Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сактық қадағалау. Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
С. Ж. Аспендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті.
Еңбек гигиенасы курсы
Тоғызбаева Қарлығаш Қабдешқызы
Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі
санитарлық сактық қадағалау
Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал.
Алматы-2009ж.
Рецензенттер: Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының балалар мен жасөспірімдер гигиенасы зертханасының басты ғылыми қызметкері, проф. м. ғ. д. Е. Ж. Жарқынов.
Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының жалпы гигиена және экология қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау курсымен кафедрасының меңгерушісі проф. м. ғ. д. Салпынов. Л. Н.
Медициналық жоғары оқу орындарының медициналық профилактикалық факультетінің студентеріне, сонымен қатар санитарлық дәрігерлер мен профпатологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал.
Авторлық ұжым: Байсеркин Б. С., Лукашев А. А., Алибекова Г. Н., Саттаров А. И., Меркер В. А., Ниязбекова Л. С., Сейдуанова Л. Б., Кужемуратов С. Ж., Жунистаев Д. Д., Сайлыбекова А. К., Мадигулов А. Р., Нуршабеков А. Б., Абдразакова М. Ж., Айтамбаева Л. Н., Турғымбаева Л. (ст- 2к ОМ) .
Оқу-әдістемелік құрал КазҰМУ-нің әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланып, ұсынылды №6 хаттама, 19. 06. 2009ж.
Мазмүны
Кіріспе . . . 4
- Құрылысқа жер участкесін таңдау мен бөлу кезеңінесанитардык, сақтық қадағалау . . . 7
- Өндірістік зерзаттарды жобалау кезеңіне санитарлық сақтық қадағалау. Жобаның жеке бөлімдеріне қойылатынгигиеналық талаптар . . . 13
- Жобаны талдау . . . 15
- Жобаны санитарлық-гигиеналық сараптау . . . 18
- Бас және ситуациялық жоспарды сараптама . . . 22
- Жобаның архитекгура-құрылыс
бөлімін сараптау . . . 28
2. 2. 3. Жобадағы санитарлық-түрмыстық
жабдықтарды сараптау . . . 36
2. 2. 4. Жобаның технологиялық
шешімін сараптау . . . 38
2. 2. 5. Өндірісгік желдендіру мен кондиционерлену жобасьш
сараптау . . . 42
2. 2. 6. Жылыту жобасын сараптау . . . 51
2. 2. 7. Өнлірістік қалдықтардың утилизация, канализация және сумен қамтамасыз ету жобасын сараптау . . . 53
2. 2. 8. Жарықтандыру жобасьш сараптау . . . 57
2. 2. 9. Жобаның "Жұмысшылардың және қызметкерлердің еңбегін ғылыми ұйымдастыру. Өндірісті басқару" бөлімін
сараптау . . . 63
2. 3. 0. Қоршаған ортаны қорғау шараларынын жобасын сараптау . . . 64
2. 3. 1. Жұмыс өндірісі мен құрылысты үйымдастыру жобасын сараптау . . . 68
3. Зерзаттың қүрылысына, реконструкциясына және техникалық қайта жабдықталуына санитарлық сақтық қадағалау жүргізу . . . 72
4. Өндірісгік зерзат пен қүрылысты эсплуатадияға қабылдау кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау . . . 75
5. Авторлық бақылау жүйесіне санитарлық сақтық
қадағалау . . . 80
6. Машиналардьщ жаңа үлгісін дайындау мен жобалауға, технологиялық процесс енгізуге санитарлық сақтық, қадағалау . . . 82
Әдебиеттер . . . 88
Сабақтың жалпы мақсаты:
Сақтық санитарлық қадағалауды өткен кезде жобалау бойынша құрылыс кезеңінде және түрлі өңдірістік зерзаттарды эксплуатацияға қабылдауда, жобалау нормаларын талдау кезінде, жаңа технологиялық процесс, құрал-жабдықтар, аспаптар, құрал-саймандар, жүмысшылардың денсаулығына әсер ететін химиялық заттарды енгізу кезінде күші бар санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуьн студенттерге практикалық дағдыландыруда үйрету.
Жеке дидактикалық мақсаты.
1) . Өндірісте санитарлық сақтық қадағалаудың ұйымдастырылуымен таныстыру;
2) . Өндірісге ССҚ жүргізілуіне тәртіп белгілеуші, негізгі, арнайы құжаттарды оқыту;
3) . Өндірістік зерзаттарға жер участкесін бөлу; жоба құжаттарын талдау, құрылыс және саллынып біткен зерзатты эксплуатацияға қабылдау кезеңінде ССҚ іске асырылуының жүйелі тәсілін меңгеру;
4) . Жобаны жалпы негізінде қарайтын және күші бар нормативті техникалық құжаттармен танысу (салалық стандарттар, шикізаттьң жаңа түріне, өндірістік өнімдерге, ыдыс және орайтын материалдарға, технологиялық процесс, құрал жабдықтарға, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарына техникалық жағдайлар) .
Кіріспе
Санитарлық сақтық қадағалау (ССҚ) санитарлық дәрігердің жұмысының бір бөлігі болып табылады және ол Қазақстан Республикасының профилактикалық жұмысгарында өте тиімді де, негізгі қасиетке өзінше ие.
Санитарлық сақтық қадағалаудың іс-әрекетінің мазмұны 1995 жылдың 25. 04. 547 "Положением о государственной санитарной экспертизе в РК" анықталған.
Санитарлық сақтық қадағалаудың негізгі мәні жобалау, құрылыс және түрлі мақсатты өндірістік зерзаттарды эксплуатацияға кіргізу кезінде, жобалау нормаларын, мемлекеттік стандартты талдау кезінде, жаңа шикізаттардың техникалық жағдайында, жаңа технологиялық процесті, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсер көрсететін химиялық заттарды кіргізу кезіңдегі күші бар гигиеналық нормалар мен санитарлық ережелердің сақталуын бақылау болып табылады.
Өндірістік кәсіпорындарда ұзақ мерзімді эксплуатация, қателесулер мен оларды жобалауда нормалардан ауытқулар болып тұратындықтан жұмысшылардың бірнеше ұрпақтарының денсаулық жағдайына және жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына, сонымен қатар қоршаған табиғат ортасына қайтарылмайтын зияндылықтар алып келетін теріс әсерлер көрсетуі мүмкін. Сондықтан технико-экономикалық мәселелерді шешу кезінде, еңбекті қорғау мен еңбек етушілердің денсаулығын, қоршаған табиғат ортасын қорғаудың барлық шараларын қарастыру тиіс.
Санитарлық сақтық қадағалау жүргізу үшін санитарлық дәрігерге кәсіптік білім, әр түрлі өндірістік процесстердін технологиясын білу, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын және қолданылатын негізгі құрылыс, реконструкция жүмыстарын жүргізетін құжаттарды білу қажет.
"Положение о государственном санитарном надзоре в РК". Санитарлық сақтық қадағалауды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармаларының барлық деңгейінде, ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінен бастап Қазақстан Республикасыньщ бас мемлекеттік дәрігеріне дейін жүргізетіні қаралған. Өндірістік зерзаттардың құрылысы кезіндегі ССК, (өндірістік, ауылшаруа-шылық және т. б. ) төрт негізгі кезеңді қамтиды;
1. Құрылысқа жер участкесін бөлу келісімі.
- Жобалауды бақылау, жобалық құжаттарды талдау кезінде күші бар санитарлық-гигиеналық нормалар менережелердің орындалуын санитарлық бақылау.
- Салынып жатқан зерзатты құрылыс барысында санитарлық сақтық қадағалау.
4. Жаңа салынған және реконструкцияланған, пайдаланута
тапсырылған зерзаттарды санитарлық бақылау.
Жобалық құжаттарды қарау келесі тәртіппен тағайындалған:
1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемологаялық қадағалау мекемелерімен өнеркәсіп құрылысының, ғимараттар мен салу жобалық-сметалық құжаттары міндетті түрде келісілуі тиіс.
Бұл құжаттар, сондай-ақ, типтік жоба, салынатын зерзаттын немесе жобалық ұйымдардың территориалдық орналасу принципі бойынша келісімге тапсырылады.
2. Өте ірі жөне манызды өнеркәсіптердің ғимараттар мен салу қүрылысының жобалық құжаттарын ҚР Денсаулық сақтау комитетінің бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы жасайды.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері жобаны талдауда, сонымен қатар өндірістік,
тұрмыстық және қоғамдық ғимараттар құрылысы кезінде таңдамалы бақылаулар жасайды.
Санитарлық сақтык қадағалауды іске асыру кезінде санитарлық дәрігер келесі деректі құжаттарды басшылыкқа алуы тиіс:
1. ҚР Конституциясы (1995ж. )
2. ҚР Заңы "Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" (1997 ж. маусым)
3. ҚР Заңы "О санитарно-эпидемиологической благополучии населения".
4. ҚР Заңы "О недрах и недропользовании" 1994
5. Қаз. ССР Министрлер кабинетінің қаулысы 22. 05. 1991 жыл N 318. "О порядке экспертизы и утверждения проектно-сметной документации и создании Госкомиссии по приемке в эксплуатацию законченных строительством объектов".
6. ҚР Заңы "Еңбекті қорғау туралы"
7. СНиП 1. 02. 01. 85 "Инструкция о составе, порядке, разработки, согласования и утверждения проектно-сметной документации на строительство предприятий, зданий и
сооружений".
8. СНиП 3. 01. 01. 85 "Организация строительного производства".
9. Санитарные нормы проектирования производсгвенных объектов 1. 01. 001. 94.
10. Санитарные правила организации технологических процессов и гигиенические требования к производственному
оборудованию. 1. 01. 002. 94.
СЭС немесе гигиеналық профильді Ғылыми зерттеу институтарының мамандары гигиеналық сараптама жүргізгеннен кейін, қаралған жоба бойынша қорытынды, санитарлық-техникалық кеңесте талқыланады. Бұл кеңес ССҚ-ды іске асыруда негізгі кезең больш табылады, себебі осы кеңесте СЭС-тің мамандарымен, құрылыс салатын мекеме және жобалау мекемелерінің өкілдері мен түрлі ведомоствалық мамандар арасында жобалық материалдарды қарау мәселесі жөнінде, ой алмасуларға мүмкіндіктер туып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелерінің талаптарына негіздеулер мен мүмкіндіктер айқындала түседі. Санитарлық-техникалық кеңесте қабылданған шешім, кеңес өтетін СЭС-тің бастығымен бекітіледі.
Санитарлық-техникалық кеңестің шешімін есепке ала отырып, екбек гигиенасы бөлімінің дәрігері жоба бойынша қорытынды дайындап, оған СЭС бастығы қол қойып, жобалау ұйымдарына тапсырылады.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда ССҚ-дың негізгі бағыттары мен оның өндірістік құрылыста жүргізілу әдісі келтірілген. Бұдан басқа, басты санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің, құрылыс нормаларынын тәртіптері де берілген.
1. Құрылысқа жер участкесін таңдау мен бөлу кезеңіне санитарлык сақтық қадағалау.
Құрылысқа жер участкесін таңдау мен бөлу кезеңіне ССҚ негізгі мақсаты өнеркәсіптің орналасу орнына бірнеше талаптардың қамтамасыз етілуі болып табылады:
1. Санитарлық қорғаныс алабының (СКД) сақталу мүмкіндігі;
2. Суды пайдалану бойынша рациональды шешімдерді қабылдау;
3. Су көздерін, топырақты және атмосфералық ауаны арнайы технологиялық процестерді есепке ала отырып, ағынды сулар мен өндірістік тастандылармен ластанудан қорғау.
4. Жұмысшыларды мақсатты түрде жайластыру мен оларды жұмыс орнына жеткізу.
Болашақ өндіріс кәсіпорны үшін дұрыс және рациональды жер учаскесін таңдауда санитарлық дәрігер алдын ала жоспарлау, алдыңғы жоба мен жобалық құжаттармен тиянақты танысу қажет.
Алдын ала жоспарлау құжаттары мыналардан тұрады:
- халық шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының даму және орналастыру сызба нұсқасы;
- өндірістік күштердің экономикалық аудан бойынша даму және орналастыру сызба нұсқасы;
- өндірістік күштердің даму және орналастыруының бас сызба нұсқасы;
- тұрғын жердің және қала құрылысының бас жоспары;
Алдыңғы жоба құжаттары:
- күрделі зерзаттардың технико-экономикалық негіздеулері
- кішігірім зерзаттардың және жеке ғимараттар құрылыстарының технико-экономикалық есеп айыру құжаттары.
Жобалық құжаттар үлкен ерекше зерзаттарға жоба және жұмыс қүжаттарынан, ал жаппай типті қүрылыс зерзаттарына тек қана жұмыс жобасынан тұрады.
ТЭН өндіріс салаларына сәйкес даму мен орналастыру сызба нұсқасына байланысты зерзат құрылысы мен жобасына тиісті шаруашылықты және мақсатты материалдарды қарастыру керек. Жана қүрылысты негіздеу кезеңінде ТЭН мынадай болуы тиіс:
1. Жаңа технологияны енгізу, модеринизация, ескі құрал жабдықтарды ауыстыру және басқа да шаруаларды енгізу жолымен өндірістің қуаттылығының мүмкіндіктеріне тиянақты талдау жасап, онын қуаттылығын арттыруға аз қаржымен, қысқа мерзім ішінде жетуді қарастыру;
2. Негізгі өндірістің технологиялық сызба нұсқасы мен кәсіпорын жоспарынын бас сызба нұсқасының талдауы;
3. Өндіріс алаңын кеңейтпей өнімнін шығуын көбейту мәселелерін, аз шығын мен қысқа мерзімде шешуі;
Жерді рациональды пайдалану мен қоршаған ортаның ластануынан қорғауда ТЭН-ге кіретін шаралар мыналар:
- қамтамасыз ететін техникалық шаралар: қайта пайдаланылатын сумен қамтамасыз ету шаралары, ағынды сулардың мөлшерін азайту немесе ағынсыз жүйені пайдалану, атмосфераға зиянды тастандылардың шығуын азайту және онымен ластануды төмендету:
Қалдықсыз технология, қоршаған ортаны қорғауға байланысты көптеген гигиеналық проблемаларды радикальды шешуді. ТЭН-ге жер участкесін тандау мен бөлу кезінде санитарлық-гигаеналық мәнге ие ситуаииялық және шамамен бас жоспарлар мен басқа да құжаттар ұсынылады.
Өндірісnік кәсіпорынның құрылысына жер участкесін беру үшін комиссия құрылады, оның құрамына міндетті түрде мемлекеттік санитарлық-зпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің өкілі кіреді. Құрылыс жүргізетін мекеменің өкілі күрделі емес зерзат үшін 15 күн бұрын, күрделі зерзат үшін 30 күн бұрын, комиссия жүмысына дейін СЭС- ке мынадай материалдарды тапсыруы керек:
1. Алаңның орналасқан орны мен көлемі туралы мәліметтер, құрамына қоса ситуациялық жоспар, гидро-геологиялық мәліметтер, топырақтың ластану дәрежесі туралы мәліметтер, зерзаттың қысқаша сипаты мен оның қуаттылығы көрсетілген мәліметтер.
2. Жергілікті еңбекпен, материалдық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі.
3. Алаңнан тыс инженерлік тораптар мен коммуникациялық жаңа трассалар (жол) төсеу.
4. Қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Ұсынылған материалдар құрамында, егер зерзат қолайлы бөлмеде орналасқан болса, типті жоба мен реконструкция жобасына арналған жобаға тапсырма болуы тиіс. Сонымен қатар, құрылыс салатын мекеме өкілі алдын ала әкімшіліктің шешімімен жолдама хат, администрация келісімі және ұйымының уставы тапсырылуы тиіс.
Жер участкесін таңдау жэне бөлу кезеңіндегі санитарлық дәрігердің іс-әрекет алгоритмі
1. Санитарлық дәрігер жоғарыда келтірілген барлық материалдын ұсынылуын белсенді түрде талап етуі керек.
2. Ұсынылған материалдардың толықтығын тексеру.
3. Тиісті нормативтік-техникалық құжаттарды жинау.
4. Ұсынылған материалдарды қарау.
5. Бөлінген участкеге шығу.
6. Қорытынды жазу.
Болашақ жер участкесінің ситуациялық жоспары, радиусы 2 км-ден кем емес СҚА көрсетілген белгілі масштабта тапсырылуы тиіс (өндіріс кластары СН 1. 01. 110. 94 келісілген) .
СҚА дегеніміз өндірістік кәсіпорынның зияндылық көзінен тұрғын зонаға дейінгі территория.
Зиянды заттардың шығуы мен технологиялық процесс жағдайына байланысгы, сонымен қатар атмосфераға шығатын зиянды тастандыларды тазарту шараларының жүргізілуін еске ала отырып, өндірістік кәсіпорындарға сәйкес 5 класқа белінеді. (СН 1. 01. 001. -94)
СҚА-ның көлемі кәсіпорынның класына байланысты тағайындалады:
I класс - 1000 м
II класс- 500 м
Ш класс- 300 м
ІУкласс - 100 м
V класс - 50 м
Санитарлық қорғау алабының көлемі келесі кәсіпорыңдарға белгіленеді:
а) атмосфералық ауаға зиянды және ұнамсыз иіс шығаратын және қоршаған ортаны ластайтын көздері бар технологиялық
процессті өндірістер.
б) шу, діріл, ЭМӨ-ің т. б. факторлардың зиянды көздері бар мекемелер.
в) ЖЭС (жылу электр станциялары) өндірістік және өндірістердің түтін құбырларынан зиянды заттар шығарылатын өндірістер.
Санитарлық жіктелуі бойынша I және II классты зияндылықты өндірістерге мысалы: металлургия өнеркәсібі, мұнай өңдеу өнеркәсібі жатады, олар ІОООм және 500м қашықтықта орналастырылуы тиіс.
Тұрғын зона шекарасына III және IV класс зияндылықты өндірістерді жүк айналымының келеміне байланысгы, сонымен қатар V класс өндірісі мен өндірістік зияндылықтар бөлмейтін өндірістерді, бірақ та, темір жол, кіре беріс жолдарды қажет ететін, мысалы, машина жасау, металл өңдейтін және тағам-дық кәсіпорындарды орналастыруға болады.
Өндіріс ауданында, тұрғын зона деңгейіне дейін өндірістік зиянды факторлар шығармайтын кәсіпорындарды, ШРЕД-ден жоғары шу туғызбайтын және темір жол жолы кіре берісті (5-ші) класты зиянды өндірістерді орналастыруға болады.
Жоғарыда берілген өнеркәсіптер тұрғын елді мекендерге жел жағынан орналастырылмауы керек. СҚА өнеркәсіп үшін гигиеналық негізделулерге сүйене отырып, 3 есеге дейін үлкейтуге болады.
СҚА-ның көлемі өндірістік кәсіпорын жұмысы бойынша гигиеналық көрсеткіштердің жақсаруына байланысты азайтуға да болады.
СҚА-ның кеңдігін негіздеуге атмосфералық ауаның күтілетін ластануын есептеу қолданылады. Зиянды заттары бар тұрғын жерді қоршаған атмосфералық ауаның есептелінген ластануы тағайындалған санитарлық нормадан аспауы тиіс. Санитарлық қорғау алабы дүрыс көгалдандырылуы керек, ондағы көгал өндірістен шығатын газ, бу, аэрозольдарға төзімді болуы тиіс.
Өндірісnік өнеркәсіп құрылысына алаңды таңдау кезінде тікелей күн сәулесі мен табиғи желдету қатынасы санитарлық талаптарды қанағаттандыру керектігіне көңіл аудару керек, оларды нашар желдетілетін ойыстар мен сайларға орналастыруға тиым салынады.
Жерді таңдау кезінде тағы бір көңіл аударатын жай, ол жер батпақ болмауы тиіс, атмосфералық сумен толып қалмаған болу керек.
Мүмкіндігінше рельеф тегіс, атмосфералық су жеңіл ағатындай болуы тиіс. Тегіс емес рельеф кезінде тиісті жерді тегістеу жүмыстары жүргізілуі керек. Жер асты судың деңгейі ең төменгі қабаттың еденінен, подвалдан 0. 5 метрден кем болмауы керек. Кейде бұл шама салыстырмалы мағынаға ие және жер асты суының жоғары деңгейде болуының өзі участокты бөлуде келісімге теріс шешім қабылдау үшін негіз болып табылмайды. Мүндай жағдайда жобаның құрылыс белігінде гидроизоляция шараларын қарастыруына және жертөле бөлмелерінің салынбауын талап ету керек. Сонымен бірге сумен қамтамасыз ету және канализация сұрақтарын шешу қажет.
Құрылыс салатын мекеменің өкілі барлық инженерлік-техникалық коммуникациялардан суды пайдалану туралы алдын ала есептеу анықтамасын тапсыруы тиіс.
Өндірістік кәсіпорын жақын орналасқан елді мекендерге қатынасы бойынша су көздерін санитарлық қорғау талаптарын есептей отырып, өзен ағысы бойымен төмен орналастырылады.
Атмосфералық ауаны қорғауды ұйымдастыру кезінде ОНД-86 құжатын басшылыққа алған жөн. Заказ беруші атмосфералық ауаның аймақтық (фон) ластануы туралы, ағынды суларды шығару жағдайы туралы, тазарту қондырғыларының жүйесі және жылумен қамтамасыз етудің алдын ала есебі туралы мәліметтерді тапсыруы тиіс.
Егер су-жылумен қамтамасыз етілу және канализация толықтай іске асырылған және қор болмаған жағдайда, санитарлық дәрігер, құрылыстың тиісті су көзі мен жылумен қамтамасыз етуді және канализация жүйесін кеңейтуді талап етуі керек. Жоғарыда берілген материалдар санитарлық дәрігерге жер участкесін бөлу бойынша жұмыс істейтін комиссияның жүмысынан 15 күн бұрын тапсырылуы тиіс.
Бұдан соң, санитарлық дәрігер тапсырылған мәліметтердің толықтығына көз жеткізіп, оларды талдайды, бөлінген жерге шығып көреді, жердің ситуациялық жоспарға сәйкестігін көреді.
Мұнан кейін комиссия қорытынды береді, ол төрт бөлімнен түрады:
- Паспорт бөлімі
- Белгілеу бөлімі
- Ескертулер мен ұсыныстар
- Өзіндік қорытынды шешім: келісім немесе келіспеу.
Қорытынды екі апта ішінде жасалынып, СЭС-та тіркеу журналына тіркеледі. Типтік жоба үшін (қорытынды) шешім екі жылға дейін ал, жеке жоба үшін жобалау мен құрылыстың барлық кезеңінде күші бар.
Санитарлық дәрігердің қорытындысы қоршаған ортаны қорғау шараларының келісімі мен барлық коммуникацияларға қосылу келісімі болып табылады. Әрбір сұракқа жауап толық болуы тиіс. Қорытындыны толтыру үшін мәліметті жер участкесін бөлу материалдары мен тиісті санитарлық нормалар мен ережелерден алынады. Барлық зерттелінген материал-дардың негізінде жобаланған өнеркәсіптің құрылысы үшін бөлінетін жер участкесінің жарамдығы анықталыналы. Егер негізгі қайшылықтар болмаса құрылыс үшін участок жарамды деп жазылады. Жер участогі санитарлық нормалар талабына фактілі мәліметтер бойынша сәйкес келмегенде, теріс шешім қабылданады.
Жер участогын таңдау мен бөлу туралы қорытындының бір данасы СЭС-ның іс-қағазыңда сақталынады. Қорытындыда қаралған санэпид бақылау мекемелерінің ұсыныстары жобалау ұйымдары үшін міндетті күшке ие, олар талқылау процессінде қатаң түрде орындауы қажет.
Жергілікті зерзатты кеңейту, не болмаса жаңарту, реконструкция жүргізу, жаңа технология енгізу, жаңа шикізат қолдану барысында реконструкция жүргізу үшін жоғарыда айтылған жұмыстар сол қалыпта келісім ретінде жүргізілуі керек.
Осыдан соң әкімшілік құрылысқа жер участогын беру туралы шешім қабылдағаннан кейн, осы зерзат "Салынатын және реконсгрукцияланатын зерзаттарды ССҚ картасында(ф. ) " тіркеледі және құрылыс кезеңінде бақылау жүргізу тағайындалады.
Комиссия актыға қол қоя отырып, СЭС бас дәрігері немесе СЭС маманы комиссия төрағасына берілетін қорытындыға (ф. ) сүйенуі тиіс. Ф. қорытынды беру кейінгі түрлі түсініксіз жағдайлардан аулақ болуға, зерзаттың бекітілуіне байланысты анықтауға болады.
2. Өндірістік зерзеттарды жобалау кезеңіне санитарлық сақтық кадағалау. Жобаның жеке бөлімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Зерзатты жобалауда санитарлық сақтық қадағалау оның негізгі ұтымды түрі болып табылады.
СЭС-да жобаны талқылау немесе тікелей жобалау ұйымдарында қарау гигиеналық кемшіліктер, санитарлық нормалар мен ережелерден ауытқуларды болдырмауға, жаңа прогрессивті шешім кіргізуге, қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуте мүмкіндік береді. Болашақ зерзаттарда, күшке ие нормалар мен ережелердің сақталуына жауапкершілік, жобалау ұйымдарындағы басты адамдар инженерлерге жүктеледі.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орындарымен келісім бойынша жобалық- сметалық құжаттар келесі жағдайда қарастырылады:
1. Жобалық қүжаттар күші бар санитарлық- гигиеналық нормалар, ережелер мен инструкция талаптарынан негізделген жеке ауытқулармен талқыланғанда;
- Жобалық шешімде бекітілген санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормалар жоқ болғанда;
- Тандамалы бақылау тәртібі кезінде көрсетілген жағдай кезінде жобалық құжаттар зерзат құрылысының территориалдық орналасу негізі бойынша мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісуге ұсынылады.
Типті жоба, санитарлық - гигиеналық ережелер мен нормалар талаптарынан жекеленген ауытқулармен талданғанда да, жобалау мекемелерінің территориалдық орналасу негізі бойынша келісімге ұсынылады.
Барлық салынатын зерзаттың қүрылыс салатын өкілдері құрылысты қаржыландырудың басталуынан бір ай бұрын, салынғалы жатқан құрылыс жөнінде тиісті СЭС-ға хабарлаулары керек, және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының талаптары бойынша зерзат құрылысына бақылау жүргізу үшін (жұмыс жобасын) уақытша пайдалануға бекітілген жобаның қажетті бөлімін ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz