Банктегі несиелік тәуекелділік. «Алматы сауда қаржы банкі» акцонерлік қоғамының несиелік қызметіне талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 3
Ι. БАНКТЕГІ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 6
1. 1 Несиелік тәуекелділікті басқарудағы банк тәуекелділігінің маңызы және оның теориялық негіздері . . . 6
1. 2 Банктік тәуекелдердің пайда болу кезеңдері мен көздері . . . 16
1. 3 Банктік тәуекелдердің классификациясы мен ерекшеліктері . . . 27
2 «АЛМАТЫ САУДА ҚАРЖЫ БАНКІ» АКЦОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ . . . 33
2. 1 Коммерциялық банктерде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру . . . 33
2. 2 Банктің несиелік операциялары - активті операциялардың негізгі бөлігі . . . 47
2. 3 Банктің несиелік операцияларының құрамы мен құрылымына талдау . . . 51
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 57
3. 1 Коммерциялық банктерде тәуекелді бағалау және есептеу әдістерінің ерекшеліктері . . . 57
3. 2 Коммерциялық банктің несие портфелін секъюритизациялау . . . 62
3. 3 Екінші деңгейлі банктердің қызметінде туындайтын тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……. 72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты. Алайда дүниежүзілік дағдарыс кезеңдерінде елімізде банктердің барлық операциялары тәуекелділікпен жүргізілуі тиіс, дегенмен банк менеджментінің кемшіліктері көп жағдайда осы тәуекелділіктерге мән бермеуден туындауда. Тәуекел деп ־ банк қызметінің операциясын өткізу жөніндегі қабылданған шешімі кезіндегі болжанған нәтижелерден теріс жағына ауытқу мүмкіндіктерін түсінеміз. Тәуекел пайданы жоғалтуға, шығындарға, ресурстық базалардың азаюына, өтімділіктен айырылуына, және көп жағдайда банкротқа алып келуі мүмкін, банкіге қолайсыз сыртқы және ішкі жағдайлардың әсер етуі мен жиналуының ықтималдығымен көрінеді.
Тәукелдер ־ банк қызметінің өн бойында болуы заңдылықтан тұрады. Ал өз кезегінде қабылдаған шешімдерін парасаттылықпен, басқаруға келетін және қаржылық мүмкінділіктер мен шама шегінде болатын болса ғана банктер табысқа жетеді. Банк активтер қаржылардың қандай да болсын сыртқа кетуін, шығыстар мен зияндарды жаба алатындай жеткілікті өтімді болуы керек.
Тәуекелі жоғары аймақтағы қызметтер жетістіктерге жету үшін банктерге шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамыту керек. Олар банктерге тәуекелдердің қандай түрлері және қандай көлемде екенін бағалауға мүмкіндік беру қажет; күтілген табыстылықтын сәйкес тәуекелділікті ақтайтындығын анықтау. Осының негізінде тәуекел факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін шараларды құрастырып іске асыру қажет. Берілген мақсатты жүзеге асырудың әдісі болып банк басқармасына тәуекелділікті анықтауға, өлшеуге және бақылауға және сол арқылы оның әсерін минималдауға мүмкіндік беретін тәуекелді басқару жүйесін құрастыру болып саналады.
Қазіргі әлемдік дағдарыстың әсерлері қаржы институттарының қызметіне әсіресе екінші деңгейлі банктер үшін өте қауіпті де қатерлі сондықтан тәуекелді басқарудың маңызы өзектілікке әкеліп отыр. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын қаржылық институт.
Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Қазіргі жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген операциясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Дипломдық жұмысты негізгі жаңалықтары қазіргі әлемдік дағдарыс
кезеңдері Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде кездесетін тәуекелдерді басқару және оны «Алматы сауда қаржы банкі» акционерлік қоғамының мысалында қарастыруымызда дағдарыс жолдарынан шығудың көптеген жолдарын қарастыруға мән берілді, мысалға ислам банк жүйесінің кейбір тиімді бағыттарын және қазақстандық өзіне тән спецификалық жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты. Диплом жұмысын жазу барысында біз келесідегідей мақсатқа жетуді көздедік. Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда «Алматы сауда қаржы банкі» акционерлік қоғамының мысалында және шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылған болатын:
- банктік тәуекелдердің табиғаты мен пайда болу алғы шарттарын, олардың теориялық негізін және басқарудың негізгі жолдарын зерттеу;
- шетел банктерінің тәжірибесінен банктік тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі олардың қолданылуына талдау жасау;
- Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің іс-әрекетінде кездесетін тәуекелдердің түрлерін анықтап, оларға талдау жасау және оларды бағалау мен басқару әдістерін анықтау.
Диплом жұмысының негізгі объектісі - Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерде кездесетін тәуекелдерді басқару және оны «Алматы сауда қаржы банкі» акционерлік қоғамының мысалында қарастырылды.
Диплом жұмысын жазуда теориялық - әдістемелік негізі ретінде шетел, Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым-қаржы және экономика саласындағы қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістерінің мәселелері туралы ғылыми еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары қолданылды.
Жалпы банк қызметі өзінің табиғаты бойынша банк өнімдері түрлерінің қиындауына қарай тәуекелдер жүйесінің пайда болуымен ерекшеленеді. Банктік тәуекелдерді басқару - бұл күрделі мәселе, бұл тәуекелді бақылау, бағалау (өлшеу), сәйкестендіру күрделі процесі. Банктердің коммерциялық операцияларын жүзеге асыру кезінде тәуекелді басқару маңызды болып саналады.
Ендеше, дипломдық жобаны зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:
- несиелік қызметті дұрыс ұйымдастыру;
- банкте лимиттерді белгілеу;
- несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
- өз уақытысында несиелік тәуекел деңгейіне байланысты неселерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
- несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
- несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу;
- несиелерді авторизациялау және несиелік мониторинг;
- несиелік портфельді басқару;
- проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк" және 1995 жылдың 31 тамызындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңдары", "Алматы сауда қаржы банкі" акционерлік қоғамының 2008 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған қаржы жылы бойынша жылдық есеп беру мәліметтері, КАSЕ биржасының, «Алматы сауда қаржы банкі" акционерлік қоғамының ресми сайттарының мәліметтерінен қарастырылды.
1 БАНКТЕГІ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Несиелік тәуекелділікті басқарудағы банк тәуекелділігінің маңызы және оның теориялық негіздері
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымды шаруашылық байланыстарының жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің бүкіл ел аралық, республикалық, аймақтық жергілікті сатыларында сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық деңгейінде экономикалық тәуекелдіктер теориясын оларды бақылау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді. Осы мәселелерді шешуде банк жүйелері басты роль атқарды. Бұл ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары ролінің өсе түсуіне және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы кағаздар нарығы, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларының және жаңа шаруашылық құрылымдардың кұруымен олардың қызметін жүргізуге де қатысады. Негізінде ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тауар, сауда және валюта нарықтарының аймақтық экономикалық қал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады.
Осылардың барлығы банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды. Кез-келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әр қашанда ақша ұқыпсыздығының болуының қаупі әсер етеді. Мұндай түрдегі қауіп-қатерлер, қаржыдағы қауіптердің тәуекелдерін білдіреді.
Қазіргі қаржы қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мемлекеттік банкісінің жоспар нұсқауы бойынша қызмет атқарды, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелділік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттіқ шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынады.
Қазіргі кезде банктік нарық тәуекелсіз болуы мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелділік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою, оны алдын-ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Жалпы тәуекелділік түсінігін қалай түсінеміз. Тәуекелділік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктік қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысының бір бөлігін жоғалту немесе косымша шығын шығару қаупін түсіндіріледі. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеруі керек: жоғалтулар, шығындар және де зияншылықтар.
Қызметі банкке тән тәуекелділікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеу алынады. Осы көрсеткіш өзінде залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелділік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелділік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептен де тәуекелділікті жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел категориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Шығындар. Банктердің өз қызметі барысында белгілі бір шығындары болады:
- салымшыларға төленетін пайыздар;
- басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем;
- есеп айырысу операцияларымен сондай-ақ, бағалы қағаздар мен байланысты шығындар;
- жұмыскерлерді, ғимараттарды, тағы басқаларды ұстауға кететін шығындар.
Шығын категориясына қатысты тәуекел, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелділігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюнктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез- келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез-келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелділігіне ұшырауы мүмкін. Негізінде банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды. Мұның барлығы белгілі-бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелділікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелділіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап тұру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Тәуекел - бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жа, дайын көрсететін кез- келген өндірушінің оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып табылады.
Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шығындардың пайда болуы, ресурстың, базаның қысқаруының, баланстық операциялардан сыртқары түрде төмендеуді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан біріншіден кез- келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішіен әрқашанда тәуекел деңгейі төменді таңдайды, екіншіден іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.
Егер:
- күтпеген жерден туындайтын болса;
- бұрынғы банктік тәжірибеге сәйкестілік негізде емес алдыға жаңа міндеттер қойылған болса;
- басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда, жетілдірілмегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса тәуекелдің деңгейі арта түседі.
Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:
- көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономикада болатын дағдарысты жағдайлар;
- банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;
- кейбір негізгі заң актілерінің жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;
- инфляция.
Бұл жағдайлардың туындауынан банк тәуекелдері мен оларды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енеді. Дегенмен аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауымен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ мәселелердің болуын жоққа шығармайды. Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардың негізінде пайда болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.
Тәуекел болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі. Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.
Теорияға негізделе сәйкестендірсек онда тәукелге мыналар тән болып саналады:
- белгісіздік;
- баламалықты таңдаудың қажеттілігі;
- баламалықты жүзеге асырудың ықтималдығына баға беру мүмкіндігі.
Көрсетілген элементтер белгілі бір тәукел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғалардың қызметімен тәуекелділіне байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарама-қайшылық, баламалық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.
Қарама-қайшылық мынадай жағдайларда көрініс табады деуімізге болады:
- тәуекел негізінен оң нәтижелер алуға бағытталған;
- ол субъективизимге және де объективті заңды түрдегі елемеушілікке әкеледі.
Баламалық-екі немесе одан да көп мүмкіндіктерді іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды.
Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалық әр түрлі күрделілік дәрежесіне ие.
Белгісіздік-бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің-субъективті және объективті екі негізгі тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдаманы салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы тәуекелдерден туындайды. Ал субъективті тұжырымдама бойынша тәуекел катердің кауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере, мінсіз-құлық нұсқаларын тандауына негізделген тұжырымдама болып саналады.
Сонымен шығындардың (тәуекелдердің) болуының мүмкіндігі күні бұрын қарастырылғанда (арасалмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайданы алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекелдік проблемалық жағдайларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс.
Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені, тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға, деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады (сурет-1) 1. Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Стратегиялық басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамыз етеді. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі мақсаты - операциялардың көлемін, табыс деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық құнын жоғарлату мақсатында банктік қызметтердің жаңа түрін енгізу.
Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады.
Сурет 1- Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі
Олардың ішінде жиі кездесетіндер:
- диверсификация;
- нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу;
- лимиттеу;
- өзін-өзі сақтандыру;
- хеджирлеу;
- сапаны басқару.
1) Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түріне байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек.
- Тартылған қаражаттың диверсификациясы:
- мерзімі бойынша;
- тартылу түрлері бойынша (заңды тұлғалардың депозиттері, жеке тұлғалардың депозиттері, банк аралық несие, халық аралық қарыздар) ;
- тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша) ;
ә) қолданылатын құралдардың диверсификациясы: активтер портфелінде төлем құралдары көп болу керек;
б) қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:
- мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді;
- қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ көп тұлғаларға берілуі керек.
2) Нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу практикада келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:
- банктің клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары және мерзімді басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру;
- Блумберг, Телерейтер, Рейтер. Интернет сияқты маманданған фирмалардан электрондық және ақпараттық қызметтерді алу және аналитикалық агенттіктердің мерзімді басылымдарына жазылу.
3) Лимиттеу - банктік тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлар, құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу. Шектеудің келесідей көп тараған түрлері бар:
- әр контрпартнерлармен операциялар бойынша лимиттер;
- әр құрал, актив түрі, нақты бөлімше немесе дилерге лимиттер;
- бір қарыз алушыға минималды қарыз мөлшері;
- баланстан тыс міндеттемелердің минималды мөлшері;
- келесі күнге қалдыруға мүмкін ашық позицияның минималды мүмкін мөлшері;
- банктің әр бөлімшесі, әр құралы, әр позициясы бойынша пайда мен шығындар лимиті.
4) Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің пайдасынан құралған резервтік қоры болуы керек. Мейлінше, тәуекел деңгейі бар банк активтерінің барлық түрлері сақтандырылуы керек;
5) Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;
6) Сапаны басқару - тәуекелді басқарудың қазіргі уақытқа ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Мұндай тәсілмен басқару үшін банкке маманданған қызметкерлер керек.
Несиелік тәуекелді басқару. Банк үшін несиелік тәуекелді басқарудың маңызы зор болып табылады. Несиелік тәуекел - негізгі қарызды және берілген қарыз бойынша есептелген проценттерді қайтармауға байланысты туындайтын тәуеклдің түрі. Несиелік тәуекелдің бірдей дәрежеде клиентке және банкке қатысы бар. Ол мынадай факторлармен байланысты туындауы мүмкін: кәсіби белсенділіктің төмендеуі, сұраныс деңгейінің төмендеуі, келеңсіз жағдайлар және тағы да басқа факторлар.
Банктердің несиелік тәуекелі негізінен екі тәуекелден тұрады: несиелік тәуекел және контрпартнер тәуекелі. Несиелік тәуекел несиені уақтылы емес немесе ішінара қайтаруға байланысты туындайды, ал контрпартнер тәуекелі контрпартнердың қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе банкроттыққа ұшырауымен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекел немесе негізгі соманың қайтарылмау тәуекелі келесідей өндірістік мәселелермен түсіндіріледі: өндірістің құлдырауы, өнімге деген сұраныстың төмендеуі және жеке өндіріс саласындағы кризистік жағдай.
Банктегі несиелік тәуекелдің деңгейі келесідей факторларға байланысты:
- ұзақ мерзімді приоритеттердің болмауы немесе банктің несиелік саясатының жиі өзгеріп отыруы;
- банктердің жаңадан пайда болған клиенттерінің арасында несиенің үлкен бөлігін орналастыруы;
- жағымсыз конъюктуралық өзгерістермен сипатталатын географиялық аймақтар мен салалардағы банк клиенттерінің көп шоғырлануы;
- қамтамасыз етілмеген несиелер, күмәнді несиелер, қаржылық жағдайы нашар клиенттерге берілген несиелердің үлес салмағының көп болуы;
- нарықтың жаңа сегменттеріндегі банк іс-әрекетінің тығыздығы.
Әр банк өзінің несиелік саясатын жеке құрастырады. Сондықтан да, әр банкте несиелік процессті ұйымдастырудың, қарыз сомасы мен есептелген проценттерді өтеу ерекшеліктері бар. Банктің несиелік саясаты үш бөліктен тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz