Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту


Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында облыста «Технопарк UniscienTech» ЖШС құрылды.
Технопарктің негізгі міндеті - ғылыми-техникалық саланың, инновациялық бизнес қорларын біріктіру арқылы аймақта тиімді инновациялық кеңістік құру және сол арқылы ғылыми-техникалық дамуы мен ғылымның коммерциялануына жағдай жасау болып табылады.
Клиенттердің тиімді іріктелуі мен компаниялардың жобаларын жүзеге асыруда көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін «Технопарк UniscienTech» ЖШС жобаларды бағалауды олардың әкімшілік, ғылыми-техникалық, экономикалық, академиялық және жергілікті өнеркәсіптік ортасының сарапшыларын тарту арқылы ұйымдастырады. Клиенттерді іріктеу әзірленген шарттар бойынша коммерциялауға үлкен мүмкіндігі мен болашағы бар инновациялық жобаларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі таңда облыста қаржы институттары (шағын бизнесті қолдау қорлары, несиелік серіктестіктер, микронесиелік ұйымдар, лизингтік компаниялар), шағын бизнесті қолдау орталықтары, консалтингтік фирмалар, кәсіпкерлер бірлестіктері, жергілікті атқару билігінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар ұсынған толыққанды кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы құрылған. Барлығы облыс бойынша шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымынның 165 бірлігі бар. Тек 2006 жылдың өзінде ғана инфрақұрылымынның 45 бірлігі құрылған, оның ішінде кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі Сараптамалаық кеңес - 9 бірлік, қалалар мен аудандарда шағын және орта бизнес мәселелері бойынша 10 комиссия, 7 шағын несие ұйымдары, 2 несие серіктестік, 17 консалтингтік фирма.
Қорлар, несие серіктестіктері, шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар кәсіпкерлерге қаржылай елеулі қолдау көрсетуде. Кәсіпкерлерге берілетін несиелердің едәуір бөлігін екінші деңгейлі банктер (93%), ауылдағы кәсіпкерлерге несие серіктестіктері (7%) береді.
«Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры» ҚФ және «Қарағанды лизингтік компаниясы» ЖШС кәсіпкерлерге елеулі қаржылай қолдау көрсетуде.
2006 жылы «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры» ҚФ жалпы сомасы 116, 0 млн. теңгелік 188 жобаны қаржыландырды. 2007 жылы жалпы сомасы 145, 0 млн. теңгелік 250 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр, бұл 2006 жылғы деңгейден 25% жоғары.
2006 жылы «Қарағанды лизингтік компаниясы» ЖШС 23, 0 млн. теңгеге 26 келісім-шарт жасады, 2007 жылы 23, 2 млн. теңгеге 32 келісім-шарт жасамақшы (2006 жылға қарағанда 100, 9%) .
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес 2006 жылы облыс әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерліктің мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қарастырумен айналысатын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалаық кеңес құрылады.
Сонымен қатар Салық клмитеті, Кедендік бақылау департаменті, Облыстық прокуратура мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің жанында шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалаық кеңестер құрылып, жұмыс істеуде. Аталған Сараптамалаық кеңестердің құрамына кәсіпкерлер мен бизнесмендер қоғамдық ұйымдарының басшылары кіреді.
Облыста Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді, онда әлеуметтік, кәсіпкерлерге мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандардың құрылысы үшін жер тілімдерін бөлумен және мемлекеттік сатып алулармен байланысты мәселелерді шешетін заңнамалық және нормативтік актілерге ұсыныстар мен өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер қарастырылады. 2006 жылы Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша бизнес-асоциациялар мен табиғи монополиялар субъектілерінің арасында Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнес нысандарын жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі ортақ іс әрекеттер туралы меморандумға қол қойылды.
1. 3. 5 Мемлекеттік даму институттары арқылы жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігі. Нәтижелерді бағалау
2005-2006 жылдары даму институттарының қарауына облыстың 86 жобасы ұсынылған болатын. Олардың ішінде «Қазақстанды дамыту банкі» АҚ-на - 23; «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-на - 36; «Қазақстанның инвестициялық қоры Инвестициялық компаниясы» АҚ-на - 27. Инвестициялық және Инновациялық қорлармен арадағы өзара қарым-қатынас 6 жобаның, оның ішінде 4 2006 жылы қаржыландыруды аяқтауға мүмкіндік берді. Соның ішінде:
1. «Жылу күші қондырғылары үшін экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыштар сериясын жасау» («ТММ» ЖШС) - 7, 5 млн. теңге (НИОКР) ;
2. «Еден жабуларын шығару» («Eurasiaflor» АҚ) - 414, 0 млн, теңге. Жоба еденнің коммерциялық ПВХ жабуларын шығаруды қарастырады. Аталған өнім тозуға төзімділігімен, дизайнерлік мүмкіндіктермен (тапсырыс берушінің қалауы бойынша өрнектер, логотиптер және т. б. жасауға болады) ерекшеленеді. ТМД аумағында өндіріс пен технологияның теңдесі жоқ. Дайын өнім халықаралық стандарттар бойынша сертификатталатын болады;
3. «Отандық жаңа аса тиімді антитрихозды «Антилишай» линименті құралын ветеринарлық тәжірибеге енгізу және оны өндіріске шығару (Органикалық синтез және көмір химиясы институты) » - 7, 5 млн. теңге (НИКР) . «Антилишай» линименті - ірі қара мал төлдеріндегі құрғақ теміреткінің созылмалы түрін емдеуге арналған аса тиімді отандық дәрілік өнім.
4. «Ағаш үй құрылысы мен құрастырылып желімделген білеу өндірісін ұйымдастыру» («Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» АҚ) - 1, 4
млрд. тенге. Жобада жиылмалы - қалқа үйлерді дайындау қарастырылған. Бұл үйлер «Weining» герман фирмасының автоматты жүйесінде құрастырылады.
5. «Арнайы кокс өндіру мен электр және жылу энергиясын шығару жөніндегі кешенін құру» («Қазақстан Инвест Көмір» АҚ) - 555 млн. теңге. Жобада бу турбина қондырылғыларын пайдаланып және жылу энергиясын қайта өңдей отырып, жанар газды тиімділікпен пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру үшін арнайы коксты өндіру жөніндегі қуат технологиясы кешенін салу және пайдалану қарастырылған. Мыналар өндіріс өнімдері болып табылады: арнайы кокс; электр энергиясы; жылу энергиясы.
6. «Ісікке қарсы «Арглабин» дәрі - дәрмегін өндіретін орын ұйымдастыру» («Қарағанды фармацевтік зауыты» ЖШС) -383, 4млн. тенге. Қарағанды фармацевтика зауыты шығаратын негізгі өнім - іскке қарсы «Арглабин» дәрі - дәрмегі, оның дүние жүзінде теңдесі жоқ, медицина дәрі - дәрмек тіркелімі - (№003950 от 09. 12. 99г) және ҚР өмірге қажетті дәрілік құралын ретінде енгізілген. Тек Орталық Қазақстанда ғана өсіп - өнетін жусанның түрі - «Арглабин» дәрі - дәрмегін өндіруге арналған негізгі шикізат болып табылады. Болашақта бұл дәрі - дәрмекпен сүт жолдары рагын, өкпені, бауырды кешенді түрде емдеу болжамдалуда, сонымен қатар тек ісікке қарсы ғана емес, сол сияқты бұл дәрінің қабынған ауруларға қарсы, жұқпалы дерттің мөлшерін анықтайтын, адам әлеуетін арттыратын қаситі және әсері бар. Бұл дәрі - дәрмекті өндіру Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының GMP халықаралық стандартына сәйкес келеді.
Даму институттары 72 жобадан бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері: одан әрі коммерциялану мүмкіндігінің болмауы; күн талабына сай келмеуі; техникалық шешім дәрежесінің жетіспеушілігі; қаржылық инвестиция саясатына сәйкес келмеуі және т. б.
Жобаларды іске асырудың төмен болуы өтініш берушілер тарапынан аз пысықталуын, сонымен қатар институт менеджерлерінің ұзақ мерзімде қарауын білдіреді. Соның нәтижесінде жобалардың кейбір авторлары қаржыландырудың балама көздерін іздестіреді. Бұдан басқа, жобаларды жарты жылдан артық қарастырған Қордың Республикалық бюджет тарапынан жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты Инвестициялық қор олардан бас тартты.
Осыны ескере отырып, қолда бар әлеуетті тиімді пайдалану және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қарағанды облысы әкімдігі мен «ФУР «Қазына» АҚ арасында 2007 жылдың 20 қаңтарында өзара түсіністік пен өзара қарым - қатынас туралы Меморандум бекітілді.
Бүгінгі күні даму институттарында 10 инвестициялық жобалар қаралуда. Соның ішінде «Шойын өндірісін құру» жобасы қолдау тапты және оны Инновациялық қор қаржыландырады.
- 1. 4. Қорытынды
Өнеркәсіп
Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі барлық сала кәсіпорындарын тұрақты дамытумен баиланысты. Бүгінгі күні өнеркәсіптің динамикалық дамуы туралы айта аламыз.
Экспортқа бейімделген және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін жаңа өндірістерді енгізу есебінен өнеркәсіптегі көрсеткіштердің сапалы өсімі қамтамасыз етілген. Өнеркөсіпте соңғы өнім наменклатурасын кеңейтуге арналған бағыт анықталған, бұл аймақ кәсіпорындарының нарықта тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады.
Егер біз бәсекеге қабілетті өнім өндіре отырып сыртқы нарыққа шығамыз десек, онда кәсіпорындардың техникалық жарақтануын жаңартып, жаңа тиымді технологияларды енгізуіміз қажет.
Бұл бағытта бізде бүгінгі күннің өзінде көптеген істер атқарылуда. Біздің кәсіорындар бүгінгі күні ресурс сақтаушы технологияларды енгізе бастады, бұл даиын өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.
Сонымен қатар шикізат базасы дамуда. Көмір, темір, марганец, мырыш, және басқа жалпы таралған пайдалы қазба өндірудің көлемі артуда.
Облыстың дамуы тау - кен, машина жасау кешенінің, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс индустриясының одан арғы дамуымен болжамдалған. Бұған негізінен тұрып қалған кәсіпорындарды жөндеу есебінен қол жеткізуге болады, жаңа импорт алмастырушы өндірісін іске қосу, ISO сериялы халықаралық сапа стандартын енгізу.
Жалпы алғанды, облыстың экономикалық жағдайының болашағын кәсіпорын тұрақты жұмысы мен олардың инвестициялық жобаларды, жаңа технологияларды енгізу анықтайды.
Аймақтың инвестициялық әлеуетін дамытуда аймақта инвестицияның қызметін белсенділігі мен аймақтық инвестиция тартымдылығын арттыру сипатының оң тенденциясы басым бағытта.
Жалпы алғанда облыстың инвестицилық тартымдылығы дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылымда бай шикізат басзасында, тиімді экономикалық - географиялық орналасуында, қолда бар дербес ғылыми - техникадан көрінеді. Түрлі инвестициялық және қаржы институттарының ең алдымен металлургия және тау - кен өнеркәсібі сиқты салаларын тартатынын атап өтуіміз керек.
Бүгінгі күні облыста отандық және шетелдік инвестрлар қызмет етеді, олар үшін тең жағдай жасалған.
Кіші бизнес
Аймақ экономикасының тұрақты даму динамикасына қол жеткізу көп жағдайда тиісті бизнес ауа - райын құруға да байланысты.
Бизнестің аймақ экономикасында нақты алатын орны бар, кәсіпкерлікті қорғаудың аймақтық инфрақұрылымы құрылды, нарықтық қатынастың бірізді және тиімді түрде қалыптасуын қамтамасыз етті.
Бүгінде облыс кәсіпкерлері заң шығару жұмыстарына қатысу арқылы өз ұстанымдарын бірлесіп айқындауға мүмкіндік алды. Оған Сараптама кеңесін құру арқылы қол жеткізілді.
Бұдан басқа, кәсіпкерлер кәсіпкерлікті дамыту кедергілерін жою жөніндегі жоспарлы және мақсатты іс - шараларын қолдану үшін мемлекеттік органдарға нұсқау қабылдау жөніндегі түрлі комиссия жұмыстарына белсенді түрде қатысуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz