Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері ... ... ... ... ... ...8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау ... ... ... ... ...17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау ... ... ... ... ... ... .21

3. Еңбек өнімділігін жоғарылату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Еңбек өнімділігін жоғарылату өнім көлемінің өсуінің басты факторы болып табылады. Ал, өнім көлемінің өсу темптері бүкіл өндірістің даму темптері мен оның тиімділігінің өсуін анықтайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін анықтаудың үлкен мәні бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гаврилов «Производительность труда: показатели планирования и методы измерения». Москва: Экономика, 1985г.
2. Костин Л.А., Костин С.Л. «Кардинальное повышение производительности труда». Москва, 1986г.
3. Маркин Ю.П. «Анализ внутрихозяйственных резервов». Москва: Финансы и статистика, 1991г.
4. Скоморохов Р.В. «Производительность труда: резервы роста». Москва, 1989г.
5. «Производительность труда и ыакторы ее роста» под ред. Ф.И.Гилицкого. Минск: Наука и техника, 1982г.
6. «Производительность труда-важнейший фактор повышения эффективности производства». Москва: Наука, 1982г.
7. «Резервы ускорения роста производительности труда» под ред. Д.Н.Карпухина. Москва, 1987г.
8. «Роль финансов и кредита в повышении производительности труда» под ред. Грязновой. Москва: Финансы и статистика, 1990г.
9. Брылев В. «о методике выявления и реализации внутренних резервов повышения производительности труда».// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. 2001год №8.
10. Коробейников А., Катков А. «Повышение производительности возможно при условии».// Казахстан: экономика и жизнь. 1996год №3.
11. Рожкова В. «Производительность труда».// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. 2003год №7.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Еңбек өнімділігінің түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. .8
3. Еңбек өнімділігіне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...15

2. Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігін
талдау ... ... ... ... ...17
1. Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2. Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және
болжау ... ... ... ... ... ... .21

3. Еңбек өнімділігін
жоғарылату ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..25
1. Еңбек өнімділігін жоғарылатудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2. Еңбек өнімділігін жоғарылатудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..33

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Кіріспе
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз,
сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз
категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және
еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады.
Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде,
1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен
еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы
құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі
тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек
өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі
қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан,
еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол
кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын
көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі
болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның,
өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін
көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің,
біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі.
Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар,
олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен
модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен
бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін
бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден,
олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу
үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау
мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне
және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті
сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Еңбек өнімділігін жоғарылату өнім көлемінің өсуінің басты факторы болып
табылады. Ал, өнім көлемінің өсу темптері бүкіл өндірістің даму темптері
мен оның тиімділігінің өсуін анықтайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін
жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және
прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең
қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық
экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін
ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты
саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек
потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне
әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін
анықтаудың үлкен мәні бар.

1.Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы.
1. Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні.
Еңбек өнімділігі әртүрлі жағдайлармен анықталынады, соның ішінде
жұмысшы өнерінің орташа деңгейі, ғылымның даму деңгейі, ғылымда
технологияны пайдаланудың дәрежесі, өндірістік үрдістің қоғамдық
комбинациясы, өндіріс құралдарының өлшемі мен тиімділігі, табиғи жағдайлар.
Еңбек өнімділігінің индексі бірден аз, бірге тең, бірден көп болуы мүмкін,
ол өнім бірлігін өндіруде еңбекті үнемдеу деңгейіне тәуелді. Мысалыға өнім
бірлігін өндіруде еңбек шығындары 20%-ке азайса, еңбек өнімділігі 25%-ке
көбейеді. Егер өнім бірлігін өндіруде еңбектің шығындары сол қалпында
қалса, онда еңбек өнімділігінің индексі 1-ге тең болады. Өнім бірлігін
өндіруде еңбек шығындарының көбейуі кезінде еңбек өнімділігінің индексі
бірден аз болады. Бұл құрал-жабдықтардың ескіруі кезінде, табиғи
жағдайлардың күрделенуі кезінде және т.б. болуы мүмкін. Өнім өндірісінің
еңбек сыйымдылығының өзгеруі мен еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің
тәуелділігі мынадай гиперболамен көрсетіледі: у=1х
Еңбек өнімділігі деп отырғанымыз материалдық игіліктерді өндіру
сферасында адамдар қызметінің жемісті (нәтижелі) дәрежесі. Демек, еңбек
сияқты еңбек өнімділігі де материалды өндіріс сферасына қатысты болады.
Еңбек өнімділігі-белгілі бір еңбектің уақыт бірлігінде белгілі бір өнім
көлемін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі материалды өндірістегі еңбек
шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде
өндірілетін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен еңбек
шығындарымен анықталынады.
Еңбек өнімділігі-бұл жалпы көрсеткіш. Ол бір жұмысшының немесе
өндірістік коллективтің уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемін бейнелейді
және өндірістің тиімділігін сипаттайды.
Еңбек өнімділігі-бұл еңбек шығындарының тиімділігі. Ол жұмысшының уақыт
бірлігінде өндіретін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін құрастыруға кеткен
жұмысшының уақыт шығындарының шамасымен белгіленеді.
Еңбектің жеке өнімділігін (берілген өнімді шығаруға кеткен тек тірі
еңбектің шығындары) және қоғамдық өнімділігін (өнім өндіруге кеткен жиынтық
шығындар: тірі еңбек шғындары, затталған шығындар) ажыратып көрсетуге
болады.
Техникалық прогресстің дамуына байланысты затталған еңбек шығындарының
үлесі көбейеді, алайда өнім бірлігіне кететін тірі еңбек шығындары мен
затталған еңбек шығындарының абсолютті мөлшері қысқарады. Бұл қоғамдық
еңбек өнімділігін жоғарылатудың мәні. Қоғамдық еңбек өнімділігі қоғамдық
өндірістің тиімділік критерийі болып табылады. Ал жеке еңбек өнімділігіне
келетін болсақ, ол бұл функцияны толық мөлшерде орындай алмайды. Мысалыға,
шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту немесе оның ассортиментін жетілдіру
мақсатында еңбек шығындарын ұлғайту қажеттілігі туады, бірақ бұл ұлғайту
келесі кезекте сапалы өнімді қолдануда еңбекті көп үнемдейді.
Еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы ол өндірісті кеңейтудің негізгі шарты
болып табылады. Шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, жұмысшылардың санын
ұлғайту нәтижесінде жетуге болады, егер де әрбір қосымша алынған жұмысшы
өнімнің өсімшесін ғана емес, табыстың өсімшесін де берсе.
Жұмысқа алынатын адамдар саны шектеулі болады. Жұмысшылар санының
ұлғаюы, яғни әрбір қосымша бірлігі өнімнің сомасына аз мөлшерін қосады да
өнім өсімшесі әрбір адам үшін азырақ болады. Сондықтан адамдар саны шекті
өнімнің, яғни өнімнің максималды өсімшесімен, максималды мәнімен
анықталынады.
Еңбектің шекті өнімі дегеніміз өндіріске қосымша бір еңбек бірлігін
енгізу есебінен болатын шекті өнім (МР). Өнімнің көлемін үздіксіз көтеру
еңбек өнімділігінің жоғарылауын білдірмейді. Еңбек өнімділігі шекті өніммен
анықталынады. Ал шекті өнім (МР) еңбектің шекті өнімі болып табылады. Еңбек
өнімділігі еңбек етушілердің өмірлік деңгейін сипаттайды. Өмір деңгейі
өндірілген өнімнің жалпы санының өсуі есебінен жоғарылайды. Мемлекет
бойынша еңбек өнімділігінің өсу темптерін басқа мемлекеттермен салыстырып
отыру керек. Мысалыға АҚШ-та шығарылатын өнім көлемінің өсу темптерінің
тенденциясы халықтың жан басына шаққанда 1984 жылы басқа Жапония, Франция,
Германия сияқты мемлекеттерге қарағанда жоғары. Бірақ еңбек өнімділігінің
өсу темптері бойынша ең төмен. Бұл деп отырғанымыз еңбек өнімділігі өсуінің
басты көзі болып жиналатын капитал өсімі табылады. Оның көбеюі құрал-
жабдықтардың сандық және сапалық өзгерісін білдіреді. Өз кезегінде бұл-
әрбір жұмысшы 1 жұмыс сағытында өнімді көбірек өндіреді деген сөз. Еңбек
өнімділігі өсуінің ең жоғары темптері Германия мен Жапонияда, ол
экономиканы құрылымдық қайта құру есебінен болды.
Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың шикізаттық
бағытымен байланысты. Мұнай, табиғи газ, түсті металлдар және т.б. шикізат
ресурстарының запастары азайғанынан бір жұмысшыға шығатын өнім азаяды.
Нарықтық экономикада орташа өнім (АР) өнім сомасының (Q) еңбектің бір
бірлігіне қатынасымен анықталады: АР= Q : L Осылайша кәсіпорындағы өнім
саны алғашында динамикалық түрде өседі, содан кейін төмендейді. Бұл орташа
өнімге өз әсерін тигізеді. Өндіріске қосымша еңбек бірлігін енгізу есебінен
өнімнің сомалық мөлшері өзгереді, бұл еңбектің шекті өнімін көрсетеді: МР=▲
Q :▲ L . МР мәні алғашында жоғарылайды, содан кейін төмендейді.

2. Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.
Әртүрлі мекемелерде бар резервтерді бағалау және еңбек өнімділігінің
деңгейін өлшеу үшін бірнеше жыл бойынша еңбек өнімділігінің динамикасын
білу үшін еңбек өнімділігін дұрыс (объективті) өлшеу маңызды болып
табылады.
Еңбек өнімділігін өлшеу мен болжау жасау кәсіпорынның ішкі іс-әрекеті
болып табылады. Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында еңбек
өнімділігін өлшеу өндірісті тек оперативті жоспарлау кезінде ғана,
операциялардың жалғасуын синхрондау мақсатында жүзеге асырылады. Еңбек
өнімділігі натуралды, еңбек, құндық түрдегі көрсеткіштермен көрсетілуі
мүмкін. Еңбек өнімділігін анықтау, оны жоспарлау және есепке алу үшін екі
көрсеткішті пайдаланады: өнім шығару көлемі бұл еңбек өнімділігін
сипаттайтын, бір уақыт бірлігінде (минутта, сағатта, күнде,
жылда)өндірілтін өнім санын көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш көбінесе
ақшалай түрде, кей жағдайда натуралды түрде (дана, тонна, метр)
белгіленеді. Келесі көрсеткіш еңбек өнімділігін өлшеу үшін берілген уақыт
кезеңінде (ай, квартал, жыл) бір орта тізімдік жұмысшыға орташа қанша өнім
өндірілетінін көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір жұмысшыға келетін
орташа өнім шығару көлемі деп аталады және еңбек өнімділігінің ең тараған
және универсалды көрсеткіші болып табылады.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бір өнім бірлігіне кететін еңбек шығындары
ретінде көрсетуге болады, яғни өнімнің еңбек сыйымдылығы ретінде. Өнімнің
еңбек сыйымдылығы-өнімнің бір бірлігіне кететін негізгі өндірістік
жұмысшылардың жұмыс уақытысы немесе белгілі бір жұмысты минутта, сағатта,
жұмыс күндерінде орындауды көрсететін экономикалық көрсеткіш. Өндірістің
еңбек сыйымдылығы-өнеркәсіптік өндірістік персоналдың өнім бірлігін
өндіруге кететін еңбек шығындары. Бұл көрсеткіш адам-сағатпен (норма-сағат)
өлшенеді. Еңбек сыйымдылығының келесі көрсеткіштерін ажыратады.
Өндірістік еңбек сыйымдылығы-өнім өндіру процесіне тікелей және жанама
қатысатын, барлық жұмысшылардың еңбек шығындарының сомасы. Өз кезегінде
өндірістік еңбек сыйымдылығы технологиялық еңбек сыйымдылығына, көлік-қойма
жұмыстарының еңбек сыйымдылығына және жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарының
еңбек сыйымдылығына бөлінеді.
Технологиялық еңбек сыйымдылығы еңбек құралдарының сапалы өзгерісімен
байланысты барлық орындаушылардың еңбек шығындары. Көлік-қойма жұмыстарының
еңбек сыйымдылығы еңбек құралдарын, дайын өнімді тасымалдаумен және
сақтаумен айналысатын барлық орындаушылардың еңбек шығындары. Жөңдеу-қызмет
көрсету жұмыстарының еңбек сыйымдылығы өндірісті жөңдейтін және оған қызмет
көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек шығындары.
Басқарудың еңбек сыйымдылығы-қызметкерлердің, мамандардың, басшылардың
еңбек шығындары.
Берілген кәсіпорында бүкіл өнеркәсіптік өндірістік персоналдың (ӨӨП)
еңбек шығындары бұл толық фабрика-заводтық еңбек сыйымдылығы. Ол өндірістік
еңбек сыйымдылығынан және өндірісті басқарудың еңбек сыйымдылығынан тұру
керек.
Қойылған мақсаттарға байланысты еңбек өнімділігін өлшеудің келесі
негізгі әдістерін қолдануға болады: натуралды, еңбектік, құндық.
Еңбек өнімділігін өлшеудің ең қарапайым әдісі-натуралды. Мұнда
натуралды өнім бірлігі (дана, тонна, метр) адам-сағат, адам-күн, адам-жылда
істелген уақыт қатынасымен анықталынады. Натуралды әдіс кәсіпорын ішіндегі
еңбек өнімділігін өлшеу кезінде кең қолданылады: жұмыс орындарында,
бригадаларда, жеке учаскілерде, әсіресе біртекті өнім өндіретін салаларда.
Егер цех бір бағыттағы өнімді өндірсе, бірақ бір белгісімен ерекшеленетін
болса, онда өнім шығару көлемі шартты бірліктермен (шартты-натуралды әдіс)
анықталынады. Мысалыға отынның әр түрлерін өлшеу үшін, бір өнім бірлігін
шартты түрде 1000 калорий етіп белгілейді. Бірақ бұл әдісті қолданудың
тәжірибелік мүмкіндіктері шектеулі, себебі кәсіпорындар әр текті өнімді
шығарады. Сонымен қатар еңбек өнімділігін натуралды түрде өлшеген кезде
өнім сапасы, еңбекті үнемдеу нәтижелері ескерілмейді.
Еңбек өнімділігінің деңгейін еңбектік әдіспен өлшеу өндірілетін өнімнің
еңбек сыйымдылығы туралы мәліметтерді қолдануға негізделген: өнім көлемі
жұмыс уақытының бірлігімен бағаланады, содан кейін нақты істелген уақытқа
жатқызылады. Сонымен, өнім саны мен оны өндіруге кеткен еңбек шығындары
арасында тікелей байланыс қалыптасады. Еңбектік әдіс өнімнің дайындық
деңгейіне (бұйым, жартылай фабрикат, аяқталмаған өндіріс) байланыссыз
барлық өнім түрлеріне қолданылады. Бірақ бұл әдістің бірнеше кемшіліктері
бар. Біріншіден, ол еңбекті нормалау жақсы ұйымдасқан кезінде ғана еңбек
шығындары мен оның нәтижелері тура өлшеуді қамтамасыз етеді. Бұл әдіс
нормалардың тұрақтылығын талап етеді, бірақ ол еңбек үрдісінің
ұйымдастырушылық техникалық шарттарын жетілдіру кезінде ұдайы өзгеріп
отырады. Екіншіден, осы уақытқа дейін белгілі бір жұмыс түріне немесе жұмыс
функцияларына еңбек сыйымдылығының сенімді нормативтері жоқ.
Тәжірибеде көп тараған әдіс құндық (ақшалай). Ол өндірілетін өнім
көлемінің құндық көрсеткіштеріне негізделген. Құндық әдіс кезінде еңбек
өнімділігін өндірілген өнім көлемін ӨӨП-дың орташа тізімдік санына бөлу
арқылы есептелінеді. Еңбек өнімділігін өлшеудің құндық әдісі әртүрлі
түрлерін қамтиды, ол өндірілген өнімнің әртүрлі құндық түрлеріне байланысты
(тауарлық, жалпы, өткізілген, таза, нормативті-таза). Жалпы, тауарлық,
өткізілген өнім бойынша есептелінетін еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
ұқсас артықшылары мен кемшіліктері бар. Басты кемшіліктері ол өнімділік
деңгейінің өткен еңбек шығындарының тірі еңбек шығындарына қарағанда
шартталуы. Жалпы өнім бойынша есептелінетін өнімділік мөлшеріне шығарылатын
өнімнің ассортиментінің өзгеруі, басқа кәсіпорындардан алынатын
кооперирленген жеткізу көлемінің өзгеруі, аяқталмаған өндіріс көлемі,
өнімге бағалардың әртүрлілігі мен динамикалығы теріс әсер етеді.
Аяқталмаған өндіріс көлемі біршама тұрақты және онша үлкен емес,
көптеген кәсіпорындарда еңбек өнімділігі тауарлық өнім арқылы анықталынады.
Бірақ егер кәсіпорын өнім шығаруға көп еңбек шығарып оны толық дайын күйде
жеткізбесе, онда дайын тауарлық өнім бойынша еңбек өнімділігін өлшеу нақты
өнімділік деңгейін төмендетеді.
Өткізілген өнім бойынша еңбек өнімділігін өлшеу бұл тұтынушыға
жіктелген және толық төленген дайын өнімді есепке алу. Бұл жағдайда
кәсіпорын жұмысының тиімділігі ұжым қызметіне тәуелсіз себептермен
анықталады. Жетілдірілген әдістерді іздеу таза өнім мен оның әртүрлерін
пайдалануға алып келді.
Таза өнім-өндірістің материалды шығындарын алып тастағанда кәсіпорынның
көтерме бағалардағы құны. Таза өнімнің шартты-таза өнім мен нормативті таза
өнім түрлері бар. Шартты-таза өнім өзіне амортизация сомасын қосады. Шартты-
таза өнімді өндірісті жоспарлауда және еңбек өнімділігін жоспарлауда
қолдану мүмкіндігі көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда тексеріліп,
күтілетін нәтижелер берген жоқ. Бұл нақты бұйым бойынша рентабельділіктің
үлкен айырмашылықтарына байланысты. Көтерме бағасындағы пайда бөлігінің
үлкен тербелістеріне байланысты өнім өндірісінің әртүрлі рентабельділігі
таза өнім динамикасына және көлеміне тауарлы өнім көлеміне қарағанда жоғары
деңгейде әсер етеді. Демек, таза өнім бойынша есептелінетін еңбек
өнімділігінің көрсеткіші көтерме бағадағы пайда бөлігіне жоғары деңгейде
байланысты болады.
Таза өнімді нормативті әдіспен жоспарлау кезінде алғашқы кезектегі
рентабельділігі жоғары бұйымдарды шығару ұмтылысы түседі, себебі жеке өнім
түрлері бойынша пайда мөлшері орташаланады. Осы кезеңге дейін өнім өндіруді
көлемін өлшеуді әртүрлі әдістері туралы сөз болды, яғни оның негізінде
есептелінетін өнімділік көрсеткіші. Алайда, өнімділік көрсеткіші тек бұл
көрсеткішке ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының бірлігіне де тәуелді
болады.
Жұмыс уақыты әртүрлі мәнде көрсетіледі: сағат, күн, квартал, жыл. Соған
байланысты өнімділік істеген адам-сағатқа, адам-күнге немесе 1 жылда
(кварталда, айда) орташа тізімдік жұмысшыға есептелінеді. Сағаттық және
күндік өнімділік көрсеткіштері көбінесе талдау есептерін шешуге және
оперативті жоспарлау үшін қолданылады.
Кәсіпорында еңбек өнімділігі натуралды және құндық түрдегі өнім
шығаруының өлшем бірлігіне байланысты өлшенеді. Еңбек өнімділігінің
натуралды бірлігі-тонна, кг, м3 және т.б. Еңбек өнімділігін өлшеудің
универсалды бірлігі болып ақшалай табылады.
Еңбек өнімділігі бір жұмысшыға және бір жұмыскерге есептелінуі мүмкін
және оны сағаттық, ауысымдық, айлық, кварталдық, жылдық түрлерін айырады.
Ірі кәсіпорындарда еңбек өнімділігін есептеген кезде, есеп соңғы өнім
бойынша жүргізіледі.
Өндірісті жүргізе отырып, әрбір кәсіпорын көптеген сұрақтарды шешеді,
соның ішінде қанша шикізат сатып алу керек, қанша жұмысшыларды жұмысқа алу
керек, қандай техникалық үрдісті таңдау және т.б. Сонымен, бар өндірістік
қуаттар негізінде өндірісті қалай жақсы ұйымдастыру, ғылым мен техника даму
деңгейі есебінен қандай жаңа өндірістік қуаттар мен технологиялық
үрдістерді таңдау, техникалық прогреске бетбұрыс беретін ашулар мен
жаңалықтарды қалай жақсы қолдану туралы сұрақтары шешіледі.
Нарықтық экономикада еңбек өнімділігін есептеу бір еңбек бірлігінде,
белгілі бір уақытта өндірілетін жалпы өнім саны арқылы жүргізіледі. Бірақ
бұл мөлшер орташа болып табылады. Бұл мөлшер жұмысшылар санының жоғарылауы,
яғни қосымша өнім көлемі және қанша көлемде әкелінетінін анықтамайды. Бұл
сұраққа жауап беру үшін, өндіріске алынған қосымша еңбек бірлігі есебінен
сомалық өнім мөлшерінің өзгерісін шығару негізінде болады. Шекті еңбек
өнімі негізінде (МР) шекті еңбек өнімділігі есептелінеді. Шекті еңбек
өнімінің құндық мәні бұл шекті еңбек өнімінің ақшалай түрі (МRР). Демек,
еңбек өнімділігін өлшеу көрсеткіші-шекті еңбек өнімділігі, яғни қосымша
еңбек бірлігін қолданудан шығарылатын өнім көлемін өсіру болып табылады.
Еңбек өнімділігін бағалауда, жалпы талдау кезінде жалпылама, жеке және
көмекші көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Жалпылама көрсеткіштерге-бір жұмысшымен шығарылатын орта жылдық, орта
күндік, орта сағаттық өнім көрсеткіштері, сонымен қатар құндық мәндегі бір
жұмсшыға келетін орта жылдық өнім шығару жатады.
Жеке көрсеткіштерге-өнімнің белгілі бірлік түрін өндіруге кететін уақыт
шығындары (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе бір адам-күн немесе бір адам-
сағатта шығарылатын натуралды мәндегі өнім түрі.
Көмекші көрсеткіштер белгілі бір жұмыс бірлігіне кететін уақыт
шығындарын немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемін сипаттайды.
Еңбек өнімділігінің ең бір жинақталған көрсеткіші-бір жұмысшымен
шығатын орта жылдық өнім көлемі. Оның көлемі жұмысшылардың өнімділігіне
ғана емес, сонымен қатар ӨӨП-дың жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы
(олар жұмыс істейтін күндер саны және жұмыс күннің ұзақтығы).
Еңбек өнімділігінің өсу көрсеткіштерін келесі тізбектілікпен есептейді:
• Жоспарлы кезеңдегі ӨӨП-дың санын анықтау, яғни 1 жұмысшы шығаратын
өнімнің базистік деңгейін сақтай отырып, жоспарлы өнім көлемін шығару
үшін керекті шартты жұмысшылар саны;
• ӨӨП санының қатысты үнемін орнату және әрбір фактор бойынша алғашқы
санының азаюын сәйкесінше орнату,
• Жоспарлы кезеңдегі еңбек өнімділігінің өсуін есептеу.

1 сурет. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштер жүйесі.

3. Еңбек өнімділігіне әсер ететін
факторлар.
Факторлар бұл қандай да бір үрдіске немесе құбылысқа әсер ететін
қозғалмалы күштер, себептер. Еңбек өнімділігінің деңгейіне әсер ететін
сипаты мен дәрежесіне қарай факторларды келесі топтарға біріктіруге болады:
материалды-техникалық, ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық, табиғи-климаттық, саяси, меншік факторлар.
Материалдық-техникалық факторлар жаңа техниканы, прогрессивті
технологияны, шикізат пен материалдың жаңа түрлерін қолданумен байланысты.
Өндірісті жетілдірудің міндеті былай шешіледі:
• Құрал-жабдықтарды модернизациялау;
• Моральді тозған құрал-жабдықтарды жаңысымен ауыстыру;
• Өндірістің механизациялық деңгейін жоғарылату: қол жұмыстарын
механизациялау, кіші механизация құралдарын енгізу, цехтар мен
учаскілерде механизациялау жұмыстарының кешенділігі;
• Өндірістің автоматизациясы;
• Жаңа прогрессивті технологияларды енгізу,
• Жаңа шикізат түрлері мен прогрессивті материалдарды қолдану.
Материалды-техникалық факторлар өте маңызды, себебі олар затталған
еңбектің үнемін қамтамасыз етеді.
Ұйымдастырушылық-экономикалық факторлар еңбекті, өндірісті және
басқаруды ұйымдастыру деңгейімен анықталады. Оларға өндірісті басқаруды
ұйымдастырылуының жетілдіруі жатады: басқару аппаратының құрылымы,
өндірісті басқару жүйесі, өндірісті басқарудың автоматизацияланған жүйесін
енгізу мен дамыту.
Әлеуметтік-психологиялық факторлар еңбек ұжымдарының сапасымен, олардың
әлеуметтік-демографиялық құрамымен, дайындық деңгейімен, еңбек
белсенділігімен, моральді-психологиялық климатты қалыптастыратын
бөлімшелерді және жалпы кәсіпорынды басқару стилімен анықталады. Табиғи-
климаттық факторлар өндірістің жұмыс істеуі барысына маңызды әсер етеді.
Бұл факторлар құрылыс үрдісін жобалаудың алғашқы кезеңінде есепке алынуы
тиіс.
Саяси және заңдылық факторлар салық салудың, инвестициялаудың,
лицензиялаудың, кедендік реттеу және т.б. үрдістерін реттейді, халық
шаруашылығының барлық салаларының даму бағыттарын анықтайды.
Меншік факторы. Өндіріс құралдарына және еңбек нәтижелеріне меншік
формаларының өзгеруімен байланысты мемлекеттегі экономикалық мезанизмнің
өзгеруінің қазіргі жағдайында, кәсіпорын экономикасы да үлкен өзгерістерге
ұшырады. Бұл кәсіпкерлік және бәсекелестік базасында жаңа экономикалық
қатынастарға алып келеді.
Жоғарыда аталған барлық факторлар өзара тығыз байланысты, сондықтан да
олар кешенді түрде зерттелуі керек. Бұл әрбір фактордың әсерін дәл бағалау
үшін қажет, себебі олардың әсері бірдей емес. Олардың кейбіреулері еңбек
өнімділігінің тұрақты өсімшесін берсе, басқалардың әсері өтпелі болып
қалады.

2.Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау.
1. Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін
есептеу.
Көрсеткіштерді есептеп талдау жасау үшін 1 кестені құрамыз. Талдауға
кәсіпорынның 2001-2002жылдардағы еңбек бойынша есептің мәліметтері алынған.
1 кесте. Кәсіпорынның еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштерінің
жүйесі.
№ Көрсеткіштер Өлшем Кезең Индекс
бірлігі
2001жыл 2002жыл
(базис) (есепті)
1 ӨӨП-дың саны, оның ішінде: адам 10260 10200 0,994
А) жұмысшылар; адам 8700 8700 1,0
Б) басшылар мен мамандар; адам 930 900 0,968
В) қызметкерлер; адам 400 380 0,95
Г) басқалар; адам 230 220 0,956
2 Тауарлық өнім мың тг 469400 511640 1,09
3 Еңбек өнімділігі (2жол:1жол) тг 45750 50160 1,0964
4 Еңбекақы қоры, оның ішінде: мың тг 225310 231200 1,026
А) жұмысшылар; мың тг 194260 199320 1,026
Б) басшылар мен мамандар; мың тг 20750 21226 1,022
В) қызметкерлер; мың тг 7740 7889 1,02
Г) басқалар; мың тг 1670 1982 1,06
5 Орташа еңбекақы (4жол:1жол) тг 21960 22667 1,032
А) жұмысшылар; тг 22329 22910 1,026
Б) басшылар мен мамандар; тг 22311 23584 1,06
В) қызметкерлер; тг 19350 20760 1,07
Г) басқалар; тг 8130 9009 1,11
6 Өнімнің 1 теңгесіндегі еңбекақытг 0,48 0,452 0,993
шығындары (4жол:2жол)

Кестедегі берілген мәліметтер бойынша ӨӨП-дың саны тұрақты жұмысшылар
саны кезінде 60 адамға азайған. Еңбек өнімділігі есебінен өндіріс көлемі 9%-
ке көбейген. Бірақ қазіргі кезде өндіріс пен еңбек өнімділігі төмендеді.
Бұл кестеде көрсетілгендей еңбекақының тауарлық өнімдегі үлес салмағы
сәйкесінше базистік және есепті жылдарда 48% және 45,2%. Тауарлық өнім,
оның ішіне кіретін өткен еңбек, еңбек өнімділігінің динамикасын талдау
үшін, нормативті-таза өнімге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
«УАТ» ЖШС сабын комбинатының еңбек өнімділігін талдау
Еңбек өнімділігінің арттырудың экономикалық бағасы
Кәсіпорынның персоналын басқару
Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі
«Жартаc» ЖШС-ндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау, оны арттыру мақсатында кәсіпорын тарапынан жасалатын шаралар жүйесіне баға беру, оның кемшіліктерін анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну
Кәсіпорын жұмысшысының еңбекақы құрылымы
«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал
Келешек және К ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштері 2002-2004 жж
Пәндер