Мұраттың өмірбаяны,ақын мұрасының зерттелуі
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім
1. Мұраттың өмірбаяны,ақын мұрасының зерттелуі.
2. Мұрат. айтыс ақыны.
3. Мұраттың арнау, жыр. дастандары.
III Қорытынды.

Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылыққа толы күрделі тұлға саналған ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. "Ескі ақындардың өмірбаянын білсек, соның әрқайсысы өмір заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз. Әрбір дәуірдің сондайлық бір-бір белгісі болса, «темір аяқ тебендей болатын» көмескі, күңгірт ертегі заманның ұзақ сапарында қадам басып, жылжи беруге болады" [1.11;] деген Мұхтар Әузовтың пікіріне сүйенсек, Мұрат ақынның – шығармаларын өзі өмір сүрген қоғамнан бөліп қараудың жөні жоқ.
Мұрат өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі ел ішіндегі ахуалды, халықтың басына түскен ауыртпалықты жырға қосты, жұртының жағдайын ойлап қабырғасы қайысты. Ахмет Байтұрсыновтың «Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында» деп тұжырымдағаны сияқты Мұрат та қара басын күйіттеген ақын емес, халықтың үні мен елдің мұңын жеткізуші болды. Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Әсіресе Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы өмір сүрген кезең –патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағы еді [2. 6;].
Зар заман ақындарының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлы қазақ жері талауға түсіп, отаршылдардың ойранына айналған жылдарда халқына ұран тастады. «Үш қиян», « Сарыарқа», «Қазтуған » толғау-дастандарын да ел жағдайы мен ел жағдайын байланыстыра жырлап, ата-дәстүрінің үзіліп, ата-қоныстың қадірі кетіп,өлкенің тоз-тозы шыққанын сөз етті.
Мұрат-сол заманың айтулы өкілі. Оның шығармалары сол елінің жаны қысылған қиын шақтарда туды, қысылған жүректің қиналған күйін, өксітті зарын, өлшеусіз мұңын өлеңге қосты. Ақынның толғау-дастандары сол дәуірдің қасірет шындығы,қазақ әдебиетінде шоқтығы биік үлгілері.
Мұраттың мұңы көп еді. Сол мұңмен оралып шыққан, бірақ қайткенде де қасірет бұғауынан құтылып шығармыз деген үміт сәулесі қоса жүргенін; сол үміт сәулеге халқының бойға біткен бостандық рухыннан, ерлік дәстүрінен қуат нәр алған жыры да көп еді.
«Мұрат» зар заман дәуірінің ақыны, сол кездегі ел басына түскен ауыртпа лықты ол да Шортанбайша көре білді. Отаршылдық саясатқа ол Шортанбайша қарап боп, патша үкіметінің қазақ жерін тартып алуына, қазақ халқының қоныссыз қалуына қарсы шықты [3 .151;].
Екеуі де Зар заман ақыны бола тұра , Шортанбай мен Мұраттың арасында айырма бар. « Шортанбай өзінің барлық шығармаларына заманы өзі жасаған дәуәрден ғана тапқан, өз дәуірінен бұрынғы дәуірге де, соңғы дәуірге де құлашын созбаған, ақындық дарынын заманның жағдайына ғана арнаған ақын, ал Мұрат өз заманының мұңын мұңдаумен қатар, елінің арғы тарихына үңіліп өз заманының ғана емес, өткен тарихтың хал-жағдайын да жырлаған ақын» [3.154;] деп ғалым Мұрат өмірінен, шығырмаларынан жүйелі мәлімет бере келіп, XIX ғасыр әдебиетінде алатын орны аса елеулі деп тұжырымдайды.

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. -Алматы, «Ана тілі», 1991.
2. Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. -Алматы, Крамдс-Пресс, 1993.
3. Мұханов С. Қазақтың XVIII, XIX ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. Алматы, 1942.
4. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиеті тарихы. Алматы, «Ана-тілі», 1997.
5. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. Алматы, «Ана тілі», 1998.
6. Мәдібаева Қанипаш Қайсақызы. «Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі» Диссертация. Филология ғылымдарының докторы.-Алматы, 2006.
7. Досмұхамедұлы Х. Аламан. Алматы, «Ана-тілі» 1991.
8. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. Астана, «Елорда» 2005.

Жоспар
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім
1. Мұраттың өмірбаяны,ақын мұрасының зерттелуі.
2. Мұрат- айтыс ақыны.
3. Мұраттың арнау, жыр- дастандары.
III Қорытынды.
I Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылыққа толы күрделі тұлға
саналған ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. "Ескі ақындардың өмірбаянын
білсек, соның әрқайсысы өмір заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай
боламыз. Әрбір дәуірдің сондайлық бір-бір белгісі болса, темір аяқ
тебендей болатын көмескі, күңгірт ертегі заманның ұзақ сапарында қадам
басып, жылжи беруге болады" [1.11;] деген Мұхтар Әузовтың пікіріне
сүйенсек, Мұрат ақынның – шығармаларын өзі өмір сүрген қоғамнан бөліп
қараудың жөні жоқ.
Мұрат өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі ел ішіндегі ахуалды, халықтың басына
түскен ауыртпалықты жырға қосты, жұртының жағдайын ойлап қабырғасы қайысты.
Ахмет Байтұрсыновтың Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде
емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында деп
тұжырымдағаны сияқты Мұрат та қара басын күйіттеген ақын емес, халықтың үні
мен елдің мұңын жеткізуші болды. Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің
ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу
сарынымен жырлады. Әсіресе Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,Мұрат
Мөңкеұлы өмір сүрген кезең –патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ
жерінің нағыз талауға түскен шағы еді [2. 6;].
Зар заман ақындарының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлы қазақ жері талауға
түсіп, отаршылдардың ойранына айналған жылдарда халқына ұран тастады. Үш
қиян, Сарыарқа, Қазтуған толғау-дастандарын да ел жағдайы мен ел
жағдайын байланыстыра жырлап, ата-дәстүрінің үзіліп, ата-қоныстың қадірі
кетіп,өлкенің тоз-тозы шыққанын сөз етті.
Мұрат-сол заманың айтулы өкілі. Оның шығармалары сол елінің жаны
қысылған қиын шақтарда туды, қысылған жүректің қиналған күйін, өксітті
зарын, өлшеусіз мұңын өлеңге қосты. Ақынның толғау-дастандары сол дәуірдің
қасірет шындығы,қазақ әдебиетінде шоқтығы биік үлгілері.
Мұраттың мұңы көп еді. Сол мұңмен оралып шыққан, бірақ қайткенде де
қасірет бұғауынан құтылып шығармыз деген үміт сәулесі қоса жүргенін; сол
үміт сәулеге халқының бойға біткен бостандық рухыннан, ерлік дәстүрінен
қуат нәр алған жыры да көп еді.
Мұрат зар заман дәуірінің ақыны, сол кездегі ел басына түскен
ауыртпа лықты ол да Шортанбайша көре білді. Отаршылдық саясатқа ол
Шортанбайша қарап боп, патша үкіметінің қазақ жерін тартып алуына, қазақ
халқының қоныссыз қалуына қарсы шықты [3 .151;].
Екеуі де Зар заман ақыны бола тұра , Шортанбай мен Мұраттың арасында
айырма бар. Шортанбай өзінің барлық шығармаларына заманы өзі жасаған
дәуәрден ғана тапқан, өз дәуірінен бұрынғы дәуірге де, соңғы дәуірге де
құлашын созбаған, ақындық дарынын заманның жағдайына ғана арнаған ақын, ал
Мұрат өз заманының мұңын мұңдаумен қатар, елінің арғы тарихына үңіліп өз
заманының ғана емес, өткен тарихтың хал-жағдайын да жырлаған ақын [3.154;]
деп ғалым Мұрат өмірінен, шығырмаларынан жүйелі мәлімет бере келіп, XIX
ғасыр әдебиетінде алатын орны аса елеулі деп тұжырымдайды.
II 1. Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Қарабау ауылында туған. Әкесі Мөңке кедей,шаруа адам болыпты. Мұраттың
шықан тегі,әулеті өмірбаяны жөнінде түрлі нұсқадағы деректер көп
жинақталған. Олардың бірқатары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында және академияның Орталық
ғылыми кітапханасында сақтаулы.
1947 жылы Ғылым академиясының экспедицясы құрамында жолға шығып,
деректер жинаған Берік Қорқытов ақының әулетін былайша түзеді: Мұраттың
әкесі Мөңке, оның әкесі Аман, оның әкесі Рахпан, оның әкесі Жиенбай, оның
әкесі Байбоз, оның әкесі Аққұлы. Ал ақынмен аталас боп келетін атыраулық
жуналист Қырықбай Бекбаев Мұраттың тегін былай таратады: Мұрат кіші
жүздегі он екі ата Байұлынан тарайды. Байұлының Беріш аталығынан. Біріштен-
Байсейіт. Байсейіттен-Қитас, Тілес туады. Тілестен-Бөкен, Қаратоқай.
Қаратоқайдың-Айтболат, Аққұлы, Андықожа, Шындеке, Бердіке деген бес баласы
болған. Аққұлының кіндігінен Қарабас, Жиенбай, Өтеғұл, Маман, Құлсары,
Жарылғасын деген алты бала жаралады. Жиенбайдан Арапқан, одан Аман, одан
Мөңке. Мұрат Мөңкенің екінші ұлы...[2.26:]. Ақын өмірін біршама
зерттеген ғалымдардың бірі Ханғали Сүйіншалиев XIX ғасыр әдебиеті атты
кітабында: Әкесі Мөңке өз еліне аты мәлім дәулетті адам. Тайсойған,
Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі [4.207;]. деп
жазды. Ал Сәбит Мұхановтың, Қажым Жұмалиевтің, ақын туралы зерттеу
еңбектерінде Мұраттың әкесі кедей шаруа әрі момын адам болған деп
көрсетіледі.
Ал Халел Досмұхамедұлының Таңдамалы атты еңбегінде:”Мұраттың баласы
Мөңке 1843-інші жылы туып, 1906-ншы жылы 63 жасында опат болды. Мұраттың
ата- тегі мал баққан шаруа қазақ. Туысқан ағасы Матай деген ақын болған.
Мұрат жасында аз-кем молдаға оқыған, қара танып, хат жазарлық қана
оқығаны болған. Мұрат бала күнінен-ақ өлең айта бастаған. Он бестен асқан
соң той-тобырда өлең айтқанды мүсе етпей, заманындағы айтқыштардың бәрін
айтысып жеңген. Айтысқа өте шебер болған . Мұраттың өмірінде айтыстан
жеңілген орны болмаған.Ата кәсібі мал бағу болса да, Мұраттың өз басы мал
бағып, шаруа қылмаған. Өмірінің көбін қыдырып жүріп өлең айту, той бастау,
айтысу, ескі сөздер айтумен өткізген. өте жарлы болып кеткен. ”деп
көрсеткен [5. 93;].
Мұраттың әкесі туралы азын-аулақ дерктерге қарағанда оның бойында
ақындық өнер болмаған. Мұратқа жырқұмарлық нағашы жұртынан дарыған деседі.
Оның белді нағашылары Азамат, Самат, Саламат деген кісілер болыпты
[5.102;]. Ақынның шешесінің аты- Қырықжылқы. Руы-адай, оның ішінде Қараша.
Қараман деген кісінің қызы. Қырықжылқы атануының мәнісі мынада.Өмірге сәби
келіп жатқанда біреу: Не туды? деп сұраса керек. Сонда Қыз туды
дегенді тұспалдағандар: Дүниеге қырық жылқы келді депті. Осыны құлағы
шалған әке-шешесі ырымшылдықпен перзентіне сол есімді таңа салған. Әйел
затына мұндай есімнің ерсілеу көрінетін тәубешіл халқымыз әркез естен
шығарған ғой. Қарасай-Қази жырындағы Орақ пен Мамайдың шешесінің
Қаракүлек, тіпті атақты Жәңгірдің әкесі Бөкейдің әйелінің Атан аталуы да
осындай себептерге байланысты болуы мүмкін.
Мұратың шешесі Қырықжылқы әнші әрі ақын екен. Мұратың бала күнінен
ақындықты аңсауына бір жөнінен себеп болған, оны алғаш ақындыққа баулыған
сол өз шешесі болса керек. Мөңкенің үлкен ұлы- Матай. Матай да жұртшылыққа
белгілі ақын болыпты [2.30;]. Мұрат отыз жасына дейін сер бойдақ боп, ел
аралап, айтысқа түсіп, өлең айтуымен болады. Отыздан асқан кезде үйленеді.
Бірақ, өлең шығару, ел аралап, айтысқа түсу әдетін үйленгеннен кейін де
тастамайды... Мұраттан қалған екі бала қалған. Оның бір баласы Гурьев
облысы, Қызылқоға ауданында деп жазды Қажым Жұмалиев. Ұлттық Ғылым
академиясының Орталық ғылымыи кітапханасы қолжазба қорындағы деректерде:
32 жасында Есен беріш Иман дегенің Науша деген қызына үйленеді. Мұратан
Дәулетқали,Сары, Сүндетқали деген үш ұл, Сәбила деген қыз туады..Ал
Мұраттың ұлы Дәулетқалимен бірнеше рет жүздеген атыраулық жазушы
Б.Қорқытовтың айтуынша ақынның екі ұлы болыпты. Біріншісінің аты Сары екен.
Ақын оны үнемі жанынан тастамай ертіп жүрген. Бір ғажабы, әкесі жыр нөсерін
селдетіп отырғанда әлгі баланың іші кеуіп мазасыздана бастайтын көрінеді.
Қолына домбыра ұстаса ішінің кепкені қайтып, жаны жай табады. Үлкендер бұл
тегін бала емес, әкесіне тартқан төкпе ақын болатын шығар деп таңдай
қағысады. Сары он жасар толар- толмаста көз тиіп қайтыс болған.
Мұраттың Сарыдан кейін ұлы Дәулетқали шамамен 1877-78 жылдары туып,
1960 жылдардың басында қайтыс болған. Өйткені Дәулетқалидің өзі әкем баяғы
қоян жылғы жұтта Маңғыстауға көшіп келіп, Сарыарқаны жырлайтын кезде
емізулі бала екенмін дейтін көрінеді [2.76;]. Дәулетқали өзінің Мұраттай
ақиық ақының тұяғы екенін әркез мақтан тұтқан. Мұраттың тұяғы Мәнет деген
қызға үйленіп, одан Бәкиза деген перзент сүйген. 1924 жылы Бәкиза ауруға
шалдығып, тұрмысқа шықпаған. Жетпісінші жылдардың басында қайтыс болыпты.
Сөйтіп, бүгінде Мұраттан ұрпақ қалмаған.
Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы қазіргі Индер ауданының Өрлік ауылында 63
жасында қайтыс болған. Дендер аймағында белгілі шежіреші қарт Кенжеғали
Тоғызбаевтің ұлы Жөкес әкесінен естіген Мұрат өліміне қатысты бір әңгімені
былайша өрбітеді.
Өңірде Шолақ деген би болыпты. Сөзге шешен, от ауызды, орақ тілді
кісі екен. Мұрат ақын Шолақтың жанында жүріп онымен дос жаран боп кетеді.
Бұлардың Сапидың Бейсені деген делбешісі болады. Үшеуінің көңілдері
жарасып, ел аралап, серілік құрып көп жүрсе керек. Бір думанды отырыстан
қайтіп келе жатқанда олар: Тіріде іргеміз бірге болып еді, өлгенде моламыз
бірге болсын. Кім бірінші дүниеден озса, сол осы жерге қойылсын деп
серттеседі. Арада жылдар өтеді. Алдымен Шолақ бидің дәм-тұзы таусылып,
жарық дүниемен қоштасады. Мұрат пен Бейсен оны серттескен жерге әкеліп
арулап қояды...
Мұрат ақын сал-серілік құрып, Жайықтың арғы бетіндегі Мәмбеттің
қаратоқайларына қыдырып барып тұрған. Сонда ел аралап жүрген ақын аяқ
астынан қатты аурады. Іші түйіліп, бауырын жаза алмай ілбіген күйі
Өрліктегі Қармыстың Шалдасы деген шеркештің үйіне жетіп жығылады. Шәке
мен қатты ауырып келе жатырмын. Науқасымның беті жаман. Олай бұлай боп
кетсем, Шолақтың бейітінің жанына қойыңдар,- дейді Мұрат. Ақынның халі сәт
сайын нашарлай түседі. Кенет шылапшын сұрайды. Сол жерде ақын бір
шылапшынды лықа толтырып ақ көбік құсады да сылқ ете түседі. Жанына жиылып
отырған ауыл ақсақалдары: Бұл шыққан өлеңнің желі ғой. Мұрат та өлеңде жоқ
енді, деп күңіренсіп кетеді. Шалда Мұраттың денесін Жайықтың бергі бетіне
өткізіп, марқұмның аманатын орындайды. Кейін би мен ақынның делбешісі
болған Бейсенге де топырақ осы жерден бұйырады. Ақын бейіті Индер ауданының
Жарсуат ауылының маңында [2.100-101;]. Мұрат жөнінде мол мәлімет беретін
естеліктер Мұрын жыраудан жазыа алынған әңгімелер. Өзінің айтуынша ол
Мұратпен Сағыздың ар жағында Ащыкөлде отырған Атыбайдың ауылында
кездеседі. Мұрат орта бойлы қара сақалды кісі еді. Ол өлеңді домбырамен
айтпайтын еді, айқай салғанда қолына тостаған алып, болмаса телпекпен
аузын қағып айтатын еді, қабағын бір жиып, бір ашқан да басындағы дөңгелек
бөркі бір ілгері, бір кейін кетіп отыратын. Мен Едіге жырын Мұраттан
бірнеше рет есіттім. Мұрат мен көрген ақындардың ішіндегі ең күштісі еді
дейді Мұрын жырау
Халқын сүйген ақынның өміршең шығармалары ұзақ жылдар бойы жартылай
ақтаңдақ ретінде бағаланып, жұрт аузына алынбай келі. Мұнның себебі
Мұраттың отаршылдықты ашықтан-ашық сынап, орыс халқының қазақ жерін жайлай
бастауына күдіктене қарауынан еді.
Әдебиет пен өнерге үстемдік еткен партиялық идеология, сондай-ақ
саясат жұртшылыққа Мұрат мұраларын идеялық жағынан зиянды шығармалар
ретінде танытып келді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінң 1947 жылғы
21 қаңтар күнгі Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет
институтының жұмысындағы саяси өрескел қателар туралы қаулысынан кейін
Мұраттың өлең-толғаулары оқулықтардан алынып тасталды [2. 10;].
Ақын шығармалары алғаш рет 1908 жылы Қазан қаласында ағайынды
Кәрімовтердің баспаханасында басылды. Кітап Мұрат ақынның Ғұмар Қазы
ұғылына айтқаны деп аталады. Кейбір кітаптарда Мұрат ақынның Ғұмар қажыға
айтқаны деп те жазылып жүр. Шындығына жинақтағы Байұлы Байбақты Ғұмар
Қазы ұғылына Мұрат ақынның айтқаны деп аталатын өлеңде баяндалғандай,
Ғұмар әйгілі Сырым батырдың немересі. Ғұмардың әкесі – Қазы. Мұрат Сырым
батырға арналған дастаны бар екен деушілер осы дерекке жете үңілмегендіктен
қателесіп жүрген болуы керек [2. 15;].
1924 жылы Халел Досмұхамедұлы Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық
өмірбаянын ғылыми жүйеледі. Жыр дастандарын бастырды. Кейінде 1942 жылы
Сәбит Мұқанов: Зар заманның атақты ақындарының біреуі Мөңкеұлы Мұрат -
дей отырып, Мұрат ақынның әдебиет тарихындағы орнын ғылыми тұрғыда
айғақтады. Қандай мұра қалғанын, жеткенін түгендеп сөйледі. Зар заман
ақындарының ішінде Мұраттың тарихқа, шежіреге жүйрік өзіндік ерекшелігін
айыра сөйледі [6. 168;].
Бұдан соң профеессор Халел Досмұхамедұлы ақынның шығармаларын топтап
1924 жылы Ташкент қаласынан Мұрат ақынның сөздері деген атпен кітап етіп
бастырып шығарды. Ақын шығармалары 1946-47 жылдарға дейін мектеп
оқулықтарында енгізіліп келді. Қарасай –Қази жыры жеке кітап болып
шықты. Мұраттың өлең толғаулары Үш ғасыр жырлайды, Бес ғасыр жырлайды,
Ай заман-ай, заман-ай, жинақтарына, айтыстары әр жылдарда шыққан айтыс
жинақтарында енгізілді. Мұраттың шығармаларын алғаш зерттеген Халел
Досмұхамедұлы оның мұрасын жүйелеп, өлеңдеріндегі қайшылықтарға баға беріп,
мұраттанудың негізін қалады. Әдебиет зерттеушілері, ақын- жазушылар әр
жылдарда Мұрат мұралары туралы пікірлер айтты. Әсіресе ақын шығармаларына
тереңірек тоқталған М. Әуезов, Ә Қоңыратпаев, М.Жолдыбаев, Қ. Жұмалиев, Ә
Тоқмағанбетов, С. Мұқанов, Ы. Дүйсенбаев, Х. Сүйіншалиев, сынды ғалым-
жазушылардың ой-пікірлері Мұрат мұраларының табиғатын ашып, байыпты талдау
жасауымен құнды [2. 20;] . Философ-ғалым Қ. Бейсембиев те Мұраттың
дүниеге, қоғамға қөзқарастары жөнінде пікір айтты. Алайда оны ң тұжырымы
сол кездегі идеологиялық ойлаудың өлшеміне сай болды.
Мұрат ақынның мұралары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл және
әдебиет институтының 1940 жылдардың орта шенінен бастап ұйымдастырған
ғылыми экспедицияларлың нәтижесінде жиналды. Мұраларды Атырау өңірінен
іздеп тауып, академия кітапханасының қолжазба қорын дамытуға Б.Қорқытов,
А. Әбдәрахманов, Ғ. Әбілмәжінов, М. Тілеужанов, Сұлтанғалиева, Аутанов т.б
жинаушылар үлес қосты. Ақынның өлең-толғауларының көпшілігі Мұраттың ұлы
Дәулетқалидың аузынан жазылып алынды. Орталық ғылыми кітапхана қорының
1303,97, әдебиет және өнер институтының қолжазба қорының 406,504,593,
папкалары Мұраттың шығармаларына арналған. Сондай-ақ институт қолжазба
қорының 411,332,910, папкаларында Мұрат ақының өлең- толғаулары бар.
Мұрат ақының шығармалары қай кездеде әдебиет зерттеушілердің назарынан
тыс қалып көрген жоқ. Мұратбек Бөжеев филология ғалымдарының докторы
дәрежесін алу үшін жазған диссеттациясының бір тарауын Мұрат Мөңккеұлының
өлең-дастандарына арнады.
Ақының ардақты есімі ақталғанан кейін мерзімді баспасөзде Мұрат
Мөңкеұлы жайында бірнеше мақалалар жарияланды. Ақынның өлең-толғаулары
газет–журналдарда жарық көрді. 1991 жылы ғалымдар Қ. Сыдиқов пен Ш. Керімов
Атырау, Маңғыстау өңірлерінде өмір сүрген төрт ақынның (Қашаған
Күржіменұлы, Шынияз Шынайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Насихат Сүгірұлы) Алқаласа
әлеумет деп аталатын жыр жинағын құрастырып, бастырып шығарды. Осы жинақта
Мұрат шығармаларының бұрынғы басылымдары мен салыстырылған текстологиясы
жасалды. Сол жылы шыққан Х. Досмұхамадұлының Алман атты кітабына (
құрастырғандар Ғ. Әмесов, А. Мектапов, Ш. Керімов) Мұратың 1924 жылы
Ташкенте жарық көрген жинақта жарияланған өлең-толғаулары енгізілді.
Әлем алмалағының алғашқы санында, XIX ғасыр әдебиеті оқулығының
хрестоматиясында Мұратың өлеңдері жарияланлды. Ақын шығармаларынң
баспасөзде жарық көруіне ғалым С. Дәуәтов көп үлес қосты.
2. Мұрат есейе келе айтысқа ден қойған. Ол туып өскен Атырау өңірі
айтыс ақындарынан кенде емес еді. Жасынан ойын –сауыққа араласып, сал
серілерге ілесіп, жиын –тойдан қалмайтын Мұрат солардың сөз сайысынан
нәр алып, айтысқа бейімдігін көрсете бастайды. Ал ақын деген қәдірлі
атақты алу үшін сол кездегі қазақ дәстүрі бойынша белгілі деген бірнеше
ақынмен айтысып сыннан өту, жүлде алу шарт еді. Мұраттың айтысқа шығуы
үшін бойына біткен ақындық қабілеті, тапқырлығы аздық етеді. Енді жас
Мұратты Қаратоқай руының белді биі Есеттің өзі баулып, ел мен жердің тарихы
жөнінде жалықпай әңгімелеп, рулардың шежіресіне жетік болуға үйретеді [2.
33;].
Мұрат алғаш айтысып жеңген ақыны Жылқышы дейтін Ысық руының жыр
жүйрігі екен. Ағасы Матайдың айтыс жолын ел ақсақалдарынан сұрап алып
айтысқаны аян. Мұрат бұл кезде 17 жаста. Келісім алып жүргенде айтыстың
уәделі мерзімі өтіп кетіп, Жылқышы ақын барған жерде болмайды. Сонан қайта
келеді.
Жылқышы, сөз сөйлеудің бала жастан
Өнерің он жасыңда судай тасқан .
Іздеді жұрт жиылып кешке дейін,
Өзіңе лайық па мұнша қашқан ?
Жеріңнен уағдалы табылмадың,
Құл, сенің басыңда алып қаның шашпан,
деп дөпей жөнеліпті. Айтыста ру шежіресі сұралады, ел қараған атақты
батырлар дәрптеледі. Мұрат бұл жағынан да басымдылығын байқатады. Суырып
салма өлеңмен аяқ асты айтқанына қарамастан тіл кестесі аса келісімді.
Жылқышы ақын да, Мұрат та ең әуелі өз руының артықтышлығын алға тарта
отырып айтысыды [6. 174;] Ал Б. Омаровтың еңбегінде бұл айтыс жайлы: Мұрат
батырларды мараптау жағынан да басым түседі. Ердің ерлігін, асқан
батырлығын жыр тілімен шебер жеткізеді.
Былайғы судың басы –Қобдал, Елік
Екпіндідеп сөз айтасың бөлек-бөлек
Байұлы он екі ата дағдарғанда
Дүйімбай, қол бастаған батыр Төлек-
деп Жылқышы өз батырын мақтағанда Мұрат қайымдасу тәсілін қолданып,
бәсекелесінң бір шумақ өлеңінің алғашқы екі жолын қайталай отырып былай деп
жауап қайтарады.
Былайғы судың басы Қобдал, Елек,
Екпіндеп сөз айтасың бөлек-бөлек.
Жігіттің халқына тиген пайдасын айт,
Сырғия ұрыны айтып нен керек?!
Қашқанда қазақ елі Сейілханнан,
Мінгесті Саржалаға сіздің Төлек.
Мұратың өз батырыныың ерліктерін толғағаны әсерлі. Суырып салып жыр төгіп
отырғанына қарамастан бейнелі сөздері, айшықты теңеулері көп қолданады. Бұл
Мұратың тұсауы кесілген түңғыш айтысы. Жас ақын алғашқы сөз сайысында –ақ
жалпақ жұртқа белгілі Жылқышы ақынды тізе бүктіріп, жеңіске жетті . Ол
айтыс үстінде өлең сөзге қарымды, ел мен жер шежіесіне жетік екенін
байқатты - делінеді [2. 40;].
М. Әуезов ақындар айтысын мағана жағынан төрт түрге бөледі. 1) Ру
күндестігі, ру жарысының, ру мақтанының өлеңдері, 2) бас мінеуге арналған
өлеңдері, 3) рулардың арасындағы жуандық, зорлық өлеңі (бір руға екінші
рудың астамдық артықтығын айтатын өлеңдер), 4) білім таласы [1.178-182;].
Мұрат пен Жылқышының айтысы осылардың алғашқы түріне жатады. Екі ақын да
өзі шыққан рудың мәртебесін жоғары қоюға тырысады.
Мұрат екінші рет 1863 жылы, жиырма жасында таз руының ақыны бала
Оразбен айтысады. Оның Мұраттан алты жастай үлкендігі бар. Сондықтан да
Ораз Мұрат пен айтысқанда Мұратжан бала, сен бе едің деп сөйлейді. Бұл
айтысқа Ы. Дүйсенбаев: Бала Оразбен айтысында ешбір жаңалық жоқ,
жоғарыдағы келтірілген Жылқышы ақынмен шайқастың жүдеулеу көшірмесі.
Сондықтанда болса керек, кімнің жеңгені де көрсетілмеген. Мұндағы бір
жаңалық – айтыс жыр түрінде орындалған деп баға берді [6. 169;].
Ал Х. Сүйіншалиев еңбеінде: Ораз да Мұрат та бұл айтыста еркін көсіле
алмайды. Тек бір-бір қайырумен ғана шектеледі. Солай бола тұрсада екі ақын
сөздері де елінің басты батыр ерлерін тілдеріне тиек етіп, әрқайсысы өзі
шыққан ұлыстарының арын арлап, сойылын соққан делінеді [4. 215;].
Ал Б. Омарұлының аталған еңбегінде: Мұрат сөзінің салмағына қарап
жас ақын жеңді деп топшылауға болады- дейді.
1868–жылы Мұрат жиырма бес жасында Кете Жаскелең ақынмен айтысады.
Жылқышымен, Оразбен айтысып тәжірбие жинақтаған ол Жаскелеңді оп-оңай–ақ
тізе бүктіреді. Бұл айтыс та Мұрат пен Ораздың айтысы сияқты бір-бір
қайырумен бітеді. Ы. Дүсенбаевтің Мұратың Кете Жаскелең ақынмен
айтысқанын шын мәнін де айтыс деуге болмайды деп тұжырым жасау тегін емес
[2. 48;].
Мұраттың ақындық қабілет- қарымын жаңаша қырынан танытқан айтыс –
оның Жантолымен айтысы. Жантолы Ысық руыннң ақын қызы екен. Айтысып
отырғанда айтқан сөздеріне қарап Мұрат пен Жантолы жасынан бірін-бірі
жақсы білген, тіпті араласып –құраласып тұрған деп топшылауға болады.
Мұрат айтыстарын біршама зерттеген Б.Қорқытовтың пікірлері де осыған үндес:
Мұрат пен Жантолы жас күндерінен бастап бір-бірімен әзілдесіп айтысып,
жеңіп-жеңісе алмай жүрген. Мұрат бірде жолаушылап кетіп, елге келгенде
Жантолының ұзатылып кеткенін естиді де іздеп барып айтысады. Жантолының өз
бойынан мін таба алмайтынын білетін Мұрат Жантолының тиген күйеуінің бала
кезде кішкентай бұзаутаз болып, орны қалып қойғанын естіп, соны тілге тиек
етеді. Оның үстіне Жантолының күйеуі әзілге түсінбейтін, жөн-жосықты
білмейтін, қатар көрмеген есерсоқтау біреу екен [2. 53;]. Ал Х.
Мәдібайқызының еңбегінде: Қыз бен жігіт арасындағы айтыстың дәстүрлі
құралының бірі –атастырған күйеуін, ерін әйтеуір бір мінін айтып бетке
салық ету
Болғанда сары жұлдыз, қаз келеді,
Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді
Болғанша тапа-тал түс ұйқың қанбай
Деп те едің, хас әулие таз немені?
деп Мұрат келіншектің жанды жерінен тиіседі. Айтыс осы әңгіменің
төңірегінен аспайды. Әзіл деңгейінде, әрі тереңдемей аяқталады. Жантолы
жеңіледі. Мұрат ақынмен таздың төңірегіндегі жағымсыз әңгімені соза
беруді қаламаса керек, Жалтолы күйеуіне ақынды аттан түсір, үйге шақыр
деген ишара жасайды. Күйеуі Жантолының қолын қағып жіберіп, теріс
бұрылыпты. Сонда Жантолы күйіуіне:
Бір қақтың ақ етіме ашуменен
Жігітке ашу ұят асыл деген.
Ұрынған өзі келіп берішке тимей
Мен бе едім ақ қарабас құрт басын жеген?
деп тоқтапты. Мұрат пен Жантолының айтысы дәстүрлі қайым айтыс. делінеді
[6. 170; ].
М. Әуезов Әдебиет тарихы атты еңбегінде айтыстың мағына жағынан
бөлінуінің бір түрі ретінде бас мінесуге арналған өлеңдер тобына Мұрат пен
Жантолының айтыстарын жатқызыды [1. 179; ].
Мұраттың Тыныштық ақынмен қай жылы айтысқаны жөнінде нақты дерек жоқ.
Бұл айтыста ру адамдарына мадақ баса айтылады. Мұраттың ақындық өнері,
айтыстары жайлы тереңдете ой қозғаған Сәбит Мұханов ақынның қайсы бір сөз
қағыстыруларындағы тілге тиек болған өз жайын былайғы көпке рудың жыртысын
жыртып, әңгімесін айтудан әрі бармағандай көрінетін тұстарын жадағай
қабылдаудан арашалайды [6. 170;].
Айтыстарында осындай рушыл көрінген, өз руына мінсіз көзбен қарайтын
Мұрат, өзінің ақындық өміріне рушылдық көлемнің ақыны боп қана қалмайды.
Жас кездегі айтыс өлеңдерінде өз руын көтеріп, өзге руға кеміткен көзбен
қарайтын Мұрат есейе келе, өзге руларды да көре, өзін жалпақ қазақ ақыны,
халық ақыны санап, бертін байсалды ақын болған шағында, өз руының ғана
емес, жалпы қазақ халқының жоқшысы боп жырлайды [3. 151;].
Ал, Мұратың Ізім шайырмен қалай айтысқаны жөнінде мынадай мәлімет
бар. Мұрат жолаушылап келе жатып бір аулға ат басын бұрады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz