Қазақ телевизиясындағы спорт тақырыбы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті
БАҚ менеджменті және жарнама баспасөз кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Қазақ телевизиясындағы спорт тақырыбы
Орындаған 4 курс студенті Рауан Оқасов
Ғылыми жетекші Жетпісбай Бекболатұлы
Экономика ғ. к, доцент
Норма бақылаушы Мәриям Майлықұтова
аға оқытушы
Кафедра меңгерушісінің А. Рожков
рұқсатымен қорғауға жіберілді
Алматы, 2010 жыл
Реферат
Жұмыстың тақырыбы:
Қазақ телевизиясындағы спорт тақырыбы
Жұмыстың көлемі:
Жұмыста пайдаланған әдебиеттер саны:
Жұмыстың өзектілігі: Телевизиядағы операторлар тобы мен режиссерлердің жұмысына көңіл аударып, оларды тәжірибеден өткізсек, спорттық сындардан өтетін жарыстардың көрсетілім сапасын арттырсақ, мықты техника яғни арнайы спорт түсірілімдеріне арналған ПТС сатып алсақ, қазақ тілінде спорт терминдерін сапалы аударып, кітап етіп шығарсақ, оқу орындарынан білім алушыларға арнайы дәріс жүргізілсе, қысқасы спортқа бей-жай қарамасақ.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Қазақ телевизиясындағы спорт журналистиканың орны, қалыптасу мен даму жолдарын айқындап, спорт бағдарламалары мен комментаторлар жұмысына талдау жасау.
Зерттеу нысаны : Еліміздегі телеарналардағы спорт хабарлары мен спорт репортаждары. Спорттық телеарна.
Ғылыми жаңалығы : Қазақ телевизиясындағы спорт журналистикасының маңызы мен ерекшеліктері туралы кеңінен айтылады. Қазақ журналистикасының дамуына спорт журналистикасының әсеріне талдау жасалған. Қазақ комментаторларының репортаждар жүргізу барысында кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын қарастырған. Сонымен қатар Қазақ телевизиясындағы спорт журналистиканың бүгінгі кескін-келбетіне баға беріледі.
Глосарий
Қосажаршы (коментатор) - спорттық жарыстарды эфир сыртында жүргізуші. Жарыс алаңында болып жатқан спорттық жарыстардың жүру һәм өту үрдісін түсіндіруші.
ПТС - спорттық жарыс өтіп жатқан орынға арнайы орнатылған қондырғы. Тікелей трансляция таратуға арналған камералар жиынтығы. Мәселен, футболдан өтер жарысты көрсету үшін стадионға осы ПТС-ке жалғанған 6 кейде 9 камера қондырғысы орнатылады.
Айып алаңы, офсайд - футбол трансляциясының негізгі терминдері.
Профиль - спорттық сайыстарда бақ сынап жатқан спортшыларды қырынан көрсету.
Проекциялық аппарат - спорттық жарыстардан тікелей трансляция тарату кезінде экран қызметінің атқаратын жарық шашыратқыш беткі нысандардың оптикалық кескінен түсіретін оптикалық құрылғы.
Перипетия - спорттық жарыстарда орын алатын күтпеген жағдайлар. Егер жанкүйерлердің бұзақылығының кесірінен жарыс тоқтатылса эфирдегі қысыл таяң кезең. Мұндай жағдайлар телетрансляция кезінде көп орын алған.
Тыныс, кідіріс, пауза - телекоментаторлардың спорттық жарыс барысында тоқтауы. Бұл кейде сөздік қордың таусылуынан, кейде спорттық жарыстың өзіне байланысты.
Партнер, серіктес - спорт коментаторларың жанындағы серіктесі.
Алогизм - коментаторлардың спорттық трансляция жургізу кезінде бір-біріне логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама-қайшы сөздерді жақындату арқылы ойды айрықша жеткізуі.
Телебағдарламаларды реттеу (верстка телепрограммы) материалды жекелеген біліктерінің маңыздылығына қарай орналастыру.
Диалогтық сөйлесу - спорт коментаторларының жарысты бір-бірімен сөйлесе, аңгімелесе жүргізу әдісі
Дуплекстік байланыс - студиядағы диктор мен тілшілердің тікелей байланысу арқылы ақпарат алмасуы. Екі жақты байланыс түрі. Бұл спорттық жарыстар өтіп жатқан орындарда да жиі орын алады.
Зубрить - телекоментаторлардың айтар сөзін жаттап алуы, эфирге өзіне тән арнайы жаттанды сөздермен шығуы.
Тайм ти - спорттық жарыстарынан трансляция кезіндегі үзіліс.
Ракурс - спорт жарыстарынан көрсетілім кезінде нысананы қысқартып көрсету. Нысананы төбесінен, төменнен, жанынан қарағанда қысқарту
Рампа - стадионнан немесе жарыс алаңынан трансляция кезінде жарық шамдарын жасырып тұратын қалқа.
Сетка - спорттық көрсетілім кезінде түрлі көріністі беру үшін қолданылатын жартылай айқын материал
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
І тарау Қазақ телевизиясындағы спорт журналистикасының орны мен маңызы . . . 5
1. 1 Телевизиядағы қазақ тіліндегі спорттық бағдарламаларға талдау . . . 5 1. 2 Еліміздегі тұңғыш спорттық телеарна және Спорт журналистикасы жайлы белгілі спорт журналистерінің пікірлері: . . . 15
.
ІІ тарау. Қазақстандағы спорт комментаторлары және олардың репортаж жүргізуі . . . 17
2. 1 Телевизияда қазақ тілінде спорттық комментария қашаннан бастап жүргізіле бастады? . . . 17
2. 2 Спорт комментаторларының репортаж жүргізу барысындағы қателіктері . . . 34
Қорытынды………. ……… . . . . . . . . . 50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 52
Қосымша материал . . . 53
Кіріспе
«Спорт! Сен өміріміздің сенімді серігісің! Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың! Спорт! Сен-арманда, қол жеткіз, биікке қол соз дейсің! Сен адамдарды белгілі тәртіппен күш сынасуға, өзін-өзі жеңуге шақырасың! Мәңгілік қозғалыс ол-спорт!» - дейді Пьер де Кубертон өзінің «Ода спорту» еңбегінде.
Спорт-адам баласының қажеттілігін өтей алатын құдіретті күш. Спортта шекара жоқ, болғанда емес. Ол тек бір ұлттың, мемлекеттің үлесіне тиген рухани азық, бүкіл адамзат бір халықтың немесе қоғамының шығармашылық қабілеттінің нәтижесі. Спорт-әрбір халықтың мақтанышы, мемлекеттің мәртебесі, мәдениеттің, қарым-қатынастың ең тиімді құралы. Спорт-достық, бейбітшілік өзара түсінушіліктің елшісі. Ал телевизия-бұқаралық ақпарат құралдардың арасындағы озық үлгі болғандықтан, оның спорттық хабарларды таратудағы рөлі зор екені айтпасаң да, түсінікті.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Әлемде күнде сансыз додалар өтеді. Соның ішінде әрине спорттық сайыстар, спартакиада, дүниежүзілік турнирлер, олимпиада т. с. с. Осыларды тікелей эфирде көрсету арқылы телеарна аудиториясы кеңейіп, арнаның рейтингі сөзсіз артады. Мұнымен қоса, мекеме миллиондаған пайдаға кенелетіні тағы бар. Бүгінгі күні телеарна мен спорт өнері ажырамас бір бөлік. Десекте кейбір арналардың спортқа бей-жай қарап жататыны жасырын емес. Тек эфирді толтыру үшін жасалатын дүниелерді көргенде еріксіз қынжыласың. Дәл, қазір кез-келген арнада саясат, мәдениет тақырыптары бірінші орында. Дегенмен спорт менің түсінігімде ол саясат та, сондай-ақ мәдениет те. Осы күні елімізде таза спорттық телеарна саналатын бір-ақ арна бар. Кабельдік жүйеде қосылған аталмыш арна ауылдық жерлерге бара бермейді. Оның өзі көрермендер сұранысын өтей алмауда. Тек шет елдің дайын өнімдерін алумен шектеліп отыр. Қазақ комментаторларының репортаждар жүргізу әдісі көңілге кірбің ұялатады. Бұл осы күнге дейін күрмеуі шешілмеген күйінде әлі келеді. Әрине бұған себеп, қазақ спорт терминологиясының жоқтығы. Операторлар мен режиссерлеріміз тағы бар. Білімі мен біліктілігі үйлескен мамандарымыз саусақпен санарлықтай. Техника жабдықтарымыз соңғы үлгіде емес. Оқу ордаларында спорт журналистикасы оқытылмайды? Осы түйткілдерді шешетін кез жетті. Сонда ғана қазақ журналистикасының дамуына үлес қосып, қазақ спорт журналистикасын қалыптастыра аламыз, телевизиядағы спорт бағдарламаларының сапасын да санын да, артыруға болар еді.
Зерттеу нысаны. Еліміздегі телеарналардағы спорт хабарлары мен спорт репортаждары. Спорттық телеарна.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Қазақ телевизиясындағы спорт журналистиканың орны, қалыптасу мен даму жолдарын айқындап, спорт бағдарламалары мен комментаторлар жұмысына талдау жасау. Сондай-ақ түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл бітіру жұмысында қазақ телевизиясындағы спорт журналистикасының маңызы мен ерекшеліктері туралы кеңінен айтылады. Қазақ журналистикасының дамуына спорт журналистикасының әсеріне талдау жасалған. Қазақ комментаторларының репортаждар жүргізу барысында кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын қарастырған. Сонымен қатар Қазақ телевизиясындағы спорт журналистиканың бүгінгі кескін-келбетіне баға берілді.
Жұмыстың зерттеу әдістері
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, талдау тәсілдері қолданылады.
Бітіру жұмысының құрылымы - Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.
Бірінші тарауда спорт журналистикасының маңыздылығы айтылып, спорт бағдарламаларына талдау жасалынады. Сондай-ақ еліміздегі жалғыз спорттық телеарна жұмысының жай-күйі айтылады. Екінші тарауда Қазақстандағы спорт комментаторлары және олардың репортаж жүргізуі жайында кеңінен баяндалады. Сондай-ақ елімізде бұрын-соңды репортаж жүргізген комментаторларға жеке тоқталады.
І Қазақ телевизиясындағы спорт журналистикасының орны мен маңызы
- Телевизиядағы қазақ тіліндегі спорттық бағдарламаларға талдау
Журналистика - халықтың қамын ойлап, соның қажетін қарастыратын сала. Ал спорт оның ажырамас бір бөлігі. Бүгінде кез-келген телеарнаны қарасаңыз міндетті түрде спорт хабарын, ең болмағанда спорт жаңалығын кездестіресіз. Соңғы бір-екі жыл ішінде қазақ телевизиясында спорт тақырыбы кең етек жая бастады. Елімізде тұңғыш спорттық-кабельдік телеарна «KZ sport1» арнасы көрермендерге жол тартты. Екі бірдей беделді арнамыз саналатын «Хабар» мен «Қазақстан Ұлттық телеарнасы» Футболдан «Чемпиондар лигасынан» репортаждар, сондай-ақ елімізде болып жатқан үлкен жарыстардан жиі хабар тарата бастады. Бір ғана мысал биылғы жылы Канаданың Ванкувер қаласында қысқы спорт түрлерінен өткен Олимпиададағы қазақ спортшыларының өнерін дүйім жұрт «Еларна» мен «Хабар» телеарналарынан тамсана көрді. Бұл әрине жетістік . . .
Бірқатар әлем елдерінде спорт журналистикасы бөлек бір мамандық ретінде қарастырылады. Ал бізде өкінішке орай бәрі басқаша. Өз басым қазақ спорт журналистикасында ілгерілеуді байқасамда, көңілім көніш табар емес. Түбінде бір жетіспеушілік бар. Бұған себеп қазақ тілінде шығатын спорт хабарларының сын көтермейтіндігінде. Осы орайда мен өткенге сапар шегіп, бүгінгі хабарларға көз жүгірттім. Еліміздегі әр жылдары, сонымен қатар бүгінде көрсетіліп жүрген спорт бағдарламаларына жеке-жеке тоқталайын.
Ұлттық арна атанған «Қазақстан» телеарнасының деңгейі қаншалық? Өзіме қойған алғашқы сұрағым осы болды. Ұлттық телеарнаның тарихына көз жүгіртсек, сонау 90 жылдары «Табыс», «Жүлдегер» сынды жанкүйерлерге арналған хабарлар жарыққа шыққан. Сол дәстүр ігі жалғасын тауып, 1998 жылы «Спортстан» атты орыстілді тележурнал ашылды. Алайда бұл тележурнал эфирге бар жоғы төрт саны ғана шығып, жабылып қалды. 1999-2001 жылдары ұлттық телеарна басшылығы спорт тақырыбына селқос қарап, осы жылдары эфирге бірде-бір спорт хабары шықпапты. Тіпті арнадағы жаңалықтарда да спорт әлемінің ақпараттарына бес минутта уақыт бөлінбеген. Тек 2001 жылы сең бұзылып телеарна эфирінде спорт тақырыбында ақпараттық хабарлар шыға бастады.
«Спорт жаршысы» (авторы - Жанат Халықов)
«Спорт экспресс» (авторы - Әсем Нұрланова) .
Эфирге шыққан уақыты: 2001 - 2004 жыл
Қос хабардың да форматы - ақпараттық. Ұзақтығы 5 минут. Алайда бұл хабар негізінен әлем спортының жаңалықтарына көп көңіл бөлетін. «Рейтер» ақпараттық агенттігінің түсірілімдері негізінде дайындалатын хабарда Қазақстан спортының жаңалықтарына көңіл аз бөлінетін. Эфирге күніне екі мәрте шыққан хабардың ақпараттық сапасы жоғары деп айта алмайсыз. Эфирде титр, геотитр беру жағы дұрыс қарастырылмаған. Көріп һәм тыңдап отырған жаңалығыңыздың басы мен аяғын ажырту қиын болатын.
«Тұғыр» апталық сараптамалық бағдарлама.
Эфирдегі уақыты: 2007 жыл.
Қазақстан спортының жетістііктерінен ақпарат беретін бағдарламасының эфирдегі уақыты бар жоғы бір жылға созылды. Бағдарлама ел спортының дамуын, спорттық ойындардың қыр-сырын, жекелеген үздік саңлақтардың жетістіктерін көпшілікке жеткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, түрлі деңгейдегі жарыстарды көрсетуге арналған. Хабардың кемшілігі тарататын ақпараттың көбі ел аймағы төңірегінде. Яғни түсірілімдердің барлығы Қазақстан аймағынан аса алмаған. Қазақ спортшыларының шет елде жеткен жетістіктері жайлы бұл хабар «ауыз ашпады». «Тобыл» командасының Еуропадағы сәтті ойындары, Мәскеуде өткен бокстан әлем кубогы, Жеңіл атлетикадан Хельсинкиде өткен әлем чемпионаты жайлы хабар барысында айтып кетуге болар еді. Бірақ әлем құлақ түрген бұл оқиғалар «Тұғырдың» назарынан тыс қалды.
“Толағай”
Шығармашылық ұжым:
Продюсері
- Сауле Мықтыбаева
Жүргізушісі
- Әлия Кемелбекова
Сценарий авторы:
Назар Мұхамеджан
Редакторы
- Жадыра Тойбай
Эфир:
жексенбі күндері, 10. 10
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама. Бір хабарға үш отбасының қатысуға мүмкіндігі бар. Соның бірі жұлдызды отбасы болуы тиіс. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі қажет. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана - шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Спорт - денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.
Пайдасы - отбасыларды да, көрермендерді де спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі. Өмірге деген құлшынысын арттырып, берекенің бастауына айналады. Сонымен қатар өмір салтының кепілі.
Кешіліктері: жүргізушіде де, қатысушыларда да белсенділік аздау. Тек жаттанды тәсілмен жүреді. Көрерменді жалықтырып алатын жерлері аз емес. Бөлімдері жаңартуды қажет етеді. Басқа елдердің мұндай хабарларымен салыстырғанда спорттық жабдықтармен жабдықталуы мардымсыз. Хабардың бүкіл барысы қатып қалған сценарий бойынша жүретіні қынжылтады.
SPORT. KZ
Шығармашылық ұжым:
Продюсері
- Сәуле Мықтыбаева
Жүргізушілер
- Телжан Күдеров, Амангүл Хамидолла
Редакторы
- Дина Искакова
Эфир:
әр сәрсенбі күні, 22. 50
Спорт әлеміндегі жаңалықтар мен жеңісті сәттер жайлы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «SPORT. KZ» бағдарламасы хабарлайды.
Еліміздің спорт және туризм министрлігі, спорткомитеттері, арнайы спорт мектептерінің қолдауымен өтіп тұратын ҚР чемпионаты, ҚР кубогы, Халықаралық турнирлер, олимпиадалық ойындар, матчтар және тағы басқа спортқа байланысты іс-шаралар «SPORT. KZ» бағдарламасында көрініс табады. Сайыс барысында өтіп жатқан қызықты сәттерді оқиға ортасында жүрген бағдарлама жүргізушілері хабардар етеді.
.
- «Кәсіби кеңес» айдары - медицина саласындағы маман, спортшылар, жаттықтырушыларымыз спорттың денсаулыққа пайдасын, қалай тамақтану керектігін, шылым шегудің, алькагольдің, нашақорлықтың зиян екенін баса айтып, арнайы кеңестер береді. Сонымен қатар ондай әрекеттерден алшақ болуға шақырады.
- «Жұлдызбен жүздесу» айдарында спортпен айналысатын еліміздің танымал тұлғалары (әншілер, актерлер, танымал өнер жұлдыздары, саясаткерлер және т. б. ) спорт - денсаулық кепілі екенін көрерменге үлгі етіп қана қоймай, нағыз тәрбиенің ордасы екенін дәлелдеу үшін көптеген мәлімет келтіріп, жұрт назарын өзіне аударады.
Кемшлігі: Хабар барысында журналистердің спорттық терминдерді дұрыс аудармауы ашық көрініп тұрады. Бұл дегеніңіз хабарды не сюжетті дайындаушы журналисттің спорттан хабары аздығын көрсетеді. Хабар барысындағы кей сюжеттер көрерменді жалықтырады. Мәселен, кішігірім турнирларға 4 минуттық репортаж дайындап, «құр сөзден қуырдақ қуыру» басым. «Ұтты», «жеңді», «жеңілді» деген тіркестермен тек ақпарат берумен шектеліп жатады. Журналисттің сюжет соңында өзінің жеке пікірін білдіру атымен жоқ.
"Олимп. Спорт жұлдыздары"
Шығармашылық ұжым:
Продюсері
- Сәуле Мықтыбаева
Редакторлары
- Дина Искакова, Аян Кушбаев
Эфир:
әр сенбі күні, 22. 10
Жоба ең бұқаралық және көрнекті спорт түрлерімен, бірінші чемпиондармен таныстырады, қазақтың ұлттық батырлары - халықаралық санаттағы спортшыларды мәңгі есте сақтайтын және біздің спортсмендердің спорт ареналарындағы жарқын көріністерінің ерекше жинағы іспеттес.
Кәсіби, әуесқой бокс, күрес жанкүйерлері әр апта сайын «Қазақстан» телеарнасында атақты спортсмендердің жекпе-жектерін, Азия, Олимпиада ойындары, Халықаралық турнирлер мен Әлем чемпионаттары жүлдегерлерінің көріністерінің архивтік материалдарын қызықтауға мүмкіндік алады. Көптеген жеңімпаздардың жемісті жеңістерін тыңдарманға паш етеді. Қазақстандық азаматтардың ерліктерін мәңгі ұмытпауға септігін тигізіп жүр. Жарқын өмірдің үлгісіне айналуда. Спорт жұлдыздарының сын сағаттардағы сәттерін көрерменнің назарына ұсынады.
Бағдарлама формасы - спорттық тақырыптағы апта сайынғы бағдарлама.
Бағдарлама қарқыны - динамикалық, басты кейіпкермен спорт залында немесе қонақта сұхбаттасу.
Пайдасы - еліміздің спорттағы қазіргі және бұрыңғы тұлғалардың азаматтық келбетін ашуға қызмет етеді. Спортта өзіндік үлес қалдырған және қосып жүрген азаматтардың азаматтық бейнесі осы жерде жасалады. Елге мәлім емес көптеген жетістіктері жайында толық мәлімет келтіреді. Қонаққа келген спортшының бар қырынан ашуға тырысады. Спорт тақырыбындағы сүйекті жобалардың бірі.
Кемшілігі - журналистерінің айтуы бойынша ұлттық телеарна болса да, бейне мұрағаттар толық емес. Спортшылардың жеке мұрағаттарына арқа сүйеуге тура келеді немесе шетелдік бейнеархивке көз тігеді. Бұл ұлттық арна үшін ірі кемшіліктердің бірі. Елге аты мәшһүр Дәулет Тұрлыханов, Анатолий Храпатий жайында кезінде өзінен дерек табылмады.
Спорттық ойындардан репортаждар
«Арнамедиа» ақпараттық холдингінің қолдауымен көрсетіледі. Спорттық жарыстардың ішіндегі қазіргі кезде көрермен көзайымынан айналған Чемпиондар лигасы мачтарынан тұрақты көрсетілімдер ұйымдастырылады. Бұл дегеніңіз жақсы спорттық аудитория жинаудың кепілі. Әрі табыстың кілті. Бүгінде Ksell және Activ сияқты ірі компаниялар осы көрсетілімдерге жарнамасын кіргізу үшін миллиондаған қаражат құйып отыр. Сондай-ақ аталмыш телеарна еліміздегі бокс чемпионаттарынан, күрес түрлерінен, волейболдан тікелей репортаждар ұйымдастыруды дағдыға айналдырды. Бұл жерде спорт бөлімінің бастығы Павел Цыбулиннің еңбегі ерекше екенін айта кеткен жөн.
«КӨКПАР. Ұлттық ойын» телебағдарламасы
Ата-баба қанымен жеткен ұлттық ойын көкпар - Алатауды ен жайлаған қазақ пен қырғызға ортақ ойын. Бұл додалы сында екі елдің тақымы берік шабандоздары дәстүрлі Асанбай Асқаров атындағы жүлдені сарапқа салады. Көшпелі елдің керемет мәдениетін үлгі еткен «КӨКПАР. Ұлттық ойын» бағдарламасы ұлттық өнеріміз бен төл спортымыздың жандануын мақсат тұтады. Бұл тартысты додаға екі елден 8 команда қатысып, бәс жолында бақ сынасуда.
Ұзақтығы - 45 минут
Шығу уақыты - аптасына бір рет.
Жанр - спорттық шоу.
Таралу тілі - мемлекеттік.
Сценарий авторы және редакторы - Кәмшат Ысқақова
МАҚСАТЫ
«КӨКПАР. Ұлттық ойын».
Бағдарламаның алдына қойған мақсаты - ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру. Ұлттық ат спорты түрлері федерациясы мен Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып көкпар ойынын әлемдік деңгейге алып шығуға талпыныс жасау. Әрі ұлттық арна ұлттық спорт түрлерінің бірден бір насихатшысы екендігін әйгілеу. Ұлттың осындай ұлы ойындарын жас буындарға таныстыру. Еңселі еліміздің ертеңгі ұрпақтарын ата-бабамыздан қалған көрнекті ат спортына баулу болып табылады.
Журналистика әлемі алып мұхит. Арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді.
Қазақ теледидары өмірге келіп, 1958 жылдан бастап экранға шыға бастаған уақытта «Телевизиялық кафе», «Сырласу», «Кеш жарық» және «Эдельвейс» атты хабарлар спорт жұлдыздарының өмір жолынан деректемелер беріп отырды. Яғни «Қазақстан» телеарнасында спорт бастауын сол кезде алған. Топырағында теледидары болмаған абзал ағаларымызға тыңнан жол салып, көрермен жүрегінен орын тебу оңай болмағаны ақиқат.
«Хабар» арнасы өз жұмысын бастағаннан бері спортқа ден қойып келеді. Аманкелді Сейітханов, Асхат Сағынаев, Жандос Айтбай сияқты елге танымал спорт журналистері бар Хабардың эфирінен халық жүрегінен орын алған хабарлар бар. Оларға рет-ретімен тоқталайық.
«Теңбіл доп» Эфирге 2004-2005 жылдары шықты
Хабардың авторы - Жандос Айтбай
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz