Зоология


Зоология
Ертедегі халықтар арасында зоология қандай дәрежеде дамығандығын біз зоологияның ертедегі гректерде даму дәрежесіне қарай шамалап аламыз. Гректің аса ірі философы және жаратылыс зерттеушісі Аристотель (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) зоология жайында да көп әдеби мұралар жазылған көп кітаптар қалдырған. Аристотель өз заманындағы білімді толық меңгерумен қатар, өзінің зерттеулері арқылы сол білімді, әсіресе жануар систематикасы олардың морфологиясы және эмбриологиясы жөнінде толықтырып кеңейтті. Аристотель жануарлар дүниесін төмендегідей негізгі екі топқа бөлді: қызыл қанды жануарлар және «қансыз» жануарлар. Осылайша омыртқалылар мен омыртқасыздар бір-бірінен бөлінді, өйткені Аристотель қызыл қанды жануарларға, осы кездегі омыртқалы жануарлар класына сәйкес келетін мынадай бес майда топты жатқызды: 1) «тірі туатын төрт аяқтылар» - бұлар осы кездегі сүтқоректілерге сәйкес келеді бірақ кит тәрізділер бұл топқа кірмейді; 2) құстар; 3) «жұмыртқа салатын төрт аяқтылар» және жорғалаушылар мен қос мекенділерге сәйкес келеді; 4) «өкпемен тыныс алып тірі туатын аяқсыздар» - кит тәрізділер және 5) «желбезекпен тыныс алатын қабыршакты аяқсыздар» - балықтар.
Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды бір топқа біріктіру көп уақытқа дейін зоологиядан кең орын алып келді, тіпті үстіміздегі ғасырдың бас кезінде шыққан кітаптардан да «жыландар» (қосмекенділер +бауырымен жорғалаушылар) тобы деген айрықша топты кездестіруімізге болады. Бұл сияқты топқа бөлу, кездейсоқ белгілердің ұқсастығына сүйенетін жасанды система деп аталатын, табиғи системаға үйлеспейтін, системаға айқын мысал бола алады; осы кездегі бізге мәлім белгілерін түгел алып қарағанда бауырымен жорғалаушылар қосмекенділерге қарағанда құстарға жақын. Ал, омыртқасыздардың орасан көп тобын Аристотельдің өте майда топтарға бөлуі онша дұрыс емес еді, бұл омыртқасыз жануарлар тобына жататын жануарлардың саны орасан көп екендігін және әртүрлі екендігін еске алсақ өзінен-өзі түсінікті болады. Аристотель омыртқасыз жануарларды «қансыз» деп санады. Аристотель жануарлардың небәрі 520 формасын сыйпаттап жазған. Ал, кәзіргі кезде жануарлардың бізге белгілі формалары жүз мыңдап саналады; сірә, Аристотель жануарлардың өзіне белгілі формаларын сыйпаттап жаза беруге тырыспаған болу керек.
Орта ғасырдағы зоология тарихына тоқталмасақ та болады. Діннің көрсеткен қысымы табиғатты тікелей зерттеуге кедергі болумен қатар, тіпті христиан діні шығудан бұрын, ескі авторлардың жазғандарына да тыйым салды. Бұл дәуірде жазылған кітаптар өте ерте дәуір авторларының шығармаларынан да төмен дәрежеде, нашар жазылған.
Тек қайта өрлеу дәуірінде ғана зоологиялық зерттеу жұмыстары жолға қойылып, жандана бастайды. Жануарларды сыйпаттап жазумен қатар медицина тілектеріне сәйкес адам анатомиясын зерттеу күшейе бастады; Леонардо да-Винчи (1452-1519), Везалий (1514-1564), Евстахий, Варолий, Боталий, Фаллопий және басқалары осы жөнінде қызмет істей бастады, бұлар тұңғыш рет өлген адамдар денесінің анатомиясын зерттей бастады. Ерте заманның ірі анатомы Гален (131-201) жануарлар анатомиясын зерттеп, содан кейін сол зерттеулерінің нәтижесін адамға қолданған, ал орта ғасырда, өлген адамдар денесінің анатомиясын зерттеуге мүмкіншілік болмады деуге болады. Жануарлардың анатомиясын зерттеу тағы біраз уақытқа дейін Галеннің қателерін табу мақсатымен жүргізілді, оны да Аристотельді зерттегендей ынтамен зерттеді. Кейінірек жануарлар анатомиясын, сол жануарлардың анатомиясын білу мақсатында зерттейтін болды. Осылайша, кейінірек шыққан салыстырмалы анатомияға материал құрастырған жануарлардың сыйпаттама анатомиясы келіп шықты. Сол кездегі физиология да өркендеп дамый бастады. Бұл дәуірдің физиологтарының ішіндегі ең атақтысы, қан айналысын зерттеген Гарвей (1578-1657) ; ол өзінің эмбриологиялық бақылаулары арқасында қандай жануар болсада жұмыртқадан өніп-өседі деген қортынды жасаған.
XVI ғасырда тұңғыш рет көзілдірік және үлкейтіп көрсететін шынылар пайдаланыла бастады. Бұларды ептейсіз бірін-біріне қосудан микроскоп шықты, алғашқы кезде бұл микроскоптар өте азғаға үлкейтетін және майда насекомдар сыяқты ірі объектілерді ғана көрсете алатын. Микроскопты жақсарту шыныны дұрыс жонып, өңдей білуге байланысты болатын, бұл жұмысқа шебер Левенгук (1632-1723) жақсы "микроскоп жасап алып, сол арқылы жұмыс істей бастады, ол инфузорияны, қан денешіктерін ашты және тұқым сұйықтығынан сперматозойдтарды тапты (Гаммы деген оқымысты екеуі) . Мальпиги (1628-1694) линза арқылы жұмыртқада балапанның өсіп-дамуын зерттеді және жібек құртын зерттеп насекомдар анатомиясын анықтау жөнінде өте көп жұмыстар істеді.
Сөйтіп, микроскопты қолдану арқасында зоология мен ботаникадан жануарлардың және өсімдіктердің микроскоптік құрылысын зерттейтін микроскоптік анатомия дейтін пән бөлініп шықты. Дегенмен, дербес ғылым - гистология тек XIX ғасырдың бастапқы жылдарында Француз анатомы К. Биша (1801) тканьдардың құрылысы туралы өзінің ілімін жарыққа шығарғаннан кейін бөлінді. Шванның 1839 жылы шығарған клеткалық теориясы гистология ғылымының дамуына үлкен себеп болды.
Жануарлардың дамуын зерттеуде микроскопті қолдану - эмбриология дейтін дербес пән бөлініп шығуына мүмкіндік берді. XVII ғасырдан бастап бірқатар зерттеушілер: Фабриций (1537 -1614), Мальпиги (1628-1694), Левенгук (1632-1723) тағы басқалар ұрықтың дамуын, аналық және аталық жыныс клеткалардың құрылысын зерттеді.
Микроскоптің табылуы XVII ғасырдан бастап Европада табиғат тану ғылымының дамый бастауының тек жеке мысалдарының бірі ғана. Бірқатар Европа елдерінде бұл кезең феодалдық құрылыстан капитализмге көшумен байланысты болды. Бұл өндіргіш күштердің күшті дамыған дәуірі еді. Өнеркәсіптің әртүрлі тараулары (тау-кен, металлургия, тоқыма, былғары, кеме жасау және т. б. ) орасан тез өсе бастады. Жаңа рыноктарға мұқтаждық күшейді, бұл көптеген саяхатшылық сапарларға шығуға себеп болды, мұның нәтижесінде көптеген ұлы географиялық табыстарға қол жетті.
Осы саяхаттардың кезінде басқа жерлерді мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер жөнінде көптеген жаңа мәліметтер жыйналды, Англияда және Францияда ғылым Академиялары ашылды, зоологиялық музейлер мен бау-бақша ұйымдастырылды, бұларда саяхатшылардың әкелген қол-лекциялары жыйналды. Зоология дербес ғылым болып бөлініп шықты, оған жануарлар систематикасы және биологиясы кірді; адам анатомиясы мен физиологиясы дербес пән ретінде маңыз ала бастады.
XIX ғасырдың бас кезінде жануарлар анатомиясын зерттеу көп ілгері басты. Әсіресе, Линней дәуіріне қарағанда, «омыртқасыздар» деп аталатын жануар дүниесі туралы көп мәліметтер жыйналды, бұларды Ламарк (1744-1828) 10 класқа бөлді. Ламарк сонымен қатар жануарлар дүниесін омыртқасыз және омыртқалы жануарлар деп екіге бөлуді қалпына келтіріп жолға қойды, мұны ол организмдер құрылысының күрделену жолындағы негізгі «градацияларының» бірі деп есептеді. Сипаттама анатомия салыстырмалы анатомияға айналды және жануарлар системасын құруға негіз болды, бұл жұмыстарда атақты француз зоологі Жорж Кювьенің (1769-1832) осы кездегі және қазба омыртқалы жануарларды салыстырып зерттеу жөніндегі еңбегінің маңызы орасан үлкен болды. Кювье жануарлар дүниесін басты-басты төрт ірі тарауға (кейін тип деп аталған) бөлді (1812), олар: омыртқалылар, буынаяқтылар, моллюскалар, сәуле тәрізділер. Екінші типке - буынаяқтыларға - осы кездегі системадағы буынақтылардан басқа буылтық құрттарды да жатқызған; моллюскалар типіне нағыз моллюскалардан басқа мұртаяқты шаян тәрізділерді де жатқызған, әрине бұл қате болған, ал сәуле тәрізділерге сол кезде толық зерттеліп болмаған жануарлардың бәрін - инфузорияларды, ішекқуыстыларды, тікен терілілерді, паразит құрттарды жатқызған. Кювье бұл типтердің аралық формаларын таба алмаған, олар өткен кезде де, кәзіргі уақытта да бір-бірінен жеке болған және Линнейдің түрлер тегі жөнінен бір-біріне байланыссыз, тұрақты өзгермейді деп санаған. Кювье де типтер бір-біріне байланыссыз, тұрақты, өзгермейді деп санаған.
Кювьенің тип - теориясы, сол кезде зоологияда жаңа туып дамып келе жатқан жануарлардың құрылыс тегі бір, ұқсас деген теорияға қарама-қарсы болды. Бұл. өкінші теория XVII-XVIII ғасырда-ақ етек алып тараған теория болатын, бұл «организмдер сатысы» деп аталған ілік түрінде шыққан, бұл ілім бойынша организмдер өзінің күрделілігі және жетілуі жөнінде үздіксіз қатар болып, сатыланып келуі керек. Организмдер сатысы теориясын ең қызу қолдаған Боннэ (1720-1793) болған, оның пікірінше сатының ең төменгі басқышында от, ауа, су және жер, ал ең жоғарғы басқышында төрт аяқты жануарлар, адам, періштелер, құдай болады. XVIII ғасырдың соңғы он жылында және XIX ғасырдық алғашқы ширегінде шыққан зоологиядағы натуралистік философия жануарлар сатысы идеясын қолдады және бұл идеяны ұрықтық даму кезеңіне де қолданды. Жоғары сатыдағы жануарлар ұрығы өзінің даму кезеңінде «организмдер сатысында» өзінен төмен тұрған төменгі сатыдағы жануарлардың күйін басынан өткізеді. XIX ғасырдың бас кезіндегі эволюцияны қолданушылар да организмдер сатысы идеясын қолдаған, өйткені жануарлар дүниесінің бірлігі және үздіксіз өсуі эволюция көзқарасына сәйкес келіп отырған. Ламарктық (1809) жануарлар градациясы туралы, олардың құрылысы бірте-бірте күрделене беретіндігі туралы ілімін еске түсірейік. Франция натура философиясының ірі өкілі және эволюция оқуын жақтаушы Э. Жоффруа Сент-Илер (1772-1844) барлық жануарлар дүниесі құрылысының бірлігі туралы оқуды таратты, бұл көзқарас Кювьенің тұрақты төрт тип туралы оқуына қайшы келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz