Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ СИПАТЫ МЕН ЛЕКСИКА.СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қазіргі айтыс тіліндегі синонимдердің қолданылуы ... ... ... ... ... ... ...19
1.3 Қазіргі айтыс тіліндегі мақал.мәтелдер мен фразеологизмдердің қолданылу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Қазіргі айтыс тіліндегі метафоралық қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... .30
2.2 Қазіргі айтыс тіліндегі теңеулердің қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3 Қазіргі айтыс тіліндегі эпитеттердің қолданыс ерекшелігі ... ... ... ... .38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 44

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Айтыс – қазақтың ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы, тарих керуенімен бізге жеткен тапқырлық пен шешендікке, терең ой мен өткір сынға, әншілік пен әуенге, ең бастысы ұлттық мүдде мен ұлттық идеяға құрылған сахналық сұлу өнері. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұлттық моральдік кодекстің алтын діңгегіне сүйенетін айтыс, қай заманда болса да, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қай-қай саласындағы қалтарыстар мен бұлтарыстарды, қоғамның көлеңкелі тұстарын өткір де өзекті ой-пікірімен, көркем де бейнелі, поэтикалық кестелі тілімен өрнектеген ұлттық рухани құндылықтың бірегейі.
Айтыс қазақ халқының маңдайына біткен біртуар бағы, төл өнері сөз өнерінің озық үлгісі, синкретті жанр. Синкретті болуы – оның аттаныс нүктесі эпостық шығармалармен төркіндес, тамырлас болып, ертедегі тұрмыс-салт өлеңдерінен бастау алып, әуен, мәтін, мақам, қимыл бірге жүретін философиялық, психологиялық, прагматикалық қасиеттерді бойына жинақтаған әмбебап кешенді құрылымдығында, әлеуметттік мәселелерді замана шындығына сай жырлайтын поэтикалық туынды.
Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, ұлттық арман-аңсарымыздың (идеологиямыздың) беделі мен болашағын дамытуға тарихи мүмкіндік туған бүгінгі тұста, төл өнеріміз айтыс та қайта жанданып, заманауи жаһандану көшіне өз үлесін қосып жаңа сатыға көтерілу үстінде. Қазіргі айтыс өнерінің идеялық-мазмұнымен қатар, тілдік ресурстарын өлең құрылымының мағыналық-стильдік реңктері мен көркем поэтикалық образдар тұрғысынан, тілдік қатысым мен прагма-психологиялық тұрғыдан жүйелі де ұтымды зерттеуге мүмкіндік туып отыр. Осыған орай, ұлттық феномендік төл өнерімізді сан-салалы ғылым салаларымен сабақтастыра отырып кешенді зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ айтысының тілдік ерекшеліктеріне толығырақ тоқталды.Қазіргі айтыс тілінің этномәдени сипаты мен лексика-семантикалық ерекшелігі кеңінен талқыланды.Қазіргі айтыс тілінің көркемдік ерекшеліктері оның ішінде метафоралық қолданыстар,теңеулер,эпитеттердің қолданыс ерекшеліктеріне сипаттама берілді.Бұл зерттеу жұмысында айтыскерлер тілін талдай отырып,мысалдар келтірілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көркем шығарма тілін лексика-грамматикалық, стилистикалық, коммуникативтік-прагматикалық, лингвомәдени ерекшеліктері тұрғысынан зерделеп, сөздің поэтикалық табиғатындағы жұмсалу орнына, тіркесімділік қабілетіне, тарихи мәніне, жасалу жолына, айтылу жүйесіне, нормалану үрдісіне, әдеби тіл мен көркем шығарма тілінің ара қатынасына назар аудару қазақ тіл білімінің бүгіндегі өзекті мәселерінің бірі болмақ.
Халық ауыз әдебиетінің сан ғасырлық тарихының айнасы іспетті асыл қазыналарының бірі болып саналатын айтыс өнерінің қазіргі тілдік ерекшеліктерін қазақ тіл білімінде жеке тақырып ретінде лингвомәдени, лингвопоэтикалық, лингвоэкологиялық, , лексика-семантикалық сипатта алғаш рет зерттеу нысанына айналдыру осы жұмыстың басты өзектілігін танытады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ айтыс тілінің лингвомәдени, лексика-семантикалық сипаты,тілдік ерекшелігі қарастырылады.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ айтысының тілдік ерекшеліктері.

1.Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. – 1985. – №101 –
22 б.
2. Маслова В.Л. Введение в лингвокультурология. – М ., 1997. – С. 228
3. В.фон Гумбольдт. Язык и философия культуры. – М ., 1985. – С. 946
4. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы, 2008. – 353 б.
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы , 1991 – 240 б.
6. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы : Санат, 1996 – 365б
7. Асылбекова Ж. Қазіргі айтыс ақындарының тілдік ерекшеліктері//филол.ғыл.докт.дисс. – Алматы, 2010 – 125 б.
8. Қазіргі айтыс. – Алматы : Күлтегін, 2004 – 309 б.
9. Сыздық. Р. Айтыс: бүгіні мен болашағы. Қазақ әдебиеті. № 32, 14.08.1998
10. Асылбекова Ж. Қазіргі айтыс тіліндегі синонимдердің қолданылуы,мағынасы// ҚазҰУ Хабаршысы.Филология сериясы. – Алматы, 2002, - №18(52) – 117 – 120 бб.
11. Пермяков Г.Л. Основы структурной паремеологии. –М.,1988. –С. 80
12. Лингвистический энциклопедический словарь. – М., 1990. – С. 588
13. Б.Дина Қазақ паремияларындағы дүниенің тілдегі бейнесі // А.Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері. – Алматы, 2004 - 201 б
14. Ожегов С.Н. Словарь русского языка – Москва, 1989 – С. 712
15. Аристотель. Поэтика. – Москва: Мысль, 1984. – С. 830
16 . Еспекова Л.Ә. Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер // фил. ғыл. кан. ғыл. дәр. алу үшін дай. дисс. – Алматы, 1998. – 166б.
17. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. ІІ-том. –Алматы, 1983.
18. Күлкенова О.К. Қазіргі әдеби тіліндегі айқындауыштардың стилистикалық-бейнелеу функциялары. – Алматы, 1978. –39 б.
19. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией Е.С. Кубряковой. – Москва, 1996 – 245 с.
20. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1965.
21. Асылбекова Ж. Қазіргі айтыс тіліндегі теңеулер // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы , 2000. - №4(38). – 88-91 бб.
22. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 310б.
23. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы , 1965.
24. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы, 1995. - 207б. 25. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991. – 459б. 26. Горбачевич К.С. Язык неистощим в соединении слов // Русская речь. N4, 1973.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1 ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ СИПАТЫ МЕН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...8
1.2 Қазіргі айтыс тіліндегі синонимдердің
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ..19
1.3 Қазіргі айтыс тіліндегі мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің қолданылу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..22
2 ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Қазіргі айтыс тіліндегі метафоралық
қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... .30
2.2 Қазіргі айтыс тіліндегі теңеулердің
қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .34
2.3 Қазіргі айтыс тіліндегі эпитеттердің қолданыс
ерекшелігі ... ... ... ... .38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 4 4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Орындаған 4-курс студенті ________________________ Н. Салимбетова
Ғылыми жетекші
ф.ғ.к., доцент _________________________
К. Күркебаев
Норма бақылаушы:

Ә. Әміров
Кафедра меңгерушісінің
Рұқсатымен қорғауға жіберілді:
ф.ғ.д., профессор __________________________ Б.
Шалабай
___ ______2010
Алматы, 2010
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі.
Жұмыстың көлемі: 44
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 26
Тірек сөздер: Айтыс, синоним, мақал-мәтел, фразеологизм, теңеу, эпитет,
метафора, тіл, мәдениет.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, Қазіргі қазақ айтыс тілінің
этномәдени сипаты және лексика-граматикалық ерекшелігі, Қазіргі қазақ
айтыс тілінің көркемдік ерекшелігі деп аталатын екі тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты – ұлттық рухани
мәдениетіміздің сүбелі қабатын құрайтын, бабалар тілінің қайнар бұлағы мен
асыл қазынасындағы жауһар дүниелерінің бірі болып табылатын айтыс өнерінің
қазіргі этномәдени және поэтикалық ерекшеліктерін кешенді талдау жүргізу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер жүктелді:
- қазіргі қазақ айтыс тіліндегі этномәдени және поэтикалық болмысын
айқындау;
- қазіргі қазақ айтыс тілінің өзіне тән лексика-семантикалық жүйесіне
талдау жасау;
- қазіргі қазақ айтыс тілінің көркемдік ерекшеліктеріне жүйелі талдау
жүргізу;
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диплом жұмысы қазіргі қазақ айтысының тілідк
ерекшелігін талдауға талдауға арналған. Жұмыстың кіріспесінде жұмыстың
мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, нысаны мен зерттеудің дереккөздері мен
әдістері, теориялық-практикалық маңызы, әдіснамалық негіздері көрсетіледі.
Жұмыстың Қазіргі қазақ айтыс тілінің этномәдени сипаты мен лексика-
семантикалық ерекшелігі атты бірінші бөлімінде айтыстың этномәдени
сипаты,синонимдік қолданысы мен мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің
қолданысы туралы айтылады. Ал Қазіргі қазақ айтысының көркемдік
ерекшелігі атты екінші бөлімінде айтыс тіліндегі метафоралық, эпитеттік
және теңеулердің қолданысы жайлы айтылады. Жұмыстың қорытындысында диплом
жұмысының негізгі тұжырымдары жасалған.
Жұмыста қолданылған әдістер: Диплом жұмысын жазу барысында айтыс тілін жан-
жақты зерттеу үшін семантикалық талдау, мәтінді поэтикалық талдау әдісі,
жинақтау және саралау әдістері қолданылды.
Пайдаланылған дереккөздер: Зерттеу жұмысында
А. Байтұрсыновтың Тіл тағылымы (1992); Айтыс I том (1988); Айтыс
II том (1988); Қазіргі айтыс. Астана: Күлтегін 2004. 1-кітап; Қазіргі
айтыс. Астана: Күлтегін 2004. 2-кітап; Қазақ баспасөз беттерінде
жарияланған Қазіргі айтыс мәтіндері.
ГЛОССАРИЙ
Метафора ( грек. metaphora – ауысу ) – сөздер мен сөз орамдарының
ұқсастығы, сәйкестігі және т.б. негізінде олардың ауыспалы мағынада
пайдаланылған тұратын троп тәсілі.
Фразеологизм ( грек. phrasis – сөйлеу оралымдары + logos – сөз ) –
кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, құрамы мен құрылымы тұрақты,
сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып жұмсалатын
біртұтас, мағына жағынан идиоматикалық единица.
Эпитет (грек. epitheton – қосымша берілген) – Троптың бір түрі,
сөйлеу тіліндегі кең баяндау қызметін атқаратын бейнелі анықтама. Объект
көп жағдайда қосымша бағалау сипатына ие болады.
Теңеу ( орысша сравнение) – Мұнда суреткер заттың, құбылыстың
ерекше көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Айтыс – қазақтың ауыз әдебиетінің үлкен бір
саласы, тарих керуенімен бізге жеткен тапқырлық пен шешендікке, терең ой
мен өткір сынға, әншілік пен әуенге, ең бастысы ұлттық мүдде мен ұлттық
идеяға құрылған сахналық сұлу өнері. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
деген ұлттық моральдік кодекстің алтын діңгегіне сүйенетін айтыс, қай
заманда болса да, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қай-қай саласындағы
қалтарыстар мен бұлтарыстарды, қоғамның көлеңкелі тұстарын өткір де өзекті
ой-пікірімен, көркем де бейнелі, поэтикалық кестелі тілімен өрнектеген
ұлттық рухани құндылықтың бірегейі.
Айтыс қазақ халқының маңдайына біткен біртуар бағы, төл өнері сөз
өнерінің озық үлгісі, синкретті жанр. Синкретті болуы – оның аттаныс
нүктесі эпостық шығармалармен төркіндес, тамырлас болып, ертедегі тұрмыс-
салт өлеңдерінен бастау алып, әуен, мәтін, мақам, қимыл бірге жүретін
философиялық, психологиялық, прагматикалық қасиеттерді бойына жинақтаған
әмбебап кешенді құрылымдығында, әлеуметттік мәселелерді замана шындығына
сай жырлайтын поэтикалық туынды.
Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, ұлттық арман-аңсарымыздың
(идеологиямыздың) беделі мен болашағын дамытуға тарихи мүмкіндік туған
бүгінгі тұста, төл өнеріміз айтыс та қайта жанданып, заманауи жаһандану
көшіне өз үлесін қосып жаңа сатыға көтерілу үстінде. Қазіргі айтыс
өнерінің идеялық-мазмұнымен қатар, тілдік ресурстарын өлең құрылымының
мағыналық-стильдік реңктері мен көркем поэтикалық образдар тұрғысынан,
тілдік қатысым мен прагма-психологиялық тұрғыдан жүйелі де ұтымды
зерттеуге мүмкіндік туып отыр. Осыған орай, ұлттық феномендік төл
өнерімізді сан-салалы ғылым салаларымен сабақтастыра отырып кешенді
зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ айтысының тілдік ерекшеліктеріне
толығырақ тоқталды.Қазіргі айтыс тілінің этномәдени сипаты мен лексика-
семантикалық ерекшелігі кеңінен талқыланды.Қазіргі айтыс тілінің көркемдік
ерекшеліктері оның ішінде метафоралық қолданыстар,теңеулер,эпитеттердің
қолданыс ерекшеліктеріне сипаттама берілді.Бұл зерттеу жұмысында
айтыскерлер тілін талдай отырып,мысалдар келтірілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көркем шығарма тілін лексика-
грамматикалық, стилистикалық, коммуникативтік-прагматикалық, лингвомәдени
ерекшеліктері тұрғысынан зерделеп, сөздің поэтикалық табиғатындағы жұмсалу
орнына, тіркесімділік қабілетіне, тарихи мәніне, жасалу жолына, айтылу
жүйесіне, нормалану үрдісіне, әдеби тіл мен көркем шығарма тілінің ара
қатынасына назар аудару қазақ тіл білімінің бүгіндегі өзекті мәселерінің
бірі болмақ.
Халық ауыз әдебиетінің сан ғасырлық тарихының айнасы іспетті асыл
қазыналарының бірі болып саналатын айтыс өнерінің қазіргі тілдік
ерекшеліктерін қазақ тіл білімінде жеке тақырып ретінде лингвомәдени,
лингвопоэтикалық, лингвоэкологиялық, , лексика-семантикалық сипатта
алғаш рет зерттеу нысанына айналдыру осы жұмыстың басты өзектілігін
танытады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ айтыс тілінің лингвомәдени,
лексика-семантикалық сипаты,тілдік ерекшелігі қарастырылады.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ айтысының тілдік ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - ұлттық
рухани мәдениетіміздің сүбелі қабатын құрайтын, бабалар тілінің қайнар
бұлағы мен асыл қазынасындағы жауһар дүниелерінің бірі болып табылатын
айтыс өнерінің қазіргі лингвомәдени және поэтикалық ерекшеліктеріне кешенді
талдау жүргізу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер жүктелді:
– қазіргі қазақ айтыс тілінің лингвомәдени және поэтикалық болмысын
айқындау;
– қызыл тілдің қасиеті мен құдіретіне толы айтыс өнерінің ұлттық
этномәдени феномендік болмысын зерделеу;
– қазіргі қазақ айтыс тілінің өзіне тән лексика-грамматикалық
жүйесіне лингвистикалық талдаулар жасау;
– қазіргі қазақ айтыс тілінің поэтикалық табиғатын танытатын
ерекшеліктеріне жүйелі талдаулар жүргізу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында тіл біліміндегі сипаттау,
салыстыру, анализ, индукция және дедукция синтез жасаудың әдіс-тәсілдері
кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмыстың әдістанымдық негізі. Зерттеу жұмысын жазу бар
ысында В. Радлов, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Диваев, Адольф
Янушкеивич, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайлов сияқты халық ауыз әдебиетін зерттеуші
ғалымдардың айтысқа қатысты зерттеу еңбектері мен пікірлері А.
Байтұрсынов, М. Балақаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Т. Жанұзақов, Н.
Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Қосымова, А. Алдашева, Б. Сағындықұлы, Г.
Смағұлова, А. Салқынбай, Б. Момынова, Б. Шалабай сияқты тілші
ғалымдардардың лингвомәдени және танымдық зерттеу еңбектері, ғылыми
мақалалары қарастырылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу осы сала бойынша
жүргізілетін лингвомәдениеттану, лексикология, көркем мәтін поэтикасы,
стилистика, мәтін семантикасына қатысты еңбектерге теориялық, ұстанымдық
негіз ретінде қызмет етеді. Еңбектің нәтижелері іргелі ғылыми
пайымдаулардың дамуына жол ашады.
Зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, көркем мәтін поэтикасы, стилистика,
семантика, фольклор сияқты арнаулы курстарда және фразеологиялық,
түсіндірме сөздіктер құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1ҚАЗІРГІ АЙТЫС ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ СИПАТЫ МЕН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты
Бүгінде жер бетіндегі этнос, ұлт, халық, мемлекет сияқты іргелі
ұғымдар өз болмысын айқындау үшін тіл – таным – мәдениет үштағанына иек
артып, ұлттық дүниетанымның, ұлттық рухтың, ұлттық ерекшеліктің нәзік те
күрделі табиғатын танып білуге байланысты антропоөзекті бағыттағы танымдық
зерттеу еңбектер үрдіс алып келеді. Яғни, бұрын да тіл жеке ғылым саласы
ретінде жеке дара сөз етілуді негізгі бағыт ретінде ұстанса, бүгінгі таңда
антропоцентристік парадигма ретінде қарастырылуы негізгі меженің бірі
ретінде қалыптасу үстінде.
Тілдің қызметі тек қана коммуникативтік емес, ол әлем болмысы туралы
дүниетанымдық қорды топтастырушы, жинап сақтаушы, келер ұрпаққа мирас етіп
жеткізуші. Осыған орай, тіл арқылы әлемді тануда, этномәдени болмысын
тануда аксиологиялық модельдер (құндылықтар теориясы), дүниенің тілдік
бейнесі, психолингвистикалық стеоротиптер, концептілік тірек ұғымдар,
герменевтикалық қағидалар, логикалық категориялар басым бағытқа ие болып
келе жатыр.
Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең.
Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау, жалпы тіршілік әлемге деген
көзқарас ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері, қоршаған
әлемді қабылдау үрдістерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемінің
күрделі қабаттарының сан салалы көрсеткіші.
Ғылыми таным көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жердің шалғай
ғалам кеңістігін де нақты деректермен ұштастыра зерттеп, мүмкіндігінше
оларды адамзаттың өмір шындығына біртабан жақын, шынайы өмірмен
байланыстыра бейнелеуге ізгі талпыныстар жасауда.
Адамзат қоғамының дамуында әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың
жетілуі - тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуындағы маңызды фактор. Ал әр
халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде әлемдік мәдениеттің
ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың аясында сөз ету мәселесі тіл
ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған лингвомәдениеттану,
мәдениаралық коммуникация, әлемнің тілдік бейнесі бағыттарымен сабақтаса
жүзеге асып келеді.
Мәдениет - қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне
әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші
халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп
отырғанымыз - мәдениетті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар.
Мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде
көрініс табады. Тілдің құдіретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы
тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық
мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл - тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын
көздеген лингвомәдениеттану мен этнолингвистика пәнінің негізі болмақ.
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі ішкі және сыртқы
факторларға байланысты әр түрлі болғандықтан тілдегі ерекшеліктер де сан
алуан. Тілдің бойында мәдениеттің арқауын құрайтын, негізін қалайтын
ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын негізгі сипаттары көрініс береді. Тіл
рухының феномендік күші ұжым мүшелерінің тілдік санасында, ой-танымында,
этномәдени болмысында қатталады.
Кез келген ұлт дүниетанымы, ұлттық болмыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келе жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық танымдық мәдениеті оның тілінде
көрініс табады. Ұлттық танымдық мәдениеттің тірегі - тілде. Тіл –
дүниетаным құралы. Тіл – мәдениет айнасы. Тілде халықтың бүкіл тыныс-
тіршілігі, оның шын мәніндегі (табиғи) этномәдени болмысы мен дүниетанымы
сақталған [1, 22].
Әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын,
мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта
сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық
жүйе емес, ол – мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан оны құрылымдық
лингвистика деңгейінде зерттесек, үлкен нәтиже бере алмайды. Себебі,
тілдің қызметі тек қана коммуникативті-прагматикалық емес, этномәдени
ақпараттарды сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, бүтін ұлттық
тұтастықты жинастырушы болып табылады.
Ақиқат дүниенің мәдени ақпаратын танытатын әрбір лингвомәдени бірлік
дүниенің тілдік бейнесін айқындаушы лингвомәдени көрсеткіш ретінде
қарастырылғандықтан, онда ұлттық таным, ұлт менталитеті, ұлттық мінез,
өмір салты, әдеп-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниеге көзқарасы, түйсігі,
сана-сезімі көрініс табады. Осыған орай, қазіргі таңда ұлттық тіл мен
ұлттық мәдениетті сабақтастыра зерделейтін тіл білімінің кешенді саласы
лингвомәдениеттану кең қанат жаю үстінде.
В. Маслова тіл білімінің бұл саласына төмендегідей анықтама береді:
Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и
культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились
и закрепились в языке [2, 28].
Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып,
сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек
басымдық бағыт береді.
Мәдени ақпарат ұжымның когнитивтік санасында қатталып, тіл арқылы
жүйеленіп, сөз құдіретінің негізінде халық есінде ғасырдан-ғасырға
сақталады. Сондықтан да ғалымдар тарапынан тұжырымдалған ұлттық
мәдениеттің негізі тілде деп көрсетуін де жоққа шығара алмаймыз.
Ұлттық мәдениетті танытушы негізгі құрал тіл екенін В. Маслова
төмендегіше көрсетеді: Мәдениет халық тілінде көрініс береді. Тіл
білімінің міндеті – сол мәдениет көріністерін зерттеу [2, 76].
Тіл мен мәдениеттің, дүниетанымның байланысы ұлттың рухани дүниесі
арқылы көрініс беретінін алғаш В.фон Гумбольдт айтқан болатын.
В.фон Гумбольдт: Язык народа есть его дух и дух народа есть его язык, и
трудно представить себе, что-либо более тождественное [3, 89], – деп атап
көрсеткен тұжырымдамасы ХХІ ғасырдың кешенді мәдениеті үшін де өз
өзектілігін жоймағаны ақиқат болып отыр.
Тіл мәдени ақпараттар қорын жинақтап қана қоймайды, оны ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп отырады. Тілдің бұл қызметін тіл ғылымында кумулятивтік
қызмет деп атайды.
Тілдің кумулятивтік қызметі туралы зерттеуші Ж. Манкеева: Ана
тіліміздің құдіреті – сан мыңдаған жылдар бойы халқымызға тән рухани
қазынаны бойына сіңіріп, сақтауы. Ол - халқымыздың асыл мұрасын өз бойына
сақтап келген, оны бүгінгі күнге жеткізген, келешек ұрпаққа жеткізетін
тілдің кумулятивтік қызметіне байланысты, – деп тұжырымдайды [4, 137].
Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер. Ауызша әдебиет
ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ.баяғя ескі заманнан бастап соңғы
күндерге шейін қай ру болса да ортасында айтыс өлең айтылмаған ел болмайды.
Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық
теңіз сияқты көрінеді. Өзге жұрттың әдебиет тарихын өлең түріне бөлгенде,
айтыс өлеңі деген бөлім, не жоқ болады, не болмаса аз кездеседі. Қазақтың
өзге түрдегі ескілігнің барлығында өзге елдеігіне ұқсастық болса да айтыс
өлеңдері барлығынан да жат, жаңа түр. Қазақ әдебиетінің өзіне ғана меншікті
саналады. Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол етек алып жайылған емес.
Анда–санда кездесетін шашыраған өлеңдер сиякты көрінеді. Мысалы: ескі
француз әдебиетіндегі тенсондар, бұлардың түрі қазақ айтысына құсайды. Онда
да екі ақын көп жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге өлеңнен
айырмасы: суырып салма өлеңдермен айтысатын болса, тенсондарда сондай,
жанынан шұғылдан шығарылған ауызша өлеңдер. Айтысатын сөздері де қазақ
айтысында кездесетін білім талас сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады.
Мәселен, кейбір тенсондар адам қауымында әйелдің қандай бағасы бар деген
жайға арналған. Француз әдебиетінен басқа , ескі араб әдебиетінде Мұғалла
хат деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз айтыс емес, көбінесе өлең жарысы
сияқты. Бұрынғы замандағы, жәрменкедей ұлы жиында көп ақынның бір тақырыпқа
айтқан жарысы, өлеңдері көптің сынына түсіп, ең қызулы жеріне жібекке
жазылып, ілініп қойлатын. Сондықтан Мұғалла хат деп –ілуілі өлеңдер
айтылған.
Міне өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері
болғаны рас.бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп
жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты
әбебиет тарихының бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес.
Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендігінен айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай
,Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ
ішіне тегіс жайылған.барған елдің барлығында да бағалы, қадірлі бюолып
қайда барса да сый, құрмет, қызық, сауық болатындықтан, айтыс ақындары сол
жүрісін біржолата салт қылып әкеткен.
Ақындық, әншілік өнері жақсы жігіттің белгісі сияқты саналған.
Сондықтан ел ішінің қызық сауығы үшін сән түзеп, қыдырумен жүретін салдар
шыққан. Атақты ақындарға еліктеуден серілік молайып, бері келген заманда
Біржандай сал, Ақандай ақын серіні шығарған. Бұлардың жайы қай елдің
ортасында болса да, кейінгіге үлкен әңгіме болып қалған.
Соның бәрі айтыс ақындарының сарқыты. Онан соң бұрынғы ел, ақын
айтысын қызық сауықтың ермегі сияқты көре де екі рудың ақыны айтысатын
кезед құр ғана көлденең тыңдаушы бола алмайтын. Біреудің тілеуінде болып,
ұранына қызып, өзі жекпе-жекке шыққандай болып тыңдаған.
Ауызша әдебиетте өлең тақпақ пен айтыс ретінде айтылатын сөздер екі
жікке бөлінеді. Біреуі ақындар айтысы, екіншісі билердің билік үстінде, ру
тартысның тұсынды айтысатын сөздері –билер айтысы. Сырт көрінісіне
қарағанда ақындар айтысы мен билер айтысы қазақ ескілігндегі екә алуан сөз
сияқты. Бірақ , кейбір мағыналарымен, ел тұрмысымен байланысына қарағанда,
екеуі бір түрге қосылады.
Бұларды бір түрге қосатын себеп: ескі қазақ ішінде өте күшті болған
ру жігі. Бұрын қазақ әдебиетінде кездесетін өлең түрлері әр кезде әр түрлі
болып ел кезегі үшін қызмет еткен.Мысалы: сыршылдық өлеңдері көздегі жас,
көңілдегі қайғыны уатып, сүйеу беретін сөздер болса, кейбір жерде жылату
үшін, көзден жас шығару үшін көңілдің зар-мұңын шығаратын сөз болған.
Айтыс өлеңдердің ішінде мұң мен зар айтылмайды. Мұның ішінде елге бүгінгі
мұңын айтып, пәленде жолға түсіп, түзел деген өсиет жоқ. Мұндағы сөздердің
барлығы екі кісінің тартысы- таласы . Бұл өлең түрімен айтылған сөз күресі,
сөз жекпе-жегі ішкі мағынасына қарағанда, мұндай айтыстар бұрынғы елдің
сауығы, желігі үшін айтылатын айт пен той, ойын, жиынның өлеңдері.[4; 172].
Қазақтың айтыс өлеңдері жайында үлкенді-кішілі зерттеу еңбектер
жазған С. Мұқанов , М. Әуезов , Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Т. Нұртазин тағы
басқалардың айтуына қарағанда, айтыс деген сөз бірнеше мағынада
қолданылған. Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тарысуы,
дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған.Айтыс
қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет көлеміне өсетіндері
және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да – осы осы өлең түрінде
айтылған айтыстар.
Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына
қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі –халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-
ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар
айтысы. Соңғысы қазақ айтысының ең күрделісі болып табылады.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты
туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың
ішінде бастылары: жар-жар, бәдік айтысы, қыз бен жігіт айтысы, дін
айтысы, жұмбақ айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына
байланысты ойын-сауықтар кезінде айтылған және ойын-сауыққа жиналған жұртты
көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру кезінде туған. Мұның
алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Олардың осы
айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өздерінің ақындық
өнері жоқ жастар жаттап алып, ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл
айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатындықтан, халық оны
қыз бен жігіт айтысы деп атаған.
Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,әзіл-
оспақ, әдемі қалжын ретінде айтыла береді.Онда ақындар айтысындағыдай үлкен
әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты жеңіл-желпі күлдіргі жайлар сөз
болады. Айтыстың өлеңі ертеде шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті,
жаттамалы болғандықтан, оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт
пен қыздың қайсысы да орындай берген. Бұл айтыстың мысалы төменднгідей:
Жігіт:
Көгілдірік, ендеше , көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік.
Осындай бірме-бірге кез келгенде,
Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп
Қыз :
Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ,
Бау ағашта тұрады бұлбұл сайрап.
Құдай айдап осындай кез келгенде,
Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап, -
деп, айтысқа түскен қыз бен жігіт бір- бірін өлеңге шақырады.
Айтысқа түсетін қыз бен жігіт кейде көңіл сырын, бір-бірін
ұнататындығын да білдіріп отырады. Бұдан былай таныс болып, көрісіп
жүрелік - дегендерде де өлеңге қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке:
Кешке таман қозы қараған кісі болып, келіп-кетіп жүр, -дейді .Оған
жігіт:
...Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем,
Итің қосар қу әкең сорым қайнап,-
дейді . Жігітің бұл сөзіне қыз:
...Ит түгелі қасқардан қорықпас ем
Дәл өзіңдей, дариға, болсам
жігіт,-
деп жауап қайырады да, жігіттің намысына тие сөйлейді.
Қыз бен жігіт айтысының өлеңдік құрылысы көбінесе халыққа белгілі
он бір буынды өлең түрінде келеді.Және қазақ өлеңдерінің алғашқы түрлерінде
қайталау түрі көбірек кездеседі.Әсіресе , өлеңнің бастапқы екі жолын жігіт
те, қыз да қайталай отырып, өздерінің айтайын деген негізгі ойын өлеңнің
үшінші-төртінші тармағымен білдіреді.
Дін айтысы. Тарихшылардың айтуына қарағанда XVI-XVII ғасырға дейін
қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XVII-ғасырдан бері қарай
ислам дінін толық қабылдап бастаған. Осы кездег бастап ислам-қазақтардың да
негізгі дініне айналған.
Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін
поэзияны ,соның ішіде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз
дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ
болған,көпшілікке түсінікті ақындық тілімен діни әңгіме-үгіттерді таратқан.
Дін иелері өздерінің қолына ұстаған ақындарына әдейілеп тапсырып, жұрттың
жиналған жерінде дін үгіттерін айттырған, не туралы жіне қалай айтуды алдын
ала ескертіпте қойған. Осы негізінде діни тақырыпқа арналған айтыс өлеңдері
туған.
Дін айтысы екі ақынның бір-біріне сұрау-жауабы ретінде айтылады.
Айтыстың негізгі тақырыбы дін әңгімелері, дін үгіті болады, соларға қараңғы
халықты иландыру, нандырып,сендіру жағы қарастырылған. Бұл ретте дін айтысы
жаңалығы жоқ, бір айтқанын қайталай беретін өлеңге айналды.
Дін айтысының үлгісі, мәселен, Балық пен Елентай дейтін ақындардың мына
бір айтысынан көруге болады.
Балық:
Ақын жігіт атанған, Елентаймын,
Өнерпаздың өнерпаз білер жайын.
Жауап бер, бір азырақ сөз сұрайын:
Әуелі не жаратты бір құдайым.
Елентай:
Болық , маған белгілі сенің сырың,
Біздерден артық емес айтқан жырың.
Бұрынғы даналардан есітемін,
Жер мен көк жаралды елден бұрын. –
Осы сияқты дін айтыстарында сұрау-жауап ретінде аспан әлемі, жердің
асты-үсті, табиғаи көріністері, хайуанаттар дүниесі айтылады.Бұлардың
баолығын жаратушы бір құдай екендігін айтып, халқты соған нандырмақ болады.
Сондай-ақ, дін айтыстарынан бес уақыт намаз оқу, оаза ұстау, қайыр-садақа,
үшір-пітір беру жайы да орын алады.Бұларды да дін айтысы халықтың құдай
тағаланың әмірін орындау, құлшылық ету жағын көздеп әңгіме етеді; намаз
оқыған, ораза ұстаған, қайыр-садақа берген адам ғана жұмақтың төрінен
орын алады, ал бұл шарттарды орындамағандар тамыққа жанады деп
қорқытады.Сөйтіп , дін айтыстары әртүрлі діни ұғымдарды елге тарату қараңғы
халықты діни насихатының құралы екені аңғарамыз.
Дін айтысы қазақтың айтыс өлеңдеріне, оның қалыптасып дамуына зор ықпал
–әсер жасаған айтыс емес.
Жұмбақ айтысы. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, әдет-салтына
байланысты туған айтыс өлеңдерінің тағы бір түрі –жұмбақ айтысы. Бұл
айтыста ойын-сауық үстінде, көпшіліктің жиналған жерінде айтылатын болған.
Жұмбақ айтысы бүкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны секілді.
Өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады.сондықтан мұндай айтысқа түсу
үшін ақынның өлеңді суырып салып айту жеткіліксіз. Соған қоса ақын тапқыр,
білгір және тез ойлап, шапшаң жауап беруге тиіс. Сонда ғана өзімен бірге
айтысқа түсіп отырған ақынның сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын
дұрыс шеше алатын болады. Бұл үшін жұмбақты берушінің де, оны шешушінің де
әр нәрседен хабардар , көп мәліметті білу шарт.
Қазақта айтысқа қатысқандар ақындар көп болғанымен де, олардан
Жұмбақ айтысына араласқандары аз сияқты. Мұның өзі жұмбақ айтысының
оңай еместігін аңғартады. Дегенмен, мұндай айтысқа Рысжан, Әсет, Шөкей,
Күңбала, Нұржан, Сапарғали сияқты ақындардың қатысқанын білеміз. Олардың
жұмбақ түріндегі айтыстары аталған ақындардың ақындық өнерімен қатар,
тапқыр, білгір адамдар екндіктерін көрсетеді. Мысалға, Рысжан мен әсеттің
айтысын алайық.
Олар бір-бірін сырттай білгенмен де, жүздесіп айтыспаған екен. Бір
жылы көп жиналған жерінде (бір деректерге қарағанда, олар бұрынғы Қоянды
жәрмеңкесінде кездескен секілді).Рысжан мен Әсеттің қызу айтысы болады.
Оны ел адамдары ұйымдастырған деседі. Осы айтыста атақты екі ақын бір-
бірінен ақындық өнер асырамыз деп зор тартысқа түседі. Бірақ жеңісе
алмайды. Сонда Әсеттің білгірлік шама-шарқын сынамақ болып, Рысжан бірнеше
жұмбағын шеше отырып, сол замандағы әкімдерді, болыс-билерді мейлінше
жамандайды; Елубасы-құзғын , старшин –қанға тояттаған қаршыға, онбасылар
–күйкентай деп көрсетеді. Рысжанның екінші жұмбағы –адамның дене мүшелері.
Мұны да Әсет әдемілеп шешіп береді. Ал үшінші жұмбағында:
Арықтап бір түйе өлді жетіп ажал,
Алты батпан бұлы бар, безгенге сал.
Сүйегі жерден, көктен табылмайды,
Білдің бе, мұның өзі қайда өлген мал?-
дейді Рысжан. Бұл жұмбақты Әсет:
Домбыра саған ерген бұлбұл екен,
Рысжан қара сөзге қырғын екен.
Арықтап оттай алмай өлген түйең
Ақылмен абайласам бір жыл екен-
деп шешеді және алты батпан бұлы бар дегені бір жылдағы алты ай жаз
дейді.
Ақындар айтысы. Айтыс ішіндегі ең көлемдісі, тақырыбы мен маұмұны
жағынан ең күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері- ақындар айтысы.
Қазақ айтыс өлеңдерінің зерттеген әдебиетші-ғалымдардың айтуына
қарағанда, шын мәніндегі үлкен айтыс, яғни ақындар айтысы, мөлшермен
алғанда он тоғызыншы ғасырды туған. Бұлай деудің бірнеше себебі бар
секілді. Ең алдымен, XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындар жайындаөмірбаяндық
деректер де, олардың айтыс өлеңдері де сақталмаған.
Ал он тоғызыншы ғасырда ақындар айтысына қатысқан адамдардың аты-жөні
белгілі, кейбір айтыс өлеңдері де сақталған. Бұған Қазақтың Ғылым
академиясында XIX ғасырда ақындар айтысында араласқан бір жүз елуден аса
адам жайында өмірбаяндық материалдардың болуы және олардың айтыс өлеңдері
жиналуы дәлел.
Демек, айтыстың күрделі , көлемді түрі, яғни шын мәніндегі ақындар
айтысы,XIX ғасырдың бас кезінде туып, бертін келе, молайып дамыған, халық
әдебиетіндегі басты жанрға айналған.Ақындар айтысына ақындық беті ашылған,
біраз даярлықтар жасап келген, ысылған адамдар ғана араласқан. Бұл жөнінде
Сәбит Мұқанов Айтыс және ақын дейтін еңбегінде (1941 ж.), Жамбыл жинағына
жазған кіріспесінде (1946 ж.), Мұхтар Әуезов Айтыс өлеңдері және
Жамбылдың айтыстағы өнері туралы жазған зерттеуінде (1948 ж), Есмағамбет
Ысмайлов Ақындар атты монографиясында (1956 ж.), ғылым үшін мәні бар
бірнеше фактілер келтіреді. Олар шын мәніндегі үлкен айтысқа түсушілердің
қайсысы болса да аса көп даярлық жасағанын айтады.Мәселен, жас кезінде ақын
болуды мақсат еткен Жамбыл ауыл-үй арасында, кіші-гірім ойын сауықтарда
жанынан өлең шыгарып жүреді, бірақ онысымен үлкен ақын танылмайды.
Сондықтан ол өзінің ақындық өнерін сынату және ақыл-кеңес алу, ақындық
өнерге үйрену мақсатымен сол кездегі атақты ақын Сүйінбайға
келеді.Жамбылдың ақындық талантын таныған Сүйінбай жас ақынға көп ақыл
береді, жақсы ақын болу үшін не істеу керектігін айтады. Көп уақыт Жамбыл
аға ақынның қасында болып, одан сөз өнерін үйренеді, үлгі алады және
Сүйінбайды тәрбиешім, ұсазым деп түсінеді.Кейіннен Жамбылдың ақындық
қанаты қатқан шақта ғана, Сүйінбай оны айтысқа түсіп, ақын атағын алуына
рұхсат етеді. Жамбылдың:
Менің пірім –Сүйінбай ,
Сөз сөйлемен сиынбай,
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем.
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай,-
деуі тегін емес.Жоғарыда айтылғандар Жамбылдың ақын атағын алу жолында
қандай даярлықтар жасағанын, ақындық алғашқы адымы неден басталғанын
көрсетеді [6, 325].
Айтыс –ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес.
Ол-ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын
жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жағдайды жақсы ұғынып, мол
дайындықпен келетін болған.Бұл ретте айтысқа түсетін ақынды С. Мұқанов
бәйгеге қосылатын тұлпарға теңейді. М. Әуезов Жамбылдың айтыстағы өнері
туралы жазған еңбегінде шапшаң айтқыш, суырып салма ақынды: Қынаптан қылыш
суырғандай жалт еткіш өткір өнер иесі, -дейді . Және: Шабыты келген ақпа
ақын бабындағы қыранға меңзес, томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді
сәтте көріп, шолып өтіп қимыл еткен түлкі түгін лезде шалып қалғандай,
айтыс ағымындағы ақпа ақында сондай көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш
болмақ шарт [5, 184].
Айтыс ақындардың көп даярлықпен келуінің екінші бір себебі бар.
Айтыс халықтың жиналған жерінде өткізіледі және айтыс не туралы, қандай
тақырыпта болатындығы ақындарға алдын ала белгісіз болады. Айтыстың
тақырыбы сол айтыс үстінде туады. Сондықтан да әрбір ақын өзімен айтысатын
ақындарды қай ретпен жеңу, неден сүріндіру жайын қарастыра, соған даярлана,
ойлана келеді.
1980 жылдардан бастап республикалық-телевизиялық айтыс дүниеге келді.
Бұрын тек сүре айтыс қана елдің назарына ұсынылып жүрсе, енді қыз бен
жігіт, жұмбақ, қайым, өтірік өлең, түре айтыстар қайтадан туған халқымен
қауышып жандана бастады. Осы жылдары көгілдір экраннан айтыскер ақындар
Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілов, Әселхан Қалыбекова, Тәушен Әбуова,
Әбдікерім Манапов, Шорабек Айдаров, Есенқұл Жақыпбеков, Айтақын Бұлғақов,
Ерік Асқаров, Нәсілхан Тоқтасынова сияқты халық жүрегінен орын алған от
ауыз, орақ тілді суырып салма ақындар айтыстың көшін ары қарай жалғады.
Бұл ақындардың өлеңдері де әлеуметтік мазмұнының өткірлігімен, көркем
тілдің құнарлығымен, суырып салмалықтың озық үлгісмен ерекшеленді.
Ал қазақ елі тәуелсіздік алған тұстан кейінгі 1990 жылдардан бері
айтысқа жаңа толқын, жаңа леп келіп, айтыстың түрі де, мазмұны да, сапасы
да жаңа сатыға көтерілді. Бұл тұста азат тіліміздің тұсауы кесіліп,
айтыс ақындарының еркін ой толғап, кең көсіле шабуына ерікті жол ашылды.
Осындай қоғамдық-саяси өзгерістерге тап келген айтыскер ақындардың өлең
жолдары өздері өмір сүрген ортасының қолтаңбасы іспетті болды.
Еркін ойлайтын, батыл айтатын алмас қылыштай өткір тілмен кесіп
түсетін, поэтика тілінің нағыз сөз зергерлері жас буын ақындар легі келді.
Олар: Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Мэлс Қосымбаев, Қуаныш Мақсұтов,
Мұхамеджан Тазабеков, Оразәлі Доспосынов, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал
Леубаева, Айнұр Тұрсымбаева, Кәрима Оралова, Балғынбек Имашев, Дәулеткерей
Кәпұлы, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы және т.б.
Мәселен, Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген ұлттық моральдік
кодекстің алтын діңгегіне сүйенетін айтыс қай заманда болса да, қоғамдық-
әлеуметтік өмірдің қай-қай саласындағы келеңсіздіктер мен қоғамның
көлеңкелі тұстарын өткір тілмен өрнектей алған ұлттық идеологияның көш
басшысы болып, замана шындығын шыңғыртып айту қазіргі айтыс өнерінен де
анық көрініс тауып жүр.
Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр,
Ұрылардың үлкені іргеде жүр.
Байланысып шекпенді шенеунікпен,
Кісі өлтіріген бүгінде кірмеде жүр.
Ауыз айтып бергенмен, ақыл сенбес,
Ібілістің үлкені іргеде жүр
(Мұхамеджан).
Қазақтың ұлттық феномендік дара өнері – айтыс, әдебиеттану ғылым
тұрғысынан сан алуан қырынан зерделеніп ғылыми айналым шеңберіне біршама
түскенімен, тіл ғылымы тұрғысынан айтыс тілінің ерекшелігіне байланысты әр
жылдар жарық көрген бірен-саран жекелеген мақалалар болмаса, тыңғылықты
зерттеу нысаны болған ғылыми еңбектер жоқтың қасы деуге болады [7, 14].
Қазіргі айтыстарда бұрынғыдай ақындардың бір-бірін кеміту,
азаматтың намысына тиетін ауыр сөз айту жоқ. Бұл айтыстың моральдық жақтан
толысып, кемелдене түскенін көрсетеді. Баяғы айтыстарда ақындар рудың сөзін
сөйлеп, сойылын соғатын; сондықтан рудың намысына тиетін ауыр сөздер
айтылатын. Қазіргі ақындарға ондай ымырасыз қазысудың қажеті шамалы,
өйткені қазір ру атынан емес, ұлт атынан сөйлеу дәстүрге айналды. Бұл
тұрғыдан алғанда айтыстың көшін бастап жүрген ақындарға айтар өкпе жоқ.
Айтыскерлердің көбі жұрт күткен межеден шығып жүр.
Елге өнеге боларлық бәтуалы сөз айтып, үлкендерге ой салып, жастарға
үлгі болған Мұхамеджанды қазіргі айтыстағы құбылыс десе де болады. Айтыстың
туын желбіретіп, көкке көтерген де осы Мұхамеджан. Оның ойы да терең, сөзі
де терең. Мұхамеджан жұртты елең еткізіп, жарқ етіп шықты. Айтысып отырған
ақынға мін тақпай, көшелі ой толғау, елдіңғ рухани толысуын айшықтап
көрсету, ел ішіндегі келеңсіз құбылыстарды да дәл басып, тайға таңба
басқандай қылып, маңдайға ұрып отырып айта білу Мұхамеджанға тән қасиет.
Бекарыс Шойыбековпен айтысында:
Қазағым , кейде рас, Құлагаерсің,
Құлагер қашанғы енді құлап өлсін.
Жарнамаға алданған жастармыз,
Көңіліне қалай иман шуақ енсін.
Патшаға шындықты айтар ақсақал жоқ,
Оған да,халық, өзің куәгерсің.
Шал басымен қыз қуып, шарап ішсе,
Аузында қайдан оның дуа болсын,-
деп, қоғамдағы етек алған дертті дөп басып, дәл айтады. Айтыс өнерінің
мақтанышына айналған ақберген ақын Аманжол Әлтаевтың тыныстылығы, тапберме
тапқырлығы да, ата салтымен айтысатын қасиеті де халықтың көңілінен шығып
жүр [8, 9].
Көшпенді мәдениеттің өкілі ақын жанды қазақ ұлтының мәдениетін оның
тілі арқылы жаңғыртып, тану барысында байқалатын бір жай – тарихи кезеңдер
мен өркениет түрлерінің көркем бейнеленген жүйесі. Осы арада қазақ
өркениетінде ақын-жыраулар шұрайлы тілінің атқарған миссиясы ерекше
[4,137 б].
Жалпы айтыс тілінің өрнегіне қатысты мақалалардың бірінде профессор
Р. Сыздық өз пікірін төмендегіше білдіреді: Айтыстың
негізгі шарты – ақындардың поэтикалық дарыны, сөз көркемдігі болып
есептеледі. Әрине айтыстың импровизация (суырып салмалық), ой қисыны
(логика) мен дәлелінің күштілігі, қарсыласы ұсынған тақырыпты іліп әкете
білуі, қойған сұрағына әрі дұрыс, әрі әсерлі етіп жауап қайтару сияқты
толып жатқан, тіпті отырыс-тұрысы, айтыс мақамы, дауысы, домбыра шертісі
сияқты ұсақ түйектерді қоса есептейтін өзге де дәстүр шарттары бар.
Осыларды салмақтай отырып, басты талап сөз шеберлігі мен экспрессиясына
қойылатынын байқаймыз. Көбіне-көп осы шартқа тіл көркемдігі, сөз өрнегі
толатын айтыскерлер жеңіс тұғырынан көрініп келеді [9, 11], – деген ой-
пікірі бүгінгі айтыс тілінің өзіндік ерекшеліктерін дөп басып айтуы деп
білеміз.
Фольклор тілінен бастау алатын поэзия үлгісіндегі айтыс тілі де әдеби
тілдің елеулі бөлігі болғандықтан, ондағы сөз қолданыстар эмоциялы
экспрессивті, бейнелі де көркем, әлеуметтік мәні басым, перифраздар мен
ауыс мәндерге бейім тіл құрылымдары жиі жұмсалатындығы белгілі. Жалпы әдеби
тілдің басқа стильдік тармақтарына қарағанда көркем әдебиет қатарынан
танылатын поэзия жанрының тілдік функционалдығы еркіндік пен поэтикалық
жүйеге құрылған. Өйткені, өлең тармақтарындағы сөздердің орналасу тәртібі,
сөздердің поэтикалық үйлесімдігі, өлең жолдарының буын саны, ұйқасы,
құрылымы сияқты тағы басқа ерекшеліктері жалпыға ортақ тілдік нормалардан
ауытқушылыққа бейім болып келеді. Яғни айтыс та өлең тілімен өрілген
көркем әдеби туынды болса, сол көркем туындының тілдік ерекшелігін
айқындайтын тілдік ресурстар болуы шарт.
Қазіргі айтыс тақырыбының сан алуандығымен қатар, көркем тілінің де
өзіне тән ресурстары ретінде тілдің лексика-семантикалық күрделі қабатын
айтуымызға болады. Атап айтар болсақ, ұлттық дүниетанымдық мәдени лексика
мен этнографизмдер, жаңа сөздер мен архаизм сөздерге жаңа мағына беру,
синоним, дублет, вариант сөздерді мән-мәтіндік кеңістікте қолдану, мақал-
мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің құрылымын өлең мәтінінің
заңдылықтарына сәйкес өзгертіп қолдану, антонимдік және омонимдік
қатарларды, табу сөздер мен эвфемизм, дисфемизмдерді, мысқыл сөздер мен
әжуа-қалжың сөздерді өзіндік авторлық стильдік қолданыс мақсатына сәйкес
жұмсау, сөздерге келтірінді мағына берудің лексикалық және семантикалық
типтері мен түрлерін ұтымды пайдалану, коммуникативтік-прагматикалық
процесте ақпараттық-коммуникациялық жағдаятты қабылдаумен ғана шектемей,
тілдің негізгі ықпал тудырушы, әсер етуші қызметтерін басты назарда ұстау,
адамдарды жақсы істерге жұмылдыруға, жұрт жүрегінде қайырымды сезімдер
туғызуға, ақиқат пен тәртіпке құрылған жаңа қоғам орнатуға, қоғам мен
адамның келеңсіздіктері мен көлеңкелі тұстарын өткір де әзіл тілмен сынап-
мінеуге ықпал ететін кешенді де әмбебап коммуникативтік-
прагмалингвистикалық категория ретінде жүйелеу, плеонизм, жаргон сөздер
мен диалектизмдер, кірме сөздер, үнемі жаңашылдығымен, экспрессивтілігімен
ерекшеленіп, контекст қалауына қарай қызмет атқаратын бірқолданар
окказионал сөздерді сұрыптап қолдану, поэтика тілін образдылық пен
бейнелілікке ұштастыратын теңеу, контекстік теңеулер, метафора, метонимия,
эпитет, шендестіру, қайталамаларды жүйелі пайдалануымен ерекшеленеді.
Қорыта келгенде айтарымыз, қазіргі айтыстың тақырыбы мен мазмұны сан
алуан болғанымен де, айтыстың әлеуметтік сипатының басым екенін
мойындауымызға тура келеді. Мұнда көтерілмейтін мәселе жоқ деуге болады.
Кешегі мен бүгінгі, тәрбие мен өнеге, насихат пен сын, қоғамдық-әлеуметтік
маңызды мәселелер: жер дауы, жезөкшелік пен көп әйел алушылық, тастанды
балалардың тағдыры, жетпей жатқан зейнетақы, жұмыссыздық, имандылыққа бас
ұру, қаңырап қалған ауыл мен азайып қалған мал басы, нарықтық экономика...
Саясат тақырыбында: егемендік пен тәуелсіздік, жемқорлық пен сыбайластық,
сайлаушылар мен сайланушылар, қалғып отырған депутаттар мен шаш ал десе,
бас алатын әкімдер, жарылып жатқан сынақтар, құлап жатқан бомбалар...
Тіпті мұның бәрін былай қойғанда, әлемде болып жатқан саяси оқиғалар да
қазіргі айтыс тілінде поэтикалық образға, метафораларға, теңеулерге жаңа
сөз қолданыстарымен, тіркесімділіктермен айшықты беріледі. Көтеріліп жатқан
осындай мәселелерді айтыстан тыңдап-ақ, әлемде не болып жатқанынан хабардар
болуға болады. Осындай қоғамдық-әлеуметтік өмірімізде болып жатқан
проблеманы көтеру, сол проблемадан шығудың жолдарын қарастыру қазіргі
айтыстың міндетіне айналғандай.
1.2 Қазіргі айтыс тіліндегі синонимдердің қолданылуы
Айтыс тіліне терең үңіліп, оның мәнді сөздеріне байыппен көз
жіберетін болсақ, қиюластырып қаланған кірпіш сияқты шеберлік, ондағы
синонимдердің өз орнын тауып қолданғандығында. Синоним сөздер – кез келген
тілдің қаншалықты дамығандығын, оның оралымдығын көрсететін сөз байлығының
құнарлы бір саласы
Айтыс тілінде болсын, проза тілінде болсын, публицистика тілінде
болсын, тілдің қандай саласында болмасын пайдаланылған синонимдер әр
халықтың ұлттық ерекшелігін танытады.
Айтыс ақындарының тіліне тән бір қасиет – мәндес сөздердің нәзік
мағыналық ерекшеліктерін дұрыс аңғарып, керекті жерінде ретін тауып қолдана
алуында. Сондықтан да олардың сөздері соншама мәнерлі де тартымды болып
шығады. Айтыс дәл уақытында суырылып салып, мезетінде ойдан шығарылатын
болғандықтан, ақындар синонимдердің доминант сөздерін іздеп жатпайды.
Жөпелдемеде ойын жеткізу үшін, тілін тартымды ету үшін, бір қайталағанын
екі рет қайталамас үшін, кейде тіпті ұйқас үшін керек кезінде синонимдерді
қолданады.
Синоним сөздер негізінен үш белгісіне қарай топтастырылады. 1. Сөздің
дыбысталуында аз да болса, тұлғалық ерекшелігі керек. 2. Сөздер бір ғана
ұғымды білдіру керек. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болу керек .
Синонимдердің қолдану аясы, мағынасы әр түрлі болғандықтан, әр ақынның
тілінде бірдей көрінуі шарт емес [10, 118].Алдыңғы сөйлемде немесе қатар
тұрған мәтінде пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолдану .
Мысалы:
Балауса Балғынбегім, аманбысың,
Шығар ма едің өнерді игермесең.
Бәрекелді деп сені жетелермін,
Ине боп қадалғаннан именбесең.
Балғынбек, бозбаласың боз мақпалдай,
Кеуденің талай шерін боздатқандай.
Өз сөзіңе отырсың өзің күліп,
Қораз туып, қошқарды қоздатқандай.
Балғынбек – айтыстың жас желегіндей,
Өрнек деп қабылдайық өлеңін кей.
Күні ертең мырза болам деп отыр ғой,
Бола ма ұландарға сене білмей.
(Мұхамеджан )
Балауса, бозбала, жас желек, ұлан сөздері синонимдер. Мұхамеджан бұл
синонимдерді жас сөзінің орнына қолданып, алдыңғыны қайталамас үшін
мағыналас сөздерді алған. Мәндес сөздерді бірінің орнына бірін алып,
сөздерді құбылтпаса, онда өлеңнің құны төмендеп, құты қашар еді. Айтыс
ақыны үшін ең алдымен тыңдарман көңілінен шығубасты мақсат, сондықтан
тыңдаушы адамды баурау, оны өзіне тарту үшін сөздерді құбылтып,
синонимдерді барынша түрлендіріп қолдану керек.
Армысың менің мекенім,
Арайлап таңы атқан жер.
Алаштың алып жырауы,
Бұқардай бабам жатқан жер.
Жүйрігін мәресінен тосқан елім,
Сан сәтте талабымды қоштап едің.
Ал енді жыр тізгінін босатайын,
Үкілеп топқа алғаш қосқан елім.
Болған соң бабам мықты, далам құтты,
Өзгелер өлеңімнен бағамды ұқты.
Демеу бер қиқуыңмен асыл жұртым,
Алдыңа Ақжолтай деп балаң шықты.
(Аманжол)
Мекен − жер-дала сөздері синонимдер, ел-жұрт – алаш сөздері
синонимдер. Аманжол да бір сөздерді қайталамау мақсатында сөздерді
түрлендіріп, синонимдерді пайдаланған. Сонымен қатар баршамызға аян мәндес
сөздерді қолданумен қатар, кейбір ақын тілінде контекстік синонимдер де
кездеседі. Мысалы:
Ақынның аңсайтұғын жыр арманы,
Халқы болса қалаулы тұрар мәңгі.
Өшкені жанып, өлгені тірілген ел,
Армысың Қызылжардың қырандары!
(Айтақын)
Айтыс ақыны Айтақынның өзіне тән стильдік, қимыл-қозғалысы, тіл
оралымдығы бар екені баршамызға аян. Сахнаға шығып айтайын дегенін айта
алмай, бүгежектеп, бір сөзін қайталай бергенді көпшілік қаламайды және оны
ақын деп санамайды. Ал Айтақын шыққанда жұрт екіленіп, не айтар екен деп
ентелей қалады. Ол өзіне ғана тән тілдік ерекшелігімен көпшілікті өзіне
тартады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz