Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері туралы
КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне жалпы сипаттама
2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
3 Банктердің қазіргі заман талабына сай жаңа қызметтері мен өңімдері (ААҚ «Банк ЦентрКредит» мысалында)
3.1 Пластикалық карточкалар
3.2 Банкомат
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер, банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректеп даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін кабілетінің барлығын көрсете алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалады. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», 1995 жылғы 30 наурыз N 2155 Заңы
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңы
3. Алдаберген Ә. «Банк жүйесінің тұрақтылығы- экономикалық дамудың кепілі», Егемен Қазақстан - 2000 ж. 11 қараша – Б 2.
4. Мақыш С. Б. «Банктердің несиелік потенциалын бағалаудағы теориялық көзқарас» // Экономикалық реформалар өтпелі кезеңнің ерекшеліктері І бөлім - Алматы, 1999 ж.
5. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» - 2001 ж.
6. Тоқсанбай С. Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік – Алматы 1999 ж.
7. «ЦентрКредит» банк сыйлаған көтеріңкі көңіл күй», Егемен Қазақстан - 2000ж. 22 қыркүйек

Курстық жұмыс Тақырыбы: Коммерциялық банктердің операциялары мен
қызметтері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне жалпы сипаттама
2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
3 Банктердің қазіргі заман талабына сай жаңа қызметтері мен өңімдері
(ААҚ Банк ЦентрКредит мысалында)
3.1 Пластикалық карточкалар
3.2 Банкомат
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
КІРІСПЕ
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық
банктер, банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректеп даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық
экономикасында қаржылылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына
көндігетін кабілетінің барлығын көрсете алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың
акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалады. Ондай
қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиеттің кажеттілігін
канағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік
жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету
керек. Яғн, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару
жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдері және есеп айырысуларда жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашлығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшермесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан,
мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарды.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Бұл курстық жұмыста мен бірінші бөлімде, коммерциялық банк
анықтамасын, ҚР банк жүйесін жалпы сипаттап, екінші бөлімде коммерциялық
банктің орындайтын негізгі қызметтері мен операцияларын зерттеп, үшінші
бөлімде ААҚ Банк ЦентрКредит қызметінің мысалында жаңа заман
талаптарына сай көрсететін жаңа қызметтері мен операцияларына тоқталып
соның ішінде, пластикалық карточкалар мен банкоматқа көңіл бөліп көрсеттім.

Өзінің даму деңгейі және қызмет ауқымы жағынан Қазақстанның банк
жүйесі ТМД елдері арасында неғұрлым тұрақты болып табылады. Сөйтсе де жеке
алғандағы әр елдің банк жүйесі тек өзіне ғана жеке заңдармен әрекет ететін
ерекше оқшау организм бола алмайды. Кез келген биологиялық организмнің өмір
сүруі ортақ биологиялық заңдылықтар бойынша өтетіндігі секілді, еліміз банк
жүйесінің қызметі де ортақ заң бойынша жүреді.
Қазақстан Республикасының банк және банктер қызметі туралы Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар:
Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк
жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi,
қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және Өкiлеттiгi "Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен
белгiленедi. Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген
мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң
және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. Банктерге және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық
Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-
кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың
салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. Қазақстан
Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар
Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң
төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің қызметі банктер әлемдік банктік
тәжірибе жетістіктерін пайдаланумен және енгізумен қоса, шетелдік банк
жүйесінің тәуекелін қайталауы да мүмкін екендігін қуаттайды.
Елімізде ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүктелген. Ол Қазақстан
экономикасын реформалау барысында еліміздің банк жүйесін сауықтыру жөнінде
шаралар қабылдады және қабылдауда. Басқа міндеттер жөнінде тұрақтылықты
қамтамасыз ету кредиторлар мен банк клиенттерінің мүддесін қорғауды да
қамтиды. Нақ осы банк клиенттері мен салымшылардың мүддесін қорғау
мақсатымен 1999 жылдың аяғында Ұлттық банк республикадағы бірқатар ең
тұрақты банктерді біртұтас жүйеге біріктірген. Жеке тұлғалардың салымдарына
кепілдік беру қорын құрды.
Кепілдік беру жүйесін құру банктердің жеке тұлғалардың – жүйеге
қатысушы банк салымшыларының алдында ұжымдық жауапкершілік алуы сияқты жаңа
бір үрдісті туғызды, жүйеге қатысушы банкке сот шешімі бойынша ықтиярсыз
тарату процедурасы қолданылады.
Әрине, қатысушы-банктің әрқайсысы қолданыстағы заңдар нормаларына
сәйкес жұмыс істейді. Сонымен бірге кепілдік беру жүйесіне қатысушы
банктердің ұжымдық жауапкершілік алуы қатысушы-банктердің міндеті
күнтізбелік жарналардан басқа, егер қордың резервтік активтері жетіспеген
жағдайда қосымша төтенше жарналар аударуын да білдіреді.
Сөйтіп, егер кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк тәукелге барған
болса, бұл оның ішкі ісі болып қалмайды, ол бүкіл кепілдік беру жүйесінің
тұтастығы мен өмір сүруіне ұжымдық жауапкершілік ауыртпалығын көтеретін
қатысушы-банктердің бәріне қауіп төндіретін проблемаға айналады. Кепілдік
беру жүйесі 1933 жылдан жұмыс істей бастаған және де ол бүгіндері ең
жетілдірілген саналатын АҚШ-та қатысушы-банктердің қызметін бақылау мен
қадағалау депозиттерді сақтандыру федералдық корпорациясының (FDIC)
құзырына берілген. Ол салымдар бойынша өтем төлеумен қатар, банкті
сауықтыру жөнінде шаралар қабылдай алады. Жетпіс жылға таяу уақыттан бері
қызмет жасап келе жатқан Американың FDIC корпарациясы ие болып отырғандай
дәрежеде өкілеттілік бере алмайды.
Қазақстанның кепілдік беру қорына Американың депозиттерді сақтандыру
корпарациясы ие болып отырғандай өкілеттіктер беру қазір орынсыз. Өйткені,
қазақстандық банктердің саны АҚШ-тағыдай соншалықты көп емес және аталған
өкілеттіктердің Ұлттық банкте болмағаны дұрыс. Бұлай дейтін себебім,
Қазақстан Ұлттық банкі банк ашуға рұқсат беретін және олардың қызметіне
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ банк қызметін жүргізуге
лицензия беруші мемлекеттік орган болып табылады. Ол жаңадан құрылатын
бактердің өмір сүру қабілетіне және қызмет жасап тұрғандардың жұмысын
жалғастыруына жауапты саналады.
Халықаралық өлшемдерге сәйкес лицензиялаушы орган банктің стратегиялық
жоспарын қолдау үшін қаржы ресурстарының жеткіліктілігін бағалауы және
бенктің негізгі акционерлері туралы қаржы ақпаратына ие болуы керек. Осыған
байланысты лицензия беру мен банк қызметін пруденциялық реттеудің әдістері
мен процедуралары жетілдірілуі қажет.Тәжірибе ең алдымен банк
салымшыларының мүддесіне нұсқан келтіретін мұндай жағдайға ұрынбаудың алдын
алу қажеттігін көрсетеді. Бұл үшін тек банктердің ғана емес, бүкіл банктік
топтардың қызметіне ықпалдасқан қадағалау орнату қажет. Олар бақылаушы
органға жалпы жылдық баланс, бүкіл құрылымның пайдасы мен шығындары туралы
тоқсандық есеп тапсыруы тиіс. Әрине, ақпаратты алу үшін заңмен айқындалған
өкілеттіктер болуы керек. Банк қаржы империясының, бірқатар филиалдардан,
қаржы компанияларынан және соның ішінде банктен құралған әлдебір
конголомераттың бір бөлігі ғана болуы да мүмкін. Қаржы дағдарысы жағдайында
конгломерат иелері салымшылармен кәсіпорыны төмен бағаға сатып, адал
есептесе ме немесе банкті “құрбандыққа шалып” есептесе ме, ол жағын өздері
шешеді. Қай жолда таңдап алары және құрбандыққа кеткен банктің қайтарым
капиталының мөлшері қандай болады, ол да белгісіз. Ал, іс жүзінде банктің
кредиторлармен, атап айтқанда салымшылармен және салымдарға кепілдік беру
қорымен есеп айырысуы осыған байланысты. Мұның бәрі Ұлтық банкте екінші
деңгейдегі банктердің активтерінің нақты құны туралы сенімді ақпарат болуын
қажет етеді.
Банктердің міндеттемелері негізінен халықтың мерзімдік салымдары мен
талап етуі бойынша салымдарынан тұрады. Осы себептен қазір Ұлттық банк
банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсыныстарын ескере келіп,
Банк қызметінің мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңының жобасын әзірледі. Оның
қабылдануы Қазақстанның банк жүйесіне Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресей бастан
өткерген есеңгіреуден аулақ болуға көмектеседі. Базель негізгі
принциптерінің 38-бабында банктердің есептерінеде ең аз дегенде
қадағалауға кіретін банктерге ықпал ететін қызметі олармен байланысты
банк емес құрылымдардың қызметін атай кету, сондай-ақ банктік емес
мекемелердің қызметі нәтижесінде туындауы ықтимал қиындықтарды көрсету
қажеттігі туралы айтылады. Банк пен оның еншілес компанияларының қарым-
қатынасын заңдық тұрғыдан реттеу жобаның аса маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл ретте атап айтқанда, банк пен банктік холдинг қатысушы болып табылатын
ұйымдарға қатысты алғанда, егер белгілі бір операциялар банкті тәуекелеге
ұрындыратын болса, онда Ұлттық банк клиенттерінің мүддесін қорғау үшін ұйым
мен банк арасындағы операцияны жүзеге асыруды тоқтатуды талап етуге құқылы.
Ұлттық банк банктердің қаржылық жағдайында тұрақсыздықтың алғашқы
белгісі байқалысымен-ақ салымшылар мүддесін қорғауы және Қордың
пайдаланылған қаржысын өтеуге еріксіз таратылатын банктің активтерінің
толық қайтарылуын қамтамасыз ету үшін банк активтеренің кері ағуылуын
мүмкіндігінің жолын жаба алуы қажет. Базель комитеті осы мақсатпен
қадағалау органға банк активтеріне меншік құқына елеулі өзгерістер енгізу
туралы немесе акциялардың бақылау пакетіне қатысты өзгерістер туралы кез
келген ұсынысты қабылдамай тастау өкілеттілігін беруді, сондай-ақ жаңа
банктер құру кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас талаптарға сай келмесе,
инвестиция жасауды болдырмау өкілеттілігін беруді ұсынады.
Банктердің салымдар бойынша өз міндеттемелерін орындамауы әртүрлі
себептерден: пайыздар деңгейі жөнінде асыра уәде беруден бастап,
салымшылардан тартылған қаржыны орналастыруда негізсіз және шектен тыс
тәуекелді инвестициялық саясат ұсынуынан болуы мүмкін.
Банктің, әсіресе, ірі банктің банкротқа ұшырауының макро экономикалық
зардайы болуы ықтимал ондай банкті тарату процедурасын жүргізу барысында
бүкіл банк жүйесін, кепілдік беру жүйесінің жалпы экономикалық мүдделерін
ескеру қажет. Банк салымшылары мен клиенттерінің мүддесін қорғау үшін
жобаға Ұлттық банктерге аффилинирленген тұлғалар мен банктерге ірі
қатысушыларға бақылау жасау функциясын беретін ереже қосылған. Бұл олардың
банктердің қызметіне ықпалы дәрежесі мен сипатын анықтау үшін қажет. Атап
айтқанда, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің өмір сүруіне тікелей
ықпал ететін кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы туралы қажетті ақпарат алу
құқығы заңдастырылады. Бұл сенімді бақылау банк құрылтайшыларының өз
міндеттемелерін жүрдім-бардым орындау мүмкіндігінің алдын алады.
Банк құпиясын сақтау Қазақстан банк жүйесі қызметінің маңызды
принциптерінің бірі болды және солай болып қала береді. Осыған байланысты
заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар жобасы Ұлттық банк
қызметкерлерінің банктердің қызметі туралы қосымша мәліметтер алу
жөніндегі құқығын іске асыру барысында алынған мәліметтерді үшінші біреуге
жария еткені үшін жауапкершілігін қатайта түсуді көздейді.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде
қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төріндегі банктік өнімдердің көптеген нысандары жасаланып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылдықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығын қалыптасуына ықпал етеді,
ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының
болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып
табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және
жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша қапиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды,
акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассалық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқысыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
-
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынадай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескерусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды
тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте
ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр
түрлі формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе
алады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы
қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы
есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп
немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары
үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу
мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің
ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе
аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ
көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын
алмайды. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар
есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорренттік
шоттарда орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі
бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісімі бойынша депозиттік
шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік
шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Мерзімді
салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырады. Салымшы үшін
ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады.
Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен
қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ
уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда
орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар
мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар бөліп
бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген
күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша
иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол
күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын
кез келген келесі күндерде кері ала алады.
Ескертуі бар депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы
арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері –
1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1
жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшермелер
белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге мерзімді депозиттер
қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және
салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады.
Халық және коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен
қолданады.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы
қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және
орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды
эмиссиялау және т.б. жатады.
Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын
депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда
резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктердің олардың қосымша
пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі – жеке және
заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік
емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып
табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз
төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды
банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.
Экономиканы және халықты несиелендіру
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі – экономиканы
және халықты несиелендіру. Бұл қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және
банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік
инститтутарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы
біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарылымдылық
шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік
операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер,
керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде
болғанда пайда болады.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше
несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шарушылық субъектілерінің несиелік
қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік
несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шарушылық субъектілерінің
арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансформацияланатын
жанама несиелендіру.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші
банк, ал қарыз алушы – шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық
несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни
бір банк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілері бойынша
жүктеуге болады: мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта
мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз
етілген; банктің рольне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық
операциялар (активтік - бұл клиентті және басқа банктерді несиелеу;
пассивтік – Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банкаралық
несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды
арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға
арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз
алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу
шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша
қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік
кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы
органдарына және т.б.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық
қолма-қол және қолма-қолсыз деп бөлуге болады. Несиенің мұндай жіктелуінің
негізінде формалды белгілер жатқанын атап көрсету қажет.
Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен
табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етудің негізгі
түрлеріне төмендегілер жатады:
- кепілге алу – тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім-шарт. Бұл
жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытында
өтеп беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі;
- кепілдік – кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін
орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы
кепілдік міндеттемесі;
- бағалы қағаздар, тауарлар және басқада мүліктерді кпілдікке салу.
Кепіл құқығы - қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған
жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен
түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат,
жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқығы;
- жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиелерді қамтамасыз
етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер
учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының негізі
болып табылады. Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие
алады.
Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды
қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б.
жатады.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай
қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы – қарыз беру әр
уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей-ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық
шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде
жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен
беріліп түскен түсімдері арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.
Қарыз, контокорренттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта бір жағынан
түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер
көрсетілетін айрықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо
ғана болады.
Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу
Коммерциялық банктердің үшінші қызметі – қолма-қолсыз есеп айырысуды
ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне
немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда
шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражатарын шоғырландыру
және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп
айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және тағы басқалар.
Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер
тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде
клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни
ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша жазба
түріндегі аударымдары.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу
аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен
шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді
формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай
қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік
айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айырысу зат алмасуда халық
шаруашылығы шарушылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы
мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділіген байланысты болады. Қолма-
қолсыз есеп айырысудың мәні мынада, олар шарушылық органдардың қорларының
айналымына және шарушылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.
Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл есеп айырысудың формасы мен
әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың
жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып
келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің
дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы
мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделеніп
отыруы керек.
Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру негізгі
екі бағыт бойынша жүргізіледі:
- жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу формаларының пайдаланып
жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;
- банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.
Есеп айырысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда, чекпен есеп
айырысудың клирингтік формасының дамуына басты көңіл бөлінеді, себебі ол
есеп айырысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп айырысу жүйесін
қайта ұйымдастыру – бұл банктердің тікелей корреспонденттік қатынастарының
дамуы және корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысу жүйесіне
толық көшуі.
Есеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz