Инвестициялық жобаны бағалау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері ... ... ... ... ... .13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Инвестициялық жобаны бағалау». Бұл жұмыста негізінен компанияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру негізінде, кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау қажет және қазіргі кездегі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясын өз шеңберінде қалыптастырады.
Бұл тақырыптың өзектілігі – неғұрлым жобаның дұрыс жолға қойылуы компания үшін де кәсіпорын үшін де тиімділігін арттырады, өндіріске ықпал жасайды. Сонымен қатар компания бірлігіне, ұйымшылдығына, мәртебесіне әсер етеді.
Инвестициялық стратегияның мақсаты – белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғылырды ауыстыру.
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады.
1.Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 23-33 бб
2.Бағдарлама «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» Экономика негіздері,№6, 2006. – 29-31 бб
3.Цхай А.С. «Модели инвестиционного проектирования» Хабаршы-Вестник,№2, 2006.– 50-53 бб
4.Бохаев Д. «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері» Экономика негіздері, №6 2006. – 4-7 бб
5.Демесинов Т. «Роль инвестиционного проектирования в финансовом обеспечении банками роста экономики страны» Хабаршы-Вестник, №4 2006. – 53-56 бб
6.Бохаев Д. «Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері» Қаржы-қаражат, №5 1998. – 29-32 бб
7.Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2002. – 187-190 бб
8.Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2003. – 158-166 бб
9.Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-Вестник,№3 2004. – 26-29 бб
10.Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. Хабаршы-Вестник, №5 2004 – 69-71 бб
11.Молдахметова М.Н. «Инвестициялық стратегия механизмін реттеу» АльПари, №4-5 1999. – 70-73 бб

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Инвестициялық жобалардың мәні,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
әдістері ... ... ... ... ... .13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық
стратегиясындағы кездесетін негізгі
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .19
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық
стратегиясының қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Инвестициялық жобаны бағалау. Бұл жұмыста
негізінен компанияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
негізінде, кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ
мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағыттау қажет және қазіргі кездегі инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде
жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі
шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық
нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын
болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы
стратегиясын өз шеңберінде қалыптастырады.
Бұл тақырыптың өзектілігі – неғұрлым жобаның дұрыс жолға
қойылуы компания үшін де кәсіпорын үшін де тиімділігін арттырады,
өндіріске ықпал жасайды. Сонымен қатар компания бірлігіне,
ұйымшылдығына, мәртебесіне әсер етеді.
Инвестициялық стратегияның мақсаты – белгіленген нормаларға және
пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын
ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын
төмендету үшін тозған қондырғылырды ауыстыру.
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан
Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып
компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту
көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып
табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы, яғни кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және
тиімділігін бағалау әдістері.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы компаниялардың
инвестициялық стратегиясын қалыптастыру ерекшеліктері және ондағы
кездесетін негізгі мәселелер.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар
ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының
құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен
байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте
кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен
байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа
жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық кәсіпорынды,
акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе
өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған
өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық
жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын
жоғарлатуымен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің
жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі
кезеңдерге ие.
1.Жобаның тұжырымдалуы.Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары
құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары
қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы
түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге
бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді
аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше
идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және
іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен
неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық
жобалар әзірленеді.
2.Жобаны дайындау. Жобаның бизнес- идеясы бірінші
тексерілімнен
өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға
дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық
бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық,
институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап
етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы
ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның
сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс
өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну
керек.
3.Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті
сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек.
Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын
болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта
жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл
кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір
бөлігін

жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен
өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның
негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4.Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап
жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық
түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар
мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген
кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты
– бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының
жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін
қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5.Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау
процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға
салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы
нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың
нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл
тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін,
кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл
сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының
жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен
оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды
талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийлерді қолданады:
- саланың пісіп – жетілуі;
- кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.

Кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның

бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен
қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа
кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның
негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре
алмайтын.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген
критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып
табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты торға
жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек

және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға
негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты
қажет
- стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың
пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер
міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
- егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда
стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге
келмеуі мүмкін.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы
сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы
бөлімшелерден тұрадыСонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық
орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау
басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың
жауабына байланысты:
1.Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2.Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде
пайда көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем
елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды.
Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі- маркетингтің жеткілікті болмауында.

Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
1.Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі
нарық па?
2.Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арасындағы балансты
ойластыра ма?
3.Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты
мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
4.Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары
мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
5.Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны
ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
1.жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін
технологияларды анықтау;
2.жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға,
жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
3.жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін
тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы
мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты
процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.
Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек
сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген
тауарлар арналады. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы
нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына
талдау жасау.
2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық
жағдайына талдау жасау.
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша
ағымдарын болжамдау.
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық
талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның
басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі
қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне
келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның
өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді
салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды
тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс
мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік
құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының
айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның
инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
- жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
- инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
- инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын
бағалау;
- жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау.

1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет
елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді.
Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі
күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат
өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші
бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату
арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды
биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады.
Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға
қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық
жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді.
Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу
экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал
болатыны сөзсіз.
Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде
қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі
банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
- инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
- инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
- инвестициялық приоритетті анықтау;
- баламалы нұсқаларды қарастыру;
- инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
- бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің
болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін
міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй
немесе құрылыс объектісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру,
ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсіпорынды қайта құру,
жаңа техника және технологиялар жасау, кинофильмдер шығару,

аймақты дамыту және т.б.

Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық
талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы
жобаның өмір сүру циклі болып табылады. Өмір сүру циклі деп жобаның
пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.
Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
1. инвестициялық шешім қабылдау;
2. инвестициялау;
3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.
Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ
кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден,
инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне
тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға
қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер,
қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық
циклға деген көзқарасы әр түрлі болады. Мысалы, инвестициялау
алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:
- инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;
- жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;
- жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық
тиімділігін бағалау;
- жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.
Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:
- келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.
Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін
қысқаша түрде былай сатылауға болады:

- монтаждау;
- жөндеу;
- өндіріс;
- жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.
Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-
әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр.Белгілі-бір
кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны
дайындау мен жүргізу процесін бұзады.
Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынадай
мәліметтер алу үшін қажет:
- жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды
білу үшін;
- жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;
- жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін
Ол үшін алдын-ала мынандай мәсәлелер талданады:
- нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;
- қажетті қаржы көлемі;
- материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;
- саяси- ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы ,т.б.
Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды,
есептейді, сайып келгенде оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта
жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер
жиынтығы, яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданады.Жобалық
талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның
нәтижелігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың
арасындағы айырмамен сипатталады.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын
бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін

бағалау және оптимизациялау жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның

түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр
түрлі
саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-
экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-
эколоктар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен
кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Осыған сәйкес жобалық
талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:
- жобаны экономикалық талдау,
- жобаны техникалық талдау;
- жобаны коммерциялық талдау;
- жобаны ұйымдастырушылық талдау;
- жобаны әлеуметтік талдау;
- жобаны экологиялық талдау;
- жобаны қаржылық талдау.
Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне
деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай
қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады.Алайда, дисконт
нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық
жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық
жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын
қамтамасыз етудің факторы б.т.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық стратегиясындағы
кездесетін мәселелер
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорының шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен
дамып отыратан, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі
инвестициялар өзінің экономикалық табиғатынан жағынан болашақта
табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол
себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын
анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
- кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;

- жалпы даму стратегиялары;
- инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтардың жағдайы;
- құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның
жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаны сараптамалық бағалау
Инвестициялық жоба мәні, мақсаты жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ
Инвестициялық жоба жайында
Инвестициялық жобалар туралы
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Инвестицияны қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздері
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Пәндер