Сот отырысында алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісіндегі адвокат: риторикалық аспект
Кіріспе
1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі.
1.1 Алқабилер институтының түсінігі және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Сотта сөйлеу өнері және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 Тарау. Адвокаттың алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісіндегі шешендік өнері.
2.1. Қылмыстық және азаматтык істер бойынша сотың бірінші
сатысындағыадвокаттың сөйлеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттың екінші
Сатысындағы адвокаттың сөйлеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Адвокаттық шешендік өнерінің этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.4 Адвокаттың шешендік сөйлеу шеберлігін шыңдату ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.5 Қорғаушының шешенсөз өнерін қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі.
Қазірге уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екеңдігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметі ретіңде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес зандық әсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мұлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.
Бүгінгі күні заңгерлердің сөйлеу мәдениетінің биік шыңы саналатын соттағы шешендік онер өткір қарудың біріне айналып отыр. Сөз өнерін шебер пайдалануды қажет етпейтін мамандық бүгінде жоқтын қасы. Тіпті адам қызметінің кейбір салаларында сөйлей білу шеберлігін меңгермей жұмыс істеу әсте де мүмкін емес. Әсіресе бұл құбылыс сот процесіне өте-мөте тән. Себебі сот процесіне қатысушы судья, айыптаушы мен қорғаушы, құқық қорғау органдарындағы жалпы заңгер мамандар күнделікті тұрмыс тіршілігінде әрдайым адамдармен қарым-қатынас жасайды, көпшіліктін алдында, қалың ортасында жүреді. Адвокат айыпталушының атынан сөйлеп, заң баптарына сүйене отыра, тілдің көмегімен жазықсызды ақтай алады. Осылайша қызмет бабымен адвокат көпшілік алдында сөйлеуге мәжбүр болады. Ал қызметтік міндетінен сот процесенде алқабилердің алдында сөйлеу үшін оларға не айтуды ғана емес, калай айтуды да білу шарт, яғни сөз сөйлеуде жұртка ықпал етудің түрлі ерекшеліктеріді дұрыс меңгерген жөн. Әрі қажет ұлттық заңгерлік шешендіктің тарихи, теориялық, тәжірибелік тұрғыда қалыпқа түспей жатқан тұсы мол. Осы дипломдық жұмыс ұлттық заң ғылымындағы соттағы адвокаттың риториқалық аспектілерді зерттеуіне арналған.

1 Халиков К.Х. Судебная власть на переходном этапе развития государства // Тураби. – 2001. – № 3. – С. 108-128.
2 Мәми Қ. Ә. Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдері. - Астана, 2003. – 259 б.
3 Назарбаев Н.А. Правосудие – это справедливость. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на III съезде судей РК // Юридическая газета. – 2001. – 11 июня.
4 Құқық қорғау органдары: Заң актілерінің жиынтығы // Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы. 2000 жыл 25 желтоқсан. – Алматы: Юрист, 2003. – 3-19 бб.
5 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз. - Алматы, 2006. – 31 б.
6 Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 2005. – 48 б.
7 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (негізгі бағыттар): Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы № 1569 қаулысымен бекітілген. – Алматы, 1994. - 21 б.
8 Халиқов К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. – Алматы, 1995. – 173 б.
9 Халиков К.Х., Серімов Е.Е. Сот шешендігі. Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2006. – 218 б.
10 Мурадьян Э.М. Истина как проблема судебного права. – М.: Былина, 2002. – 287 с.
11 Лебедев В.М. Судебная защита свободы и личной неприкосновенности граждан на предварительном следствии: Учебное пособие. – М., 2001. – 159 с.
12 Гинзбург Г. Судебная риторика. Алматы, 1999.
13 Гиздатов Г. Очерки по судебной риторике. Алматы, 2006
14 Халиков К.Х. Серимов Е.Е. Сот шешендігі. Қарағанда.2006
15 Лебедев В.М. Становление и развитие судебной власти в Российской Федерации. – М., 2000. – 368с.
16 Этика судьи: Пособие для судей / науч. ред. Н.В. Радутная. – М., 2002. – 211 с.
17 Правоохранительны органы Российской Федерации / под ред. В.П. Божьева. – М.: Спарк, 2002. – 400 с.
18 Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық: Оқулық. – Алматы: Өркениет, 2000. – 408 б.
19 Куликов В.В. Советские суды-детище Октября, воплощение ленинских идей о правосудии // Советское государство и право. – 1967. – № 11. – С. 211.
20 Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М., 1968. – Т 1. – 470 с.
21 Строгович М.С. Демократические основы советского социалистического правосудия. – М., 1965. – 256 с.
22 Назарбаев Н. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2003. – 4 көкек.
23 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 2003. – 208 б.
24 Алексеев А.А. Социальная ценность права в социалистическом обществе. – М.: Юридическая литература, 1971. – 223 с.
25 Шарипов Ш. Судьяның тәуелсізідігі: Оқу құралы. – Алматы: Данекер, 2003. – 207 б.
26 Ларин А.М. Коренным образом изменить подготовку следователей // Социалистическая законность. – 1965. – № 2. – С. 59-78.
27 Морщакова Т.Г., Петрухин И.Л. Социологические аспекты изучения эффективности правосудия // Право и социология. – М., 1973. – С. 253-269.
28 Петрухин И.Л. Батуров Г.П., Морщакова Т.Г. Теоретические основы эффективности правосудия // Право и социология. – М., 1979. – С. 375-394.
29 Радутная Н.В. Народный судья: профессиональное мастерство и подготовка. – М., 1977. – 143 с.
30 Кудрявцев В.Н. Правовое поведение: норма и патология. – М., 1982. – 150 с.
31 Банин В.А. Структура предмета доказывания в советском уголовном процессе. – Уфа, 1976. – 261 с.
32 Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе. –Воронеж, 1978 – 382 с.
33 Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе. –Саратов, 1981. - 327 с.
34 Горский Г.Д., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. Проблема доказательств в советском уголовном процессе. – Воронеж, 1978. – 197 с.
35 Ларин А.М. Проблемы расследования в советском уголовном процессе: автореф. дис…д-ра юрид. наук. – М., 1970. – 38 с.
36 Гиндеев П. Философия и социальное познание. – М., 1977. – 389 с.
37 Добровольская Т.Н. Советское правосудие развитого социалистического общества. - М., 1965. – 351 с.
38 Мельников А.А. Понятие и содержание правосудия. Осуществление правосудие только судом // Конституционные основы правосудия в СССР. - М., 1981. – С.150.
39 Бойков А.Д. Сущность социалистического правосудия и его виды // Вопросы борьбы с преступностью. – М., 1982. – Вып. 34. – С. 144.
40 Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследование): дис…д-ра юрид. наук. – Алматы, 1998. – 323 с.
41 Керимов Д.А. Право, правосознание, мировоззрения // Советское государство и право. – 1975. – № 7. – С.166.
42 Керимов Д.А. Соотношение теоретической и практической деятельности в процессе познание права // Советское государство и право. – 1980. – № 3. – С. 167.
43 Парыгин Б.Д. Основы социально-психологической теории. – М., 1974. –395 с.
44 Стецовский Ю.И. Уголовно-процессуальная деятельность адвоката. – М., 1982. – 303 с.
45 Мотовиловкер Я.О. О сущности, гарантийном значении и пределах действия презумпции невиновноти в советском уголовном процессе // Проблемы советского законодательства об охране прав граждан в сфере борьбы с преступностью. – Ярославль, 1984. – С. 121.
46 Строгович М.С. Судебная этика. – М., 1983. – 408 с.
47 Мотовиловкер Я.О. Мотивировка судом правильности применения законов // Правоведение. – М., 1984. – № 3. – С.140-158.
48 Резник Г.М. Внутреннее убеждение при оценке доказательств. – М., 1977. – 143 с.1.
49 Адвокатура туралы нормативтік құқықтық актілердің Жинағы. Алматы, 1999 жыл. 2. Арсентьев О.В. Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат в РК. Костанай. 1998 г.
50 Жалыбин С.М. Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве. Алматы.1998 г.
51 Ерешев Е.Е. Қылмыстық процесс. Алматы,2006
52 Жамиева Р.М., Каиржанов Е.И. Тактика адвокатской защиты по уголовным делам: Учебное пособие Алматы: Өркениет, 2000 – 228 с.
53 Лубшев Ю.Ф. Адвокатура в России: Учебник. – М.: ООО “Профобразованиең, 2001. 832 с.
54 Смирнова Е.М. Адвокатура: Учебное пособие. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2002 г. – 267 с.
55 Тыныбеков С.Т. "Казакстан Республикасының адвокатурасы және адвокаттық қызмет” . - Алматы: Данекер, 2004. 246 с.
56 Тыныбеков С.Т. Организация и деятельность адвокатуры (вопросы и ответы). - Алматы: Данекер, 2000. 39с.
57 Строгович М.С. Материальная истина и судебные доказательства в советском уголовном процессе. – М., 1955. – 276 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Заң факультеті
Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Сот отырысында алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісіндегі адвокат:
риторикалық аспект.
Орындаған
4 курс студенті
Смахов Б.
Ғылыми жетекші
Аға оқытушы
Баяндина М.О.
Жұмыс қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
З.ғ.к., доцент Бергусурова Л.Ш.
______________2008 ж.
__________________
Алматы, 2008 жыл
Реферат
Жұмыс Сот отырысында алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісіндегі
адвокат: риторикалық аспект тақырыбына арналған. Адвокаттың алқабилер
қатысуымен жүргізілетін сот процестерінде қатысуының әсері және ролі ерекше
орын алады. Адвокаттың риторикалық өнері осы іс қарау тәртібінде өте
маңызды болып табылады. Алқабилер институты біздің сот өндірісімізде
жаңадан пайда болған болғандықтан адвокаттың қатысу тәртібі және оның үкім
шығаруға әсері әлі зерттеу жолында деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс
барысында келесідей терминдер қолданылды: адвокат, риторика, қорғаушы,
алқабилер, үкім, сот шешендігі.
Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот
өндірісі.
1.1 Алқабилер институтының түсінігі және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...4
1.2 Сотта сөйлеу өнері және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .10
2 Тарау. Адвокаттың алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісіндегі
шешендік өнері.
2.1. Қылмыстық және азаматтык істер бойынша сотың бірінші
сатысындағыадвокаттың
сөйлеулері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8
2.2. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттың екінші
Сатысындағы адвокаттың
сөйлеулері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Адвокаттық шешендік өнерінің этикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.4 Адвокаттың шешендік сөйлеу шеберлігін
шыңдату ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.5 Қорғаушының шешенсөз өнерін
қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..63
КІРІСПЕ
Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның
конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип
ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-
тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі
тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін
көрсетіледі.
Қазірге уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау
жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес
органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екеңдігін атап өткен жөн.
Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған
құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады.
Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-
құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір
жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық
қорғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметі ретіңде біз
азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес
зандық әсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар
жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мұлтіксіз сақталатын қызметті
түсінеміз.
Бүгінгі күні заңгерлердің сөйлеу мәдениетінің биік шыңы саналатын
соттағы шешендік онер өткір қарудың біріне айналып отыр. Сөз өнерін шебер
пайдалануды қажет етпейтін мамандық бүгінде жоқтын қасы. Тіпті адам
қызметінің кейбір салаларында сөйлей білу шеберлігін меңгермей жұмыс істеу
әсте де мүмкін емес. Әсіресе бұл құбылыс сот процесіне өте-мөте тән. Себебі
сот процесіне қатысушы судья, айыптаушы мен қорғаушы, құқық қорғау
органдарындағы жалпы заңгер мамандар күнделікті тұрмыс тіршілігінде әрдайым
адамдармен қарым-қатынас жасайды, көпшіліктін алдында, қалың ортасында
жүреді. Адвокат айыпталушының атынан сөйлеп, заң баптарына сүйене отыра,
тілдің көмегімен жазықсызды ақтай алады. Осылайша қызмет бабымен адвокат
көпшілік алдында сөйлеуге мәжбүр болады. Ал қызметтік міндетінен сот
процесенде алқабилердің алдында сөйлеу үшін оларға не айтуды ғана емес,
калай айтуды да білу шарт, яғни сөз сөйлеуде жұртка ықпал етудің түрлі
ерекшеліктеріді дұрыс меңгерген жөн. Әрі қажет ұлттық заңгерлік шешендіктің
тарихи, теориялық, тәжірибелік тұрғыда қалыпқа түспей жатқан тұсы мол. Осы
дипломдық жұмыс ұлттық заң ғылымындағы соттағы адвокаттың риториқалық
аспектілерді зерттеуіне арналған.
Прогрестік даму жолындағы Қазақстан халықтарының күшін біріктіруге
ұмтылған Қазақстан — 2030 стратегиясы, қоғамымыз бен мемлекетіміздің ұзак
мерзімді басымдығы мен мақсаттарын барынша айқындап берді. Осы стратегияны
жүзеге асыру бағытында мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің алар
орны, артуы, үштала, шындала түсу қажеттілігі ерекше аталын көрсетілген.
Дүниежүзілік қауымдастыктың толық қанды мүшесі болған Қазақстан
Республикасы әр азаматының экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрғыда, сондай-
ақ өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететінін міндетіне алып, адам
ғүмырындағы осы негізгі тұғырлардың бірі бұзылса, азаматтын өз құқығын заң
алдында қорғауына кепілдік беріп отыр. Сот, әкімшілік, заңнамалық құзырлы
органдарға әрбір адамның құқығын бүзу сиякты қылмыстық жайттардың алдын
алу, сотгық, құқыктық қорғау потенциалын арттыру жүктелуде. Ендеше
жәбірленушінің сот алдында қорғалуына біліктілікпен көмек көрсетер
қызметтің — сот шешендігінін осы саладағы көрсетер көмегінің манызы, үлес-
салмағы айрықша бағалы. Себебі, Қазақстан Республикасында Конституциялық
нормамен қылмыстық сот жүргізуде алкаби соттарының (заседательдерінің)
қатысуы бекітілген. Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Мәми бір сөзінде: Арнайы
соттардың ашылуының басты мақсаты — азаматтардың құқығын, мүддесін өмірдін
бас саласында нақты және жан-жақты, өте жоғары кәсіпкерлік деңгейде қорғау.
Түптеп келгенде, алка би соттарын құру мәселесінің қолға алынуы да осы
мақсаттан туындап отыр[1] — деген болатын. Сот тәуелсіздігі мен
демократиялығына кепіл боларлык бұл институт заңды түрде өмірге енген кезде
сот процесіне қатысушы түлғаларды, тараптарды, көпшілік талдаушыны
иландыру, мойындату технологиясын меңгертетін сот шешендігінін де құны арта
түсері хақ. Оны талдап, талғап, сараптап, сұрыптап тани түсу — өркениетті
қүкықтық қоғамның келелі міндеттерінін бірі.
Соттағы тілмарлыктың бір кажеттілігі Қазақстан Республикасындағы қылмыстық
сот жүргізу ісінің кейбір мәселелеріне келіп саяды. Сөз жоқ, қылмыстық
істерді тергеу барысында қылмыстық сот ісін жүргізу тіліне байланысты
біркатар қиындықтар туындайды. ҚР ҚІЖК 30-бабының 3-бөлігінде сот ісін
жүргізу тілін білмейтін немесе жеткілікті білмейтін ад-амдардын құқықтары
белгіленген. Осы құқықтарды қамтамасыз ету міндеті қылмыстық істі жүргізуші
органға жүктеледі. Бірақ, кейде қылмыстық істі жүргізетін тергеушілер мен
анықтаушылар, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы тұлғалар осы
қағидаларды жүзеге асыруға байланысты заң талап-тарын сактаудың мәнін жете
түсінбей, оларға атүсті қарайды. Сонымен бірге белгіленген талаптарды
орындамау кылмыстық іс жүргізу, қылмыстық, азаматтық сот ісін жүргізу
заңдылығын елеулі бұзушылық тудырады. Қарас-тырылып отырған мәселеде
судьяның, айыптаушы мен корғаушының, нақ-тылай айтқанда сот процесіндегі
жауапты қызмет орындарылардың мемле-кеттік тілді тұрмыстық карым-қатынас
деңгейінде меңгеруі жеткіліксіз. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында
пайдаланылатын кәсіби тілдегі заң терминдерін де орнымен жүмсай білу қажет.
Яғни, салалық кәсіби тілді меңгеру — бірден-бір қажетгілік. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы
мемлекетгік тіл — қазақ тілі деп айкын жазылған. Бұл сот мекемелерініц
барлық ресми қағаздары, мәжілістері мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс деген
сөз. Бұл — Конституциялық талап. Конституциялык талапты мемлекетгік
кызметкерлердің, жеке түлғалардың түгелі дерлік орындауы қажет. Алайда,
көптеген қылмыстық сот процесіне қатысқандағы байқалғаны — олардың
көпшілігі мемлекеттік тілді жетік меңгермеген. Ал қазақ тілді қарапайым
жұртшылыктың заңды құқығы жайында ақыл-кеңес берер, істі әділдікпен
жүргізіп, қылмысына қарай занды үкімін шығарар деген судья немесе прокурор
мен адвокат ең алдымен қазақ тілінің қыр-сырын жетік меңгерген сөз шебері
болуға тиісті. Өкінішке қарай, тәжірибе жүзінде байқағанымыздай, кез келген
қазақ тілді азамат адвокаттың кызметіне жүгініп, арыз-мүнын айтқаяда,
тілдің кадір-қасиетін етене білмейтін, қазақ тілін таным-түсінігі жоқ
заңгер жәбірленушінің мүқтажын жете түсінбегендіктен, өзінің қызметтіқ
парызын толық өтей алмайтыны кәдік. Ендеше қазақ тілді сот процесінің
шарттарының ең бастысы — мемлекеттік тілде еркін, таза сөйлеп, ойын сауатты
жаза білуі керек. Заңгерлер үшін шешендік тамырынан нәр беретін сот
төрелігін жүзеге асырар тілмарлықтың керекті тұсы да осы. Сот шешендігі
қазіргі құқықтық қоғамымыздағы соны кұбылыстардың бірі. ¥лттық сот төрелігі
тілмарлығынын дамуына негіз болған далалык құқықтық институттардың айкын
көрінісі — әдет-ғұрып заңы туралы, әрі кесім-биліктерімен ел аузында қалған
атақты би-шешендер, айтулы тұлғалар жайын, кезінде, зерттеушілердің алдыңғы
легін кұраған Т. М. Культелеев, академик С. 3. Зиманов, С. Л. Фукс жан-
жақты, тереңнен толған карастырса, солардың ізін ала Н. Өсеров, Н.
Ахметова, 3. Кенжәлиев, С. Созакбаев (С. Өзбекұлы). М. Нәрікбаев,
Н.О.Дулатбеков, тағы басқа көптеген ғалымдар бүл салаға кең ауқымды
зертгеулерін арнады. Сот билгі туралы Қ. Халиковтың, адвокатура саласына
қатысты қорғаушьшың амал-тәсілдері жайындағы ғалымдар Е. Қайыржанов пен Р.
Жәмиеваның бірігіп жазған еңбектерінде соттағы тілмарлық секілді кәсіби
өнер жанамалап қана айтылып өтіледі. Алайда сот шешендігінің мақсат-
міндеттері, зерттеу әдістері және нысандары шешендіктің даму тарихын
тексерудегі алар орындары өзге де нәзік қырлары мен сырлары толық танылып
болған жоқ. Ол жөніндегі ұғым-түсінігіміз көп ретте әлі үстіртін деуге
болады. Сонымен бірге өз қызметін дұрыс атқаруға кажетті тілмарлық өнер
халқымыздың жалпы рухани өмірін, талай ғасырғы тағлым жүйесін, ата салтын,
асыл да ежелгі елдік қасиетін қайта түлетуде ерекше мән-маңыз алып отыр.
Оны жете сезіну үшін оның өзіндік негізгі ерекшеліктері, мазмұндык сипаты
жөнінен де жан-жақты толық хабардар болу керек. Сол үшін де сот төрелігі
тілмарлығынын түрлі мәселелері қакында соңғы кезде көбірек айтылып жүрген
ғылыми толғамды пікірлерді, теориялық түжырымдарды жадыға ала отырып,
қазақтын, шешендік өнерінің таза өз деректері негізінде әрі қарай сабақтап,
заңгерлерге кажетті тілмарлык өнердің өзіндік табиғатын кенірек аша түсу
жөн.
Адвокаттың риторикалық өнерінің максаты - сот билігіндегі ұлттық сот
төрелігі тілмарлығының жүйелі теориялык негізін жасап, оның төл қасиеттері
мен міндеттерінін сот процесіне қажетгі әлеуметгік құбылыс ретіндегі
табиғатын арттыру болып табылады. Бұл мақсаттын орындалуы үшін мынадай
міндеттер көзделеді — сот билігін жүзеге асырушы сот ісіне катысушы
түлғалардың — адвокат, қорғаушы мен өкіл, және жалпы құқық қорғау
органдарының өзге де қызметкерлерін кәсіби тұрғыда ұштап, мемлекеттік тілде
еркін әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтайын деген ойын дәл жеткізуге
баулу, мемлекеттік тілдің шексіз мол мүмкіндіктері мен сарқылмас байлығын
дүрыс пайдалана білуге дағдыландыру, нақты да дәл, үйлесімді де үйқасымды
сөйлеудін, жазудың үлкен өнер екенін көңілге ұялату, ұғындыру,
бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға ұластырып, шыңдаған, ұрпактан-ұрпаққа мирас
етіп жеткізген даудағы шешендік сөз өнерін бойларына дарыту жолдарын
қарастыру қажет.
Жүріп жатқан сот процесі - сот шешендігі өнерінің тағлиматында проку-
рор мен адвокатгың пікір-талас, сөз жарыстыру кеңістігін құрайды. Соттық
пікір-талас, сөз жарыстыру кеңістігінде дауласқан қарсы тараптардың іскер-
лік дағдысын жетілдіруге керекті нәрселерге: ақиқатқа жетердегі бірден бір
айқын жол - диалектикалык бәсеке түрінде өтетінін ұғыну; қарсыластарының
қисынды дәлелдерінің біртіндеп қомақты дәлелдемеге айналатынын, олардың
ерекшеліктері мен өзгешеліктерін жете сезіну; сот шешендік кеңіс-тігін дау-
дамайлы алаңға айналдырмай, қарсы тараптың мінез-қылық белгі-лерін алдын
ала көре білу, оған қарсы қолданар иінді тәсілдер ойлап табу талаптары
жатады. Сотқа қатысар екі жақтың — тараптардың мақсаттары мен міндегтері,
айыптаушы, қорғаушы сөз тезистері, төрелік сөздің атқарар қызметі, түрі мен
мазмұны — аталған кеңістіктін негізгі бөліктері болып та-былады.
Адвокаттың шешендік үлгіде сөйлеу мәтінін құрып, тыңдарманға әсер-ықпал
етіп, оны алдын ала болжай білу, сөйлеу барысында еркін қарым-қатынас жасай
алу секілді коммуникативті аспектілерден құралады.
Соттағы прокурор мен адвокаттың қызметімен қабыса үштасып жататын олардын
сөйлеу негізі тілдік заңдылықтарға сүйенген тіл мәдениетінен бастау алады.
Сот тілмарлығынын ауқымды бөлігін құрайтын бұл тілдік нормалар — сөздің
дұрыс айтылуы мен жазылуы, сөйлем ішінде орнымен жұмсалуы, сөз қолданудағы
амал-тәсілдер. сөйлеудегі шеберлік атырауларын шыңдауға қажетті басқыш.
Риторика - сөйлеу білу, сөз мәтіндерін құрастыра алу шеберлігін жан-жақты,
егжеи-тегжейлі қарастыратын ілімді атайды. Риторика — тұп тамыры жыл
қайыруымыздан бұрынғы антикалық дәуірге барып тірелетін, сонау қадым
заманда-ақ айнала қоршаған ортаның сұлулығын танытатын жеке ілім ретінде
іргесі қаланған дербес ғылым. Ол сөз саптау шеберлігінің тәжірибесін
тұжырымдап, қағидаларын бекітеді. Сөйлеу мәдениетінің тілдік нормалары мен
заңдылықтарын, сөздің бейнелілігі мен әсерлігін арттыратын сөйлеу сапасына,
ондағы түп мақсаттың айкындылығына тәуелді, тыңдарманға ықпалы зор, әсері
мол көркемдік әдіс-тәсілдердің жиынтығын жүйелейтін сөйлеу өнерінің жалы
калың өзекті саласы, сүхбаттасушылардың (сөйлеуші мен тыңдаушының) өзара
тусінісу-іне қызмет ететін түсініс қүралы.
Көп уақыттан бері тілдік колданысымызда берік қалыптасып қалған
шешендік өнер деген атауды көбіне риторика мағынасында қолданамыз. Сот
шешендігі - шешендік өнердің бір тармағы ғана.
Сотта сөйлеу (речь) ІІрокурор мен адвокаттың әртүрлі түйіндеулері мен
шешімдерінің сөз арқылы көрінуі, яғни олардың тіл амалдарын пайда-лану
аркылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сотта сөйлеу монолог түрінде (адам-ның
жеке сөйлеуі) не диалог арқылы (екі не одан да көп адамдардың өзара
сөйлесуі) өрнегін табады. Алқалы көптің алдында сөйлеу — монологты болып
келеді. Прокурор мен адвокат сөздері осыған жатады. Олардың сөйлеу өнерін
ұшттайтын шешендіктін керегі де осы түс.
Баскаша айтқанда, кылмыстык, азаматгық, арнайы сот өндірісінде сөйлеу
құқығы заң бойынша оған тікелей катысушыларға ғана, занда көрсетілген рет
бойынша берілген. Соттағы төрелік айтар тілмарлык соттың бірінші, екінші
сатысына катысты, ол белгілі бір аудиторияға: сотка, ондағы баска да
катысушыларға бағыштала айтылады. Соттағы сөйлеу көпшілікке арналғандықтан
ол сөйлеудің монологты түріне жатады.
Төрелік сөз (судебная речь) деп — қылмыстық немесе азаматтық істерді
қарау барысында сот пен сотқа қатысушы көпшілікке арналған. Сот мәжілісінде
нақты іс бойынша тұжырым айтылатын, қарсы жаққа уәжді пікірлер білдіруге
құрылған сөзді айтады. Төрелік сөздің судьяның, сотқа тікелей қатысушы
тұлғалардын ішкі сенімін, көзқарасын калыптастырудағы, істің ақ-қарасын
анықтап, әділ шешім нығарудағы орны айрықша.
Соттағы пікірталастар көзқарастар күресін, жарыс, бәсекелестікті көр-
сетеді. Оған қатысушы айыптаушы мен қорғаушылар көбіне көп ымыраға келе
бермейді: не сөзі өтеді, не шығарылған шешімді мойындайды. Сондық-тан
пікірсайысқа қатысушыларда бір ғана мақсат бар. Ол — қарсыласын ойсырата
жеңу, өз пікірін дәлелдеп шығу1. Соттағы пікірсайыс, негізінен, занды,
адам құқығын қорғау төңірегінде ұйымдастырылып, қоғамдык пікірдің
қалыптасуына ұйытқы болады. Ол үшін айыптаушы мен қорғаушы өз
дәлелдемелерінің нақтылығына, дәлелдігіне сот алқасының көзін жеткізуге
тырысады. Ол үшін айтар уәждің негіздемесінің мыкты, шымыр әрі сенімді
болуы — басты шарт. Полемикалық (пікірсайыстык) шеберлікті менгеру арқылы
айыптаушы мен қорғаушы сот тергеуінде маңызы бар мәселелерлі жан-жакты
талқылауға қатыса алады. Соттағы пікірталас қылмыстық іс жүргізудің негізгі
бөлігін құраса, ал төрелік сөз сол пікірталастарына негізгі өзегін құрайды.
Ендеше төрелік сөз қылмыстық сот жүргізу ісіндегі процес-суалдык қызметтің
ерекше бір айшыкты көрінісі.
Реплика — бұл да соттағы сөйленер сөздің құрамынан табылатын, қар-
сылас шешендерге айтылар қысқаша уәж-пікірлер. Төрелік сөз соттын бірінші
сатысына, екінші апелляциялық сатыға тән сөйлеу өнері болғандықтан оның
ауқымы соттағы пікірталастарға қарағанда анағұрлым кең. Оның реті Қазақстан
Республикасынының қылмыстық іс жүргізу кодекснің 212-бабын-да көрсетілген:
Жарыссөзге қатысып болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты
екінші рет сөз сөйлей алады. Сонғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның
өкілі иеленеді.
Төрелік сөздің мазмұны — соттың нақты бір қылмыс немесе құқық бұзу-шылық
бойынша қарастыратын, үкім не шешім шығаруға негіз беретін мә-
селелердін өзегі.
1 Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСУЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СОТ
ӨНДІРІСІ.
1.1 Алқабилер институтының түсінігі және ерекшеліктері.
Қазіргі кезендегі сот төрелігін сөз қылғанда сот жүйесіндегі
әділетсіздерді айтпай кетуге болмайды. Сот жүйесіндегі әділетсіздіктер —
қазіргі коғам-дағы белең алған, әсіресе адам санасына түскен өкінішті
дерттердің бірі. Әуел баста тергеуші өз ісін әділ жүргізбегендіктен, жанама
дәлелдерге құрылып, жазықсыз мойнына кінә тағылған айыпталушылар дені
бүгінгі күні жиі-жиі көрініс береді. Бұл — қазіргі кездегі адвокат
шеберлігінін, прокурордьщ кәсіби деңгейінін осал түсіп жатқанынан деген
қорытынды шығарамыз.
Әділдік категорияларының негізгі принциптері осы жерде босаң тартады.
Елбасы Н. Назарбаевтын телеэфир арқылы берілген тікелей сүхбатындағы бір
сөзінде өзінін жарлығымен 21 судьяны орнынан аластатқанын айтқан еді. Сот
төрелігінде талай жемісті еңбек аткарған заңгер К.Х. Халиқов: Билеріміз
айтып кеткен: Әділ билік болмаса, халкынды дерт алады деген сөздер
бүгінгі сот төрелігін жүргізіп отырған барлық судьялар үшін күңдіз-түні
мойнынан тастамайтын тұмары, қолынан түсірмейтін тасбиығы, бас-шылыққа алып
отыратын ең басты шарты дер едім — деп ағынан жарылу тегін емес.
Бүгінгі танда сот жүйесінде қызмет етіп жүргендер көбінесе жастар не
тәжірибесі аз мамандар. Сондықтан судьяның жеке басы, еңбек тәжірибесі
үлкен роль атқарады. Өз ісіне берілген, тәжірибесі мол маман ешқашан үс-
ақтық пен заң бұзушылыққа әсте бара алмайды.
Сот жүйесіндегі әділетсіздіктер, кылмыстық істі карау кезіндегі біржақ-
тылық немесе зад бұзушылык тек судьялардын кінәсінен деп болмайды.
Сондықтан қылмыстық істі қарау барысында адам тағдыры шешілетіндіктен
айыптаушы мен қорғаушы өз сөйлеулеріне асқан жауапкершілікпен келулері
керек.
Ендігі бір езекті мәселе, тілдік қолданыста ұлттык психология, ұлтгық
дәстүр, ұлттык мәдениет сияқты ұғымдар әбден қалыптасып үлгерген, ал ұлттық
құқықтық жүйе деген мүлдем кездеспейді. Кездессе де, соңғы кезде кідік
бірен-саран ғалымдарымыздың аузынан ғана есітіліп жүр. Негізінен құқықтық
жүйенің гуманитарлық салаға жататынын, оның да ұлттык са-ламыздың
болмысынан туындайтын тәртіІпті әрекетімізді реттеуші ғылым екендігін
ескерсек, оның да ұлттык сипатына баса назар аударудан ұтпасақ
қылмайтынымыз анық. Қазіргі құқықтық жүйеміздің ұлттык сипатымен етене
тығыз қабысып жатқан, казіргі қоғамымыз талап ететін сот тілмарлы-ғының да
ұлттық сипатта болуы — заңдылық. .
Ол үшін алдымен, кезінде қоғамының бүткіл саласы әкімшілік-әміршілдік
сипатка құрылған кешегі кеңестік сот жүйесінен мүлде арылуымыз керекті.
1994-жылғы Қазакстан Ресупбликасындағы құқықтык реформаның мемлекеттік
бағдарламасының дүниеге келуі осындай келелі жайтка бір ка-дам болса алға
басқандай сыңай байкатады. Онда: Сот және құқық корғау органдарының
мемлекеттендірілген жазалаушы алатын идеологиялық және саяси ұрандармен
бүркемелеген кенестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін
тазартуды талап етеді делінген. Өзінің бір сөзінде белгілі заңгер Халиков
К.Х.: Тәуелсіз мемлекетгің бүтіндігін қорғап, ішкі және сыртқы саясатының
да пәрменділігін арттыру үшін оның мызғымас заңы және сол занды қорғайтын
әділ соты болуы басты шарт. Ел жаңарып, заман өзгеріп заманмен бірге адам
да өзгеріп жатқан кезде бұрынғы заңдардың да өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді қажет ететіні айқын" — деген еді.
Сондықтан коғамнын заң саласын реформалау қажеттілігі оның эконо-микалық
және саяси жүйесінде асырылып жатқан өзгерістерге сай келетін құқықтық
инфрақұрылымдар кұруды талап етуінен туындап отыр. Бағдар-ламада
көрсетілгендей Қазақстанның тұңғыш тума заңдарын жалпы тү-гендеу мен
тексеруден өткізу қажеттілігі пісіп жетілді. Әрине, бұл жерде ерекше назар
аударарлық түңғыш тума зандар деп жеке қазақы емес, сон-шама халықтардың
лобараториясы болған Қазақстанның жалпы халкына ти-імді заң сөз болып отыр.
Өйткені Қазақстан халқы адам құқығы мен бостан-дығьшың басымдығын
мойындайтын, демократиялық және құқықтық мем-лекет құруға белін бекем
байлаған дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі. Әсілінде, сот
жүйесін реформалау іс, біздіңше, сотты жеке адам-ның құқығы мен
бостандығының сенімді кепілгері етуге бағытталған. Осы-ның жарқын
айғағындай 1995-жылы тамыздың 30-ында қабылданған Қазак-стан
Республикасының Конституциясының 75-бабының 2-тармағында Конс-титуциялық
нормамен қылмыстық сот жүргізуге алқа билерінің қатысуы бе-кітілген еді.
Алқа би сотын өмірге енгізу мәселесі соңғы уақыттарда нақты қолға алынуда.
Елімізде соттың осы түрін енгізу 2006 жылғы 20 қыркүйекте кабылданған
Құқықтық саясат тұжырымдамасында да баса айтылған.
Елімізде алқа би институтының модельдерін енгізу, талдау мәселелеріне
( байланысты ғылыми әдебиеттерде кызу пікір-талас бір толаста болды.
Республикада шығатын Қылмыстың алдын алу криминалогиялық журна- , лының
бір номерін түтелімен осы тақырыпқа арнауы осының айқын көріні- І сі. Әліде
де мұны өмірге енгізу әсте де оңай шаруа емес. Енгізген күнде де
қазақстандық сот жүргізу ісі екі ұдай жол айрығында болды. Өйткені ол
француздык-германдық (немесе кұрлықтық - континентальдық) және ағылшын-
американдык (немесе англо-саксондык) деп аталатын классика-лық сот
үлгісінің бірін тандауы қажет болды. Жоғарғы соттың дайындаған аралас
немесе француздык-германдық - құрлықтық үлгі бойынша қылмыс-тық істер үш
кәсіби судья және депортаменттің арнаулы комиссия мүшелерінін таңдауымен
сот міндетін атқарута жіберілген тоғыз алқа би соттары мүшелерімен (онын
жетеуі — негізгі, екеуі — қосалқы) каралады. Үкім кеңесу бөлмесінде
судьялармен бірге сот алқа мүшелерінің қатысуымен көпшілік дауыспен
шығарылады. Демократизациялау мәселелері бойынша ұлттық комиссия жұмыс
тобының дайындаған ағылшын-амеркандық сот жүргізу ісі бұдан мүлде басқаша.
Бүл үлгі бойынша сот бір кәсіби судьядан және он төрт сот алқа мүшелерінен
(оның он екісі — негізгі, екеуі — қосалқы) тұрады. Сот алқа мүшелері
судьясыз жеке өздері ғана кеңесе отырып, кесімін айтады. Бұл институттардың
біз үшін манызды ерекшелігі: соттың тәуелсідігі мен демократиялығын паш
етеді, сондай-ақ сот жүйесіне жарыспалықты, сот ахуалына ұлттық төл
касиетіміз — сөз кадірлер ақылдылықты, әділ қисынға тоқтар даналықты
енгізіп қана коймай, сот қателігін азайтуға, сот шешіміне сыртгай ықпал
етуді болдырмауға кепілдік беретіндей. Көптеген елдердегі сот алка
мүшелерінің талай ғасырғы тағлымды тәжірибесі бізге осыны айғақтайды. АҚПІ,
Батыс Еуропа, басқа да елдердің сот жүйесінде қолданылып келе жаткан сот
алқа заседательдері қызметінің адамның кінәлілігін анықтауда немесе іс
материалдары жанама дәлелдерге құрылған. яғни бір қайнауы ішінде жаткан
күмәнді, қиын да күрделі істерде әділдікпен дүрыс шешім шығарарына сенім
мол. Демек онын сенімділігі қазіргі іс жүзіндегі кәсіби соттарға қарағанда
әлдеқайда басым. Алайда, кажетті жағдай-да сот процесіне сот алқа
заседательдерінін тікелей катысуы негізгі заңымыз — Конституцияда айшықты
көрінісін тапса да, онын кажеттілігі немесе не-гізсіздігі жайындағы қарама-
қайшылыкқа толы пікір-таластар қарқыны бү-қаралық ақпарат қүралдарында,
ғылыми еңбектерде көп болды. Заңгерлеріміз арасында белгілі бір тоқтамға
келген тұжырым жоқ. Кейбірі оның ұтымды жақтарын барынша дәлелдеуге
тырысса, кейбірі оған кері-сінше, сот жүйемізге оны енгізу ертерек деген
уәж айтады. Арнайы осы ба-ғытта зерттеу жүргізіп жүрген заңгер-ғалым Н.
Ковалев алқа билердің ағыл-шын-американдык моделін үзілді-кесілді
қолдайған. Оның уәжінше, алқа мүшелері алдын ала қалыптасқан пікір,
көзқарас түрғысынан емес, сот тер-геуі барысында аныкталатын, әйгіленетін
анық дәлелдерге сүйенін барып шешім қабылдайды. Бұл модельдің артықшылығы
осында: көптен сот жүй-есінде әбден қалыпқа түсіи қалған судья, өз кәсібі,
тәжірибесі биігінен қыл-мысты бағалайды. Ал алқа мүшелері мүндай күйді
алғаш бастан кешіріп, сот процесіне сырттай емес, түңғыш рет тікелей
қатысып отырғандықтан, сот төрелігіне барынша жауапкершілікпен келуге
ұмтылады. Сондыктан кәсіби судья мен алқа мүшелерінің пікірі бір жерден
шыға бермеуі заңдылық. Бүл институттың ұтымдылык ерекшелігі - алқа мүшелері
өмірдің түрлі жағ-даяттарынан жасалған қылмысқа судьялардай заңдық-
техникалық түрғыдан қарамайды[2]. Осы үдеде ағылшын-американдық модельді
жақтаған, Қазак-станда алқа билер институтьш енгізу туралы Алматы калалык
адвокатгар алқасының ашық хаты жарияланды2. Оған қарсыластары алқа билердің
ар-найы заңгерлік білімі, тәжірибесі жок. сондықтан карапайьш адам (алка би-
лер) сезім жетегіне еріп, адам тағдырын шегцер түста қателікке бой алдыруы
мүмкін деген уәж айтады. Қылмыстық сот өндірісіне алқабилердің катысуы-ның
тұжырымдамасы да егжей-тегжейлі талкыланды. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев қол қойған (Астана. Акорда, 2006 жылғы кантардың 14-
і. № 117-Ш ҚРЗ) Алкабилер туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды. Сөйтіп, Қазакстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
алқабилердін қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Респубикасынын
Заңын да қатар кабылданды. Айтпатымыз, демек, сот жүйесіне алқаби соттары
институтын енгізілуі себепті сот шешендігінін кажеттілігі де, күны да арта
түсетіні ақиқат. Өйткені, сот төрелігі тіл-марлығының негізгі өзегі —
шешендік тамырынан нәр алып, сот үкімін шығаруда соттың алқа мушелеріне
өзіндік ой кешу үрдісі, сез саптау үлгісімен әсер етіп, әділдікке жүгініп,
дұрыс шешім кабылдауда жатыр. Алқабилер сотын енгізу елімізде қалыптаскан
алдын ала тергеу сатысын жақсартуға, айыптаушы мен корғаушының кәсіби
біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, іс карау сапасын жоғары деңгейі
көтеріп, процестін формальды емес, шын мәнінде тараптар бәсекелесі
жағдайында өтуіне көп ықпалын тигізеді.
1.2. Сотта сөйлеу өнері және оның маңызы
Классикалык тұрғыдан жіктегендегі шешендік өнердің негізгі тектеріне
атын — сот шешендігі біздің казіргі қоғамымыздың сот жүйесінің ажы-бөлігі.
Сонау XIX ғасырдың екінші жартысынан бері Ресей империяның қазақ
сахарасындагы әділқазылык төрелік қызметін атқарған билер оты институтына
өзгерістер енгізіп, оны зандастырылған құқықтық норма-лармен біртіндеп
ауыстыруға ұмтылудың нәтижесінде Ресейлік сот жүйесі қалыбынын өзіміз ғұмыр
кешіп отырған қоғамымызда түпкілікті белең алу-ьіна әкеліп сокты. Ендеше,
риторика ғылымындағы сот шешендігі бізге де Жат емес.
Сот шешендігі - шешендік тарихындағы көне де болса жана бағыт. Айта
кетерлігі бұл жоталы сала бойынша отандық ғалымдарымыздың ішінде қалам
тербеп жүргендер өкінішке қарай ауыз толтырып айтарлыктай көп емес, бірді-
екілі Г . Гиздатов[3], Г. Негимов[4] есімдерімен ғана түйықталады.
Қазакстан Республикасында қорғаушы-адвокапар сөздерінің орыс тіліндегі
жинағы өткен ғасырдын 70-жылдары ғана жарык көрген[5] . Осындай игі дәс-
т\тр кейіннен жалғасын таппады.
Өзінің бастау көзін сонау антикалык дүниеден алатын сот шешендігі көне
жіктеме бойынша. айыптаушылық (немесе прокурорлык), қорғаушылық (немесе
адвокаттық), айыпталушының өзін өзі қорғайтын сөзі болып үлкен үш түрге
бөлінеді. Айыптаушыға да, қорғаушыға да керегі — қылмыстық сот жүргізу
ісінде қажетті деңгейде ұтымды сөйлей алу.
Жалпы, отандық сот жүйесінде діттеген деңгейде сөйлей білу шеберлігін
керек ететін қызмет саласының бірі — сот процесі. Ол дауласқан екі жақтын
жасындай жарқылдаған пікір-таластарынан, қисынды дәлелдерден, нақ та дәл,
көрікті де көркем сөйлеуден тұратын кеңістікті құрайды. Мұндағы төрелік
айтар тілмарлықтың мазмұны мен түрлерінін негізгі өзегі — болған қылмыстық
жағдайды тәпіштей аныктау, екі ұдай пікір туғызбайтын дәлелдер келтіру,
ойды бейнелеп жеткізер амал-тәсілдерді қолдану аркылы белгі-лі бір ақиқатқа
көз жеткізіп, көпілілікті иландыра алу секілді қисындардан тұрады.
Сот процесінде сөйленер сөздің мақсаты мен қисынын бажайлауға, ойын
дәл, накты етіп жеткізуге баулуға, көптін алдына шығып сөз сөйлер шешеннің
төл өзіне тон ерекшелігін көрсете алу мәселелеріне арналған заңгерлер үшін
қылмыстық-процесуалдық ғылыми еңбектер біздің топырақта жоқтын қасы. Ұлттық
мәдениетіміздін тұтас бір бөліғін құра шешендік өнерден арна тартып жатқан
төрелік айтар соттағы тілмарлы тіл мәдениетін үнемі назардан тыс
қалдырмайтын көкірегі ояу, көзі ашық зиялы кауым қашан да жоғары бағалаған.
Сот мінбесі —- тарихтың өзі көрсеткендей, талай ғасырдан бері әрі қазірдін
өзінде де идеологиялык, кұкықтық ықпал-әсер ету құралы болып келеді.
Сондықтан казіргі кезде лау үрдісін, сөз қадірін білер сот шешендеріне
үлкен талатттар қойылып отыр.
Сот шешендігі — прокурорлық, адвокаттык қызметтің алтын діңгегі. Олай
дейтініміз сот төрелігін жүзеге асыруда сотпен бірге адвокатура
органдарының маңызды орын алатыны айкын. Олар сот қарастыр тын қылмыстық
және азаматтық істерге тікелей араласуға құқылы. Қылмыстық істі
тергегендегі прокуратуранын міндеті: фактілердің дәлдігін, қылмыстың
жасалуын, объективтік негіздер бойынша сотталушының кінәлілігін дәлелдеуге
келіп сайса, адвокат қызметінің негізгі желісі: қылмыстық жауаптылыққа
тартылған кісіге онын азаматтық құқығын қорғау үшін заң тұрғысынан қолдау,
білікті ақыл-кеңес беруден тұрады. Екеуі де өздерінің көз қарастарын сот
алдында ауызша сөйлеу түрінде жалпыға паш етеді. Оның тағдыры таразыға
салынар жүргізіліп жатқан сот процесінде бұл бөлім қылмыстық істі қарап.
шешім шығарардағы алатын орны алабөтен ерекше.
Сөзімізді жүйелеп айтсақ, олардың жарыссөзге шығып сөйлеуі сот
тергеуінен кейін басталады. Жарыссөз кезінде прокурор мен адвокат айыптау-
қорғаушы тұрғысынан сот тергеуінің қорытындысын шығарады. Сот барысында
істің мән-жайлары қарастырылғаннан кейін, өз дәйектемелерін келтіріп, сот
мәжілісінде зерттелген іс материалдарын тереңірек, кенінен түсінуге үйытқы
болады. Осылайша екі жақтын нікір-таластары ақиқатты — заңды тұрғыда әділ
үкім шығаруға негіз береді.
Өз сөйлеуінде айыптаушы мен қорғаушы болған қылмысты жан-жақты
тексеріп, оның қоғамға қаншалыкты қауіптілігін анықтап, күнәкерге тиі
бағасын айтуы тиіс. Сайып келғенде, мұның сотталушыға да, сот залында
қатысып отырған халыққа да тәрбиелік мәнінің әсерін жоқка шығаруға
болмайды. Азаматтарға қылмыстық әрекеттін салдарын түсініп, дұрыс корытынды
шығаруға түрткі болады. Ендеше сопағы сөз сөйлеулін үлкен тәрбиелік,
ғибратгық тәлімі бары сөзсіз демекпіз.
Сотта сөйлеудің манызы мұнымен ғана шектелмесі анық. Қылмыстық істі
қарау барысында айыпталушы мен қорғаушы оның сипаты мен орында амал-
тәсіліне, мақсаты мен ниетіне терең талдау жасаи, жасалған қылмыстың сурет-
сүлбесін, яғни болған жағдайды, окиғаны толық кайта қалпі келтіреді.
Олардың жасалған жеке бөліктеріне тиісті баға беріп, көпшіліктің алдына
сарапқа салуы сотқа қатысушы тұлғалардың талкыланып отырған істің мазмұның
терең түсінуге, көңіл зердесінен өткізуге түрткі болып, шығарған үкімнің
қаншалықты әділдігіне көз жеткізуіне мүмкіндік алады. Сөз жок, жоғары талап
деңгейінен шыға білген айыптаушының не қорғаушының сөзі Қазакстан
заңнамасын насихаттауда, мәртебесін көтерудегі қуатты қарудың бірі. Әйтсе
де сот шешендері сөздерінің барлығы дерлік тап-тұйнакі ай мінсіз шықкан
інжу-маржан десек, қателескен болар едік. Солардың ішіндегі сүбесі сере
шыққаны — нақты бір жүйеғе құрылған, мән-мазмұнға бай, сауатты сөйлеген сөз
ғана сот төрелігінін мейлінше әділ шығарылуына кепіл бола алатыны анық.
Соттағы ...қорғау жеміссіз болмауы тиіс. Қылмыстық қорғау — ауыр да,
адами тұрғыдан келғенде жауаптылығы мол іс — дейді корғаушы-адво-каттың
жауапкершілігі жайында өткен ғасырдың әйгілі сот кайраткері, сот
шешендігінің теоретигі П. Сергеич[6]. Егер осы мамандықты өмірінің мәні
деп ұққан адам сотталушыға қолынан келген бар қайраның жасауға ұмтылмаса,
өзінің ар-ожданының алдында қылмысқа барады. Сотталушыға адал болу касиеті
бойына дарыған адвокат қана қызметінде көп жетістіктерге қолы жетеді; егер
ол сотта сұлу сөйлеп, атақ-даңқ көздеген пайдасыз құмарлық, ақша табумен
шектелген болса, бұнысынан өмірінің соңына дейін қанағат таппасы анық —
дейді әйгілі сот кайраткері.
Қазіргі сот төрелігі тілмарлығының негізгі желісі — сонау антикалық
заңманнан бері келе жаткан көне грек-рим шешендік дәстүрінін амал-тәсілдері
және ұлттык төл шешендік тәжірибесі негізінде құралады.
Дарынды, белгілі заңгерлердің төрелік сөздері (судебные речи) терең
психологиялы болып келеді, өйткені шешендер сот алқасы мен сотқа қаты-
сушылардың ой-сана, сезімдеріне әсер етуғе тырысқан. Осы күнгі төрелік
сөздердің өзеғінде психологиялык жағынан төрі құрғак дәлелдемелер жағы
басымырақ. С. Негимов Шешендік өнер атты кітабында: Қазіргі айып-
таушылар мен қорғаушыларлар сөзінде ойдан гөрі айтыс-тартыс басым. Түйінді
сөз айтуға ұмтылмайды. Әр күн сайын тілді дамытып отыруға, әңгі-мелесу
үстінде естіген соны сөздерді жазып, көнілге тоқуға машықтану дү-рыс.
Шешеннің сөзі күн айнаға калай түсіп жататыны секілді, сондай дәл, ап-анық
болғаны жөн,[7] — деп ескертеді.
Сотта сәтті сөйлеу үшін процеске тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Ол
коммуникативтік фазаны қалыптастыруға дейінгі бірнеше кезең-сатылардаң
тұрады. Бүл - іс материалдарын зерттеу; іс бойынша процессуалдық позицияны
анықтау; сөйленер сөздің композициялық кұрылымын ойластырып, жоспар жасау;
оны әдеби қалыпқа тұсіру.
Жүріп жатар сот процесі — шешендік өнер тағлиматында, бұлттар соғылып,
найзағайлар шарпысқан пікір-талас, сөз жарыстыру кеңістігін құрайды. Сотқа
қатысар екі жақтың мақсаттары мен міндеттері, айыптаушы, қорғаушы сөз
тезистері, төрелік сөздің атқарар қызметі, түрі мен мазмұны — аталған
кеңістіктің негізгі бөліктері болып табылады.
Соттық пікір-талас, сөз жарыстыру кеністігінде сотқа қатысушы екі
жақтың іскерлік-дағдысын жетілдіруте керекті нәрселерге: акиқатка жетерд
бірден бір айқын жол — диалектикалық бәсеке түрінде өтетінін үғыну;
қарсыластардың қисынды дәлелдерінің біртіндеп қомақты дәлелдемеге
айналатынын, олардың ерекшеліктері мен өзгешеліктерін жете сезіну; сот
шешендік кеңістігін дау-дамайлы алаңға айналдырмай, қарсы жақтың акылға
сиымсыз даукестік мінез-құлқы белгілерін көре білу, оған қарсы қолданар
тәсілдер ойлап табу талаптары жатады.
Заңгердің қаперіне алар басты қағида - пікір-талас, сөз жарыстыру
кеңістігінен абыроймен шығу жолдарын алдын ала іздестіре қарастыру;
процесс үстінде күтпеген дағдарысқа ұшырап қалмау; үзаққа созылған дау сөз
бейнелілігіне кепіл боларлық көркемдік құралдарды орнымен пайдалану.
Кезінде осыдан екі ғасыр бүрын сот тілмары атанған әйгілі
П.С.Пороховщиков Искусство речи на суде аты енбегінде сөйлеудің
айқындылығы тазалығы, сөз байлығы мен пәнді білу, ой мен сөздің
қарапайымдылығы мен қуаттылығы, әуезділігі меи ырғақтылығы, шешеннін рухани
еркіндігі, жүмыс пен импровизацияның қарым-катынасы, тындаушының ынта-
ықыласы, түсініксіз ойлар мен шұбалаңқы сөйлемдер жайында іргелі, күрделі
пікірлер айтқан. Ол пікірлер әлі күнге өз құнын жойған жоқ. Оның пайымынша,
шешен әр сөзін өзі қалай түсінсе, тыңдаушыға да солай ұғынықты ету керек.
Сотта сөйленетін сөз өте-мөте анық болуы шарт. Тыңдаушыл еш қиындықсыз
қабылдауы кажет. Сөз жоқ, мұндай шеберлікке жету үшін стильдін тазалығы мен
дәлдігі және пән мен тілді терең меңгеру ләзім екендігін айтқан.
П. С. Пороховщиков сөйленер сөзге жазып дайындалу дұрыстығын қалайды.
Сөйлеген кезде жатқа айтасың ба, өзің білесің. Алғыр шешен күні бұрын
тыңдаушының көңіл күйі мен ойларын өткір сезінеді. Ол аса сақтық сөйлейді,
әбден сөзіне бағындырып алған соң, олардың сезім күйлерін билеп әкетеді
деп түйіндейді.
Сотта сөз айрықша анық айтылуы қажет. Нактылық пен айқындылық шынайы
стильге тән, кұбылысты барынша түсініп тану және тіл құбылыс тарын жүйрік
зердемен зерттеу күба-құп болар еді. Стилъдін аса көркем өрнектері
қарапайымдылықтан туындағанда табиғи сипатқа ие болады. Мінбеге щыққан
шешен сөз туралы ойламау керек, ол рет-ретімен өзі тізіледі. Тыңдаушылар
шешеннің өз ойымен өзі болып, яғни толқынды, құйынды ойаоынын ыркына
бағынғандығынын куәгері болуға тиісті. Кез келген ой өзіне тән сөздерді
пайдаланады, сонда ғана табиғи сұлулыққа бөленеді, деп жазады ғалым
(ескертерлігі: II. С. Пороховщиков сөзі қазак ғалымы С.Негимовтін сәтті
шыққан аудармасында беріліп отыр)[8]. Біз сөз сөйлеуге дайынлықты
зерттеуіміздің Сот төрелік тілмарлығы шеберлігін шындату бөлімшесінде
кезең-кезеңге бөліп, шешендік қырларын сот процесіне қатысушы адвокаттарға
ғана емес, сонымен бірге жалпы заңгерлер үшін де маңызды.
Әдетте сот шешендігі үш түрге: прокурорлык немесе айыптаушылық, ад-вокаттык
немесе қорғаушылық және айыпталушының өзін-өзі қорғау сөзі болып бөлінеді.
АйыІптау мен қорғау — бір-бірімен өзара байланысты құ-қықтық институт.
Бұларсыз бірде-бір қылмыстық іс каралмайды, сондықтан бұл екеуі заңда қатаң
түрде өз орнын табуға тиіс". Енді осы сотта сөйлеу бөліктерінің
әркайсысына жеке-жеке тоқталып, соттын бірінші, екінші сатысындағы негізгі
бөліктерін анықтап, оларды саралап, өн бойында мықтап сақтап жатқан күрделі
де көркем қабаттарына үніліп көрелік.
2 тарау. АДВОКАТТЫҢ АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСУЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ
ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ.
2.1. Қылмыстық және азаматтык істер бойынша сотың бірінші са-тысындағы
адвокаттың сөйлеулері.
Адвокатқа қылмыстық іс бойынша процессуалдык позициясын анықтап алуы
үшін ен алдымен іс материалымен етене танысқандары абзал. Бұлай ету - сөз
сөйлеуге дайындықтың негізін құрайды. Кез келген, барынша айқын, ешқандай
қиындық тудырмайтын қатардағы іс болса да, онымен тыңғылықты танысып
алғандары жөн. Әсілі, бұлай, іспен егжеи-тегжейлі танысу сотта ұтымды
сөйлеу кепілдерінің бірі болмақ.
Әрбір қылмыстық істін материалдарын жан-жақты игерудің мақсаты мынаған
саяды: кәсіби шеберлікке тәп ңасиетпен сот барысында не тексерілетінін
алдын ала болжай алу; айыптау қорытындысы шешімдерінің іс материалымен
сәйкестігін анықтау; іс бойынша барлық дәйектемелер мен
дәлелдемелерді тергеушінің есепке алуын қадағалау; соттың алдын ала
таргеуінде кеиін деген түстарды толықтырудың қажетілігін айқындау.
Істі етене жақсы білу процеске қатысушы баска тараптардың жетегінде
кетпей, сот тергеуінде өзіндік әдіс, тактиканы, позицияны тандау үшін, сөз
се леудің мазмұнын айқындап, сөйлеуге жоспар құру үшін қажет-ак.Іспен
танысу барысында алдымен қылмыстын неге, неліктен болған сотқа нені, қалай
дәлелдеген ләзім екенін, сот шешіміне қалайша әсер І дұрыс дейтін
сауалдарға жауап іздеген кұба-құп. Сот шешіміне әр дәйектемелер,
дәлелдемелердің әсер етуі мүмкіндігін есте ұстап, ол үшщ і материалдарын
еркін меңгеріп, сот процесіне белсене араласқандары ды болмақ. Сонымен
бірге айыптаушы мен қорғаушының іс бойынша перлеріне алатын мәселелері:
істің нақты мән-жайын пайымдау; дәле мелерді бағалап, талдау; қылмысты
саралауды негіздеу; сотталушы мен бірленушінің жеке тұлғалык мәнездемелері;
қылмыстың жасалуына болған себептер мен жағдайларға талдау жасау; жазалау
шаралары тур төл ойлары мен азаматтық талап.
Адвокат өзінің кәсіби қызметіңде әртүрлі заң көмегін көрсетеді. ҚР
ҚІЖК әрбір адамға білікті заң көмегін алудың үлкен және тең мүмкіндігін
береді. Бұл жағдайда заң көмегі өзінің мазмұны бойынша іс-әрекетгің үлкен
шеңберін қамтиды, оның ішіңде анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарында
занды және жеке тұлғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады.
Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы - бұл адвокат қызметінің маңызды
түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін
жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-
ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау
тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Қорғану тарабы сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы,
азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады.
Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін
қажетсінеді, онсыз айыпталушы өз кінәсіздігінің дәлелдерін келтіруге,
соңдай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауапкершілігін жеңілдететін
мән-жайларды анықтауға дәрменсіз.
Қорғаушы - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыптаушылардың
құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін
адам.
Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап,
соған байланысты ҚІЖК-де белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне
қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып
тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолдалынған адам сезікті болып танылады.
Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан
адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғаған адам,
сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған
және бекіткен адам айыпталушы болып танылады.
Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін тұлғаларды нақты анықтайды.
Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелікте түрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкілдері;
г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа
да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкілін бөліп, қорғаушы
ретіндегі оның өкілеттігін айғақтайтын тиісті құжаттармен (шешім немесе
хаттама, сенімхат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасыңда (ҚІЖК 70-
бал 2-тармақ) қорғаушы ретінде іске, егер бұл Қазақстан Республикасының
тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада
белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвокатарының қатысуына
жол беріледі.
Қорғаушылар (адвокаттар) іске қатысуға тұлға айып тағылған немесе
ұсталган, айыпталушы деп танылған не айыптағылғанға дейін бұлтартпау шарасы
қолданылған сәттен бастап жіберіледі.
Бір адам, екі сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің
мүддесіне қайшы келетін болса, екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық іс бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге
асырады.
Білікті заң көмегін алу құқығын жариялай отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары мен заңды
мүдделерін кәсіби қорғау құқығымен, қылмыстық ізге түсуден қорғану құқығын
коса алғанда, қамтамасыз ету принципін орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы
ережеге сәйкес анықтауды жүргізетін адам, терегеуші, прокурор, сот әрбір іс
бойынша азаматқа өз құқығын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз
етуге міндетті. Құқықты тікелей немесе жанама шектеу я болмаса әлеуметтік
шығу тегі, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі,
діни ұстанымы, көзқарасы, тұрғылықты жеріне байланысты желеумен немесе кез
келген басқа мән-жай бойынша өзге артықшылықты белілеу заң бойынша
жазаланады.
Заң қорғаушының қылмыстық іс бойынша міндетті қатысуының келесі
негіздерін қарастырады.
Біріншіден, осындай негіздеме сезіктінің (айыпталушының) қорғаушы
алғысы келетіңдігі туралы өтініші болып табылады. Қорғаушыны міндетті
қатыстыру институты оның қатысуын, ең алдымен, сезіктінің (айыпт-алушының)
өз еркі және келісімі бойынша қарастырады.
Бұл жағдайда ешкім де сезіктіге (айыпталушыға) корғаушы ретінде
белгілі бір тұлғаны ұсына алмайды. Сезіктінің (айыпталушының) өзіне
таңдаған қорғаушысының көмегін пайдалану құқығына кедергі келтіру іс
жүргізу заңнамасын елеулі бұзушылық болып табылады. Қандайда бір себеп
бойынша тандаған қорғаушы іске қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда
(демалыс, іс сапар, сырқаттану және т.б.) анықтауды жүргізетін тұлға,
тергеуші, прокурор сезіктіге (айыпталушыға), басқа қорғаушыны шақыруды
ұсынуға құқылы немесе оны қорғаушымен заң консультациясы арқылы қамтамсыз
етеді.
Процесті жүргізуші орган сезіктінің (айыпталушының) қорғаушы алғысы
келетіңдігі туралы өтінішін елемеуге құқығы жоқ. Оның қорғаушыны қандай
сатыда шақырғандығының шешуші маңызы жок, Ең бастысы, заң көмегін
айыпталушының өзіне қажет деп санағандығында, ал бұл өз кезегінде тергеуші
мен сотты айыпталушыны қорғаушымен қамтамасыз етуге міндеттейді.
Екіншіден, егер сезікті немесе айыталушы кәмелетке толмаса,
қорғаушының қатысуы міндетті. Қылмыс жасаған сәтте он сегіз жасқа толмаған,
сондай-ақ бірнеше қылмысы үшін айыпталып, оның бірін он сегізге толмаған
жасында жасаған тұлға кәмелетке толмаған болып саналады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс бойынша қорғаушы
кәмелетке толмағандардан сезікті немесе айыпталушы ретінде алғаш рет жауап
алынған сәттен бастап, ал айыптағылғанға дейін ұсталған немесе тұтқындалған
жағдайда ұсталған немесе тұтқындалған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz