Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ 5

1. 1 Қылмыстардың көптігінің түсінігі 5

1. 2 Қылмыстардың көптігі және жеке қылмыстардың ара қатынасы 9

2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ НЫСАНДАРЫ 15

2. 1 Қылмыстарды бірнеше рет жасау 15

2. 2 Қылмыстардың жиынтығы 20

2. 3 Қылмыстардың қайталануы 31

ҚОРЫТЫНДЫ 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыс қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігінің мәселелеріне арналған.

1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциясының дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылды. Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды» [1] . Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс-жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап - талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтқан мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс - қимылды талап етеді.

Қазақ КСР-нің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орнын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16 - жұлдызында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1 - жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев “Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жеке мән берілсін және заңға қарама қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын”, - деп атап өтті [2, 3] . Сол себептен, қазіргі кезеңде негізінен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр жүйесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударылуда. Осыған сәйкес, қылмыстық құқықтық шаралар өздерінің алдына қойған мақсаттарын заң қорғау органдарының қатаң заңға сәйкес қызмет әрекеттері арқылы жүзеге асырулары керек. Қазіргі кездегі қылмыстық заңды тереңірек білу үшін, қылмыстардың көптігі барысында дұрыс саралауды жүзеге асыту үшін қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстардың қайталануын дұрыс зерделеу қажет.

1998 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көптік қылмыстар 11, 12, 13 баптардың нормаларында көрініс тапқан [3] .

Қылмыстық құқық ғылымында көптік қылмыстарға қатысты бірқатар еңбектердің болуына қарамастан, сот-тергеу тәжірибесі заң нормаларына терең және толық көлемдегі түсінікті талап етеді.

Осыған орай, қылмыстардың көптігі мәселесін теориялық тұрғыдан зерттеу, жеке күрделі қылмыстардан, қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігінен ажырату қазіргі таңда өзекті деп айта аламыз.

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - қылмыстардың көптігімен байланысты мәселелерді жан-жақты кешенді түрде зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін және оны сипаттайтын белгілерді анықтау;
  • қылмыстардың көптігінің нысандарын талдау және негіздеу;
  • қылмыстардың көптігінің нысандарының ара қатынасын зерттеу.

Зерттеу объектісі - қылмыстардың көптігі қарастырылған қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеу пәні - қылмыстардың көптігінің нысандары көрсетілген қылмыстық заңның нақты нормалары болып табылады.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін ғылыми танымның жалпы, арнайы, жеке әдістері қолданылды. Оның ішінде, талдау, индукция, дедукция, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдіс, құқықты талдаудың формальды-қисындық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс және т. б. пайдаланылды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін жүйелі түрде талдауға ұмтылыс жасалынған.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, бес бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ

  1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі

Бiр ғана тұлғаның бiрнеше рет қылмысқа баруы - қоғам үшiн аса қауiптi болып табылады. Бiрiншiден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетiн зиян объективтi түрде анағүрлым арта түседi. Екiншiден, бiр тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектiлерге қиянат келтiретiн болса, зиян келетiн қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуi мүмкiн. Бір тұлғаның бiр ғана емес, бiрнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердiң бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейдi. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғүрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етедi.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық іс - қимылдарды жасауы қылмысты дұрыс саралаумен, кінәлінің жауаптылығын дараландырумен, сондай - ақ жеке күрделі қылмыстарды қылмыстардың көптігінен ажырату қажеттілігімен байланысты ерекше жағдайларды туындатады.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескiру мерзiмi өтпеген немесе соттылығы жойылмаған, не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екi не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазiргi қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінiң төмендегiдей түрлерi айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігінiң өзіне тән белгiсi бiр тұлғаның кемiнде екi қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамының белгiлерi бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бiр әрекет) жасауы. Ал әкiмшiлiк құқық бұзушылық, азаматтық-құқықтық тәртiп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiнде қарастырылған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстың көптігіне жатпайды.

Қылмыстық жауаптылықтың ескiру мерзiмi өтiп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бiрнеше рет жасалуына қатысты ҚК-тiң 11-бабының 3-бөлiгiнде айтылған.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкiнуiне (ҚК-тiң 65-бабы), қажеттi қорғанудың шегiнен асуына (ҚК-тiң 66-бабы), жәбiрленушiмен татуласуына (ҚК-тiң 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актiсi негiзiнде (ҚК-тiң 76-бабының 2-бөлiгi) немесе ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде көрсетiлген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетiн ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиiстiлiгi.

Қылмыстардың көптігінің ұғымы қылмыстық құқық теориясымен қарастырылған да, қылмыстық заңнамада берілмеген.

А. М. Яковлевтің пікірі бойынша, «қылмыстық іс-қимылдардың көптігінің ұғымы қылмыстарды қайталау, қылмыстардың рецидиві және жиынтығы түсініктерінен нақты көрініс табады» [4, 5 б. ] . Г. Г. Криволапов қылмыстардың көптігінің ұғымын, оның белгілерін көрсету арқылы, яғни, «қылмыстардың көптігі әрқайсысы дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық жазаланатын іс-қимылдарды жасауы» деп берген [5, 6 б. ] . В. И. Ткаченко көптік қылмыстар ретінде, алдыңғы сотталғандығына қарамастан, адамның сот үкімі арқылы белгіленген, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын түсінеді [6, 285 б. ] . Берілген анықтамалар қарастырылатын ұғымға тән басты белгі - бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын ғана көрсетеді. Бұл белгі қылмыстардың көптігінің барлық жағдайларына ортақ болып табылады. Ю. А. Красиков көптік қылмыстарды «кінәлі адамның кезектілікпен орындаған бір немесе бірнеше іс-қимылдар арқылы бірнеше қылмыс құрамдарын жасауы», - деп анықтаған [7, 6 б. ] . Е. А. Фролов және Р. Р. Галиакбаров бойынша, «қылмыстардың көптігі - қылмыстық заңмен қарастырылған бір адамның мінез-құлқындағы бірнеше құқық бұзушылықтардың үйлесуі» [8, 8 б. ] . И. М. Гальперин «қылмыстардың көптігі - кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейінгі әртүрлі қылмыс құрамдарының белгілері бар, бірнеше қылмыстық іс-қимылдарды, немесе өзара ішкі байланыста емес, бір қылмыс құрамының белгілерін құрайтын бірнеше қылмыстық іс-қимылдарды, немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғаннан кейін кез келген басқа қылмысты жасауы» [9, 249 б. ] .

Қылмыстардың көптігін жоққа шығаратын кейбір белгілер Б. А. Куриновтың анықтамасында көрініс тапқан, яғни, қылмыстардың көптігі - адамның соттылық жойылмаған және қылмыстық қудалаудың мерзімдері өтпеген, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын қамтиды [10, 159 б. ] .

В. П. Малков қылмыстардың көптігінің кең анықтамасын береді: «Қылмыстардың көптігіне - егер де жасалынған қылмыстардың кемінде екеуі үшін қылмыстық-құқықтық нәтижелер жойылмаған және қылмыстық істі қозғау үшін процессуалдық кедергілер жоқ жағдайларда адамның бір мезгілде немесе кезектілікпен қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін, немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғаннан кейін, қайта қылмыс жасауын жатқызамыз» [11, 12 б. ] .

Қылмыстардың көптігін келесі белгілермен сипаттауға болады.

- бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы. Егер де, кінәлімен жасалынған екі іс-қимылдың біреуі қылмыстық іс-қимылдың белгілері жоқ құқықбұзушылық, яғни әкімшілік немесе тәртіптік қылық, маңызы шамалы іс-әрекет болса қылмыстардың көптігі болмайды.

- қылмыстардың көптігі әрқайсысы, дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, қылмыстық іс-қимылдардан тұрады. Қылмыстық іс-қимылдың дербестігі оның объективтік және субъективтік белгілерінің бірлігімен анықталынады. Бұл дегеніміз - жеке алынған әрбір іс-қимылда белгілі бір қылмыс құрамының болуын бідіреді. Бұл қылмыстардың құрамдары өзінің юридикалық белгілері бойынша бір-біріне сәйкес келсе де, объективтік немесе субъективтік қасиеттеріне байланысты бір-бірінен ажыратылады. Қылмыстардың көптігі аяқталған қылмыстар арқылы да, сондай-ақ қылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу арқылы да түзіледі. Бұл жерде қылмыстардың көптігі ретінде тану үшін бірінші аяқталған қылмыс, одан кейін қылмысқа дайындалу немесе оқталу жасалуының, яғни қылмыстық іс-қимылдарды жасау кезектілігінің маңызы жоқ. Қылмыстардың көптігі ретінде тек орындаушының әрекетін ғана емес, ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің әрекеттерін де тани аламыз. Айталық, қылмыстардың көптігі, егер ұрлықтың бір эпизодында кінәлі тікелей орындаушы, ал келесісінде - көмектесуші болса да танылады.

- қылмыстардың көптігіне енетін әрбір қылмыстардың қылмыстық-құқықтық нәтижелері болуы керек, яғни кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндіктерінің болуы немесе заңмен бекітілген тәртіпте соттылық алынбауы немесе жойылмауы қажет [12, 53 б. ] .

Қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстардың және қылмыскердің жоғары қоғамға қауіптілігінің, кінәлінің бойына сіңіп қалған қоғамға жат көзқарастардың, әдеттің, белгілі бір өмірлік ұстанымдардың заңи көрінісі болып табылғандықтан, аталынған белгілер болмаған жағдайда жағымсыз салдарларды туындататын ұғым ретінде қылмыстардың көптігінің де болмауын білдіреді. Сондықтан да, қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстық іс-қимылдардың біреуіне байланысты қылмыстық-құқықтық нәтижелерді жоятын мән-жайлар болған жағдайда болмайды.

Заңға сәйкес бұл мән-жайлардың қатарына келесілер жатқызылады:

  1. Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  2. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  3. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  4. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  5. Рақымшылық актісінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату;
  6. ҚР ҚК 77, 86 баптары негізінде соттылықтың жойылуы және алынып тасталуы;
  7. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген мән-жайларға сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 312, 326, 352, 363, 364, 372, 373, 375, 376, 378, 379, 381 бб. Ескертулері) .

Қылмыстардың көптігі бірқатар заңи салдарларды тудырады:

  1. Заңи біртектес және әртектес қылмыстарды жасау кейбір жағдайларда ауырлататын (ҚР ҚК 175, 176, 177 б. б. ) немесе аса ауырлататын (ҚР ҚК 175, 177, 179 баптарының 3 бөлімдері) қылмыс құрамдарының белгілері болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстрдың көптігіне қатысты қылмыс құрамының аса ауырлататын белгісі ретінде бұрынғы соттылық қана танылған. Бірақ та, соттылық өз бетінше қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін жоғарылатпайды, кінәлінің тұлғасын сипаттайды. Ал жаза болса, адамның қасиетіне байланысты емес, қылмыс үшін тағайындалады.

Қылмыстардың көптігі келесі модификациядағы қылмыс құрамдарының ауырлататын белгілері ретінде қарастырылады:

а) тек ұқсас қылмыстарды жасау барысында: ҚР ҚК 103 б. 3 б. «к» тармақшасы, 121 б. 2 б. «г» тармақшасы;

ә) юридикалық ұқсас, сондай-ақ бір объектілік және әртүрлі объектілік қылмыстарды жасау барысынада - ҚК 175 б. 3 Ескертуі.

Кінәліні соттаумен байланысты қылмыстардың көптігі қылмыс құрамының ауырлататын белгісі ретінде көрінеді:

а) тек заңи ұқсас қылмыстарды жасау барысында - ҚР ҚК 117 б. екінші бөлімі;

ә) заңи әртүрлі объектілік қылмыстарды жасау барысында - ҚР ҚК 103 б. 2 б. «к» тармақшасы, 104 б. 2 б. «ж» тармақшасы;

  1. Қылмысты саралауды өзгертеді. Мысалы, қызғаныштан бір адамды өлтіру ҚР ҚК 96 б. 1 б. сараланса, осы ниет арқылы екі адамды өлтіру ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармақшасымен сараланады.
  2. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде келесі топтамадан көрінеді:

а) ҚР ҚК-нің 52, 54, 59 баптарының негізіндеқылмыстарды бірнеше рет жасау және қылмыстың қайталануы барысында, кінәліге қылмысты алғаш рет жасаған адамға қарағанда, қатаң немесе ұзақ мерзімдегі жаза тағайындалуы қажет;

ә) ҚР ҚК-нің 58 б. негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау барысында жазаны толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданыла алады;

б) ҚР ҚК-нің 60 б. сәйкес, жазаны өтеу барысында, сондай-ақ шартты түрде соттау кезіндегі сынақ мерзімі кезеңінде, жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаны орындауды кейінге қалдыру кезінде жасалынған қылмысы үшін жаза тағайындауда жазаның берілген түрінің шегінде толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданылады;

  1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау барысында түзеу мекемесінің түріне әсер етеді. Бұрын, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдарға қатаң режимдегі, кейбір жағдайларда ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындалады (ҚР ҚК 48 б. ) ;
  2. Кейбір қылмыстар, бұрын қандай да болмасын қылмыстарды жасағаннан кейін ғана жасалына алады - ҚР ҚК 358 б [13, 53] .

Сонымен, бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс істеуі, оның қоғамға қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі құқықпен қорғалатын мүдделерге бір қылмысқа қарағанда аса мәнді залал келтіруден байқалады. Басқа жағдайларда қылмысты бірнеше рет жасау әлеуметтікке қарсы бағытталған әрекеттерден тұрады.

Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында берілмегенмен де, қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Қылмыстардың көптігінің белгілері:

  1. бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
  2. бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар;
  3. әр қылмыстан кейін қылмыстық құқықтың салдардың қалуы.

Бірінші белгі - қылмыстардың көптігінің ең негізгі сандық белгісі. Қылмыстардың көптігі болмайды, егер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі оларды жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке қылмыс болуы керек. Бірнеше қылмысты жасауды біз көптіік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің сипаты бойынша заңды түрде ұқсас немесе ұқсас емес болады.

Заңды түрде ұқсас деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша бірдей қылмыстарды айтамыз.

Ал заңды түрде біртектес қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік) .

Заңи біртектес емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілген (бап, бөлік, пункт) .

Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мәнге ие болады.

Қылмыстардың көптілігінің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.

Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.

Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.

1. 2 Қылмыстардың көптігі және жеке қылмыстардың ара қатынасы

Жеке қылмыстардың ұғымы ҚР ҚК 9б. 1б. берілген. Яғни, жеке қылмыс деп, қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тиым салынған, қоғамға қауіпті іс-әрекет түсіндіріледі. Бірақ та, кейбір жағдайларда заң шығарушы заң нормасын құру барысында бірнеше қылмыстық іс-әрекеттерді біріктіріп, бір қылмыс құрамында бірнеше қылмыстық іс-әрекеттерді көздейді, ауырлататын белгілерді белгілейді. Яғни, жеке қылмыстарды жасауға қылмысты істеу сатысы немесе әдісі ретінде дербес сипатқа ие емес, басқа қоғамға қауіпті іс-әрекет көмектеседі.

Осы айтылғандардың негізінде жеке қылмыстарды екі топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топтағы қылмыстарға бір әрекет арқылы, бір объектіге қатысты және бір нәтижені туындатын қылмыстар жатады. Қылмыстық құқық теориясында бұл топтағы жеке қылмыстар жай қылмыстар деп аталынады да, қылмыстардың көптігінен ажыратылуы қиындық туындатпайды.

Екінші топтағы қылмыстарға өзінің табиғаты немесе заңда көрсетілінуіне байланысты, екі немесе одан да көп объектілері бар, бірнеше қылмыстық іс - әрекеттерден тұратын, немесе бірнеше нәтижелерді туындататын қылмыстар жатады. Қылмыстық заңда бұндай қылмыстар аз емес, сондықтан да оларды қылмыстардың көптігінен ажырату мәселелері теория тұрғысынан да, қылмыстық заңнаманы тәжірибелік қолдануда да сөзсіз қажет.

Аталған қылмыстарды жіктеу негізі ретінде ғалымдар қылмыс құрамдарының сипатталу әдісінен қылмыстық іс - әрекеттің немесе нәтиженің сипатына дейінгі әртүрлі критериилерді қарастырған.

Күрделі қылмыстардың толық жіктелінуін В. П. Малков берген [14, 16 б. ] .

Күрделі жеке қылмыстардың келесі түрлерін қарастырады:

- құрамдас қылмыстар;

- балама әрекеттермен жасалатын қылмыстар;

- балама нәтижелерді туындатқан қылмыстар;

- жалғаспалы қылмыстар;

- созылмалы қылмыстар;

- қайталанған әрекеттермен жасалынатын қылмыстар;

- екі әрекет арқылы жасалатын қылмыстар;

- ауырлататын белгілері бар қылмыстар.

Құрамдас қылмыстар. Құрамдас қылмыстардың ең ұтымды анықтамасын Н. Ф. Кузнецова берген, яғни, оқшау алып қарағанда әрқайсысы дербес жай қылмысты білдіретін, екі немесе одан да көп іс-әрекеттерден тұратын қылмыстар [15, 117 б. ] . Қылмыстық құқық әдебиеттерінде құрамдас қылмыстардың келесі түрлерін ажыратады: 1) заңда көрсетілінуіне байланысты құрамдас қылмыстар, 2) заңда құрамдас сипаты көрсетілмеген құрамдас қылмыстар.

Бірінші топтағы, яғни әртектес қоғамға қауіпті іс-әрекеттерден тұратын қылмыстарға, мысалы, өкімет өкіліне не болмаса қоғамдық тәртіпті қорғауға байланысты міндеттерді атқаратын немесе қоғамдық тәртіпті бұзуды тойтаратын басқа да адамдарға қарсылық көрсетумен байланысты жасалған бұзақылық жатады.

Екінші топтағы қылмыстарға басқа ауыр қылмысты жасаудың әдісі немесе сатысы болып табылатын, қоғамға аса қауіпті емес қылмыс, дербес іс-әрекет сипатын жоғалтады да, саралауда бейнеленбейтін қылмыстар жатады. Қылмыстық құқық теориясында бұл қылмыстардың сіңірілуі деп аталынады. Мысалы, тұрғын-жайға заңсыз кіру арқылы жасалынған ұрлық, егер де ұрлық барысында есік, тұтқа зақымдалса [16, 114 б. ] .

Құрамдас қылмыстардың қылмыстардың көптігінен басты айырмашылығы, кінәлі жасалынған екі іс-әрекетті де қамтитын, қылмыстық заңның бір бабымен қарастырылған, бір қылмыс үшін жауаптылыққа тартылатындығында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық институтындағы себепті байланыстың ерекшелігі
Көптік қылмыстар
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс
Қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстардың көптігі
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Көптік қылмыстар жайлы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Қылмыстың көптігінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz