Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Имиджеология ұғымы. Қазақстан Республикасының имиджі.
1.1 Имиджеология және PR технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты мен оның әлем аренасындағы имиджі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
II тарау. Қазақстан Республикасының имджін қалыптастырушы
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастыруда әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2Қазақстан имиджін қалыптастырушы соңғы елеулі өзгерістер ... ... ... .38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46 Сілтемелер көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Тақырыптың өзектілігі. Қандай да мемлекет болмасын азаттық алғаннан кейін, ел басшысының өзекті мәселесінің бірі – ел имиджін қалыптастыру. Егеменді ел имиджі оның басқару принципі, экономикалық жағдаймен қатар, мемлекеттің ішкі саясаты мен демократиялануына байланысты болатыны анық. Билік өкілдері мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы белсенді рөл атқарады. Елдің жағымды қабылдануы жаһандық саяси және экономикалық іс- әрекеттердің нәтижесі. Аталған әрекеттерге реформаларды жатқызуға болмайды. Және де, саяси көшбасшының имиджі саяси әрекеттердегі құбылыс ретінде көрініс тауып, белгілі бір құбылыс ретінде қалыптастырылады. Белгілі бір кезеңде елде болған барлық жетістіктер саяси көшбасшымен тікелей байланысты. Алайда саясатқа қатысы жоқ барлық келеңсіз жайттар мен сәтсіздік әрекеттері де байланыстырылады.
Батыс Еуропа елдері өз имиджін белгілі бір «бренд» аясында танытып та жатыр. Осы мәселеге қарасты «қазекеңнің» есімі «Алтын адам» қорғаны негізінде Әлем аренсында өзіндік орынға ие болғаны да рас. Тарихта өзіндік орны бар Ұлы Абай мен Кенесары хан, Қожа Ахмет Ясcауй мен қара шаңырақ университетімізге есімі берілген әл Фарабилармен бүгінгі таңды ұштастырып, тарихымызды «бренд» ретінде алып, мемлекетімізді шетел сахнасына паш ету мүмкіндігінеде иеміз. Сонымен қатар, ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өндірістік сала, ғылыми-техникалық прогрестің тәжірибесі мен жетістіктердің негізінде «бренд» қалыптастыру да мәселенің бір амалы.
Заман ағымына сай технологияның серпілген кезеңінде ел имиджін қалыптастыруға арнайы жарнама, телебағдарлама, деректі фильмдер арқылы шетелдіктер алдында Елбасымыз ғана емес, ұлтымызда, дінімізде, ділімізде танылуда. Киноматография саласына көңіл аударсақ «Көшпенділер», «Біржан сал» сынды фильмдер халқымыздың мәдениеті мен имиджін қалыптастыруда өз септігін тигізді. Алайда тек мұндай көңіл менен күйді асқақтататын туындылардың қатарына көлеңкені енгізетін «Борат» фильмі де бар. Және «иә мен жоқтың» дауын туғызған «Келін» аталған картинамыз да біреулерді жабырқатса, енді басқаларды қуантып фильм мазмұнының тереңіне үңілтуде.
Республикамыздың ішкі саясатындағы орын алған ахаулар ел имиджін қалыптастыруда кері нұқсан келтіретіні де аян. Әлем назарынан тыс қалмаған Күлекеев, Алиев және Досқалиевтердің ісі осыған айғақ. Дей тұрғанмен, Жақсылық Досқалиевтың «қазақия» тарихында бұрын соңды болмаған дәрігерлік ота жасағаны да белгілі.
Бұқаралық ақпарат құралдары жайында сөз терберсек, телевидение, радио және баспа сөз салаларында еліміздің имиджін қалыптастырушы сан түрлі бағдарламалар жетерлік. Телевидение саласына тоқталар болсақ, «Қазақтың жүз әні», «Айтыс», «Қыз қуу», «Сегіз қырлы», «Алтыбақан» сынды бағдарламалар ұлт имиджін қалыптастырудағы ерен еңбек сіңруде.
1. Имиджеология. Как нравится людям? Часть 1- В.М. Шепель- автор концепции, составитель, научный редактор. М.: Народное образование, 2002.
2. Имиджеология. Как нравится людям? Часть 1.2 – АНТРОПОЛОГИЧЕСКАЯ ОСНОВА ИМИДЖЕОЛОГИИ. Шепель В.М.
3. Даль сөздігінің онлайн нұсқасы.
4. В.М. Шепель. Имиджеология. Как нраваится людям? Часть 1- М. : Народное образование, 20027 16- 25 cтр.
5. Вылегжанин. Д.А. Введение в политическую имиджеологию. 2008. 7- 12 стр.
6. Гульшат Уразалиева, доцент СФ РГГУ. НУЖЕН ЛИ КАЗАХСТАНУ РЕБРЕДИНГ?
7. Қазақпарат агенттігі. 23.04. 2008.
8. Қазақпарат агенттігі. 17.02.2009.
9. Назрбаев. Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана //http// www.akorda .kz
10. Турсунов. С.Т. Диалог Казахстана с ОБСЕ// Приоритет казахстанской дипломатий на рубеже веков. М, 2000.
11. «Мыслящая Россия» М, 2006.
12. Әбсаттаров Р.Б. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы».
13. Назарбаев. Н. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы».
14. Наталья Харитонова «Что делает Казахстан, чтобы стать брендом? Что делают Казахстанские чиновники, чтобы Казахстан всегда оставался торговой маркой?».// http// www .ia- centr. ru /expert/914/
15. Бухаркова О.В. «Имидж лидера», 2007.
16. Бакулев Г. «Массовая коммуникация: западные теории и коммуникации».
17. А. Ю. Панасюк, Формирование имиджа. Стратегия, психотехнологии, психотехники. Издательство : Омега -Л, 2009 г.
18. Токаев К.К. Свет и тень. Астана 2007.
19. Мухамедов М. Б. Формирование оснавных приоритетов внешней политики Казахстана. А.1997.
20. М. Б. Олкот «Второй шанс Центральной Азии». М, 2005.
21. Э. Галумов «Имидж против имиджа». М., 2005.
22. Назарбаев. Н. Еліміздің сыртқы саясаты мемелекетіміздің маңызды бөлігіне айналды, Қазақстанның халықаралық беделін нығайту жолында. Егемен Қазақстан. 1999. желтоқсан.
23. Арыстанбекова А. Әлемге әйгілі. Егемен Қазақстан, 2001. наурыз.
24. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Егемен Қазақстан. 2005. 19.02.
25. Заславская М. Б. «Казахстан в системе международных отношений».
26. Имиджеология . Как нравится людям? Часть 1- В.М. Шепель – автор концепции, составатель, научный редактор. Народное образавание, 2002.
27. Имиджеология. Как нраватся людям? Часть 1.2 – АНТРОПОЛОГИЧЕСКАЯ ОСНОВА ИМИДЖЕОЛОГИИ. Шепель В.М.
28. Даль сөздігінің онлайн нұсқасы.
29. «Настольная энциклопедия PR», Д. Игнатьев, А. Бекетов, Изд. «Альпина Индекс Букс »
30. «Литератураня газета», 08.09.2009жылы. Олег Попцов жариялады.
31. http//www.aphorizm. ru/
32. http//imageofrussia. info/ content/view/204/1/ Образ бизнесмена и имидж страны.
33. Глеб Архангельский «Корпоративный тайм–менеджмент. Энциклопедия решений», Издательство: Альпина Паблишерз, 2010 г.
34. Михаил Умаров, «PR описные истины. Почему не все могут сделать очевидное», Серия: PR – библиотека, Издательство 2009 г.
35. А. Ю. Панасюк, Издательство: Омега – Л, 2009 г
36. Бухаркова О.В, «Имидж лидера»2007 г
37. Валентин Григорьевич Королько, Издательство «Рефл - бук» дата выпуска 2000.
38. ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің ҚазАқпаратқа берген сұхбаты.
Арыстанбекова А. Әлемге әйгілі. Егемен Қазақстан , наурыз 2001.
Сулейменов М. Классическая национальная идея казахов. Алматы. 2004
39. Назарбаев. Н. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»
40. Назарбаев Н. Еліміздің сыртқы саясаты мемлекетіміздің маңызды бөлігіне айналды, Қазақстанның халықаралық беделін нығайту жолында. Егемен Қазақстан желтоқсан, 2009
41. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Егемен Қазақстан . 2005. 19. 02.
42. Назарбаев Н. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін.» Егемен Қазақстан, 2004.20.03.
43. Әбсаттаров Р.Б. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы»
44. Э. Галумов Имидж против имиджа. М, 2005
45. «Мыслящая Россия» М, 2006
46. Д.П. Шишкин, Н. Н. Журавлева «Основные подходы копределинию кульрутной составляющей внешнего имимджа государства».
47.«Қазақпарат» агенттігі
48. Мухамедов М.Б. Формирование основных приоритетов внешней политики Казахстана. А. 1997
49. Токаев К.К. Под стягом независимости. А. 1997
50. Султанов Б.К. СОСТАВЛЕНИЕ ВНЕШНЕЙ ПОЛИТИКИ КАЗАХСТАНА. А. 2005
51. Назарбаев Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана // http//www. Akorda. Kz
52. Турсунов С.Т. Диалог Казахстана с ОБСЕ // Приоритеты казахстанской дипломатии на рубеже веков. М. 2000
53. Токаев К.К. Свет и тень. Астана 2007
54. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. А.1996
55. Внешняя политика РК. А 2006.
56. Ақиқат №1/ 2011
57. Айқын. Желтоқсан, 2010- 2011
58. Алматы ақшамы. Ақпан айы жинағы, 2010

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы

Бітіру жұмысы

Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі

Роль СМИ в повышений имиджа Казахстана.

Role Media in increase image Kazakhstan.

Орындаған 4 курс

студенті ______________ Амантаева М.Е

Ғылыми жетекшісі ______________ ф.ғ.д., доцент Баймолда Д

Норма бақылаушы______________ ф.ғ.к., доцент Шыңғысова Н.Т

Қорғауға жіберілді

21 сәуір 2011 жыл

№26 хаттама__________________ ф.ғ.к., доцент Рожков А.В

Алматы 2011

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I тарау. Имиджеология ұғымы. Қазақстан Республикасының имиджі.

1.1 Имиджеология және PR технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...6

1.2 Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты мен оның әлем аренасындағы имиджі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

II тарау. Қазақстан Республикасының имджін қалыптастырушы

факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастыруда әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

2.2Қазақстан имиджін қалыптастырушы соңғы елеулі өзгерістер ... ... ... .38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46 Сілтемелер көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қандай да мемлекет болмасын азаттық алғаннан кейін, ел басшысының өзекті мәселесінің бірі – ел имиджін қалыптастыру. Егеменді ел имиджі оның басқару принципі, экономикалық жағдаймен қатар, мемлекеттің ішкі саясаты мен демократиялануына байланысты болатыны анық. Билік өкілдері мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы белсенді рөл атқарады. Елдің жағымды қабылдануы жаһандық саяси және экономикалық іс- әрекеттердің нәтижесі. Аталған әрекеттерге реформаларды жатқызуға болмайды. Және де, саяси көшбасшының имиджі саяси әрекеттердегі құбылыс ретінде көрініс тауып, белгілі бір құбылыс ретінде қалыптастырылады. Белгілі бір кезеңде елде болған барлық жетістіктер саяси көшбасшымен тікелей байланысты. Алайда саясатқа қатысы жоқ барлық келеңсіз жайттар мен сәтсіздік әрекеттері де байланыстырылады.

Батыс Еуропа елдері өз имиджін белгілі бір бренд аясында танытып та жатыр. Осы мәселеге қарасты қазекеңнің есімі Алтын адам қорғаны негізінде Әлем аренсында өзіндік орынға ие болғаны да рас. Тарихта өзіндік орны бар Ұлы Абай мен Кенесары хан, Қожа Ахмет Ясcауй мен қара шаңырақ университетімізге есімі берілген әл Фарабилармен бүгінгі таңды ұштастырып, тарихымызды бренд ретінде алып, мемлекетімізді шетел сахнасына паш ету мүмкіндігінеде иеміз. Сонымен қатар, ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өндірістік сала, ғылыми-техникалық прогрестің тәжірибесі мен жетістіктердің негізінде бренд қалыптастыру да мәселенің бір амалы.

Заман ағымына сай технологияның серпілген кезеңінде ел имиджін қалыптастыруға арнайы жарнама, телебағдарлама, деректі фильмдер арқылы шетелдіктер алдында Елбасымыз ғана емес, ұлтымызда, дінімізде, ділімізде танылуда. Киноматография саласына көңіл аударсақ Көшпенділер, Біржан сал сынды фильмдер халқымыздың мәдениеті мен имиджін қалыптастыруда өз септігін тигізді. Алайда тек мұндай көңіл менен күйді асқақтататын туындылардың қатарына көлеңкені енгізетін Борат фильмі де бар. Және иә мен жоқтың дауын туғызған Келін аталған картинамыз да біреулерді жабырқатса, енді басқаларды қуантып фильм мазмұнының тереңіне үңілтуде.

Республикамыздың ішкі саясатындағы орын алған ахаулар ел имиджін қалыптастыруда кері нұқсан келтіретіні де аян. Әлем назарынан тыс қалмаған Күлекеев, Алиев және Досқалиевтердің ісі осыған айғақ. Дей тұрғанмен, Жақсылық Досқалиевтың қазақия тарихында бұрын соңды болмаған дәрігерлік ота жасағаны да белгілі.

Бұқаралық ақпарат құралдары жайында сөз терберсек, телевидение, радио және баспа сөз салаларында еліміздің имиджін қалыптастырушы сан түрлі бағдарламалар жетерлік. Телевидение саласына тоқталар болсақ, Қазақтың жүз әні, Айтыс, Қыз қуу, Сегіз қырлы, Алтыбақан сынды бағдарламалар ұлт имиджін қалыптастырудағы ерен еңбек сіңруде. Радио саласында да жан тербетерлік тақырыптарды қозғап, ел имиджінің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Баспасөз саласына келер болсақ, ұлттық нақышта, символикаларды қамтыған көптеген жорналдарымыз имиджеология саласына шаш етектен кірісуде.

Қазақстан Республикасының азаттық алған жылдардан бергі мемлекеттік рәміздерді нышандау, Конституциясын қабылдау, валюта, яғни теңгені жарыққа шығару, теле және радио желілерін іске қосу, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жетілдіру, БҰҰ-на мүше болу, Қазақстан халықтар Достастығы жөніндегі Ассамблея құру, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу, атом және ядро сынақтарына қарсы тосқауыл беру, күні кеше өткен Ванкувер олимпиадасынан спортшыларымыздың алған жүлделі орындары, одан беріде болған шекара бекімдеу рәсімі, ЕҚЫҰға төрағалық ету, қысқы Азия ойындарының Астанасы атанып қана қоймай, Ақ Азиадада спортшылырымыздың бас жүлденің молын өз қанжығаларына байлауы, кезектен тыс болып өткен президенттік сайлау, Қазақстан халықтар достығының Асамблеясы, мамыр айындағы Экономикалық форум сынды тарихи оқиғалар еліміздің имиджін асқақтата желбіретіп қана қоймай, беделі мен абыройын да дәрежелі еткеніне ешкімніңде ешқандай күмәні келмейді.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының имиджі нақтылы объект ретінде алынып отыр. Бұл мәселені толық зерттеу үшін жалпы имимдж және имидждің ұлттық ерекшеліктері қарастырылады. Батыс имиджі АҚШ- тың насихаттау үлгісі бойынша, ал шығыстың имиджі Жапония бойынша зерттелді. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында пост-кеңестік мемлекет Ресей имиджі Қазақстанға лайықталған түрде қаралып, елімізге сәйкес келетін виртуальды ұсынылып отыр.

Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, тарихи-салыстырмалы талдау, контент-талдау әдістері қолданылды. Имиджеология саласында өз қолтаңбасын қалдырған шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін оқып, салыстыру, сараптау және өзіндік ой қосу негізінде жазылды. Сонымен қатар интернеттегі ақпарат сайттар мен арнайы сайттардан мәліметтер жинастырылып, тиімді қолданылды. Имиджеология саласында жазылған монографиялық еңбектер қарастырылды.

Имидж сөзі біздің тілдік қорымызға енгеніне біраз болды және түрлі ақпарат көздерінде имидж синонимі ретінде насихаттау сөзін пайдаланады. Қалай болғанда да қазіргі заманда жаңа заманға лайық терминдерді пайдалану көптеп кездеседі және оны заңдылық деп атаса да болады.

Қаншама жағымды да жағымсыз жайттар аталғанмен елеміздің де, мемлекетіміздің де атауы тек Назарбаев есімімен ғана танылып келгені де болған тарих.

Адамзат тарихындағы имиджеологияның даму кезеңдері мен бағыттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік имиджінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері; Бораттың еліміздің имиджіне тигізген әсері; қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік имиджінің даму бағыттары, перспективалары мен Қазақстан Республикасының имиджіне кері әсер тигізетін факторларын бітіру жұмысымның алғы шебіне қойдым.

Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты мемлекеттік имиджінің теориясын, методикасын және тәжірибелік маңызын зерттей отырып, еліміздің сыртқы имиджін анықтау және жетілдіру жолдарын қарастыру. Еліміздің тұрақты дамуы үшін имиджеологияның аса зор маңызы бар. Сондықтан да мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Имиджеологияға қатысты теориялық, методологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оның санқырлылығы мен әр саладағы маңыздылығы мен ерекшелігін анықтау.

Бітіру жұмысымның басты арқауы- мемлекеттік саланы басқару формасы, тарихи бастаулар және әлемдегі үздік имидж үлгілерін саралау. Мемлекетіміздің алдына қойған мәселені шешуде ғылыми тәсіл қолдану, Кеңес үкіметі кезеңінде пайда болған қателіктерді жою мен еліміздің шын мәнінде демократиялы екендігін көрсету- бұл мемлекет саясатын тиімді жүзеге асырудың қайнар көзі. Міне, осы мәселелер тақырыпты таңдау мен оның мақсатын қоюға, сондай- ақ негізгі зерттеу тапсырмасын анықтауға негіз болып отыр.



I тарау
Имиджеология ұғымы. Қазақстан Республикасының имиджі.

1.1 Имиджиология және PR технологиялары
Имидж деген ұғымды іскерлік салада 20 ғасырдың 60- жылдарында Болдуинг деген экономист енгізді[1]. Осыдан кейін имидж ұғымы дамып келе жатқан саясатқа бет бұрды.
Ағылшын тілінен аударғанда имидж сөзі- образ, бейне деген мағынаны білдіреді[2]. Шын мәнінде ол адамның немесе әлеуметтік құрылымның табиғи және жасанды тұлғалық қасиеттінің визуалды әсер қалдыру елесі болып табылады. Әсіресе әсер етуі, баға берілуі емес. Әдетте біздің психикамыздың төменгі қабаттарында орналасқан, яғни тікелей емес әсер етеді. Имиджді психологиялық өнәм ретінде қарастырсақ, ол әлеуметтік бағыт болып жұмыс арқарса ол сәндік таңба, құнды стеоротип тектес.
Имидж терминінің семантикасын қарастыру үшін Владимир Дальдың Түсініктеме сөздігіне жүгінсек образ түсінігіне қоса кескін сөзіне мынадай анықтама берілген: бет келбеті, бет әлпеті мен тұрпаты[3].
Ұйымды баға беру мен қабылдауының басты қыры оның әсер еткен көрінісі болып табылады. Ол дегеніміз аталған мемлекеттің имджі, яғни образы. Имидж ұйымның, қоғаммен байланыс мамандарының қалауына тәуелсіз фактор болып табылады. Ол әлеуметтік үрдістер мен құбылыстарға баға бергенде басты рөл атқарады. Атап кеткендей имидж латынның imago сөзінен туындайды. Ал ол imitari сөзімен тығыз байланысты, яғни еліктеу деген мағына береді. Вебстердің түсіндірме сөздігі бойынша имидж деп жасанды еліктеуді немесе белгілі бір обьектінің әсәресе бет-әлпетінің сыртқы түрінің жеткізілуін айтамыз[4]. Ол адамды, тауарды немесе оқу орнын ой арқылы таныстырылуы, бұқаралық санадағы мақсаттылықты бұқаралық ақпаратқұралдары, жарнама, насихат арқылы уағыздайды.
21-ғасыр тәуелсіз еліміздің дүние жүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры. Ол- келешек қоғам иесі жас ұрпақты өсіріп, жетілдіруге тікелей байланысты. Ғасырымыз-дамыған керемет жетістіктерге толы, алаңдататын мәселелері де бар уақыт кезеңі. Білім беру мекемелеріндегі заман ағымына келеңсіз ықпалдармен жаңа талаптарға байланысты психолог мамандарға зәру. Бұлардың имиджін қалыптастыруда, жаңа бағыт, жаңа үлгі, жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық, материалдық- техникалық, идеологиялық, психологиялық өзгерістері ғылымдар жүйесінде жаңа ғылым саласын имиджеологияны тудырады.
Дамыған шет елдерде имиджеология ғылым ретінде біраз уақыттан бері өмір сүруде. Ал Қазақстанда бұл ғылым саласы соңғы жылдары ғана қолға алынды.
Имидж ағылшынның image сөзінен алынған, ал аударғанда бейне, түр, келбет дегенді білдіреді. Имидж туралы айтқанда әр түрлі мамандық иелерінің саясаткерлерден бастап, педагог – психологтарға дейін пайдасы зор екені айтылады.
Имидж - өзіне-өзі әсер етудің күшті құралы. Мұны тек пайдалана білу керек[5]. Имидж қалыптастыру ісі тұлғаны әлемге ерекше етіп таныту, адамға өзгеге өзін танытуға мүмкіндіктер беру. Көрсетілген тұлғалық ерекшеліктердің басқа да ғылым салалары сияқты, психологияда да алатын өзіндік орны бар.
Имидж ұғымы іс жүзінде 80- жылдары эстетикалық сапа ретінде пайда болды. Бұл ұғымның біріншіден маңызы: зат, адам туралы түсінікті бұқаоалық ақпарат құралдары, жарнама арқылы мақсатты түрде қалыптастыру ретінде пайда болады.
Сонымен бірге имидждің мынадай құрамдас бөлімдері бар: бейне, стереотип, пікір, келбет, суреттеу.
Ғалымдардың үлкен бір бөлігі (Я.Б. Перелыгина, В.Б. Бобров, И.А. Васюкова, Н.Т. Бунамович, В.И. Куницына, Б.Н. Бородулин, В.Н. Дружинин ) имиджді бейне ртінде дәлелдеуге тырысты.
Имидж- біреуге жарнама мақсатымен эмоционалдық және психологиялық әсер етуге арналған қандай да бір адамның бейнесі.
Имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен жасалатын әрекеттер, жеке стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет[6].
Жеке адам имиджі дегеніміз- бұл басқа адамдардың ол туралы ойынан туған бейнені айтады.
Имидж- әсерлену, адам туралы ұғымның пікірі, оның даралық стилі, сыртқы түрі, сипаттамасы т.б.
С.И. Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде Имидж дегеніміз- ой, пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген баға, көзқарас, қатынас делінген.
Имидж бұл сезіміңді басқара білу өнері, -деп ғалым Э. Гофман да атап көрсетеді.
Ал Д. Карнешгидің айтуынша: Біздің адамдармен қарым- қатынас жасаудың төрт тәсілі бар. Олар: біз не істейміз, қалай киінеміз, біз не айтамыз және қалай айтамыз. Осының негізінде бізді таниды.
С.И. Ожеговтың айтуынша: Пікір- бұл қандай да бір нәрсеге қатынас, көзқарас және баға беру, талдау деп көрсетіледі.
Имидж қандай да бір адамда нақты қалыптасқан болса, пікір де сондай айқын болуы мүмкін : имидж адамның тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды, сонымен қатар психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерінен және алғашқы әсерден пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл терминдер имидж және пікір мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың айырмашылығын келесіден көруге болады: имидждің сөз тіркесінде қолданылу түрі адам имиджі (саясат, адвокат имиджі) деп қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде адам пікірі деп аталуы керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзітуралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша айтқанда, имидж- бұл сізден, ал пікір- басқалардан[7].
Көпшілік адамдарда имидж – сонда да алтыншы сезім екені рас. Былай алып қарасаң бар сияқты, бір жағынан жоқ сияқты. Мұндай имидж тұқым қуалайтын сапасынан, жағдаынан, қоршаған ортасында стихиялы түрде құрылады. Ол бірте – бірте өзінің иесіне байқаусыз түрде жұмыс істей бастайды.
Имиджеология- әрі теориялық, әрі тәжірибелік, қолданбалы ғылым, имиджеологиямен айналысатын ғылым әлеуметтану, психология, мәдениеттану, этика және т.б. өзге ғылымдармен тығыз байланыста қарастырылады. Имидж саласы мен сипатына, құрамына, кәсібіне, жеке тұлғалық негізімен құрылымына, белгісін қарай бөлінеді. Сонымен бірге имидж функционалдық типіне байланысты : айналық, ағымды, тілекке сай, корпоративтік, көпшілікті деп жіктеледі.
Имидж қалыптастырудағы негізгі бір қағида - имидж қалыптастырушы мәліметтер негізінде алынады деген тұжырымға келуге болады. Тікелей имидж қалыптастырушы мәлімет әрбір жеке тұлғаның өзіне тікелей байланысты алынған мәліметке тәуелді.
Адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста бір уақытта екі деңгейде атқарады:
1. Сананың деңгейінде (хабарды саналфы түрде ұғыну )
2. Санасыздық деңгейінде (мәліметті санасыздықпен меңгеру)
Сонымен, cана- санасыздық, санасыздық- сана.
Имиджеология – имидж қалыптастыру жолын, ғылыми – теориялық, әдіснамалық негізін, технологиясы мен әдістемені зерттейтін ғылым ретінде, болашақ маман, психологты қалыптастыруда айрықша рөл атқарады. Психологиялық имиджеология психологтың имиджін қалыптастырудың негізі.
Қазақстан имиджінің қалыптастырылуы 2007 жылы үлкен өзгерістерге ұшырады. Аталған жылдыің ақпан айында Сыртқы Істер Министрлігінде халықаралық ақпарат Департаменті құрылды. Оның негізгі міндетіеліміздің шетелдегі жақсы имиджін қалыптастыру. Ал мамыр айында Департамент өз жұмысын екі үлкен PR агенттікті жұмылдырған болатын. Соның ішінде Ресейлік Қоғамдық байланыстарды дамытатын Корпорация(ҚБДК) бар. бар. 2007- жылдың тамыз айында өткен Мәжіліс Парламенті сайдауында ҚБДК ақпараттандырумен айналысты. Жаңа органның пайда болуы британ әзілшісі Саша Барон Коэнның 2006 - жылы прокатқа шыққан Борат: Қазақстан мемлекетіне пайдалы Американы мәдени түрде зерттеу атты фильмінің шығуымен тығыз байланысты. Осы фильмнің шығуы еліміздің имиджін қалыптастыруын тәжірибеден іске әкелді. Еліміздің имиджін қалыптастырудың алғашқы қадамдарымыз нәтижелі болды. Мысалы, елімізде 2005- жылы болған президенттік сайлауы шетелдіктер тарапынан көптеген сындарға ұшыраса, 2007- жылы парламент сайлауы керісінше жағымды әсер қалдырғаны соншалықты Ресей мен Қырғызстан мемлекеттерінде үлгі ретінде танылды[7]. Алғашқы жетістіктерден кейін Қазақстна Республикасының Сыртқы істер Министрлігінің Халықаралық ақпараттық департаменті еліміздің брендінің құрылымына белсене кірісті. Алайда Қазақстан имиджінде шешімін таппаған мәселелер шаш етектен, имидж қалыптастыруда бәлендей жетістікке жете қойған жоқ. Еліміздің бірегей образы әлі тиісті деңгейде қалфыптаспады және танылмады. Қазақстан имиджін қалыптастыруда негізгі төрт салаға жіті көңіл бөлген жөн:
1. Қазақстан тарихының имиджі.
2. Мемлекеттік имидж.
3. Еліміздің біртұтас образы.
4. Еліміздің ұлттық нышаны.
Жаһандану көшінде ұлттық мәдениет сияқты ел имиджі екі түрлі ұғымға негізделеді. Алғашқысы, постиндустриалды қоғам тұтынатын құндылықтарды сіңіріп алатын жаһандық мағынасында болса, ендігісі, архитектура мен өнер, тарихи-этнографиялық және мұражай – фольклорлық саласындағы құндылықтар мен тарих қойнауындағы ұлттық мәдениеттің жәдігерлерін қайта жаңғыртатын дербес өзіндік ұлттық мағынасында қолданылады. Ел имиджі осы екі компонеттің көптеген танымдық тәжәрибесі мен мәдениет аралық коммуникация арасындағы үйлесімді бірлесуінен жалпыадамзаттық құндылықтар әлеміне сәйкес келуі туындайды. Ең алдымен, имидж елдің мәдениеті, әсіресе оның саясатының БАҚ арналары арқылы (жарнама мен биресми Интернет-қорларды қоса алғанда) түсіндіріліп, таралуымен, сондай - ақ қонақтар, бизнесмендер мен туристердің мәдени алмасуларымен қалыптасатыны белгілі. Мемлекеттік бренд қалыптастыруда көптеген елдер өз тарихын алға тартады, керісінше Қазақстан тарих арқылы имидж жасауды қолға алмай отыр. Алайда елімізді өте жас мемлекеттер қатарына жатқызуға болады. Себебі, 1991- жылы тәуелсіздік алғандықтан қарқынды даму кезеңінде. Дегенмен еліміз кеше ғана пайда болған жоқ. Өте ежелгі тарихымыз бар. Мемлекеттік нышанымыз Есік қорғанынан (б.д.д V ғасыр) археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған материалдар және Алтын адам негізінде құрылды. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Кенесары хан, әл Фараби секілді беогілі тұлғалар мен қолбасшылар ерекше орынға ие. Осыған қарамастанҚазақстанның көне тарихы мен жаңа кезеңдегі Қазақстан арасында еш байланыс жоқ. Ресейде ұлт пен мемлекеттің пайда болуы Ежелгі Русь княздығы тайпаларынан тарады деген нақты концепция қабылданса, Қазақстанда әзір мұндай концепция жасалмаған. Сондықтан Қазақстанды тек қана жаңа мемлекет немесе көне дәстүрге сүйенген мемлекет реінде анықтау қиындық туғызуда.
Еліміздің образы халықаралық имидждің игерілген саласы. Белгілі бір жарнама, телебағдарлама мен шығарылымдардың арқасында еліміздің, халқымыздың, мәдениетіміздің имиджі қалыптасты. Көшпенділер фильмі образ қалыптастыруда үлкен септігін тигізді. Аталған фильмнің үлкен экранға шығуы елімізді тек қана көшпенді өмір емес, қалалық ел екенімізді көрсетті.
Қазақтың сал-серілік өнері мен әншілік дәстүрін қатар сипаттаған Біржан сал фильмі халқымыздың салтын, мәдениетін шетел көрермендерімен қайта қауыштырды. Қазақтың өнерінің тағдырын бейнелеген бұл картина қазақтың рухын көтерді. Көптен іздегенімізді таптық. Шетел алдында ұлтымыздың мәдениеті, салты мен дәстүрі, ауыл өмірі мен серілік өнер тұтасымен қамтылып паш етілді. Ұлтымыздың үстемі өсіп, шетел тарапынан бәрекелдіге шомылды.
Қазіргі таңда Қазақстанның ең танымал адамы – еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның образының қалыптасуы тарихи имиджбен тығыз байланысты. Қазақстан атауынынң семантикасы бойынша еліміз қазақтар елі деген ұғым қалыптастырады. Сол арада еліміздің рәміздерінде қолданылған кейбір ұлттық нақыштар болмаса, еліміздің ұлттық мінез – құлқы көрінбейді. Ресми ұлттық саясат бойынша титулдық ұлт жоқ, ұлт тұтастығы мен теңдігі алдыңғы орынға шыққан. Бүгінгі таңда бұл саясат тиімді болып табылады. Алайда көпұлттық ел имиджі Қазақстан атауының семантикасына сәйкес келмейді.
Елдік брендингінің және имиджінің сарапшыларының айтуынша мемлекеттер өз имиджін қалыптастыру үшін жарнама мен қоғаммен байланыспен шектелмеу керек. Олар тек қана сырт көзге жасанды және уақытша көзқарас тудырады. Тәуелсіздік алғалы бері қиын кезең артта қалып, мемлекеттің қабырғасы бекіді және өркениетті ел бола бастады. Сондықтан Қазақстан имиджін бұдан әрі жақсы көзқараста дамыту қажеттілігі туындады. Сондай- ақ бұл уақыт аралығында ішкі қиындықтармен күресіп жүргенде Қазақстан туралы жағымсыз стеоротиптер, көзқарастар шығып жатты. Олармен күреспесе, бұл ұғымдар көршілес және шалғайдағы мемлекеттердің санасына сіңіп кетүі мүмкін. Өзге де елдер сияқты Қазақстан өз болашағын үдемелі даму санатына қосылу үшін тұрақты ұлттық бренд қажетсінеді. Оны жүзеге асыру үшін қазірден қамдану абзал. Қазақстан жас және тәуелсіз ұлт, жұмыла көтерілген жүк жеңіл демекші бір жеңнен қол шығара білу керекпіз. Жаңа бренд Қазақстанның өзіндік сапасымен орнын айқындағаны дұрыс. Ол еліміздің мықты әрі дамыған салаларының төңірегінде жасалкы тиіс. Сондай- ақ қазақстандықтардың ең жақсы қабілет-қарымдарын анықтап, қолда бар құндылықтардың негізінде құрылуы шарт. Қазақстанның бренді бүкіл елдің инклюзивті белгісі болуы керек. Оның саяси әртекті болуы маңызды емес. Ол қазақилықтан басталып, ұлттық мұраны сыйлап және оны сақтау керек. Сонымен қатар ол эмоционалды, көзтартарлық өзіне еріксіз назар аударатын бренд болуы керек. Әлемдегі Қазақстанның беделін асқақатата түсуі үшін жағымсыз стеоротиптер мен жалған көріністерден, ескінің қалдықтарынан арылу үрдісі жүруде[8].
Айқындалған және бекітілген құрылымдық жаңа қағидалар жасалмаса Қазақстанның имиджін шығару бос әурешілік. Ұлттық біртұтастықты басқаратын жауапты орган жоқ. Нәтижесінде бірлескен хабарлама, қабылданған стратегия және баға беру жүйесі жоқ. Сондықтанбірінші кезекте Қазақстанның имиджіне жауаптыф орган құру қажет. Бұл істі жүзеге асыруда әлемдік бизнес, өнер, дипломатия, мәдениетті жақсы меңгерген топты жұмылдырылған дұрыс. Мүмкіндігінше еліміздің ұлттық брендін қалыптастыруда стратегиялық тапсырмалар мен мақсат-мүдделерді жүзеге асырушы зиялы қауым өкілдері Президент төрағалығымен келісе отырып жұмыс істегені дұрыс. Мұндай қызмет түрі билікке тәуекел болмағаны дұрыс, әйтпесе саяси мақсаттарды жүзеге асырудағы шоқпарға айналуы мүмкін.
Америкалықтардың көпшілігі Қазақстанды біле бермейді. Тарихи оқулықтар мен мектептерде Қазақстан туралы ауқымды ақпарат жоқ деп айтуға болады. Батым адамдары үшін бір халықтың өз ішінен руға бөлінуінің өзі түсініксіз жағдай. Сондықтан, біз, қазақтар –біртұтас халық ретінде мақтанғанымыз жөн.
Қоғамдық көзқарасты зерттейтін көптеген тәуелсіз зерттеу орталықтарының басылымдардың және интернет желісіндегі әлеуметтік мониторингілері нәтижесінде мына үрдістреді байқауға болады:
Мемлекеттің образы мемлекет басқарушы билік органдарымен және билік пен халық арасындағы байланыс нәтижесінде орнайды. Биліктің образы және билікке қатысты жеке тұлғаның образдары бірге қарастырылады.
Қазақстандықтар арасында қазіргі саяси бағдар жайында нақты түсінік жоқ. Тек еліміздің азаматтарының төрттен бір бөлігі елімізді демоккратиялық ел деп санайды. Биліктің ауысуын әділетті деп есептейтін азаматтарымыз күннен –күнге азаюда. Қорытындылай келсек жергілікті халықтың көбі билікгідемократиялық механизмдердің жұрыс жұмыс істеуіне күдіктенеді. Бұл көбіне сайлау науқаны кезінде өтетін лас технологиялардың пайдалануына және әкімшілік қорлардың пайдалануына байланысты. Бұлардың барлығы сайлауға және оның нәтижелеріне күмән келтіреді. Сайлауға қатысты омы ектес салғырттық әрекеттер еліміздің саяси имиджіне орын толмас шығын әкеледі.
Азаматтардың қарулы күштерге көзқарасы еліміздің ішкі имиджінің негізгі мінездемесі. Бұл фактор еліміз үшін өте маңызды. Жаңа қарулы күштерді қалыптастырудағы нақты стратегияның болмауы. Срнымен қоса әскери жүйедегі тұрақсыздық, жастардың әскерге деген теріс көзқарас та өз септігін тигізеді. Толығымен айтқанда еліміздің Қарулы Күштерінің имиджі әлі дұрыс қалыптаспады.
Мемлекеттің имиджінің негізгі аспектісі ретінде жергілікті халықтың экономикалық статусты қабылдауына байланысты. Халықтың жартысы еліміздің экономикасын төмен деп есептейді. Осы саладағы болашақ дамуды халық күдікпен күтуде. Алайда еліміздің жағымды имиджін қалыптастырудағы экономикалық қорларымызбар, ең бастысы осы қорларды дұрыс игеруді үйренуіміз керек.
Келесі имидждік көрсеткіш- еліміздің шет елдермен қарым-қатынасы. Бізге Батыс өркениеті өте маңызды, себебі саяси және экономикалық шектеуден шығудың бірден – бір жолы. Қазақстандықтардың үштен бір бөлігі басшылықтың Батыс елдерімен қарым-қатынас орнату стратегиясын түсіне бермейді. Билік имиджмейкерлері бұл мәселелерін түбегейлі өзгертуі тиіс. Әйтпесе мұндай жақын байланыс қауіп төндіреді.
Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары имидж қалыртастырудағы басты құралға айналған. Мемлекет пен биліктің бастыамалары жоғарыдағы ресурстар арқылы жүзеге асады. Еліміздегі биліктің бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жүргізіп отырған саясатын түсіну мүмкін емес. Жергілікті халықтың төрттен бір бөлігі Қазақстанда сөз бостандығы жоқ деп есептейді. Ал халықтың басым бөлігі бұл пікірмен келіспейді, яғни қоғамдық- саяси іс – әрекеттер халыққа белгілі. Белгілі әлемдік тәжірибелерге сүйенетін болсақ БАҚ пен билік арасындағы қарым- қатынасты орнату үшін ұзақ мерзімді стратегия жасау мүмкін емес. Жағымды имидж қалыптастырудағы ғылыми бағдарламаны жүзеге асыруда қоғамның болашаққа сеніммен қарауы маңызды рөл атқарады. Имидж қалыптастыру механизмдерінің бірі коммуникация. Коммуникация ұғымына әлеуметтік байланыстардың мінсіз құлым аспектілері кіреді[14].
Зерттеушілердің пайымдауынша коммуникацияның негізгі бағыты адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы байланысты орнату. Осы байланыс нәтижесінде мемлекет, билік, көшбасшылар туралы ақпараттар таратылады. Оның мақсаты образ қалыптастыратын белгілі сезімдер, құндылықтар, баға беру жүйесін құру. Осы туралы Лисовский Осыған жету үшін субъект және коммуникация объектісі арасындағы тығыз байланыс орнату керек деп айтқан болатын[14]. Қазіргі кезде коммунмкация қоғамның, әр түрлі әлеуметтік топтардың, индивидтердің өмірінің барлық саласын қамтиды.Имдждік коммуникация жарнамалық коммуникацияларға қарағанда жанама қабылдаудан тұрады. Имидждік коммуникациялар саяси режимге қатысты өлшенеді.
Имидждік коммуникацияның объектісі деп имидждік табиғаты бар мәтінді қабылдайтын мақсатты аудитория немесе жеке тұлға. Қабылдаушысыз хабарлама, яғни коммуникация болмайды. Қоғамның индустриялануына, урбанизациялануына және модеонизацияға қатысты бұқаралық аудиторийға БАҚ арқылы әсер етушілік байқалады.[15] Қысқаша айтсақ, елдің имиджі үлкен тұрақты әлеуметтік топтың сенімін ақтау керек. Сол кезде ғана ол тұрақты және жағымды болады. Осы себеппен халықтың психологиялық кеңістігінде мониторингтер жиі жүргізілуі тиіс.
Медия мамандардың айтуы бойынша бренд дегеніміз қабылдауға бағытталған психологиялық ұғым. Іс жүзінде бренд имиджі қалыптасқан сатылым маркасы. Оған тек қана беогілі бір мінездемелердің қатары ғана емес, сонымен қоса марка түсінігін және оның артықшылықтарына қатысты ұғым.
Қазақстанның бірінші бренді ретіәнде имиджі өте жағымды еліміздің Президентін айта аламыз. Екінші орында Борат тұр... Ал еліміздің геосаяси және геоэкономикалық субъект ретінде қарастырсақ, еліміздің бренді әлі қалыптаспаған сатылым маркасы деп атауға болады. Сатылым маркасы деңгейінен брендке дейін ауысуы үшін жағымды имидж қалыптастыратын стратегия керек.
Қазақстан Республикасының сауда маркасынан бренд қатарына көшудің жолында бірінші кезекте елдің жағымды имиджінің қалыптасуы керек. Мәскеу қаласында өткен қазіргі кездегі Қазақстанның имиджі тақырыбына арналған конференцияда көптеген қызықты идеялар көтеріліп, оны іске асырудағы механизмдер қарастырылды. Сонымен қатар, еліміздің бірден бір бренді қатарында сыбайлас жемқорлық орын алады. Мысалы, Кулекеевпен болған шатақты айтуға болады. Онымен қоса Рахат Алиевке, десаулық министірі Жақсылық Досқалиевқа және тб қатысты қозғалған дүрлікті сот процестерін атап айтуға болады. Егер шенеуніктермен осы тектес болған оқиғалар ел ішінде тәрбиелік мәне болса, шетелде аталған жағдайлар керісінше реакцияға әкеледі. Осы тектес оқиғалар еліміздің халықаралық имиджіне кері әсер етіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне күмән келтіреді.
Жағымды брендтердің қатарына Каспийдің мұнйы, Байқоңырды, Медеуді, Шымбұлақты жатқызуға болады. Жалпы мұнай экспорты елімізге жағымсыз әсер қалдырады. Себебі ол экономикамыздың шикізаттық қырын, мұнай нарығына тәуелділігін көрсетеді. Қазақстан берндінің негізі ретінде оның құрамдас бөлшектері аталады. Осы бөлгектердің ақпараттық нарықтағы танымалдылығы еліміздің имиджіне және нарық секторына жағымды әсер етеді. Ең бастысы аталған бөлгектердің белгілі бір бағыттаушы аудиторияға әсер етеді. Бұл брендтің дамуының бірден бір жолы.
Бірінші басымдылық-шикізат секторына қатысы жюоқ сауда маркаларын жасау және оны насихаттау. Әсіресе машина жасау, электроника, жоғарытехнологиялық және ғылымды қажет ететін өндіріс салалларын дамыту керек. Елімізде Орталық Азияның Селикон алалқабын жасау идеясы өте жағымды. Сонымен қоса осы идея іске асуда.(Alatau IT City) . Алайда осы жерде үлкен проблема жатыр. Ол дегеніміз Үндістан мен Қытайдада дамымаған өнім секторын дамыту. Осы тектес әрекеттер өте қиынға соғады.
Екінші басымдылық- Қазақстанның атомдық конверсиясының негізінде бейбіт атомды дамытуға қатысты жобаларды іске асыру керек. Елімізде осы тектес жобалар Ресеймен бірге іске асады. Себебі екі ел арасында өз технологияларының нәтижесінде халықаралық нарыққа уран өнімдерін өңдейтін жоспар бар.
Үшінші басымдылық- Астана. Жаңа тәуелсіз елдің астанасы болашақтың қаласы атанған жаңа астана гүлденіп қалыптасуы керек. Астана өзінің әсемдігімен бүкіл Қазақстанның алыптылығын, экономикалық мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған. Қаланың басшыларының өзгеруі Президент жобасының өзектілігін көрсетуде.
Төртінші басымдылық- спорттың дамуы. Еліміздің дәстүрлі спотр саласы бокс және күрестің түрлері. Мысалы тау шаңғының дамуына толық мүмкіндіктер бар . Сонымен қатар гольф, елбасымыздың сүйікті спорт түрі. Спорт саласына құйылған қаржы салымдары елдік имиджді жаңа сатыға көтереді. Алматы мен Астанада өткен Азиада – 2011 жобасы еліміздің имиджін көтерген ұйытқы болуда(Қазақстан Азия спортының астанасы). Бір сөзбен айтқанда қазақстандық спортшылар спорттың көптегн түрлеріне жүлделі орындар алуда. Атап кетсек Астана командасы әлемдегі мықтылар қатарында. Алайда осы команданың болуы шенеуніктер аппаратының арқасында.
Бесінші басымдылық- туризм және экотуризм дамуы. Көбіне көшпнді халықтардың мәдениетін ортастатистикалық Еуропа азаматы сансыз түрде жағымсыз қабылдайды. Алайда басқа да көптеген туристтерді қызықтыратын жолдары бар. Еліміздің керемет табиғаты, көркем пейзаждар, әдемі көлдер, кең дала, дәстүрлі тағамдар және тб. Инфрақұрылымдардың салынуы және осыған сәйкес образдапрдың жарнамалауы туристтер санын анағұолдым көбейтеді. Дәстүрлі тағамдарға тоқталсақ Қазақстанда экологиялық таза, холестерині жоқ жылқы етін шетелге шығаратын жалғыз ел. Өз денсаулығын ойлайтын дамыған елдер тұрғындарына бұдан басқа жарнаманың керегі жоқ.
Алтыншы басымдылық – арнайы ойын аймақтарын жасау. Бұл әрекет жасалғанымен толыққанды іске қойылған жоқ. Осы тектес әрекеттер туристік аймақтардың пайда болуына өз спептігін тигізеді.
Жетінші басымдылық - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Жемқорлықпен тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде әрекеттер жасалғаны дұрыс. Ал осыған тиімді басқару реформа жүргізілген кезде ғана жетеміз .
Сегізінші басымдылық – білім бағдарламалары. Президенттің халықаралық Болашақ бағдарламасы жағымды елдің образын жасайтын асау құрал. Аталған бағдарламаның кеңеюі және елдік кадрлық қордың ұлғаюы, жаңа бағдарламаның пайда болуы елімізді әлемдік қауымдастықта танытатын тегін жарнама.
Тоғызыншы басымдылық – СВМДА және басқа ұйымдар төңірегіндегі ынтымақтастықтың ұлғаюы және тереңдеуі. Қазақстан бүкіл Орта Азия аймағының бейбітшіл, келссөздер жүргізуші, мәмлегер және бейбітшілік үшін күресуші образын дамыту керек.
Оныншы басымдылық – ЕҚЫҰ- дағы төрағашылық.Еліміздің төраға болуына шетелдік ұйымда қандайда баға беруі біздің болашақтағы бағыт- бағдарымызды анықтайды. Алайда төраға болғанымыздың өзі еліміздің шетелдегі бедел – даңқымызды көрсетеді. Ол Қазақстанға Еуропа терезесін ашқанымен, еліміздің элитасының әлемдік деңгейде болуына көптеген кедергілер жатыр. Атап кетсек, ел ішіндегі демократиялық үрдістердің дамымауы. Қалай десек те,еліміздің ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі үлкен бедел.
Осы он басымдылықты іске асырған жағдайда ғана еліміз брендке айналады және ибізді дамыған Еуропа елдрімен бір сатыға қояды. Іс жүзінде аталған тізімдіжаклғастфыра беруге болады. Қазақстандық креативщиктердіңкөптеген идеялары бар, бірақ олардың барлығы іске асу механизімінің нашар жұмыс істеу нәтижесінде кертартпалануда. Елдің имиджін дамытуда мамандалған бір топ адамдар жұмыла жұмыс істеуі керек. Ол дегеніміз Мәжіліс, Сыртқы Істер Министрлігі, Ақпарат Министрлігі бірігіп жұмылып жымыс істегенде ғана Қазақстан Республикасының имиджі бренд болып қалыптасып, бір сатыға көтеріледі.
PR- саналы түрде коммуникацияны ұйымдастыру және менеджменттің бір саласы. Ол өзара түсінушілікпен ұйымдар мен оның аудиториялары арасындағы екіжақты коммуниация арқылы жемісті дәрежеге жету[16].
Герберт Маршал Маклюэн - 20 ғасырдың 50- жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат қоғамына тигізетін әсерінің салдарынан зерртеуге алғфашқылардың бірі болып кіріскен ғалым. Содан бері Торонтодан шыққан Пайғамбар- электрондық дәуірдің ізашары, жарщысы деп есептелінеді.[17]
М. Маклюэн әлеуметтік – мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Мәселенің бәрі ақпарат құралдарында!-бұл М.Маклюэннің Квентин Фьоремен қосыла жазған осы аттас еңбегінде айтылған тағы бір негізгі тезисі. Сол арқылы ғалым сол қоғамда басымдық танытатын коммуникация типімен анықталады, ал адамның қабылдау, аңғаруы –тасымалданушы ақпараттың жеткізілу жылдамдығымен анықталады дейді. Ол ол ма, коммуникация түрі тек қана сезіммен қабылдауды ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік құрылым түрін де анықтайтын болып шықты. Адамзат тарихы, түптеп келгенде, бір коммуникация құралдарын екіншілерінің жалмау тарихы.[17]
PR- коммуникацияларын зерттеуде адамдар мен қоғамның байланысын әлеуметтік қатынасу проблемаларын заңи тұрғыдағы қарастыру басты проблемалардың бірі болып табылады.[18]
Осы бағыттағы танымдық алға басушылық тек қана әлеуметтік актілердің әлеуметтік шынайылықты қалыптастырудағы іс- әрекеті емес, сонымен қоса адамдағы тәжірибелік білімінің жетіспеушілігі.
Осы жағдайда PR-дың модификациялық мүмкіндіктерінің негізгі механизм ретінде ұлғаюы еліміздегі қоғамда өзекті. PR- дың дамуымен бірге қоғамның адамға PR коммуникациялары арқылы әсер етуі жайында сұрақтар туындайды. Ол дегеніміз, қаншалықты адамның ішкі дүниесі, жаңа жағдайларға бейімділу және жаңа басымдылықтарды қабылдау қабілеттепіне әсер етуі.
Коммуникативті үрдістердің сапасын әлеуметтік баспасөз ұғымы айқындайды. Аталған концепция бойынша оның әлеуметтілігі журналистика мен қоғам арасындағы таусылмайтын әлеуметтік үрдіспен тығыз байланысты. Қоғам баспасөзге, баспасөз қоғамға әсер етеді.
Баспасөздің әлеуметтілігі оның қоғаммен, билікпен, журналист пен социумның, журналист пен аудиторияның, мамандық пен шығармашылық арасындағы қарым- қатынасында көрініс табады.[18] Ол дегеніміз қоғамдық тіршілік пен таным арасында байланыс байқалады. Баспасөз шынайылықтың нақты және жалған модельдерін қалыптастырып, олар әлеуметтік өмірлік жағдайларға жақын немесе бейтаныс болуы мүмкін. Баспасөздің осы қырларын қарастырсақ, ондағы әлеуметтік баспасөз мінездемесінің сапасының жоғарылығын көрсетеді. Мысалы, бір идеялардың, нышандардың, құндылықтардың орнына жаңа концепциялар қалыптасады.

1.2 Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты мен оның әлем аренасындаығ имиджі.

Әлемде өте кең бренд рыногынан біздің елімізде орын алатына мәлім. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының әлеуметтік-саяси зерттеу бөлімінің меіңгерушісі Антон Морозов өткен жылы Алматыда болып өткен Қазақстанның бедел- бейнесін қалыптастырудағы шетел БАҚ-тарының рөлі атты халықаралық конференциясында айтып берген: Кез-келген мемлекеттің брэндингтік міндеті, сол елдегі оң істерге байланысты, оның мүмкіндіктері, әлемдік және аймақтық үрдістердегі рөлі, өндіретін өнімдері және сол елдің азаматтары туралы, бір сөзбен айтқанда жалпы мемлекет туралы жақсы пікір қалыптастыру болып табылады. Көп жағдайда, ел туралы ақпараттар тарату брэндингтің басымдық берілген міндеттері саналады, әсіресе, аса танымал емес шағын елдерге қатысты, - деген болатын.[9]

Сондай- ақ брендтік саясатты сауатты бағытта жүргізу арқылы елдің бедел-бейнесін дұрыс қалыптастыруға, қоғамдық санаға қалыптасып қалған кереғар пікірлерді ыдыратып, орнына оң көзқарас қалыптаструға болады. Әр ұлттың тек өзіне ғана тән ерекшелігі, сол елдің ұльттық брендісінің базасы саналады. Айталық, материалдық емес ұғымдар мақсат- мұрат, құндылықтар, сипаттық ерекшеліктер, мәдениет пен дәстүр және образдар, материалдық саналатын жағрафиялық нысандар, тауарлар, ұлттық ақша, жекелеген тұлғалар- барлығы да брендтің ұлттық сәйкестігінің түпқазығы. Мұның барлығының жиынтығы, мемелекет туралы қандай да бір ұғым қалыптастырады. Сондай- ақ , ұлттың өзіндік ерекшелігі елдің экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Біздер Германияның автокөліктерін, Жапонияның техникасын, Швейцарияның сағатын сатып алу үшін көп қаржы жұмсаймыз. Fortunes 500 companies журналынан тізімге алынған 200- ден астам табысы мол коммерциялық компанияларға зерттеу жүргізгенде, қарапайым сатып алушылардың 72% сатып алуға шешім қабылдауға ұлттық беделдің маңызы зор деп білген[10]. Осыған байланысты болса керек, көптеген ұлттық компаниялар өздерінің ұлттық болмысын білдіретін ұлттық бейнелерін қолдап отырады.

Қазақстанның бедел- бейнесін қалыптастыру және оны таныстыру жөніндегі жүргізілген жұмыстарды бағалай отырып, бірқатар кемшіліктер байқалады. Біріншіден, бұл мәселе елімізде өте кеш қолға алынған. Кеңестің саяси құрылымы өзінің қызмет жасауы үшін, өте күшті идеологиялық жүйе қалыптастырған еді. Қазір аталған жүйе жұмыс істемейді, ал, қазіргі жағдайда оның орнын алмастыра алатын тиімді идеология жүйесі елімізде әлі күнге дейін жасалмаған. Соның салдарынан, Қазақстанда болып жатқан үрдістерді ақпараттандыру жұмысы лайықты деңгейде атқарылып жатқан жоқ. Кеңестік идеологтяның қызметін атқару отандық және шетелдік баспасөздердің міндетіне көшті. Соның салдарынан Қазақстанның бедел –бейнесін шетелдіктердің басым көпшілігі бұқаралық ақпарат құралдарының кереғарлық пікірдегі айтуымен ғана таниды. Қазақстан туралы бұрмаланған пікірлердің пайда болуына шынайы ақпараттардың жетіспеушілігі, болмаса олардың мүлдем болмауы себеп, ақпараттың жетіспеушілігінің салдары сөз жоқ, ойдан құрастырылған немесе арнайы ұйымдастырылған жалған мәліметтердің сананы торлап алуы әбден мүмкін. Екішіден, шет елдерде Қазақстанның дұрыс үлгісін жасау жөніндегі сыртқы саяси насихаттау жұмыстарындағы имидждік әрекеттегі бірегей және нақты бағдарламаның әлі күнге жоқ екендігін көрсетеді. Ұлттық брендинг саласындағы бірыңғай бастамалық бағдарлама Қазақстанда бүгінгі күнге дейін қолғаа лынбаған. Шындыққа жанаса қоймайтын, жекелеген шаралардың өткізілуі күткендегідей нәтиже беріп отырған жоқ. Еліміздің имиджін қалыптастыру міндеті ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүктелгендіктен, онда арнайы департамент құрылды. Бұл, әрине жақсы, бірақ елдің имиджін қалыртастыру тек мемлекеттік органдардың, министрліктердің, инвистиция тарту жөніндегі агенттіктің ғана міндеті емес, бұған мемлекеттік емес институттар, кәсіпкерлер, салалық қауымдастықтар, тіпті, қоғамдық рөлдегі дипломаттар да атсалысулары қажет. Бүгінде халықаралық ұйым деіңгейіне дейін көтерілген, жекелеген елдердің атағы кең тараған ұйымдыр аз емес. Олар:Маршалл орталығы, Британ кеңесі, Гете атындағы халықаралық институт, Француз альянсы, Жапония қоры, шет елдеомен достық халық қауымдастығы және басқалар. [10] Ал Қазақстанда брендингтік жүйе қалыптаса қойған жоқ. Үшіншіден, мәселенің мазмұндық жағы. Қазақстан халықаралық қауымдастыққаөзін таныстыруды тұрмыстық өмірін насихаттаудан бастады:жаңа технологиялардың орнына салқар дала, киіз үйлер, ұлттық киім-кешек, жылқы және т.б. көрсетілді. Елдік брендингте аталмыш бағыт сөз жоқ, керекте шығар, өйткені Қазақстанның ұлттық және мәдени ерекшеліктері ашылады. Дегенмен, бұл бағыт басымдық бола алмайды. Елдік брендингті қалыптастыру үшін, мемлекеттің қазіргі заманғы өзіндік ерекшеліктерінің алар орнының маңызы зор. Қазақстна халықаралық қауымдастықтың алдында тек, өзінің мәдени болмысымен ғана ерекшеленіп қоймай, сонымен қатар, экономика, ғылым және басқа салалардағы жетістіктерімен де көрінуі тиіс. Айтылған кемшіліктердің салдарынан, Қазақстанның бүгінгі таңдағы имиджі өмір шындығына сәйкес емес, ал енді, мәселені осы қырынан талдар болсақ, елімізге инвестиция және туристер тартуда да, халықтың отансүйгіштік қасиетін көтеруде де, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын арттыруда да әлемдік деңгейдегі биіктерденкөріне алмай келеді. Төртіншіден, әзірге Қазақстанның жеке өз қорында ірі коммерциялық бренд жоқ, отандық компаниялар мүмкіндіктердітолық игере алмай отыр, тауар және қызмет түрлерінің халықаралық рыногына шыққан жоқ. Бесіншіден, Қазақстанда туристік фирмалар саны көп бола тұра, ішкі туризм нашар дамыған, басқаша айтқанда, жан- жақты дамыған әлемдік туризм алдында еліміздегі туристік фирмалар өзін-өзі көрсете алмауда. Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, Қазақстанның елдік брендингін дамыту, осы саладағы қалыптасып отырған көптеген кемшіліктерді шешу мемлекеттің де, қоғамның алдында да тұрған өтеір мәселе. Оны шешу үшін, шетелдік ақпараттық кеңістікті ықпалдастыру қажет. Сонымен қатар, БАҚ –да жарияланған мақалаларды сараптау негізінде туындаған мемлекеттік билік органдарының атқарып отырған қызметіне қоғамдық көзқарастың туындауын қалыптастыру керек. Іскерлік және әріптестік байланысты қолдау негізінде БАҚ-тармен (ресейлік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстан Республикасының имиджі
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік
Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Имидж және ұйым имиджі
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Имидж түсінігі
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
Пәндер