомикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге жағымды жағдайлар жасалуда, бірақ олар шектеулі қолдануда. Бұл банктің жүйемен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар эканомикадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік секторға шығатын несиелік және валюталық тәуекелділікті күшейтеді. Осы бітіру жұмысында банк несиесінің сатылары және оны талдау, оның айналыс дәрежесі, сонымен қатар оның кеңеюі жолдары қарастырылады.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы қамтамасыз ету жалпы эканомика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түріне қарағанда жоғары тәуекелділікпен ерекшеленеді, ал банктердің ең басты қызметтерінің бірі - банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбнесе несилік тәуекелге ұшырайды. Банк пайдасының үлкен бөлігі несиелеумен байланысты. Бірақ несиені қайтару, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені қайтару банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банктер несиелік тәуекелділікті басқару, несие саясатын ұйымдастыру, реттеу шараларымен уақтылы айналысып отыруы тиіс.
Сонымен қатар несиелік тәуекелділікті реттеудегі мемлекеттің де рөлі маңызды болып табылады. Мұндай қызмет мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агентігі арқылы жузеге асырылады. Ескере кететін жағдай 2003 жылдың 31желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентінің №1720 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай жетілдіру туралы жарлығына сәйкес бір қатар өзгерістер енгізілді.
I Бөлім Қысқа мерзімді несие түсінігі
1. 1 Қысқа мерзімді несиенің объектілері мен субъектілері
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері несиелік операцияларды, Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы заңымен, Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелендіру туралы Ережесіне, сәйкес жүзеге асырылады. Банктердің есеп қарыз операциясы банк мекемесі кірістілігінің рентабелділігінің артуына және жағымды қызметтік қорытындыға ие болуына маңызды роль атқарады. Банк мекемесінде несие қарыздары ұсыну және оларды қайтарумен айналысатын бөлім несиелік бөлім болып табылады.
Несие, несиелік саясатта бекітілген тәртіппен анықталған көлемде белгіленген объектілерге субъектілерден келіп түскен өтініш негізде ұсынылады. Несиелік субъектілер талаптар мен міндеттемелер негізінде шарттар қарызшымен жасалған несиелік келісіммен анықталады. Несие түрі- бұл несиелік қатынастар құрылымының олардың негізгі қызметтерінің яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер арасында толық сақталынатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен клиенттеріне берілген несиенің түрі сол күйінде сақталынады. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несие түрлерін ұсынады. Олар мынадай белгілерге байланысты:
- Қарыз алушылар категорияларына қарайқаржылық институттарға берілетін несиелерқаржылық емес агенттерге берілетін несиелертұтыну мақсатына берілетін несие
- Негізіне қарай
- Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай
- Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай
- Қайтарылум дәрежесіне қарай
- Валютамен берілуіне қарай
- Берілу шартына қарай.
Несиелеудің ұйымдастыру қағидалары.
Несиелеу қағидалары негізінде несиелік процесс яғни банктің несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі несиелеу қағидалары мынадай:
- Несие мақсаты -несиелудің басты қағидасы ретінде несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғанын сипаттайды.
- Мерзімділік- несиенің қайтарылып кана қоймай, яғни қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді.
- Несиенің төлемділігі- бұл несие беруші, қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы соммадан өсіп қайтарылады.
Несиелеу объектілері мен субъектілері: несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыға және қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілер деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса, несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге: мемлекет, банктер, орталық және коммерциялық банк тектес мекемелер мен ұйымдар, халықаралық қаржы ұйымдары жатады. Ал қарыз алушыларға: қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар жеке және заңды тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі. Бұл несиенің пайдалану заты, несиенің іске асырылуы аясы. Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтер экономикалық қызметіне байланысты шығындар кәсіпкерлік айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістілік шығыстары арқылы алшақтық жатады.
1. 2 Қысқа мерзімді несиені ұсыну тәртібі, құжаттары
Әр банк өзінің несие беру саясатын әртүрлі факторларға байланысты жүргізеді. Басты банк жасаған несие беру саясатына тактикасы мен стратегиясы филиалдарға нұсқау мен ереже түрінде таратылады. Несие беру саясаты банктің мамандандырылу ерекшеліктеріне қарай, аймақ өзгешеліктеріне байланысты жүргізілгенмен, жалпы бұл процестің құрылымы бірдей болады.
Несие беру процесіндегі ең алғашқы қадам қарыз алушының арыз беру сәтінен басталады. Сонымен қатар қарыз алушы банк бекіткен қаржылық құжатарының жиынтығын өткізеді. Бұл құжаттар қарыз алушының қаржылық жағдайын сараптау үшін қажет. Құжаттардың жиынтығының тұлғасы ұқсас болғанымен де, мазмұнында айырмашылық болады. Қарыз алушының берілген құжат жиынтығы бойынша банк қарыз алушының іс-әрекетінің түрі мен масштабы бойынша алғашқы мәлімет алады. Оның меншігінің тұлғасына назар аударылады. Алдын-ала өткізілген экспертизаның тұжырымы бойынша, бір тәулік ішінде шешім қабылданады, эксепртизаның нәтижесі кері болған жағдайда берілмейді, ал жобаның экспертизасының тұжырымдары дұрыс нәтижесін берген болса, құжаттар өңделуге жіберіледі. Банк экспертизасының нәтижелері жағымды болған жағдайда, қаржы көрсеткіштері кешенді сараптаудан өткізіледі.
Несие деру процесінің екінші қадамын бизнес-жобаның мұқия сарапталуы мен қарыз алушының қаржылық іс-әрекетінің зерттеуден басталады. Дамыған елдерде банктер несие бюроларына түсетін клиенттердің анкеталары бойынша төлем қабілеттілігін сараптауға арналған қосымша мәліметтер алып отырады.
Несиелік құжаттар маңызымен қлданылуы. Шаруашылық ұйым қысқа мерзімді несие алу үшін мынадай құжат ұсыныды:
- Бекітілген үлгіде несие алу туралы банк бастығының атынан жазылған өтініш. Өтініште қарыз мерзімі, және көлемі көрсетіледі.
- Өтініш міндеттемесі - бұл жай және арнайы қарыз шотын ашу үшін толтырылады. Егер клиенттің қарыз шоты бар болса, өтініш міндеттеме талап етілмейді.
- Бизнес жоспар немесе механикалық экономикалық негіз. Мұнда клиент қарызды қандай жұмыстарға жұмсайтындығын, бөлшектеп көрсетеді және одан алатын кіріс неесе қандай өздер есебінен банк қарызын сый-ақы мен жабатындығын дәлелдеу тиіс. Бухгалтерлік және статистикалық есеп берулер кіріс декларациясы пайда мен шығындар туралы мәліметер көрсетіледі.
- Несиенің мерзімінде қайтарылу туралы қамту формалары, яғни кепіл, тапсырыс, ипотека сақтандыру полисі.
Клиент ұсынған барлық құжаттар клиентке ашылған несиелік істе тіркелуі тиіс. Егер банк қажет деп тапса, қосымша төмендегі құжаттарды талап етеді:
- Қарызшының қаржылық және шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйым қорытындысы;
- Белгіленген тауарлы матриалдық құндылықтар немесе басқа да мүліктің туралы санитарлық, гигиеналық және экономикалық нормалар туралы экспертиза қорытындысы;
- Жұмыс жобасы.
Банкте аталған құжаттар толық тексергеннен кейін несиелік келісім шарт толтырылады. Сонымен қатар залог туралы келісім қабылданады. Несие ұсыну туралы бухгалтерлік немесе операциялық бөлімде бекітілген құжаты ұсынылады, ағымды және қарыз шоты бекітіліп беріледі.
1. 3 Қарызшы қабілетін анықтау
Клиеттердің несиелік төлем қбілетін анықтау реті. Қарызшының қаржылық қабілетіне талдау жасамас бұрын берілген есептің сәйкестігіне көз жеткізу қажет. Клиентке қарыз ұсынбас бұрын банк клиенттің қаржылық қабілетін анықтап және келесі төрт көрсеткіш негізінде қарастырылады:
- клиенттің қаржылық жағдайы
- іскерлік репутациясы
- жоба тәуекелділігі
- несиенің қамтылуы
Клиенттің қаржылық жағдайын бағалау. Клиенттің қаржылық жағдайын келесі үш негізгі көрсеткіш бойынша анықтауға болады:
Өтімділік коэффиценті клиенттің шаруашылық айналысындағы жедел түрде және қарыздарын жабуға жұмсауын көрстеді. Коэффицент неғұлым жоғары болса, клиент соғұрлым сенімді болады.
Жоба коэффиценті - бұл клиенттің қарыздарды жабуға жеткілікті қаржы бар екендігін көрсетеді. Бұл коэффицент жоғарлаған сайын клиенттің қосымша қарыз алу мүмкіндігі көбейеді.
Жоба тәуеклділігін бағалау . Клиент ұсынған бизнес жоспар негізінде жүргізіледі және келесілерге талдау жасалынады:
- тауар сату, сатып алу мүмкіндіктері
- нарық шымдылығы
- басты бәсекелестік
- ақша қаржылардың қозғалысы
- жобаның экономикалық тиімділігі.
Экономикалық тиімділігі.
- Нарықты дайындау деңгейі - бұл бәсекелестер мен жобаға әсері тауар, тауа дайыдау, сату турылы келісімнің болуы
- Несиені қолдану рентабельділігінің коэффицентті - бұл клиенттің жоба бойынша алған пайданы несиемен, сый-ақысын жабуға жұмсауын көрсетеді.
- Клиенттің іскерлік репутациясын белгілеу- бұл клиенттет үшін жасалынған ақпараттар банкпен бұрынғы қатынасы тағы сол сияқты ескеріледі.
- Несиенің қамту формаларын талдау. Бұл кезде залогқа салынған мүліктің клиент меншігінде болуы. Залог өтімділігі(ақшаға тез ауысуы) құндылықтардың тұрақты болуы ескеріледі. Егер кепіл, тапсырыс әкелмесе, оны ұсынушы тұлғаны қаржылық жағдайы тексеріледі.
Несиенің қамтылғандығын қамтамасыз етудің ерекше нысаны ретінде кепілдікпен пен тапсырыстар қолданылады. Бұл нысандар кредиторлардың заңды және эканомиканың қызығушылықтарын қорғайды.
Кепілдік - бұл бір жақтыміндеттемелер келісімі. Онда кепілдік беруші тұлға кредитор алдында тиісті мерзімде дебиторлық қарызын түгелдей немесе жартылай төлеуге міндетті алады. барлық міндеттемелер міндетті түрде акцептелуі тиіс. кепілдік беруші келесі кепілдікті акцептеуге болады:
- Берілген міндеттемелерді мойындайтын дебитор
- табысы жоғары, аманаты бар жеке тұлғаны
- төлем қабілеттілігі сенімді серіктес клиенті
- мемлекеттік органдар ұсынған сенімдікті.
Көп жағдайда клиент басқа банктермен қаржы мекемелерімен осы міндеттемелерді «орындаймыз» деген кепілхат алып келе алады. Несиені қамтамасыз ету барысында осындай кепілдерге көп көңіл бөлінеді. себебі мұнда талап ету бойынша көрсеткіштер көрсетіледі. Кепіл беруші банк дебиторлық қаржылық жағдаймен «жақсы таныс» деген сөз. кепіл беруші кепілі бар дебиторлардың хабарламасынан кейін тиісті соммалық дебитор банктен алуға сенімді болып келеді. Тапсырыс - бұл несиені қамсыздандырудың бір түрі ретінде заңды және жеке тұлғалардан қабылданады. Заңды тұлға үшін тапсырыс банкпен тапсырыс беруші тұлға арасында жазбаша түрде жүреді. Сенім тапсырыс беруші қарызшының қаржысын өз мерзімінде қайтару міндетін өз мойнына алады.
1. 4 Қысқа мерзімді несие бойынша қамту нысандары
Несиені қамту нысандары. Банк несиені ұсыну барысында алдына қойған міндеттемелердің бірі ретінде- қарызшының төлем қабілетін анықтауын белгілейді. Төлем қабілетін талдау кезінде көрсеткіштердің бірі болып-несиенің қайтарымдылығы белгіленеді. Несие уақытында және сый-ақымен өтей алатындығын дәлелдеу үшін қарызшы банкке бизнес жоспар ұсынады.
Қарызды уақытында жаба алмаған жағдайдағы банк алдындағы міндеттемелері мен жауптылығын қайтару үшін қарызшы әртүрлі құндылықтар келісімін әкелді. Бұл «Қамту формасы» болып табылады. Қамту формасын белгілеу кезіндегі басты шарт банк активін сақтау және пайда табу.
Қамту формасын белгілеу кезіндегі құндылықтарға қойылатын басты шарт мыналар:
1. Құндылық - құны жағынан артық уақытта өтімді болады.
- Сақтау мерзімі - несиені жабу мерзімінің ұзақтылығымен мен сәйкес келеді.
- Құндылықтардың жоғары сұраныста болады, және несиені немесе қарызды толықтай жаба алатынжағдайларда болуы тексеріледі.
Несиелеу кезіндегі басты қамту формасына мыналар жатады:
- Тапсырыс
- Кепіл
- Кепіл зат
- Ипотека
- Сақтандыру полисі.
Тапсырыс -бұл басқа бір тұлғаның банк алдындағы қарызшы міндеттемесін өз мойнына алатындығы туралы келісім.
Кепіл - бұл қарызшының банкке төлеуге мідеттенген сомасын қайтара алмаған жағдайда басқа бір тұлғаның өз мойнына алатындығы туралы міндеттеме.
Бағалы қағаздар - тауар тағы басқа мүліктерді несиені қайтара алмайтын жағдайлар үшін кепілдікке беру залог, ал учаскелермен мен үй ғимараттарды даклатты құқықпен залог ретінде қалдыру ипотека болып табылады.
Материалдарды қамту формасының бір түрі ретінде - сақтандыру полисі қабылданады.
Қарызшы несиені уақытында өшіре алмаса, онда оның банкке міндеттемелерді сапасын кепіл беруші немесе тапсырыс жағынан тұлға қайтару тиіс. Осы құжаттардан көрсеткендей банк жоғарыда айтылған тұлғалардың келісімінсіз олардың есеп айыру аманаты депозит, валюталық тағы басқа шотындағы қаржылары есебінен несиені өтеу банк пайдасына алады. Тапсырыс заңды және жеке тұлғалардан немесе банктен алынады. Егер банкке залог ретінде бағалы қағаз немесе валюталық құндылықтар белгіленсе, ол құндылықтарды банкке алып өзінің сейфінде сақтай алады. Қамту формасы міндетті түрде нотариалды кеңседе бекітілуі талап етіледі. Тауарлы материалды құндылықтар қарызшының қоймасында сақталынады. Залог немесе ипотека белгіленген мүлікті несиелік мерзім аяқталғанда банк игілігіне алғанын немесе тауарлы материалды құндылықтар сияқты сатып өткізуіне болады. Залогқа салынған жылжымайтын мүліктер жергілікті жерде тіркелгендігі тексеріліп нотариалды кеңседе бекітіліп, қосымша залог туралы келісім шарт пен белгіленеді және несиені жабу уақыты жеткенге дейін залог иесінің қолдана тұруына рұқсат етіледі.
II Бөлім Қысқа мерзімді несиені ұсыну, өтеу және рәсімдеу есебі
2. 1 Қысқа мерзімді несиенің бухгалтерлік есебі
Несиелендіру қарызшының қажетті құжаттарды банкке ұсынуымен жүзеге всырылады. Олар банкке несие алу үшін ұсынылады. Олардың ішінде негізггісі мыналар:
- Несиенің техник-экономикалық:
- бухгалтерлік есеп беру
- кіріс және шығыс туралы есеп беру
- операциялық кезең барысында қарызшының қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін анықтау үшін кіріс мәлімдемесі және басқа да мәліметтер
- қарызшы туралы мәліметтер
- несие алу үшін несиелік өтініш
- несиенің қамтылуы туралы мәліметтер.
Бұл құжаттар талдаушы қызметкерімен және несиелік бөлім қызметкерімен тексеріледі. Несие тек қана несиелік қабілеті бар тұлғаға беріледі және несие ұсынуға рұқсатты несиелік комитет береді. Банк пен қарызшы арасындағы негізгі құжат болып несиелік келісім болып табылады.
Банк несиені белгілі бір мерзімге ұсынады:
- 1 жылға дейін - қысқа мерзімді
- 1 жылдан 3 жылға дейін - орта мерзімді
- 3 жылдан жоғары - ұзақ мерзімді
Несие несиелік ресурстардың бос қалдығы есебінен және бұрын ұсынылған несие бойынша мерзімі өткен берешегі болмаған жағдайда беріледі.
Қарызшыға салалық белгі бойынша әрбір несие түріне сәйкес жеке қарыз шоты ашылады. Сондықтан осы мәліметтер аналитикалық есептің мәліметтері болып табылады. Егер несие алу үшін қажетті құжаттарды қарастыру мерзімі мен нақты несиені ұсыну мерзімі сәйкес келмесе, онда банкте баланстан тыс өткізбе құрылады:
Дт-6125
Кт-6625
Несиені ұсыну мерзімі келген кезде келесі өткізбе құрылады:
Дт-6625
Кт-6125
Несие ұсыну туралы барлық іс-құжаттар қарызшының несиелік құжаттамасы ретінде несиелік басқармада қалады, ал операциялық бөлімге несие ұсынуға несиелік бөлімнің өкімі және шұғыл міндеттеме беріледі.
Шот менеджері түскен құжаттарды мұқият тексеріп және мыналарға ерекше көңіл аударады:
- ұсынылған несие бағытын
- несие шифры
- шұғыл міндеттеме, кепілдік сомасын тексереді
- несие ұсынуға өкім сомасын тексереді
Несие ұсынылғанда балансты және баланстан тыс өткізбелер құрылады:
Дт-қарыз шоты (1411)
Кт-ағымды шот (2203)
Кіріс-7339-залог сомасына
Шығын-7339-1 теңге есеп чек кітапшасына
Шұғыл міндеттеме менеджерде арнайы картотекада несиені өшіру мерзімі және қарызшы түрі бойынша сақталады. Жеке қарыз шоттары 9 белгіден тұрады. Мысалы: 14К01 - мекеменің жеке шоты.
1411-қысқа мерзімді несие бойынша қарыз шот номері, келесі 2 белгі - несие шифры:
К- әрбір жеке есеп шот үшін анықталатын бақылау кілті:
01- жеке есеп шоттың реттік номері.
Мыналарды ажырата білу қажет:
- мерзімдімерзімі өткеншектелген берешек.
Қарыз несиелік келісімде көрсетілген мерзім аралығында мерзімді болып табылады және ол активті 1411 шотта есепке алынады.
Мерзімі өткенқарыз несиені өшіру мерзімі жеткен және несиені қайтару кезінде қарызшының шотында қаражат болмаған жағдайда туындайды. Ол активті 1424шотта есептеледі. Бұл шотта заңды тұлға қарызы 90 күн ішінде есептелінеді және мерзімі біткенде шектелген болып табылады.
Шектелген қарыз активті 1427 шотта есептеледі. Қарызшы негізгі қарызды және несие бойынша сый-ақыны толық өтеу үшін ағымды шотында қаржының жеткіліктілігін қамтамасыз ету керек. Банк мекемелерінде сый-ақыларды есептеу несиелік келісім шартқа сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының қаулысына сәйкес несие бойынша сый-ақыны есептеу бойынша ережелер қолданылады.
Сый-ақыны есептеу кезінде келесі өткізбе құрылады:
Дт-1740
Кт-4411
1740-« Клиенттерге ұсынылған несие бойынша есептелген кірістер»
4411 -«Клиенттерге ұсынылған қысқа мерзімді несие бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер»
Клиент сый-ақыны іздестіру кезінде:
Дт-2203
Кт-4411
Банк мекемесінде қысқа мерзімді несие қайтару кезінде келесі өткізбе құрылады:
- Несие мерзімі жетіп және қарызшының ағымды шотында оны өтеу үшін қаржы жеткілікті болс, онда: Дт-2203
Кт-1740
b. Егер ағымды шотта толық өтеу үшін қарыз жеткілікті болса, онда жартылай өтеледі. Бұл кезде шот менеджері мемориалдық ордер жазып береді және шұғыл міндеттеме несиені жартылай өтегені туралы белгі қойылады:
Дт-2203
Кт-1411
a. Шұғыл міндеттеме баланстан тыс 7339 шоттан тек несиені толық өшіру кезінде ғана өшіріледі.
b. Егер қарызды өтеу мерзімі жетіп, толық өшіру үшін ағымды шотта қаржы жеткіліксіз болса, онда қарызшы шотындағы бос қалдық сомасына жартылай өшіру жүргізіледі, ал төлемеген бөлігі мерзімі өткен қарыз шотына жіберіледі:
Дт-2203 бос қалдық сомасы
Кт-1424 өшірілмеген бөлігі
Кт-1411 қарыздың толық сомасы
c. Егер сый-ақы бойынша қарыз мерзімі өткен қарыз шотына жатқызылса, онда келесі өткізбе құрылады:
Дт-1741
Кт-1740
1741-« клиенттерге ұсынылған несие бойынша мерзімі өткен сый-ақылар »
d. Егер несиені өтеу мерзімі жеткен кезде шотта қаржы болмаса, онда несие бойынша қарыз толық сомасымен мерзімі өткен қарызға жіберіледі:
Дт-1424
Кт-1411
Бұл жағдайда шұғыл міндеттеме белгі қойылады.
e. Қарызшының ағыиды шотына қаржы түскен жағдайда несие бойынша мерзімі бойынша қарыз толық өшіріледі:
Дт-2203
Кт-1411
Шығын-7339-залог сомасы
Егер 90 күн ішікде мерзімі өткен қарыз толық өтелмесе немесе банк мерзімі ұзартылған несие бойынша қарызшының қаржылық жағдайын нашар деп тапса, онда несие шектелген қарызға жіберіледі:
Дт-1427
Кт-1424
Провизия банк шығыны есебінен құрылады:
Дт-5455, 5456
Кт-1465, 1469
5455 - «клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша арнайы резервтерге ассигнованиялар»
5456 - «несиелік қызметтен болған шығындарды жабуға арналған жалпы резервтерге ассигнованиялар»
1465 және 1469 шоттар контрактивті шоттар болып табылады. Бұл шоттар 1-кластың Дт бойынша да және Кт бойынша да бейнелене алады.
Шектелген қарызда несие сомасы 90 күн еснптеледі. Егер осы мерзім ішінде қарызшының шектелген қарызы өшірілмесе, ондай сенімсіз несиені өтеу банк резерві есебінен жүргізіледі.
Дт-1465, 1469
Кт-1427
Кіріс-7130
1465 - «несиелік қызметтен болған шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер»
1469 - «Басқа да банк қызметінен болатын шығындарды жабуға арналған резервтер»
7130 - «зиянға есептелгенқарыздар»
f. Егер ағымды шотқа қаржы түссе, онда провизияны ағымды шоттан өшіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда баланстан тыс шот жабылады.
Дт-2203
Кт-1465, 1469
Шығын-7130
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz