Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
2. 2 Қазақстан Республикасының Конституциясы және прокуратура органдарына қатысты мәселелер
2. 3 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі және прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздері
3 ПРОКУРОРДЫҢ АЛДЫН-АЛА ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІГІ
3. 1 Ұсталған адамдарды қамау орындарында, алдын-ала тергеу орындарында, сотпен тағайындалған жазалар мен өзге де күштеу түріндегі шараларды орындау барысында заңдардың орындалуына қадағалау жүргізудегі прокурордың өкілеттілігі
3. 2 Тергеу, анықтау және жедел іздестіру қызметіне прокурордың қадағалау жүргізу мәселелері
3. 3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша прокурорлық қадағалау жүргізу.
4 ПРОКУРАТУРА МЕН АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4. 1 Қылмыстық істі қысқарту мен алдын - ала тергеуді тоқтату кезіндегі прокурордың өкілеттілігі мәселелері
4. 2 Алдын-ала тергеу кезінде тергеушiлер мен анықтама органдарының өзара қатынастары
29
30
33
32
33
36
40
40
40
51
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі прокуратура органдарының орны мен рөлін, мақсаттары мен функционалдық қызметін, оның бағыттарын, біртұтас мемлекеттік билік кеңістігіндегі осы органға тиесілі тепе-теңдік пен тежемелік тетіктерін ашуға бағытталған.
Зерттеудің өзектілігі. Құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды құру жөніндегі Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында айтып өткендей «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету - құқық қорғау органдарының міндеті» болып табылады. (Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 2006 ж. 1 наурыз) [1] .
Сондықтан, заң шығарушының Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында жазаны атқарушы органдар әкімшілігінің заңдардың сақталуын қадағалауды Бас прокурор мен оған бағынышты прокурорларға жүктеуі кездейсоқ емес [2, 98 б. ] .
Бұл тақырыптың өзектілігі қылмыспен күрес жүргізуді мемлекеттің арнайы органдары - сот, прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы, Ұлттық қауіпсздік комитеті жүзеге асырады, алдын - ала тергеуді прокурорлық қадағалау мәселесінде заңдылықты болдырмау жақтарын анықтау болып табылады. Заңнамаларда алдын - ала тергеуді тоқтату түсінігі жоқ, сол себептен ғылымда жалпы осы мәселенің маңызды болуын талап етеді. Соңғы жылдардағы әлеуметтік - саяси және экономикалық өзгерістер заңдары батыл түрде өзгертіп, Конституциядағы көрсетілген құндылықтарға негізделіп жасауды толап етуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8- бабында қылмыстық іс жүргізудің міндеттері айқындалады, яғни қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолану, осыған сәйкес прокурор алдын-ала тергеу сатысында өз өкілеттігі шеңберінде заңның қадағалауын, тергеу әрекеттерінің дұрыс жүргізілуін қадағалайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы бұл диплом жұмысында прокуратура органдарының жұйесі олардың қылмыстық іс жүргізу барысындағы орны кешенді түрде жүйелі зерттелініп отыр.
Елдің құқық қорғау жүйесіндегі орталық орган сөзсіз прокуратура екені анық. Оның негізгі функциясы - қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Құқық қорғау қызметіне қатысты оны үйлестіру функциясының да тиімділігін арттыру, әрине оны құқықтық реттеуді қоса іске асыру бүгінгі күннің талабы- делінді Құқықтық саясаттың тұжырымдамасында.
Конституциялық деңгейде прокуратураның заңдылықты жоғары қадағалайтын орган екені айқындалып, оның қылмыстық қудалауды заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте жүзеге асыруы белгіленді. Қылмыстық қудалауына қатысты оның шектері 21 мамыр 2007 жылғы Конституциялық реформамен нақтыланып, Ата Заңның 16-бабының 2-бөлігінің «заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады» - деген жаңа редакциясына сай, мұндай құзыреттік прокуратурадан алынды.
Диплом жұмысын жазудағы автордың негізгі мақсаты мен міндеттері: прокуратура органдарының жүйесін, олардың қызметінің негізгі бағыттарын анықтау жатады. Қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеу барысында кейде түрлі жағдайлар туындайды, соған байланысты тергеу барысын жалғастыру мүмкін емес, ол жағдайларда қылмыстық істер жүргізу құқық нормалары қолданылады.
Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін:
- Прокуратураның конституциялық-құқықтық табиғатын жүйелі түрде зерттеу арқылы оның мемлекеттік билік аясында алатын орны мен мәртебесін айқындауды;
- Демократиялық, құқықтық мемлекетте заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз етуге арналған прокурорлық қадағалау институтына сұранымдары мен қажеттіліктерін дәйектеуді міндет етіп қойдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Прокурорлық қадағалаудың түрлі мәселелеріне, соның ішінде оның жағдайы мен оның келешегіне, дамыту жолдары мен бағыттарына, тиімділігін арттыруға еңбектерін келесі ғалымдар арнады: Н. А. Абдиқанов, М. М. Алиев, А. А. Альдекеев, И. Ж. Бахтыбаев, К. А. Бегалиев, Қ. Ә. Беков, Т. Қ. Биятов, Е. Г. Джакишев, С. К. Жүрсімбаев, М. Ч. Қоғамов, Қ. С. Лақбаев, Т. С. Матымов, С. С. Молдабаев, Н. В. Мельников, М. С. Нәрікбаев, Г. Х. Насыров, М. О. Нукенов, К. И. Нұржаубаева, А. Д. Оспанов, А. А. Рзаев, Б. Х. Төлеубекова, Р. Т. Түсүпбеков, А. Ж. Тукеев, А. К. Тугел, К. Х. Халиқов, бұл ғалымдардың еңбектері прокурорлық қадағалаудың бүгінгі күнгі мәселелерін кешенді зерттеуге теориялық база болып саналады.
Диплом жұмысының объектісі мен пәні. Зерттеудің объектісі болып прокуратураны ұйымдастыру мен қызметін атқаруы барысында, яғни прокурорлық қадағалауды жүргізу кезінде қалыптасатын құқықтық қатынастар табылады. Ал, зерттеу пәніне прокуратура мен прокурорлық қадағалауға бағытталған теориялық жасалымдар мен Қазақстан Республикасының прокуратура туралы және прокурорлық қадағалау мен қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заңнамасы, оны қолдану тәжірибесі, сондай-ақ осы саладағы құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі жатады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттарына, міндеттеріне негізделген, өзара үндес. Жұмыста: кіріспе, он тараушаларды біріктіретін 4 тарау; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды. Жұмыстың жалпы көлемі мұндай ізденістерге қойылатын талаптарға сай келеді.
1 ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. 1 ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
Қадағалау функцияларын іске асыратын бөлімшелер мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау органдарының бір жүйесінде біріккен. Сондықтан прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлық қадағалау органдарының жүйесі деген әртүрлі ұғымдар бар. Соңғысы - прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т. б. білдіреді.
Прокуратура органдарының жүйесі туралы мәселелерді қарастыра отырып, жүйе деп өзара байланысты және тұтас бірлікті білдіретін көптеген элементтерді атайтынын атап ету керек. Осыған байланысты прокуратура органдарының жүйесі тек оның органдарын құрайтын жиынтық ғана емес, сондай-ақ құрылымдағы алатын орны, өзара қарым-қатынасы, олардың ұйымдастыру байланыстары мен басқару қатынастары деп түсінуіміз керек.
Прокуратура органдарының жүйесі мынадай аудандық, қалалық, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы сияқты звенолар мен деңгейлерден тұрғандықтан оның ұйымдастыру құрылымындағы басшылық сатысы мен басқару сатысын ажырата білу керек. Осы жағдайда прокуратура органдарының басқару құрылымы негізінде үш бөлімді деп қабылдауға болады.
Прокуратура органдары қызметтері міндеттерінің күрделенуі, мамандандыруды дамыту ұйымдасқан құрылымның функциональдық дамуын ескертеді. Мұндай құрылымның құрамды элементтері белгілі бір қызметтің белгілі бір түрінде мамандандырылған органдар, бөлімшелер, құрылымдық бірліктер болып табылады. Оларға арнаулы объектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жеке салалары шегінде анықталатын прокурорлық қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау, көлік және басқа прокуратуралар жатады [3, 142 б. ] .
Функциональдық құрылымын құрайтын элементтерден басқа аудан және Кала прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, прокурорлар, облыс прокурорлары, бөлімдердің және басқармалардың аға прокурорлары, Қызметтің негізгі бір түрімен өзара байланысты және біріккен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департаменттер мен басқармалар, бөлімдердің көмекшілері мен аға көмекшілері.
Бірбағытты басшыларға аудандардың, қалалардың прокурорлары, облыс прокурорлары, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары жатады. Функционалдық басшыларға облыс прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшілері мен аға көмекшілері.
Прокуратура органдарының басқару құрылымына белгілі ерекшеліктерді басқарма (департамент) және бөлім прокурорлары мен аға прокурорларының, ҚР Бас прокуратурасы және облыс прокурорларының қызметтері енгізеді. Бір қарағанда, олар тек прокурорлық қадағалаудың белгілі бір саласы бойынша ғана мамандар болып табылады және содан соң ғана олар еңбек етіп жатқан бөлімшелер бастықтары тапсырған кейбір басқарма функцияларын орындайды.
Екінші ұйымдастыру-басқару байланыстарына реординация (қайта тәртіпке келтіру) қағидаттары негізіндегі байланыстар жатады. Прокуратураның ұжымы тұтасымен немесе оның бөлімшелері және жеке қызметкерлері басқару қатынастарын тудыруға, реттеуге және бұзуға және прокуратура органдарының мақсатты қызметіне маңызды әсер ететін қызметтерінің ішкі міндеттері мен мақсаттары, талап етушіліктері мен мүдделері болады. Мұндай жағдайда басқарудың субъектісі мен объектісі арасында "төмен-жоғары" түріндегі байланыстардың туындауын сипаттайтын кері әрекеттер болуы мүмкін. Нақты шешім қабылдаудың бастамашысы төменгі тұрған прокурор болған кезде осындай әрекеттердің туындауы мысал болады. Жанама түрде бұл заңда белгіленген олардың қызметтерінің кейбір бағыттары бойынша төменгі тұрған прокуратуралар өкілеттіліктерінің мазмұнымен дәлелденеді. Әсіресе мұндай ұйымдастыру қатынастар прокуратураға немесе бөлімшелерге бейресми басқару құрылымдары қатты әсер еткенде байқалады [4, 64 б. ] .
Прокурорлық қадағалау органдары жүйесінің ұйымдастыру құрылымдарында қолданылатын байланыстардың үшінші түрі "субъект-субъект", "объект-объект" түріндегі байланыс. Байланыстың бұл түрі басқару субъектілері мен объектілерінің үйлестіру қағидаттары немесе әрекет етуілеріне негізделген. Мұндай байланыс оның элементтерін құрайтын ерікті әрекет ету есебінен прокуратура органдары жүйесінің жеке бөлімдерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Осындай әрекет етуге негізгі жағдай жасайтын факторлары бірлескен құндылығы болып табылады. Олардың өздері прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес бөлімшелері немесе жеке қызметкерлердің белгіленген бағытта қимыл жасауларына, прокуратура органдары жүйесінің алдына қойылған міндеттерді шешуге мәжбүрлейді.
Байланыстың осы түрінде прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес лауазымды адамдардың арасындағы, аудандық және калалық прокуратуралардың, облыстық прокуратура органдарының ішкі бөлімдері мен басқармаларының (департаменттерінің), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы аппаратының арасындағы өзара қарым-қатынастар жасалады.
Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті, Жарлықтарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына жалпы қадағалауды прокуратураның құқықтық актілерін шығару арқылы жүзеге асырылады.
Прокуратураның құқықтық актілері екі топқа бөлінеді:
- прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңға түсіндірме;
- прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
Прокурор Қазақстан Республикасының Конституциясына заңдарына және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық жасайды.
Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға беріледі. Лауазымды адамның заңсыз шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық нақ осындай тәртіппен жасалады.
Прокурордың наразылығын тиісті орган немесе лауазымды адам 10 күнде қаралуға тиіс. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күні туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
Наразылықта прокурор заңсыз актінің күшін жоюды немесе оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтіруді, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерін тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.
Прокурор наразылық жасалған актінің немесе іс-әрекеттің орындалуын наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға құқылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.
Прокурор өз құзыреті шегінде мынандай жағдайларда ұсыныс енгізеді:
- заңдылықты бұзуды болдырмау туралы;
- қылмыс жасауға және басқа тәртіп бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы;
- ҚР-сы Конституциясына сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелері бойынша;
- заңмен тыйым салынбаған басқа да жағдайларда [4, 97 б. ] .
Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға, ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды міндетті түрде қабылдай отырып, бір айда қарауға тиіс.
Прокурор ұсынысты қарауға қатысуға құқылы. Ұсынысты қараудың нәтижелері және қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарланады.
Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде қаулы шығарады.
Прокурор заңның қолданылуына тексеру жүргізу туралы, заңсыз құқықтық актіні алдырып тастау, қарау, арест салу туралы, тыйым салу, шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшін тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткізу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.
Прокурордың қаулысын уәкілетті орган немесе лауазымды адам заңмен белгіленген мерзімде, ал мұндай мерзім болмаған жағдайда прокурор белгілеген мерзімде міндетті түрде орындауға тиіс. Қаулының орындалу нәтижелері туралы прокурорға дереу хабарланады.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының жүйесін Бас прокуратура облыс прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да арнайы прокуратуралар құрайды [5, 115 б. ] .
Арнайы прокуратураларды ұйымдастыру мен қызметін жүргізудің қажеттілігі арнаулы саладағы спецификалық заңдардың сақталуы қажеттілігінен туындаған.
Арнайы прокуратуралардың органдары жалпы республикалық прокурорлық жүйенің ажырамас элементі болып табылады.
Қазіргі кезде қызмет жүргізетін арнайы прокуратуралардың екі тобы ажыратылады:
- Әскери, көліктік прокуратуралар (өз саласында прокурорлық қызметтің барлық түрлерін жүргізеді) .
- табиғатты қорғау прокуратурасы
Арнайы прокуратуралардың қызмет етуі -құқықтық қатынастардың спецификалық салаларында аумақтық қағиданың жүзеге асырылуының негізгі нысаны болып табылады.
Арнайы прокуратуралар басқа аумақтық прокуратуралардың қызметін ауыстыра алмайды.
Әскери, көліктік және табиғатты қорғау прокуратураларын құру құқықтық қатынастың спецификалық салаларындағы үнемі қажеттіліктен туындаған.
Арнайы прокуратураларды құру жүйелілік қағидасына сәйкес қызмет етуі қажет, себебі олар біркелкі прокуратура органдарының жүйесін құрайды.
Әскери прокуратураны Бас әскери прокуратура басқарады ол ҚР-сы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Әскери прокуратураның органдары ҚР-сы Қарулы күштерінің қағидаларына сәйкес құрылады. Бас әскери прокуратура органдары: әскери округ прокуратуралары, шекара қызметінің әскери прокуратурасы, гарнизон прокуратурасы. Әскери прокуратураның барлық органдарын ҚР-сы Бас прокурорының орынбасары Бас әскери прокурор басқарады.
Әскери прокуратураның құрылымын және штатын ҚР-сы Бас прокуроры белгілейді.
Бас әскери прокурор Бас прокурордың ұсынысымен қызметіне тағайындалады және босатылады (5 жылға тағайындалады) . Әскери прокурор жоғары тұрған прокурорға және Бас прокурорға бағынышты болады.
Әскери прокуратураның құзыреті әскери басқарманың барлық органдарына тиісті болады (әскери бөлімдер, әскери мекемелер, әскери-оқу орындары, қорғаныс министрлігінің бөлімдері, республикалық шекара) .
Әскери бөлімдер прокуратурасы. Жабық аумақтық-әкімшілік бірліктерде әрекет етеді. Әскери бөлімдер прокуратурасының органдары арнайы режимдегі объектілерде жасалған қылмыстар туралы барлық істерді қарайды.
Табиғат қорғау прокуратуралары аумақтық прокуратуралар экология саласында барлық міндеттерді орындай алмағанда құрылады. Табиғат қорғау прокуратураларды облыс прокуратуралардың негізінде құрылады және әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Прокуратура туралы» Заңына сәйкес заңдардың нақты орындалуына прокурорлық қадағалау жүргізу мемлекеттік қызметтің дербес саласын құрайды.
Прокурорлық қадағалау пәнінің жүйесі: жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлемде: прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы, прокуратура органдарының қалыптасу тәртібі, прокурорларға қойылатын талаптар реттеледі.
Ерекше бөлімде: прокурорлардың қадағалау және басқа салалардағы өкілеттіктері, мақсаттары мен негіздері көрсетіледі.
Заңдардың нақты, біркелкі орындалуын қадағалау прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Прокуратура осы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Мемлекеттің заңдылықты нығай тудағы негізгі мақсаты мынада:
- ағымдағы заңдылықты одан әрі нығайту мен кеңейту.
- жалпы мемлекеттік және құқықтық заңдылықтың сақталуына кепілдік беруді нығайту.
- сот, прокуратура, ішкі істер мен құқық қорғау органдарының қызметтерін нығайту бойынша шаралар қабылдау.
- қылмыстылық пен басқа да құқық бұзушылық әрекеттерге қарсы күресті нығайту.
Осы аталғандар, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен заңдылықтың нығаюына ықпалын тигізеді.
Прокуратура ұғымы латының ( procuro ) - қамтамасыз етемін алдын-аламын деген сөзінен шыққан [6, 14 б. ] .
Прокуратура органдарының мақсаттары ҚР-ң «Прокуратура туралы» заңында нақтыланған. Прокуратура органдарының негізгі мақсаты:
- заңның жоғарылығын (верховенство) қамтамасыз ету.
- заңдылықты нығайту;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау.
Жалпы қадағалау саласындағы прокуратураның мақсаты: мемлекеттік органдардың шығарған құқықтық актілері ҚР-ң Конституциясы мен басқа да заңдарына, ҚР-ң Үкіметінің қаулыларына сәйкес келуі қажет.
Алдын-ала тергеу органдарының заңдарды орындауын қадағалау саласындағы мақсат:
- әрбір қылмыс тез және толық ашылу қажет
- қылмыс жасаған әрбір тұлға жауаптылықтан босатылмауы қажет
- қылмыс жасады деп күдікті адамдарды ұстау заңда көзделген негіздерде және тәріппен жүргізілуі тиіс
- ешкімнің заңсыз және негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылуға немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
- ешкім прокурордың санкциясының немесе сот шешімінсіз бостандығынан айырылмайды.
- қылмыстық істердің заңда көрсетілген тәртіппен қозғалуы қажет [7] .
Соттардың қылмыстық істерді қарауда заңның орындалуын қадағалау сатысында ҚР-ң Бас прокуроры мен оның орынбасарларының алдында келесі сипаттағы мақсаты бар: барлық сот инстанцияларында қылмыстық істердің жан-жақты, толық, объективті және уақытылы қарастыруын қамтамасыз ету; қылмыстық істер бойынша жоғары кәсіби айыптау қызметін көрсету; әрбір қылмыстық іс бойынша заңды негізделген үкім шығару үкімдердің уақтылы және дұрыс орындалуы.
Үкімдердің орындалуы сатысында прокурорлардың мақсаты мынандай: сотталғандарды тиісті режимдегі колонияларға жіберуді қадағалау; сотталғандардың жазаны өтеу кезінде режимнің талаптары мен заңдылығын сақтау, түзеу мекемелерінің әкімшілігі шығарған құқықтық актілердің негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз ету, заңмен анықталған сотталғандардың құқытары мен міндеттерін сақтау, сотталғандарды уақтылы жәненегізімен жазаны өтеуден босату.
Азаматтық іс жүргізуде прокурорлық қадағалау жүргізудің мақсаты: азматтық іс бойынша зерттеуді жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Прокуратура қызметін ұйымдастырудың қағидалары мынадай:
- Прокуратура органдарының бірлігі-ҚР-ң Бас прокуратурасы және оның органдары бірыңғай мемлекеттік жүйені құрайды.
- ҚР-ң прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың саяси партиялары мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге тәуелсіз түрде жүргізеді.
- Прокуратура органдарының қызметіне заңнан тыс жағдайда арласуға жол берілмейді.
- Прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лазымды тұлғалар мен азаматтарға міндетті болады [8, 212 б. ] .
Прокуратура органдарының жүйесін Бас прокуратура облыстық прокуратура, республикалық маңызды қалалық прокуратура, ауданаралық аудандық, қалалық, әскери прокуратура құрайды.
ҚР-ң Бас прокуратурасын Бас прокурор басқарады.
Бас прокурордың бірінші орынбасарымен орынбасалары болады.
Бас прокуратураның құрылымы мен оның қызметкерлерінің құзыреті Бас Прокурормен анықталады.
Бас прокуратура:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz