Л.Н.Гумилев – аса талантты шығыстанушы



І Кіріспе
1 Өмір.өзен
ІІ Негізгі бөлім
1 Арыстандай айбатты...
2 "Дала трилогиясы"
3 Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді
ІІІ Қорытынды
Лев Николаевич Гумилев. Бұл есім басқа ұлт өкілі болғанымен де, Ресей тарихшысы болғанымен де қазақстандықтар үшін жат емесі. Ол кім? Немен шұғылданған, қандай еңбегі бар, Қазақстан үшін орны қандай дегенде, айтарымыщ да жеткілікті. Ең алдымен, Лев Николаевич – үлкен ғалым. Оның өмірі мен шығармашылығы тағдырдың талай тәмсегіне ұшыраған. Зорлық-зомбылық көрген. Бірық тумасынан қайсар болып жаратылған ол барлық қиыншылықты, барлық ауытпалықты жеңе білген, қорлық пен зорлықты қасқайып тұрып қарсы алған өжет адам. Оның өмірі шырғаланға толы, аттыған сайын кедергіге ұшырады.
Л. Н. Гумилев 1912 жылдың қазанында орыстың текті ақсүйегі, атақты ақыны Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматованың отбасында дүниеге келеді. Ата-анасының ұзамай ажырасып кетуіне байланысты көп қиыншылықтар көреді. Бойы өсіп, бұғанасы қатқанша Санкт-Петербург түбіндегі Бежецк қаласында әжесінің қолында өседі. Оның үстіне әкесі революцияға қарсы әрекет жасады деп айыпталып (бұл әлі анықталмаған шүбәлі жәйт) атылуы – дарынды, ойлы жастың былайғы тіршілігіне тұсау салады. Ресми органдардың оны "халық жауының жұрнағы" санап қуғындауы тым ерте басталады. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнында оқып жүргенде сол қарғыс таңбасы алдынан тосып, институттан қуылады. Сөйтіп трамвай паркінде жұмыс істейді.
Памир тауларына геологиялык, экспедиция құрамында болып, ащы-тұщының дәмін тартады. 1934 жылы Ленинг¬рад облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және сонымен бірге Орталық партия комитетінің хатшысы С. М. Кировтың қастандықпен атылуына байланысты, жазалаушы аппарат күшіне еніп, саяси террор күшейеді де, мыңдаған адам тұтқындалып, жер аударылады. Солардың қатарында 23 жасар Гумилев те абақтыға қамалады. Бұл оның институттың тарих факультетінде оқып жүрген кезі еді. Түрме тергеушісі оған: Гумилев, сен білімді шәкіртсің. Ал бар бәле білімді бастан шығады. Неге ұсталғаныңды біліп қой! – деп оны теріскейге айдаттырады. Оған таққан айыбы – ол күдікті адам. Ал совет қоғамын күдіктілерден тазарту – парыз.
Алайда талантты жасқа арашашы азаматтар табылады. Ең алдымен анасы Анна Ахматова Сталинге тікелей хат жазады. Ал, Лев Николаевичтің ұстазы, атақты ғалым М. Артамонов та оны босатуға белсене қатысады. Сонда ол "Ахматованың баласы үшін" емес, аса талантты шығыстанушы болғаны үшін арашалайды. Осының арқасында ол босанып шығып, институтты "азар алламен" әрең бітіріп шығады. Бірақ ол ұдайы бақылауда, НКВД-нің көз қырында болады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Л.Н.Гумилев – аса талантты шығыстанушы

Жоспары:

І Кіріспе
1 Өмір-өзен
ІІ Негізгі бөлім
1 Арыстандай айбатты...
2 "Дала трилогиясы"
3 Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді
ІІІ Қорытынды

Кіріспе

Өмір-өзен
Лев Николаевич Гумилев. Бұл есім басқа ұлт өкілі болғанымен де, Ресей
тарихшысы болғанымен де қазақстандықтар үшін жат емесі. Ол кім? Немен
шұғылданған, қандай еңбегі бар, Қазақстан үшін орны қандай дегенде,
айтарымыщ да жеткілікті. Ең алдымен, Лев Николаевич – үлкен ғалым. Оның
өмірі мен шығармашылығы тағдырдың талай тәмсегіне ұшыраған. Зорлық-зомбылық
көрген. Бірық тумасынан қайсар болып жаратылған ол барлық қиыншылықты,
барлық ауытпалықты жеңе білген, қорлық пен зорлықты қасқайып тұрып қарсы
алған өжет адам. Оның өмірі шырғаланға толы, аттыған сайын кедергіге
ұшырады.
Л. Н. Гумилев 1912 жылдың қазанында орыстың текті ақсүйегі, атақты
ақыны Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматованың
отбасында дүниеге келеді. Ата-анасының ұзамай ажырасып кетуіне байланысты
көп қиыншылықтар көреді. Бойы өсіп, бұғанасы қатқанша Санкт-Петербург
түбіндегі Бежецк қаласында әжесінің қолында өседі. Оның үстіне әкесі
революцияға қарсы әрекет жасады деп айыпталып (бұл әлі анықталмаған шүбәлі
жәйт) атылуы – дарынды, ойлы жастың былайғы тіршілігіне тұсау салады. Ресми
органдардың оны "халық жауының жұрнағы" санап қуғындауы тым ерте басталады.
Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнында оқып жүргенде сол қарғыс таңбасы
алдынан тосып, институттан қуылады. Сөйтіп трамвай паркінде жұмыс істейді.
Памир тауларына геологиялык, экспедиция құрамында болып, ащы-тұщының
дәмін тартады. 1934 жылы Ленинград облыстық партия комитетінің бірінші
хатшысы және сонымен бірге Орталық партия комитетінің хатшысы С. М.
Кировтың қастандықпен атылуына байланысты, жазалаушы аппарат күшіне еніп,
саяси террор күшейеді де, мыңдаған адам тұтқындалып, жер аударылады.
Солардың қатарында 23 жасар Гумилев те абақтыға қамалады. Бұл оның
институттың тарих факультетінде оқып жүрген кезі еді. Түрме тергеушісі
оған: Гумилев, сен білімді шәкіртсің. Ал бар бәле білімді бастан шығады.
Неге ұсталғаныңды біліп қой! – деп оны теріскейге айдаттырады. Оған таққан
айыбы – ол күдікті адам. Ал совет қоғамын күдіктілерден тазарту – парыз.
Алайда талантты жасқа арашашы азаматтар табылады. Ең алдымен анасы
Анна Ахматова Сталинге тікелей хат жазады. Ал, Лев Николаевичтің ұстазы,
атақты ғалым М. Артамонов та оны босатуға белсене қатысады. Сонда ол
"Ахматованың баласы үшін" емес, аса талантты шығыстанушы болғаны үшін
арашалайды. Осының арқасында ол босанып шығып, институтты "азар алламен"
әрең бітіріп шығады. Бірақ ол ұдайы бақылауда, НКВД-нің көз қырында болады.
1942 жылы Л. Гумилев екінші рет қамауға алынып, бес жылға Турухан
өлкесіне айдалады. Сонда тұтқында жүргенде өзі сұранып, 1944 жылы майданға
аттанады. Маршал Жуков басқаратын майданда жыл бойы соғысқа қатысып, Жеңіс
қуанышын өз көзімен көреді. Бірақ соғыстан кейін де оның ғылыми жұмысы көп
кедергілерге ұшырайды. Ол кандидаттық диссертациясын 1948 жылы Ленинград
қаласында Бірінші түрік қағанатының (546-569 жж.) тарихы жөнінде қорғайды.
Бірақ ғылыми зерттеу саласында еркін қанат жаюына пұрсат бермейді, сол жылы
тағы да қамауға алынып, сегіз жылға кесіледі.
Тегі, ол өзінің алғашқы кітабы "Хуннуды" түрмеде жазған тәрізді.
Өйткені абақты әкімшілігі оған: - Сен өлең жазғанды қой, хұндар жөнінен
жаза беруіңе болады, - дейді екен (С. Смирнов. "Знание – сила" 5-1993).
Бәлкім, солай болған да шығар. Алайда ол ғылыммен шындап айналысуды
бостандыққа шыққаннан кейін ғана қолға алады. 1961 жылы "ҮІ-ҮІІ-
ғасырлардағы байырғы түркілер" тақырыбында докторлық диссертация қорғайды.
Бұдан кейін ол Ленинград университеті география факультетініц профессоры
ретінде өндіріп жұмыс істейді. Оның Ұлы Дала туралы үш кітабы со жылдары
жарық көреді.

Арыстандай айбатты...

1992 жылдың маусымында Лев Николаевич көз жұмды. Оны жерлеу кезінде
бір кісі Эйнштейннің қазасы кезінде айтылған: - "Өзінің туған үйіне қайтып
кеткендей-ақ" ол Әлем тұңғиығына батып көрінбей кетті" – деген сөзді есіне
алады. Шынында да ол Жер-анаға сексен жылдық экспедиция жасап, артына
қорқуды білмейтін ақыл-ойының зәулім ескерткішін қалдырып, ғайып болды.
Замандас тарихшылары оны тыныштықты бұзушы, бүлікшіл деп атады. Сонда ол
қандай тыныштық еді? Бұл идеологиялық террордан тәуелсіз тентектердің бәрі
дер кезінде жойылып, ал аман қалғаны "аязы - әлін, құмырысқасы – жолын
білетін" және тыйым салынған нәрсені ойлауды да қойған қорымның өлі
тыныштығы болатын. Ал Гумилевтің оққағары бар ма, әйтеуір, құдай оңлап,
қартайғанша қаламын тебірентіп ұзақ ғұмыр кешті, өмірінің соңғы кезінде
атақ-даңқы бұрынғы Совет Одағына түгел жайылды. Ал оның қаншама тұрғылас-
тустастары қатыгез өкіметтің тақалы табанына тапталып, нағыз кемел шағында,
қыршынынан қиылып кеткен еді.
Ал, "Дамокл семсеріне" түспеген азғантай алыптар тобын кейінгі ұрпақ
"Зубрлар – қодастар" деп атап кетті. Олардың қатарына Капица, Тимофеев-
Ресовский, Лихачев, Гумилевтер жататын. Олардың бәрі де абақтыда отырып,
тұтқын лагерлерінің қара жұмысы сынағынан өткен-ді. Лев Гумилев осынау
Сталин лагерін этнограф пен этнолог ғалымның далалық лабораториясы ретінде
пайдаланады. Ол ғұмырында пәлен рет қамалып, он төрт жыл айдауда жүреді.
Құдай-ау, о жақта Ресейдегі күллі халықтардың өкілі болады. Бәрі де қайғы
ортақ, қасырет ортақ, көрген азап пен жәбір-жапа ортақ мұңлы жандарұғын.
Бірде одан көп шәкірттерінің біреуі: лагерде сіз көрмеген, бақыламаған
халық өкілдері болды ма? – деп сұрайды. Сонда ғалым біраз ойланып тұрып,
күмілжи тіл қатады: "Индустар ғана болмаса, қалғандары – ағылшындар,
американдар, түріктер, парсылар, көрейлер мен қытайлардың бәрі де болды...
Орыстар арасынан – казактарды, баптистерді, власовшыларды,
коммунистерді..." кездестірдім деп жауап береді. Барша халықтардың өкілдері
көз алдыңда және ешкім өзінің жан сырын жасырмайды.
Міне осындай көп тілді, көп ділді, көп дінді ала-құла қалың жұртпен
етене араласуы, солардың мінез-құлқын зерттеуі орыс ғалымын Ресей мен Дала
қарым-қатынасына, ең алдымен көшпелі халықтар өмір-тіршілігіне жіті назар
аударуына түрткі болса керек. Мұның үстіне Лев Николаевич те, сан мыңдаған
балалар сияқты, мектепте индейлер туралы кітапты бас көтермей көп оқиды, Ал
Ресейдің өз индейлері де жетіп жатыр және оларды бірде-бір тарихшы ден
қонып зерттемеген. Ендеше Ұлы Даланың тарихын сонау хұндардан бастап,
моңғолдар мен ойраттарға дейін қуалай отырып баяндап шығуға болады. Оның
бұл ойы тым жас күнінде, шамамен, 1935 жылы көкірегіне ұялайды. Бірақ
ғұмырының ең бір жеміс берер үлкен бір белесі тағдыр талқысына түсіп, көп
жылы – лагерде, бір жылдан астамы Отан соғысында өтеді. Осынау жылдары, жас
күнінде пайда болған көңілдегі күдігі күшейе түседі.
Мәселен, римдіктер мен пунийліктер өзара көп соғысып, ұдайы тең түсіп
отырған, ал оны біз римнің жазба деректерінен білеміз. Сонда олардың әділ
жазылғанына кім кепілдік бере алады, Ресей тарихын оқысаңыз, ежелгі
қыпшақтардың орыс қалаларын талап-тонағаны жәйлі өте көп жазылады. Ал,
Владимир Мономах қыстың көзі қырауда, қалың қарға омбылап, панасыз да
шарасыз қалған көшпелілерге жортуыл жасамады дейсің бе? Міне, осы жолменен
Гумилевтің тарихи бастаухаттарға деген көзқарасы қалыптасады: ғалым оған
сене отырып, сенбейді. Өйткені шежірешінің өзі де, сіз бен біз сияқты,
құмар-құштарлықтан, сезім-түйсіктен тұратын ақылды да білімді адам, ол
белгілі фактілерді өз көзқарасына, ұғым-түсінігіне бейімдеп, бір жүйеге
түсіреді, оған сәйкес келмегендерін көзге ілмейді ғой.
Міне, тап осы мәселеге келгенде Гумилев пен оның көптеген
бастаухаттанушы әріптестерінің ара жігі ашылады. Гумилев бастаухатқа көзсіз
табынбай, күдіктене қараса, аналар заманның үстем идеясының ығына жығыльш,
жазба деректердің әрбір әрпін құдайдың ақиқатындай көреді де, өз ой-
пікіріне де, тұрғыластарының пікіріне де сенбей шүбәлана қарайды.
Лев Николаевичтің кітаптары мен ғылми еңбектеріне қарсыластардың
пікірі мынадай бір дәлел-дәйекке сүйенетін: "Цзин-шудың авторында бұл
басқаша жазылған; ендеше Гумилев қателеседі!" Ал, неге керісінше емес.
Қытай сарайының тарихшысы, әлбетте, "теріскей тағыларына қарсы жүргізілген
қанды соғыстың егжей-тегжейін жете біледі; оның со бір соғыстың себеп-
салдары, әділеттігі жөнінде өз пікірінің болуы да мүмкін. Бұл пікірдің
тіпті Көк Перзентінің пікірінен өзгеше болуы да ғажап емес. Бірақ оның сол
пікірі ресми тарих мәтініне енгізілді ме? Міне, гәп қайда жатыр. Фин, көрей
соғысы, тіпті ¥лы Отан соғысының бірқатар жәйіттерінің совет тарихшылары
еңбегінде қалай түсіндіріліп жазылғанын еске алайықшы.
Өзімен тұрғылас басқа авторлар арасьнан Гумилевті айрықша бөліп
көрсететініміз, оның – Лев – Арыстан деген аты мен өмірбаяны ғана еместі.
Ғалымның еңбектерін оқудың өзі қызық, өйткені оның өзі де айналысатын ісіне
жан-тәнімен құмарта беріледі. Бірақ о заманда гимназия оқулықтары Еуропамен
ғана тұйықталады екен. Сол оқулықтарда оның әкесі жанындай жақсы көретін
Африка мүлде ұмыт қалса, Азия мен Америка жөнінен де жарытып ештеңе
айтылмайтын болған. Ғылымға деген құштарлық, ынта-ықылас оны кітаптан бас
көтертпей қойғаны былай тұрсын, кез келген ұлттың әр алуан адамдарымен
етене сөйлесіп, жөн-жосықты сұрасып, әңгіме-дұкен құруға жетелейді, Ол
расында да елгезек оқырманға б. з. дейінгі І-ІІ ғғ. бастап, біздің
заманымыздың ІІІ-ІҮ ғғ. дейін ғұндар мен түріктер қандай болғаньн,
Хазарияның қайда жоғалып кеткенін, XIII ғ. моңғолдардың не істеп, не
қойғанын кемеліне келтіріп айтып беруге шын көңілмен ұмтылады. Құштар
көңілден шыққан татымды жазылган тарих кісіні жетелей жөнеледі ғой.
Әлбетте, Л. Н. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан соны терминдері бірден
қабылданып, жатталып кетпеген болуға тиіс, өйткені совет қауымының салт-
санасына сіңіп кеткен ел-жұрт, халық, ұлт деген, қайта қаралуға жатпайтын
сталиндік анықтауыштардан арыла қою оңай еместі. Ал, мына автор гректің
"этнос" – халық деген сөзін, оған ешқандай әлеуметтік, марксистік мән
бермей, құлағынан сүйреп әкеп кіргізе салады. Сол сияқты "пассионарлық"
(құштарлық) термині де құлаққа тосын естіледі. Біздер Долорес Иббаруридің
пассионарлығын білетінбіз, ғашықтардың махаббат құштарлығынан да хабардар
болатынбыз, бірақ жасырып қайтеміз, полюске ұмтылған Амундсеннің, Сент-
Экзюперидің құштарлығына, Александр Македонский мен Ганнибалдың
құштарлығына онша мән бермеппіз. Тек осы бір от жігерлі құштарлық, мүлде
басқа жаңа, үлкен өмірге ұмтылу, күнделікті дағдылы тіршілік ағымында тіпті
де қажеті жоқ, күш-жігер көрсететін қабылет-дарын ғана адамзат тарихын
жасайтын қозғаушы күш болып табылады ғой.
Гумилевтің айтуына қарағанда, со пассионарлык, теориясының өзі ол
Кресты түрмесінің нары астында, құжынаған тұтқындардан мезі болып, темір
тордан күн шұғыласына ойлана қарап отырғанда туған тәрізді.
Ал, пассионарлық дегенніц өзі не? Мұны қарапайым қазақ тіліне аударсақ
- "құштарлық" немесе "құштарлыққа берілу". Бұл бірақ ер мен әйел арасыидағы
махаббат құштарлығы емес. Гумилевтің айтуынша, ол іс жүзінде барды місе
тұтпайтын қанағатсыз құштарлыққа саяды. Мәселен, Александр Македонский –
Ескендір Зұлқарнайын жер шетіне жетуді, шартарапқа өз билігін жүргізуді,
Шығыс пен Батыс арасын қосуды аңсап, армандап өткен. Бүл баяғы "герой" мен
"тобыр" жөнінде Т. Карлейль жазатын гәп те емес. Л. Гумилевтің түсінігіне
жүгінсек, қанша күшті-қайратты болып, табанымен жер тіреп тұрса да, жалғыз
адам аз. Этноста, халық арасында ерекше жаратылған, идеямен қанаттанып,
шабыттанып шыға келетін тұлғалар жеткілікті болуға керек. Этностық
қауымдастықты құратын да осындай адамдар. Бұларға қоса күнделікті жұмысын
істеп, салығын төлеп, бала-шағасын өсіріп отыратын қара халык, және
тіршіліктің ас ішіп, аяқ босату, шарап гәйпі, тән ләззаты сияқты жабайы
рахат-қызығына бола кез-келген идеяға қызмет етуге әзір тұратындар да
(субпассионарлар) болады.
70-80 жылдары кеңестік этнография ғылымы жаңа белеске көтерілді.
Осынау ғылымның этникалық қауымдастықтың тарихи типтері жөніндегі келелі
бір тақырыбы төңірегінде қызу айтыс болады. Лев Николаевич те бұл айтыстан
қағыс қалмайды, қайта оның қалың ортасында жүреді. Гумилевтің "Жердің
этногенезі мен биосферасы" атты әйгілі еңбегіне жүгінсек, кез келген этнос,
ең алдымен, биологиялық-географиялық феномен, ал әрбір этностың түпкі тегі
"жақын космостан" қайрат-жігер алатын "пассионарлык," күштердің ықпалымен
қалыптасады. Академик Ю. Бромлей бастаған Ленинградтағы этнография ғылми-
зерттеу институтының ғалымдары, әрине, оның бұл пікіріне қарсы шығады.
Тарихи материализмнің мызғымас тұғырына арқа сүйеген мамандар этникалык,
қауымдастықты тарихи-табиғи жолмен қалыптасқан әлеуметтік категория деп
біледі ғой. Ендеше, Гумилев сияқты "еретиктің" этносты био-географиялык,
категория дегенін қайдан мойындасын.
Л. Гумилевтің ғылми қағидасы бойынша, кез келген этнос "піл сауырлы
қара жердің" тау мен дала, шөл мен көк орайлы алқап, дала мен тау тәрізді
әртектес ландшафтары тоғысқан өңірлерде өсіп өнеді. Осындай өңірлерде өмір
сүріп, тіршілік еткен адамдарға "жақын космос" қуаты әсер етеді, соның игі
әсерінен от жігерлі, қайратты пассионер тұлғалар өсіп жетіледі, Еті тірі,
өзі пысық осынау пассионар адамдар қалың халықты соңынан ертіп,
субпассионарларды – қарсыластарын аузына қаратып, өзіне дейінгі "мәдени
жаралымды" жойып, "этнос" – халык, деп аталатын жаңа қауымдастықты құрып
қалыптастырады. Жоғарыда айтқанымыздайын, әрбір этнос ең алдымен био-
географиялық құбылыс, ендеше олардыц өлшеулі жасы болмақ керек. Әрбір
этностың өмір жасының ұзақтығы 1200 жылдан аспайды. Осындай өлшеулі уақыт
аясында этностың дүниеге келіп, өсіп-өніп, өркендеп дамып, құлдырап барып
құритын үрдісін этногенез деп атайды.
Лев Николаевичтің өмір жолы және этностың қалыптасуы жөніндегі ой
тұжырымдары міне осындай. Енді оның түркі тектес елдер, халықтар жөніндегі
трилогиясы және оның "Хазарияны тану" (1966) атты кітабын қыскаша шолып
шығалық.
Автордың хазарлар жөніндегі шағын кітабы кезінде көп айқай-шу туғызды.
Өйткені Еуразияны ертелі-кеш мекен еткен халықтар ішіндегі ең жұмбағы мол
халык, осы хазарлар. Олар ежелгі орыс және византия-рум тарихында өз ізін
қалдырған, Тіпті Византияның бір императоры Лев Хазар деп аталған. Бір
ғажабы күллі иудаизм тарихында еврей дінін жаппай қабылдаған да осынау
халық болады. Бірақ Л. Гумилев мәселенің бұл жағына онша
көңіл бөлмейді. Сол елдің құпия сырын бүгіп, жоғалып кеткенін анықтауға
көңіл бөледі. Жұрттың көбіне Гумилев қорытындысы тосып болып көрінеді.
Хазарияның түбіне жеткен саяси-әлеуметгік апат та, эскери-соғыс апаты да
емес, табиғаттың зұлмат күші болып шығады.
Кітапта Каспий мен Арал теңіздері өңіріндегі табиғи жағдай өзгеруінің
үш варианты беріледі. Хазарияның гүлденген шағы Каспийдің деңгейі Әлемдік
мұхиттан 36 метр төмен болған кезіне тура келеді. Сосын су тасып қағанат
жерін түгелдей басып қалады. Экология дерті онша басталмай тұрған со бір
кезде теңіз суының тасуы мен қайтуы сияқты уақ-түйекке мән беру байсалдылық
белгісі болып саналмайтын. Сол себепті де авторды географиялық және
биологиялық детерминизмге ұрынды – соңғы екі фактордың рөлін тым асыра
бағалады – деп айыптады.
Лев Николаевич те қарап қалмады, айтыс-тартысқа белсене араласып,
өзінің ешқандай да детерминист емес екенін, бірақ та адамзат тарихын
дамытуда табиғи фактордің белгілі рөл атқаратынын айтып, дәлелдеумен
болады. Ал со жылдары автор ойын қуаттағандай-ақ Каспий қайтадан тасып,
Арал суы тартыла бастайды. (Хазария жөніндегі кітапта бұл вариант та
қамтылған). Қанша айтқанмен отандық тарихшылар назарын табиғи факторға
аударуы Гумилев-зерттеушінің еңбегі екеніне ешбір дау жоқ. Кейінірек хазар
тақырыбы автордың "Байырғы Русь және Ұлы Дала" кітабында жалғасын тауып
дамытыла тусті.

"Дала трилогиясы"

Автордың хұндар туралы кітабы "Дала трилогиясының" бірінші бөлімі
болып табылады. Батыс және шығыс тарихы жазба деректерін мейлінше молынан
пайдалана отырып, оқуға жеңіл бедерлі тілмен жазылған осы бір еңбекті ғылми
жұртшылық оң қабағымен қабылдады. Әуелден-ақ халқының қыруар көптігімен
және бейнетқорлығымен әйгілі болған Қытайдың солтүстік жағындағы беймаза,
көшпелі көршісі ретінде танылған және адамдарының саны олардан 30 есе кем
болса да, ұлы көршісінің тынымсыз шабуылынан өзінің дербестігі мен
тәуелсіздігін сақтап қалған шалымды да шақар халық хұннудың қиын
тіршілігін, тағдыр-талайьш, олардыд мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық,
саяси құрылысының ерекшеліктерін бай материалдар негізінде қызғылықты
баяндайды.
Әсіресе қатыгез көршісінің залымдық усойқы саясаты мен жортуыл-
жорықтарының салдарынан алты бақан алауыз болып бөлініп, ең соңында
әлсіреген хұндардың туған ел-жұртын тастап, казіргі Қазақстан жерінің Арқа
жағын басып өтіп, Еділ-Жайық аймағына барып қоныстанып, жергілікті халық
угорлармен араласып кететін қасыретті тарихы оқушыны катты тебірентеді.
Олар сол арада екіжүз жыл тұрып, нығайып алғаннан кейін қуатты сарматтар
мемлекетін талқандап, Қаратеңіздің теріскейі арқылы қаптай шауып Еуропаға
ауыз салады. Сөйтіп сол көне құрлық тарихына жан бітіріп, батырлығымен,
қаһарлы да қанішер қаталдығымен бүкіл батысты жанын түршіктіре жаулап алған
атышулы ғүндар эпопеясын бастайды.
Л. Гумилевтің өз сөзіне қарағанда, байырғы түріктерге арналған кітабын
1935 жылдың 5-желтоқсанында бастайды. "Көне түріктер" кітабы 1967 жылы
басылып шықты. Кітапта қамтылған тақырып аса маңызды еді. Өйткені ежелгі
түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік мәні бар мемлекет құрып, Батыс пен
Шығыс арасын қосады, Түрік мемлекетінің пайда болуы "белгілі бір дәрежеде
адамзат тарихының бетбұрыс кезеңі болады, өйткені сол уақытқа дейін Жерорта
теңізі мәдениеті мен қиыр шығыс мәдениеттері бір-бірінің өмір кешіп
жатқанын білсе де аралары қосылмаған еді", - деп жазады автор. Түріктердің
далалық империясы кемеліне келіп, толысып тұрған 580-жылы Қағанат
қарауындағы жерлер батысында Кавказ теріскейі арқылы Византиямен,
түскейінде Иран, Үндістанмен шектесіп жататындағы, шығысында Қытай шегіне
тереңдей еніп кеткен еді. Сол себепті де "Орхон ескерткіштерінің
текстіндегі" мына төмендсгі асқақ сөздер тегіннен тегін жазылмаған болуға
тиіс:
- Биікте көк Тәңі і,
Төменде қа а же жа алғанда,
Екеуінін, а асында адам баласы жа алған.
Адам баласы үстіне ататегім Бумын
қаған, Істеми қаған оты ған,
Оты ып, ту ік халқынын. ел-жұ тын
Қалыптасты ған, иелік еткен.
Тө т бұ ыштын, бә і дұшпан екен,
Са базда ымен аттанып,
Тө т бұ ыштағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға ретінде, ғалым ретінде
Шыңғысхан туралы қазақтың екі ақын-жазушысының айтысы хақында
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Әуелбек Қоңыратбаев
Шыңғыс Хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ
Пәндер