“Сот үкімі - сот әділдігін жүзеге асырудың негізгі актісі ретінде”



КІРІСПЕ

1. СОТ ҮКІМНІҢ НЕГІЗІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1. Сот үкімнің ұғымы және оның түрлері
1.2. Сот үкімге қойылатын талаптар

2. СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРУ БАРЫСЫНДА ЗАҢНЫҢ
ДҰРЫС ҚОЛДАНЫЛМАУЫ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ
2.1. Сот үкімін бұзу мен өзгертудің негіздері
2.2. Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі
2.3. Қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы және
дұрыс қолданылмауы
2.4. Жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның
жеке басына сәйкес келмеуі.

3. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ . СОТ БАҚЫЛАУЫНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ
3.1. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдерін қайта қарау ұғымы
3.2. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдерін қайта қараудың
мәні мен маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының негізгі шарты, бүгінгі таңдағы өмір талабына сай азаматтар мен лауазым иелерінің Ата заңымыздың талабы бойынша жұмыс істеп өмір сүру.
Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бергi кезеңде қабылданған сот реформасы туралы мемлекеттiк бағдарлама да сот өндiрiсiне, судья мәртебесiне қатысты заңдардың барлығы да Сот әдiлдiгiн барынша қамтамасыз етуге бағытталған.
Судья - әділдіктің, заңдылықтың айнасы, сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Сот әдiлдiгiн тек қана сот жүзеге асырады. Бұл сот әділдігінің принципi де болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды – мемлекетiмiзде сот iстерiн қараумен бiрде-бiр орган немесе қоғамдық ұйым айналыспайды, сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға заң бойынша тек сот қана өкiлеттi.
Сот қызметi нақты деректердi, материалдарды, дәлелдемелердi зерттеумен, көптеген адамдардан жауап алумен, iске қатысқан кезде олардың құқықтарын қажеттi түрде қамтамасыз етумен байланысты. Соттың бұл iс-қимылының бәрi заңды және негiзделген шешiм шығаруды қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi. Сондықтан да, соттың азаматтық және қылмыстық iстердi қарау жөнiндегi бүкiл қызметi iс жүргiзу заңдарымен қатаң реттелген.
Сонымен, сот әдiлдiгi заңмен белгiленген нысанда – сот процессi нысанында жүзеге асырылады. Қылмыстық iстердi қараған кезде, сот қылмыстық iстерге байланысты заңдарды басшылыққа алады, ал азаматтық iстердi қарау мен шешу азаматтық iстер жөнiндегi заңдармен зерттеледi.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сот әдiлдiгiнiң аса маңызды белгiсi – нақты бiр iстi қарағанда соттың әдiлдiктi жүзеге асыра отырып, мемлекеттiк мәжбүр ету шараларын қолдануы (Мысалы: айыппұл, бас бостандығын шекету, қамауға алу, бас бостандығынан айыру т.с.с.) болып табылады. Жасалған қылмыс үшiн мемлекеттiк күштеудi қолдануға заң бойынша тек сотқа ғана құқық берiлген. Ол қылмыстық iс бойынша соттай отырып, сол арқылы сотталушыға қылмыстық заң санкциясы шеңберiнде белгiлi бiр мемлекеттiк мәжбүр ету шарасын қолданады. Сот iстердi қарау-шешу арқылы азаматтарды құқықтық тәрбиелеу iсiне қатынасып қана қоймай, қоғамның кейбiр тәртiп бұзуға икем тұратын мүшелерiне де өз iс-әрекетiмен көп әсер етедi, дұрыс жолға түсулерiне мүмкiндiк жасайды.
Сот билігінің пәрменін арттыра түсу және сот органдарының беделін көтеруге бірден бір себеп, оның шешімінің әділдігі. Осы тұрғыдан, қылмыстық сот өндірісінде қаулыланатын процессуалдық құжаттардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлі аса зор болмақ. Оның ішінде, әділ сот төрелігінің жаршысы, пәрменді нәтижесі болып табылатын – үкімнің ықпалы ерекше. Өйткені, біріншіден, үкім – сот төрелігінің актісі, екіншіден, мемлекеттік биліктің бір тармағы – сот билігінің шешімі деп танылады.
Кітаптар мен монографиялар:

1. Абиль Е.История государства и права РК с древнейших времен до начало ХХ века Астана,2000
2.Алауханов Е.О.., Рахметов Е.Ш.. Жаза: практикалық оқу құралы.."Өркениет", 1999. – С.180.
3.Альперт С.А. Постановление приговора. Советский уголовный процесс Киев 1983
4.Бохан В.Ф. Формирование убеждения суда Минск, 1973
5.Викторский С.И.Русский уголовный процесс М., 1997
6.Дорохов В.Я., Николаев В.С. Обоснованность приговора М., 1959
7.Нүралиева А.С. Роль судебного следствия во всестороннем, полном,объективном исследований доказательств по уголовному делу /Дис.автореферат/Алматы 1999
8.Оганесян Р.М. Оправдательный приговор в Советском уголовном процессе Ереван, 1972
9."Проверка законности и обоснованности приговоров" под ред. А.Я.Светлова, Г.И.Чангули. Киев, 1991
10.Строгович М.С. Приговор. Законность и обоснованность приговора М., 1996
11.Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса Т.2. М., 1970
12.Төлеубекова Б.Х.Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу құқығы. Жалпы бөлiм. Алматы, 2002
13.Толеубекова Б.Х.., Халиков К.Х., Нуралиева А.С., Тыныбеков С.Т. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая:
Академический курс Книга первая. Алматы: ТОО Издательская компания
“НАS”, 2004.
14.Толеубекова Б.Х.., Халиков К.Х., Нуралиева А.С., Тыныбеков С.Т..
Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая:
Академический курс Книга вторая Алматы: ТОО Издательская компания “НАS”, 2004.
15.Фаткуллин Ф. Н. Общие проблемы процессуального доказывания. – Казань, 1979.
16.Фридмэн Л. Введение в американское право (перевод с англ. под ред. М. Калантаровой). М., 1993
17.Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства Санкт-Петербург, 1996.
18.Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Автореферат дисс.на соис.ст.д.ю.н. А1998
19.Чельцов-Бебутов М.А. Курс уголовно-процессуального права. Очерки по истории суда и уголовного процесса в рабовладельческих, феодальных и буржуазных государствах. Санкт-Петербург,1995



Мерзімді басылымдар:

1. Лупинская П.А.Решения в уголовном судопроизводстве: их виды, содержание и формы // Москва, 1976
2. Давыдов П.М. Приговор Советский уголовный процесс //
Киев, 1980
3. Надь Л. Приговор в уголовном процессе// Москва.1982.
4. Маликов М.Ф. Эффективность приговора в советском
уголовном процессе //Саратов, 1982
5. Маликов М.Ф. Методология изучения судебного
приговора // "Башкирское книжное издательство".Уфа, 1990
6. Строгович М.С. Право обвиняемого на защиту и
презумпция невиновности.// Москва,1984
7. Загорский Г.И. Судебное разбирательство по уголовному делу // Москва,1985
8. Кобликов А.С. Судебный приговор // Москва,1966
9. Кудрявцев В.Н. О правопонимании и законности // Журнал Государство и право. 1994. - № 3.
10. Банников С. "Воспитательная роль правосудия" Журнал "Государство и право", 1999 №3.
11. Канафин Д.К.Апелляционное производство по уголовным делам в РК // Астана,2002


Практикалық материалы:

1. Архив гордского суда г.Тараз. Уголовное дело № 2- 167/00
2. Архив городского суда г..Шымкент. Уголовное дело № 3- 155/00
















Нормативтік – құқықтық актлер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж.
2. ҚР Президентінің 1994 жылы 12 ақпанында бекітілген ҚР-дағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан кеңесі,1994 ж,24 наурыз.
3. ҚР Прокуратурасы туралы ҚР заңы 21 желтоқсан 1995ж.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1997ж.
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 1997ж.
6. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии». Казахстанская правда от 02.03.2006 г.
7. Указ Президента РК № 80 от 30 марта 2006 г. “О дальнейших мерах по реализации стратегии Казахстана до 2030 г”.
8. «Концепция правовой политики Республики Казахстан», одобренная
9. Указом Президента РК от 20 сентября 2002 года, № 949а.ҚР
10. ҚР-ы Президентінің қазақстан халқына жолдауы “ Қазақстан азаматтарының әл.ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты”. Егемен қазақстан.7 ақпан 2008 ж.
11. Қылмыстық іс жүргізу кодексі. -Алматы, 13.12.97 ж.
12. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" нормативтiк қаулысы. 15 тамыз, 2002 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

“СОТ ҮКІМІ - СОТ ӘДІЛДІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ

НЕГІЗГІ АКТІСІ РЕТІНДЕ”

Орындаған
4 курс, күндізгі бөлімнің
студенті ________________________ Олжабаева А.


Ғылыми жетекші
з.ғ.к, доцент ______________________ Алимкулов Е.


Норма бақылаушы ________________________ Жуманбаева Н.А.


Кафедра меңгерушісінің,
рұқсатымен қорғауға ________________________ Алауханов Е.О.
жіберілді
з.ғ.д., профессор

г.Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ 3-5

1. СОТ ҮКІМНІҢ НЕГІЗІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1. Сот үкімнің ұғымы және оның түрлері 6-14
1.2. Сот үкімге қойылатын талаптар 6
10
2. СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРУ БАРЫСЫНДА ЗАҢНЫҢ
ДҰРЫС ҚОЛДАНЫЛМАУЫ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ
2.1. Сот үкімін бұзу мен өзгертудің негіздері
2.2. Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі
2.3. Қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы және 15-39
дұрыс қолданылмауы 15
2.4. Жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның 16
жеке басына сәйкес келмеуі.
26
3. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ – СОТ
БАҚЫЛАУЫНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ 36
3.1. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдерін қайта қарау ұғымы
3.2. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдерін қайта қараудың
мәні мен маңызы
40-61

ҚОРЫТЫНДЫ 40

46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

62-64


65-68






КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының
негізгі шарты, бүгінгі таңдағы өмір талабына сай азаматтар мен лауазым
иелерінің Ата заңымыздың талабы бойынша жұмыс істеп өмір сүру.
Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бергi кезеңде қабылданған сот реформасы
туралы мемлекеттiк бағдарлама да сот өндiрiсiне, судья мәртебесiне қатысты
заңдардың барлығы да Сот әдiлдiгiн барынша қамтамасыз етуге бағытталған.
Судья - әділдіктің, заңдылықтың айнасы, сондықтан да Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес, Сот әдiлдiгiн тек қана сот жүзеге
асырады. Бұл сот әділдігінің принципi де болып табылады. Бұдан шығатын
қорытынды – мемлекетiмiзде сот iстерiн қараумен бiрде-бiр орган немесе
қоғамдық ұйым айналыспайды, сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға заң бойынша тек
сот қана өкiлеттi.
Сот қызметi нақты деректердi, материалдарды, дәлелдемелердi
зерттеумен, көптеген адамдардан жауап алумен, iске қатысқан кезде олардың
құқықтарын қажеттi түрде қамтамасыз етумен байланысты. Соттың бұл iс-
қимылының бәрi заңды және негiзделген шешiм шығаруды қамтамасыз ету үшiн
жүргiзiледi. Сондықтан да, соттың азаматтық және қылмыстық iстердi қарау
жөнiндегi бүкiл қызметi iс жүргiзу заңдарымен қатаң реттелген.
Сонымен, сот әдiлдiгi заңмен белгiленген нысанда – сот процессi
нысанында жүзеге асырылады. Қылмыстық iстердi қараған кезде, сот қылмыстық
iстерге байланысты заңдарды басшылыққа алады, ал азаматтық iстердi қарау
мен шешу азаматтық iстер жөнiндегi заңдармен зерттеледi.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сот әдiлдiгiнiң аса маңызды белгiсi –
нақты бiр iстi қарағанда соттың әдiлдiктi жүзеге асыра отырып, мемлекеттiк
мәжбүр ету шараларын қолдануы (Мысалы: айыппұл, бас бостандығын шекету,
қамауға алу, бас бостандығынан айыру т.с.с.) болып табылады. Жасалған
қылмыс үшiн мемлекеттiк күштеудi қолдануға заң бойынша тек сотқа ғана құқық
берiлген. Ол қылмыстық iс бойынша соттай отырып, сол арқылы сотталушыға
қылмыстық заң санкциясы шеңберiнде белгiлi бiр мемлекеттiк мәжбүр ету
шарасын қолданады. Сот iстердi қарау-шешу арқылы азаматтарды құқықтық
тәрбиелеу iсiне қатынасып қана қоймай, қоғамның кейбiр тәртiп бұзуға икем
тұратын мүшелерiне де өз iс-әрекетiмен көп әсер етедi, дұрыс жолға
түсулерiне мүмкiндiк жасайды.
Сот билігінің пәрменін арттыра түсу және сот органдарының беделін
көтеруге бірден бір себеп, оның шешімінің әділдігі. Осы тұрғыдан, қылмыстық
сот өндірісінде қаулыланатын процессуалдық құжаттардың қоғамдық
қатынастарды реттеудегі рөлі аса зор болмақ. Оның ішінде, әділ сот
төрелігінің жаршысы, пәрменді нәтижесі болып табылатын – үкімнің ықпалы
ерекше. Өйткені, біріншіден, үкім – сот төрелігінің актісі, екіншіден,
мемлекеттік биліктің бір тармағы – сот билігінің шешімі деп танылады.
Үкiм – қылмыстық iс жөнiндегi бүкiл өндiрiстiң қорытындысы шығарылатын
құқықты қолданудың аса маңызды кесiмi болып табылады. Конституциялық
қағидаларға сәйкес үкiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрi
заңды және негiздi болуға тиiс.
Әрбір сотпен қаралатын қылмыстық іс бойынша әділ сотты жүзеге асыру
бұл заңмен белгіленген тәртіпте істі талқылау, объективті іс жүзінде шешу,
іс бойынша объективті ақиқатты анықтап, ол бойынша заңды және негізделген
үкім шығару. Үкім арқылы белгілі бір іс шешіліп қана қоймайды, сонымен
қатар, заңдылық бекітіліп, құқық бұзушылықты жоюға әрекет жасайды және
азаматтарды саналы құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелейді.
ҚР 1995 жылы қабылдаған Ата – Заңының 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес,
Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы болып – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады, ал, Ата – Заңның 77-
бабының 3- бөлігінің 1- тармағына сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды
күшіне енген сот үкімімен танылмағанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес
деп есептелінеді.
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп
алмайынша, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері және оның
негізділігі өте өзекті мәселе. Соттардың үкім шығарудағы рөлі аса маңызды
болып келеді. Сот үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде ҚР ҚІЖК-нің 371
бабында көрсетілген мәселелерді шешеді. Олар тек қана сотталушы адамның
тағдырына өзгерістер енгізіп қана қоймай, сонымен қатар, оның туыстарының,
балаларының өмірлеріне де өзгертулер әкеледі. Осының өзінен біз қозғалып
отырған мәселенің көкейтестілігін байқаймыз. Жоғарыда айтып өткенімдей,
адамның болашағы, өмірі біз үшін ең қымбат қазына. Адам тағдырын шешу оңай
іс емес. Қылмыстық істі жан – жақты зарттеп, толық қарап, объективті
шындыққа көз жеткізгеннен кейін ғана, біз бір шешімге келуіміз керек.
Сондықтан да судьяның үкім шығаруы тәжірибелі қызметті қажет ететін, аса
күрделі де маңызды әрекет.
Үкім сот әділдігінің маңызды актісі болғандықтан, түбегейлі заңдылық
және негізділік талаптарына сәйкес болу керек. Үкімнің қаншалықты заңға
сәйкес екеніне, заңдардың дұрыс қолданылуына байланысты, яғни оның қандай
деңгейде заңға сәйкес негізделуіне байланысты. Үкімінің қоғамдық әділдігіне
тиімділігі шешіледі. Ендеше, қылмыстық процесс ғылымы саласындағы үкім
институтын дипломдық зерттеу жұмысының пәні ретінде алудың, тек теориялық
ғана емес, практикалық тұрғыдан да өзектілігі басым.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың негізгі жоспарына
сәйкес, мынадай мақсаттар басты назарда болады:
- үкімнің ұғымы мен мазмұнын зерттеп, оның мәнін ашу,
- процессуалдық құжаттар арасындағы сот үкімінің ерекше орнын
айқындау,
- сот үкімінің негізгі сипаттаушы белгілерін мазмұндау,
- үкімнің түрлерін қарастырып олардың қаулылану тәртібін тұжырымдау,
- сот үкімін бұзу және өзгерту негіздерін толық көлемде ашу,
- апелляциялық сатыда істерді қараудың тәртібіне тоқталу,
- үкім шығаруға, оны бұзуға және өзгертуге байланысты тәжірибеден,
соның ішінде Жоғары Сот Пленумы қаулылырынан мысалдар келтіру.
Зерттеудің методологиялық негіздері. Дипломдық жұмысымның
методологиялық зерттеу базасын заңға сай негіздейтін диалектикалық жүйелі
әдістеме құрайды. Негізгі жалпы ғылыми әдістер ретінде бұл жұмыста
логикалық, ғылыми, тарихи, жүйелі –аналитикалық, салыстырмалы, әлеуметтік
әдістер қолданылған.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің теориялық
және практикалық маңыздылығы дипломдық зерттеудің ережелері мен
нәтижелерін:
- ҚР ҚІЖ заңдарының нормаларын жетілдіру мақсатында норма
шығарушылық қызметте;
- Сот төрелігі мен сот үкімінің практикалық қызметінде;
- ҚІЖ курсын, Құық қорғау органдары пәні бойынша арнайы курс
өткенде оқу процесінде;
- қылмыстық істер бойынша судьялардың кәсіби дағдылары мен
шеберлігін көтеру процесінде пайдалану мүмкіндігімен
анықталады.
Зерттеу тақырыбының зерделену дәрежесі. Зерттеу жұмысымды жүзеге асыру
барысында ҚР Конституциясы мен өзге де заңдылық нормаларын, ҚР Жоғары Сот
Пленумының қаулыларына, ведомствалық бағынысты өзге де актілерге сүйене
отырып жазуды жоспарлаймын. Сонымен қатар, зерттеу жұмысым бұрынғы Кеңес
мемлекетінің қылмыстық іс жүргізу заңдылығына, халықаралық – құқықтық
құжаттарға, шетел заңдылығына және өзге де ТМД қатарына кіретін елдердің
құқықтық заңдылығына сай жүзеге асырылуда. Зерттеу барысында тек отандық
оқулық - әдебиеттер ғана емес, сонымен қатар, Ресейдің, революцияға дейінгі
орыс және шетел ғалымдарының еңбектері оқылды. Яғни, Ф.Фаткуллин,
М.Строгович, В.Кудрявцев, Е.Абиль, С.Альперт, В.Бохан, С.Викторский,
В.Дорохов, Р.Оганесян, А.Светлова, Б.Төлеубекова, К.Халиков, С.Тыныбеков,
Л.Фридмэн, И.Фойницкий секілді ғалымдардың еңбетерін қолдандым. Сондай ақ,
өндірістік тәжірибемнен өту барысында танысқан қылмыстық істерді мысал
ретінде қолдандым.
Зерттеу пәні мен объектісі. Бұл дипломдық ғылыми жұмыстың объектісі
болып – үкім шығару, оны бұзу мен өзгерту кезінде пайда болатын қылмыстық
процесс субъектісі – судьялармен азаматтардың арасындағы өзіндік қарым –
қатынастар, сот үкімдерінің түрлері, оларды жеке-жеке ашып көрсету болып
табылады.Зерттеу пәні болып – үкім шығару, оны бұзу мен өзгертудегі
қылмыстық іс жүргізу нормалардағы мазмұны мен маңыздылығы, айыптау мен
ақтау үкімінің негізділігі мен оның құрылымы, яғни сипаттамалы-дәлелді және
қорытынды бөлігін көрсету.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломық жұмыс кіріспеден, сегіз бөлімді
біріктіретін үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

I . СОТ ҮКІМНІҢ НЕГІЗІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1.1. Сот үкімнің ұғымы және оның түрлері.

Қазақстан Республикасында әділ соттылық тек сотпен ғана жүзеге
асырылады. Құқық қорғау органдарының функциялары мемлекет қызметінің бір
бағытын құрайды. Осы бағыт шеңберінде әртүрлі органдар: сот, прокуратура,
ішкі істер органдары, адвокатура құқық қорғаушылық қызметті жүзеге асырып
отырады.
Сот - әділ сотты жүзеге асыратын мемлекеттік қызметті атқарады.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарында көрсетілгендей қылмыстылықпен күрескенде
біз ешбір қылмыскерді жазасыз жібермеуіміз керек деген сөз осы сот органы
қызметкерлеріне арналып айтылған.
Құқықтық мемлекетті әділ сотсыз елестету мүмкін емес. Сот рөлі
құқықтық мемлекет құру және оның идеясын таратуға орай күшейе түседі.
Соттар істер мен дау – дамайларды қарай отырып, үкім мен өзге де шешімдерді
шығарып қана қоймайды, сонымен қатар, олардың қызметі ең алдымен құқыққа
негізделген заң үстемдігі мен салтанат құруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сот билігін жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен мемлекеттік
қадағалау әділ сот деп аталатын ерекше мазмұнға, беделге және рөлге ие. Сот
кез – келген істе, дау – жанжалда соңғы саты ретінде қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей әділ
соттылық тек сотпен ғана жүзеге асырылады және ешкім соттың үкімінсіз
қандай да бір қылмысқа кінәлі деп қылмыстық жазаға тартылмайды. Кеңестік
қылмыстық іс жүргізу құқығының ғылымында үкім Кеңестік әділ соттың актісі
ретінде танылған. Кеңес республикаларының қылмыстық іс жүргізу
кодекстерінде үкім сот отырысындағы соттың сотталушыға қатысты, оның
қылмысқа кінәлі не кінәлі еместігін шешетін және оған жаза қолдану,
қолданбау мәселесін қарастыратын соттың шешімі деп көрсетілген.
Сот үкімі – қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы
шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады.
Конституцияның қағидаларына сәйкес, жоғарыда айтып өткендей, үкім ҚР – сы
атынан шығарылады, әрі заңды және негізді болуға тиіс.
Кейбір Кеңестік республикалардың қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде
үкім терминына былай сипаттама береді. Ол бірінші сатыдағы сот отырысында
шығарылған, қылмыстың бар не жоқтығын айқындайтын, сотталушының кінәлі не
кінәсіздігін көрсететін және егер де кінәлілігі сотпен анықталса, оған
жазаны белгілейтін соттың шешімі.
Ф.Н. Фаткуллин: үкімді құқық нормаларын қолданудағы жеке акт ретінде
қарастырады. Онда мәні бойынша айыптау мәселесі, сотталушының қылмысқа
кінәлі не кінәсіздігі, жазаны тағайындау не одан босату және заңда
көрсетілген өзге де сұрақтарды қарастырады,- дейді. [1, 23-б.]
Осы айтылған ой – тұжырым бірден естілгенде жағымды болғанымен, кейін
біз оның да кемшіліктерін көріп жатырмыз. Мұнда үкімнің мемлекет атынан
шығарылатыны айтылмаған.
Қазақстан Республикасының үкімі әділ сотты жүзеге асыратын негізгі акт
болып табылады. Ал, өзге де іс жүргізушілік құжаттар үкімге қарағанда
қосалқы, қосымша мағынада болады. Олар әділ сотты үкімнің шығуына дайындық
жағдайларын жасайды.(айыптау қорытындысы, сотқа беру жөніндегі ұйғарым) не
үкімнің заңдылығы мен негізділігінің қосымша кепілі болып табылады.
Жоғарыда айтқан айыптау қорытындысы тергеу органы қызметкерлерінің
белгілі бір қылмыстық іс бойынша шығарған соңғы іс – жүргізушілік актісі
болып табылады. Онда тергеушінің айыптау тұжырымы және айыпталушыны сотқа
беру туралы дәлелді қорытындысы көрсетіледі. Айыптау сот талқылауының
көлемі мен шегін белгілеп, сот қызметінің жемісті болуына қажетті жағдайлар
жасайды. Айыптау қорытындысы сот талқылауының ірге тасы, негізі бола
отырып, айыпталушыға қорғану құқығын береді. Мұның өзі үкімнің дұрыстығына,
заңдылығына кепіл бола алады.
Айыптау қорытындысының үлкен рөлді атқаруына қарамастан, істі толық
шешетін актісіз өзінің жекешелік мағынасын жоғалтады. Айыптау қорытындысы
үкім шығады – ау деген болжаумен шығарылады.
Бұл екі актінің айырмашылығы тек үкімнің кінәлілік мәселесін шешумен
ғана ерекшеленбейді. Айыптау қорытындысында тергеу органы да, прокурор да
кінәлілік мәселесін шеше алады, бірақ олардың өкілеттіктері осы акті
парағында жазылып, көрсетумен ғана шектеледі. Ал, сот өз үкімінде барлық
іске қатысты мән – жайды зерттегеннен кейін сотталушыға қатысты жаза
мәселесін белгілейді.
Үкімге көмекші құрал ретінде соттың ұйғарымы мен қаулысын да айтуға
болады. Үкім сотталушының кінәлі не кінәлі еместігі және егер кінәлі болса,
әділ жаза қолдану мәселелері қарастырылады. Өзге актілердің ішінен басым
дәрежені ала тұрып, үкім Қазақстан Республикасы сотының актісі болып
табылады. Сот өз үкімдерінде мемлекеттің қылмысқа қатысты көзқарасын
білдіре отырып, бүкіл қазақстандықтардың еркін білдіреді. Өйткені, заңдылық
Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмысты тануымен мемлекттің қылмыстық
әрекеттерді тануы деп бөлмейді.
Сондықтан да барлық соттың үкімдері ҚР-сы атынан деп шығарылады. Бұл
жайлы нақты ҚІЖК – де айтылған.
Кеңес Одағы кезінде де үкім міндетті түрде Социалистік Республикалар
атынан жеке не бүкіл Кеңес Одағы атынан шығарылған. Заңға сүйене отырып,
қылмыстық істерді шешкенде сот бүкіл Кеңес халқының еркін көрсеткен.
ССР Одағы мен одақтас республикалардың Қылмыстық іс жүргізу
негіздерінің 2 – бабына сәйкес, Кеңестік қылмыстық сот өндірісінің екі
әшкерелеу, сонымен қатар, қылмыс жасаған адамды әділ жазаға тарту үшін
негізгі мақсаты көрсетілген: қылмысты толық және тез ашу, кінәлілірді заңды
дұрыс қолдануды қамтамасыз етіп, кінәлі еместерді қылмыстық жауаптылыққа
тартпау керек деп көрсетілген.
Ал, осы Заңның 4 - бабына сәйкес, қылмыстық істер бойынша Әділ Кеңес
Одағында қылмыстық істерді қарау мен кінәлі адамға жазалау шараларын
қолданып, ал кінәлі еместі ақтапшығару арқылы жүзеге асырылады делінген.
Осы мақсаттарды ұстанған Кеңестік заңдылық былай дейді: Сот үкімі
айыптаушы не ақтаушы болуы мүмкін.
Қазіргі Қазақстан Республикасы ҚІЖК – нің 374 – бабында үкімдердің
түрлері ретінде осы айыптаушы және ақтаушы үкімдер көрсетілген. Ал, енді
осы үкімнің әрқайсысына жеке – жеке тоқталып, анықтама бере кетейін.
Айыптаушы үкім – бұл соттың сот талқылауы нәтижесіндегі мемлекет
атынан шығарылған сотталушының кінәлілігін бекітетін және айқындайтын,
сонымен қатар, оған қатысты жаза қолдану не қолданбау туралы шешімі.
Ал, ақтаушы үкім дегеніміз – бұл соттың сот талқылауы нәтижесіндегі
мемлекет атынан шығарылған сотталушының кінәлі еместігі анықталып,
бекітілген және ақталуы туралы шешімі.
Қазақстан Республикасының әділ сотын жүзеге асыру үшін сот қылмыстық
істі қарап, қылмысқа кінәліге қатысты айыптау үкімін қаулы етіп немесе егер
оған кінә негізсіз тағылса, онда сотталушыға қатысты ақтау үкімін шығарады.
Үкімнің өзгеше үшінші түрін Кеңес заңдылығы да тәуелсіз мемлекет те
белгілемейді.
Айыптау не дәлелденеді (егер сотталушы кінәлі деп саналса) не
дәлелденбейді (сотталушы кінәлі емес деп саналып, ақталып шыққан
жағдайда).Бұл екі шешімнің ортасындағы жағдай болмайды және болуы мүмкін
емес .Осындай категориялық тұжырым қылмыстық іс бойынша әділеттілікті
жүзеге асырудағы соңғы нүктені белгілейді
Қылмыстық іс жүргізу заңының әр қылмыстық іске қатысты сотталушының
кінәлілік не кінәлі еместігін шешу, үкімдердің негізгі қасиеттері :
анықтылығы мен тұжырымдылығын (категоричность) қамтамасыз етеді. Бұл
дегеніміз соттың үкімдегі сотталушының кінәлі не кінәлі еместігін сот
қорытындысында анық, ешқандай екі мағынасыз көрсетілетінін білдіреді.
Сот үкімінің анықтылығы мен тұжырымдылығы – бұл соттың сот талқылауы
кезінде объективті шындыққа жету үшін жан – жақты сот зерттеуін жүргізуі,
мұнда ешқандай түсініспеушілік немесе күмәнболмауы тиіс. Сотталушының
кінәлі не кінәсіздігін анықтамайтын, жалтармалы жауап қылмыстық сот
өндірісінің қағидаларының қатаң түрде бұзылуына әкеп соқтырады. Мысалы:
Егапов өз жолдастарымен мейманханада бұзақылық әрекеттер жасап, мейманхана
қонақтарын ұрып – соққаны және сол іс бойынша сотталған Баратишвилиге
Натанадзені өлтіруіне көмек көрсеткені үшін сотталған. Егаповтың адама
өлтіруіне қатысуын сот мынадай күдікті сот үкімінде орын алған жауабында
көрсетті : Егапов Бараташвилидің қолында пышақ болғанын байқаған шығар
[2, 25-б.]
Мұндай анықталдмаған, болжамды түйін кінәлілік туралы сұрақты ашық
қалдырады.Осыған байланысты, үкім ҚР – ның Жоғарғы Сотының қылмыстық істер
бойынша Сот алқасымен бұзылған болатын. Үкім күмәнді, айқын емес болғанда
ол өзінің мақсатына жете алмай, мемлекеттің әділ сотының актісі болу
қасиетін жоғалтады.
Осы айыптау үкімі жайлы кеңірек айтпас бұрын, мен жалпы айыптаудың
жеке түсігіне тоқталғанды жөн көріп отырмын.Айыптау – бұрыннан келе жатқан
және ең маңызды іс жүргізушілік құбылыстардың бірі. Ол тіпті, қылмыстық сот
өндірісінің пайда болуына өз септігін тигізді десем қателеспеймін. Өйткені,
соңғысы адамның қылмыстық әрекетін бағалау үшін қажет болған.
Айытау – бұл әрбір қылмыстық сот өндірісінің қажетті элементі, оның
нысаны мен түріне тәуелсіз белгісі .
Айыптау үкімі, егер де сот мына төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап
қатқанда ғана қаулы етіледі:
1. Жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны
дәлелденді ме;
2. Бұл әрекет қылмыс болып табылама және ол нақты қай қылмыстық
заңда көрсетілген ( бабы, бөлігі, тармағы);
3. Сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
4. Сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме, яғни оның
әрекеттерінде кінә бар ма .
Осы сұрақтардың бәрінде сот өзінің айыптау қорытындысында тұжырымды
және дұрыс анықталған жауап беруі тиіс. Заң көрсетіп отырғандай, айыптау
үкімі тек қана сотталушының кінәсі толық көлемде анықталып, зерттеліп,
дәлелденгеннен кейін ғана шығарылуы тиіс. Ал, болжамға негізделіп
шығарылған үкім өз заңдылық күшін жояды.
Сонымен, сотпен шығарылатын айыптау үкімінде міндетті түрде айыптаудың
күмән тудырмайтын дәлелділігі, сотталушының толық көлемде кінәлі екендігі
анықталуы тиіс. Бұл сұрақты шешуге байланысты айыптау үкімі:
- жаза тағайындаумен;
- жаза тағайындамай;
- жаза тағайындап, бірақ одан босатып шығаруы мүмкін.
Айыптау үкімін жаза тағайындаумен шығарғанда сот сотталушының қылмыс
істегені үшін жазаға тартылуына жағымды жауап бергенде қаулы етеді. Барлық
жағдайларда үкімді қаулы еткенге дейін кінәлінің іс - әрекеті мән – жайдың
өзгеруіне байланысты қоғамдық қауіптілік дәрежесін жоғалтса немесе
сотталушы енді қоғамға қауіпті емес деп саналса сотпен жаза
тағайындалмайтын үкім шығарылады. Осындай жазадан босатудағы айыптау үкімін
қаулы етудің негіздері болып – мерзімнің өтуі немесе амнистия табылады.
Осы жоғарыда айтып өткен негізсіз үкімдерден қорғану тәсілдерінің,
құқықтарының бірі Ата – Заңда көрсетілген нормада орын алады. Оған сәйкес,
айыпталушының қорғануға деген құқығы осындай негізсіз айыптаудан қорғауды
қамтамасыз ететін конституциялық кепілдігі болып табылады. Айыпталушының
қорғануға деген конституциялық құқығы болып – ең алдымен оның қылмыстық
процессуалдық қызметтің субъектісі ретіндегі құқықтық іс – жүргізушілік
жағдайы табылады. [3, 5-б.]
Қылмыстық процессуалдық қызметтің субъектісі ретіндегі айыпталушының
қорғануға деген конституциялық құқығы тікелей оның объективті құқық
жағдайымен тығыз байланысты, яғни қылмыстық іс – жүргізушілік заңында
тікелей орын алған кінәсіздік презумпциясымен байланыста. Соңғы институтсыз
айыпталушының қорғануға деген құқығы формалды болып қалар еді. Кінәсіздік
презумпциясы Ата – Заңның 77 – бабына және ҚІЖК – нің 19 – бабына
сәйкесбылай деп көрсетілген: Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін осы
Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген
үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. Бұл қағида Кеңес
дәуірінде де орын алған.
Сонымен қатар, айыпталушымен оның кінәлі еместігін көрсететін
дәлелдемелерді ұсынбауы оның кінәлілігін білдірмейді .
Үкімнің келесі түрі – ақтаушы болып табылады.Қазіргі таңдағы отандық
қоғам тұлғаның дамуына барлық жағдайлар жасай отырып, өз азаматтарын адал
еңбек етуге, өз азаматтық борышын дұрыс атқаруға шақырады.
Қазақстан Республикасы тұлғаның абыройы мен адамгершілігінің дамуына
жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар, оның қорғалуын өз қамқорына
алады.
Адамның аты мен абыройын қорлаған әр адам қоғаммен айыпталуға жатады.
Қылмыстық істер бойынша әділ сотты жүзеге асыратын сот абыройдың – азамат
не адамның жағымды, моралды беделі, оның жақсы аты деген сананы ұстанады.
Әділ сотты жүзеге асыра отырып, сот тұлғаның – абстрактілі категория емес,
тірі адам екенін, оның қолында біреудің тағдыры шешіліп жатқанын түсінуі
тиіс.

1.2. Үкімге қойылатын талаптар.

Үкім - әділ соттың алдында тұрған қылмыстық істі шешуіне байланысьы
негізгі және маңызды актісі болып табылады. Үкім арқылы сот тек қана бір
белгілі қылмыстық істі шешіп қана қоймай, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың
алдын – алып, азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауына көмектеседі.
Үкім сот актісі ретінде сот отырысы аяқталғаннан кейін шығарылады. Ол
айыпталушының тағдырын шеше отырып, қылмысты жасаған адам осы ма, ол кінәлі
ма және оған қандай жаза қолдану керек деген сұрақтарға жауап береді.
Сот қызметінің ерекшелігінің бірі – ол судьялардың тек қана заңға
бағынып, тәуелсіздік қағидасын ұстануы. Бұл жерден шығатын мәселе, ол өзге
органдардың сотқа белгілі бір үкім шығаруға қатысты ықпал ете алмауы.
Сонымен қатар, шешім шығарар алдында соттың өзге мемлекеттік органдар мен
мекемелердің шешімдерін ұстануы міндетті емес. Ешқандай дәлелдер сот үшін
алдын – ала белгіленген дәлелдемелік күшті білдірмейді. Заңмен анықталған
осындай судьялардың тәуелсіздігі, оның тек қана заңға бағыныштылығы
судьялардың құқықтық сана – сезімдеріне, біліктілігіне, өнегелік ұстамына
жоғары талаптар қояды.
Әділ сотты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тағы бір жайт – ол сот
өндірісіндегі соттың алқалылығы. Кейбір қылмыстық істерде алқалы түрде
судьялардың қатысуы міндетті болатындықтан (мысалы адамды өлім жазасына
кесу мәселесін шешкенде) олардың құрамының сақталуы маңызды болып табылады.
Сот құрамы өзгерген жағдайлар туындағанда істі талқылау қайтадан басталады.
Сот өндірісі сот талқылауы түрінде жүзеге асырылып, келесі негізгі
қағидаттарды ұстанады :жариялылық, сот өндірісінің ауызшалылығы,
тікелелейлігі, үзілмелілігі.
Үкім мемлекет атынан шығарылатындықтан, ол әлеуметтік, әділдік
талаптарына сай болуы тиіс. Үкім жарияланғаннан кейін сот отырысының
қатысушылары, сот отырысы залында отырған өзге де адамдар үкімді
әлеуметтік, әділдік ұстанымдарымен бағалайды..
Кәсіби заңгерлер үкімді міндетті түрде әділдік тарапынан және де оған
қойылатын заңдылық, негізділік, дәлелділік қағидалары негізінде қарайды.
А.И.Экимов айтқандай: Әділдік құқықтық шешімнің құрылымдық элементі
ретінде адамға эстетикалық қанағат, рухани ләззәт әкеледі. Ең алдымен бұл
соттың юрисдикциялық қызметіндегі актісіне қатысты айтылған пікір.
Сонымен үкімге қойылатын талаптар мынадай:
1. Соттың үкімі заңды және негізді болуы керек.
2. Сот үкімі әділ және сендірерлік болуы тиіс.
3. Қылмыстық іс жүргізу заңдылығының негізгі талабы – үкімнің
дәлелділігінде.
4. Сот отырысында қаралған дәлелдемелердің негізінде үкімнің
шығарылуы.
Соттың үкімі заңды және негізді болуы тиіс. Бұл қазіргі қолданылып
жүрген қылмыстық іс жүргізу заңдылығында да, бұрынғы Кеңестік заңдылықтарда
да айқындалған.
Заңдылық пен негізділік арқылы үкімнің әділеттілігі айқындалады. Ал,
әділетті үкім ретінде біз әділ соттың талаптарын орындаған шешімді ғана
көрсете аламыз.
Үкімнің негізділігін дұрыс анықтау теориялық және практикалық
мағынасын дұрыс ашуды білдіреді. Үкімнің негізділігін теориялық мағынада
қарау, оны өзге салалас түсініктерден бөлуді көрсетеді.
Қабылданған шешімнің негізділігі дәлелділікпен белгіленеді. Осы
дәлелді шешім шығару туралы міндеттеме - заңдағы бұлтартпау шарасын қолдану
үшін шығарылған қаулысы мен ұйғарымына, айыпталушы ретінде тану туралы
қаулыға, тінту туралы қаулыға, алдын – ала тергеуді жандандыруға және
үкімге қойылады.
Бұрынғы Кеңестік және қазіргі қылмыстық іс жүргізушілік заңдылықта да
дәлелді шешімге қатысты толық анықтама белгіленбеген. Шешімге қатысты
дәлелділік толық көлемде үкімге ғана қатысты көрсетілген. Заңда
көрсетілгендей соттың тұжырымдары сипаттама бөліміндегі сияқты қорытынды
бөлімінде де дәлелді болуы тиіс. Бұл жерде соттың дәлелдемені не үшін
қабылдамағаны жайлы себебі немесе айыптауды өзгерту себебі, бұлтартпау
шарасын таңдау себебінің дәлелдері көрсетілуі тиіс.
Шешімдердегі себептердің әрқилы болуы, заңмен шешімге белгілі бір мән
– жайларды және дәлелдемелерді сілтеме жасауға міндеттейді ме, әлде
міндеттемейді ме соған байланысты болады. Үкім өзге шешімдерге қарағанда ең
ауыры болғандықтан, заң міндетті түрде осы үкімге қатысты дәлелді
себептерді көрсетуді жүктейді.
Заң нормаларына жүгіне отырып, дәлелдердің бірнеше анықтамасын
көрсетуге болады. Осыған орай, кей нормалар шешімнің фактілік негіздерін
көрсетуді міндеттесе, екіншілері - іс бойынша жиналған дәлелдемелердің
анализіне және анықталған мән – жайларға сілтеме жасайды, ал үшіншілері –
фактілік шешім негіздері мен себептерін көрсете отырып, неге осы шешімді
қабылдағанын тұжырымдайды.
Заңмен шешімнің мазмұнына қатысты талап қоюды зерттеу барысында
шешімнің сипаттама бөліміндегі дәлелдер шешімнің қандай тәртіп ережелерін
ұстануына байланысты екенін көрдім. Шешімнің дәлелділігі - өзіне қатысты
анықталған фактілерді келтіруді кіргізеді. Осы фактілердің гносеологиялық
маңызы олардың тұжырым шығару үшін негізгі материал екендігін көрсетеді.
Шешімдегі фактілерді келтіру оларды белгілеумен (фиксация), топтастырумен,
олардың құқықтық түсініктермен байланысын анықтаумен ерекшеленеді. Бұл осы
шешімнің негізін ашуға, мағынасын, құқықтық табиғатын дұрыс түсінуге
көмектеседі. Жалпы осы фактіні түсіну дегеніміз – бұл осы фактіні өзге
фактімен объективті, себепті, заңдылық байланыстыру болып табылады. Тек
қана осы жолмен фактіні объективтік шындық тілімен сөйлетуге болады.
Фактілер құбылысты түсіндірулері тиіс. Егер де фактілер әр түрлі мысал
түрінде кездейсоқ алынса, олар тек қана ойдың иллюстрациясын көрсетіп, оның
шындығын дәлелдей алмайды.
Жалпы негіз бойынша фактілерді ашудағы ең негізгі мәселе – ол
судьялардың белгілі бір іс бойынша анықтаған факті бойынша бір қорытынды,
тұжырым бетерін ой – қызметінде.
Дәлелділік мәселесін шешімнің табиғатына қатысты белгілеріне сай
қарау, соның ішінде психологиялық табиғатын қоса отырып қарастыру осы
дәлелді шешімнің маңызын және мазмұнын толық көлемде ашуға өз септігін
тигізеді. Шешімнің дәлелділігі судьялардың құқықты қолданудағы қызметін,
олардың бүкіл іс бойынша туындаған сұрақтарын тек заң негізінде шешуін
көрсетеді.
Шешімнің, әсіресе үкімнің психологиялық, еріктілік жағы нандыру,
сендірудің қалыптасу себебіне байланысты. Осылар заңдағы белгілі бір
мақсатқа қол жеткізу үшін таңдаған қозғаушы күш болып табылады. Үкімді
таңдау актісі – бұл мүдде нысанындағы мұқтаждықты түсіну процесі мен өз
әрекетінің мотивациясы мен мақсатын анықтау болып табылады.
Заңның дәлелді шешім шығару туралы талабы белгілі бір құжаттағы
қозғаушы күштердің қабылданған шешімге сәйкестігін қарастырады.
Осы көзқарас тұрғысынан шешімнің дәлелдігін қарай отырып, әрине, біз
заң нормаларынан шығатын шешімнің нұсқауларын таңдаудың шектеулерін де есте
сақтауларымыз керек. Заң шешімнің қабылдануын негіздейтін талаптарды
анықтайды. Сондықтан да, шешім шығарған тұлғаның осы жоғарғы негіздер
анықталды деп сенуі оның заң талаптарына сай әрекет етуіне себепші болады.
Сонымен, үкімнің дәлелді болуы – шешу қызметінің логикалық
дәлелдемелерді бағалауын, оның шындыққа сай келу – келмеуін анықтап,
белгілі бір құқықтық қорытындыға әкеледі. Үкім бойынша дәлелдердің
нандырушылық қасиеті тәрбиелік және ескертушілік маңызын көрсетеді. Толық
мағынада – үкімнің дәлелділігі өз тарапынан аргументтердің, дәлелдердің
фактілік, логикалық, құқықтық көзқарастағы түсінігінің іс бойынша белгілі
бір қорытынды тұжырымға келу жүйесін білдіреді.
Сот үкімінің заңдылығы және негізділігі.
Үкімнің заңдылығы мен негізділігі бір – бірімен тығыз байланысты, олар
әділдік актісінің әртүрлі жақтарын көрсетеді.Үкімнің заңдылығы – бұл оның
қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына нақты тура сәйкес
келуі. Заңды үкім ретінде біз тек қана Қылмыстық кодекстің Жалпы және
Ерекше бөлімінің және өзге де Кодекстардың талаптары сақталған шешімді
айта аламыз. Сондықтан да заңсыз үкім болып, мысалы, қоғамдық қауіптілігі
жоқ әрекетті жасағаны үшін шығарған айыптау үкімін айта аламыз. Сонымен
қатар, үкім заңсыз деп табылады, егер де қылмыстық іс жүргізу заңы
ережелерінің бұзылуы сотпен емес, алдынғы сатыдағы алдын – ала тергеу
барысында айыпталушының қорғануға деген құқығының бұзылуы салдарынан болса.
Үкімнің заңдылығының талабы жалпы қоғамда қалыптасқан заңдылық
қағидасынан туындайды. Бұл қағидаға барлық қылмыстық процестің сатылары
бағынышты. Жалпы, осы үкім заңдылығы жоғарыда айтылғандармен қатар, барлық
тергеу әрекеттерінде процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
сақталып, барлық сот өндірісі этаптарында барлық құқық нормалары орындалып,
барлық мән – жайлар толық және объективті шешіліп қаралғанда ғана орын
алады.
М.С. Строгович үкімнің негізділігі жайлы былай дейді: Үкімнің
негізділігі – ол істің фактілік мән – жайына сәйкестігі, яғни негізі
бойынша шындыққа, дұрыстылыққа сәйкестігі. Бұл жердегі үкімнің
негізділігінің негізгі мақсаты сотталушының кінәлі, кінәсіздігін айқындау
еді. [4, 155-б]
Сот үкімінің әділ және сендірерлік болуы тиіс.
Сот үкімі тек қана негізді ғана емес, сонымен қатар, әділ де болуы
тиіс. Үкімнің әділдігі дегеніміз – сотталушының кінәсінің нақты анықталып,
оның істеген қылмысының түріне және тұлғасына байланысты жазаның шығарылуы.
Қылмыстық істі қарау барысында сот қылмысқа қатысушылардың бәрін
анықтап, олардың жауаптылығы мен кінәсін анықтайды, ауырлатылатын және
жеңілдетілетін мән – жайларды да қарастырып, ең соңында шешім шығарады. Сот
үкімі әділетсіз деп саналады, егер де, мысалы іс бойынша барлық қатысушылар
анықталмай, олардың кінәсі анықталған сотталушыларға жүктелсе.Әділ жаза
тағайындаудың міндетті шарты болып – оның жекелігі танылады. Сондықтан да,
соттар жаза тағайындағанда заңда көзделген жекелілік талабын сақтап,
қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, барлық ауырлатылатын және
жеңілдетілетін мән – жайларды ұмытпауы тиіс. Әсіресе, алғаш рет қылмыс
жасаған тұлғаның және кәмелетке толмағандардаң тағдырын шешкенде осы
мәселеге көп көңіл бөлуі тиіс. Сонымен қатар, жазаның тиімділігі – оның
тәрбиелік және жазалаушылық әсерімен тығыз байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Ал, осының бәрі тиімді іске асуы үшін әділдік қағидасын да назардан
шығармау керек.
Үкімге тән қасиеттің келесісі – сендірерлік қасиет болып табылады.
Яғни, бұл дегеніміз – шығарылған үкімнің қоғаммен дұрыс, әділ шешім ретінде
қабылдануы.
Үкімнің дәлелділігі, әділдігі сияқты оның соталушыға әсер ету және
өзге де азаматтарға сотты құрметтеуін үйретуде ықпалын тигізеді.
Сот отырысында қаралған дәлелдемелердің негізінде үкімнің шығарылуы.
Бұл талап ҚР ҚІЖК – де орын алған ауызшалылық және тікелейлік
қағидаларынан туындауда. Осы қағидалардың талап етуіне байланысты сот
отырысында қаралмаған дәлелдемелерді үкімде негіздеуге жол берілмейді. Сот
үкімде көрсетіп, негіздеген барлық дәлелдемелерін тікелей өзі зерттеуі
тиіс. Осы айтылған талаптарды орындап қана біз әділ, негізді, дұрыс шешімді
шығара аламыз.

2 . СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРУ БАРЫСЫНДА ЗАҢНЫҢ
ДҰРЫС ҚОЛДАНЫЛМАУЫ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ

2.1. Сот үкімін бұзу мен өзгертудің негіздері.

Қылмыстық істер бойынша заң бұзушылықты табу және оны жою,
апелляциялық және қадағалау өндірісінің негізгі мақсаты болып табылады. Осы
жоғарыда айтылған қылмыстық процестің сатылары процессуалдық әдебиеттерде
спецификалық қадағалаушы бағытты ұстанушылар деп нұсқалады. Олардың
процессуалдық нормаларын реттеуші жиынтығы, әрине, процестің алдыңғы
сатысына қарағанда құқық қорғаушы болып табылып, әділ соттылықты жүзеге
асырады.
1. - сатыдағы сот актілерін тексеріп, бағалау- барлық сот жүйесі
алдында тұрған басты мақсатқа жетуді көздейді.
Қылмыстық процессуалдық процедураны бағалау процесі заңда көрсетілген
процессуалдық қызмет үлгілерін қаралған және шешілген қылмыстық іс
нәтижелерімен салыстыру болып табылады. Осындай салыстыру барысында
атқарылған қылмыстық процессуалдық қызметтің тек заң нормаларына сәкестігі
ғана емес, сонымен қатар, әділ сот актісі - үкімнің осы заң тәртібінің
сәйкестігі тексеріледі.
В. Н. Кудрявцев осы сот тәжірибесіндегі дұрыс және қате шешім бұзылған
және өзгертілген шешім деген түсініктердің болуын әділ деп санайды. [5, 155-
б]
Сот үкімі - қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қортындысы
шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады.
Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан
шығарылады, әрі заңды және негізді болуға тиіс.
Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң
талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар
үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң
талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Оның өзі үкімдердің өзгертілуіне және
бұзылуына әкеп соғуда.
Өзім жоғарыда айтып кеткендей үкім- Қазақстан Республикасы
Конституциясының 77- бабының 3 - тармағында және Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2 - тарауында көрсетілген әділ сот
принциптерін сақтай отырып, сотталушыға қатысты оның кінәлілігі немесе
кінәлі еместігі қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы I-
сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған
қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады.
Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судъялардан оның
заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілікті сезінуді талап етеді.
Үкім, егер ол оның сотқа қарастылығы ережелері сақталып, тараптарға
дәлелдемелерді тең негізде зерттеуге мүмкіндік беру қамтамасыз етіле
отырып, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принциптерінің
негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының
талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып, соттың заңды
құрамымен шығарылса заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн.
Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында
толық жан- жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға
берілген дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді
болып табылады.
Сот қабылдаған шешімдердің мазмұнын неғұрлым толық ашуға әсер ететін
үкімнің процессуалдық нысанын сақтау маңыздылығына соттардың назары
аударылуы қажет. Ол нысаны мен мазмұны бойынша Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 377-383- баптарына сәйкес келуі тиіс.
Егер де осы айтқан талаптар судъялармен орындалмаса, онда I- сатыдағы
сот үкімін бұзу мен өзгерту негіздерін жүзеге асыруға тура келеді.
Үкімді бұзу мен өзгертудің апелляциялық негізі дегеніміз- бұл белгілі
қылмыстық іс бойынша үкімнің заңсыздығы мен негізсіздігін көрсететін және
оны өзгерту мен бұзуға міндеттейтін негіздер болып табылады. Яғни
апелляциялық негіздер апелляциялық өндірістің мазмұны мен шегін анықтайды.
Жоғарыда айтылған сот үкіміне қойылатын талаптармен бірге Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодксінің 412- бабы үкімді бұзу мен
өзгертудің нақты мынадай бес негізін белгілейді:
1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
2) соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән
жайына сәйкес келмеуі;
3) қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес
келмеуі I- сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып
табылады. [6, 9-б]
Енді, осы айтылған бес негіздің әрқайсысын жеке- жеке талдап өтейін.

2.2. Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі.

Сот тергеуі- бұл сот талқылауының орталық бөлігі болып табылады,
осында сот қылмыстық процестің қағидаларын толық көлемде пайдалана отырып,
қылмыстық фактілік мән- жайларын анықтау мақсатында іске қатысты қолда бар
дәлелдемелерді зерттейді.
Сот пен тараптардың дәлелдемелерді зерттеудегі қызметі сот тергеуінің
маңызын құрап, кейінгі сот жарыссөздері мен сот үкіміне, ықпалын тигізеді.
Сондықтан да үкімнің заңдылығы мен негізділігі көптеген жағдайда сот
тергеуінің сапалылығымен анықталады.
Сот тергеуі алдын- ала тергеудің қайталамасы болып табылмайды. Ол
істің фактілік деректерін өзіндік зерттеп, алдын- ала тергеуде зерттеліп
жиналған іс материалдарынан тәуелсіз болып табылады. Сонымен қатар, алдын-
ала тергеудің сот тергеуінен айырмашылығы - оны, жүргізу субъектілерінде.
Яғни, сот тергеуі- тараптардың белсенді қатысуын және өзге де процеске
қатысушылар мен сотпен жүзеге асырылады.
Сот тергеуі ерекше процессуалдық нысанда- жариялылық, ауызшалылық,
тікелейлілік, дәлелдемелерді зерттеуде үзілмелілікпен ерекшеленеді. Сонымен
қатар, сот тергеуші мен прокурордың және олар алған дәлелдемелердің
тұжырымдары мен келісуге міндетті емес. Сот тергеуіндегі дәлелдеу
процесінде оқиғаның мүмкін болатын барлық жағдайлары ескеріліп, сот айыптау
қорытындысында көрсетілген мән- жайларға ермей-ақ, өзіндік сот отырысында
қаралып дәлелдемелерге негізделген өз шешімін қабылдауға міндетті. [7, 55-
б]
Дәлелдемелерді сот тергеуінде зерттеудің алдын-ала тергеуде зерттеуден
айырмашылығы бар. Заң сот тергеуінде әрбір тергеу әрекеттерін жүргізуге
мүмкіндік бергенімен тәжірибе жүзінде сот тергеуінде тінту, алу және
мәйітке эксгумация өткізу көп дамымаған. Сот процесінде тану мен беттестіру
әрекеттері шектеліп, көбінесе сотта беттестірудің орнына анықталған
тұлғалардан жауап алынады. Сот тергеуіне тән дәлелдеу процесіндегі негізгі
сот әрекетіне Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы сотталушыдан, жәбірленушіден,
куәдан жауап алуды сараптама өндірісін, заттай дәлелдемелерді қарауды,
құжаттарды жариялап, іс болған орынды және үй-жайды қарауды келтіреді.
Бірақ, сотта тергеу экспериментін жүргізу, куәландыру, зерттеу үшін үлгілер
алу сияқты әрекеттердің орын алуы да ықтимал. Жалпы, осы сот тергеуі
айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке
айыптау істері бойынша- арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар
болмағанда сот отырысы хатшысының шағымды баяндауымен басталады.
Сот тергеуінде дәлелдемелерді зерттеу айыптауды құрайтын құжаттарды
жариялаудан, сонымен қатар дәлелдемелерді зерттеу тәртібін анықтап,
талқылаудан өтеді. Айыптау қорытындысын жариялау- сот талқылауында қандай
айыптаудың пәні ретінде қарастырылуын белгілейді. Судъямен айыптау
өзгертілсе, сот отырысын тағайындау сұрағын шешу барысында судъяның
қаулысында жарияланады.
Егер іс бойынша алдын- ала тргеу немесе анықтау жүргізілмеген жағдайда
сот тергеуі жәбірленушінің арызын жариялаудан басталады. Егер іс бойынша
азаматтық талап қойылса, онда азаматтық талап та қоса жарияланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі осы жоғарыдағы
құжаттардың кіммен жарияланатыны жайлы айтпаған. Бірақ, тәжірибеде
көбінесе, ол төрағалық етушімен жүзеге асырылады.
Айыптау қортындысы жарияланғаннан кейін сот айыпталушының айыпқа деген
қатынасын анықтайды. Ал, оны анықтау үшін істі талқылау қажет. Төрағалық
етуші сотталушыға айыптаудың мәнін түсінгендігін сұрап, қажет болған
жағдайда айыптаудың негізін түсіндіріп, одан тағылған айыпты мойыедайтынын
не мойындамайтынын сұрайды. Сотталушының өтініші бойынша сот оған өз
жауабын дәлелдеуге мүмкіндік беріп, оның айыпқа қатысты не қатыссыздығын
толық көлемде ашуға рұқсат береді.
Кейін дәлелдерді зерттеу тәртібін анықтау мен талқылау жүзеге
асырылады. Яғни, сот пен және іске қатысушылар мен істе бар дәлелдерді және
жаңадан келіп түскен дәлелдерді қарау кезектілігі анықталады. Әрбір сот
әрекетінің процессуалдық тәртібін реттей отырып, заң олардың қаралу
керектігін белгілейді. Ол тек қана сотқа сот тергеуі басында дәлелдемелерді
зерттеудің және қараудың ең тиімді жағын пайдалануды ұсынады. Осы мақсатпен
сот айыптаушының, сотталушының, қорғаушының, жәбірленушінің, азаматтық
талапкер мен жауапкердің және олардың өкілдерінің сотталушылардан,
жәбірленушілерден, куәлардан, сарапшылардан жауап алу кезектілігі туралы
ұсыныстарын тыңдап, дәлелдемелерді зерттеу тәртібі туралы ұйғарым шығарады.
Сот тергеуінің кез келген уақытында сот басында таңдап алынған тәртіпті
өзгертіп, ол тураолы шешім шығаруға құқылы.
Сот әртүрлі дәлелдеме қайнар көздерінің кезектілігін анықтайды.
Мысалы: сотталушыдан, куәдан, жәбірленушіден қашан жауап алу керек, сонымен
қатар, сотталушыларды қандай кезектілікте сұрау мәселесін де шешеді.
Сонымен қатар, сот сотталушының тағылған айыпқа қатыстылығын ескеріп, оның
көрсетпелерінің өзге жауап алынатын тұлғаларға әсерін, бір дәлелдемені
екіншісімен тексеруді көздейді.
Тәжірибеде жиі кездесетін жағдай, бұл ең алдымен айыпталушыдан жауап
алынып, кейін жәбірленуші, куәлардан жауап алынады. Сот және өзге де сот
талқылауына қатысушылар істің мән-жайына кіріп, сотталушы өзін қорғау
құқығын жүзеге асырады. Егер де сотталушылар саны көп болса, ең алдымен
айыпты мойындаған сотталушыдан жауап алынып, кейін қалғандары сұралынады.
Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес, жәбірленушіден
куәлардан бұрын жауап алынады. Өйткені, жәбірлнуші істің аяқталуына мүдделі
тұлға табылып, өзге куәлардан жауап алынғанда ол сот отырысы залында
отырып, барлық мән-жайды тыңдап, өз ұсыныстарын жасап, өтініштерін келтіре
алады. Куәлардан жауап алу реті олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары
Айыптау және ақтау үкімі
Сот билігі және әділ сот
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Қылмыстық істердің соттылығы
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Қылмыстық процесс
Пәндер