Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің дамуы, мәселелері



КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің даму
тәжірибесі.
2. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз болады.
Онда Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясына сәйкес жинақтау зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорлары мен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғарғы сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайту жолдары ұсынылған болатын.
Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару кампанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайту қажеттілігі де керсетілген.
Ал жалпы зейнетақы мәселесіне келер болсақ, Қазақстан егемендігін алғаннан кейін көп өтпей-ақ бұл мәселе қарастырылып, белгілі дәрежеде іс-шаралар атқарылды. Яғни, 1997 жылы 20 маусымда "Қазақстан Республикасыңда зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, сонымен бірге 1998 жылдың 1 қаңтарында нарық экономикасының барлық талаптарына сай жаңа зейнетақы жүйесі енгізілген.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ,
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің даму
тәжірибесі.
2. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие
болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені
тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз
тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел
ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында
түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар
атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына
арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап
айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының
бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен
реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның
2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз
болады.
Онда Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясына сәйкес жинақтау
зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорлары мен қолданылатын
мадақтау және зейнетақы қорларына жоғарғы сапалы шетел қаржы активтеріне
инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайту жолдары ұсынылған болатын.
Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару кампанияларының
қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін
инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайту қажеттілігі де
керсетілген.
Ал жалпы зейнетақы мәселесіне келер болсақ, Қазақстан егемендігін
алғаннан кейін көп өтпей-ақ бұл мәселе қарастырылып, белгілі дәрежеде іс-
шаралар атқарылды. Яғни, 1997 жылы 20 маусымда "Қазақстан Республикасыңда
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданған, сонымен бірге 1998 жылдың 1
қаңтарында нарық экономикасының барлық талаптарына сай жаңа зейнетақы
жүйесі енгізілген.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету
реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі
ретінде мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін
басқару кампаниялары және кастодиан-банктерінің пайда болуына, дамуына
жағдай жасады.
Олай болса, Қазақстан жағдайында ел экономикасын жандандырумен қатар
маңызды істерінің қатарында болып отырған жинақтаушы зейнетақы қорларын
енгізіп, оны дамыту, реформалау істерінің жүргізілуі және өзіндік
ерекшеліктерін қарастыру, өзіндік баға беру жұмысымыздың өзекті мәселесі
болып отыр.
Елде зейнетақы қорларының дамуы үшін зейнетақы жүйесіне қатысушылардың
жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын
қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын бекітті.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің
ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының
қаражатын ел экономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаға
орналастырған орынды болар еді.
Тіпті қазіргі таңда да ел экономикасының дамуында зейнетақы қорларын
қамтамасыз ету істері толығымен қарастырылып отырылғандығын байқаймыз.
Үстіміздегі жылғы (2005 жылы) Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жинақтаушы
зейнетақы қорлары мәселесі де назардан тыс қалмаған. Жолдауда: "биылғы
жылдың 1 шілдесінен бастап, біз барлық зейнеткерлерге, еңбек өтеміне,
жалақысымен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан, үш мың теңге
мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақылық төлем жасайтын боламыз. Осылайша ең
төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақылық төлеммен бірге 9200
теңгені құрайтын, ал зейнетақының орташа мөлшері 12 мың теңгеден асатын
болды" 1делінген.
Сол себепті тақырыбымыздың өзектілігіне айналған зейнетақы мәселесін
жан-жақты қарастырып, баға беру негізгі мақсатымыз болып отыр. Осы аталған
мақсатымызға орай төмендегідей міндеттерді қоямыз:
- зейнетақы жүйесінің теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау
ерекшеліктеріне баға беру;
- Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің даму тәжірибесін
анықтау;
- Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін
қарастырып өз бетімізше пайымдау болып отыр.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1997 жылы 12-ші мамырда Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін
реформалаудың тұжырымдамасын бекітті. Қазақстан Республикасындағы
ұрпақтардың ынтымағы принципіне негізделген зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесі іс жүзінде өзінің мүмкіндіктерін тауысты. Зейнетақы қорының қаржы
жағдайларының дағдарысы түбегейлі өзгерістерді және зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесіне шұғыл реформалар жүргізуді талап етеді 13.
Зейнетақымен қамсыздандырудың ұрпақтардың ынтымағы принципіне
негізделген жүйесі есепте тұрған зейнеткерлерге зейнетақыны жұмыс
істеушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлеуге негізделген.
Бұрынғы зейнетақы жүйесінің сипаттамалары мыналар болып табылады:
- зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік манополия;
- қартайғанда өзін-өзі материалдық қамсыздандыру үшін азаматтардың жеке
жауапкершілігінің болмауынан міндетті зейнетақы жарияларының иесіздігі.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың
іш жүзінде жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттің аппараттың мүлтіксіз
бақылауы және зейнеткерлермен жұмыс беруші азаматтардың қалыптасқан ара
салмағы жағдайында ғана тиімді болды. Сондықтан зейнетақы жүйесі
зейнетақының біршама жоғарғы деңгейін қамтамасыз етті - оның мөлшері жұмыс
істеген соңғы жылдары алынған жалақыға еңбек стажы мен жасына байланысты
болды, ал жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлікке шығуға қызықтырды.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі қалыптасқан зейнетақы жүйесінің жұмыс
істеуін бұзды. Зейнетақы жүйесі, бір жағынан көптеген зейнеткерлердің ең
төмен деңгейдегі қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын болды. Екінші жағынан
экономикалық ауыртпалық заңды зейнетақымен қамсыздандыру қолданылып жүрген
жүйесінің түбірлі кемшіліктері айқын анықталды.
1)Жарналардың мөлшерімен зейнетақы төлемдері мөлшері арасындағы тікелей
байланыстың жоқтығы байқалады. Зейнетақы қорларына жарналар негіздікпен
төленеді, бірақ жұмыс берушісінің зейнетақы қорына жарналарды тұрақты және
толық аударған -аудармағанына қарамастан әрбір қызметкердің зейнетақы алуға
құқығы бар. Мемлекет өз тарапынан жұмыс беруші мемлекеттік зейнетақы қорына
міндетті жарналарын аударуда жалтаратын азаматтың алдыңғы зейнетақы
тағайындау міндеттемесін орындауға тиіс.
2) Зейнетақы жарналарының жиналу деңгейінің төмендеуі жалпы
экономикалық себептерге де, сондай-ақ сақтық жарналарының
түсуін бақылаудың тиісті тетігінің жоқтығына және қызметкерлердің
мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруды қолдауға мүдделі еместігіне де
байланысты болып отыр.
3) Зейнетақы жарналарының жоғарғы ставкасы өндіріс шығынын
көбейтеді.
4) Зейнетақы тағайындау кезеңіндегі жеңілдіктер санының көптігі
мемлекеттік зейнетақы қорына айтарлықтай салмақ түсіреді.
5) Қызметкерлердің зейнетақы жарналарының дербес есебінің
жоқтығы аударымды көбейтуге және азаматтардың жеке шоттарында
қаражаттарды шоғырландыруға, жұмыс берушілердің жарналарын бақылауға
ынталандырмайды.
6) Зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың тиімсіз жүйесі түрлі ұйымдық
құрылымдар бойынша зейнетақы қаражатын жинау мен жұмсау функцияларының
шашыраңқылығы олардың мақсатқа сай жұмсалмауына жол ашық елеулі қаржы
ысырабына әкеліп соғады 14.
Ұрпақтардың ынтымағы принциптерінен дербес зейнетақы жинақтары
принциптеріне кешу реформаны жүргізудің негізгі принципі болуы тиіс. Басқа
принциптер мыналар болып табылады:
- зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;
- азаматтардың зейнетақы жинауды мемлекеттік жинақтау немесе
мемлекеттік емес зейнетақы қорларында жүзеге асыруды таңдап алу құқығын
қамтамасыз ету.
Зейнетақы қорларын қалыптастыруға жасына қарай зейнеткерлікке шығуға
құқық беретін еңбек стажынан кем болмайтын уақыт қатысқан азаматтар үшін
белгіленген ең төмен зейнетақы күнкөрісін минимум қамтамасыз ету жөніндегі
тікелей мемлекеттік кепілдіктер:
- еңбекке қабілетті азаматтардың қартайғанда өзінің зейнетақымен
қамсыздандыруы үшін жеке жауыпкершілігі;
- зейнетақы салымының қауіпсіздігімен ұштастыра отырып инвестициялауды
тиімді ету;
- азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинауды мұраға алу құқығын қамтамасыз ету;
әрбір азаматтың қосымша ерікті зейнетақымен
қамсыздандырылуға құқығы;
- азаматтардың зейнетақы салымын инвестициялау арқылы экономикаға
үлес қосу;
Есепте тұрған зейнеткерлердің зейнетақы алу құқығын іске алу
қажеттілігіне, сондай-ақ зейнетақы реформасы басталғанға дейін еңбек стажы
болған азаматтардың алдында міндеттеріне байланысты туып отырған өтпелі
кезеңде есепте тұрған зейнеткерлерге мемлекет зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтан алынатын зейнетақы мөлшерін сақтауға, сондай-ақ
тұтыну бағасының өсуін ескере отырып, оны индекстеуге кепілдік береді.
Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан
азаматтарға төленетін мемлекеттік зейнетақылардың мөлшері зейнетақы
реформасы басталған сәттегі еңбек стажына байланысты болады. Бұл ретте
жинақтаушы зейнетақы қорларында объективті себептермен жергілікті зейнетақы
жинақтауларын қалыптастыруға үлгермей жатқан жасына қарай зейнеткерлікке
шығуға таянған азаматтардың құқықтарына зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтан толық зейнетақы алуға құқық беретін әйелдер үшін 20
жылдық және ерлер үшін 25 жылдық еңбек стажының сақталуы есебінен нұқсан
келтірілмейді.
Азаматтардың әскери қызметтілері, ішкі істер органдарымен мемлекеттік
тергеу комитетінің реформа басталған сәтте он жылдан аз еңбек сіңірген
қызметкерлерімен реформа басталғаннан кейін қызметке жаңадан кірген
қызметкерлерін қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинаулары
есебінен төленетін зейнетақы болашақтағы зейнетақымен қамсыздандыруға негіз
болды. Бұл зейнетақының принципті айырмашылығы әрбір жұмыс істеушінің
өзінің болашақ зейнетақысының мөлшерін өзі белгілейтіндігінде. Зейнетақы
шамасы нақты адамның зейнетақы жарналарын төлеуінің ұзақтығына және
мөлшеріне, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялаудан қосымша
аударымдарға (дивиденттерге) толық байланысты болды. Бұл зейнетақы
дербестендіру принциптеріне негізделді, мұның өзі азаматтардың жекеленген
санаттарына қандай да болсын артықшылықтарды (жеңілдіктерді) жоққа шығарады
15.
Қосымша зейнетақы азаматтардың өз пайдасына және үшінші адамдардың
пайдасына, сондай-ақ берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорларына төлеген ерікті жарналарының есебінен қалыптасуы мүмкін.
Азаматтарддың жалақысының олардың міндетті жарналарының сомасына кемуі
жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру қорларына аударылған азайту және
есепке алуға тиісті өзгерістер енгізу арқылы есептелген жалақыны көбейтудің
нәтижесінде жойылды.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық реформа басталған кезде
есепте тұрған зейнеткерлердің, сондай-ақ реформа басталарда еңбек стажы
болған азаматтардың бәріне қызмет керсететін болды.
Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес зейнетақы
қорлары қызметінің саласы ресурстары - қызметкерлердің еңбек табыстарының
жарна есептеу үшін белгіленген 10 процент есептелген міндетті сақтандыру
жарналарының есебінен құрылатын зейнетақылар болып табылады. Мұндай
жарналар азаматтың өз қалауынша мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларына
немесе кез-келген мемлекеттік емес зейнетақы қорына аударылатын болды.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі ашықтық және
сенімділік, операциялық тиімділік принциптері негізінде құрылып отырады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қызметінің негізгі принциптеріне
мыналарды атауымызға болады:
Қорларды жеке басқару және салымшылардың қорды еркін таңдау мүмкіндігі;
қарапайымдылық және ашықтық;
Уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан қатаң реттеу және сенімді
қадағалау; операциялық тиімділік;
Азаматтарға олардың зейнетақы жинауларының мөлшері туралы ақпараттар
(үзіндіні) оқтын-оқтын (құпия түрде) беріп тұру;
Қор активтерін зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кампаниялар
арқылы басқару.
Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне реформа жасауға мемлекет және
мемлекеттік мекемелер: Қазақстан Республикасының еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігі, бағалы қағаздар
бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі, зейнетақыны төлеу бойынша Мемлекеттік Орталық
және Мемлекеттік Жинақтаушы қоры қатысты.
Реформадан кейін мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорлары, зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар және банк-
кастодиандар пайда болды. Азаматтарға зейнетақы қорын таңдауға еркіндік
берілді. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу
жүйесі жасалды. Ол жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің
басқаруы бойынша кампаниялардың және банк-кастодиандардың қызметін әрдайым
бақылайды және салымшылардың мүдделерін қорғайды.
Бақылау жүйесінде маңызды ролді бағалы қағаздар бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық коммиссиясы атқарды. Ұлттық Комиссияның міндеттеріне
зейнетақы жүйесін тікелей және жанама реттеу жатады.
Ұлттық комиссияның зейнетақы жүйесін тікелей реттеу қызметтеріне
келісімдер жатады:
1. зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялардың қызмет
істеуіне лицензия беру;
2. кастодиандық қызметті іске асыру үшін екінші
деңгейдегі банктерге лицензия беру;
3. зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-
кастодиандардың қызметін қадағалау;
4. зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-
кастодиандардың қызметтерін реттейтін нормативтік базаны құру;
Ал жанама реттеу қызметіне зейнетақы активтерін басқару бойынша
кампаниялардың инвестициялық қызметінің тиімді және тәуекелсіз болуына
қажетті инвестициялық мүмкіндіктерді құру арқылы бағалы қағаздар рыногының
инфрақұрылымын дамыту арқылы жағдай жасауды жатқызуға болады. Қазақстан
Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы мен қалыптасу
процесін төменнен көреміз:
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институттарының құрылуы;
жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтері басқаруы бойынша
кампаниялар, банк-кастодиандар;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы жүйесіне зейнетақы
салымдарын тарту;
- Тартылған қаражаттарды инвестициялау;
Зейнетақы жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңінде қажетті нормативтік-
құқықтық база құрылды және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін
бастады. Ұлттық зейнетақы агенттігі бес мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорларына лицензия берді: ЖАҚ "Қазақтелеком", "Үміт" корпоративті
жинақтаушы зейнетақы қоры, ЖАҚ "Мемлекеттік емес ашық зейнетақы қоры",
"Валют-Транзит қоры", ЖАҚ "Мемлекеттік емес
Д. Қонаев атындағы ашық зейнетақы қоры", ЖТАҚ "Ұлттық зейнетақы қоры ашық
жинақтаушы зейнетақы қоры", ЖТАҚ "Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры "Жәрдем""
16.
Ал ұлттық комиссия кастадиондық қызметті атқару үшін лицензияны екінші
деңгейдегі төрт банкке берілді: ("ЖАҚ" "Еншілес акционерлік банк", "ABN
AMRO Қазақстан банкі", ААҚ "Казкоммерцбанк", ЖАҚ "АлматыСауда-Қаржы банкі",
ЖТАҚ "Қазақстанның акционерлік Жинақтаушы Халық банкі").
1998 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық коммиссияның директорының шешімі
бойынша зейнетақы активтерін басқару бойынша қызметті іске асыру үшін
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне лицензия берілді. Осыған сәйкес ол
Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару құқығына ие болды. Басқа зейнетақы активтерін басқару бойынша
кампаниялар бұл кезде болған жоқ. Өйткені Ұлттық комиссияның заңнамасы және
нормативтік құқықтың актілері бекіткен лицензиялық талаптар өте қатаң
болды. Талаптардың қатаң болуы дұрыс, өйткені зейнетақы реформасының
консепциясының негізі - салымшылардың қаржыларын толық сақтау кепілділігі
болып табылады.
1998 жылдың 6 ақпанында алғашқы екі кампанияға зейнетақы активтерін
басқару бойынша қызметті атқару үшін лицензия берілді - ЖАҚ "КУПА", "АТК"
және ЖАҚ "КУПА "ABN AMRO Asset Management".
1998 жылдың 8 сәуірінде Ұлттық коммиссияның директорының шешімімен
лицензия ЖТАҚ "КУПА "Жетісу", 5 мамырда ЖТАҚ "Зейнетақы активтерін басқару
бойынша Қазақстанның Ұлттық банкінің кампаниясына берілді".
Сонымен қатар Ұлттық комиссия кастодиандық қызметті атқару үшін
банктерге лицензия берді (МЖЗҚ -на кастодиондық қызмет көрсету үшін), ААҚ
"Темір банк" және ЖААҚ "Евразиялық банк".
Бірақ лицензия алған банктердің барлығы кастодиандық қызметті атқарған
жоқ. Сондықтан жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін
басқару бойынша кампанияларға үш кастодиан банктер қызмет көрсетті: ААҚ
"Казкоммерцбанк" (бір зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялармен
бір қорға ғана қызмет көрсетеді), ААҚ Алматы Сауда-Қаржы банкі (екі
активтердің басқаруы бойынша кампаниямен төрт қорға қызмет керсетеді), ЖТАҚ
"Қазақстанның акционерлік Жинақтаушы Халық банкі" (үш зейнетақы активтерін
басқару бойынша кампаниямен алты қорға қызмет көрсетеді.
Лицензия алған барлық банктердің кастодиандық қызмет атқару себебі,
біріншіден, кәсіби қызметтің бұл түрі жаңа болып келеді (кастодиан ұғымы
1997 жылы "бағалы қағаздар рыногы туралы" заң қабылданғаннан кейін пайда
болды), екіншіден, ол қызмет іске асу үшін капитал көп қажет және
технологиялық дайындық көп қажет, үшіншіден, Қазақстандық бағалы қағаздар
рыногындағы қызметтің бұл түріне сұраныс шектелген, өйткені кастодиандардың
негізгі клиентурасы - институционалды инвесторлардың саны аз.
1998 жылы ақпан айында жоғарыда айтылған бес мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қорларына тағы да үшеуі қосылды: ЖАҚ "Қазақстан"
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, ЖАҚ "Қазақстанның Жинақтаушы
Ұлттық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры ",ЖАҚ "Қазақмыс" корпоративті
жинақтаушы зейнетақы қоры. Наурыз айында зейнетақы активтерін басқару
бойынша кампанияларға берілді "Валют-Транзит қоры", "Жердем" Д.Қонаев
атындағы зейнетақы қорларының активтері "КУПА" "АТК"-ға берілді, ал "Халық
зейнетақы қоры", "Қазақтелеком-Үміт" және "Қазақстанның Жинақтаушы Халық
Банкінің" қорларының активтері - "ABN AMRO Asset Management"-кe берілді.
Зейнетақы реформасының негізгі үш бөлімі бар: зейнетақы қоры-банк-
кастодиан зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар. Бұл үшеуі
реформаның бас кезінде бірден үш жақты келісім шартқа отырып үлгермеді.
Сондықтан барлық зейнетақы қорлары ең алғашқы айдағы салымдарын жоғалтып,
яғни алғашқы шығындарға кездесті. Сонымен қатар индивидуалды әлеуметтік
кодты беру жұмысы да баяу, әрі ауыр жүрді. Бастапқы кезеңнің қиындықтарына
мыналарды жатқызуға болады:
- жұмыстың басталуына кеткен минималданған теңгемен
есептелетін шығындарының болуы;
- қорларды қамтамасыз ететін біркелкі және унифицирленген
бағдарламаның болуы;
- комиссиондық өте аз болу;
- тәжірибенің жоқтығы, кадрлардың жетіспеушілігі;
- зейнетақы реформасына қатысушыларының өзара байланысындағы
келіспеушілік пен түсініспеушіліктің болуы.
Бұл мәселелер мен қиыншылықтарды біздің ойымызша екіге бөлуге болар
еді. Біріншісіне зейнетақы реформасының кәсіби қатысушысының ішкі жұмысына
байланысты сұрақтар: жұмысты жүргізу, салымдар мен зейнетақы активтерін
өңдеу, бағдарламамен қамтамасыз ету, инвестициялық саясат, табыстарды
аудару, ақпаратты сақтау мен есепке алу, филиалдар мен агенттік жүйесімен
жұмыс істеу және тағы басқа байланысты қорларымен басқару бойынша
кампаниялардың өздері жасаған "нау-хау"-ды қолдана алатын барлық жұмыстар
кірді, нәтижесінде дұрыс мақсаттағы бәсекелестікке қолданулары керек17.
Екінші бөлігіне барлығы үшін жалпы сұрақтардың барлығы кіреді, яғни:
мемлекеттік органдар мен жұмыс жарнамалық саясат пен халықты
ақпараттандырумен байланысты жұмыстар, тәжрибе мен алмасу, мамандандыруды
жоғарылатуға арналған семинарлар мен курстарды ұйымдастыру, біркелкі
ақпарат кеңістігін құру және зейнетақы реформасына қатысуларының мәліметтер
банкін жасау, зейнетақы қызметінің рыногында кәсіби және этикалық
нормалардың сақталуы жақын және шетелдегі осыған ұқсас ұйымдармен байланыс
жасау және тағы басқа көптеген сұрақтар. Олай болса жинақтаушы зейнетақы
қорларының реформалануы мәселесін қарастырып, оған баға беру керектігін
естен шығармауымыз қажет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің даму
тәжірибесі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (Бұдан кейін ЖЗЖ) біздің мемлекетте
қызмет істей бастағанына жеті жыл толып отыр. Осы аталынып отырған қысқа
мерзім аралығында ЖЗЖ айтарлықтай салымдық және сапалық жағынан дамып отыр.
7 жылдың ішінде зейнетақы активтері ішкі ұзақ мерзімді инвестициялық
кездердің ең негізгілерінің бірі болды, яғни басқа институционалды
инвестицияларға қарағанда ЖЗҚ ең көп инвестициялық ресурстармен және ең
мықты инвестициялық потенцияларды иемденгендігін байқатып отыр.
Алғашқы бес жылдықта (1998-2002жж.) ЖЗЖ-ның құрылымы қалыптасты, бұл
кезде отандық ірі қаржы және өнеркәсіп топтары зейнетақы қорларының негізгі
қатысушылары болып анықталды, ЖЗҚ-ның бүкіл техникалық инфрақұрылымы,
мемлекеттік бақылау мен қадағалау құрылымы, нормативтік-құқықтық базасы
толығымен қалыптасты. Жалпы қаржы рыногының және зейнетақы рыногының жеке
экстенцивті өсуі және басқа да факторлардың есебінен алғашқы жылдары ЖЗЖ
үшін ең табысты және рентабельді кезең болып табылды.
Бірақ 2003 жылдың басында ЖЗЖ-де тоқырау кезеңін басынан өткерді және
бұл процесс қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Ал ЖЗЖ- нің жиналған
зейнетақы салымдарының сомасы сияқты қарқынмен өсуде. ЖЗЖ-нің сапалық жағы
қатты төмендеген. Қаржы рыногындағы табыстарының төмендеуіне және 3 жыл
қатарынан жалғасын тапқан тенгенің долларға қатынасының бекітілуіне
байланысты зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы теріс болып отыр. (яғни
ол өсумен көбейту туралы айтпағанда инфиляция деңгейінің өзін таба алмай
отыр). ЖЗЖ-нің инвестициялық портфельдері үлкен тоқырауға ұшырап, мұнда
теңгелік инструменттер мен мемлекеттік бағалы қағаздар алға шықты.
(портфельдердің валюталық және инструменталдық диверцификациясы төмендеді
және тәуекелділік жоғарылады) 18.
Үкіметтің МЖЗ қорын жекешелендіру туралы уәдесі ұзаққа созылып, ал
уәкілетті органдар ЖЗҚ-ның инвестициялық проблемаларын көре тұра
инвестициялық ұсыныстарды іздеу немесе жасап шығару бойынша
инвестиционалдық және пруденциялдық нормативтерді либерализациялау бойынша
ешқандай шара қолданбады. ЖЗЖ-нің және зейнетақы рыногының жеке кәсіби
қатысушылары көмектер сұрай бастады. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
өмір сүруіне мемлекет араласпаса бірнеше айлар ғана өмір сүруі ғажап
еместігі болжанып отыр.
Екі жылдық таныстықтан кейін мемлекет өзінің уәкілетті ұйымдары арқылы
2005 жылдың басынан бастап зейнетақы рыногындағы инвестициялық объектілерді
кеңейту мен инвестициялау ережесіне өзгерту енгізеді. Өйткені жинақтаушы
зейнетақы қорларының дамуы, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
өмір сүруі де қиындап кеткендігі байқалады. Сонымен 2005 жылдың басынан
бастап қаржы министирлігі 10 жылдық айналу мерзімі бар ұзақ мерзімді
жинақтаушы қазыналық міндеттемелердің (МЕУЖКАМ) міндеттемелерінің инфляция
деңгейлеріне индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрін
зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін 2005 жылға дейінгі Қазақстанның
гидроэнергетикасының даму концепциясының шеңберінде гидроэлектро
станциялардың (Алматы облысындағы Кербұлақ және Мойнақ ГЭС-і) құрлысын
қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Үкімет қаулысы бойынша
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен агенттік
облигацияларды сатып алу мүмкіндігінің негізі жасалды.
Сонымен қатар зейнетақы активтерін Чаркек-Өскемен темір жол желісінің
құрлысы жобасына қатысу мәселесі қарастырылуда.
Бірақ та аз уақыт бұрын қаржы министрлігі жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық проблемаларын шешу үшін жобалық облигацияларды
қолдануға сенімсіздікпен қараған болатын. Бұл сенімділіктің себебі мұндай
облигацияларға берілетін мемлекеттік кепілдеме болып отыр. Егер 2004 жылы
мемлекеттік кепілдеме көлемі 50 млн долларды құраса, 2005 жылғы кепілдік
100 млн долларды құрады.
ЖЗҚ-лары үшін тағы бір инвестициялық маңызды мәселе мемлекеттік бағалы
қағаздарды эммиссиялау көлемінің өсу және олардың айналым мерзімінің өсуі
болып табылады, өйткені барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары барлық
мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті лимит бойынша салым жасаулары қажет.
Үкімет 2005 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі былтырғы
жылдан төмен болмауына барлық күшін салуды міндетке алды 19.
Әрине зейнетақы рыногының дамуына ұлттық кампаниялар мен ірі
масштабтағы өндірістік кәсіпорындардың акциялары қаржы рыногына шыға алған
жағдайда айтарлықтай тиімді әсерін тигізетін еді. Бірақ инвестициялық
проблеманы глобалды масштабта қарастырсақ акция рыногы зейнетақы рыногына
сәйкес дамымай отыр. 2004 жылдың аяғында Қазақстанда 2,8 мың акционерлік
қоғам тіркелген. Бірақ Қазақстандық қор биржасына тек 76 акционерлік қоғам
ғана, яғни жалпы акционерлік қоғамдардың санынан 3% жіберілген. Қор
рыногының болмауы ол рынокта акциялардың болмауына байланысты. Көптеген
мамандар акция рыногының стагнациясының негізгі себебі ретінде заңнамалық
шектеулерді, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарымен жұмыс істеуінің
аздығын, халықаралық аудиттің қымбаттығын айтады. Бірақ акция рыногының
дамуын тәлейтін ең негізгі проблема меншік құрылымында, яғни акциялардың
негізгі тобы акционерлердің қолында жинақталғандығында болып отыр.
ЖЗҚ-ның сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін жүйелі
факторлардың бірі соңғы 2 жыл қатарынан ұлттық валютаның әлемдік валютаға
әсіресе долларға қатынасы үздіксіз бекітілуінде болып отыр. Аз ғана уақыт
ішінде Қазақстандық теңгенің бағамы 2003 жылдың басында 155,85
тенгедоллардан 2004 жылдың аяғында 1ЗО;ОО тенгедолларға дейін бекітілді.
Яғни оның екінші жылдағы номиналды бекітілуі (2003-2004) 25,85 немесе орта
жылдық көрсету бойынша 8,3 % құрады. 2004 жылы револьвация жоғары қарқында
болды. Жылдық қорытынды бойынша номиналдық түрдегі тенге долларға қатынасы
бойынша 9,3% құрады. Ал оның нақты бекітілуі 15,3%-ті құрады. Алғаш
қарағанда ұлттық валютаның бекітілуі тенгенің сатып алу қабілеттілігінің
жоғарылауы арқасында жақсы жағдай сияқты. Бірақ зейнетақы рыногының
қатысушыларымен зейнетақы жүйесінің салымшылары үшін тенгенің ревальвациясы
жағымсыз жағдай. Ол ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдеріндегі валюталық қаржы
инструменттерінің құнсыздануына алып келеді және зейнетақы активтерінің
жалпы табыстығын төмендетеді. Сонымен барлық ЖЗҚ-ры екі жылдың ішінде
долларлық инструменттерден құтылды., ол өз кезегінде портфельдердің
валюталық диверцификасиясының максималды төмендеуіне алып келді, яғни ол
біркелкі тенгелік болатын болды.
Егер валюталық бағам өзгеріп, әлемдік валюталарға қатысты доллар
бекітіле бастаса барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары бағамдық айырмашылық
салдарынан үлкен шығынға ұшырады. 2004 жылдың басынан бастап мемлекеттік
зейнетақы жинақтаушы қорын жекешелендіру күтілді. Қазақстан үкіметі
халықаралық қаржы институттарының қатысуымен 2004 жылдың 1-ші кварталында
жекешелендіру туралы шешімді қабылдауы керек болатын. Өкінішке орай
көрсетілген мерзімде бұл шешім қабылданбады, бірақ оның орнына мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендірудің болашақ схемасы анықталды. 2004
жылдың сәуір айында үкімет мемлекеттік ЖЗҚ-ның акциясының 25пайызын
Европалық қайта құру және қайта даму банкіне (IBRD) және халықаралық қаржы
корпарациясына (IFC) сататындығы туралы, одан кейін олардың қатысуымен МЖЗҚ
акцияларының бақылау пакетін сатуды ұйымдастыратындығы жайлы
жариялана бастады. Сонымен қатар МЖЗқ-ның капиталындағы қалған акциялардың
пакетін сақтау керек болатын, МЖЗҚ акцияларын бөлудің схемасы
жекешелендіруден кейін, келесідей түрде болатын болған: Қазақстан
Республикасы үкіметі (25% +1 акция), стратегиялық инвестор (50%+ 1 акция),
ІВRDжәне IFC (25% + 2 акция).
2004 жылдың күзінде МЖЗҚ халықаралық стандарттардың серияларына ISO
9001200012 берілген қордың менеджмент сапасының жүйесі сай
келетіндігі туралы сертификат алды. Бұл сертификацияның негізгі мақсаты
қор қызметін халықаралық стандарттағы максималды жақындату болып
табылады, бірақ МЖЗҚ-ның кейбір басшыларының сөзіне қарағанда
қандай сертификацияны енгізу жекешелендіру кезінде оның акцияларының
бағасының көрсетілуіне әсер етуі мүмкін, яғни МЖЗҚ-ын
жекешелендіруге дайындықтардың жүруі байқалынады 20.
2005 жылдың наурыз айында ұлттық банк және МЖЗҚ
басшылары, сонымен қатар Европалық қайта құру және Даму банкі
қызметкерлері МЖЗҚ-ын жекешелендіруге дайындыққа IBRD алғашқы қатысу
қадамдары туралы жариялады. Оларының жарғысының өзгеруіне келісім берілді;
оның жарғылық капиталы 500 млн тенгеден 555 млн тенгеге өсті.
Эмиссияланған акцияларды IBRD сатып алады, содан кейін акционерлер құқығы
негізінде жекешелендірумен айналысады және қорға стратегиялық инвестордың
келуіне көмектесуі мүмкін. МЖЗҚ-ын жекешелендірудің қалай өтетіндігі әлі
белгісіз. Бірақ IBRD және басқаларының назары МЖЗқ-ның акцияларының бақылау
пакетін иеленетін стратегиялық инвесторда болып отыр. МЖЗҚ-ның
жекешелендіру мерзімін ешкім болжай алмайды. Жекешелендірудің әрбір
қадамы үкіметтің қаулысымен жүруі тиіс.
Келесі болатын шаралар IBRD, Қазақстан Республикасы үкіметі және ұлттық
банктің арасындағы мимориандумға қол қоюы, сонымен қатар қосымша эмиссия
жүргізуге рұқсат алуы және IBRD акциясының 10% сатып алуға рұқсат алуы
болып отыр. Егер МЖЗҚ ағымдары жылда сату туралы шешім қабылданса, онда
шешімнің өзі (үкіметтің қаулысы) екі-үш айдың ішінде нарыққа шығуы мүмкін,
ал жылдың ортасында МЖЗҚ акцияларын сату бойынша байқау өтілуі мүмкін.
Бұл мәселенің 2006 жылға дейін МЖЗҚ-ның кейбір көрсеткіштерінің
жақсаруына дейін қалдырмауы мүмкін. Қазіргі кезде МЖЗҚ халық банкінің ЖЗҚ-
нан активтері бойынша артта қалуда, ал табыстылық бойынша соңғы орында.
2004 жылдың зейнетақы рыногында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болған
жоқ. Ал екінші жартысында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
дамуына әсерін тигізетін бірнеше маңызды өзгерістер болды.
Мысалы: 2004 жылдың 4 қазанында Жабық акционерлік қоғам "ДАВ АВТ AMRO
Қазақстан банкі " еншілес шетел банкінің прессрелизінде ЖШС "Филип Моррис
Казахстан"кампаниясынан ЖАҚ ЖЗҚ "Филип Моррис Казахстан" акциясының 100%-
тік сатып алғаны туралы және келесі кезеңде ЖАҚ ЖЗҚ "Филип Моррис
Казахстан" қайта құрып, оның біріккен түрде Акционерлік қоғам "ABN AMRO
КаспийМұнайГаз ЖЗҚ" ретінде болатындығы туралы жарияланды. 2004 жылдың
аяғында айтылған қайта құру болды. Ол өз кезегінде ең кішкентай, бірақ ең
жақсы қорлардың бірі болып табылатын ЖЗҚ "Филип Моррис Казахстан" жұмысын
тоқтатты. Болған қайта құрылымнан кейін рынокта бір ғана корпоративті
зейнетақы қоры - ЖЗҚ "Қазақмыс" қалды. Ол қазіргі кезде жақсы орынды
иеленген (2004 жылдың қорытындысы бойынша бұл қордың рыноктық үлесі 2,7 %
болатын).
Ал 2004 жылдың аяғында ЖЗҚ "Қазақстан" зейнетақы активтерін өз бетінше
басқаруды қолға алды, ол пайда болғаннан бері "Испат -КАРМЕТ" ірі
өндірістік бірлестігінің корпаративтік зейнетақы қорының қызметін де
атқарған. Бұл қор Қазақстанның Халық Банкінің ЖЗҚ-нан кейін зейнетақы
активтерін өз бетінше басқаруға лицензия алған Мемлекеттік емес ЖЗҚ-дың
арасынан екінші болып келеді. Мұндай құқықты Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ
2003 жылдың ортасында алған. Сонымен 2005 жылдың басында зейнетақы
активтерін өз бетінше басқаратын ЖЗҚ үлесі рыноктың жартысын құрады
(49,8%), ал ЖЗҚ "Қазақстан" және ЖЗҚ "Құрмет" қосылғаннан кейін 2005 жылдың
басында 54 %-ке дейін өсуі мүмкін деген болжамдар туындап отыр. Егер барлық
ЖЗҚ Қазақстанның Халық Банкі және ЖЗҚ "Қазақстан" мысалы бойынша жүретін
болса, онда ООИУПАКУПА рыногы 20-25% қысқаруы мүмкін немесе зейнетақы
рыногының сегментті ретінде жойылып кетуі мүмкін 21.
2004 жылы болған тағы бір өзгеріс ол 2-ші деңгейдегі ірі банктердің
бірі АҚ "Банк Туран Алем Казахстан" және "Құрмет" зейнетақы қорларын
біріктіру туралы шешімі болып табылады, өйткені бұл қорлардың бақылау
пакетін осы банк иеленген. Бұл бірігу "RESMI Group" қаржы өндірістік
тобының ЖЗҚ "Құрмет" үлгісіндегі өзінің бөлігін Туран Алем Банкіне
бергеннен кейін мүмкін болды.
ЖЗҚ "Қазақстан" зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға лицензия
алғанын және ЖЗҚ "БТА Құрмет Қазақстан" болашақта бұл құқықты қолданғанын
ескерсек "RESMI Group" компаниясының рыноктық жағдайы минимумға өзгеруі
мүмкін. "RESMI Group" компаниясы тек ЖЗҚ "Отан" зейнетақы активтерін
басқарып отырып, олардың рыноктық үлесі 8,8%-тен 1,5 пайызға дейін қысқарып
отыр.
2005 жылдың 1 қаңтарына дейін рынокта 15 ЖЗҚ қызмет істеді, оның
ішінде 1 мемлекеттік, 1 карпаративтік және 13 ашық мемлекеттік емес
қорлары болды. 2001 жылдың басымен салыстырғанда ЖЗҚ-ның саны
біреуге қысқарды. Бірінші кестеде керсететініміздей ЖЗҚ "Филип Моррис
Казахстан" жазылмаған, яғни ол 2004 жылдың желтоқсанында "ABN AMRO
КаспийМұнайГаз ЖЗҚ" құрамына қосылған.

1 – кесте. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы ЖЗҚ – ның толық инфрақұрылымдық
жағдайы.
№ ЖЗҚ Регион Банк- кастодиан ООИУПА (КУПА) 2004ж. Құрылымдық
санына өзгеруі
бөлінуі
1 АҚ "ЖЗҚ" 17 АҚ АТФ Банк Өз бетінше
Қазақстан басқару
Халық Банкі
2 Ақ 18 Қазақстан Өз бетінше Жекешеленуге
"Мемлекеттік Ұлттық Банкі басқару дайындықта
жинақтаушы
зейнетақы
қоры"
3 ЖАО "ЖЗҚ 15 АҚ "Қазақстан АҚ "ООИУПА"
ҰларҮміт" Ұлттық Банкі" "Жетicy"
4 АҚ "ABN AMRO8 ЖАҚ "ДБ" АҚ"ООИУПА"А 2004жылы желтоқсанда
Каспий Мұнай НSВС Қазақстан BNAMRO Asset "ЖЗҚ
Газ ЖЗҚ" Банкі" Management" "Филип Моррис
Қазақстанды" өзіне
қосып алды
5 Ақ "ҰАЖЗҚ 16 АҚ АҚ "ООИУПА ҰЖЗҚ "Қазақстан
Құрмет" "Темірбанк" "Premier Asset қосылуға дайындықта"
management"
6 АҚ "АЖЗҚ 16 АҚ АҚ "ООИУПА
Сенім" "Евразиялық "ВаіІyk Asset
Банк" Management"
7 АҚ "ЖҚ 33 АҚ АҚ "ООИУПА
Валют-Транзи "Темірбанк" "Актив-Инвест"
т Қоры"
8 АҚ "ҰЖЗҚ 4 АҚ Өз бетінше 2004жылдың
Қазақстан" "Казкоммерцбанк"басқару желтоқсанында"ООИУПА
"Premier
Assemanagement-тен
зейнетақы активтерін
өз бетінше басқаруына
өтті
9 АҚ "ЖЗҚ - АҚ "Қазақстан АҚ "ООИУПА
Қазақмыс" Ұлттық Банкі" "АЛЬФА ТРАСТ"
10 ЖАҚ "ҰЖЗҚ 3 АҚ "Қазақстан АҚ "ООИУПА
НефтеГаз Ұлттық Банкі" "Bailyk
-Дем" Asset
management"
11 АҚ "АЖЗҚ 14 АҚ "Қазақстан АҚ "ООИУПА
Ұлттық Ұлттық Банкі" "НУР-ТРАСТ"
зейнетақы
қоры "
12 АҚ "АЖЗҚ 2 АҚ "Центр КредитАҚ "ООИУПА АҚ "АТФ Банк"-тің
Отан" Банк" "Premier Asset кастодиалы қызметіне
management" көшті
13 АҚ "ЖЗҚ 2 АҚ "ЦентрКредит АҚ "ООИУПА
қорғау" Банк" "Bailyk Asset
management"
14 АҚ "ЖЗҚ - АҚ "АТФ Банк" АҚ "ООИУПА"АВN
Капитал" AMRO Asset
Management"
15 Ақ - АҚ "АТФ Банк"АҚ "ООИУПА -ТРАСТ"-тан
"Д.А.Қонаев "Bailyk Asset инвестициялық
атындағы management" басқаруға өтті
АЖЗҚ "

Бірінші кестеде жабық акционерлік қоғам түрінде тек екі ЖЗҚ
-"ҰларҮміт" және "НефтеГаз-Дем" қызмет атқаратыны көрсетілген.
Арнайы мәліметтер бойынша 2005 жылдың бірінші қаңтарында міндетті
зейнетақы төлемдері бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің саны
6 974 437 адамды құрады. 2004 жылдың ішінде міндетті зейнетақы салымдарын
салушылардың саны 810121 адамға көбейді (өсімі+13,1%). Ал ерікті түрде
зейнетақы салымдарын салушылардың саны 2004 жылдың ішінде 2 793 адамға
өсіп, 2005 жылдың бірінші қаңтарында 30157 адам болды. Олардың индивидуалды
шоттарындағы зейнетақы жинақтары 0,4 млрд теңгені құрады.
2005 жылдың басында таза зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 483,990
млрд. теңге немесе 3,723 млрд. долларды құраған.Оны мына төмендегі кестеден
байқауымызға болады:

№ ЖЗҚ 01.01.0 динамикасы
4 01.01.05
млн млн долл млн тенге млнмлнтенге % млн
тенге %үлесі долл %үлесі долл

1. ЖЗҚ Қазақстан Халық банкі 88950 621 24,1 121174 932 25,0
+32224 +36,2 +312 2. МЖЗҚ 90321 630 24,5 105717 813
21,8 +15296 +17,0 +183 3. ҰларҮміт 63036 440 17,1
85685 659 17,7 +22649 +35,9 +219 4.ABN AMRO-
КаспийМұнайГаз 26282 183 7,1 35426 273 7,3 +9144 +34,8
+89 б.Құрмет 15590 109 4,2 20823 160 4,3 +5233
+33,6 +51 6. Сенім 16347 114 4,4 20725 159 4,3
+4378 +26,8 +45 7.Валют-ТранзитҚоры 13812 96 3,7 20700
159 4,3 +6888 +49,9 +63 8. Қазақстан 10582 74 2,9
14351 110 3,0 +3769 +35,6 +37 9.Қазақмыс 10657
74 2,9 12929 99 2,7 +2272 +21,3 +25
10.НефтеГазДем 9284 65 2,5 12464 96 2,6 +3170 +34,1
+31 11 . Ұлттық зейнетақы қоры 7812 55 2,1 11296 87 2,3%
+3484 +44,6 +32 12. Отан 5807 41 1,6 8844 68 1,8%
+3037 +52,3 +28 13. Қорғау 5581 39 1,5 7214 55
1,5% +1633 +29,13 +17 14. Капитал 2392 17 0,6 5315
41 1,1% +2923 +122,2 +24 15. Д.А.Қонаев атын.ЖЗҚ 1039 7
0,3 1327 10 0,3% +288 +27,7 +3 16. Филип Моррис
Қазақстан 845 6 0,2 0 0 0,0% -845 -100,0 -6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Зейнетақы жүйесі жайлы
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Пәндер