Қоғамдық идеология және журналистика



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ Қоғамдық идеология және журналистика
1.1 Қазіргі қазақ журналистикасы.
1.2 Қазақ журналистикасының жай. күйі
1.3 Журналистика жайындағы қоғамдық идеология
1.4 Журналистік этика
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Журналистика ─қоғамдық сананы қозғаушы күш. Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позицияны ұстайды. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы – бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу тағы басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет.
Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі – интернет-БАҚ немесе интернет-журналистика дүниеге келді. Ал соңғы кезде бүкіл әлемде «азаматтық журналистика», «блогтық журналистика» деген ұғымдар пайда болды. Азаматтық журналистика ол интернетпен тығыз байланысты. Ғаламторда блог деген түсінік бұрыннан бері қалыптасқан. Ал біздің елімізде ол жаңадан пайда болған құбылыс. Азаматтық журналистиканың азаматтық қоғам дамуында салмақты орын алатынын мамандар мойындайды. Көптеген елдерде азаматтар қоғамдық мәселелерді жаңа медианың көмегімен шешіп жатады. Блогинг елдер арасындағы шекараны ғана жоймай, сонымен бірге салалық журналистиканы дамытуға ат салысады. Мысалы, тек қана экономикаға, фото өнеріне, аспаздыққа, ақпараттық технологияларға, әдебиетке немесе спортқа арналған блогтар. Осылардың ішіндегі бір тақырыпты таңдасаңыз материалдарды қызығып оқисыз, себебі көп ретте автор жариялаған материалды өз еркімен жазған және толық меңгерген. Нақты салада жазылған блог тандалған тақырыпқа сай барлық жаңалықты жариялауға тырысады, өз тәжірибесімен, идеяларымен бөлісіп, кеңес береді. Елімізде тәуелсіз журналистер блогшы ретінде өздерін көрсете білсе, ақпараттық нарықты дамытуға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Осыған орай, тәуелсіз журналистер қызметіне жүгінетін БАҚ-тар да пайда болады. Демек, қазақ журналистикасы интернет еркіндігі және пікірлердің плюрализмі арқылы жаңа белестерден көрініп, алға қадам жасай алады. Бұқарамен тығыз байланыста болған журналист ешқашан ұтылмайды, керісінше, ақпарат көздерін күн сайын ұлғайта береді.
Кітаптар мен монографиялар:

1 Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
2 Омашев Н. Қазақ радижурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.
3 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860-1930). – Алматы, 1964.
4 Медианет. Интернет в Казахстане. - Алматы. Medianet. Soros. 2009ж. 14-105 бет.
5 Муслимова К.С. Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтану процессіндегі ролі [Text] / Муслимова К.С. - , 2002 // Международная конф. "Журналистика на рубеже веков:проблемы и перспективы". - Караганда:КарГУ, Караганда:КарГУ,2002. - С. Караганда:КарГУ,2002
6 Жапек, М. С. Интернет бұқаралық ақпарат құралы бола ала ма? - Қарағанды, 2006. – 13-24 бет.
7 Барлыбаева С. Масс – медиа и цивилизация Востока. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2000. - 79 стр.
8 Барманкулов М. Жанры печати, радиовещание и телевидение. –Алматы: ҚазГУ, 1994.
9 Омашев Н., Бегімбетова Р. Қазіргі шетел журналистикасы. –Алматы: “Қазақ университеті”, 2000.

Мерізімді басылымдар:

10 Кәмшәт Тасболат. Дәстүрлі журналистиканың орнын әлеметтік желілер баса ма ? // Айқын -2010. №14. 11-12 бет.
11 Әлия Сембай. Интернеттегі жарнама. // Қазақстан іскері. 2008.
№ 15. 4 бет.
12 Нұрболат Аманжол. Қазақ блогосферасы: бүгіні мен келешегі. // Айқын- 2010 № 17. 5 бет

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ Қоғамдық идеология және журналистика

1.1 Қазіргі қазақ журналистикасы.
1.2 Қазақ журналистикасының жай- күйі
1.3 Журналистика жайындағы қоғамдық идеология
1.4 Журналистік этика

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Журналистика ─қоғамдық сананы қозғаушы күш. Журналистика – өмір
айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер
жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек
етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып,
жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді.
Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың
жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет
жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене
араласады. Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика
– халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай
мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға,
халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып,
халықтық позицияны ұстайды. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат
құралдарының басты парызы – бұқараның санасын билеу, оларға уақыт
кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу тағы
басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру
болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде
бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға
ие болатын – интернет.
Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне
байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі – интернет-БАҚ немесе
интернет-журналистика дүниеге келді. Ал соңғы кезде бүкіл әлемде
азаматтық журналистика, блогтық журналистика деген ұғымдар пайда
болды. Азаматтық журналистика ол интернетпен тығыз байланысты.
Ғаламторда блог деген түсінік бұрыннан бері қалыптасқан. Ал біздің
елімізде ол жаңадан пайда болған құбылыс. Азаматтық журналистиканың
азаматтық қоғам дамуында салмақты орын алатынын мамандар мойындайды.
Көптеген елдерде азаматтар қоғамдық мәселелерді жаңа медианың көмегімен
шешіп жатады. Блогинг елдер арасындағы шекараны ғана жоймай, сонымен
бірге салалық журналистиканы дамытуға ат салысады. Мысалы, тек қана
экономикаға, фото өнеріне, аспаздыққа, ақпараттық технологияларға,
әдебиетке немесе спортқа арналған блогтар. Осылардың ішіндегі бір
тақырыпты таңдасаңыз материалдарды қызығып оқисыз, себебі көп ретте автор
жариялаған материалды өз еркімен жазған және толық меңгерген. Нақты
салада жазылған блог тандалған тақырыпқа сай барлық жаңалықты жариялауға
тырысады, өз тәжірибесімен, идеяларымен бөлісіп, кеңес береді. Елімізде
тәуелсіз журналистер блогшы ретінде өздерін көрсете білсе, ақпараттық
нарықты дамытуға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Осыған орай, тәуелсіз
журналистер қызметіне жүгінетін БАҚ-тар да пайда болады. Демек, қазақ
журналистикасы интернет еркіндігі және пікірлердің плюрализмі арқылы жаңа
белестерден көрініп, алға қадам жасай алады. Бұқарамен тығыз байланыста
болған журналист ешқашан ұтылмайды, керісінше, ақпарат көздерін күн сайын
ұлғайта береді.

I ТАРАУ Қоғамдық идеология және журналистика

1.1 Қазіргі қазақ журналистикасы.

Журналистика — күнделікті өмірдің жаршысы. Сондықтан журналистика әр
кезде өз биігінен көрінеді. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты
болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар
жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық
еткенді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасқанда журналистиканың
баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр.
Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі қандай?-деген сұраққа жауап беретін
болсақ- қазіргі қазақ журналистикасы еркіндіктің босағасында, оның өзінің
деңгейі мен дәрежесі бар. Кез-келген тақырыпта, кез келген мәселеге қалам
тарта алады. Ол баспасөздің, Бақ құралдарының еркіндігі десек те болады.
Бірақ дей тұрғанмен қазақ журналистикасының жолын дамыту бар да, және жас
журналистерді дайындау проблемалары бар.
Жас журналистерді дайындау мәселесіне тоқталатын болсақ:
Қазақ журналистикасы соңғы 15 жыл ішінде коммунистік жүйеден демократиялық
бағыттағы БАҚ саласын қалыптастыруға бет бұрып, едәуір нәтижелерге қол
жеткізді. Демократиялық реформалардың тереңдей түскен, әлемнің жоғары
дамыған 50 елінің қатарына қосылу міндеті алға қойылып отырған және
ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттілігі туындаған
қазіргідей күрделі де жауапты кезеңде БАҚ-да жұмыс істейтін мамандарды
даярлау ісіне әдістемелік тұрғыдан шұғыл бетбұрыстың жасалуы талап етіліп
отыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда, бүгінде
Қазақстаннның 26 университетінде журналист мамандарын даярлайтын факультет
пен бөлімдер жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, министрлікте ресми тіркелген
БАҚ саны 7000-нан асып кеткен. Олардың әзірше 2500-і нақты жұмыс істейді.
Ал, барлық БАҚ-тың 12 пайызы ғана үкіметтік көрінеді. Олай болса, алдағы
уақытта жоғарыда аталған 26 оқу орнының бәрінде де, ондаған жылдар бойы
қолданылып келген, ішінара әлі де өз күшін жоя қоймаған кеңестік жүйесінің
көне тәсілдерінен түбегейлі бас тартып, әлемдік стандарт үлгілерін
қабылдағаннан басқа жол жоқ. Себебі, қазірдің өзінде білікті медиа-
бизнесмендердің, БАҚ саласы менеджерлерінің жоқтығынан еліміз баспасөзі
нарығында жарнаманың 49 пайызын ресейліктер иемденіп отыр. Осыншама
табыстан көпе-көрінеу айырылып отыруымыздың өзі медиа-бизнеске бейімделген
мамандардың жеткіліксіздігінде болса керек. Диплом алып жатқан мамандар көп
болғанымен, оның бәрі БАҚ талаптарын қанағаттандырмайтыны да рас.
Сондықтан, батыстық, америкалық озық тәжірибеге сүйенсек, ұтылмайтынымыз
анық. Білім берудің батыстық үлгісінің озық болуының мәні мынада:
l журналистік білім беру ісінде тәжірибеге басымдық беретіндігінде;
l студенттің өз бетімен еңбек етуіне, шығармашылық еркін ой мен іскерлік
қабілеттілігін дамытуларына қолайлы жағдай тудыратындығында.
Алайда, журналистік жоғары білім берудің әлемдік стандарттарын жүзеге
асыруда елеулі қиындықтар бар. Ең алдымен жоо-ның материалдық базасының сын
көтермейтінін атап айтуға тиіспіз. Әлемнің жоғары дамыған өркениетті
елдерінде “студенттің санынан компьютердің саны асып түскен жағдайда” ғана
талапқа сай деп танылады. Біздің елде бұл көрсеткіш өте төмен. Студенттерді
айтпағанның өзінде, оқытушылар үшін кафедрада екі компьютер болса, соны да
қанағат етуге мәжбүр. Оның сыртында көптеген университет ректорлары
журналистика мамандығының өзіндік ерекшеліктері мен маңыздылығына
айтарлықтай мән бермейді де. Соның салдарынан тәуелсіздік жылдарында
ашылған кафедраларда журналистика саласы бойынша білім беруді қазақ тілі
мен әдебиетінің мұғалімін даярлаудың деңгейінде ғана қарастырды. Тіпті,
жасырмай айтқанда, журналистика мен филологияны айыра білмейтіндер де
баршылық. Олар қоғамда БАҚ-тың, журналистиканың рөлінің барған сайын өсіп
келе жатқандығымен, оның демократиялық зайырлы қоғамда “төртінші биліктің”
дәрежесіне көтерілетін ықпалымен, қазіргі жаһандану кезеңінде ақпараттық
майданда ашық “соғыстың” басталғанымен, оның өзі ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің маңызды бір бөлігі екендігімен санаса бермейді. Сонымен
қатар, жергілікті университеттердің журналистика кафедраларында білікті
мамандар жеткіліксіз. Ал, кейбір мамандар жеткілікті оқу орындарының өзінде
журналистика кафедраларын өзге саланың адамдарына, көбінесе журналистиканың
теориясы мен практикасынан бейхабар адамдарға басқартып қоюы жоғарыда
айтқан ойды нақтылай түседі.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине, студенттердің өз бетімен жеке
ізденулері арқылы олқылықтардың орнын толтыруға тырысудан өзге амал жоқ.
Оның ең бір тиімді түрі – сапалы оқулықтар мен журналистика саласы бойынша
жарыққа шығарылған ғылыми-зерттеу еңбектерді білім беру ісіне кеңінен
тиімді пайдалану. Әсіресе, студент жастардың журналистика теориясы мен
тарихының іргелі туындыларымен етене танысуларына, зерттеп, зерделеулеріне
аса ден қою қажет болады. Себебі, олар университет қабырғасында жүргенде
оқулықтар мен оқу құралдарын қазіргі заман талаптарымен байланыстырып
пайдалануға дағдыланбаса, ертеңгі күні БАҚ-қа барған соң әртүрлі ақпарат
көздерінен алынған мәліметтерді қорытуға қабілетсіз болмақ. Шын мәнінде,
ғылыми-зерттеу, талдау-сараптау тәсілдерін ерте меңгерген журналистер
көбінесе БАҚ саласында өз қабілеттіліктерін тез таныта алады.
Журналистиканың зерттеу материалдарының түп нұсқаларын жалпылама түрде ішкі
және сыртқы деген екі объектіге бөлуге болады. Жаһандану дәуірінде өз
деңгейімізді әлемдік үрдіспен салыстыру, өзіміздің қай тұста жүргенімізді
бажайлау, өзгелерден үйрену міндетті түрде қажет етіледі. Оның сыртында,
сыңаржақ идеологияның құрсауынан құтылған Қазақстан бүгінде сыртқы әлемге
өз болмысымен танылды, ашық қоғамға қадам басумен қатар көптеген игі
бастамаларға да мүмкіндік ашып отыр. Қазіргі таңда әлемнің кез келген
елінің кітап-құралдарын интернет желісі арқылы пайдалануға, білім беру
әдістемелерімен танысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қазақ журналистикасы да
өзінің даму кезеңдерінде сан қилы зерттеу туындыларын жарыққа шығарды.
Алайда, көп жағдайда журналист ғалымдар өздері зерттеген салалары бойынша
ғана оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеп шығарумен шектеліп жүр.
Журналистиканың теориясы, баспасөз дизайны, журналистика менеджменті,
тележурналистика теориясы мен тәжірибесі, медиабизнес, фотожурналистика,
БАҚ заңдары мен құқық негіздері секілді көптеген салалар бойынша
оқулықтарды айтпағанның өзінде ғылыми мақалалардың өзі өте сирек кездеседі.
Оның өзіндік себептері бар. Айталық: оқу процесіне күнделікті араласып
жүрген ғалымдардың оқулық жазып әзірлеуге уақыттары жоқ; оқулық жазуға
ниеттенген авторларға көрсетілетін қолдау жоқ, атап айтқанда, жазған еңбегі
үшін қаламақы төленбейді, өндірістен қол үзіп шығармашылықпен айналысуына
мүмкіндік жасалмайды; жазған оқулықтары мен оқу құралдары университеттердің
баспаханаларында көп уақыт кезек күтіп, кешігіп жатады.
Сондай-ақ, ғылыми кеңестер тақырып бекіткен тұста ең өзекті әрі зерттелмей
жатқан тың салаларға жіті көңіл бөлмейді. Бір кездері баспасөз тарихына
көбірек ден қойған болса, бүгінде “пәленшекеңнің публицистикасы”,
“түгеншекеңнің редакторлығы” секілді қамтитын аясы тар, маңызы төмен
тақырыптармен тым ұсақталып кетті. Сондықтан, алдағы уақытта журналистика
мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттарды қабылдағанда, олардың
тақырыптарының өзектілігіне жіті көңіл бөлінуі аса қажет.
Аталмыш жайлардың бәрі де болашақ журналистерді сапалы әрі қажетті
оқулықтармен қамтамасыз етуге елеулі кедергі келтіріп отыр. Бүгінде
журналистика теориясының тұжырымдамалары мен практикалық қызметтерінің
тәсілдерін реформалау қажеттіліктері туындап отырғанда ескі жүйе тұсында
жарық көрген оқулықтармен студенттерді алдарқату қисынсыз. Кеңес одағы
тұсында жарық көрген, бір идеологияның тар шеңберінде тұншықтырылған,
әлемдік озық ойдан алшақ, көбінесе компартияның кезекті съездері мен
пленумдарының шешімдерінен ұзын сонар сілтемелер жасалған, құрғақ
уағыздардан тұратын оқу құралдары мен әдебиеттерді қазіргі жастардың
талғамдарына сай келеді деуге еш негіз жоқ. Сөйте тұра, оған балама
оқулықтар ана тілімізде жасалып үлгермегендіктен жоо-ның көп лекторлары сол
оқулықтарды немесе Ресейдің әдебиеттерін қолдануға мәжбүр болып жүр.
Журналистика мамандығына арналған оқулықтардың жалпы мазмұнының өзі
студенттердің шығармашылық ой өрістерін кеңейтуге, сөйлеу және жазу
мәдениеттерін арттыруларына ықпал етерліктей, оларды ақпарат алу жолындағы
алғырлыққа, батылдыққа баулитындай бағытта және жалпы базалық білім беретін
пәндермен сабақтасарлықтай болуға тиіс. Оның сыртында журналистика
бөлімдеріне сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этика, эстетика,
әлеуметтік психология, саясаттану, экономика, құқықтану секілді пәндердің
сапалы оқытылуына айырықша назар аударылуымен қатар, журналистерді дәл осы
салалардың базасында даярлау қажет деп білеміз. Журналист-құқықтанушы,
журналист-экономист, журналист-саясаттанушы, журналист-бағдарламашы, т.с.с.
қос мамандық бойынша даярласа, тіпті тиімді болар еді.
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген оқулықтардың көбінен тәжірибелік іс
қызметке қажет ақыл-кеңестерді, бүгінгі БАҚ тыныс-тіршілігінен жанды
мысалдар мен жан-жақты мол мағлұматтар беретін тың ізденістердің ізін өте
аз көреміз. Сондықтан, жоо-дағы әріптестеріміз Ресей оқулықтарына ғана бір
жақты сүйеніп келеді. Осы орайда АҚШ журналистикасының тәжірибелік іс
қызметке бейімделген, қысқа да нұсқа, күрделі ұғымдардың өзін қарапайым
тәсілмен ұтымды түсіндірген, көңілге қонымды әрі тартымды оқулықтарын
аударып, қолданысқа енгізудің аса пайдалы екендігін атап айту ләзім.
Журналистика саласы бойынша отандық ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің
туындылары баршылық. Оны жоққа шығарудан аулақпыз. Алайда, олардың
бастырған оқулықтарының таралымы аз болғандықтан, бір ғана оқу орнының
аясынан шыға алмайды, өзге әріптестерге жетпейді. Сонымен қатар,
журналистика саласы бойынша шығарылған оқулықтарға, кітаптарға, әдістемелік
еңбектерге рецензиялар жазылмайды, талдаулар жасалмайды, мерзімді баспасөз
арқылы насихатталмайды.

1.2 Қазақ журналистикасының жай- күйі

1991 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік алған күндері еліміз үшін қайталанбас
ерекше сезім, рухани екпін, халықтың үлкен серпілісін туғызды.Сол
серпілістің өзі Қазақстанда сәл ертерек басталған секілді. Әуелі Кеңестік
одақтың тұсындағы 1986 жылы орталықтың шешімімен келіспеген қазақ
жастарының алаңға шығуы – рухани жаңғырудың алғашқы көрінісі іспеттес.
Шындығында да Кеңестер одағы бойынша қазақ жастарын алаңға алып шыққан ол
күш одақты ыдыратуды алдына мақсат етіп қоймаған болатын. Ол кезде бұрынғы
мемлекет күйрейді-ау деген ой ешкімде де жоқ. Дегенмен де, желтоқсан
оқиғасы қазақ ұлтының өзін-өзі тану дәрежесінің кемелденген тұсы екендігін
көрсетті. Мұндағы басын ашып айтатын мәселе - алаңға шығу ұлтаралық
араздыққа да бағытталмаған болатын. Бірақ, Орталық биліктің қазақ елінің
мүддесімен санаспауы ұлт жастарының наразылығын көтерді. Ал, содан кейінгі
кезеңдердегі бүкіл одақ бойынша орын алған қоғамдық толқулар осы қазақ
жерінен бастау алды десек қателеспейміз.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңы 90-шы жылдардың басы жер-жерде рухани
бостандыққа ұмтылыстың кезеңі болды. 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі
егемендік туралы Декларация қабылдады.
Осы секілді қозғалыстардың барлығы жаңа бір рухани сезімнің көтерілуіне
әсер етті. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарған рөлі де зор деп
есептеймін. Бұрын бір ғана партияның, идеологияның нұсқауымен жүрген
ақпарат құралдары бұғаудан босаған күйін сезінді. Ал, осы саладағы қазақ
журналистикасына келетін болсақ, әңгіме мүлдем жан тебірентерліктей. Қазақ
журналистикасы рухани бостандыққа қол жеткізді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірден елді жаңа еркін, өскін даму
бағытына бастады.
1992 жылдың қазан айында жаңадан құрылып жатқан ТМД елдерінің арасында
тұңғыш рет біздің, Қазақстанның бастамашылығымен ЮНЕСКО шеңберінде Тәуелсіз
басылымдардың халықаралық конференциясын біздің Үкімет пен ЮНЕСКО бірлесіп
өткізді. Оған дүниежүзінің 60-тан астам елінен 200-ге жуық тәуелсіз басылым
өкілдері, белгілі халықаралық журналистер келді. Конференцияда бұрынғы
тоталитарлық жүйені, партияны ашық сынаумен бірге демократиялық
құндылықтарды насихаттау, әділ, еркін жазу мәселелері кеңінен сөз болды.
Қазақ журналистикасы үшін де бұл бір жаңа кезең еді. Бұрын әрбір аудандық
газетке дейінгі басылымдар Мәскеудің бақылауында тұрды. Мәскеудің
рұқсатынсыз газет-жүрнал шықпайтын. Аудандық газет ашу үшін де сол ауданда
қанша халық тұрады, оның ұлттық құрамы, тілі, баспасөздің бағыты, тек
Мәскеуде дәлелденіп, оның шешімі шыққаннан кейін ғана жүзеге асатын еді.
Кеңес ыдырағаннан соң, жаңа басылымдар, оның ішінде қазақ сөзі жариялылыққа
бұрқақтай екпінмен өрістеді. Сөз бостандығы еркін көсілді. Сол алғашқы
кезеңнің өзі біздегі қазақ журналистикасының туындап, тұрақтануының жаңа
бір серпіндік кезеңі болды.
Әлемдегі барлық дамыған, демократиялық елдерде біз ойлағандай, бәрі жатық
емес. Демократиялық принциптерге сүйеніп айтатын мәселелер бар және
айтылмайтын жабық тақырыптар бар. Ол тақырыптар неге жабық? Өйткені
мемлекеттің дербестігіне, ұлттық идеологияға зиянын тигізетін демократия,
сол елдің жауларынан басқа ешкімге керек емес.
Идеологияның өзі қауымдасып жасалатын жұмыс. Ұлттық идеологиямызды халықтың
санасына сыналайтын негізгі құрал – қазақ тілді басылымдар мен теле-радио.
Солар арқылы қоғамымыздың озық ойлы азаматтары пікірлерін халыққа
жеткізеді, идеяларын ортаға салады. Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары
орыс тілділерден деңгейі төмендеу болып, осалдау шығып жатыр деген ойлар да
бар. Шет ел ақпарат құралдарының өзгешеліктеріне, кәсіби деңгейіне назар
аударатын болсақ, салыстырмалы түрде алып қарағанда, қазақ
журналистикасының олардың қасында деңгейі қандай деген сұрақ туындайды.
Республикадағы орыс тілді басылымдарды, телерадионы қарап отырсаңыз, ондағы
ақпараттар, проблемалар қазақ тілді ақпарат құралдарына қарағанда, өткірлеу
берілетін сияқты болып көрінеді. Оған қарап қазақ журналистикасының
деңгейі төмен екен деп ойлауға болмайды. Осы уақытқа дейін қазақ тілді
бұқаралық ақпарат құралдарында басшыларға сын, мін айтылмайды деп келді.
Бірақ қазіргі қазақ тілді басылымдардағы сын мақалалар орыс тілді
басылымдардан басымырақ түсіп жатыр. Өйткені қазақ тілінде берілетін сын
материалдардың айырмашылығы бар. Ол қандай? Бізде, Шығыста мақтамен
бауыздау деген ұғым бар. Оны басқа тілге аударып жеткізе алмайсың. Бұл –
тікелей төбеден қойып қалатын орыс тіліндегі ақпарат құралдарындағы сын
емес, одан әлдеқайда тиімді тәсіл. Қазақ журналистикасында да тіліп, тұз
құйып тұрып сынайтын сәттер болады. Бұл енді – қазақтың табиғатына жат,
соңғы шара. Ал енді журналистиканың ең бір биік, өрелі де тиімді жолы –
емеурінмен айту, тұспалдап жеткізу. Өнер алды – қызыл тіл деп аталарымыз
сөз өнерін алға қойған. Сөзді айқайламай-ақ айтып, жетесіне жеткізуге
болады және бұл өтімдірек. Баяғыдағы билеріміз, шешен даналарымыз сөздерін
емеурінмен-ақ өткізіп, үлкен мәселелерді шешіп отырған. Одан бертінде
Ілиястың, Бейімбеттің мақтамен бауыздаған қаншама фельетондары жарық
көрді. Журналистикадағы осындай тәсілдерді ысырып қойып, бірден бас салып
сен – итсің! деп тікелей шабуылға көшсек, одан әрі шарамыз таусылады.
Соңғы сөзімізді айтып салып қарап отырғанымыз дәрменсіздік, бейшаралық
болар еді. Қазақ журналистикасының шоқтығын биіктететін тағы бір
артықшылығы бар. Ол – қазақ журналистикасындағы шығармашылық. Орыс тілінде
бұл – аз. Тек орыс тілінде ғана емес, жалпы шет ел журналистикасына тән
нәрсе – олар жазғанда тілдің көркемдік сипатын аз пайдаланады. Мысалға,
ағылшын тілін алайық. Бұл тілді қаншама ұлт қолданғандықтан, ол өзінің
әдемі ажарынан ажыраған, көркемдігінен айырылған. Сөйтіп, ағылшын тілі тек
қана бар-кел, отыр-тұр деген сияқты тура мағынаны беретін табиғи
сипатында ғана қалды. Қор болған қайран Шекспирдің тілі-ай деп
ағылшындардың күйзелетіні содан. Өйткені бұл тіл неғұрлым тарала түскен
сайын, соғұрлым солғын тартып, ажарын жоғалтуда. Ал қазақ журналистикасында
қандай жанр болсын, көркемдеп беру тәсілі міндетті түрде көрініп тұрады
және астарлап айтылатын тұстары болады. Бұл біздің журналистиканың әдемі
ерекшелігі. Көркемдік жағына келгенде, қазақ журналистикасы орыс
басылымдарынан әлдеқайда басым. Бірақ қазақ журналистері кейбір кездерде
көркемдікті қуалаймын деп, нақты айтылатын проблемалардан ауытқып кетіп
жатады. Бұл енді – жекелеген тілшілерге тағылатын мін. Қалай болғанда да
қазақ журналистикасы орыс тілді ақпарат құралдарынан кемшін түсіп жатыр
деген сөзге келіспеуге болатын сияқты. Дәл қазіргі қазақ журналистикасы
барлық жағынан да сапалы, сауатты.
Тағы да ауыз толтырып айта кететін жайт- журналистикада сөз бостандығы,
демократия жайлы мәселелер қай уақытта болмасын негізгі бақыланатын
жұмыстың өзегі.
Сөз бостандығы шексіз емес. Ол – табындыратын да, талқандайтын да қуатты
күш, - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде осылай деп еді.
Ендеше, біз осы қуатты күшті қазақ журналистикасы дұрыс пайдаланып жатыр
ма деген сұрақ туындайды. Жалпы сөз бостандығы туралы сөз қозғалған жерде
сөз бостандығы бар деген сөз. Сөз бостандығы жетпей жатыр, деп пікір
айтудың өзі бостандықты көрсетеді. Кезінде Наполеон: Журналистер –
күңкілдек, сыншы әрі кеңесші. Олар басшыларды да өз ықпалында ұстайды және
халыққа да бағыт-бағдар көрсетеді. Мың жау әскерінен гөрі, жат пиғылды төрт
газеттен көбірек қорқу керек, - деген екен. - Француз халқына қарап
отырсаңыз бұл халықтың өзі революцияшыл ел. Наполеонның айтқаны да
ұмытылмай келген қанатты сөз. Ал қазақ айтады Сөз бас жарады, бас жармаса
тас жарады. Яғани қазақ БАҚ-құралдарында да демократияның ұшқыны бар десек
те болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақ басылымдарының сыни
мақалалары да осы бостандықтың еншісінде екені тағы бар.

1.3 Журналистика жайындағы қоғамдық идеология

Журналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның
ішінде орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе. ХХІ ғасыр адамзат
игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы адам баласының көзқарасына, ой – санасына
тікелей әсер ететін идеологиялық құрал. Рухани нәр мен эстетикалық әсер
беретін өнердің өзгеше бір түрі. Қазіргі таңдағы уақыт аясынан ақпарат
ғасыры деген ұғымды иеленіп отырған кезеңде журналистиканың ақпарат
кеңістігінен алатын орны айрықша.
Эфирдегі телехабардың берер тағылымы мол. Ұлттық діл, ұлттық сезім,
ұлттық рух, ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық болмыс – бітім бойымызға
ананың сүтімен, әженің тілімен, ата – бабамыздың салт – дәстүрімен
қалыптасса, соны дүние жүзі халықтарына бар артықшылығымен танытуда
телеэкранның атқаратын қызметі ұшаң – теңіз.
Аға ұрпақтың өкілдері атасы мен әжесінің аңыз – ертегілерін тыңдап,
олардың сөз саптау, ой құрау мәнерін көріп, таза қазақы ортада өсті. Ал
соңғы кездері ұлттық орта қалалық жерлерде жоқ деуге болады. Осы тұрғыдан,
жас ұрпақтың мәңгүрттену бағдарының одан әрі жалғасуын тоқтату, оларды
халқымыздың рухани дүниетаным негіздерінен ажырап қалмау ісінде ақпарат
құралдарының, соның ішінде теледидардың атқарар рөлі зор. Теледидар кеше
де, бүгін де шын мәніндегі тәрбиешіге айналып отыр. Тек, жастарымыздың
ғана емес, ол күллі елдің тәрбиешісі болуда. Ақпарат құралдары арқылы халық
санасына кез келген идеяны сіңіруге болатындығы дүниежүзілік тәжірибеде
толық дәлелденді. Демек, қазақ халқының ұлттық қайта жаңғыруы, оның
бірігуі, ұйысуы, мемлекеттігін нығайтуы сияқты аса күрделі құбылыстар
ақпарат құралдары арқылы жете түсіндірілгені орынды. Осы бағытта
теледидарға жүктелер мәдени – рухани шаралар ұшаң – теңіз. Соған орай,
кезінде халық ықыласын өзіне еріксіз тартқан Шаңырақ, Алтын сақа атты
сауықтық – тағылымдық көрсетулердің бергені мол. Бұлар бір жағынан қызықты
ойын – тамаша ретінде қабылданса, екіншіден ойын – сауық ретінде
көпшілікке, соның ішінде жас толқынға халық тарихынан, оның салт –
дәстүрлері мен ұлттық рухына тән ұғым – түсініктерінен маңызды деректер
беріп, оны ұрпақ санасына сіңіру арқылы қыруар тәрбиелік жұмыстарды
жүргізді. Мұндай бағдарламалар еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ,
үлкенді – кішіні белгілі бір бөлігінің ұлттық тәрбиелік ортадан тыс өмір
сүруі, мәңгүрттенуі сияқты келеңсіз құбылыстармен қатар, қазақ отбасында
халқымызға жат, жағымсыз құбылыстар жиі кездесетін болды - дейді, Ш.
Битаева. [7] Бүгінгі жас балдырған ертең еліміздің тұтқасын ұстайтын азамат
болады. Көгідір экран арқылы аудиторияға хабар таратудың маңыздылығы
орасан зор. Жаңа ақпарат ғасыры кезеңінде жоғары дәрежеде дамыған
технологияның көмегімен, қоғамдық көңіл – күйде, қарқынды түрде эволюциялық
процесс жүріп жатыр. Сондықтан теледидар табиғаты, тележүргізушінің қызметі
қандай деген мәселенің алдыңғы кезекке шығаруы заңды болып табылады. Жаңа
ақпараттық ғасыр кезеңінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдары
көпшіліктің дүниетанымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда ерекше
белсенділік танытып отыр. Өйткені, бүгінде әлем тез өзгеріп, тез жаңаруда.
Адамзат өркениетінің әлемдік даму эволюциясы жеке адамның сезіміне
ақпараттың барлық түрімен әсер етуде.
Теледидар өз бойына театр мен киноның, баспасөз бен радионың сан
қырын тоғыстырған синкретті өнер түрі болғандықтан, оның табиғатының да
күрделілігі өз - өзінен айқындала түседі. Ол журналистиканың негізгі
бейнелеу элементтері жанды көрініс пен дыбыс, мәнерлі сөз арқылы
аудиториямен байланыс орнатады. [8]
Теледидарда көркемдік, публицистикалық сарын жалпы журналистиканың
заңдылықтарынан туындайды. Телеэкрандағы хабарлардың көркемдік деңгейі,
ішкі құрылымының қуаты, кіріспе сөздерден бастап шарықтау шегіне, шешім
табуына дейінгі сыңарлар әрбір бағдарламаның өн бойынан көрініп отыруы
тиіс. Мысалы, теледидардың әдеби – драмалық хабарларында әдебиетке тән
көркемдік тәсілдер барынша еркін сақталып қолданылады. Эфирдегі көрініспен
қатар естілетін не сөйленетін сөздің дыбыс мүмкіндіктеріне, дауыс ырғағына
қарай құбылып, әсер, ықпалының арта түсетінін ескерсек, қойылымдардағы
әдіс, тәсілдер сөздің реңін ашып, ойдың бейнелі түрде көрермендерге
эстетикалық ләззат беріп, құлақтан кіріп, санаға сіңіп қалатындай көркем
дүниелер ұсынуына мүмкіндік туғызады. Хабарлар тілінің шұрайлылығы, онда
троптардың (эпитет, метафора, антитеза, теңеу, аллитерация, гипербола т.б)
мол қолданылуы бір мезгілде көрермендердің санасына ғана емес, сезіміне де
әсер етеді. Сондай – ақ, теледидардың акустика мен бейнеге қатар ие
екендігін ескерсек, хабардың көрерменді әсемдік әлемімен бірге тәрбиелік
қасиеттерге үндейтіні ақиқат.
Тележурналисте тарих, мәдениет, ғылым туралы жүйелі ой, толымды
пікір болмаса, мұның түйіні – теледидардың өз аудиториясын жоғалтуына еліп
соғады. [9] Радиолампаны ойлап табушы, американдық Ли де Форестаның
сөзімен айтсам: ... Сіздер менің балаларыма не істедіңіздер. Ол қоғамның
дамуы, әрі әсем музыка мен мәдениетті насихаттаудың өткір қаруы түрінде
ойластырылған болатын. Сіздер, оларды көшеге шығарып, тобырдан ақша жинауға
дейінгі дәрежеге дейін жеткіздіңіздер. [10] Осыған орай, бүгінде
теледидардың қоғамдық тәрбиешілік әрі ағартушылық рөліндегі маңыздылығы
баршамызды толғандырады.
Көрермен сезімінде әлдеқайда көркем фильмнің қабылдануы
кинотеатрдағыдан өзгеше. Талғамдық жағынан теледидарда көңіл – күйге әсер
етушілік кинодағыдан үстем. Ол репродукция, фильмнің ішкі құрылымын
өзгерту, көркем полотно, симфония, эстрадалық концертті қабылдау үрдісі
кезінде оны қайта жасауға тіптен құдіретті. Теледидардың комуникативтік
міндеті, оның аудиториямен тікелей қатынас кезеңінде көрерменнің түрге
деген қызығушылығын тудыратындығын осыдан байқауға болады. Олардың
кейбіреулері мыналар: телеқабылдау кезеңінде көпсериялылықтың бұлдыр сағым
түзуі; қабылдаудағы тұрақсыздығы; ұзақтығы; деректілігі; айдар тізбектің
телефильмің әсер ету тетігіне сүйенуі. Айырмашылығы, тізбек әлде айдар
тақырыбына біріккен кез келген хабарлама сюжеттік жағынан тұйық әрі шексіз
мүмкіндікке ие. Тәжірибеде телетізбек не айдардың ұзақтығы тақырыптың
мазмұнына да қатысты.
В. Вильчек, А. Вартанов, Ю. Богомолов, Р. Копылова т.б зерттеушілер,
теледидардың қайталампаздық әмбебаптығын, телехабарламаның өзіндік
эстетикалық маңызды алғы шарты деп бағалап, әрі теледидарды өнердің өзінен
бұрынғы түрлеріне мәнерлік әсерін сезінетіндігін мойындайды. [11] Шын
мәнінде, уақыт өткен сайын теледидар көпшілікпен бірте – бірте жақындасу
сатысын бастан өткеруде. Сонымен бірге экранда көрермен, шығарма және
суретшінің шынайы қатынасы іштей түсіністікке ұласып, ол өзара жымдаса
түсуде. Осының нәтижесінде теледидардағы айшық әрбіріміздің сырбаздық
сезімімізге күн сайын өзгеше бір айқындықпен әсер етуде.
Телевизионная журналистика оқулығында журналистиканың жеті түрлі
функциясын атап көрсетеді. Олар: ақпараттық функция, қарым – қатынас жасау
функциясы, тәрбиелеу функциясы, үгітшілдік, насихатшылдық, ұйымдастырушылық
функциясы, интегративтік функциясы, мәдени – ағартушылық функциясы,
рекреативтік функциясы. [12] Менің курстық жұмысымның негізгі өзегі
журналистиканың интегративтік функциясы болып табылады. Яғни,
интегративтік функцияның атқаратын қызметі адамзатқа тән құндылықтарды
адамзат баласының (адамға қатысы бар) бойына сіңіру, соның бәрінің кез
келген адамға қатысы бар дүние екенін олардың әрқайсысына ұғындыру.
Өмірдегі таңғажайып нәрселерге етене араласып одан ешкімді шет қалдырмау.
Әлбетте, әр көрерменнің талғамы әр түрлі. Интегративтік (шоғырланған,
бірлескен) функция теледидардағы хабарлардың барлық түрінде дерлік
жасалады. Публицистика, көркем өнер, спорт және тағы басқа функциялармен
тығыз байланысты. [13]
Осы жерде адамзатқа тән құндылықтар дегенге түсініктеме беріп кетсем.
Адамзатқа тән құндылықтар ол: халықтың ұлттық тілі, ұлттық мінез – құлқы,
ерекше адамгершілік қасиеттері, ауызша – жазбаша ұлағатты тәлім – тәрбиелік
мәні бар даналық өсиеттері, мақал – мәтелдері, әдеби және музыкалық
шығармалары, салт – дәстүрлері, ділі мен діні, ойындары, мерекелері,
халықтың еңбек құралдары, сәулет өнері, кәсібі, киімдері, тұрмыстық тұтыну
заттары мен құралдары, қолданбалы өнері және т.б. [14] Мысалы, сәулет
өнеріне жататын әлемнің жеті кереметі бүкіл адамзатқа тән ортақ құндылық.
Оған Мысыр пирамидалары, Вавилонның аспалы бағы, Эфес Артемидасының
ғибадатханасы, Галикарнас мавзолейі, Радос алыбы, Александрия маягі,
Олимпиядағы Зевс мүсіні жатады. Және де Тәж – Махал Ақ дидарлы кереметі мен
Ұлы Қытай қорғанын осы тізімге жатқызамыз. Аталған әрбір кереметтің өзіне
тән тарихы бар.
Мәселен, бірінші кереметтің қатарынан көрінген, Мысыр пирамидалары
туралы ғалымдарда қанша ой болса , осы бір тарихы дүниелер туралы
журналистердің зерттеген дүниелері де өте көп.
Ал елеміздегі рухани құндылықтардың дәріптелу қандай ? Әрине бұл
тұрғыдан ел үкіметінің алға қойған жеке саяси бағыты бар. Айталық
елемізде 1999 жылдан бастап қолға алынған мәдени мұраны қолдау жылдары
аясында көптеген Отандық телеарналарда бағдарламалар ашылып, төл
тарихымызға қатысты біраз дүниелер шетелдік аудиторияға көрсетіліп келеді.
Солардың қатарында спутник арқылы әлемнің бірнеше елдеріне тарайтын
Caspionet телеарнасында қазақтың тарихынан сыр шертетін бағдарламалар
бар. Айталық аптасына бірнеше рет history айдарымен тарайтын
бағдарламаларда еліміздің рухани құндылықтарды шетелге таныстыру болып
табылады. Бұл жобаларда еліміздің тарихынан ойып орын алған тұлғалармен,
құпиясын жасырған дархан даланың бетіндегі қорғандармен, ескерткіш,
мавзолейлерге қамтылған. 20-30 минуттық аталмыш телевизиялық жобадан өзге,
Fesses сынды айдардың мақсаты көрерменге тарихты сөзсіз, бейне арқылы
жеткізуді көздейді. Онда тарихи жерлермен бірге, елде болып жатқан
оқиғаларды суреттейді. Оның бір ерекшілігі видиолық қатарда ешқандай мәтін
берілмейді. Мәселен Caspionet телеарнасы арқылы 2006 жылдың желтоқсан
айының 26 жұлдызында Fesses айдары бойынша көне Тараз қаласындағы XV
ғасырға жататын шығыс моншасы тек интершум арқылы көрсетілді. Мұнда видео
арқылы көрермен тарихтан сол көне ғимаратты көріп қана қоймайды, адамдар
арасында соны зерттеуге деген қызығушылықтарын тудыруы мүмкін.
Бұдан бөлек елімізде рухани құндылықтарды сақтау мақсатында 2004
жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарындағы N 1277
жарлығына сәйкес еліміздің Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасында
рухани және бiлiм беру саласын дамыту, Қазақстан Республикасының мәдени
мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету жайлы қаулы
қабылданып ұмыт болған дүниелер жаңартылып, өшкеніміз жаңғырған еді. [17]

Мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз
әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру.
Сондай-ақ көркем және ғылыми толық кестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет
пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту
Қазақстанның мәдени мұрасының қазiргi жай-күйi сан ғасырлық
дәстүрлердi сақтау мен одан әрі дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн қолдан
келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткiштерiн
ашумен, кесенелердi, ескi мешiттердi, ежелгi кенттердi тұмшалаумен, қалпына
келтiру жөнiндегi жұмыстарды жандандырумен, олардың негiзiнде жаңа тарихи-
мәдени мұражай-қорықтардың құрумен сипатталады.
Қазақстанда қазiргi уақытта тарих, археология, сәулет және мүсiн
өнерінің жылжымайтын ескерткiштерi 25 мыңнан астам, 11 мың кiтапхана, 147
мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп
есептеледi.[18]
Тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттiк мұражайлардың,
Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдардың
тармақталған желiсi жасалды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетiнің қайталанбас ескерткiшi -
Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесi 2003 жылғы маусымда
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тiзiмiне енгiзiлдi.
Астана қаласының мәдени инфрақұрылымын жақсарту жөнiнде шаралар
қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия
театры, мұражайды, кiтапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік
мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кiтапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт
залы мен цирктің құрылысы жүргiзiлуде.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы, Мәдениет
туралы, Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан
Республикасының заңдары қабылданып, күшiне ендi.
Ішкі саясаттағы медениетті қолдауға жасалған тың қадамдар тек жүзеге
асып қана қоймай, олардың болашақта халық арасында ұмытылмай дәріптелуіне
еліміздегі БАҚ-ты қосары мол. Ол үшін басылыммен, теледидарларда арнайы
айдар немесе, бағдарламалар ашылуы маңызды. Мейлі ол деректі фильм ретінде
, немесе, жеке телевизиялық жоба болсын, өзін ақтары сөзсіз. Өйткені, ол
бағдарламалар тек танымдық бағытта ғана емес, ел жадында соның ішінде
жастар арасында патриоттық тәрбие беруде үлесі телегей теңіз.
Қазіргі таңда бала тәрбисі телевизиямен тығыз байланысты. Оған себеб сәби
кезінен бастап теледидар көріп дағдалануында. Кез келген баланың көгілдір
экраннан көргісі келетіні – әрине, мультфильм. Және бұл тұрғыдан алғанда,
қазір айтарлықтай қиындық жоқ. Тәулік бойы бір тынбайтын Nіckelodeon,
Jetіx, Fox Kіds сияқты спутниктік телеарналар отандық экрандардың бұл
тараптағы олқылығын толтырып отырғалы қашан!..
Осының салдарынан бүгінгі бүлдіршіндер өз мәдениетімен, өз
болмысымен мүлде қабыспайтын Бетман, Терминатор, Человек-Паук, Маска, Робот-
полицейский, Спайнч Боб, Сквер Пентс пен Медаботтарға еліктеп өсіп келеді.
Аты да, заты да түсініксіз осы тәрізді құбыжық бейнелердің бүлдіршін
санасын жаулағаны соншалық, перзентіңіз сіздің: Менің балам кейін
Алпамыстай асқан батыр болады! деген сөзіңізге бірден: Жоқ, мен Бетман
сияқты боламын! деген қарсылықпен жауап береді. Бұған, әрине, ол кінәлі
емес. Біз Алпамысты жыр қылып, ауызша қанша айтқаныңызбен, батырдың бейнелі
тұлғасын көзімен көрмеген, жойқын күшін, жүйрік ақылын экраннан
бақыламаған бала оған бәрібір нанбайды да, әсерленбейді де...
Қарап тұрсам, бүлдіршін біткен көз айырмай қарайтын қазіргі
мультфильмдердің дені кейіпкерлері бір-бірін аяусыз зәбірлеп, болмаса алдап-
арбап, қырып-жойып жататын кәдімгі ужас фильмдерден аумайды. Қазір
үлкендерді қойып, титтей балалардың өзінің өте агрессивті, ашушаң, қатыгез
болып бара жатқандығы көгілдір экранды жаулап алған осындай зиянды
дүниелердің кесірі екендігі күмәнсіз.
Осы ретте, баланы – жастан қолға алған қазақи, ұлттық тәрбие
қандай еді? деп еріксіз ойланамыз. Рас, біз өзіміздің қайнарымыздан қол
үзіп қалдық, тұнық бастауымыз лайланды. Ер Төстік, Тазша бала, Алдар Көсе,
Аяз би дегендер есте жоқ ескі замандардағы қараңғы халықтың еріккен
кезінде айта салған бос бір әңгімесі сияқты болды да қалды... Ал шындығына
келгенде, тарих та, мәдениет те, философия да, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр
де тура сол ауыз әдебиетінде жатыр емес пе? Қадірін білген адам болса,
мультфильмнің де, басқа фильмнің де ашылмаған кенін тап сол арадан табар
еді. Әмен Қайдаровтың осыдан қырық жыл бұрын түсірген Қарлығаштың құйрығы
неге айыр? атты мультфильмінің күні бүгінге дейін жылы қабылданатындығы да
оның халық ертегісінің негізінде түсірілгендігінен және ең бастысы, ойлы,
тағылымды дүние екендігінен болса керек. Қазақ мультфильмінің атасы
есебіндегі Әмен қария: Мультфильмнің кейіпкерлері балаларға жақсы таныс,
жандарына жақын, түсінікті болуы қажет. Және олар бүлдіршіндерді
мейірімділікке, адамгершілікке баулып, басқа да жақсы қасиеттерге үйретуі
тиіс деп есептейді. Сөйтіп, осы ең алғашқы дүниесінің өзінде-ақ түбінде
бәрібір жақсылық жамандықты жеңеді деген ойды жеткізуге тырысқандығын
айтады. [20] Аталмыш мультфильмде бірде-бір сөз жоқ екендігіне қарамастан,
барлық мағына әрекет пен іс-қимыл арқылы-ақ беріліп тұр. Сондай-ақ Нұрғиса
Тілендиевтің арнайы жазған музыкасы да мультфильм табиғатымен әдемі үйлесім
тапқан. Немесе режиссердің келесі бір мультфильмі Ақсақ құлан туралы
айтар болсам. Әмен Қайдаровтың айтуынша, оны түсіруге Шәкен Айманов та
қатысып, дикторлық мәтінді тіпті өзі оқыған! [21] Шындығында, Тілендиев те,
Айманов та – өз ісінің үлкен шеберлері, ұлы суреткерлер. Осындай адамдардың
қатысуымен дүниеге келгендіктен де аталмыш мультфильмдердің құны ешқашан
жойылмақ емес.
Бізде өзгелерге ұялмай, қайта мақтана отырып көрсете алатын және өзіміз
де сүйсініп, көре беруден жалықпайтын қандай фильм бар? дегенде, қай-
қайсымыз да бір құшақ тізімді санамалай жөнелетініміз анық. Және оңайлықпен
мүдіре қоймаймыз, өйткені, шыны керек, оларды әлдеқашан жаттап
алғанбыз.
Кино - тәрбие құралы. Қарбалас тірлік, қым-қуыт өмір ағымына
ілесіп, жас көрермен аудиториясы болатынын мүлдем естен шығарып алған
сыңайымыз бар. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Соңғы кездерде етек алып, аса
жылдам жайылып бара жатқан қоғамдық дерттің тағы бірі – айуандықпен кісі
өлтіру. Бізде сотталғандардың 33 пайызы порнаграфиялық фильмдердің
әсерінен жазаға тартылады. Ал бір ғана жердегі жердегі жазасын өтеп
жатқандардың 10 пайызы шетел киноларының әсерінен қылмысқа барғандар. Соның
көбі – жастар. Ақпарат күнделігінен естіп жүргеніміздей, жасөспірім өз
мұғалімін өлтіреді, немересі әжесін бауыздап кетеді, әкесі өз туған қызын
қорлайды... Осының бәрі қазір жиі тіркелетін қылмыс түріне айналған. Кісіні
азаптап өлтіру біздің салт-дәстүрімізге аса жат нәрсе. Тарихтағы адамды
киізге орап, омыртқасын үзіп өлтіру де қазақтың болмысынан тумаған. Ол
айуандықты өзімен бірге Шыңғысхан әкелген. Ендеше, зорлық-зомбылық,
қатігездік шетел өнімдері арқылы бойымызға сіңіп жатыр десек, жалған емес.
Осы тұста айта кету керек, өмір шындығын көрерменге жеткізуде сапасы өте
төмен шетелдік киношығармаларды жасырын жолмен тасымалдаушы
киносаудагерлердің үлесі айтарлықтай болып отыр. Естеріңізде болса, осыдан
4-5 жыл бұрын Титаник шығып, елді бір дүрліктіргені белгілі. Сол кезде
Мәскеудегі кинотеатр билеттерінің бағасы 12 долларды құрапты. Бізге шетел
өнімдерінің тоқтаусыз ағылып келіп, сатылып жатқаны, біріншіден, шетел
өніміне деген сұраныстың көптігінде жатса керек. Демек, оларға деген
тосқауылдың да қажет екенін айта кеткеніміз жөн. Ал екіншіден, заң жүзінде
белгілі мөлердегі шектеу мүлдем жоқ.
Құжат бойынша “Көшпенділер” фильміне 25 млн. доллар (іс жүзінде одан да көп
болуы мүмкін) бөлініп, қомақты қаржы есебінде түсірілген осы фильмен көп
үміт күткендей едік. Оның өзі қазақ мәдениетінен алыстау ма деп қалдық.
Мына бір мәлімет пен әртістер тізімінің өзі көп нәрсені аңғартып тұрғандай.
Көшпенділер фильмін түсіру 27– қыркүйекте аяқталды. Оны монтаждау жұмысы
Америкада жүргізіліп жатқаны белгілі. Көшпенділер фильмінде қазақ жерінде
ХVIII ғ. өткен нақты тарихи оқиғалар негіз етіп алынғаны көпшілікке
белгілі. Жоңғар батыры Шарышты – Марк Дакаскос, қазақ батыры және ақылгөйі
Ораздың рөлін Джейсон Скотт Ли, Мансұр – Абылай хан оның сыңары Ералыны
Голливуд жұлдыздары Куно Беккер мен Джей Эрнандес бейнеледі. Қалдан Церен
мен Әбілқайыр рөлін Досқан Жолжақсынов пен Тұңғышбай Жаманқұлов ойнады.
Көріп отырғанымыздай, басты рөлдің көбін шетел жұлдыздары сомдаған.
Сомдауын сомдағанмен, олар қазақи болмысты аша алды ма? Міне, гәп сонда.
“Көшпенділер” туралы көп пікір де, сын да айтылды.
Соңғы 15 жылда жарық көрген қалған фильмдердің бір тобы —
көрерменнің күллі құқығын жиыстырып қойып, өз ойын өзі қызықтап кететін
авторлық шығармалар, екінші бөлігі — халқымыздың есте жоқ ескі замандардағы
айтөбел тұлғалары, әрі кетсе азаттық үшін күресі туралы тәспірлейтін тарихи
туындылар, тағы бірсыпырасы — қазақы қалыпқа, қарапайым жұртшылыққа
жақындауға тырысқанымен, кәсіби жағынан талап биігінен көріне алмай жатқан
ала-құла жобалар. Яғни, алдыңдағы самсаған бейнетаспалардан, DVD-
дискілерден әр елдің фильмдерін салыстырып отырып: Басқаның бәрін қоя
тұрып, ең әуелі мынаны көрейінші! - дейтіндей жаңа қазақ кинолентасын
таппайсың.
Режиссерлар актер және натура таңдауда ешқандай эстетикалық
талғам көрсетпейді. Шынында да, қазақтың кейінгі жылдардағы бірде-бір
кинолентасынан көркіне көз тоятын, сымбатына жан сүйсінетін актер мен
актрисаны көре алмайсың. Бүгінгі киноға түсіп жүрген кейіпкерлердің түр-
тұлғасына қарап отырып, режиссерлер жүз адамның ішінен әдейі ең сұрықсызын
сұрыптап алған ба? деген ой келеді. Біздің киногерлер үшін әртістің сырт
келбеті ешқандай рөл ойнамайтын сияқты. Қай фильмді қарасам да, не бойы
кішкентай, не мұрны жапырайған, не көзі сығырайған, не мойны қылқиған, не
даусы шіңкілдеген, не беті табақтай, біреулер жүреді...
Кино — эстетикалық талғамды қалыптастыратын өнердің бір түрі.
Адам, әсіресе жас көрермен жақсыдан үлгі алуға, әдеміліктен әсерленуге, көз
қуантар көркемдіктен қуат алуға тырысады. Жас ұрпақ өзіне үлгі тұтар, нағыз
жігіттің және нағыз арудың идеалы санар ұлттық қаһармандарды іздесеңде
таппайсың. Орыстарда кеше Андрей Миронов пен Татьяна Друбин болса, бүгін
Михаил Пореченков пен Анастасия Заворотнюк. Америкалықтарда кеше
Майкл Дуглас пен Сандра Баллок болса, бүгін Брэд Питт пен Анжелина Джоли
бар, үнділерде кеше Амитабх Баччан мен Рекха болса, бүгін Шахрух Хан мен
Айшварья Рай бар... Әрине тұлғалы серілер мен сымбатты сұлулар қазақтан да
табылады, бірақ режиссерлердің оларды іздеп әуре болғанын байқамадым.
Сол сияқты біздің филъмдерден қазақ даласының тамаша табиғатын да
көре алмайсыз. Әйтпесе нағыз отаншылдықты оятар сезім — өз ұлтыңның керемет
сұлулығын ұғыну мен өз жеріңнің ғажайып көрікті екеніне көз жеткізу емес
пе? Оның үстіне, бізде әдейі кино түсіруге жаралғандай көркем жерлер көп
қой! Киногерлеріміз әзірге бұл жағына да аса мән беріп отырған жоқ.
Қазіргі қазақ киносында ұлттық мінез, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты
кездестіру мүмкін емес. Кейіпкерлердің көпшілігі қазақ болғанымен, олардың
іс-әрекетінен, ой-санасынан қазақылық байқалмайды. Шәкен Аймановтың
Атамекеніндегі немесе Серік Жармұхаммедовтың Өтелмеген парызындағы
ақсақалдардың әр қимылынан байқалып тұратын ұлттық мінез бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі саяси журналистика
Журналистиканың функциялары
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Жаңа идеологияның бағыттары
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Айқын газетінде сұхбат жанрының берілуі
Публицистика жанрлары
МЕДИАБІЛІМДІ АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПТЫҢ РӨЛІ
Қaзiргi қоғaмдaғы журнaлиcтiң рөлi
Пәндер