«Алматы құс» цехы


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Шығармашылық бөлім
  2. «Алматы құс» цехының мінездемесі
  3. Экономикалық бөлім
  4. Еңбекті қорғау бөлімі
  5. Экологиялық бөлім
  6. Құс етінін ассортиментін ұйымдастыру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.

Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.

Қазақстандағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы экономикалық өсудің негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. /1/.

Сыртқы нарықтарда тұтыну үшін күрес шын мәнде бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауадың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекетті, экономиканы құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі БСҰ кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2004 жылдың 19 наурызында елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауы соған дәлел болып отыр. Ол жолдауда мынандай сөздер келтірілген:

  1. «Алматы құс» цехының мінездемесі

«Алматы құс» Ұлттық Акционерлік Компания (ҰАК) өз қызметін 1998 жылдың науырыз айынан бастап, Алматылық АООТ «Алтын құс» (Чапай 1960 жылы құрылған), АООТ «Феникс» (Каскелен, 1981 жылы құрылған), АООТ «Абай» (Абай, 1963 жылы құрылған) және ААҚ «Ават құс фабрикасы» (Ават, 1965 жылы құрылған) төрт құс фабрикасының активтерін қосу жолымен құрылды. Бастапқы кезде аталған құс фабрикаларының барлығы сенімді басқару негізінде болған, ал содан кейін Сеймар Концернінің меншігіне өтті. Осы кезде фабриканың әр қайсысында ғимараттарды, құрылғылардың, инфрақұрылымның қайта құрылуы жүріп өтті, құс орналасқан жерлердің жаңартылуы жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні «Алматы құс» ААҚ құрамына Чапай құс фабрикасы, Ават бройлерлік құс фабрикасы, Жоғары Ават құс фабрикасы, Алексеев құс фабрикасы, Алматы бройлерлік құс фабрикасы, Қаскелен асыл тұқымды құс фабрикасы, Абай құс фабрикасы, Карасу құрама жем комбинаты кіреді.

Қоғамның қаржы -өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның қызмет етунің мақсаты Қазақстан Республикасының нарығын тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.

«Алматы Құс» ААҚ-ның жарияланған жарғылық капиталы 1830 млн тенге құраса, төленген жарғылық капитал 1200 млн тенге құрады. Жыл қорытындылары бойынша дивидендттер төленеді. Ең алдымен артықшылығы бар акциялар бойынша, ал одан кейін жай акциялар бойынша дивидендттер төленеді.

«Алматы Құс» ААҚ Жарғыға сәйкес келесідей акциялардың түрін шығарады: Бірінші эмиссия

  1. жай атаулы акциялар KZ1C31690015, саны 64 867 490 дана, номиналдық құны - 10 тенге;
  2. артықшылығы бар атаулы акциялар KZ1P31690111, саны 5 132 510 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Екінші эмиссия - жай атаулы акциялар KZ1C316900X8, саны 40 000 000 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Үшінші эмиссия -артықшылығы бар атаулы акциялар KZ1P31690319, саны 10 000 000 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Төртінші эмиссия- жай атаулы акциялар KZ1C316900X8, саны 63 000 000 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Компанияның жай және артықшылығы бар акциялары КАSE сауда тізімдеріне енді.

Бүгінгі күні компания алдында құс шаруашылығы нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты қолда бар өндірістік қуаттардың құрамында, жаңарған өндірістік құрылымды құрудың объективті қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, «Алматы Құс» ААҚ ҚР үлкен сұранысқа ие болатын, өнімдердің жоспарлы көлемін шығаруды қамтамасыз ете алатын, жоғары технологиялық және экологиялық жағынан таза өндірістік базаны құру, ұлттық нарықты дамыту және өз өнімдерін экспорттау мүмкіндігін табу сияқты мәселелерді шешуді өз алдына мақсат етіп қойып отыр.

Кәсіпорынның өндірістік қызметі. Жұмыртқа бағытындағы және ет өндіру бағытындағы құс фабрикаларында өндірістік алаңдар үш функцияға байланысты бөлінген:

  • Аналық құс тобын күтіп-ұстау;
  • Балапандарды күтіп-ұстау;
  • Өндірістік құс тобын күтіп-ұстау.

Аналық құс тобының арналымы- 21 күннен кейін өндірістік құс тобының балапандары жарылып шығатын, ұрықтанған жұмыртқаларды өндіру.

Балапандарды күту жағдайлары үлкен құсты күту жағдайларынан өзгеше болғандықтан, оларды арнайы балапандар үшін арналған орындарда ұсталынады. Содан соң белгілі бір жасқа толғаннан кейін олар өндірістік құс топтары үшін жасалған орындарға көшіріледі. Өндірістік құс топтарындағы әлсіз құсты алмастыру мақсатында балапандар ұсталынатын аймақтан құстар үнемі толықтырылып отырады. Жұмыртқа бағытындағы өндірістерде өндірістік құс топтары негізінен мекиен тауықтан тұрса, бройлерлер өндірісінде тауықтар жынысына қарамастан ұсталынады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аналық, өндірістік құс топтары және балапандар бір-бірінен 2-5 км қашықтықта бөлек ұсталынады.

Өнімді өңдеумен байланысты функционалдық буындар, сойыс, мүшелеу, жұмыртқа сорттау цехтары және дайын өнімді сақтау үшін арналған суық қоймалар әдетте өндірістік құс топтарының аймағына орналастырылады.

Өндірістік процесті орталықтандыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында, сондай-ақ құс фабрикаларындағы эпидимиологиялық жағдайды жақсарту үшін сойыс процесі құс фабрикасынан тыс жерге апарылады және барлық фабрикалардағы өндірілетін өнімнің өңдеу цикліне ұйымдастырылады.

2001 жылы компания құс фабрикаларындағы құс кроссын «Hy line», бройлерлік бағыттағы Hubbard Isa Classic, Ross 308 американдық кроссқа толықтай алмастыруды шешті. Бұл құс жоғары өнімділікпен және жем шығындарының аздығымен сипатталады, мұның өзі жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасайды.

Қазіргі өнеркәсіптік құс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының ең рентабельдісі, осыған байланысты ол ең капиталдандырылған және әлемдік агро өнеркәсіп кешенінің қарқынды дамып отырған бөлігі.

Құс шаруашылығы компанияларының қызмет ету тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге келесілер жатады:

- Жем-шөп конверсиясы, яғни тұтынылған жем көлемінің өнім бірлігіне қатынасы. Ет бағытындағы құс шаруашылығында жем-шөп конверсиясы бұл тұтынылған жем массасының алынған ет салмағына қатынасы.

  • Жұмыртқалағыштық, жұмыртқалық кросстардың тиімділігін сипаттайды. Салалық көрсеткіштердің ең жақсылары бұл бір мекиен тауықтан жылына 290-310 жұмыртқаның алынуы болып табылады.
  • Орташа тәуліктік салмақ қосу, бройлерлік өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі күні сала бойынша тәулігіне 40-45 гр салмақ қосу жақсы көрсеткіштерге жатқызылады.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің сапасын сипаттайтын интегралданған болып табылады, және олар өндірістің бірнеше сапалық факторына тәуелді болады: пайдаланылатын кроссқа, жем-шөпке, технологияға, ветеринария деңгейіне және мамандардың біліктілігіне.

«Алматы Құс» ААҚ әлді жақтарына келесілерді жатқызуға болады:

  • дамып отырған нарықта 7 жылдық жұмыс істеу тәжірибесі;
  • банктердің жоғары несиелік сенімі;
  • мықты кәсіпқой ұжым;
  • сала ішінде кәсіпорынның сауда белгісінің танымды болуы;
  • бос тұрып қалған фабрикаларды жекешелендіру және қалпына келтіру тәжірибесі;
  • өнеркәсіптік құс шаруашылығының «тар жерлерін» білу;
  • стратегиялық серіктестердің, қатарластардың бар болуы;
  • ҚР Үкіметінің компанияның стратегиясын саяси қолдауы.

2004 жылы компания өзінің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құрып, басқару жүйесін кадрлар саясатын өзгертті. Яғни басқару аппаратынан басқа, барлық бөлімшелер, жанұйя деп аталатын, жеке кәсіпкерлерге берілді. Жанұйя немесе жеке кәсіпкерлер компанияға құсты өсіру және дайын өнімді беру бойынша қызмет көрсетеді. Компания мен жеке кәсіпкерлер арасында байланысты келесідей көрсетуге болады: компания барлық қажетті өндірістік ресурстарды: асыл тұқымды төлдердіғ жемдерді ұсынады, егу жұмыстарын өткізеді, өз қаражаты есебінен электр энегргиясымен, отынмен және т. б. қамтамасыз етеді. Ал жанұйя өз атынан компанияға дайын өнімді береді.

Өндрістік процесс компанияның ішкі аудитімен бақыланады, мұның өзі жеке кәсіпкерлердің қызметін уақытылы бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жанұйя-Компания сұлбасына негізделетін басқарудың бұл қағидасы шет елдердің жетістіктер мен тәжірибесіне негізделген.

3. Еңбекті қорғау бөлімі

Орта, комбинат қоршаған орта шаңмен ластанады, күкіртті газдармен, ағынды сулармен және үйінді металдармен ластанады. Сондықтан СН-247-71-ге сәйкес тыйым салу аймағы зауыттан 1000 м шақырым қашықтықта болуы қажет.

ЕТ құралдармен орнатылған бөлімдер - өте қауіпті категорияға жатады, өйткені мұнда бір уақытта адамның жердегі металды конструкция мен металдыық электр құралды корпуспен жақындасу мүмкіндігі бар.

Адам денсаулығына зиян болатын негізгі факторлар болып мыналар жатады:

  1. жұмыс жасап жатқан аппараттың шуы;
  2. күндізгі, түнгі уақытта жұмыс орнының жарықтануы;
  3. жазғы уақытта бөлімшенің шектен тыс жылуы;
  4. адамның электр тогына түсу қауіптігі;
  5. өрттің пайда болу мүмкіндігі.

Оператор бөлімінде шу деңгейі 85-90 дб шамаға дейін жетеді, бұл СН-245-71 шарттары дәлелдейді. Машинаның қауіпті аймағы - оның ашық жүретін бөлігі, құралдардың максималды қорек кернеуі - 220 В, ток тұйықтылығы - 60 А, грунттың кедергісі - 450 Ом/см.

Жобаланатын аумақ болып есептегіш центр, оператор - технолог жұмыс орны, кіріс АБЖ - бөлімі зауыты саналады.

Басшылық, еңбек қорғау жұмыс ұйым шаралары, және сонымен қатар олардың жағдайы директорға және зауыттың бас инженеріне жүктеледі, ал жобаланатын аумақта есептегіш орталығы бастығына жүктеледі. Еңбекті қорғау ұжымы үшін шихта дайындау аумағында еңбек қорғау кабинеті бар, бір штатты бірлік инженері техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау, жобалау аумағында - еңбек қорғау бұрышы.

Құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын орындау керек. Дегенмен құстарды биологиялық ерекшеліктерімен олардың өнімдерін өңдейтін техникалық құрылыстар, еңбекшілер денсаулығына аса үлкен зиян келтірмейді. Құс фабрикаларында техника қауіпсіздігі міндеті инженерлерге жүктеледі. Ал, цехтарда, учаскілер де техника қауіпсіздігімен жауапты етіп цех басшыларын бригадирлерін немесе бас мамандарды тағайындайды. Инкубация цехтарына инкубатор құрылысымен жұмыс істеу құрылысымен танысқан қауіпсіздігін оқыған адам ғана кіреді.

Жұмыс істеу барысында жұмыс орындарын жиып, тазалау кезінде электрлік құрылғы мен электрлік приборларға тисуге болмайды. Оларды су тиюден, кіші электрлік ақаулардан қорғау қажет.

Ветеринарлық, санитариялық іс-шараларды жүргізетін барлық мүшелер техникалық қауіпсіздігін яғни, жою дәрі-дәрмектермен, дезинфекция жасайтын машиналар мен құрылғыларды қалай пайдалану керектігін білу керек. Ветеринариялық - санитариялық техника қауіпсіздігін міндетті түрде сақтау орындау ережелері мыналар:

  • профилактикалық - дезинфекциялық дәрі-дәрмектермен улану
  • профилактикалық - травматикалық механикалық аппараттармен жұмыс жасау, электр тогының үлкен ағымдарымен жарақаттану
  • дезифекциялық өртке қарсы шаралар.

Бактерияларда өсіретін балапан цехтарын меңгеру және қауіпсіздік ережелерімен талаптарын орындау

Әр жұмысшының міндеті, жұмысты бастамас бұрын жұмысшылар арнайы киімдерін киіп, жұмыс орындарын дайындап, жұмыс құрылғысының дұрыстығы тексеріліп, барлық ережелерге сай келгенде ғана жұмыс бастауға рұқсат етіледі.

4. Экологиялық бөлім

Функционалдық негізімен байланысты сервистік қызметтердің келесідей бағыттеры бар:

1 Өндірістік сипаттағы қызметтер-өндірістік қажеттіліктермен байланысты экономикалық құрылым болып табылады, сонымен бірге қорғаныс, іскерлік

2 Өмірді қамтамасыз ету қызметтері-азаматтарға отбасы шеңберінде қызмет көрсету, үй қызметерін жүргізу

3 Әлеуметтік қызметтер-олардың субъкт ретінде қоғаммен байланысы үшін адамдардың қажеттіліктерін тауарлық, сапалық және функционалды қанағаттандыруға бағытталған, транспорттық, қаржылық, рекриациондық, білім берушілік, ақпараттық және т. б.

4 Мәдени қызметтер - ғылыми тану, эстетикалық-өнер, ойын-сауықтыру жоспарымен байланысты қызметтер

Сервистік қызметтің типологиялық бағыттарының көрсетілген нұсқасы қызметтер аясын талдау тәжірибесінде кең таралғандардың бірі. Әсіресе мәдени және әлеуметтік қызметтер жайлы көп айтылады. Бұл екі қызмет түрі бірігіп әлеуметтік-мәдени қызметтің ірі элементін құрайды. Әлеуметтік-мәдени қызметтер адамдардың мәдени, әлеуметтік сұраныстармен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өз кезегінде қызмет жүйесінің әрбір көрсетілген нұсқасын әр түрлерге және топтарға бөлуге болады. Үй шаруашылығына бағытталған қызметтер: коммуналды қызметтер, техникалық қызметтер. Өз кезегінде үйге техникалық қызметтер-электрик, слесарь, сантехниктер, газовиктер қызметі деп бөлінеді.

Қарастырылған жүйелеу нұсқасы сервистік қызмет тәжірибесінде қолдануға тиімді және қарапайым болып табылады. Сонымен бірге олардың кемшіліктері бар. Кейбір қызметтер кімге бағытталғаны белгісіз. яғни анық емес. Мысалы: іскерлік және банктік қызметтер тек өндіруші коллективке ғана бағытталған жеке тұлғаларға бағытталуы мумкін.

5. Құс етінін ассортиментін ұйымдастыру

Құстан жартылай өнімдер дайындау және суб өнімдерді өңдеудің орталықтандырылған өндірісі құс цехтарында жүзеге асырылады. Олар құс фабрикаларынан келіп түскен шикізатты жүзеге асырады. Құстар шек қарыны жартылай ақтарылған болып түседі. Құстардан басқа құс цехында сүб өнімдерді өндейді. Ірі кәсіпорындардағы құс цехтарында үш негізгі аймақтық жабдықтары қарастырылады:

  • еріту үшін
  • Ұйыту үшін
  • Ақтару үшін
  • Жартылай өнім дайындау үшін

Суытылған бөлмелердегі құс ұщаларын 10-12 сағат аралығында ауа ылғалдылығы 85 пайыз 4/6 градус цельсияға дейін ерітеді.

Құстан жартылай өнім дайындау жолымен жабдықталған цехқа құс арбамен жеткізіледі. Оны сапалы конверлердің арнайы ілгіштеріне ілінеді, ол ұйыту ошағы арқылы өтеді. Ұшаларды ұйыту қалдықтарын алып тастағаннан келген олар автоматты түрде ернеуі бар жинаушы үстелге жібереді. Ол үстел басын мойының, аяғымен қанатын, алып тастау үшін қорғауыш қаптамасы бар дисклі арамен жабдықталған.

Жартылай өнім дайындау алдында ұшалардың алдын ала ванналарды ластанған жерлерін ұйыған қанды, шек қарның қалдықтар алып тастай отырып, ағынды сумен жуады. Жартылай өнімдердің сапасын қадағалауды санитарлық технологиялық тағамдық лаборатория жүзеге асырады.

. 2-кесте

Құс етінен жасалатын өнімдер ассортименті

Өнімнің аты
Тұтынушылар саны
1адам 1күндік тұтынушы нормасы
Мөлшері
литр, дана
порция
№: 1.
Өнімнің аты: Құс етінен жасалатын салат
Тұтынушылар саны: 3930
1адам 1күндік тұтынушы нормасы: 0, 1
Мөлшері: 393
1965
№: 2.
Өнімнің аты: Құс етінен жасалатын шашлык
Тұтынушылар саны: 3930
1адам 1күндік тұтынушы нормасы: 0, 05
Мөлшері: 196, 5
982
№: 3.
Өнімнің аты: Сорпа құс етінен
Тұтынушылар саны: 3930
1адам 1күндік тұтынушы нормасы: 250 / 0, 25
Мөлшері: 982, 5
-

Өнім мөлшерін есептеу екі әдіспен жүргізіледі, өнім санын физиологиялық норма бойынша есептеу, ас мәзірі бойынша өнім санын есептеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағымдағы міндеттемелердің аудитін ұйымдастыру
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Жармаларды пісіруге дайындау
Құс шаруашылығы
Құс ұшаларының ақаулары
Шағын мал сою бекеті Құс өнімін өңдеу кәсіпорындары
Банкроттықтың негізгі рәсімдері
Қала құрылыс шешімі
Өндіріс теориясы
Үй құстарын нормамен азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz