Дүние жүзінің этностары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Дүние жүзінің этностары
Орындаған: Ынтызарова А.
Қабылдаған: Тоқбергенова А. А
Алматы 2011
Жоспар
І. Кіріспе
Дүние жүзінің нәсілдері
ІІ. Негізгі бөлім
- Этнос және ұлт түсінігі
- Халықтардың тілдік семьялары
- Ұлттар арасындағы мәселелер
ІІІ. Қорытынды
Қазақстандағы этностар мен ұлттар
Нәсілдер
- адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет өлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т. б. ) бойынша біріктірілетін топтары. Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нәтижесінде қалыптасқан. Нәсілдік белгілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етуі мүмкін, соңғы 30 жыл ішінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы нөтижесінде жапондыктардың бойы орташа есеппен 10 см-ге ұзарған.
Халықтың этникалық құрамы - ол этностар мен нәсіл өкілдерінің ұзақ тарихи процесс нәтижесі мен араласу және көшіп қону салдарынан қалыптасқан. Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нөтижесінде қалыптасқан.
Адамзатты үш нәсілге қарастырады:
1. Еуропеидтер (Еуропа мемлекеттері, Америка, Оңтүстік Батыс Азия, Солтүстік Африка)
2. Монголоидтар (Орталық және Шығыс Азия мемлекеттері, Америка)
3. Негроидтар (Африка мемлекеттерінің көпшігі)
Сонымен қатар австралидтік нәсілді бөліп қарастырады, олар оңтүстік -шығыс Азия, мұхиттық аралдар және Автралияны мекен етеді.
Дүние жүзінің 30% халқы аралық нәсілдер тобына жатады (эфиопиялықтар, малагаситтер, полинезиялықтар және т. б. ) . нәсілдердің араласуы ерекше топтардың метистердің, мулаттардың және самолардың Америкада қалыптасуына алып келді.
Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Олар дүниежүзі халқының 30%-ын құрайды. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан. Мысалы, еуропалық нәсілдің оңтүстік тармағы мен африкалықтардың аралығында бет-әлпеті мен бас сүйегі еуропалықтарға, ал түсі мен шашы қара нәсіл өкілдеріне ұқсайтын эфиоптар пайда болған. Мадагаскарлықтар, полинезиялықтар мен меланезиялықтар да аралық нәсіл тобының өкілдері болып табылады. Кейбір зерттеушілер қазақтарда еуропалық және моңғол тектес нәсілдердің белгілері қатар кездесетінін атап көрсетеді.
Аралас нәсіл топтары әртүрлі нәсілдердің кейінгі уақытта (XVI-XVIII ғғ. және одан кейін) араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Аралас нәсіл топтары, әсіресе Латын Америкасында кеңінен таралған. Мысалы, азиялық нәсіл өкілдері болып табылатын жергілікті үндістер мен келімсек еуропалықтардың некесінен метистер, Африкадан зорлықпен құлдыққа әкелінген қара нәсіл өкілдерінің еуропалықтармен араласуынан мулаттар, ал үндістермен араласуынан самболар қалыптасқан. Осының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің нәсілдік қурамы күрделі. Мысалы, Бразилия халқының 54%-ын еуропалықтар, 22%-ын мулаттар, 12%-ын метистер, 11%-ын қара нәсіл өкілдері құрайды. Қазіргі кезде Мексика мен Венесуэлада метистер, Бразилия мен Кубада мулаттар көп тұрады. Сыртқы айырмашылықтары болганымен, нәсілдердің биологиялық жөне әлеуметтік-мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген. Сондықтан ақыл-ойы жоғары немесе төмен нөсілдер болатындыры жөніндегі нәсілиіілдік көзқарастар негізсіз болып табылады. Дегенмен өлі күнге дейін кейбір елдерде нөсілдік кемсітушілік жағдайлары кездеседі.
Этнос (халық) - бұл ортақ тілі бар, аумағы, тұрмысының ерекшелігі, мәдениеті, этникалық танымдары ортақ тұрақты адамдар тобы.
Дүние жүзінде этностардың саны 3-4 мыңға жуық деп есептелінеді. Олардың жартысы ұлттарға айналса, ал басқалары халықтар мен тайпаларға біріккен. Этностарды классификациясы әр түрлі ерекшеліктер, бастысы саны мен тілі бойынша жіктеледі.
Дүние жүзі халқының саны әр түрлі. Этностардың көпшілігі саны жағынан аз болып келеді. 1млн адамнан астам халқы бар этностар 310, алайда олардың үлесіне жер шарының 96% тұрғындары келеді.
Дүние жүзінде әлеуметтік және экономикалық, мәдени дамып жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстар орналасқан. Алғашқы қауымдық құрылыста этностардың жаңа түрі - ұлт пайда болды. Бірінші ұлт өкілдері құл иеленушілік заманда өмір сүрген. Халықтың дамуы феодолизм кезеңінде қарқынды жүрді. Капиталистік қатынастардың дамуымен әртүрлі топтар жойылып, олардың ұлтқа айналу процесі жүрді. Ұлттық этностық шекарасы саяси шекарасымен сәйкес келетінболса, онда бірұлтты мемлекет болып саналады.
Ұлт - ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт -дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге ұлттардың көптеген ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетик, тек те маңызды рол атқарады. Осындай талап тұрғысынан «ұлт» және «этнос» ұғмыдарының мағынасы өте жақын, екіншісі біріншісінен туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы «ұлттар» этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, философиялық және саяси әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалаптаспаған.
Жер шарында 2 мыңнан астам ұлттар мен этностар бар. Олар 5 мыңнан астам диалектілірде сөйлейді. 330-ға жуық этностың 1млн. Және одан көп өкілдері бар. Ал қалған 1700- ден астамы 1млн-ға жетпейтін адамы бар аз санды этностар қатарына жатады. Осыншама көп санды этностар мен ұлттар әлемде 200-ден астам мемлекет біріккен. Сондықтан әлем мемлекеттерінің 90%-ы көп ұлтты немесе көп этносты мемлекет болып табылады.
Дүние жүзіндегі ұлттардың саны жағынан ірілеріне:
• Қытайлықтар (1 120 млн адам)
• Хиндустандықтар (219 адам)
• Американдықтар АҚШ (187 адам)
• Бенгалдықтар (176 млн адам)
• Орыстар (146 млн адам)
• Бразилиялықтар (137 млн адам)
• Жапондықтар (123 млн адам)
Халық саны қ саны 30 млн адамнан асатын ұлттарға :
• Бихарттықтар
• Пенджаптықтар
• Мексикандықтар
• Немістер
• Кәрістер
• Италиандықтар
• Вьеттер
• Француздықтар
• Ағылшындар
• Украиндықтар
• Түріктер
• Поляктар т. б
Халықтар тілі бойынша тілдік семьяларға бірігеді, олар өз кезегінде тілдік топтарға жіктеледі. Дүние жүзі бойынша 20 тілдік семья бар. Олардың ішіндегі ірілеріне :
• Үндіеуропалық, , бұл тілде 150-ге жуық халық сөйлейді (2. 5 млрд адам) . Оларға романдық тілдер (француз, испан, португал, италян тілдері), германдық тіл (неміс, ағылшын, идиш, голландық тілдер), славяндық (орыс. Поляк, украин тілдері), индоариттық тілдер (хинди, моратхи, пенджаб), ирандық тіл (персиялық, тәжік тілдері ) және т. б.
• Қытай-тибет, көбінде Қытайда, Непалда, Бутанда (1 млрд адамнан аса) сөйлейді.
Халықтың тілдік классификациясы ұлттық тілден ерекшелінеді, өйткені тілдің таралу аумағы этникалық шекералармен сәйкес келмейді. Мысалы, Испания, Ұлыбритания, Францияның Африка. Азия, Латын Америкасындағы болған отарларындағы елдер метрополилердің тілінде сөйлейді.
Бір ұлтты және көп ұлтты мемлекеттер олардың этникалық және мемлекеттік шекараларының сәйкес келіумен анықталады.
Мемлекеттердің жартысына жуығы бір ұлтты мемлекеттер. Мемлекеттік шекаралары этникалық құрамы мен негізгі ұлттың үлесі 90% болуымен сипатталады. Олардың көпшілігі Еуропада, Латын Америкасында, Таяу Шығыста байқалады. Бұндай мемлекеттер қатарына Дания, Швеция, Германия, Польша, Италия, Жапония, Сауд Арабиясы, Египет және Латын Америка мемлекеттерінің көпшіліген жатқызамыз.
Көпұлтты мемлекеттер - бұл мемлеке тік шекарасының аумағында бірнеше этностардың өмір сүруімен сипатталады. Оларды төрт топқа бөліп қарастырамыз:
• Бір ұлттың басым болуы (Ұлыбртания, Франция, Испания, Қытай, Моңғолия, Түркия, Алжир, Морокко, АҚШ, Автралиялық Одақ)
• Екіұлттылық (Канада, Бельгия)
• Күрделі, бірақ этникалық бірдей ұлт өкілдерінен құралады (Иран, Ауғаныстан, Пакистан, Лаос)
• Күрделілігімен және әр түрлілігімен ерекшелінетін этникалық құрылымдар (Ресей, Үндістан, Швейцария, Индонезия)
Көптеген көп миллионды халқы бар этностардың жеке-жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Ұлттық өмір мен ұлтаралық қатынастардың өте күрделі екендігін осы деректерден-ақ көруге болады. Олардың арасында жерге, қазынаға, билікке, тілге байланысты этникалық қайшылықтар тоқтаусыз жүріп жатады. Мысалы, Таяу Шығыстағы еврейлер мен арабтардың жер үшін таласы, Испаниядағы, Ресейдегі, Солтүстік Ирландиядағы т. б. елдердегі этноқайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасауда. XIX- XX ғасырларда аз санды этникалық топтар аса жылдам ассимиляциялана бастады. Мысалы, 1939ж. өткен халық санағында Кеңес Одағында 193 этнос, ал 1959 ж. 135 ұлт пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60-қа жуық саны аз этникалық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен. Жаһандану заманында көп этникалық мемлекеттерге ірі титулды этностардың аз санды топтарды ассимиляциялау арқылы жұту саясаты толастар емес. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде аз санды халықтар қоғамның объективті талаптарына сәйкес, көп санды, басқа ұлттың мәдениетін, тілін, дінін еріксіз қабылдауға мәжбүр. Демократиялық қоғам талаптарының өзі аз санды топтардың этникалық мұқтаждықтарынан гөрі, титулдық этностың мұқтаждықтарын бірінші кезекке қойып отыр. Соңғы 30 жылдай мерзімде басталған жаһандану процестері ұлттық қытынастарға түбегейлі өзгерістер енгізді. Сондықтан қазіргі кезде ұлт ұғымына беретін анықтаманы жаңа этномәдени, этнолингвист, әлеуметтік экономикалық ахуалға сәйкес қайтадан қарастыру міндеті, яғни «ұлт», «этнос», жергілікті, автохонды «этнос», «титулды этнос», «этноұлтшылдық», «этнопатриотизм», «ұлт мәселесі», «этникалық мәселе», «ұлтаралық қатынастар», «этносаралық қатынастар», «ұлттардың өз тағдырын өзі шешуі», «ұлт саясаты», т. б. негізгі парадигмаларды өзгерген қоғам талабына сәйкес қайтадан зерттеу міндеттері туды. Қазіргі ұлттық қозғалыстардың басым көпшілігі ұлт болу ұғымын міндетті түрде «ұлттың өзін өзі билеуі» ұғымымен байланыстарады. Сол себепті ұлттық қозғаластардың түпкілікті, көкейтесті мәселелері, мақсаты жеке, тәуелсіз мемлекет құру болып есептеледі. Ұлттардың өзін өзі билеу принципі ұлы Француз революциясынан бері қарай қандай да болмасын ұлтшылдық доктринасының негізі болып келеді. Этностық қайшылықтарда өзара қарсылас жақтар осы принципке сүйенеді. Әділетке жүгінсек, әрбір этностың жеке мемлекет болуына ешқандай объективті мүмкіндіктер жоқ. Мемлекет жасаушы аса ірі, көп сандысупер этностар ешқашан өзінің заңды, әлем мойындаған аумағы шеңберінде аз санды этностардың жаңа мемлекеттерінің құрылуына көнбейді. Осыны Ресейдегі, Канададағы, Түркиядағы, Қытайдағы, Үндістандағы т. б мемлекеттердегі этностық қайшылықтардың саяси тәжірибесі үнемі дәлелденіп келеді. Қазіргі этностық үрдістерде «ұлттардың өзін өзі билеу құқын» бірінші кезекке қою аса қауіпті екендігі белгілі болып отыр. Кезінде марксшілдердің “ұлттардың өзін-өзі билеуі құқын” отар халықтарды рев. қозғалысқа тарту үшін пайдаланғаны анық. Әлем халықтары социалистік революциядан бас тартқан болса, оның ұлттық өмірге байланысты ұрандарынан да бас тарту қажеттілігі туды. Кеңес Одағының ыдырау себептерінің бірі ұлттық өмірдің жандануы. Алайда КСРО сөз жүзінде болса да тең саяси құқықтары бар одақтас республикалардан құрылды. Қрі империяның дағдарысы жағдайында заң жүзінде жеке статусы бар мемлекеттер, іс жүзіндегі тәуелсіздігін оңай алып шықты. Сол себепті, Кеңес Одағы күйрегенде “ұлттардың өзін-өзі билеу құқы” белгілі рөл атқарды деп айтуға болмайды. 130-дай этностық топтар мен диаспоралар өмір сүріп отырған Қазақстан үшін ел халықтарының “ұлттардың өзін-өзі билеу құқын” талап етуі терең қайшылыққа соқтыратыны белгілі. Ұлт ұғымын түсіндіруге ұмтылатын қазіргі кең тараған тұжырымның бірі “қайнатушы қазан” тұжырымдамасы. Бұл идеяны іске асырушы ретінде АҚШ-ты алуға болады. Америка ұлтының өкіліне оның этностық шығу тегі маңызды емес, оның Америка азаматы болуы маңызды. Ұлт мәселесін шешудің америкалық азаматтық үлгісі адамдардың өздеріне тән ұлттық ерекшеліктерін дамытуға ешқандай мүмкіндік бермейді. Азаматтық қоғамда ол адам, содан кейін ғана белгілі бір этностың мүшесі. Ұлт мәселесін шешудің келесі жолы “мәдени-ұлттық автономия” тұжырымдамасы. Ол 19 ғ-дағы австриялық-венгриялық социалистердің идеяларынан шықты. “Мәдени-ұлттық автономия” доктринасы бойынша әрбір этностың жеке мемлекет құруға ұмтылуы мүмкін емес. Сондықтан олардың тілдік, мәдени талаптарының орындалуына жағдай жасау қажет. Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған этносаясатының идеялық тамырлары осы “мәдени-ұлттық автономия” тұжырымдамасына сүйенген деп айтуға болады. Дегенмен, осы тұжырымдамалардың әрқайсысының осал тұстары бар. “Қайнатушы қазан” доктринасы мемлекет халқының бір Ұлт болғанын қалайды. Мысалы, америка ұлты. Францияға келген мигранттар да өздерінің этностық тектерінен бас тартып, французға айналуға міндетті. Мұндай елдерде аз санды этностық топтар өте жылдам ассимиляцияланып кетеді. “Мәдени ұлттық автономия” доктриналары да шектеулі. Өздерінің этномәдениеттерін, тілдерін дамыта алғанымен ортақ ұлттық мүдде басқа жекелеген мүдделерді басып кетеді. Сөйтіп, этностық жандану жалпы ұлттық бірігуге бағындырылады. Әділетті дамуды “ұлттардың өзін-өзі билеу құқы” тұжырымдамасы да шеше алған жоқ. Демократтар бастап, кейіннен большевиктер қуаттаған бұл идея революциялық ахуал жағдайында ғана қызмет ете алды. Көп этностық, көп дінді мемлекеттер жағдайында Ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беру елдің біртұтастығын бұзуға алып келеді. Осыған байланысты әлемдік ғылымда өткен ғасырдан күні бүгінге дейін қызу пікірталастар өтуде. Әлемдік философиялық, әлеуметтік-саяси ойда Ұлт ұғымы әр түрлі түсіндіріледі. Себебі, әр мемлекетте Ұлт ұғымы жергілікті әлеуметтік және саяси ахуалға байланысты қабылданды. Дегенмен, Ұлт дегеніміз “этнос” негізінде пайда болатын әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этностық белгілерден туындайды. Халықтарды әлеуметтік-экон. формациялар теориясына сүйеніп Ұлтқа, этносқа, ұлысқа, тайпаға бөлу маркстік идеялардың негізінде пайда болған. “Ұлт” пен “этнос” ұғымдары туыстас, бір-біріне жақын. Бір халыққа байланысты ұлт, этнос ұғымдарын алмастырып қолдану объективті шындықты бұрмалау болмайды. Мысалы, қазақ ұлты - қазақ этносы, орыс ұлты - орыс этносы деп айтсақ әлеуметтік шындықтан алшақ кетпейміз. Сонымен бірге әлемдегі түрлі этностардың қалыптасу процесі әр қилы, өте күрделі. Әр халық тарихи тағдырға, ішкі саяси ахуалға, экономикалық даму талаптарына сәйкес Ұлт болып қалыптасады. Кейбір Ұлттың қалыптасуында шешуші рөлді ортақ экономика, ортақ аумақ, ортақ мемлекет атқарса, келесі этностың өмірге келуінде ортақ тіл, ортақ тағдыр, ортақ психология мен діл (менталитет) шешуші маңызға ие. Ал кейбір Ұлттардың қалыптасуы адамдардың жаңа өмірлік кеңістік, жаңа жер іздеуі барысында болғаны хақ. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы қоғамдық ойда үстем болған “ұлт белгілері” ортақ шаруашылық, ортақ аумақ, ортақ мемлекет болуы қаншама маңызды болғанымен, әлемдегі барлық елдерге тән әмбебап белгі емес. Этнос жасаушы белгілер әр Ұлттың тарихи, саяси тағдырына байланысты әр түрлі.
Ұлттар арасындағы проблемалар қазіргі таңда белең алып тұр. Бұл төмендегі себептермен байланысты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz