Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Баспа ісі және редакциялау кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Орындаған 4-курс студенті
Ғылыми жетекші
Норма бақылаушы
Баспа ісі және редакциялау
кафедрасы меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілді
Алматы, 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І - тарау. Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісі . . . 8
ІІ - тарау. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісінің рөлі . . . 26
Қорытынды . . . 50
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57
Кіріспе
Кітап - қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Осындай бүкіл халықтық рухани қазынамыз болып табылатын мәдени, әдеби қарым-қатынас құралы болып отырған кітап тарихын тереңірек зерттеу әлі де кезегін күттіріп тұрған міндеттердің қатарына жатады.
Тарихқа үңілмей бүгінімізді танымайтынымыз айдан анық. Қазақ кітап тарихының осы уақытқа дейін аз зерттелген мәселелерінің бірі - өткен ғасырдың 20-30 жылдар арасындағы қазақ зиялыларының ұлттық баспа ісінің дамуындағы рөлі. Осы кезеңде мәдени құрылыс пен оқу-ағарту ісінің негізгісі баспа ісін ұйымдастыру болған.
Батыс Еуропада ХV ғасырда кітап басуға қажетті өндірістік-техникалық жағдай туған кезде пайда болды. Оны ойлап тапқан неміс өнертапқышы Иогонн Гутенберг. Шығыңқы баспа тәсілін Гутенберг қағаз материалдарынның өзгешеліктеріне қарай ыңғайлап, жетілдіріп, баспа станогын жасады. 1455 жылы неміс өнертапқышы Иогонн Гутенберг кітап басып шығару үшін алғаш рет құйма әріптерін пайдаланды. Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, басқа тәсіл еді. Атап айтқанда - терім формасынан мәтінді жаңғыртып көбейту тәсілін ойлап тапты /1/. Ал, Ресейде 1564 жылы Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап - «Апастолды» басып шығарды. Ол ұйымдастырған тұңғыш баспахана келесі жылы «Часовник» деген кітап жарық көрді. Баспа ісі Петр 1-нің тұсында кең өріс алды. Ресейде алғаш баспаханалар ХVІ ғасырдың 50 жылдары пайда болды. 1724 жылы құрылған Ресей Ғылым академиясы баспа ісін кеңінен ұйымдастырды. 1913 жылы Ресей кітап шығару жөнінде 2-орында болды. Қазақ баспа кітабының туып, дамуына Ресей ықпалы аз болған жоқ. ХІХ ғасырда Қазақ ішінде күш ала бастаған ағартушылық қозғалыстың қазақ баспа мәдениетінің туып қалыптасуына айырықша шапағаты тигенін баса айтуымыз керек.
Ана тіліміздегі тұңғыш кітап мынау еді деп дөп басып айту үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Қазірге мәлім алғашқы баспа кітабы «Сейфүл - Мәлік» қиссасы (1807) . Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде Қазан, Орынбор, Уфа, Ташкент, Петербор, Троицк, Астрахан қалаларындағы баспалардан 300-ден астам кітап басылып шықты. ХІХ ғасырдың басында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Қыз Жібек», « Айман-Шолпан», «Біржан мен Сара айтысы» сияқты халықтың поэтикалық мұралары жарық көрген. Аталған кезеңде біздің сарқылмас рухани кенішіміз - Абай кітабы, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, тағы басқа жүз отызға жуық қазақ ақын, жазушыларының туындылары жарияланды /2/. Ы. Алтынсариннің қазақ мектептеріне арналған тұңғыш оқулығы - «Қырғыз хрестоматиясы» басылды. ХХ ғасырдың басында қазақ ағартушыларының шығармалары, кейбір жекеленген саяси - ағартушылық туындылар мен оқулықтар жарық көре бастады. Қазақ баспа кітабы бірінші кезеңінің маңызы алғаш қазақ баспа кітаптарын дүниеге келтіруінде ғана емес. Өз ана тілімізге баспа әлемінен сорап салуында. Қазақ баспа кітабының тарихы сол тіліміздің сорабы кең даңғылға айналатындығына берік сенім туғызады. Бұл тілдің болашағы зор екендігіне «иманымыз берік» деп бірінші айтқан Мағжан ақын. 1903 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде А. С. Пушкиннің «Капитан қыз», 1909 жылы Петерборда А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы басылып шықты.
Қазақ тіліндегі алғашқы Кеңес кітаптары 1918 жылы қазан айынан бастап жарық көре бастады. Ұлттық комиссариаттың Қазақ бөлімі 1918 жылдың 8-қазандағы хабарламасында Ордада баспа және аударма бөлімдерінің құрылғанын хабарлайды. Қазақ тілінде алғаш аударылып басылып шыққан кітаптарының бірі - «Ресей Социолистік Федеративтік Кеңес Республикасының Конституциясы» (Негізгі заңы) .
Қазақ тұңғыш мемлекеттік кітап баспасы туралы 2 ереже қабылданды. Оның бірі 1920 жылы 26 тамызда Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару комитеті мен РКФСР Халық Комиссияның «Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңес Автономиялық Республикасын құру туралы декреті жарияланды. Сол жылдың 3 қарашасында «Книгоиздат» - Қырғыз мемлекеттік баспасының іргетасы қаланды»/3/. Әр жылдары - «Қазақ партия баспасы», «Қазақ баспасы», «Қазақтың мемлекеттік саяси әдебиет баспасы», 1941 жылдың қаңтарынан «Қазақтың мемлекеттік баспасы», ал 1964 жылдан «Қазақстан» деп аталды. «Қазақстан» баспасының алғашқы қадамдарын сауатсыздықты жою мен бастауыш қазақ мектептеріне оқулықтар, жеке кітаптар мен кітапшалар шығарудан бастаған. Баспада қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық әдебиеттердің екі бас редакциясы, қазақ күнтізбесі, өнеркәсіптік-технологиялық, ғылыми-көпшілік, медициналық және т. б. редакциялары бар. Баспа жалпы көлемі 2000 баспа табақ тиражы 3 млн. дана болатын 200-ден астам кітап пен кітапшалар шығарады. 1975 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
1964 жылы маусымда республиканың кітап баспаларының жеке-жеке аттары болды: «Қазақстан», «Жазушы», «Мектеп», «Қайнар», «Ғылым» баспасы. 1963 жылғы шілдеде Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.
1967 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істей бастаған Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакциясы ана тілінде тұңғыш он екі томдық энциклопедияны жарыққа шығарды. Бұлардың арасында 4 томдық «Қазақ КСР», «Алматы», «Қарағанды», «Шаңырақ» энцикопедиялары мен ғылыми-анықтамалық басылымдар жарық көрді. «Ғылым» баспасы 1986 жылдың аяғында қазақ тілінің академиялық он томдық түсіндірме сөздігін соңғы оныншы кітабын жарыққа шығарды. «Ғылым» баспасы физика-матиматика, химия-технология, геология, биология, және медицина салаларында ондаған толымды зерттеулерді жариялады. Бұл баспадан көптеген ғалымдардың кітаптары басылып шықты. «Қайнар» баспасынан «Ғалымдардың ауыл шаруашылығына көмегі» сериясындағы кітаптар жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар шықты» деп баяндайды Н. Қапалбекұлы. /4/
Жастарға арналған кітапты «Қазақстан» баспасы ұзақ уақыт шығарып келсе, 1970 жылдың екінші жартысынан «Жалын» баспасы жалғастырған.
Ал, «Жалын» баспасының жарық көрген кітаптарының арасында дүниежүзілік кітап базарында балалар басылымдары жоғары бағаланды. 1991 жылы жазда балалардың Республикалық «Балауса» баспасы құрылды. Бұл баспадан ертегілер, халық эпосы, аңыздар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы кітаптар шықты.
1980 жылдардан бастап музыка мен өнер жөніндегі басылымдарды «Өнер» баспасы шығарады.
Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылары Мәскеуде өткен барлық жеті халықаралық кітап көрмесіне, сондай-ақ Варшавада, Лейпцигте, Франкфуртте өткен және басқада қалаларда өнер сайыстарына қатысып келді.
Кітаптардың қозғайтын тақырыбына байланысты 90-жылдардың бас кезінде Қазақстанда тағы 3 кітап баспасы пайда болды. Солардың бірі «Ана тілі» баспасы. Мұнда жоғарғы оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарына арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары шығарылады. 1990 жылғы сәуірде «Қазақ университеті» баспасы ашылды. Жоғарғы оқу оқытушыларына, аспиранттарға, студенттерге арналған оқу-педогогикалық, ғылыми жіне ғылыми көркем әдебиеттер шығарады. Ал, үшіншісі - 1991 жылдың жазында көркем шығармалар, тілашарлар, сурет кітапшалар шығару мақсатында «Балауса» баспасы құрылды. Тәуелсіздік жылдары «Санат» баспасынан бастап «Қазығұрт» баспасына дейінгі кітап кешендері көбейді. «Атамұра» шағын баспа кәсіпорнынан бастаған «Атамұра» корпорациясын қазіргі Қазақстандағы кітап басу ісінің лидері деуге болады. «Атамұра» кітап шығару процесіндегі барлық жұмыстарды атқаратын және кітаптарды өз сауда айналымында тарататын қуатты корпорацияға айналды. Республикалық кітап мұражайы ұлттық мәдени орталығымызға айналып, күнен-күнге баспалардан түскен жаңа басылымдармен толығып келеді. ХХІ ғасыр - баспалар ғасыры болары. Кітаптардың құрметтелуі күшейетін ғасырлар болары даусыз. Тарихи зерттеулерге сүйенсек: 1917 - 1990 жылдары Қазақстанда 83937 кітап шыққан, ал тиражы -10323512 мың данаға жеткен.
Қазақ баспа кітабының тарихы ХХ ғасырдың бас кезінен басталады. Олар қазіргі Қазақстанның тарихын, әдеби, мәдени өмірін зерттеу үшін маңызы өте зор. Бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын толықтырып, қазақ халқының саяси, мәдени өмірінен құнды мағлұматтар береді.
«Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ . . . - дейді Мағжан. - Түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына иманымыз берік. Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тіліміз таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Таралған түрік балаларын бауырына, ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім /5/.
Қазақстан Ресубликасының 2004-2006 жылдарғы арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында баспа жұмысына да аса мән берілген: «Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениеттің ескерткіштерін зерделеу, соның ішінде ежелгі түрік жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану жеткіліксіз.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты отаншылдық рухына тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр /6/.
Жоғарыда аталған құжатта кітап баспа ісінің қазіргі кездегі міндеттері айқындалған. Солардың бірі қазақ кітабының тарихын зерттеу болып табылады. Кітаптану ғылымының тиісті дәрежеде дамуы үшін кітаптың өткен тарихын жаңа тәжірибе тұрғысынан зерттеп отыру қажет. Оған кітап ісіндегі бағыттарды тексеруге ұласса, мұның өзі кітаптың болашағына көз жіберуге мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі. Халық руханиятын арттыратын кітап - қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласын арттыратын басты индустриалды-инновациялық қағидамыз болуы керек. Өкінішке орай, олай болмай тұр. Кітап индустриясын дамытуды мемлекеттік саясаттың басты арнасына қоюымыз керек. Міне, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі» тақырыбының басты өзектілігі осында жатыр.
Тақырыптың зәрулігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда қазірді қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Биылдың өзінде осы бағытта біраз жобалар іске қосылып, ел игілігіне айналмақ. Оның ішінде, шығармашылық бағытқа етене жақын ақпараттық-инновациялық жұмыстар да қолға алынбақ. Алайда, бұл басым бағыттардың ішінде баспа ісі саласына қатысты зерттеу жұмыстары жасалынбаған. Тақырыптың зәрулігі де осы жерден шығады. Ел руханиятын қалыптастыруда кітап индустриясын дамыту бізге аса қажет. Сонда да ол ғылыми тұрғыда әлі зерттелмеген.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті . Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісі қалай дамып жатыр? Елбасымыз Н. Назарбаевтың халыққа жасаған Жолдауына сәйкес дүниеге келген индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асуында баспа ісінің рөлі қандай болмақ? Оның болашағын қалай қарастыруымыз керек? Жұмыстың басты мақсаты осы мәселелерді көтеріп, оның міндеті - жалпы баспа ісінің болашағы, дамуы, оны ілгерілетуге байланысты ұсыныстарды нақтылап, «Баспа қызметі» туралы», «Баспа туралы» Заңдарды дайындау мәселелерін қарастыру болмақ.
Бағдарламаға сәйкес, 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрініс табады, яғни технология ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы болып саналады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Оның баспа ісіндегі орны ерекше. Мұның өзі бәсекеге ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан индустриялды-инновациялық қызмет өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт- индустриялды-инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономикалық құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтуға айналуы болып табылады. Индустриялды-инновациялық қызмет - бұл ғылыми-техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Индустриялды-инновациялық қызметті басқару мақсаты - жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады. Инновациялық үрдістерге тән жоғарғы дәрежедегі динамикалық, ақысыздық, қарсы факторлардың көп болуы менеджментті күрделендіреді. Сондықтан индустриялды-инновациялық қызметті басқарудағы жағдайдың күрделілік сипатын, бәсекені, тәуелді ескеру қажет. Осы орайда, жұмыстың мақсаты мен міндеті - осы мәселелерді ашып, оның тиімді бағыт-бағдарына көңіл аудару болмақ. Мүмкіндік болса, осы бағытқа мемлекеттің назарын аударып, қазіргі уақыттағы баспа ісіндегі күрделіліктердің шешімін табуына көмектесу басымдыққа алынбақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, 40 атаулы пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ
Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісі
Қай қоғамда болсын экономикалық жаңарулар саяси және әлеуметтік жаңарулармен сабақтаса жүреді. Егеменді елімізде де қоғамның саяси жүйесінің өзгеруі экономикалық өзгерістерден бұрын басталып, қазіргі заманға лайық демократиялық принциптер негізінде құралған билік жүйесі экономика мен әлеуметтік өмірдегі өзгерістерді бастан өткеруде. Дегенмен, егемендік сипаттарының қалыптасып, мемлекетіміздің аяғынан тік тұрып кетуі оңайға түскен жоқ. Өтпелі кезең деп аталатын мерзімді өз көзімізбен көруге тура келді. Ішкі-сыртқы саясатымызды бүкіл әлем мойындайтындай етіп қалыптастырудың жолында сындарлы сынақтарға жолықтық. Демократия заңдарымен өмір сүру аз жылдың ішінде жүзеге аспайды да. Оған біз қоғамдық ой-сананың өзгеруімен, жеке адамдардың саяси белсенділігімен, саяси мәдениетімен, ой-өрісімен бірте-бірте жетіп келе жатырмыз.
Кез келген елдегі демократиялық үрдістердің қалыптасуы тек отандық тәжірбие мен ұлттық дәстүрлерден ғана бастау алып қоймай, әлемдік өркениет үлгілеріндегі жақсы нышандардың бәріне үйрену, қорыту жолымен жүретіндігі белгілі. Сондықтан біздің елде де бейбітшілік пен байыптылықты сақтай отырып, қоғамды дәйектілікпен саяси жаңарту қажеттілігі туындады. Ол үшін еліміздің рухани мәдениетінің қуатын көтеру негізгі мәселе екені рас. Сол тұрғыдан қарағанда, ұлтымыздың ұлы қазынасы, мәдениетіміз бен өнеріміздің, біліміміз бен ғылымымыздың, саяси өрлеуіміз бен саяси демократиялық қоғамымыздың қайнар көзі - ұлттық кітаптарымызды ұлтымыздың мүддесіне қызмет еткізе білсек, өрелі істің игі қадамы болары сөзсіз.
Тәуелсіздік келді, кешегі тұмылдырықталған ойға, тұсаулы пікірге теңдік тиді, енді ұлтымыздың көсегесін көгертер ойларды, пікірлерді еркін білдіруге еркіміз бар. Шындығында, біз бұрын қолымыз жетер жерден ғана қармадық. Ұлттық ғылымымыз жетіліп, еркіндігіміз қолымызға тиген уақытта енді қиял жетер жерге баруға міндеттіміз. Жалтақтап, басқалар не дейді екен дейтін пиғылдан құтылғаннан кейін, мәдени дамудың логикасы мен ұлттық саясаттың заңдылығына бағынып, әріден тартуға тиістіміз.
Тәуелсіздіктің ең басты үш арнасын саясат, экономика және руханият деп алар болсақ, енді, міне, саяси тәуелсіздікке де қолымыз жетті. Оның айғағы - Қазақстанның дербес мемлекет болуы, ал мемелекет дегеніміз - саяси ұйым, яғни саяси тәуелсіздік. Осы тәуелсіздік тұғырында Қазақстан қоғамының демократиялық жолмен даму кезеңіндегі қол жеткізген табыстары ең әуелі адамдардың тұрмысының жақсарып, еркін ойлауына, азат сөз айтуына, сөйтіп, тұлғалық келбетін мәдениет деңгейінде қалыптастыруға қол жеткізгенін бүгінгі өмір дәлелдеп отыр. Шындап келгенде, нағыз өркениеттілік зор игілікке жеткен инабатты да зайырлы қоғаммен, сол қоғамның рухани қазынасы - ұлттық кітаптың құндылығымен өлшенуге тиіс.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кітап басудың жаңа кезеңін бастан кешірді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында екі мемлекеттік, 300-ден астам жеке меншік баспа пайда болды.
«2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап басу, кітап тарату мен баспаханалар аясындағы бірлестік бойынша Мемлекетаралық кеңесте төрағалық етті. 2005 жылдың 1 нен 3 дейінгі аралықта Алматыда ортаазиялық мемлекеттердің қатысуымен «Ұлы Жібек жолымен» атты ІІІ халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі өтті. 2005 жылдың 19 тамызында өткен XVII Мәскеудің халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі аясында Мәскеу қаласында ТМД мемлекет-қатысушыларының «Кітап өнері» атты 2-халықаралық конкурсы болып өтті. Конкурстың гран-приіне «Кентавры Великой степи» кітабы ие болды. «Арт-книга» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен «Атамұра» баспасынан шыққан Пауло Коэльоның «Захир» романы марапатталды. «Менің елім» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломды «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Традиции и обряды казахского народа» атты кітап алды. Осы сияқты дипломдар «Победа» номинациясынан мына кітаптар озып шықты: «Балалар әдебиеті» және «Фолиант» баспасының өнімі «Тағзым-Поклонимся тем годам», сонымен қатар «Күлтегін» баспасынан шыққан «Полный атлас памятников Орхона» атты кітап.
2006 жылдың 16 наурызында Астана қаласында «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері» атты бюджеттік бағдарлама бойынша 2005 жылы шыққан кітаптар жәрмеңкесі болды. Көлемін көтеру шыққан әдебиеттердің сандық және сапалық деңгейіне әсер етті. 2005 жылы 377 атаулы баспалардан 8650 баспалық қағаздар шығарылған, «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері» атты бюджеттік бағдарлама бойынша мынадай түр мен темада басылды: балалар әдебиеті, энциклопедиялық әдебиет, сөздік-анықтамалық әдебиет, «Қазіргі қазақ прозасы», «Қазіргі қазақ поэзиясы», Документалды-көркем әдебиет, музыкалық әдебиет, заң әдебиеттері, қоғамдық-саяси әдебиет, ғылыми-атақты әдебиет және т. б. /7/
2005 жылы 377 баспадан 8650 баспа қағаздары шығарылыпты.
Ең атақтылары мыналар: «Алтын қор», «Алаш мұрасы», «Отырар кітапханасы», «Ғибратты ғұмыр», «Лауреаты Нобелевской премии», «Библиотека мировой литературы», «Детская энциклопедия», «Детская мировая литература», «Современная казахская поэзия», «Современная казахская проза» және басқалар.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы бюджеттік тапсырыстар мен тематикалық жоспарларды қалыптастырудың басты күші халықтың сұранысындағы қажетті әдебиеттерді жоғары сапалы өнімдер өндірісіне жүктейді.
Кітап басудың ең даңқты бағыты көпұлтты қазақстандық мәдениетті, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны насихаттайтын әсем безендірілген балалар әдебиеті, әлемдік балалар классикасы, Қазақстанның белгілі тұлғаларының мемуарлары, музыкалық әдебиеттер мен басқа да басылымдар болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік және рухани дамуы үшін ұлттық әдебиет пен жазбаның бірігуі мен ең үздік әлемдік, ғылыми, мәдени жетістіктер негізінде мемлекеттік тілдегі гуманитарлық білімнің толықтай қорын қалыптастыруды алға қойып отырған. 2006 жылы «Мемлекеттік тіл - тұғырың», «Литература на языках народов Казахстана», «Сардар» серияларында кітаптар шығады /8/.
Біздің елдегі баспа ісінің дамуы 1920 жылдан басталады, сол жылы Қырғызстанның бірінші астанасы - Оренбургте мемлекеттік баспа ісі - Киргосиздат туралы ереже қабылданды, кейіннен ол Казгосиздат болып өзгертілді. Қазақстанның кітап басу ісі 70-жылдары мен өткен жүзжылдықтың 80-жылдары алға басты. 60-жылдармен салыстырғанда баспа атаулары бойынша кітап шығару таралымы мен айналымы бойынша екі есеге өскен. Ал баспахананың материалдық-техникалық базасы үш есеге өскені байқалған.
Қазақстанда 300 астам баспа және 800 астам баспахана жұмыс жасайды, олардың 1 % - мемлекеттік, 44 % - жекеменшік, 22% жоғары оқу орындарына тиесілі және 27 % баспа өнімдерін өндіретін басқа ұйымдар.
Қазіргі таңда республика өңірінде 7 астам үлкен кітап сату ұйымы қызмет етеді.
Қазақстанда таратылатын басылымдар көбісі, отандық кәсіпорындарында басылады және олардың сапасы әлемдік стандарттарға сай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz