Жүзбелі қондырғылардың класстары және түрлері


“Жүзбелі қондырғылардың класстары және түрлері”
Жоспар
I. Кіріспе . . . 2
II. Негізгі бөлім
1. Теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғылары
1. 1. Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары(БЖБҚ) . . . 3
1. 2. Өздігінен жылжымалы тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨК ЖБҚ) . . . 4
1. 3. Жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары . . . 4 - 6
1. 4. Бұрғылау кемелері (БК) . Тағайындылығы және конструкция ерекшелігі . . . 7
1. 4. 1. Валентин Шашин бұрғылау кемесі . . . 8
1. 4. 2. Технологиялық жабдықтар . . . 8 - 10
1. 5. Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында қолданылатын технологиялық жабдықтар . . . 11 - 14
III. Пайдаланған әдебиеттер . . . 15
Кіріспе
Теңіз мұнай және газ кеніштерінің игеруге арналған техникалық құралдар комплексі көптеген бірегейлі және қымбат бағалы гидротехникалық құрылыстардың типтері мен түрлерінен, геологиялық барлау бұрғылау және мұнай кәсіптік жабдықтардан, байланыс, навигациялау, қоршаған ортаны қорғау жүйелерінен және басқа техникадан тұрады. Оның құрамына жұмыс жүргізілнтін ауданда қоршаған ортаның жағдайларын зерттеуге арналған техника кіреді. Бұл мақсаттарды орындау үшін - қоршаған ортаны комплекстік зерттеу бағдарламаларды және әдістемелерді жасайтын техникалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде ғылыми - зерттеу гидрометеорологиялық станциялар, қадалы құрылыстардағы автоматтық станциялар, батиметриялық жағдайларды зерттеу техникасы, судың химиялық құрамы, толқындаулар, ағыстар және т. б. айналысатын бірнеше ғылыми - зерттеу жұымс орындары, центрлер, мекемелер жұмыс атқарады.
Байланыс және навигациялық техникалық құралдар - аппаратуралық комплекстен, геостационарлық жер серіктері байланысы арқылы көптеген телефондық және телеграфтық үлкен сенімділік дәрежесімен (99, 9%), автоматтық режимде жасайтын навигациялық жер серіктері жүйелерін кең пайдалануға мүмкіндік беретін және т. б. аппаратық комплекстен тұрады.
Геофизикалық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар - геофизикалық кемелерден, ақпараттардыавтоматты өңдеуге арналған көп каналды цифрлі сейсмикалық, кеме бортында деректі материалдарды ЭЕМ енгізуге дайындау және өңдеуді қамтамасыз ететін станциялар, аппараттар мен жабдықтардан тұрады. Жұмыстарды жүргізу координаттарын жер серіктері байланысы арқылы анықтайды.
Терең мүнай және газ ұңғыларын барлама бұрғылауға арналған техникалық қондырғылар (БЖБҚ, ӨК ЖБҚ, ЖБ ЖБҚ, БК), су асты сағалық комплекс;
Геологиялық - инженерлік іздеулер үшін керекті техникалық құралдар - колонкалы бұрғылау құралдары, толық зерттеулердің мәліметтерін ЭЕМ арқылы өңдейтін арнайы кемелер.
Пайдалану, бұрғылау және мұнай мен газды өндіруге арналған техника құрамына - ТТП -ның әр түрлі типтері мен конструкциялары, мұнай мен газды өндіруге арналған жабдықтар, су асты мұнай мен газды өндіруге арналған техникалық құралдар, бақылау және басқару жүйелері, солтүстік және арктикалық акваторияларда мұнай мен газ өндіру және игеруге арналған техникалық құралдар кіреді.
Мұнай мен газды дайындау және тасымалдауға арналған техникалық құралдар - теңіздік гидротехникалық құрылыстар, мұнай мен газды сақтауға арналған жағалық базалар, мұнай мен газ құбырлары, мұнай мен газды тасымалдауға арналған бақылау және басқару жүйелері және т. б.
ТЕҢІЗ ЖҮЗБЕЛІ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
(ТЖБҚ)
1. 1 Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары(БЖБҚ)
Батырылатын ЖБҚ - теңіздің жағалау алқаптарында барлама бұпғылау жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Әр батырылатын ЖБҚ төменгі жағы понтонмен аяқталады. Қондырғылар тұрқы понтондарға құбыплар арқылы жалғасады. Понтонның бірнеше су құйылатын бөліктері бар, олар сумен толтыру (батырғанда), не судан құрғату (көтергенде) үшін сораптармен байланысады. Сораптар понтондпрдың алдынғы жағында екі тірек құбырдың түбінде орналасқан. Су ығыстырғыш құбырлардың диаметрлеріне байланысты батырылатын ЖБҚ теңіз түбіне қондыру жағдайын анықтайды. Батырылатын ЖБҚ үш түрге бөлінеді:
а) Батырылатын понтонды ЖБҚ;
б) Батырылатын понтонсыз, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін ЖБҚ;
с) Батырылатын, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін, понтонды ЖБҚ;
батырылатын понтонды ЖБҚ-ны қолданғанда, өгер тіреу құбырлардың диаметрлері 1 - 2 м болса, олар ЖБҚ теңіз түбіне отырғызғанда, оның орнықтылығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ЖБҚ отырғызу үшін понтондардың бір шетін жынысқа тірелгенше қисайтып, содан кейін понтондардың бос бөліктерін сумен толтырып, олардың теңіз түбіне толық отыруын қамтамасыз ету қажет. Егер құбырлар диаметрі 4 - 8 м болса, мұндай диаметрлі құбырлар ЖБҚ батырғанда орнықтылықты қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайда понтондар және жоғары палубалар, бату кезінде су бетінде параллель күйінде теңіз түбіне отырғанша қозғалады.
Мұндай ЖБҚ теңіз түбінен жеңіл көтері үшін, понтонның астындағы жынысты жуу жүйесін құру керек (тарту үшін, азайту үшін) .
Мұндай ЖБҚ-да понтондар мен қондырғы тұрқы арасында қатаң ьайланыс болғандықтан, олардың ауырлық центрі жоғары орналасады. Сондықтан, тасымалдау кезінде (әсіресе дауылды жағдайда) ЖБҚ-ның орнықтылығы төмендеп, аударылып кету қауіпті туады. Батырылатын понтонды қондырғының құнды жағы - оны теңіз түбіндегі осал жыныстарға орнатса жақсы нәтиже береді. ЖБҚ-ды орнату алдында дайындық жұмыстарын жүргізіледі. ; ұңғы сағасынан 50 м радиус аймағында су тереңдігі, теңіз түбінің жайы және жыныстардың физико - механикалық қасиеттері анықталады.
Батырылатын ЖБҚ-лары жағалаудағы базадан немесе бұрғылау аяқталған ұңғыдан, келесі нүктеге буксирлік кемесімен тасымалданады.
Батырылатын понтонсыз, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін ЖБҚ-ны қолданғаннда ол нүктеге жеткізілгеннен кейін, жылжымалы тіректер теңіз түбіне дейін түсіріледі, одан кейін ол тұрқы тіректер арқылы теңіз денгейінкн қажет биіктікке көтеріледі.
Батырылатын, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін потонды ЖБҚ-ны қолданғанда оны нүктеге жеткізілгеннен кейін, понтондар жылжымалы тіректермен теңіз түбіне дейін түсіріледі де, ол тұрқы тіретер арқылы теңіз денгейінен қажет биіктікке көтеріледі.
Батырылатын ЖБқ-ны пайдаланғанда ең аз су тереңдігі 2, 14 - 3, 0 м, ең көп су тереңдігі 55 м болады. Әлемдік батырылатын ЖБҚ саны 29.
1. 2. Өздігінен жылжымалы тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨК ЖБҚ)
Жүзбелі теңіз бұрғылау қондырғылардың (ТЖБҚ) өндірісте ең көп тараған түрі - өздігінен көтерілетін ЖБҚ. Олардың жалпы саны, әр түрлі мәліметтер бойынша шамамен, ТЖБҚ-ның 64 %-не тең.
Өздігінен көтерілетін ЖБҚ санының өсуін, ең алдымен, олардың жұмыс жығдайларымен түсіндіруге болады. Егер жартылай батырылатын ЖБҚ немесе бұрғылау кемесін қолданғанда, ауа райы нашар болған жағдайда олардың бұрғылау жұмыстарын тоқтатуға тура келсе, өздігінен көтерілетін ЖБҚ мен қандай жағдай болса да жұмыс жұргізуге болады. Себебі олар жұмыс кезінде теңіз түбіне тіреледі де, қондырғының жағдайына толқын мен желдің (жүктемелік) әсері болмайды.
Өздігінен көтерілетін ЖБҚ, алыс қащыққа өз бетімен жүзбегенмен, арнайы тасымалдайтын кемелерді қолданғанда оларды, әр теңіздің акваториясына жылдам жеткізуге болады. Статистикалық мәліметтер бойынша, дүние жүзінде 98 фирмалар 448 өздігінен көтерілетін ЖБҚ пайдаланады.
448 қондырғылардың - 58 (немесе 12, 5%) 1956 - 1969 жж. ; 149 (32%) 1970 - 79 жж. және 246 (53, 5%) 1980 - 86 жж. кезінде құралған. Қондырғылардың бұл түрі 10 - 122 м теңіз тереңдігінде жұмыс жасай алады. Мұндай қондырғылармен әр түрлі фирмалар мұнай мен газды 3100 - 7625 м тереңдіктерде іздестіруде. Бұл тереңдіктерде қондырғылардың 343 (75%) жұмыс жасай алады; 64 (14%) ұңғылардың 1525 - 6490 м тереңдікке бұрғылауға қолданылады. Соңғы жылдары мұндай қондырғыларды тереңдігі 9150 м дейінгі ұңғыларды қазуға пайдаланып жүр, олардың саны 28 (6%) .
1. 3. Жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ЖБ ЖБҚ)
Жартылай батырылатын ЖБҚ-ның жаңа буыны, теңізде бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіруде елеулі әсерін тигізуде, әсірісе ауа райы күрделі аймақтарда. Мұндай ЖБҚ-ның сипаттамаларын таңдау төменгі бөлімдерден тұрады: ережелер мен пайдалану жағдайлары, қоршаған ортаның белгілері, шайқалыс сипаттамалары, платформаға (пылуба үстіне) берілетін жүктеме, қондырғылар түрлерінің құрылымы, энергетикалығ қондырғылар, қозғалтқыш жүйелері, (платформаны болат немесе шыежыр арқан арқылы құрылысқа байлап, ұстау жүйелері, динамикалық позициялау жүйелері) және бұрғылау жабдықтары. Жартылай батырылатын ЖБҚ-ның бұрғылау нүктесінде орнатылған - понтон тұрқының формасына, олрдың арақашықтығы мен диаметрлеріне тығыз байланысты. Мұндай ЖБҚ-ның мүикін тік шайқалысы 1, 8 м шамасында крен мен дифференті + 3 градус шамасында, толқындардың көтерілу биіктігі 12 м шамасында болуы тиіс.
1984 ж күзінде дүние жүзіде, пайдаланыста және құрылыста 179 жпртылай ЖБҚ-ны болады. Алпысыншы жылдарында мұндай ЖБҚ-ның 18 немесе 10, 2% жасалады; жетпісінші жылдарда 89 немесе 49, 8%; ал сексенінші жылдарда құрылыстағы қондырғыларды қоса санағанда 9 немесе 38, 9% тұрғызылған; жетпісінші (18 ЖБҚ), сексенінші (7ЖБҚ) жылдарда өздігінен қозғалатын жартылай батырылатын ЖБҚ-лар тұрғызылған. Бірақ бұларды пайдалану нәтижелері - олардың тиімді еместігін дәлелдеді.
Жартылай батырыдлатын ЖБҚ-ның құрылысын игерумен байланысты ұңғыларды бұрғылауда теңіз суының тереңдігі өсуде. Мысалы 5 жартылай батырылатын ЖБҚ 1000 м жоғары тереңдігінде ал «Генри Гудрич» 3050 м дейінгі тереңдікте жқмыс атқаруда, 183 - 201 м су тереңдігінде 53 ЖБҚ-лары 29, 6%; 244-тен 400 м - 61 немесе 34%, 450 - 500 м - 45 немесе 25, 2%; 610 м жоғары - 20 немесе 11, 2% және 1373 м терең - 5 немесе 2, 8%
Келтірілген мәліметтерге қарағанда сексенінші жылдары тұрғызылған ЖБҚ 450 м теңіз тереңдіктеріне арналған. 1986 ж аяғында «ОДЕКО» фирмасының жобасы бойынша тұрғызылған - бірінші жартылай батырылатын ЖБҚ-сы пайдалануға берілді (құны 20 млн. дол. ) . Ол Мексика шығанағында тереңдігі 7625 ұңғыларды - 915 м теңіз тереңдігінде қазуға арналған. Қондырғыны бұрғылау нүктесінде ұстау жағдайын динамикалық позициялау жүйесі қамтамасыз етеді.
1990 ж Америка компаниялары Норвегиялық әріптестерімен бірігіп, аса терең теңіз суларында (Мексика шығанағының Америеа бөлігінде) бұрғылау үшін жартылай батырылатын ЖБҚ шығарады. Жаңа қондырғы «Америка» деп аталады. Оның қысқаша техникалық сипаттамасы:
1. Қондырғыны пайдалану кезінде су тереңдігі 610 м зәкірленген жағдайда; 914 м зәкірленген жағдайда және рульдеу құрылғысын пайдаланғанда; 1830 мдинамикалық позициялау жүйесін қолданғанда.
2. Бұрғылау тереңдігі 7620 м
3. Сақтау ортаның сыйымдылығы - үйінді материалдарға 540 м 3 , сұйық бұрғылау ерітінділері 668 м 3 , ауыз суы 500 м 3 , тұзды су 600м 3 .
4. Бұрғылау жабдығы: лебедка - қуаты 1491кВт, үш бұрғылау сорабы, құбырларды беруге арналған толық автоматтандыру жүйесі, райзерді 556 кН күшпен керуге арналған 16 құрылғылар, 6 - алғашқы қозғалтқыштар, жалпы қуаты 25400кВт.
5. Мұнара биіктігі 53 м, статикалық жүк көтергіштігі 907 т. Аспаптың жоғары жетекші жүйесі бар.
6. Превенторларжәне райзер. Төрт 476 мм қыстырмалы превентор блогы, қысымы 103 МПа (бағыттаушы арқансыз қондырылады), 553 м райзер - пенопластық және ауалық қалытқы элементтермен жабдықталған.
1. 4. Бұрғылау кемелері (БК)
Тағайындылығы және конструкция ерекшелігі
Бұрғылау жұмыстарының жағалық базалардан алыстауы, тасымалдау қиындығы және жылдамдығының аздығы, сонымен қатар шамалы автономдылығы (дербестігі) жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылардың қолдану тиімділігін төмендетеді. Сондықтан жағадан қашық аудандарда іздеу және барлау ұңғыларын қазу үшін бұрғылау кемелерін қолданылады.
Бұрғылау кемесінің конструктивтік ерекшелігі - палубада жабдықталған төменгі жағында негізі бар бұрғылау мұнарасының, ал кеме ішінде және палубада теңіз акваторияларында мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауды қамтамасыз ететін, бұрғылау кешендері мен басқа технологиялық жабдықтар жүйелерінің орналасуы.
Әдетте бұрғылау мұнарасын кеменің орталық бөлігіне қондырады және ұңғыны кемеде орналасқан шахта арқылы бұрғылайды. Кейбір кемелерде бұрғылау мұналары ұңғыны қазып біткеннен соң арнайы құрылғылар көмегімен түсіріліп көлденең жағдайда келтіріледі, осы арқылы өткелерден өту, жүзу кездерінде кеменің желкенділігінің азайтып ауырлық центрін төмендетеді.
Бұрғылау кемелерін пайдаланудың негізгі режимі ұңғыны бұрғылау болып саналады (кемені пайдаланудың барлық уақытының 85 - 90%) . Сондықтан тұрақтың формасы мен басты өлшемдерінің қатынасының тұрақтылығы тұрар орындарының мүмкіндігінше аз ауысу талаптарынан туындайды. Сонымен қатар, тұрақтың формасы 10 -14 узел (1 узел-1, 85 км/сағ) ауысу жылдамдығына сәйкес одан да көп болуы керек. Бұрғылау кемелерінің ерекше белгісі - кеме енінің оның шөгуіне қатысты ең аз дегенде 3 - 4 тең. Оның үстіне бұл қатынастың әрі азаю тенденциясы байқалады (Пеликан, Сайпем -П және тағы басқа кемелерде), бұны жұмыс аудандарының ұлғаюымен және кеменің теңізде жүзуге жаралымдығы талаптарымен түсіндіруге болады. Кеменің басты өлшемдерін таңдау оның жүк - көтергіштігімен сипатталады.
Олар кеменің автономдылығы мен ұңғыларды есептеген бұрғылау тереңдігімен анықталады. Қазіргі бұрғылау кемелерінің дедвейті 5000 - 7000 т дейін жәнеоның құрамына: сұйық отын, сұйық бұрғылау ерітіндісі, ұнтақ тәрізді материалдар, бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін химиялық реагенттер, цемент, ауыз және техникалық су, шегендеуші және бұрғылау құбырлары және басқа материалдар мен жабдықтар кіреді. Мысалы Валентин Шашин кемесінің дедвейті 6990 т.
Бұрғылау кемесінің параметрлері 6 - кестеде көрсетілген.
1. 4. 1 Валентин Шашин бұрғылау кемесі
Дизель - электрлі бұрғылау кемесі Валентин Шашин бұрғылау кемелерінің «IHC» түріне жатады. Ол теңіз және шельф акваторияларының тереңдігі 300 м дейін, тереңдіктері 6500 м дейінгі мұнай мен газ ұңғыларында іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.
Кеме тұрқы, жабдықтар, құбырдар, кабельдер кеменің жоғарғы палубасында орналасқан, олар төмен температураның (-40 0 С дейін) ұзақ әсеріне шыдымды материалдардан жасалған. Шағын материалдардың қоплары, азық - түлік, тұщы су және тағы басқа кеменің 100 тәулікке жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Кеменің жүзуі және метеорологиялық жағдайларда кемемен бұрғылау жұмыстарының қамтамасыз етілуі көрсетілген.
Ұңғыны бұрғылау кезінде, кеменің ұңғы центірінен максимал ауытқуы су тереңдігінің 0 - 5%, ал бұрғылау тізбегі ұңғы ішінде болғанда (бұрғылау жүргізілмегенде) су тереңдігінің 5 -10% аралығында белгіленген. Шек қойылған пайдалану ауданында кемені пайдалануға болатын ауаның ең төмен температурасы -25 0 С. Судың ең үлкен температурасы +32 0 С және ең төмен температурасы -3 0 С.
Кеменің қауіпсіздігі, оның тұрқының ортанғы бөлігінің екі қабырғалы етіп жасалуы жақсартылып құтқару құрал - жабдықтары 100 адамға есептелген. Фекальды - ағын сулар екі биологиялық тазалау қондырғыларында өңделеді. Өңдеуду бөлінген қалдықтар контейнерлерде жинақталып мезгіл - иезгіл жағаға щығарылып тұрады.
Бұрғылау ерітіндісінен бөлінген мұнай факельдегі арнайы форсункада жағылады. Бұрғылау кемесі үш бөліктен тұрады (4 - сурет)
1. 4. 2. Технологиялық жабдықтар
Теңіз мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясының құрлықта қазылатын ұңғылардан негізіне айырмашылығы жоқ. Бірақ, теңіз жүзбелі қондырғыларынан (БК, ЖБ ЖБҚ) ұңғыны бұрғылаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Бұрғылау кезінде ұңғының үстіне орналасқан және теңіз түбіне бекітілген бұрғылау кемесі, су астындағы атқылауға қарсы қолданылатын саға жабдықтарын біршама қозғап тұрады. Бұрғылау тізбегінің ауысуын жою үшін, тәл блогы мен ілмек арасында арнайы құрылғы тік ауысуларды теңелту компенсаторы қойылады. Кеменің көлденең қозғалыстары, су астындағы атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтар мен қондырғы палубасының арасына орнатылған, судан бөлектейтін тізбек (қадауша) арқылы жойылады.
Бұрғылау мұнарасы - бұрғылау кезінде және ұңғыны қазумен аяқтап басұа жаңа нүктеге көшкенде де, шайқалыстан пайда болатын қосымша динамикалық күштердің әсерінен де болады.
Ұңғыны жуу айналым жүйесінде, бұрғылау ерітіндісін тазарту және дайындау жабық және тұйық жағдайда орындалады. Өйткені ашық науа жүйесін қолдану, кеменің шайқалуының әсерінен қиындыққа түседі. Технологиялық жабдықтарды монтаждап, орналастыру үлгісінің де, құрылықтағыдан өзгешелігі бар. Бұрғылау кемесінде технологиялық жабдықтарды есеппен орналастыру, ұңғыны қазған кезде бұрғылау кемелерін жобалағанда, оларға қойылатын технологиялық талаптарды (жүзуге жарамдылық сапасы, беріктігі, ашық теңіз акваторияларында қауіпсіз жүзу және жұмыс жүргізу, сонымен қатар теңізде өндіріс жұмыстарын жүргізуді басқарып отыратын жауапты органдардың басқа талаптарына сәйкес болуы) қамтамасыз етуден туындайды. Бұрғылау жабдықтарының басқа түйіндері, құрылықтағымен ұқсас. Валентин Шашин кемесінде қолданылатын технологиялық жабдықтарға қысқаша тоқтатылық.
Күмбезді бұрғылау мұнарасы. Әлем практикасында қабылданған есептеу әдістемесі бойынша мұнара жүктемелер тіркестерінің төрт жағдайына есептелген. Мұнара Байрон Джексон фирмасының V типтес ТКО механизмдерімен, тік тербелісті теңелту компенсаторымен NL Шаффер XS, тәл блогымен, ілмекпен, вертлюкпен, жұмыс қысымы 34 МПа икемді шлангымен жабдықталған.
Мұнара асты негізінің пісірілген конструкциясы, бұрғылау мұнарасын, судан бөліктейтін тізбектің алты тарту құрылғыларын және кқру құрылғыларының бағыттаушы шкивтерін қондыруға арналған жұмыс алаңшасы (базасы) болып саналады. Еден негізінің орталық бөлігінде САСЖ блогін түсіру үшін 4100х4100 мм қуыс бар. Кеменің тұмсық бөлігінің есіктері қуаты 303 кВт пневмоқозғалтқышпен іске қосылады.
Артқы бөлік ішінде қондырғыға судан бөліктейтін тізбектің секцияларын тартып - жеткізу үшін арбасы бар алаңша орналасқан. Мұнара негізінің астына үш жұмыстық қайырмалы алаңшалар қондырылған.
Негіздің қақ ортасында, столының 1257 мм өткізгіш тесігі бар, ротор орнатылған. Бұрғылау лебедкасының диаметрі163 мм гидротежегіші және «Эльмаго» 7838 моделбді тежегіші бар.
Бұрғылау шеберінің (кабинасында) бөлмесінде:
- Бұрғылау лебедкасын басқару пульті;
- Судан бөліктейтін тізбекті керу құрылғысын басқару пульті;
- Су асты превенторларды басқару пульті;
- Кемені белгілі бір нүктеде ұстауға арналған автоматты жүйенің дисплейі;
- Бұрғылау ерітіндісінің ағының басқару мнемосхемасы және тағы басқалыры қіреді.
Қадаушаның тарту жүйесі үш қос керу құрылғыларынан тұрады, оның көмегімен ұстап тұрытын әр арқанның тартылуын реттейді. Ол судан бөліктейтін тізбектің жоғары бөлігінде бекітілген. Әр тарту жүйесінің соңында арқан екі қосарланған шкив арқылы өтеді және тарту құрылғысындағы бекіткішке бекітіледі. Құрыш арқанмен қосылған екі тарту құрылғысы қадаушаның қарама - қарсы жақтарына орналасқан және бірге жұмыс жасап, әр желінің біркелкі тартылуын қамтамасыз етеді. Қондырғы еденіне жүктемелері 18 және 32 кН сәйкес үш және екі пневматикалық лебедкалар орналасқан.
1. 5. Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында қолданылатын технологиялық жабдықтар
Теңіз ұңғыларын бұрғылаудың құрлықтағы ұңғылармен салыстырғанда айырмашылығы шамалы (ерекшелігі тек су астындағы жабдықтың қолданылуында) . Сондықтан, теңіз бұрғылау қондырғыларын жинақтау үшін құрылқтағы бұрғылау жұмыстарында қолданылатын сериялы, стандартты түйіндер мен жабдықтарды пайдалануға болады. ЖБҚ-да қолданылатын технологиялық жабдықтың негізгі ерекшеліктері:
1. Бұрғылау қондырғысының шайқалу кезінде, теңселуімен байланысты, құрлықтағыдай жуу сұйығығының ашық айналым жүйесін қолдануға болмайды. Жуу сұйығының айналымы жабық жүйеде жүргізілуі тиіс.
2. ЖБҚ-да толқын әсерінен пайда болған тік теңселуді теңелту үшін, арнайы бұрғы мұнарасында орналасқан қозғалмалы кронблокқа (немесе таль блогы мен ілмек арасында орналасқан) ауысымды құрылғы компенсатор қондырылады.
3. Көтеріп - түсіру операциялары кезінде негізінен қасиетті түрдегі механикаланған текшелер қолданылады.
4. Барлық механизмдерге жетектеуші ретінде электр қозғалтқыштар қолданылады.
5. Таяз ұңғыларды қазғанда бұрғылау тізбегі ретінде шлангокабель қолданылады. Мұндай құбырлардың иілімділік қасиеттеріне байланысты, апспаптың теңселуі мен орын ауыстыруы тиісті шешімін табады.
Теңіз ұңғыларын бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде, міндетті түрде, су асты сағалық жабдықты орнату қажет. ЖБҚ бұрғылау нүктесіне орнатылғаннан кейін, одан теңіз түбіне бағыттаушы арқандармен уақытша су асты негіз түсіріледі. Су асты негіз төртбұрышты қорапқа ұқсас пісірілген конструкция. Оның ортасына, жоғары жағы конус тәрізді төлке орналасқан. Негіз бұрыштарына қысқаша таяқшалар бекітілген, олар арқылы бағыттаушы арқандар өткізіледі . Негізді арнайы қондырғы аспабымен (некгізбен, байонетті қосылыспен жалғасқан) бұрғылау тізбегемен түсіреді. Отырғызу кезінде, негіз астындағы металл пластинкалары ысырылғанда, байонетті қосылысты босату мүмкіндігін туады. Одан кейін, бағыттаушы арқандар арқылы су асты негізге бағыттаушы құбырлар тізбегінің орнын қазу үшін, бұрғы қашауы түсіріледі. Қашау үстіне екі кронштейні (тіреуіш) бар бағыттаушы құрылғы орнатылған. Су асты негіздің конусына қашауды енгізгенде кронштейндер ашылады және арқандармен құрылғы жоғары көтеріледі. Егер бағыттаушы құбырлар тереңдігі бір рейсте қазып өтілмесе, кронштейіндер бірнеше рет пайдалануы мүмкін. Егер теңіз түбіндегі жыныстар өте жұмсақ болса, онда бағыттаушы тізбек бұрғылау құбырларымен түсіріліп, оның астындағы аралық, гидромониторлы суғындамалармен жабдықталған аспаппен өтіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz