Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекет саясаты


Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция учаскелік инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы Ереже олардың қызметтерінің негізгі бағыттарын, ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимылдарын, сондай-ақ осы қызметке бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі қалалық аудандық, желілік Ішкі істер органдары мен әкімшілік полиция бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полицияның учаскелік инспекторлары өздері қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңдарымен сонымен бірге осы Ережедегі жүктелген тапсырмаларды орындайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің учаскелік инспекторларының қызметі заңдылық жариялылық және жеке адамды сайлау принииптеріне сәйкес өзге де құқық қорғау органдарымен мемлекеттік және мемлекет емес құрылымдармен қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимылдар негізінде құрылады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» «Конвенциясы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық мәселелері жөніндегі сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің КТІБ




учаскелік инспекторларынын міндеттері:
1) Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың құқық бұзушылықтар мен олардың қадағалаусыз қалуының алдын-алу және жолын кесу құқық бұзушы жасөспірімдер мен құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардын топтарын анықтау;
2) Кәмелетке толмағандарды қылмыстар немесе қоғамға қарсы әрекеттер жасауға итермелейтін ата-аналарды немесе олардың орнындағы сондай-ақ өзге де ересек адамдарды анықтау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың, оқу, емдеу және өзге де мекемелер қызметкерлерінің балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




2.1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
саласындағы мемлекет саясаты

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция учаскелік
инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы Ереже олардың қызметтерінің
негізгі бағыттарын, ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен өзара іс-
қимылдарын, сондай-ақ осы қызметке бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі
қалалық аудандық, желілік Ішкі істер органдары мен әкімшілік полиция
бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды. Кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі полицияның учаскелік инспекторлары өздері қызмет
көрсететін әкімшілік учаскеде өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарына
Қазақстан Республикасының заңдарымен сонымен бірге осы Ережедегі жүктелген
тапсырмаларды орындайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің учаскелік
инспекторларының қызметі заңдылық жариялылық және жеке адамды сайлау
принииптеріне сәйкес өзге де құқық қорғау органдарымен мемлекеттік және
мемлекет емес құрылымдармен қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимылдар
негізінде құрылады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелер қызметінің
құқықтық негізін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдары туралы заңы кәмелетке толмағандардың
арасындағы құқық бұзушылық мәселелері жөніндегі сондай-ақ олардың құқықтары
мен мүдделерін қорғауды көздейтін Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің КТІБ

учаскелік инспекторларынын міндеттері:
1) Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың құқық
бұзушылықтар мен олардың қадағалаусыз қалуының алдын-алу және жолын кесу
құқық бұзушы жасөспірімдер мен құқыққа қарсы бағыттағы
кәмелетке толмағандардын топтарын анықтау;
2) Кәмелетке толмағандарды қылмыстар немесе қоғамға қарсы әрекеттер
жасауға итермелейтін ата-аналарды немесе олардың орнындағы сондай-ақ
өзге де ересек адамдарды анықтау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-аналардың
немесе олардың орнындағы адамдардың, оқу, емдеу және өзге де мекемелер
қызметкерлерінің балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру;
4) Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстарды, құқық
бұзушылықтарды және олардың қадағалаусыз қалуының алдын алу жөніндегі
мәселелер бойынша тұрғындарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі сипаты мынаған тіреледі:
а Заңдармен, сонымен қатар заңдық актілермен немесе әкімшілік – құқық
бұзу туралы нормалармен қалыптасады;
ә Әкімшілік заңды жауапкершілік әкімшілік құқыққа қарсы, кінәлық
әрекеттер, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпке қарсы нұқсан келтіретін жеке
меншіктік, құқықтар мен азаматтардың бостандығы, қалыптасқан басқару
тәртіптері;18
б Әкімшілік жауапкершіліктің субьектісі болып-жеке тұлға да, ұжымдық
бірігулер де болады;
в Әкімшілік жауапкершілік мемлекеттің күштеуімен мойындатылады;
г Белгілі бір мемлекеттік органдармен жүктеледі және қызметтік
тұлғамен де іске асырылады.
18Алехин А.П., Козлов Ю. М. Админстративное право Российской Федераций
1Учебник – М.:ТЕИС, 1994

Әкімшілік жауапкершілік заңды жауапкершіліктің бір түрі болып есептеледі
және превентивті ескертпелі баламалы, шектілікті және
құқық қорғау функцияларын жүзеге асырады.19
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзғаны үшін, оларға әкімшілік
өндіру немесе тәрбиелік жұмыстарды міндеттеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын, олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссия тұрақты коллегиалды орган болып есептелінеді, ол
мемлекеттік органдар мен кәмелетке толмағандардың құқық бұзу, қараусыздығы
және панасыздығы, олардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғайтын
мекемелердің қызметін жүйелейді.
Комиссия өзінің құзыреті шеңберінде мыналарды орындайды:
а кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзуды, қараусыздықты,
панасыздықты зерттеп, бұл салада әлеуметтік зерттеу жұмыстарын өткізуді
ұйымдастырады;
ә Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзу, қараусыздық,
панасыздықтың алдын-алумен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң
тәжірибесін біріктіріп, таратады, оларға методикалық және практикалық көмек
көрсетеді;
б Кәмелетке толмағандарды арнайы оқу ұйымдары мен ерекше режимді оқыту
ұйымдарына жіберудегі сотқа материалдарын жіберудегі дайындық жұмыстарына
қатысады;
в ҚР Заңдарымен қарастырылған тәртіпте кәмелетке толмағандардың
істерін қарайды және олардың ата-аналары мен кәмелетке толмағандардың заңды
уәкілетті адамдарының өз тәрбие, білім беру, олардың ұсталуына жағымсыз
әсер беретіндердің істерін қарайды.
19Жетписбаев Б.А., Сартаев Д.Ш., Бахралинов А.С. Административные
правонарушения: опыт теории и практика. Монография под. общ. ред. Б.А.
Жетписбаева – Алматы, 2005

г Өзінің құзыреті шөгінде кәмелетке толмағандардың әкімшілік-құқық

бұзушылығын қарайды;
д Әкімшілік заңға байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
хаттамаларды толтырады;
е Арнайы білім беретін ұйымдардың әкімшілігімен, ерекше режимді білім
беру ұйымдарының әкімшілігімен сотқа бұл мекемелерден кәмелетке
толмағандардың мерзімінен тыс босауы, егер де қылмыстар және қасақана
істелген әкімшілік-құқық бұзушылық істегендердің мерзімінің ұзартылуына
қатысты, немесе оларды басқа арнайы білім беретін ұйымдарға ауыстыру,
кәмелетке толмағандардың және оның заңды уәкілетті адамына өтініштер беру;
ж Денсаулық сақтау мекемелеріне, ішімдік сусындарын, нашақорлық
заттар, психотроптық және естен тандыратын заттарды пайдаланатын кәмелетке
толмағандар туралы істерді жолдау, оларға ата-анасының рұқсатымен қажетті
емдеу-профилактикалық және қайта бейімделуге арналған шараларды жүргізуге;
д Сот мәжілісінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілі ретінде
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кәмелетке толмағандарға
төмендегі әкімшілік жазалар қолданылады:
1) айыппұл;
2) арнайы құқықтан айыру бір жылдан аспайтын.
Басқа әкімшілік жазалар әкімшілік тұтқындаудан басқа, сонымен қатар
әкімшілік-құқықтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің 45-46 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзған
кәмелетке толмағандарға жалпы тәртіптік негізде қолданылады.
Кәмелетке толмағандарға әкімшілік өнімдер салынуда ҚР ӘҚБ туралы
Кодексінің 61-62 баптарында көрсетілген жағдайлардан басқа, оның өмір

және тәрбиелену жағдайлары, психикалық дамуы, басқа да жеке қасиеттері,
сонымен қатар оларға үлкендердің әсер етуі ескеріледі. Құқық бұзушының
кәмелетке толмау жасы оның қылмысының жағдайын жұмсартуға байланысты
себебін тигізеді.
Жаза әділетті, оның түзелу процесіне жақсы әсер етуі қажет. ҚР ӘҚБ
туралы Кодексінің 75 бабына сәйкес бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық
істеген кәмелетке толмаған адамды әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы
керек. Өтіп кеткен мерзім бойынша ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 69 бабына
сәйкес кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы
немесе әкімшілік өндірудің жүзеге асырылуы мерзімі-жарты мерзімге
қысқартылады.
Құқық бұзғаны ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері және олардың алдын алудың тиімді жолдары
Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары
Құқық бұзушылық және оның алдын алу
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Кәмелетке толмағандар саудасына қарсы қылмыстық құқықтық күрес
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь