Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселелері



Кіріспе 3
Негізгі мақсаттар және міндеттер 3
1.бөлім. Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселелеріндегі рөлін айқындау 4
1.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі 4
1.2. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдырудағы қызметінің бағыттары 5
2.бөлім. Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту 8
2.1. Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі 8
2.2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру 10
2.3. Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын ендіру 11
2.4. Күрделі қаржы құралдарын реттеу 13
2.5. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау рәсімдерін жетілдіру 13
3.бөлім. Инвесторлардың және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау механизмдерін күшейту 14
4.бөлім. Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру 16
4.1. Тәуекел.менеджмент, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру 16
4.2. Қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету және олардың қаржы жағдайы туралы ақпаратты ашып көрсету 17
4.3. Қаржы құралдарын бағалау жүйесін жетілдіру 18
5.бөлім. Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс.қимылы 19
Қорытынды ережелер 20
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай дүниежүзілік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Соңғыларының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуі және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуі, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуы, айқындылықтың жеткіліксіздігі және салдары ретінде теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігі мәселелерінде пайда болды.
Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Өзінің әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі мақсаттар және міндеттер 3
1-бөлім. Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселелеріндегі рөлін
айқындау 4
1.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі 4
1.2. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын
жұмылдырудағы қызметінің бағыттары 5
2-бөлім. Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту 8
2.1. Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі 8
2.2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру 10
2.3. Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын ендіру 11
2.4. Күрделі қаржы құралдарын реттеу 13
2.5. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау рәсімдерін
жетілдіру 13
3-бөлім. Инвесторлардың және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың
құқықтарын қорғау механизмдерін күшейту 14
4-бөлім. Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің
айқындылығын арттыру 16
4.1. Тәуекел-менеджмент, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйесін
жетілдіру 16
4.2. Қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету және олардың
қаржы жағдайы туралы ақпаратты ашып көрсету 17
4.3. Қаржы құралдарын бағалау жүйесін жетілдіру 18
5-бөлім. Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-
қимылы 19
Қорытынды ережелер 20

Кіріспе

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай дүниежүзілік ауқымдағы
және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы
модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу
құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды.
Соңғыларының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуі және
қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі
бойынша, сол сияқты тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуі, корпоративтік
басқару деңгейінің төмен болуы, айқындылықтың жеткіліксіздігі және салдары
ретінде теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің
тиімсіздігі мәселелерінде пайда болды.
Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы
секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді
түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті
қаржы жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Өзінің әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере
отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап ететін, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009
жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша
жұмыс жалғастырылады.

Негізгі мақсаттар және міндеттер

Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары қаржы секторының тұрақтылығын
арттыру, ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған
кемшіліктерге, тұрақсыздық факторларына және құбылыстарына жол бермеу
бойынша жағдайлар жасау, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде
макроэкономикалық шешімдерді іске асыру құралы ретінде инвестициялық
белсенділікті ынталандыру, инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық
қызмет көрсетуді тұтынушылар тарапынан республиканың қаржы секторына
сенiмдi нығайту болып табылады.
Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдырудағы күш-жігері бірінші кезекте
ішкі инвесторларға бағытталады. Экономиканың ішкі ресурстары өзiнiң
әлеуетiн сақтайды және ішкі, оның ішінде көлеңкелі секторда айналыстағы
жинақ ақшаны тез және ауқымды тарту жөніндегі құралдарды жедел ендіру
қажет. Сонымен қатар, Қазақстанның шағын экономикасына қатысты жағдайларда
ресурстардың шектелуі шетелдік инвесторлардың қаражаттары мен ресурстарын
индустриализациялау бағдарламасын қаржыландыру барысындағы жоғары
маңыздылығын айқындайды.
Бұл үшін мемлекеттің ерте кезеңде жүйелік тәуекелдерді және олардың
көріністерін анықтау, алдын алу және жою қабілеттерін арттыру үшін
қадағалау және реттеу жүйесін нығайту жөніндегі, қаржы ресурстарын
жұмылдыру мәселелеріндегі мемлекеттің рөлін айқындау жөніндегі, қаржы
ұйымдары жүзеге асыратын қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттер іске асырылады. Сондай-ақ инвесторларды және қаржылық қызмет
көрсетудi тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдер
жетілдіріледі, корпоративтік басқару және қаржы ұйымдарының тәуекел-
менеджменті одан әрі дамиды.
Қазақстанның қаржы секторын дағдарыстан кейін дамытудың бірінші
кезектегі міндеттері ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі
механизмі ретінде мемлекеттік-жеке әріптестік институтын және қаржы
секторын реттеу мен қадағалаудың негізгі қағидаты ретінде контрциклдық
қағидатты пайдалану болады.
Осы Тұжырымдамада салық және бюджеттік қатынастарды қоса алғанда
Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесін дамыту мәселелері қаржы секторын дамытуға
қатысты ғана қарастырылады. Назарды қаржы секторына және қаржы
институттарына ауыстыру салық-бюджет қатынастарының тұжырымдамалық
құжаттары (Салық және Бюджет кодекстері) жақында ғана қолданысқа енгізілген
және олардың экономикалық әсерін бағалау қиын болған жағдайда расталды.

1-бөлім. Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселелеріндегі рөлін
айқындау

1.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі

Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі бәсекелестіктің нарықтық
механизмдерін және жеке кәсіпкерлік бастаманы мақсатқа сай қолданумен
қосылған экономиканы мемлекеттік реттеу шараларының артықшылығын растап
отыр. Осыған байланысты экономиканы мемлекеттік жоспарлаудың және
ынталандырудың рөлі артады. Сонымен қатар, еркін нарықтың бәсекелестік,
жеке меншікке қол сұқпау және іскерлік бастаманы қолдау сияқты базалық
қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың тиімді қызметі
ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу үшін
республиканың қаржы секторына деген сенiмді қалпына келтіру басым бағыт
болады. Бұл ретте қаржылық қызмет көрсету аясын кеңейту бойынша жұмыс
жандандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мемлекеттің әлеуметтік саладағы
міндеттемелерін қысқарту және институционалдық инвесторлардың ерекше
сыныбын құру бойынша мемлекеттің алғашқы қадамы болды.
Бүкіл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалаудың қисынды жалғасы
халықтың әр түрлі топтарын (мүгедектерді, біреудің асырауында тұратын
адамдарды, жұмыссыздарды және тағы басқалары) және медициналық
қамсыздандыруды толық мемлекеттік қолдау қағидаттарынан одан әрі әлеуметтік
қамсыздандырудың аралас жүйесіне тек мемлекеттің және жұмыс берушінің
қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар қызметкердің өзінің есебінен
көшу болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру
(сақтандыру) жүйелерін одан әрі жетілдіру шеңберінде нарықтық қағидаттарды
және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының
мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалана отырып әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Осы жұмыс шеңберінде күш-жігер тек
азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға ғана емес, сонымен қатар
экономикалық өсуді ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге қабілетті
институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады.

1.2. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын
жұмылдырудағы қызметінің бағыттары

Қазақстан қаржы секторының сыртқы қарыз алуға тәуелді болуының теріс
тәжірибесі қаржыландырудың ішкі көздерін тарту бойынша жұмысты жандандыруды
басым бағыт ретінде айқындайды. Бұл ретте ел ішінде қаржы ресурстарын
жұмылдыру бойынша жұмыстың жинақталған тәжірибесі мынадай бағыттар бойынша
жетілдіруді талап етеді.
Институционалдық инвесторлардың қаражатын тарту. Мемлекеттік органдар
мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру бойынша
жұмыс жалғасады, бірінші кезекте мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде.
Инфрақұрылымдық кешеннің объектілерін құру Қазақстанның экономикалық
дамуының негізгі басымдықтарының бірі болады. Мемлекеттік-жеке әріптестік
механизмдерін пайдалану экономиканың көлік және телекоммуникация
инфрақұрылымы, химия өнеркәсібі, металлургия, энергетика және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық сияқты стратегиялық маңызды салаларын түрлендіру
процесінің негізгі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Әріптестіктің осы түрі бір
жағынан алғанда, жеке кәсіпкерлік бастаманың әлеуетін іске асыруға және
дамытуға әрі институционалдық инвесторлардың қаражатын тартуға, екінші
жағынан алғанда, экономиканың әлеуметтік маңызды секторларында мемлекеттің
функцияларын сақтауға мүмкіндік жасайды.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ішкі және сыртқы
ресурстарды тиімді тарту үшін жағдайлар жасалады. Инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру үшін ресурстар беретін сыртқы және ішкі инвесторларға
мемлекеттің кепілдік беруімен борыштық бағалы қағаздарды шығару есебінен
инвестициялық жобаларды қаржыландыру механизмін әзірлеу басым бағыт болады.
Сондай-ақ инвестициялық жобаларды жоспарлауды және іске асыруды тиісті
дәрежеде бақылауды қамтамасыз ету және жауапкершілікті белгілеу, мемлекет
және бизнес арасындағы тәуекелдерді бөлу және жинақтаушы зейнетақы
қорларының шығындарын өтеу механизмдерін әзірлеу жөніндегі шаралар
әзірленеді.
Тиімді мемлекеттік-жеке әріптестікті қамтамасыз ету жөніндегі осы
міндеттерді шешу шеңберінде дамудың басым бағыты алдыңғы тәжірибені мұқият
зерделеу негізінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жинақтаушы
зейнетақы қорларының активтерін тартуды жандандыру болады.
Халықтың және кәсіпорындардың жинақ ақшасын тарту. Халықтың және заңды
тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері қаржы секторын
қорландырудың негізгі көзі болып қалады. Мемлекет осы құралдарға деген
сенімді нығайту және олардың тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар
қабылдайды. Бұған кірістер деңгейі тұрғысынан алғанда қолайлы болатын,
бүкіл депозиттерге толық кепілдік бермей, депозиттер бойынша өтеуге
кепілдік беру, нарықтық тәуекелдерді сақтандыру құралдарын дамыту, қаржы
нарықтарының қатысушылары қызметінің және олардың құралдарының айқындылығын
арттыру, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы қол
жеткізіледі.
Депозитке салудан және отандық нарықтағы қаржы құралдарына
инвестициялаудан алынған кірістерге салық салу барынша ықтиярлы болуы тиіс.
Салық салу режимі сақталуы тиіс және қатаңдату жағына қарай қайта
қарастырылмайды. Бұл ретте ол әр түрлі қаржы құралдарына салу үшін бейтарап
болуы тиіс.
Мемлекеттік қарыз алу құралдарын дамыту. Нөлдік тәуекел дәрежесі бар
қаржы құралдары эмитенттерінің бірі ретінде Үкіметтің рөлі айтарлықтай
арттырылады. Бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоса
алғанда, қаржы нарығының жекелеген сегменттерін дамыту және жетілдіру
жөніндегі міндеттермен және іс-шаралармен тығыз байланыста бола отырып
Үкіметтің активтерін және міндеттемелерін басқару стратегиясын әзірлеу
қажет. Үкімет борышының қауіпсіз деңгейін қолдау кезінде республикалық
бюджет дефицитінің тұрақты қалыпты мөлшерінің болуы кірістілік қисығын
құру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективалардағы күтулерді дұрыс
бағалау, қаржы құралдарының тәуекелін дұрыс бағалау, спот-ставкаларды және
болашақта қарыз алу ставкаларын белгілеу үшін қажетті айналыстағы
мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге
мүмкіндік жасайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту сондай-ақ республикалық
бюджеттің Ұлттық қордың трансферттеріне тәуелділігін төмендетуге, Ұлттық
қордың активтерін және инвестициялық кірістерін ұлғайтуға, сондай-ақ жинақ
құрамдас бөлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, бұл республикалық
бюджеттегі дефициттің болуын бір дәрежеде өтейді. Шығыстар көлемі және
дефицит мөлшері проциклдықтың әсер етуін жоюға да мүмкіндік жасауы тиіс,
бұл теріс әлеуметтік салдарын жұмсарту мақсатында экономикалық циклдың әр
түрлі сатысында мемлекеттік бюджеттің өлшемдерін өзгерту механизмін
әзірлеуді талап етеді. Республикалық бюджет дефицитінің болуы әлеуметтік
сипаттағы және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған
мемлекеттік бағдарламалардың ұлғаюымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді мемлекеттік
бағалы қағаздарының республикалық бюджеттің ақша ағындарының қысқа мерзімді
алшақтықтарына және бұрын шығарылған қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу
қажеттілігіне негізделген көлемі сондай-ақ нарықтағы қысқа мерзімді өтімді
сенімді құралдарға сұранысты ескеруі тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет дефицитін
қаржыландыру мақсатында шығарылатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді
мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі ішкі бағалы қағаздар нарығының
сыйымдылығы, оның ішінде қаржы секторы қатысушыларының инвестициялық
портфелінің құрылымына қойылатын, заңды түрде белгіленген талаптар ескеріле
отырып айқындалуы тиіс.
Нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік бастапқы және
қайталама нарықтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа
мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді айналыс кезеңдері бар
мемлекеттік бағалы қағаздарының ұсынылуы шартымен, әр түрлі кіріктірме
опциондармен, инфляциядан, айырбастау бағамының өзгерістерінен қорғау
опционымен айқындалуы тиіс. Шетелдік валютамен номинирленген мемлекеттік
бағалы қағаздар, бірінші кезекте халықтың жинақ ақшасын тарту үшін
шығарылады.
Жинақ ақшаны тартудың балама көздерін дамыту. Жинақ ақшаны тартудың
жылжымайтын мүлік қорлары (REIT), хеджерлік қорлар және индекстік қорлар
(ETF) сияқты балама көздерін дамыту бойынша жұмыс жандандырылады, оларды
ендіруге заңнамалық деңгейде мүмкіндік бар.
REIT жылжымайтын мүлік қорларының акцияларына инвестициялау ірі және
сол сияқты ұсақ инвесторға кәсіби басқарылатын портфельге қатысуға және
өзінің тәуекелдерін әртараптандыруға мүмкіндік береді, себебі жылжымайтын
мүлік қорлары акцияларының серпінділігі, әдетте, қор нарығы қозғалысының
жалпы бағытына сәйкес келмейді.
REIT жылжымайтын мүлік қорларын дамыту мақсатында бағалы қағаздар
шығару үшін объектілердің жеткілікті пулын қалыптастырған коммерциялық
жылжымайтын мүлікті кәсіби басқаратын компаниялардың ауқымды тобын құруға
ықпал жасау қажет.
Ішкі инвесторлардың тәуекелдерін әртараптандыру үшін инвестордың
тұрғысынан қарағанда нарықта ресурстарды орналастырудың балама тәсілі
ретінде хеджерлік қорларды құру және дамыту мәселелері қарастырылатын
болады.
Нақты кәсіпорындарға салымдарға үнемі байланысты болатын тәуекелдер
жоқ болған кезде институционалдық инвесторлар үшін белгілі бір салаға
немесе тұтас елдің экономикасына ұзақ мерзімге ақша салу мүмкіндігін беру
мақсатында инвестициялаудың балама көзі ETF индекстік қорлары болуы мүмкін.
Ресурстарды тартудың қосымша көздерінің бірі ретінде исламдық
қаржыландыру одан әрі дамиды. Қазақстандағы ислам қаржы ұйымдарының жұмысын
үйлестіретін ислам қаржы құралдары нарығын дамытудың негізгі тұғырнамасы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн
реттеу агенттiгi болады.
Вексель айналысы одан әрі дами түседі, ол шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қысқа мерзімді заем қаражатына қажеттілігін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді. Бұл ретте вексель айналысын дамытудың маңызды импульсі
бірінші сыныпты эмитенттердің коммерциялық вексельдерін қайта есепке алу
және олардың санын ірі және орта кәсіпорындар есебінен кеңейту болады.

2-бөлім. Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту

Орын алған жағдайлар қаржы жүйелеріне тән проциклдық сипатты растады,
бұл сипат кезінде кредиттердің, левередждің және активтер бағаларының тым
жоғары өсу қарқыны базалық экономикалық серпінділікті күшейтеді. Сонымен
бірге олар бір мезгілде жүйелік тәуекелдердің және қаржылық
сәйкессіздіктердің үдеуіне ықпал етеді, себебі экономикалық дүрбелең
кезеңдерінде тәуекелдердің жинақталу қасиеті болады және олар көп жағдайда
бағаланбай қалады және кейіннен құлдырау жағдайында ең теріс күйінде
көрінеді. Нарықтық тәртіп те, реттеу де жылдар бойы жинақталған, жылдам
инновациялармен және заем қаражатының өсіп отырған үлесінен туындаған
тәуекелдерді шектей алмады, активтердің жоғары бағаларына және заем
қаражатының өсіп отырған үлесіне байланысты қаржы жүйесіндегі жүйелік
тәуекелдердің үдеуіне ықпал еткен ұлғайған макроэкономикалық
сәйкессіздіктер есепке алынды.

2.1. Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың қолданылып
жүрген практикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Интеграцияланған
бірыңғай қадағалау қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалауға шоғырландыруды қамтамасыз ететін, қадағалаудың функционалдық
немесе институционалдық схемалары болған кезде орын алатын мүдделер
қақтығысы тәуекелін болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым
перспективалық схемасы болып табылады.
Қазіргі дағдарыс сабақтарын негізге ала отырып, қаржы секторының
субъектілерін реттеу мен қадағалауды қатаңдатуды жүйелік тәуекелдерді
болдырмау мақсатында макропруденциалдық тәсілді күшейту арқылы нығайту
қажет. Макропруденциалдық тәсіл реттеу мен қадағалаудың жекелеген
институттар мен нарықтардың сенімділігіне негізгі назар аударылатын
қолданыстағы құрылымының маңызды алғышарты және факторы болуы тиіс.
Қазіргі уақытта неғұрлым толық, жан-жақты және тиімді реттеу
қажеттілігін түсіну өсіп отыр. Тұтастай алғанда экономика үшін тәуекелдер
туғызатын қызметтің барлық түрін қоса алғанда реттеу саласын және
периметрін кеңейту, тәуекелдің реттеу периметрі шегінен тыс шоғырлануын
болдырмау мүмкіндігін зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте реттеу ұйымдарға
емес, қызметтің түрлеріне бағдарлануы тиіс.
Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге қажеттілікті толық
дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының көп
деңгейлі жүйесі қалыптасты. Көптеген елдердің халықаралық тәжірибесі
мамандандырылған банктерді құрудың тиімсіздігін, осы институттардың
толыққанды бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуіне қабілетсіздігін,
мемлекет тарапынан тұрақты қолдау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Тиісінше,
Қазақстанда мамандандырылған банктерді құру болжанып отырған жоқ.
Инвестициялық банкинг институтының жұмыс істеу жүйесі қайта қаралады.
Жаһандық инвестициялық банктердің банкроттығы олардың қызметін реттеудегі
тәсілдерді түрлендіру қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты,
инвестициялық банкингке қатысты жүргізуге рұқсат етілген операциялардың
тізбесі белгіленді және реттеу шеңберінде оларға левередждің және жүйелік
тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге
қатысты белгіленген жекелеген талаптар қолданылады.
Кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдармен қатар елдегі қаржы
делдалдығы жүйесін дамытуға ықпал етуді жалғастыруы тиіс. Алайда, осындай
ұйымдар мөлшері бойынша шағын, бірақ жоғары тәуекелді кредиттерді
жеткізушілер болып табылатынын ескере отырып, міндеттемелердің бір заемшыға
арналған ең жоғары лимиті төмендетіледі. Сондай-ақ кредиттік
серіктестіктердің және шағын қаржы ұйымдарының жүйелік тәуекелінің өсуіне
жол бермеу үшін олардың депозиттер тартуды (кез келген нысандағы) қоса
алғанда жария нарықта қарыз алу және тұлғалардың шектелмеген тобына
құралдардың ауқымды жиынтығын ұсыну бойынша мүмкіндіктері заңнамалық түрде
шектеледі.
Отандық сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларын
капиталдандырудың өсуін ынталандыру мақсатында шетелде қайта сақтандыру
рәсіміне талаптар қатаңдатылатын болады, сақтандыру сыныптары бөлігінде
қайта сақтандыру кезінде меншікті ұстау бойынша дифференцияланған
лимиттерді енгізу мәселесі қаралатын болады, қайта сақтандыру ұйымдарына
талаптар қатаңдатылады. Сондай-ақ міндетті сақтандыру түрлерінің тізбесі
қайта қаралады.
Осылайша, реттеу шаралары өсу мен тұрақтылықтың оңтайлы арақатынасын
қамтамасыз етуге бағытталады, бұл қаржы секторы мен экономиканың
теңдестірілген дамуына, ондағы сабынды көпіршіктердің пайда болуына жол
бермеуге және қаржы ұйымдарының қызметінде домино теріс әсерлердің алдын
алуға ықпал етеді. Жүйелік тәсілді қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің
тиімділігін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарының алуан түрлерін реттеу мен
қадағалау практикасы қажетті деңгейде бірегейлендірілетін болады.
Отандық қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері
нәтижесінде заңсыз шетелге шығарылған не осындай тұлғалардың шетелдік
аффилиирленген субъектілері шетелде негізсіз немесе заңсыз ұстайтын
активтерді анықтау және Қазақстанға қайтарымдылығын қамтамасыз ету
мақсатында мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) құқық қорғау және қадағалау органдары үшін қаржы және өзге
ұйымдардың активтерін заңсыз пайдалануды анықтау жөніндегі
мүмкіндіктерді, сондай-ақ соңғы алушыны айқындай отырып осы
активтерді, сондай-ақ отандық ұйымдардың активтерін шетелдік қарсы
агенттер заңсыз пайдаланатын кез келген активтерді шығару
бағыттарын заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету;
2) қаржы ұйымдарының заңсыз шығарылған және қайтарылмайтын активтерін
анықтауды және Қазақстанға қайтаруды, оның ішінде корпоративтік
басқару қағидаттарын жетілдіру есебінен қайтаруды қамтамасыз ету
жөніндегі қажетті шараларды қабылдау бойынша уәкілетті органдардың
міндеттерін бір мезгілде бекіту (мұндай активтерді анықтау және
қайтару жөніндегі міндет тиісті қаржы ұйымдарының лауазымды
тұлғаларына қатысты белгіленетін болады, ал оны жүзеге асыру
мүліктік және қылмыстық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз
етіледі);
3) уәкілетті және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ қаржы
ұйымдарының өздерінің (олардың органдары мен лауазымды
тұлғаларының) қызметінде қолдану үшін қазақстандық қаржы
ұйымдарының аталған активтерін анықтау, дәлелдеу және Қазақстанға
тиімді қайтару әдістемелерін жасау мен ендіру.

2.2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру

Қазақстанның қаржы жүйесі нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары
деңгейімен сипатталады. Бұл, әсіресе, елдің банктік және зейнетақы
секторларына қатысты. Осындай үрдістердің болуы және Қазақстанның қаржы
секторы үшін қазіргі дағдарыстың салдарлары аса ірі қаржы институттарының
тәуекелдері бүкіл қаржы жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін
дәстүрлі теорияны тағы да растайды.
Мұндай жағдайларда дағдарыстан кейінгі дамудың негізгі басымдықтарының
бірі қаржы секторындағы бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. Мұның
өзі тікелей шара ретінде бірінші кезекте банктердің капиталының ең төменгі
мөлшерін біртіндеп ұлғайту қажеттілігін көздейді. Оларды ірілендіру және
топтастыру не қаржы институттарының басқа түрлеріне қайта құру жаппай
өнімдер бойынша ірі банктерге тиісті бәсекелестік көрсетуге қабілетті
орташа банктердің нарықтық үлесінің өсуіне себепші болады. Сонымен қатар
банктерді және банк өнімдерін дамытудың неғұрлым табысты шарты олардың
бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Бұл, сондай-ақ, әсіресе, аймақтарда
банктік қызмет көрсетудің барынша ауқымды тізбесін қамтуды кеңейту және
халықтың қол жетімділігі тұрғысынан алғанда маңызды.
Қажет болған жағдайда қаржы секторына шетелдің қатысуын қаржы
секторының әрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-
ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі мәселе қаралатын болады.

2.3. Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын ендіру

Ағымдағы дағдарыс нәтижесінде әлемдік қаржы қауымдастығы жасаған және
реттеу жүйесін жетілдіру мен осындай дағдарыстарға жол бермеу мақсатында
бұдан әрі айрықша көңіл бөлуді талап ететін негізгі қорытынды реттеудегі
проциклдықты барынша аз мәнге жеткізу болып табылады.
Меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды
экономикадағы ахуалдың жақсаруына және бастапқы өсу белгілерінің пайда
болуына байланысты көтеру болжанады. Меншікті капиталдың жеткіліктілігін
бағалау тәсілі сандық қана емес, сапалық тұрғыдан да жетілдірілетін болады,
бұл қаржы ұйымдары капиталы құрылымының сапасын жақсартуды болжайды.
Жоғары тәуекелді операциялардың динамикалық өсуі, оларды шоғырландыру
шектеледі және провизияларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды арттырудан
көрініс табады және қажет болған кезде шоғырландыру лимиттерінің
белгіленуі, сондай-ақ тәуекел деңгейі жоғары операцияларды жүргізуге
тікелей тыйым салулар енгізілуі мүмкін.
Кредиттік тәуекелді бағалау рәсімін оңтайландыру және провизиялардың
барабар деңгейін қалыптастыру шеңберінде сондай-ақ контрциклдық тәсілді
ендіру болжанады, ол тәсіл кезінде экономикалық өсу кезеңінде ықтимал
шығынға резервтерді қалыптастыруға қойылатын талаптар арттырылады, ал
құлдырау кезеңінде – төмендейді. Сондай-ақ стресс жағдайлары немесе
күйзелістер басталған жағдайда резервтерді қалыптастыру ендіріледі.
Кредиттер бойынша күтілетін шығынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
ҚР экономикалық дағдарыстың мемлекеттік тәжирибесі
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы ақпарат
Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қаржыны басқару
Қазақстан Республикасындағы шет елдер инвестициясы
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Қаржы құқықтық қатынастары мен қаржы - құқықтық нормалар
Пәндер