Кәсіпорын шығындары және оның түрлері, экономикалық бөліну
Мазмұны
Кіріспе
І.Кәсіпорын шығындары және оның түрлері, экономикалық бөліну
ІІ.Шекті шығындар және оның фирма стратегиясындағы ролі
ІІІ Нарық жағдайында өнімді өндірудің шығындары және жолдары
мен маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Өндіріс шығындарының шамасын анықтаудың экономикалық деңгейі бухгалтерлік деңгейден бірқатар ерекшеленеді. Оның мәні жіберіп алған мүмкіндіктер немесе альтернативтік шығындар концепциясында жатыр. Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қоладнғанда алуға болатын ақша сомасы. Кәсіпорындарда айқын шығындармен қатар (материалдар мен қондырғыларға қондырғыларға, жұмыс күшіне кететін шығындар) айқын емес шығындар да (фирманың меншігі болып табылатын жұмсалынған ресурстардың құны: кәсіпкерлердің еңбегіне ақы төлеу, салынған капиталға процент) бар. Айқын шығындарға, яғни бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар өнімнің өзінідік құнына енеді. Оларға шикізат пен материалдардың құны," жалақы, амортизациялық төлемдер, аренда, салықтар, әкімшілік басқару шығындары жатады. Ал айқын емес шығындар (жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары) басқа пайдаланушыларға нарықта белгіленген ақыға берген жағдайда меншікті ресурстарына алуға болатын табыстар. Оларға меншікті капиталға процент, ғимарат үшін аренда ақысы, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысы үшін телем ақыны жатқызуға болады. Бухгалтерлік шығындар мен альтернативтік шығындардың қосындысы экономикалық шығындарды береді. Демек, экономикалық шығындарға фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар мен фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты жатқызуға болады.
Кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар, жұмыс-шыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал –жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорын-ның құрылымы деп аталады.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы: өндірістік (ғимарат, құрылыс), өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайлары, клубтар, стадион, балабақша) болып бөлінеді.
Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын, дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты еңбек құралдарымен қамтама-сыз етудің бөлігі.
Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте, өнім бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын өндірістік учаскелерде қалыптасады.
Ең алғашында бірнеше операция қатар орындалады, одан кейін бір операция, демек, технологиялық мамандандыру жүзеге асырылады.
Бірнеше учаскеден цех құралады. Кешенді құрылымға цехтың барлық түрлері кіреді. Мұнымен кәсіпорын зауыт аспаптарын маман-дандыру қызметтері, энергия өндіру, шаруашылықтарды жөндеуді пайдаланады. Кәсіпорын құрылымы мамандандыру түрлері бойынша кешенді міндеттер белгілейді. Мұнда ең алдымен ресурстар, сондай-ақ жұмысшылардың саны, негізгі және айналым капиталының құны, өндірілетін өнім көлемі, өндірістік алаңның өлшемі және т.б. ескеріледі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. А- 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» А -1991 жыл.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» А - 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001ж.
6. «Заң» Республикалық құқықтық, журнал Астана 2000ж №9
7. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. К.орын экономикасы. А, 2003ж.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
15. Оңтүстік қазақстан газеті 26-желтоқсан 2007
16. Заң газеті, 2007ж. 19 сэуір, 3 бет
17. Мүса.С, Егеменді Қазақстан, 2007ж. 18 шілде, Ібет
18. ҚР Парламентінің Жаршысы, 2005ж. №19. 3 бет
19. Заң жэне Заман, 2007ж. №4. 32 бет
20. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық, Алматы, 1998ж.
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. А- 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» А -1991 жыл.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» А - 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001ж.
6. «Заң» Республикалық құқықтық, журнал Астана 2000ж №9
7. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. К.орын экономикасы. А, 2003ж.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
15. Оңтүстік қазақстан газеті 26-желтоқсан 2007
16. Заң газеті, 2007ж. 19 сэуір, 3 бет
17. Мүса.С, Егеменді Қазақстан, 2007ж. 18 шілде, Ібет
18. ҚР Парламентінің Жаршысы, 2005ж. №19. 3 бет
19. Заң жэне Заман, 2007ж. №4. 32 бет
20. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық, Алматы, 1998ж.
Мазмұны
Кіріспе
І.Кәсіпорын шығындары және оның түрлері, экономикалық бөліну
ІІ.Шекті шығындар және оның фирма стратегиясындағы ролі
ІІІ Нарық жағдайында өнімді өндірудің шығындары және жолдары
мен маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Өндіріс шығындарының шамасын анықтаудың экономикалық деңгейі
бухгалтерлік деңгейден бірқатар ерекшеленеді. Оның мәні жіберіп алған
мүмкіндіктер немесе альтернативтік шығындар концепциясында жатыр.
Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын
альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қоладнғанда алуға болатын ақша
сомасы. Кәсіпорындарда айқын шығындармен қатар (материалдар мен
қондырғыларға қондырғыларға, жұмыс күшіне кететін шығындар) айқын емес
шығындар да (фирманың меншігі болып табылатын жұмсалынған ресурстардың
құны: кәсіпкерлердің еңбегіне ақы төлеу, салынған капиталға процент) бар.
Айқын шығындарға, яғни бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру
кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар өнімнің өзінідік құнына енеді.
Оларға шикізат пен материалдардың құны," жалақы, амортизациялық төлемдер,
аренда, салықтар, әкімшілік басқару шығындары жатады. Ал айқын емес
шығындар (жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары) басқа пайдаланушыларға
нарықта белгіленген ақыға берген жағдайда меншікті ресурстарына алуға
болатын табыстар. Оларға меншікті капиталға процент, ғимарат үшін аренда
ақысы, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысы үшін телем ақыны жатқызуға
болады. Бухгалтерлік шығындар мен альтернативтік шығындардың қосындысы
экономикалық шығындарды береді. Демек, экономикалық шығындарға фирманың өз
меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз
шығындар мен фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты жатқызуға
болады.
Кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және
жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар, жұмыс-
шыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал –жабдықтар және
оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорын-ның құрылымы деп аталады.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы: өндірістік (ғимарат, құрылыс),
өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайлары, клубтар, стадион,
балабақша) болып бөлінеді.
Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын,
дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету
жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты
еңбек құралдарымен қамтама-сыз етудің бөлігі.
Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте, өнім
бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын
өндірістік учаскелерде қалыптасады.
Ең алғашында бірнеше операция қатар орындалады, одан кейін бір операция,
демек, технологиялық мамандандыру жүзеге асырылады.
Бірнеше учаскеден цех құралады. Кешенді құрылымға цехтың барлық түрлері
кіреді. Мұнымен кәсіпорын зауыт аспаптарын маман-дандыру қызметтері,
энергия өндіру, шаруашылықтарды жөндеуді пайдаланады. Кәсіпорын құрылымы
мамандандыру түрлері бойынша кешенді міндеттер белгілейді. Мұнда ең алдымен
ресурстар, сондай-ақ жұмысшылардың саны, негізгі және айналым капиталының
құны, өндірілетін өнім көлемі, өндірістік алаңның өлшемі және т.б.
ескеріледі.
І.Кәсіпорын шығындары және оның түрлері, экономикалық бөлінуі
Шығындар шамасының енім көлеміне тәуелділігі тұрғысынан тұрақты және
езгермелі шығындар ажыратылады. Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару
көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін, яғни өндіріс көлеміне
байланыссыз шығындар. Оларға амортизациялық төлемдер, ренталық төлемдер,
салықтар, сақтандыру төлемдері, әкімшілік басқару шығындары жатады.
Өзгермелі шығындар (VС) - өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін, яғни
өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Оларға шикізат пен материалдарға
кеткен шығындар, жалақы, отын және энергияға, транспорттық қызметтерді
төлеуге кететін шығындар жатады. Айнымалы және тұрақты шығындардың
қосындысы жалпы шығындарды құрайды. Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын
шығыпды елшеу үшін орташа жалпы (АТС), орташа тұракты (АҒС), орташа озі
срмелі шығындар (АVС) қолданылады. Орташа жалпы шығындар жалпы шығынның
өндірілген өнім көлеміне қатынасы мен анықталады да, өнімнің бір данасын
шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді.
Орташа тұрақты шыгындар тұрақты шығындарды өнім –көлеміне бөлгенге тең:
ТС
АТС= ;
Q
Орташа өзгермелі шығындар жалпы өзгермелі шығындарды өндірілген өнім
санына бөлгенге тең:
VС
АУС=------------- ;
Q
Тұрақты шығындардың сомасы тұрақты болғандыктан орташа тұрақты шыгындар
(АҒС) өнім көлемінің өсуімен қысқарады. Өнім шығару көлемі өскен кезде
тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі
әрқашан өзгермелі шығындардың өсуімен қатар жүреді. Орташа өзгермелі
шығындарға кемімелі табыстылық заңы әсерін тигізеді. Мысалы: егер бір
ресурс (жер учаскесінің мөлшері, технология деңгейі) тұрақты, саны
өзгермейтін болатын болса, онда басқа да ресурстарға өзгермелі шығындар
өскен жағдайда айнымалы ресурстардың орташа өінмділігі алдымен өседі
(орташа өзгермелі шығындар кемиді), одан кейін Q өнімінің өндірісімен
өнімділік кемиді (орташа өзгермелі шығындар өседі).
Шекті шығындар МС (marginal cost) - берілген өнім көлемімен саыстырғанда
өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар:
МС = TCQ
Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар өзгермелі
шығындардың өсіміне тең:
МС = VСQ.
Орташа жалпы шығындардың (АТС) шамасы, біріншіден, кемімелі табыстылық
заңы ықпал ететін орташа өзгермелі шығыңдардың шамасымен, екіншіден Q өнім
көлемінің өсуімен қысқаратын орташа тұрақты шығындардың шамасымен
анықталады.
16.1-суретте орташа өзгермелі шығындар Q1 өнім шығару көлемінде
минималды мәнге ие. Одан әрі орташа өзгермелі шығындар АVС есе бастайды
Бірақ, орташа тұрақты шығындар кеми түседі. Нәтижесінде орташа жалпы
шығындар АТС алдымен орташа тұрақты шығындардың кемуі орташа жалпы
өзгермелі шығындардың кемуі орташа өзгермелі шығындардың өсуімен толықтыру
бойынша бірқатар уақыттарға дейін кемиді. Осы кезден бастап орташа жалпы
шығындар АТС өсе бастайды. Орташа жалпы шығындардың өзгерісі біртексіз
болғандықтан шекті өзгерістерді өлшеу қажеттілігі туады. Айталық, кәсіпорын
жалпы шығындар ТС жұмсау арқылы Q өнім бірлігін шығарады. Осы жерде өнім
шығымын бір бірлікке арттырғанда жалпы шығындар қандай шамада өзгереді
деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың шешімі шекті шығындар ұғымына алып келеді
(16.2-сурет).
АС- орташа жалпы шығындар
АVС - орташа өзгермелі шығындар
АҒС - орташа тұрақты шығындар
МС - шекті шығындар
Ал шекті шығындарды өлшеу қажеттілігі кемімелі табыстылық жағынан келіп
шығады. Егер кемімелі шекті пайдалылық заңы жалпы пайдалылықты жоғарғы
деңгейге көтеруді көздейтін тұтынушының жүріс-тұрысын түсіндіріп, сұраныс
функциясын анықтауға мүмкіндік берсе кемімелі табыстылық заңы пайданы
жоғарылатуды көздейтін өндірушінің жүріс-түрысының негізінде жатыр және
ұсыныс функциясының сипатын анықтайды. Қысқа мерзімде өнім шығару көлемін
өсіру өндірістің ауыспалы факторларының қосымша бірлігін тарту есебінен
мүмкін болады да басқа факторлар тұрақты болып қалады. Бұл жағдайда
кемімелі табыстылық заңы әрекет ете бастайды, яғни бірқатар уақыттардан
бастап ауыспалы фактордың бір қосымша бірлігі алдыңғымен салыстырғанда
өнімнің жалпы шығымының аз өсуіне алып келеді. Сөйтіп, өндірістің ауыспалы
факторының шекті өнімділігі ерте ме, кеш пе төмендей бастайды: бірқатар
уақыттардан бастап шығынның өсімі өндіріс көлемінің өсімінен асып түседі.
Өндіруші тауарды жоғары бағада ұсынуға мәжбүр болады. Технологияны
жетілдіру немесе жер көлемін арттыру өнімділікті жоғарылатып, ұсыныс
қисығын тереді. Сондықтан кемімелі табыстылық заңы тек қана қысқа мерзімде
әрекет етеді. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ: айталық кәсіпорында
қондырғылар бар және жұмысшылар өнімді бір смена өндіреді. Кәсіпкер көп
мысшылар жалдап, енді жұмыс екі сменада жүргізілетін болсын делік
кемімділік пен табыстылық өседі. Кәсіпкер тағы да қосымша жұмысшылар
құрамын жалдап, жұмысты үш сменада ұйымдастырады. Тағы да өнімділік пен
табыстылықтың өсуі байқалады. Бірақ, егер де тағы да жұмысшылар жалдана
беретін болса, өнімділіктің одан әрі өсуі болмайды. Қосымша ресурстарды
артырту енді тиімділік бермейді, керісінше, осы кезден бастап бұрынғыдай
қосымша салымдардың тиімділігі азайып, өнім бірлігіне келетін шығын еді.
Егер бірнеше жылдардан кейін қондырғыны өнімділігі жрғары шығындырғыға
ауыстыратын болса, онда өнімділік арта бастайды. Бұл мысалдан кәсіпорынның
жұмысын талдау үшін тек ғана орташа шығындар, орташа табыстылық және басқа
да орташа шамалар жеткіліксіз, әрбір нақты жағдайда бұл көрсеткіштердің
қандай екендігін, яғни шекті шамаларды білу қажеттігін көруге болады.
Демек, экономикада шекті талдаудың қажеттілігі кемімелі табыстылық заңымен
анықталады. Ұзақ мерзімді кезеңде кәсіпорын өндірістік қуаттылықты қоса
алғанда барлық ресурстардың санын өзгерте алады. Бұл кезеңде шығындарға
қарағанда өндіріс масштабын өсіру есебінен ресурс сақтаушы заң ретінде
уақыт үнемдеу заңы әрекет етеді. Уақыт емдеу заңы мен еңбек өнімділігін
арттыру заңы тығыз байланысты. Өндіріске кеткен шығындар төмен болған сайын
оның енімі, демек, еңбек тиімділігі де жоғары болады. Еңбек өнімділігінің
артуы қолда бар ресурстарды ұқыпты пайдалану есебінен шығындарды үнемдеуді
тудырады.
Өнімді өндіру мен сату шығындарын жоспарлау ең алдымен кәсіпорынның
актимальды баға саясатын анықтау үшін қажет. Тұрақты және айнымалы
шығындарды жеке – жеке жоспарлау және өндірістік шығынның экономикалық
мөлшерін анықтау қажетті шарт болып табылады. Тұрақты экономикалық
жағдайда айнымалы шығындарды жоспарлау көп еңбек етуді қажет етеді және
бірін – бірі толықтыратын екі әдіспен жүргізіледі.
1. Бір өнімге кететін шығын тұрақты нормасы бойынша;
2. Өткен кезеңдегі өнімнің өзіндік құнының нақты көрсетікіші бойынша;
Айнымалы шығынның тұрақты құны боынша оның жалпы мөлшерін келесі
формуламен айқындаймыз:
С = Н * В
Мұндағы
С- айнымалы шығын сомасының жоспарланған ақшалай мәні.
Н – бір өнімге кететін шығын нормасының ақшалай мәні.
В – шығарылатын өнімнің жоспарланған көлемінің натуралды мәні.
Егер жоспарлау барысында есепті кезеңнің көрсеткіштерін сүйенетін
болсақ, онда айнымалы шығындардың жоспарланатын сомасы келесі формуламен
есептеледі:
С пл = Сф Впл
Вф
Мұндағы
Спл – Жоспарланған айнымалы шығын сомасы.
Сф – есепті кезеңдегі айнымалы шығынның нақты сомасы.
Впл – Жоспар бойынша шығарылатын өнім көлемі.
Вф – есепті кезеңдегі шығарылатын нақты көлемі бойынша натураалды мәні.
Өндірістік процестің жекелеген тобыа тоқтлатын болсақ, негізгі
өндірістік, көмекші өндірістік, қызмет көрсету шаруашылықтары, кәсіпорынды
басқару органдары, жұмысшылардың қызметтері бойынша бірігуді ұйымдастыру
болып бөлінеді.

Кәсіпорынның негізгі капитал салымдары бойынша:
-ең оңтайлы бөлу межелерін негіздеу;
-цехтарды, бөлімшелерді және жүмыс орындарын мамандандырудың деңгейін
арттыру;
-цехтардың қуаттылығына қарай сәйкестілігін қамтамасыз ету;
-кәсіпорынның жер, құрылыс обьектілерінің коэффициенттерін есептеу;
-капитал салымдарының құрылымын бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар: өнім өндірудің күрделілігі;
кәсіпорын өлшемі;
-өндіріс процесінін сипаттары мен ерекшеліктері;
-өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;
-орналасқан жері.
Кәсіпорынның оңтайлы құрылымын жүзеге асыру өндірісті қайта кұру, оны
техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыру, саланы жаңғырту
мен мамандандыруды терендету ісінің тиянақты атқарылуымен тікелей
байланысты.
Кәсіпорынның негізгі бөліктері технологиялық процесс бағыты бойынша:
қопмалық, қызмет көрсету шаруашылықтары болып бөлінеді.
Бұл тасымалдау ұзақтылығын және жүк айналымы көлемін қысқартуға тікелей
әсер етеді.
Кәсіпорынның оңтайлы құрылымының басты шарты — кәсіпорында еңбек
келісімдерін жетілдіру арқылы жұмысшылардың әлеуметтік-материалдық жағдайын
жақсартуды бірінші кезекте шешуді, өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігінің
өсуін, жұмыс уақытын үнемді пайдала-нуды қамтамасыз ету.
Кәсіпорын тұрақты шығындарды жоспарлаған кезде келесі мақсатты шешіп
алуы тиіс:
1. Тұрақты және айнымалы шығындардың өтелуіне қол жеткізетін қажеттілігін
өндіру көлемімен өнімді сатуды анықтау;
2. Қажетті тұрақты шығындар мөлшерін есептеу және оны өндірістің нақыт
жағдайымен салыстыру.
Шығарылатын өнімнің минималды көлемін анықтау үшін рентабельділік
көрсеткіші қолданылады. Ол мынадай формула бойынша анықталады.
Рентабельділік = тұрақты шығын
(сатуда (салыстырмалы
түскен - мәндегі
түсім) айнымалы шығындар).
Тұрақты шығындарды жоспарлау үшін олардың күтілетін құрылымын және
шығарылатын өнім туралы максималды ақпарат өндірістік жағдайларды өндіріс
көлеміне әсер ететін факторларды терең талдау қажет.
Мұндағы сатудан түскен түсім дегеніміз кәсіпорынның өндірістік, өзіндік
қаржылық қорын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Негізгі қызмет
түрінен алынатын түсім ол тауардың сату қызмет көрсету және жұмыстар
орындау, ал инвестициялық қызметтен алынатын түсім айналымнан тыс
активтерді сатудан түскен қаржы нәтижесі.
Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен
басталады. Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өндеп,
тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар. Өндірістік процесс
өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай: жай және күрделі болып
бөлінеді.
Өндірістік процестердің күрделілігі —кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен
цехтарының, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байла-нысты.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы,
тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты
міндетіне айналып отыр. Өндірістік процестер екіге бөлінеді: еңбек
заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді технологиялық
процесс деп атайды, еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді
технологиялық емес процестер деп аталады.
Өндірістік процестін нәтижелігі өнім түрлеріне қарай: негізгі; көмекші;
қызмет көрсетуші (оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени); басқару
болып бөлінеді.
Негізгі процесс технологиялық процесс болып табылады, яғни бұйымдардың
шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Технология-
лық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай: қолмен атқарылатын
операция; машина-қолмен; машиналық; автоматты; аппаратты болып бөлінеді.
Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп
аталады. Технологиялық операция — бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше
жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өндеу тобының
дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын өндіріс
процесінің бөлігі.
Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді
дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайын-дау, қосалқы
бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-
жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.)-
Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім
шығармайтын процесс, оған қатыстылар: тасымалдау, қоймалық операциялар,
технологиялық бақылау. Басқару процесі — өндіріс барысындағы пайда болған
үйлесімділік бағыттарды реттеу.
Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы
орындалуы — көмекші және кызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап
етеді.
ІІ Шекті шығындар және оның фирма стратегиясындағы
ролі
Кәсіпкерлік қызмет процесінде кәсіпорын ақшалай шығын щығарады. Бұл
шығындардың сипаты, құралы мен құрылымы көптеген факторларға байланысты:
1. Шаруашылықты ұйымдастыру құқықтық түріне байланысты:
2. Салалық тиістілігі;
3. Капитал мен тауар нарығындағы шаруашылық субъектілерінің алатын орны.
4. Инвестицтяилық – қаржылық және есептік саясат.
5. Заңдылықтар ережелері мен принциптері бергіленген салық, несие,
сақтандыру және қаржылық салалардағы шаруашылық субъектілерінің тәртібі.
Барлық ақша шығындарын үшке бөлуге болады:
1. Табыс алуға байланысты шығындар;
2. Табыс алуға байланысты емес шығындар;
3. Мәжбүрлік шығындар.
Табыс алуға байланысты шығындарға өндірістік процесте қызмет
көрсетуге, өнімді сатуға өндірістік қызметке инвестицияға жұмсалған
шығындар кіреді.
Табыс алуға байланысты емес шығындарға тұтыну сипатындағы шығындар,
сонымен қатар найырымдылық мақсаттағы шығындар жатады.
Мәжбүрлік шығындарға салықтар, салықтық төлемдер, бюджеттен тыс
мемлекеттік қорға аударымдар, айыппұлдар резерв құру жатады.
Табыс алуға байланысты емес шығындар: материалдық шығындар, еңбекақы
төлеу шығындары, инвестиция қосымша шығындар құрылыады. Шығынның бұл тобын
қалыптастыру табыс көлеміне тікелей байланысты. Себебі нарықтағы кәсіпорын
шығығының жағдайын тұрақтылығы оның өнімінің бәсекелестігі осы шығын
деңгейіне байланысты. Кәсіпорын өзінің материалдық шығынын өтеу үшін екі
шартты сақтауы тиіс:
1. Өндірілген өнім сатылуы тиіс.
2. Сатылған өнімнен түскен түсім өз уақытында кәсіпорын есепшотына түсуі
тиіс.
Еңбекақы төлеу шығынына кәсіпорын еңбекшілеріне натуралды және
ақшалай формада ақы төлеу жатады. Шығынның бұл түрі көп қабатты – бұл
шығынның құрамына еңбекақыдан басқа материалдық көмек, мақсатты қаржыдан
бөлінеген көмек, бір мезгілдік жәрдем, қосымша демалысқа төленетін төлем
кәсіпорынның өз меншігінде қалған табыстан төленетін түрлі жәрдемақылар
кіреді.
Қосымша шығындарға әкімшілік басқару шығындары жалға төленетін
шығындар, материалдық емес активтердің амортизациясы және көмекші
өндірістік шығындар кіреді.
Өнімді өндіру мен сату шығындары келесідей болып жіктеледі:
1. Есептік тіркелу берлгілері бойынша;
2. Өндірілген бірлігін қою тәсілі бойынша;
3. Шығын деңгейінің біртектілігі бойынша.
Кәсіпорнның шығынының есептік тіркелу белгілері бойынша бөлу әрекет
етіп жатқан заңдылықтармен анықталады және мемелекетке салық төлеушілер,
өнімді өндіру мен сату шығындарының есебін жүргізу үшін белгілі бір
принциптер және ережелер белгілейді.
Оларды есептеу мен есептен шығару тәртібін регламент дейді. Олардың
жабылу көзін тағайындайды. Кәсіпорынның шикізат материал және басқа
материалдық шығындар элементін сатып алуға жұмсаған ақшалай шығыны өнімді
сатуға кеткен шығын көлемінде ғана орнын толтырады. Ал қалған бөлігі қойма
запасымен сатылмаған дайын өнімде қалады.
Өнімнің шығарылуына байланысты шығындар:
1. Тұрақты шығындар.
2. Айнымалы шығындар
Тұрақты шығындар шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне байланыссыз
болады. Олар: басқарушы әкімшілік шығындары істеуіне қарай төленетін
еңбекақы. Амортизация, шаруашылық шығындар, жол төлемдері жатады.
Айнымалы және тұрақсыз шығындар – бұл шығындар өндіріс көлеміне тура
пропорционалды. Бұл шығындарға шикізат пен матералдар шығындары,
технологиялық жылу және энергия істеуіне қарай төленетін еңбекақы жатады.
Шығындарды тұрақты және тұрақсыз деп бөлу ең алдымен өнімнің
өзіндік құнын жоспарлау үшін және сату бағасын анықтау үшін қажет.
Жалпы табыс - барлық өндірілген өнімді сатудан түскен түсімнің жалпы
сомасы.
TR= P*Q
Мұндағы: ТR - жалпы түсім (табыс)
Q - сату көлемі
Р - тауардың бағасы
Орташа түсім жалпы түсімді сатылған өнім бірлігіне қатынасына тең:
АR= ТRQ
Мұндағы: АR - орташа түсім
Шекті табыс - шығарылатын енім санын қосымша бірлікке арттырғандағы
жалпы түсімнің өсуі:
МR= ТR ∆ Q.
Мұндағы: МR- шекті түсім
∆ ТК - жалпы түсімнің артуы
∆ Q - онім санының артуы
Енді орташа және шекті түсімдер шамаларының өзара қатынасын қарастырайық.
Бұл қатынас бағаның өзгеру, өзгермеуіне тәуелді болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz