Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық
Университеті
""кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның сыртқы экономикалық
байланыстары .
Жоспары:
Кіріспе : Рефераттың мәні мен мақсаты.
Негізгі бөлім :
- Сыртқы экономикалық байланыс пен нарық жайлы жалпы түсінік
- Қазақстандағы нарықтың даму тарихы және оның экономикасын әлемдік нарықпен ұштастыру проблемалары.
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Менің тақырыбымның аты "Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары ". Оны таңдаған себебім, Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы жайлы және оны әрі қарай өркендету үшін не істеу керек? Деген сұрақтарға жауап тапқым келді. Кез-келген мемлекеттің дүниежүзілік дамыған елге айналуы үшін ең алдымен экономикасы мықты болу керек, яғни шет елдермен қарым-қатынас орнату, әлемдік шаруашылықта жетекші орынға ие болуы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қолда бар байлықты игере білу тағы да басқа мәселелереліміздің дамуына әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасын алатын болсақ, оның байлық көздері жеткілікті. Әсіресе жер асты байлықтары, мұнай, газ, ауылшаруашылық өнімдері т. б. Осы байлықтарды дұрыс пайдаланып, еліміздің дамуына жұмсасақ, сыртпен экономикалық байланыс орнатып, нарықтық экономикамызды әлемдік деңгейге көтерсек артта қалмаймыз. Қазақстанның экономикасын өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар: халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері. Республикамызда әртүрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес, сондықтан әрбір аймақтың өзіне тән құрылымы бар.
Қазақтан қой мен ешкі саны бойынша бұрынғы одақтас республикалардың ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тоғыз қоныстанған еңбек ресурстары жеткілікті Оңтүстік Қазақстан мал саны бойынша сирек қоныстанған Солтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Қорыта айтқанда осы аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, еліміз нарықтық экономиканы әлемдік нарықпен ұштастырып, дамытуы қажет. Бұған, әрине экономистер мен халық басшыларының атқаратын міндеттері өте зор. Сондықтан әрбір адамзат өз елінің экономикасының жағдайын, мүмкіншіліктерін және қандай елдермен байланыс жасау тиімді екенін біліп қана қоймай оны әлемдік деңгейге көтеруді ойластыру қажет деп ойлаймын. Сонда ғана Қазақстан дүниежүзілік дамыған елге айналады деген сенімдемін.
Негізгі бөлім
Сыртқы экономикалық байланыс пен нарық жайлы жалпы түсінік
Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т. б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылымы және даму деңгейіне қарамастан, бірде-бір мемлекет ойдағыдай дами алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әртүрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады. Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекетінің негізгі міндеті - халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою және сыртқы экономикалық байланыстарды үйлестіру, экономикалық қауіпсіздікті сақтау негізінде республиканың, региондардың және кәсіпорындардың валюта қорларын қалыптастыру мақсатымен халық аралық еңбек бөлісуге белсенді қатысу.
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік реттеу тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін "сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Мемлекеттік сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы тепе-теңдес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер істеушілерді тіркейді; мемлекеттік шекара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді.
Республиканың сыртқы экономикалық әрекетін жандандыру үшін сыртқы сауда көлеміне шек қою жойылды, мұның мәні шектелетін товарлардың санын күрт қысқарту. Шектелмеген товарлар ішкі нарықта нарықта бәсеке негізінде және аукциондарда сатылады.
Жалпы экономикалық сыртқы байланыстарды дамыту үшін белгілі бір мақсаттарға арналған экономиканың бағытын таңдап алу қажет. Мыс: Қазақстанның экономикасы- нарықтық экономика. Оны құру оңайға соққан жоқ. Қазақстанда көп салалы экономика болған еді, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылымындағы қайшылықтар да болды. Мұнда терілмеген мол мүмкіндіктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі өте төмен болды.
Халық тұтынатын товарлар өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем еді. Ол өнімдердің 60% дейін республикаға сырттан әкелініп тұрды.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Экономиканы қайта құра бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен 5-6 млн адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 1/3 -ден астамы. Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, мұнда қоршаған ортаның экологиялық жүдеулік жер-жерде қоюлана түсті.
Ұзақ жылдар бойы товар-ақша қатынасын елемеу, экономиканың монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі кор және товарлардың жеткіліктілігіне қарамастан тапшылыққа, товар-ақша тепе-теңдігінің бұзылуына мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделілігі де ұзаққа созылатындығы да осы себептерге байланысты болды. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып орнықтыру соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты жағдайларға соқтырды.
1990 ж желтоқсанның аяғында "Қазақ КСР-нің экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу" бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада нарықтық құрылымдар құруды жетілдіру, экономиканы нарыққа сәйкес реттеу, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру, шаруашы -лық әрекеттерді белсендіру қаралған.
Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы екінші бағдарламада (экономиканы тұрақтандырып, нарыққа өту кезеңіне) 1992-1995 жж алғашқы кезеңге мынандай міндеттер қойылды:
- мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
- тұтыну нарығын товарлармен қанықтыру;
- республиканың әлем шаруашылығына енуі;
Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген
экономикалық саясатты белсене жүргізуге, инфляцияны мүмкін болғанынша төмендету, өндірістің құлдырай беруін тоқтату, оны өркендете беруге жағдай жасау, халықтың әлеуметтік нәзік жағына нарық кеселінің салдарын жеңілдету мәселелері топтастырылған.
1996-2005 жж барысындағы екінші кезеңде көзделген міндеттер:
- Республиканың шикізат қана өндіруге бағыт ұстауын жойып, нарықтың толық механизмін құру, транспорт тараптарын тезірек дамыту және нарықтың барлық (көзделген) түрлерін де қалыптастыру;
- Экономиканы монополизацияға соқтырмай, дұрыс бәсеке атаулыны кеңінен қолдау арқылы барлық товар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік жасау;
- Жаңа технологияны игеріп "Экология" жайында жан-жақты жасалған бағдарламаны іс-жүзіне асыру арқылы табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- Отандық және халықаралық бизнес саласын кадрлармен толықтыру.
5-6 жылға арналған үшінші кезеңде ашық экономиканы дамыту
негізінде Қазақстанның әлемдік саудада алатын орнын нығайту, бюджет тапшылығы мәселелерін шешу, ұлттық валютаға толық жол ашу, республиканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер қатарына қосылуы көзделген.
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы және оның экономикасын әлемдік нарықпен ұштастыру проблемалары
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауарлар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен қатар өнім өндіруге мемлекеттік тапсырмаларды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коюктюрасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрліу кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама- ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өту керек.
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды деген сұрақты қарастыратын болсақ, тарихқа көз жүгірту керек.
Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриахалдық- феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналасуымен байланыстырады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің экономистеріміздің бұл пікірге үлкен күмәндары бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты- өндіріс құрал - жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі- ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсәп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриахалдық- феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі- Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалық Ресейдің отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп Ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейліеше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің өн бойында аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау қисапсыз. Алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қорытынды
Қорытатын болсақ, Қазақстанның дамуы үшін оның сыртқы экономикалық байланысының мәні зор. Сыртқы байланыс орнатпай әлем шаруашылығынан тыс ешқандай мемлекет ойдағыдай дами алмайды.
Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекетінің негізгі міндеті- халықшаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою және сыртқы экономикалық байланыстарды үйлестіру, экономикалық қауіпсіздікті сақтау негізінде республиканың, региондардың және кәсіпорындардың, валюта қорларын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуге белсенді қатысу. Республика Канада, Жапония және тағы басқа нарықтарды қолайлы жүргізудің статусын алды. Республика әлемнің 145 елімен сауда жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz