Қазақ философиясы және Абай туралы ақпарат



1. Қазақ философиясы және Абай
2. Адам... жылап туады, кейіп өледі (төртінші сөз)
3. Тіл жүректің айтқанына көнсе (он төртінші сөз)
4. Өзіңнен өзің есеп ал! (он бесінші сөз)
5. Қазақтың кеселді қылықтары (отыз үшінші сөз)
6. Ғұмыр өзі . хақиқат (отыз сегізінші сөз)
Қазақ философиясы дегенде біз, ең алдымен, басты-басты екі проблеманы анықтап алуымыз керек. Олар қазақ философиясының генезисі (шығу тарихы) және қазақ философиясының басталуы.
Қазақ философиясының мазмұны оның генезисі және басталуы арқылы айқындалмақ. Себебі, әрбір ұлттық философияның бір-бірінен өзгешелігінің өзі осы, оның генезисі мен басталуында. Мен осындай ізденіске түскенде көзімнің айқын жеткені қазақ философиясын еліктеуге салынып өзге ұлттар, халықтар философиясының үлгісіне салмай, өзіне тән менталитетінен шығарсақ, біз Абай дүниетанымын аттап өте алмаймыз. Сонымен қазақ философиясы үлкен әңгіме Абайға тіреледі.
Абай философиясының арқауы – адам. Бұл жаңалық емес. Барлық даналар сөздері адамға арналған. Бірақ, ақын адам туралы сөзді айта келіп, оны Алланың сөзіне тірейді. Сонда Алланың сөзі бар, Адамның сөзі бар. Мәселе сөзде. Платон идея десе, Абай Алла сөзі дейді.
Абай бұл тұста Алланың сөзі аксиома, сен оны ұқ, қабылда деген діни дәстүрдегі қарадүрсіндікке салмайды, ол Алланың сөзі рас, бірақ оның растығы адамның сөзі арқылы расталмақ деген өте терең философиялық концепция ұсынған.
Абай дүниетанымын зерттеуде қандай тәсіл қолдандық дегенге келсек, негізінен оның өзі қолданған тәсілді алдық. Ақын алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды – бірлік, ырыс алды - тірлік» деген мақалына өзінше түсінік береді. Жиырма тоғызыншы сөзінде де мақалдарға түсінік берген. Мұндай тәсілді Еуропада герменевтика деп атайды. Ол тек метод емес, әрі философия.
Герменевтика тек Абай емес, қазақ дүниетанымын, философиясын тануда өте тиімді тәсіл. Себебі, қазақ философиясы герменевтикалық мазмұнда. Қазақша ойлау жүйесі астарлап сөйлеуге негізделген. Мысалға, билерді алсақ та жеткілікті. Сондықтан алдағы уақытта герменвтика мен диалектика немесе герменвтика мен метофизиканың байланысын ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі бар.
1. Ғарифолла Есім, Сана болмысы 2, Алматы, Ғылым, 1996.
2. Ғарифолла Есім, Сана болмысы 8, Алматы, Қазақ университеті, 2001.
3. Ғарифолла Есім, Хакім Абай,

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Қазақ философиясы және Абай
2. Адам... жылап туады, кейіп өледі (төртінші сөз)
3. Тіл жүректің айтқанына көнсе (он төртінші сөз)
4. Өзіңнен өзің есеп ал! (он бесінші сөз)
5. Қазақтың кеселді қылықтары (отыз үшінші сөз)
6. Ғұмыр өзі – хақиқат (отыз сегізінші сөз)

Қазақ философиясы және Абай

Қазақ философиясы дегенде біз, ең алдымен, басты-басты екі
проблеманы анықтап алуымыз керек. Олар қазақ философиясының генезисі (шығу
тарихы) және қазақ философиясының басталуы.
Қазақ философиясының мазмұны оның генезисі және басталуы арқылы
айқындалмақ. Себебі, әрбір ұлттық философияның бір-бірінен өзгешелігінің
өзі осы, оның генезисі мен басталуында. Мен осындай ізденіске түскенде
көзімнің айқын жеткені қазақ философиясын еліктеуге салынып өзге ұлттар,
халықтар философиясының үлгісіне салмай, өзіне тән менталитетінен шығарсақ,
біз Абай дүниетанымын аттап өте алмаймыз. Сонымен қазақ философиясы үлкен
әңгіме Абайға тіреледі.
Абай философиясының арқауы – адам. Бұл жаңалық емес. Барлық даналар
сөздері адамға арналған. Бірақ, ақын адам туралы сөзді айта келіп, оны
Алланың сөзіне тірейді. Сонда Алланың сөзі бар, Адамның сөзі бар. Мәселе
сөзде. Платон идея десе, Абай Алла сөзі дейді.
Абай бұл тұста Алланың сөзі аксиома, сен оны ұқ, қабылда деген діни
дәстүрдегі қарадүрсіндікке салмайды, ол Алланың сөзі рас, бірақ оның
растығы адамның сөзі арқылы расталмақ деген өте терең философиялық
концепция ұсынған.
Абай дүниетанымын зерттеуде қандай тәсіл қолдандық дегенге келсек,
негізінен оның өзі қолданған тәсілді алдық. Ақын алтыншы қара сөзінде
қазақтың Өнер алды – бірлік, ырыс алды - тірлік деген мақалына өзінше
түсінік береді. Жиырма тоғызыншы сөзінде де мақалдарға түсінік берген.
Мұндай тәсілді Еуропада герменевтика деп
атайды. Ол тек метод емес, әрі философия.
Герменевтика тек Абай емес, қазақ дүниетанымын, философиясын тануда
өте тиімді тәсіл. Себебі, қазақ философиясы герменевтикалық мазмұнда.
Қазақша ойлау жүйесі астарлап сөйлеуге негізделген. Мысалға, билерді алсақ
та жеткілікті. Сондықтан алдағы уақытта герменвтика мен диалектика немесе
герменвтика мен метофизиканың байланысын ерекшеліктерін зерттеу
қажеттілігі бар.
Біз метафизиканы тек диалектикаға қарсы мәнде қолданып келдік, әрине
бұл қате. Ойлаймын, қазақ философиясының метофизикалық мазмұны, сірә әрі
тың, әрі құнарлы тақырып.
Міне, Абай дүниетанымы туралы осылайша біраз мәселелерге барғанда
қазақ философиясының бастауы, яғни көзі анықталады, ал одан қазақ
философиясының генезисіне бойлауға мүмкіндік ашылады. Қарапайым тілмен
айтсақ. Абай дүниетанымын тану – қазақ философиясын танудың кілті. Бұл бір
мәселе.
Екіншіден, Абайдың дүниетанымын ашатын ұғымдар мен түсініктер қазақ
философиясының ғылыми терминдеріқызметін толығымен атқара алады,
ондайлардың ұзын саны 200-ден асады.

Адам... жылап туады, кейін өледі.
(төртінші сөз)
Абайдың бұл сөзі былай басталады: әрбір байқаған адам білсе керек:
күлкі өзі бір мастық екен. Ал мас кісіден қандай сұрау бар?мас кісі деген
мазасыз адам сонда Абай неге осылай айтып отыр? Жалпы күлкі деген адам
баласы үшін керек нәрсе ме, керегі жоқ нәрсе ме? Мен ойлаймын күлкісіз адам
баласы болмақ емес. Абай бұл жерде тек мақсатсыз күлкіні кәсіпке
айналдырған адамды айтып отыр. Күлкі адам баласының ең асыл қасиеттерінің
бірі. Күлкісіз өмір жоқ. Біз күлкіні түсіндіруде оның қарама-қарсы ұүғымын
пайдаланайық. Оның қарсы ұғымы – уайым.кісі өзі уайымның мәнін күлкі арқылы
білдірсе, күлкінің мәнің уайым арқылы анықтамақ. Сонда күліп мас болып
жүрген ол қандай адам деген мәселеге келегенде Абай осылайша тереңдей
береді. Сондықтан да күлкі мен уайым туралы бірге айтпақпыз.
Адам әманда тылсым табиғаты мәңгі жұмбақ болып қала берерлік
құбылыс. Абай осы тылсым құдіреті иесінің екі күйіне талдау берген. Олар
күлкі және Қайғы. Дүниеде күлмейтін не қайғыланбайтын жан бар ма? Бұл алма
кезек болатын көңіл күйлері емес пе?
Абайдың айтып отырғаны өзгеше мәселе. Өмір күлкіге салынып қайғы
ойламайтын: қаңбақ жандар болады, күлкіне біле білмеймін мұнды жандар
болады. Абайдың пайымдауынша, күлкінің өзі мастық, ал мас адамның әрбір
сөйлеген сөзі бас ауыртады. Күлкіге құштар адам шаруадан, яғнм аадал
қарекетінен қалмақ. Уайым-қайғы ойлағыш адам о дүние шаруасына да
ахиреткеде жинақырақ болады . бірақ адамның күлмей үнемі қайғыда жүруі
мүмкін емес. Ондай адам іш құса дертіне душар болмақ. Күлкі жауып өткен
жаңбырдай көңіл күйін шайып өтеді. Күлкісіз тірлік жоқ. Абай осы мәселенің
шешуін ұсынады.
Ақын надан адамның қылығына күлсең рахаттанып күлме,ыза болғаннан
күл, оның өзі қайғы, жақсы жанның қылығына күлсең рахаттанып, жақсыдан
ғибрат алдым деп күл дейді. Расында дүниеге жылап келіп, кейіп өтетін
жанның өмірі қарекетсіз, тек күлкімен өтеді дегенге кім сенбек. Болмыстың
мәнін түсінбеген адамда уайым-қайғыбола да қоймайды., олай болсаондай жанда
сана жоқ. Ішкеніне, жегеніне мәз, қуыс кеуде.кейбіреулері ойласа керек,
малым бар, не болса соны сатыпалам деп. Рас, дүние кірін сатып алуға
,біреуге пара беріпғаділет жолынан тайдыруға ондай жанның күші жетпек,
бірақ адамның түптің түбінде басына түсер таусыншақ күн туғанда, ол бір
күндік ғұмырға зар болмақ.
Осы іс мәнісін ұққандықтың өзі адамға ой салатын, адал қаракетке
бастайтын қайғы емес пе?
Өлімнен Қорқыт бабамыз да қашып құтыла алмаған. Түсінген адамға өлім
қайғы емес, өмір уайым. Осындай жағдайларды түйіндей келе Абай: Әуел
құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйініп, еңбегінді сау, еңбек қылсақ,
қара жер де береді құр тастамайды - дейді.
Адам өз қайратына сүйеніп қаракет етсе, күкінің де қайғының да
мәнісіне түсінбек.

Тіл жүректің айтқанына көнсе
(он төртінші сөз)
Абай жүректің физикалық тұрғыдағы қызметін емес, адамның рухани
болмысындағы орнын айтып отыр. Біз жүрек дегенге көңіл бөлмей келгенбіз.
Оның орнына сана дедік, ақыл дедік соның бәрін де миға басқа байланысты
айтатынбыз. Абайдың анықтауында адамның болмысындағы ең аяулы жері – жүрек.
Ол былай дейді: біз қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан
басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымсыздық мейірбандық әр
түрлі істе адам баласын өз бауырым деп өзіне ойлағандай ойды оларға да
болса игі демек еді, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та жүрек іс. Ол жүректі
адамдық мәселелермен байланыстырып отыр.
Жүректі ұялап тұрған нәрсе – сана. Абайдың сөзіне көңіл бөлсек: тіл
жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Қандай мағыналы сөз. Қызыл
тілде сүйек жоқ, не оралды - соны айта салады. Тіл сонысымен басқа пәле
үйіріп алмақ. Ал сөз жүректен шықса ше? Қазақ айтпай ма, жүректен шыққан
сөз жүрекке жетеді деп.
Жүрек туралы қазақ көп айтады, бірақ оның баршама қажеттерін
парықтамайды. Жүректі кісі деп ел көбіне батыр адамды айтады. Ал жүректілік
жігерліліктен, қайраттылықтан, ақылдының сөзінеиланудан аңғарылатынынамән
бере білмейді. Жігер , қайрат дегендер әділдікті іске асыратын қасиеттер.
Абай жүрек туралы сөзді тын арнаға салады: айтқанға көнгіш, бойымен
жаманшылдықтан тез жиып алғыш көштің соңынан итше ере бермей, адасқан
көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге,
қиын да болса мойындау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан
батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз осы жерде адасқан
көптің атының басын бұратын сол жүректі адам екенін көріп отырмыз. Адасқан
көпті бұру үшін жай батырлық жеткіліксіз. Ол көптің адасқанын білуі және
дұрыс бағытты білуі керек. Бұл жүректі адамның ғана қолынан келеді. өйткені
көпті бұру үшін көптің мінезін біліп қана қоймай, оған қоса қайрат, қуат
керек және көпке деген ықылас-мейірбандық керек. Міне, жүректілік деген
осы. Ол адам осы қадамдарының бәрін жүректің бұйрығымен істеп тұр. Жүректің
құдіреті осындай, деп отыр Абай.

Өзіннең өзің есеп ал!
(он бесінші сөз)
Өмірде ақылды кісі бар, ақылсыз кісі бар. Оларды бір-бірінен қалайша
ажыратуға болады. Абай айтуынша: Әуел - пенде адам болып жаратылған соң,
дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін
іздеген кезі өмірінің ең қызықтыуақыты болып ойында қалады. Демек адамдар
бір-бірінен дүниедегі ешнәрсе арқылы ерекшелінеді.
Адам дүниеге қызықпаса өмірдің сәні болмайды. өмірге қызығу адамның
ең басты шарты. Дүниенің қызығы адамды алға жетелейді, бойындағы қадір-
қасиетті айшықтайды. Қызық нәрсе танымнан басталады. Баланың тілі шығып,
ойынға, оқуға енген езінен бастап дүниеге қызығы басталады. Жас жетіле келе
сол қызық нәрсені іздеген уақыты еске түсе береді. Міне осы тұста есті
кісімен есер кісіні ажыратуға болады. Есті адам өмірінің әр күнін босқа
жібермей, тиянақты іс атқарып, қызықты нәрселерді өз өмірінің қызығына
айналдырып, өткен өмірінде өкініш болмайды. Есер адам болса, баянсыз істер
атқарып, қызықты нәрселерді құнсыздандырып, өмірін босқа өткізіп өкінумен
болады. Мұндай жандар жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып
алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп бірер
қызықты қуғанда-ақ мойыны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға
жарамай қалады екен. Талапқа қайрат қылу үшін ақыл керек. Ақыл
дегеніміздің өзі дүние қызығын парықтау арқылы анықталмақ. Бағасыз құнсыз
нәрселерді қызықтап ғұмыр кешу надандық. Нағыз қызықты қызықтау
салауаттылық. Сонда қызық дегеніміздің өзі не?
Абай қызықты дүниетанымның ұғымы ретінде қолданған. Ол қызық
дегенде адамның адамшылық болмысын ашатын оның іс-әрекетін айтқан. Айталық,
өмірдің бір қызықғы бала деген. Балалы болу, оны тәрбиелеу қызық. Ретімен
жас кезінде ойнап-күлу де қызық. Алғыр, албырт жас кезде білімге ұмтылу
өмірдің өз заңдылығы. Қызықты өмір сүру үшін талап аз, оған қоса қайрат
керек. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Демек, есті (ақылды) кісінің
талабына қайратты сай болу қажет. Пенде болған соң адам әр нәсеге қызығады.
Ақын құмарлық дертке айналып, оған жетемін деп жүргенде бір мастық пайда
болады екен дейді. Ал бұл мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін
байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, ананы, мынаны дегізіп,
бойды сынататұғын нәрсе екен. Адамның мастықтан (әйфориядан) аман болуы да
қиын іс. Мсатық кейде желік туғызады, көпірме бос сөздікке апарады, оған
қимыл іс-әрекеттер жасатады. Сондықтан Абай адамдардың өзіне-өзі сын
көзімен қарауын ұсынады: егерде есті кісілердің қатарында болғын келсе,
күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіннен
өзін есеп ал!сол алдынғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен,
не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей
қылықпен өткізіпісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей
қалыппысың?
Әрине ақылсыз, есер кісінің мұндай шаруамен ісі жоқ, өмірінің
қызықты шағын итқорлықпен өткізгені пайда болмайды.
0Абайдың бұл сөзі, әсіресе философия үшін өте маңызды. Оның дүние
қызығы, құмарлық, мастық деп отырғандары – ұғымдар (категориялар). Мысалы,
қызық деген ұғым туралы көп әңгіме жасауға болады. Қоғамдық ойлау
жүйесінде аксиологиялық деген білім саласы бар. Оның зарттеу объектісі
орысша айтқанда ценность, қазақша осы Абай айтқан қызық болса керек.

Қазақтың кеселді қылықтары
(отыз үшінші сөз)
Мал бір жұрттық, өнер мәңгілік. Мал керек болғанда қолөнерде қажет.
Қазақтың әулиесі – осы алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнершілер.
Бірақ, Абай: Құдай тағала қолына аз-мазөнер берген қазақтың кеелдері
болады, - деген пікірге келеді. Ол қандай кеселдер десек, олар Абай санап
берген:
1. Талапсыздық. Қолынан келгенге мәз болып, ізденіп өнер
үйренбей, құр мақтанға салыну. Осы білген өнерімде өз
басыма жетеді деп жігерсіздік таныту. өзгелер менен артық-
ау, солар білім жетілдірсем деп талаптанбау. Бұл қазақтың
өнерлі адамының басты кеселі. Мұны Абай талапсыздық деп
атаған.
2. Еріншектік. Бұл да талапсыздыққа байланысты кесел.
Еріншектік – салғырт, кербестікке салындырады, - дейді
абай.
3. Мақтаншақтық. біреулердің дарқансын ғой, шырағым немесе
ағеке, нең кетеді осы ғанамды істеп бер дегеніне маған да
жалынатындар бар екен деп мақтанға салынып кету. Сөйтіп
мақтаншақтар пайдадан қағылып қу тілге алданып өзінің
ауқатын босқа өткізеді.
4. Тамыршылдық. Сәл нәрсеге алданып, жоғары шыққан мәз болып
тамырым досым десе ішкен асын жерге қойып, соның ісімен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Ойлаудың философиялық түрі - сын және күмәндау
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Философия ғылымының әдіснамасы
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Абай философиясы. Абай - қазақ халқының ұлтының және ұлт ретінде өмір сүру құқығының белгісі
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Еркіндік философиясы жайлы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Пәндер