Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі



1. Компьютердің пайдасы
2. Компьютердің ағзаға әсері және ғаламтордың зияны жөнінде
3. Қауіпсіздік техникасының ережелері
4. Ұялы телефонды қалай пайдалану керек?
5. Ұялы телефондар денсаулыққа зиянды
1. Байланысқа кіру. Компьютер басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Компьютер өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.
2. Кеңінен жайылу. Компьютер, интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.
3. Қатысу. Компьютер адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал компьютер болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».
Microsoft үшінші жыл қатарынан Қауіпсіз Интернет күніне қолдау көрсетіп келеді. Еуропалық комиссияның бастамасымен Insafe бейкоммерциялық ұйымы жариялаған бұл мерекелі күн дәстүрлі түрде жылдың екінші айының екінші аптасының екінші күні өткізіледі. 2011 жылы онлайн қауымдастық 8 ақпанда Қауіпсіз Интернет күнін атап өтті.
2011 жылдың 8 ақпаны, Алматы қ. - Қазіргі заманғы бағдарламалар мен технологиялар құрылымына балаларды Интернет пен компьютердің зиянды әсерінен қорғауға арналған қолдануға ыңғайлы әрі қарапайым құралдардың кең жиынтығы енгізілген. Microsoft аса танымал бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлейтін жауапкершілігі мол компания ретінде балалардың Интернет желісін қолдануын барынша қауіпсіз ету үшін осы құралдар мен қорлардың мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынады.
Мәселен, Microsoft компаниясы жаңа Windows 7 операциялық жүйесіне енгізілген отбасылық қадағалау қызметін үй компьютерінде қосу мүмкіндігін ұсынып отыр. «Ата-ана бақылауы» қызметі шеңберінде біріктірілген түрлі құралдардың көмегімен ересектер балалардың жеке ақпаратын дұрыс басқаруға және балаға рұқсат етілген ақпарат мазмұнын анықтауға белсенді қатыса алады.Сонымен қатар, Microsoft осындай қорғаныс қызметін өзінің басқа да өнімдеріне енгізіп отыр. Атап айтқанда, балалар арасында кеңінен танымал Xbox 360 ойын құрылғысы, Xbox Live және Windows Live желілеріне қорғаныс қызметтері енгізілген. Бала осы кеңістіктерде

жұмыс жасау кезінде отбасы қауіпсіздігіне арналған арнайы параметрлер көмегімен қорғалып отырады. Бұл параметрлер ата-аналарға балар үшін белгілі бір ойын немесе ақпарат ортасын қалыптастыруға, желіні қолдану уақытын реттеуге, жеке ақпаратты беру мүмкіндігін шектеуге немесе түгелімен жауып тастауға, баланың достарының тізімін анықтауға және т.б. мүмкіндік береді.
1. Айқын.кз мақалалары (автор Әйгерім Бақытқызы, Мақсұтбек Сүлеймен)
2. info-tses.kz/red/article.php?ar...
3. infust.kz/2011/12/2990/
4. kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=
5. kutkarushy.kz/safety-of-work/22-tel.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Кафедра: метеорология

1курс,2 группа

Тақырыбы: Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік.

Ұялы телефон қауіпсіздігі.

Орындаған: Перепис А.Е.

Тексерген: Исанбекова А.

Жоспар:

Компьютердің пайдасы

Компьютердің ағзаға әсері және ғаламтордың зияны жөнінде

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Ұялы телефонды қалай пайдалану керек?

Ұялы телефондар денсаулыққа зиянды

Компьютердің пайдасы
1. Байланысқа кіру. Компьютер басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар,
газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді.
Компьютер өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны
жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі
көңіл көтерумен ұштастырады.
2. Кеңінен жайылу. Компьютер, интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем
бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан
уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы
өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас
мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.
3. Қатысу. Компьютер адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-
қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты
және радио да осы сияқты. Ал компьютер болса өзіне қатысушы адамға осы
мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту
сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының
ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген
бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын
жібере аласыз.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың
жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп
мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды
компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, есіне жаттайды.
Microsoft үшінші жыл қатарынан Қауіпсіз Интернет күніне қолдау көрсетіп
келеді. Еуропалық комиссияның бастамасымен Insafe бейкоммерциялық ұйымы
жариялаған бұл мерекелі күн дәстүрлі түрде жылдың екінші айының екінші
аптасының екінші күні өткізіледі. 2011 жылы онлайн қауымдастық 8 ақпанда
Қауіпсіз Интернет күнін атап өтті.
2011 жылдың 8 ақпаны, Алматы қ. - Қазіргі заманғы бағдарламалар мен
технологиялар құрылымына балаларды Интернет пен компьютердің зиянды
әсерінен қорғауға арналған қолдануға ыңғайлы әрі қарапайым құралдардың кең
жиынтығы енгізілген. Microsoft аса танымал бағдарламалық қамсыздандыруды
әзірлейтін жауапкершілігі мол компания ретінде балалардың Интернет желісін
қолдануын барынша қауіпсіз ету үшін осы құралдар мен қорлардың
мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынады.
Мәселен, Microsoft компаниясы жаңа Windows 7 операциялық жүйесіне
енгізілген отбасылық қадағалау қызметін үй компьютерінде қосу мүмкіндігін
ұсынып отыр. Ата-ана бақылауы қызметі шеңберінде біріктірілген түрлі
құралдардың көмегімен ересектер балалардың жеке ақпаратын дұрыс басқаруға
және балаға рұқсат етілген ақпарат мазмұнын анықтауға белсенді қатыса
алады.Сонымен қатар, Microsoft осындай қорғаныс қызметін өзінің басқа да
өнімдеріне енгізіп отыр. Атап айтқанда, балалар арасында кеңінен
танымал Xbox 360 ойын құрылғысы, Xbox Live және Windows Live
желілеріне қорғаныс қызметтері енгізілген. Бала осы кеңістіктерде

жұмыс жасау кезінде отбасы қауіпсіздігіне арналған арнайы параметрлер
көмегімен қорғалып отырады. Бұл параметрлер ата-аналарға балар үшін белгілі
бір ойын немесе ақпарат ортасын қалыптастыруға, желіні қолдану уақытын
реттеуге, жеке ақпаратты беру мүмкіндігін шектеуге немесе түгелімен жауып
тастауға, баланың достарының тізімін анықтауға және т.б. мүмкіндік
береді.2011 жылдың қаңтар айында Қауіпсіз Интернет күніне орай Microsoft
компаниясы онлайн қауіпсіздік мәселесі жөнінде ата-аналар мен балалардың
көзқарасын анықтау мақсатында халықаралық зерттеу жүргізген болатын.
Аталған сауалнамаға жалпы есеппен Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың 11 елі
қатысты. Сауалнамада берілген сұрақтарға Ұлыбритания, Ирландия, Испания,
Финляндия, Италия, ОАР, Португалия, Түркия, Греция, Мысыр және Ресейде
тұратын ата-аналар мен балалар жауап берді.Зерттеу нәтижелері көптеген ата-
аналар интернетте кездесетін қауіп мүмкіндігі жөнінде білетіндігін және осы
мәселелерді балаларымен талқылайтындығын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде
анықталғандай, ата-аналар көп жағдайда өз сөздеріне кереғар әрекет етіп,
техниканы өздерінен жетік білетін балаларының интернеттегі жүріс-тұрысына
қатысты жауапкершілікті өздерінің қадағалауы мен көмегінсіз баланың өзіне
жүктейді екен.Жалпы алғанда, Қауіпсіз Интернет күнін атап өту интернет
қолданушылардың желідегі қауіпсіздігі жөніндегі білімдерін арттыруға
арналған. Осы мәселені шешу жолдарын талқылау, оған көпшіліктің назарын
аударту, интернетте қауіпсіз жұмыс жасау бойынша қазіргі заманғы
технологиялар мен әдістермен таныстыру мақсатында биыл ата-аналар мен
мұғалімдерге арналған тренингтерді өткізу, сондай-ақ, балалардың
интернеттегі қауіпсіздігі мәселесіне қатысты конференция ұйымдастыру
жоспарланып отыр.

Microsoft туралы ақпарат:

1975 жылы негізі қаланған Microsoft корпорациясы бағдарламалық
қамсыздандыру, дебрес компьютерлер мен серверлер үшін Интернет-
технологияларды әзірлеу бойынша жетекші компания болып табылады. Компания
кез-келген уақытта, кез-келген жерде және кез-келген құрылғыда заманауи
бағдарламаларды қолдану арқылы адамның мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған
іскери және жеке қолданыстың кең ауқымды бағдарламалық өнімдерін ұсынады.

2002 жылдың соңынан бастап Microsoft кеңсесі Алматыда қызмет ете бастады,
оның міндетіне Қазақстан аймағындағы бағдарламалық қамсыздандыру нарығын
дамыту және ең жаңа технологияларды енгізу және жергіліктендіру кіреді.

Компьютердің зияны

Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез-келген қоғам мүшесі
ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені
шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз
оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос
уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей...
Дей тұрғанмен, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін құлағында ойнасам
деп талпынған компьютердің адам денсаулығына зияны бар ма? Күн-түн демей
интернет клубтардан шықпайтын жас жеткіншектерімізге әсері қалай? деген
сұрақ бәрімізді мазалайтыны сөзсіз.
Соңғы кездері компьютердің адам денсаулығына зияндығы туралы жиі айтыла
бастады. Компьютер алдында көп отыратын адам арнайы жаттығуларды күнделікті
жасап, демалыс уақытын жүйелі орналастырмаса, компьютерден алатын
сәулеленудің әсері өте жоғары болмақ. Сондықтан да компьютермен жұмыс
істейтін ересек адам әр сағат сайын, ал жас жеткіншектер жарты сағат сайын
10-15 минуттай үзіліс жасап тұруы керек, және күніне компьютер алдында 5
сағаттан артық отырмағаны жөн. Осыдан кейін күндіз-түні интернет клубтарда
отырып алып, компьютердің алдынан шықпайтын жастарымыздың халін бағамдай
беріңіз. Үнемі қозғалмай отырғандықтан омыртқаның қисаюы, сәулелену
ауыруына шалдығады.
Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін
негізгі факторлар: ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу; монитордың
электрмагнит сәуле шығаруы; көздің қажуы, қол ұшы буындарына жүктеменің
көптігі.
Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық
бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз,
ал балаларда - сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда,
орындықта көп отырғанда, жамбас мүшелерінде қан айналысының нашарлауына
әкеліп соғады, мұның салдарынан - простатит және геморрой пайда болады,
бұларды емдеу - ұзақ процесс. Бұдан басқа, қозғалыстың аз болуы май басуға
әкеледі.
Қазіргі кезде жұқа экранды мониторлар денсаулыққа қауіпсіз делінгенімен,
бірақ әлі де оның белгілі мөлшерде электромагниттік сәулелерді бөліп
шығаратыны айтылуда. Ал ескі мониторлардың зияны тіптен жоғары. Сондықтан
үстеліңізде ескі манитор тұрса одан ертерек құтылғаныңыз жөн.
Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін
тигізеді. Көруді нашарлатады.
Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда
болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына
әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.
Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын
ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының
бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.
Ал осындай көптеген зиянды әсерінің бар екеніне қарамастан адамдардың одан
бас тартпайтыны анық, бұл заңды да. Өйткені өркениетті қоғамның тірлігін
компьютерсіз елестету мүмкін емес. Дей тұрғанмен, көп уақытын интернет пен
агентте өткізетін жастарымыздың қазіргі күйіне алаңдамай тұра алмайсың.
Қаламызда компьютерлік дүңгіршектер мен вагондар көптеп кездеседі. Мұндай
жерлерде ойын бағасы арзан, сондықтан виртуалды ойындарға берілген балалар
күні бойы отыруға дайын. Бірақ, ол жерлерде ауа ылғалдылығы төмен. "Шаңды"
микроклимат балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Сонымен бірге, тек
пайданы көздегендер компьютердің жұмыс тәртібіне аса мән бермейді.
Негізінде бір ойын компьютері 4-5 шаршы метр жер алуы керек. Ал іс жүзінде
ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар-қатар орналастырылған.
Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың
"қыликөздікке" ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ
отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына
түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі
ұшырайды. Виртуалды ойындарға еліктеп әр түрлі қылмысты істерге баруы
мүмкін. Сондықтан бұл қауіптің алдын алу үшін ата-аналармен қоғам болып
бірге күресу, мектеп жасындағы балалардың интернет залға кіруін шектеу
керек.
Ал, компьютер пайдаланушылар мынаны есте сақтағаны дұрыс: үнемі компьютер
қосулы тұратын бөлменің ақтаулы болғаны, еденіне линолеум төселгені дұрыс.
Оны сүрту де оңай. Компьютерлі бөлмелерге балығы бар аквариум немесе су
толы ыдыс қойылып, кактус өсірілгені абзал. Өйткені су өзіне негативті
энергияны тартып алып, бөлмелерде ылғалдылықты реттейді. Ал кактус болса,
электромагнитті өрістерді бойына сіңіреді. Үстелдің пернетақтамен биіктігі
62-88 см, үстелдің деңгейімен санағанда, еденнен санағанда экран биіктігі
90-128 см; үстел мен экранның ара қашықтығы 40-115 см. экран мен
оператордың көзінің ара қашықтығы 60-80 см болғаны дұрыс.
Компьютер - көп жұмыстарымызды оңайлататыны анық. Десе де ағзаға тигізетін
кері әсері өз алдына. Ендеше, виртуалды ойынға мас болып экранға байланған,
агентпен дос болып, компьютерге қамалған жастарымыздың жағдайына
алаңдайтын, жайын бағамдайтын кез келген секілді...

Компьютердің ағзаға әсері және ғаламтордың зияны жөнінде

Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді.
Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес,
компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде
қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі,
көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай
алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына
зор зиянды әсер алады.
Компьютерлік сырқат белгілері:
Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын
сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нәшарлауы.
2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің
ауыруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне
түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы.Көздің барлық көру қабілеті
белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы
деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің
синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, аккомодация
көлемінің кішіреюіне, қарама-қарсылық сезімталдығының, сезіну қабілетінің
әлсіреуіне әкеліп соқтырады.Жалпы, бейне монитордың, жазу столының,
отыратын орындықтың, тағы да басқаларының орналастырылуы дұрыс болуға
тиісті. Орындықтың биіктігін, арқалығының дұрыс тұруын, клавиатураның
тұрған орнын, дисплейдің көлемін, экранмен ара
қашықтықта жұмыс істейтін адамның өзіне ыңғайластырып қойғаны абзал. Өмір
тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда дисплей өте жоғары тұрады, жүйелік
блоктың үстіне қойылады. Соның салдарынан, басты үнемі көтеріп отыруға тура
келеді де, мойын омыртқа тұсы ауыратын болады.Жарыққа да мән берген жөн.
Мамандар бөлмеге жарықтың 300-500 люкс шамасында біркелкі түсуіне ақыл-
кеңес береді. Негізінен, жарықтың қапталдан түскені қолайлы және бөлменің
төбесі қабырғасына қарағанда ашық, ақ болуы шарт.
Монитор мен клавиатураның зияны Компьютерден шығатын электромагниттік
сәуленің адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді.
Алайда бұл барлық компьютерлерге тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда
ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен.
Кейінгі жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына қарай үш түрге
бөлініп келді: ақ, сары, қызыл болып. Ақ құрылысты компьютерлер АҚШ-
та, Жапонияда және Батыс Еуропа ердерінде шығарылғаны. Олар сапалы да
қауіпсіз. Сары құрылысты компьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань)
жасалынғаны. Сапасы өте жоғары емес. Қызыл құрылысты компьютерлер
өзіміздің шеберлердің құрастырғандары. Зиянды сәулені көбірек бөлетіні де
осылар.Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның
одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапозаннан
тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін
көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына
ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да
шалдығады.
Ғаламтор және бала Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер,
суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар
өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың
қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік
шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам
сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын
теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста
жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: Биыл
жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді
көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы
парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды
тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген - деп.
Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының
бір сыры осында жатқан тәрізді.
Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар
ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды
ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға
шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-
қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми
прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген
адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген
жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...
Ғаламтордың зиянынан сақтандыру.Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру
үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып
түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын
көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми
газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге
тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға
тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан
сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы
орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат
берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар
мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған
балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс.
Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет.
Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана
бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы
танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ,
ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен
жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп
отыруымыз керек. Баламыздың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға
тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыруымыз да –
ата-аналық парызымыз.
Компьютерді дұрыс орналастыру
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей
болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су
құйылған ыдыс қояды.
7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше,
5-10 минут үзіліс жасап тұрады.
8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға,
айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң
көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
9. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп
тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары
жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел
үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран
бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер
сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан
түсіп тұрғандығын анықтайды.
10. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған
соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника сататын дүкеннің сайтын құру
МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс
Электрондық оқулықтарды құрастыру құрылымы
Телекоммуникациялық компьютер компоненттері
Телефон - телефон
HTML - гипермәтінді белгілеу тілі
Тораптың қатынас құру саясаты
Кәсіпорынды автоматтандыру
Сымсыз желілердің қауіпсіздік қатері мен қауіп төнуі, қауіпсіздік хаттамалары
Тез арада арнадан арнаға ауысуы
Пәндер