Оңтүстік Қазақстан аумағы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстан аумағы
2. Салалы өңір аумағы
3. Шымкент . Қаратау өнеркәсіп ауданы
4. Қызылорда . Арал мұнай.өнеркәсіп ауданы
5. Аралдың Қазақстандық ғана емес, халықаралық проблемаға айналуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Республиканың бұл экономикалық ауданыөз құрамына Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік- Қазақстан облыстары енеді. Аймақ жерінің көлемі 488 мың шаршы км тең, халықтың саны 3727 мың адам, оның 49%-ы қала тұрғындары. Аймақтың жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 2433 км ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы – 12700 км.
Бұл өңірде түсті металлургия, химия және мұнай өңдейтін өнеркәсіптер, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Атап айтқанда, осы салалардың кәсіпорындары бұл жақтың шаруашылық келбетін анықтайды.
Республиканың оңтүстігінде Қазақстанның халық шаруашылығының негізгі қорының 10% дейіні шоғырланған. Бұл ауданның республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі – сыбағалы үлесі 8% жуық, ауыл шаруашылық өнімінде - 15%. Оңтүстік – Қазақстан экономикалық ауданы республикадағы халық тұтынатын товардың 14% өндіріп, товар айналымының 10% дейін қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ 7% астамын өндіріліп, еңбек қорының 21% дейін шоғырландырған.
Оңтүстік Қазақстанның ерекше өзгешелігі бұл өңірде екі топ өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етті. Бірінші топқа минералды шикізаттарды шығару және өңдеу негізінде пайда болған түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия және цемент өнеркәсіптерінің кәсіпорындары енеді. Екінші топқа ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу негізінде қалыптасқан жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұл өңірде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуына мүлде қолайлы жағдайлар бар. Аймақтың табиғи және ауа райы қолайлылығы, еңбек қорының жеткіліктігі. Мұнда Республиканың солтүстік және шығыс аудандарында мол сұраныс бар. Еңбекті көп қажет ететін ауыл шаруашылық дақылдардың көп түрлерін өсіруге мүмкіндік туызады. Мақта, күріш, көкөніс және жеміс өндіруді молайту жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін берік шикізаттар базасын құрады.
Оңтүстік Қазақстанның жерінде Қаратау – Жамбыл ТӨК және екі өнеркәсіп аудандары қалыптасқан.
1. Шымкент – Қаратау өнеркәсіп ауданы жан – жақты мамандануымен сипатталынады. Бұл ауданда полиметалл кендерін шығаратын және байытатын ірі орталықтар – Кентау, Ащысай, Мырғалымсай. Осы полиметалдық және Текелі қорғасын-мырыш комбинаты негізінде ТМД елдеріндегі ең ірі Шымкент қорғасын заводы жұмыс істейді. Кентау экскаватор және трансформатор заводтары, Шымкент «Электр аппарат» заводы және «Манкентживмаш» ӨБ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері.
Мұнда химия өнеркәсібі де дамыған, бұл саланың ірі ӨБ «Фосфор» және «Шымкентшина». Гидролиз (тұздарды химиялық жолмен судан ажырату) және дәрі – дәрмек заводтары «Казформбиопром» концерні біріккен. Мұнай өңдейтін салада, салынғанында Батыс Сібір мұнайына бағытталған, Шымкент МӨЗ негізінде дамыған. Қазіргі кезде мұнайды оңтүстік – батыс ауданнан және Құмкөл мұнайгаз кен орнынан тасу жобасы талқыланып және жасалып жатыр. Шымкентте және Сазтөбеде республика цементінің елейлі көлемін өндіретін цемент заводтары жұмыс істейді.
1. Нұрғалиев Қ. Р. «Қазақстан Экономикасы»; Алматы «Қазақ университеті» 1999 ж.

2. Сайлыбаев Б. «Қазақстан экономикасы» //Қызылорда «Қорқыт-ата университеті» - 2006 ж.

3. Досмағамбетов С. «Қазақстан экономикасы» //Орталық Қазақстан -2006 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстан аумағы
2. Салалы өңір аумағы
3. Шымкент – Қаратау өнеркәсіп ауданы
4. Қызылорда – Арал мұнай-өнеркәсіп ауданы
5. Аралдың Қазақстандық ғана емес, халықаралық проблемаға
айналуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Республиканың бұл экономикалық ауданыөз құрамына Жамбыл, Қызылорда
және Оңтүстік- Қазақстан облыстары енеді. Аймақ жерінің көлемі 488 мың
шаршы км тең, халықтың саны 3727 мың адам, оның 49%-ы қала тұрғындары.
Аймақтың жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 2433 км ал асфальт төселген
автомобиль жолының ұзындығы – 12700 км.
Бұл өңірде түсті металлургия, химия және мұнай өңдейтін өнеркәсіптер,
машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Атап айтқанда, осы
салалардың кәсіпорындары бұл жақтың шаруашылық келбетін анықтайды.
Республиканың оңтүстігінде Қазақстанның халық шаруашылығының негізгі
қорының 10% дейіні шоғырланған. Бұл ауданның республика өнеркәсібінің жалпы
өніміндегі – сыбағалы үлесі 8% жуық, ауыл шаруашылық өнімінде - 15%.
Оңтүстік – Қазақстан экономикалық ауданы республикадағы халық тұтынатын
товардың 14% өндіріп, товар айналымының 10% дейін қамтамасыз етеді. Мұнда
Қазақстанның ЖІӨ 7% астамын өндіріліп, еңбек қорының 21% дейін
шоғырландырған.
Оңтүстік Қазақстанның ерекше өзгешелігі бұл өңірде екі топ өнеркәсіп
салаларының дамуына әсер етті. Бірінші топқа минералды шикізаттарды шығару
және өңдеу негізінде пайда болған түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия
және цемент өнеркәсіптерінің кәсіпорындары енеді. Екінші топқа ауыл
шаруашылық шикізаттарын өңдеу негізінде қалыптасқан жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері жатады. Бұл өңірде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуына
мүлде қолайлы жағдайлар бар. Аймақтың табиғи және ауа райы қолайлылығы,
еңбек қорының жеткіліктігі. Мұнда Республиканың солтүстік және шығыс
аудандарында мол сұраныс бар. Еңбекті көп қажет ететін ауыл шаруашылық
дақылдардың көп түрлерін өсіруге мүмкіндік туызады. Мақта, күріш, көкөніс
және жеміс өндіруді молайту жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін
берік шикізаттар базасын құрады.
Оңтүстік Қазақстанның жерінде Қаратау – Жамбыл ТӨК және екі өнеркәсіп
аудандары қалыптасқан.
1. Шымкент – Қаратау өнеркәсіп ауданы жан – жақты мамандануымен
сипатталынады. Бұл ауданда полиметалл кендерін шығаратын және байытатын ірі
орталықтар – Кентау, Ащысай, Мырғалымсай. Осы полиметалдық және Текелі
қорғасын-мырыш комбинаты негізінде ТМД елдеріндегі ең ірі Шымкент қорғасын
заводы жұмыс істейді. Кентау экскаватор және трансформатор заводтары,
Шымкент Электр аппарат заводы және Манкентживмаш ӨБ машина жасау
кәсіпорындарының өкілдері.
Мұнда химия өнеркәсібі де дамыған, бұл саланың ірі ӨБ Фосфор және
Шымкентшина. Гидролиз (тұздарды химиялық жолмен судан ажырату) және дәрі
– дәрмек заводтары Казформбиопром концерні біріккен. Мұнай өңдейтін
салада, салынғанында Батыс Сібір мұнайына бағытталған, Шымкент МӨЗ
негізінде дамыған. Қазіргі кезде мұнайды оңтүстік – батыс ауданнан және
Құмкөл мұнайгаз кен орнынан тасу жобасы талқыланып және жасалып жатыр.
Шымкентте және Сазтөбеде республика цементінің елейлі көлемін өндіретін
цемент заводтары жұмыс істейді.
Аудандардың дамуына жеңіл және тамақ өнеркәсіптері де маңызды әсер
етеді.Мұнда Каззаготхлопкопром ӨБ енетін мақта тазалайтын кәсіпорындары,
Қаракөл ҒӨБ сияқты қаракөл өндірісі де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібінің
жеміс, ет т. б. өңдейтін салалары кеңінен дамыған.
2. Қызылорда Арал ауданы мұнда соңғы жылдары мұнай шығаратын
өнеркәсіп даму алуда. Құмкөл мұнайгаз кен орнында 1990 ж. өндірістік мұнай
шығару басталып, Южказнефтгаз ӨБ құрылды. Қызылордада Строй – материал
ӨБ істейді, ал Арал қаласы жалпы республикалық маңызы бар Аралпром ӨБ
және Аралсоль комбинаты сияқты тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары
жұмыс істейді.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің дамуына қазіргі кезде негізінде Орта Азия
энерго жүйесінен алынатын электроэнергияның тапшылығы кедергі болуда.
Жобаланған ірі Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-ін және облыс орталықтарында бірнеше
шағын ТЭЦ салу қаражат тапшылығынан іс жүзінде тоқтап қалды. Осы себептен
айтылған санкцияларды және дәстүрлік емес энергия көздерін пайдалану
негізінде ауылдарда шағын электр станциялар салуға инвестициялар іздеу
мәселесі қолға алынды.
Арал теңізінің тақырға айналу трагедиясы бүгінде Қазақстанның ғана
емес, әлемнің проблемасына айналып отырғаны рас. Су жағалаудан алыстай
бастағаннан-ақ қол ұшын созған дүниежүзілік қорлар мен қаржылық ұйымдардың
қамқор пейілмен Қызылорда табалдырығынан аттамағаны кемде-кем. Дегенмен
апат аймағы деген адам қорқатын атақты иеленген “тұз тозағы” табиғаты түп-
тамырымен жұлынбапты.
Өткен жылдан бері Арал ауданына келіп, ғылыми негіздегі өз бастамаларын
ұсынып жүрген германиялықтар әрекетінен жаһандық тақсыретті тек теңіз жұрты
тартпаса деген ниетті аңғарғандайсың. Шетелдіктердің жобасы Орталық
Азиядағы Арал теңізінің құрғаған ұлтанын қалпына келтіру деп аталады. Құны
1 млн АҚШ долларына бағаланған Бағдарламаның экологиялық ахуалды
сауықтырудағы маңызы зор.
Облысқа арнайы келген техникалық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамының
сарапшысы, доктор Кристоффер Вебер аймақ басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедпен
кездесіп, Арал теңізі табаны табиғатына жасалатын тәжірибе барысы
тиянақталды. Жоба аясында 6,5 мың гектарды құрайтын орман шаруашылығы
жұмыстары атқарылуы керек. Бірақ қаржылық мәселенің қиындығына байланысты
сексеуіл ағашын егу 1000 га, питомник 30 га жерге ғана отырғызылған.
Екі жақты әңгімеде теңіз тағдыры үшін жобаның үлесі мол екені айтылды.
Арал теңізі трагедиясы әлемдік азаға айналғаны қашан. Ару айдынды апатты
аймаққа, толқынды адамзат өз қолымен тақырға айналдырғалы Арал ананың
азабын жағадағы халық тартудайын тартты. Тәуелсіздік алғаннан соң ғана
теңіздің тамшыға айналу тәжірибесі жоққа шығарылып, қоңсы қонған
мемлекеттер тарапынан оны жандандыруға көңіл бөліне бастап еді. 1994 жылы
Қарақалпақстанда бас қосқан Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және
Тәжікстан мемлекеттері басшылары Нүкіс декларациясына қол қойғаны белгілі.
Сол кезде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Даму банкінен
қаржыландырылатын жобалар тізіміне Қызылорда облысының экологиясын
сауықтыруға тікелей әсер ететін бағдарламаларды енгізген-тін. Міне, сөнуге
айналған үміттер жанып, теңіз тірілгендей елдің көз жасын көргеніміз естен
кетпейді.
Аталған келісім негізінде қыруар жұмыстар жасалды. Мемлекет басшысының
тікелей басшылығымен Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік
бөлігін сақтап қалу жобасы өмірге келіп, жұмыстардың сметалық құны 85,79
миллион АҚШ долларына бағаланды. Оның 64,5 миллионы Дүниежүзілік банктен,
21,29 миллионы республикалық бюджеттен бөлінетін болып шешілді. Қамтылуға
тиіс нысандарға Арал теңізіндегі Көкарал бөгеті, Ақлақ су тоспасы, Әйтек су
құрылғысы, Қызылорда және Қазалы тораптарын жөндеу, дария арнасын ретке
келтіру секілді құрылыстар қарастырылды. Өңірімізде осы салаға қатысты
мұнан да ауқымды жоспарлар болған. Дегенмен жүйелі түрде жобаның бірінші
кезеңін жеріне жеткізіп алу қажет болды. Бүгінде бірінші бағыт бітуге таяу.
Тек Ақлақ су торабы ғана техникалық себептеріне байланысты биыл бітуге
тиіс.
– Айтары бар ма, теңіз жұрты кешегі тоқырау кезеңіне тап келіп, оның үстіне
Арал суалып, шаруасы шатқаяқтап кетті, – деді теңіз жағасындағы Қаратерең
ауылының әкімі Құдабай Жиенбаев. – Ауа азып, шөпті шегіртке жеп,
экологиялық апат аймағы деген атауға ауыз бармайтын жерде іргесі
сөгілмеген ел қалды. Орнында бар оңалар деген. Елбасының қамқорлығымен
салынып жатқан осы ауыл тұсындағы көлдер мен каналдарды реттеп отыратын
Ақлақ су торабы қисапсыз пайда әкелмекші. Алдағы уақытта облыс әкімі Мұхтар
Құл-Мұхаммедтің айтуынша, осы нысанда Арал және Қазалы аудандарын электр
энергиясымен қамтамасыз ететін гидростанса салынады. Көкарал бөгеті теңіз
жағасын аудан орталығына жуықтатып, енді ауыл-аймақ балығын аулап,
нәпақасын тауып отыр. Осыған шүкір дейміз.
Мамандардың есебінше, Арал қаласынан 120 шақырымға алыстап кеткен теңіз
қазір қаладан 40 шақырым жерде толқын ұрып жатыр. Судың деңгейі Балтық
теңізімен өлшегенде 38 метр көтеріліп, 42 метрге жуықтапты. Солтүстік
Аралдың аумағы 2414 шаршы шақырымнан 3288-ге көбейіп, 6660 гектар су
қоймасы пайда болды. Тұздылығы 23 гл-дан 17 гл-ға кеміді. Атқарылған
қыруар жұмыстың нәтижесінде ауланған балық мөлшері 0,4 мың тонна болса, 1,6
мың тоннаға артты.
Енді САРАТС-тың екінші кезеңіне дайындық басталып кетті. Жуырдағы
Дүниежүзілік банк өкілдерінің облысқа сапарында алда атқарылар шаралар
пысықталды. Біздің мамандар Сырдария жағалауына 500 шақырымдық қорғаныс
бөгеттерін орнату, Ақлақ ГЭС-і, өзенге көпірлер салу, тағы да басқа
мәселелерді меймандар алдына қойды.
Жобаланған жұмысты жалғастыруға үлес қосуға ниет білдірген шетелдік
қонақтар жақында ғана Арал ауданына келді. Екінші кезеңді үйлестірушілер
Аркадис компаниясының жоба менеджері нидерландтық Йохан Якоб, англиялық
Якобс компаниясының су құрылысы жөніндегі инженері Лоуренс Аттевил, Су
ресурстары комитетінің бас кеңесшісі С.Смаилов теңіздегі салынған нысандар
мен болашақта бой көтеретін құрылыстардың жерін зерделеді. Арал ауданының
әкімі Нәжмадин Мұсабаев:
– Аталған компаниялар өкілдері САРАТС жобасының екінші кезеңінің техникалық-
экономикалық негіздемесін жасауға 1 миллион АҚШ доллары шамасында грантын
ұтып алған. Меймандардың мәлімдеуінше, Ақлақ гидростансасы, Райым бөгеті
бой көтеріп, Көкарал бөгетіне қосымша теңіздің Үшшоқы деген жеріне 9
шақырымдық бөгет салынады. Сонда барып Сырдариядан төмен шапшыған су арынын
екінші бөгет тосып алып, сеп болып, ақбас толқын аудан орталығына барынша
жақындайды. Бұл жаңалық аудан ғана емес, жалпы, облысымыз үшін үлкен қуаныш
болып отыр, – деді.
Жобаның екінші кезеңінің құны 120 миллион долларды құрайды. Ал басталу және
біту мерзімі 2008-2010 жылдарды қамтиды. Қазір 42 метрге көтерілген теңіз
бағдарлама толық тәмамдалғанда тағы да 4 метрге үстемеленеді. Ел Президенті
екі жыл бұрын Арал ауданында халықпен кездесуінде Арманым Аралды сауықтыру
еді. Оған да жеттім деген-ді.
Қорытып айтқанда, кезінде дүние жүзіндегі ең үлкен төрт тұйық көлдің бірі
саналатын Арал теңізі сол шақтағы 66 458 шаршы шақырым көлемге жете қоймаса
да, топыраққа айналған толқынды өсіреміз деген ниет адал да алып.
Кіші Арал толқыны Тұранға төселетін күн де мүмкін, алыс емес шығар...
Оқиғалары сан ғасырға бергісіз тәуелсіздігіміздің 15 жылдай уақыт
аралығында Қазақстан халқы Президенттің бастауымен небір қиын сынақтардан,
сындарлы сәттерден өтті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құрылды, қуатты
өкімет билігіне ие болдық, экономиканы реформалау негізінен аяқталды. Осы
кезеңде Қызылорда облысында да саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-
мәдени салаларды дамытуда оң өзгерістер жүзеге асып, бірқатар жетістіктерге
қол жеткіздік. Президенттің 2004 жылғы Жолдауындағы тапсырмасы арқасында
қызылордалықтар алғаш рет мұнайлы аймақта өмір сүрудің артықшылықтарын
сезінуде. Өткен жылдың басынан облыс орталығының тұрғындары арзан газды
пайдалана бастады. Қызылорда қаласының барлық жылу көздері газға көшірілді.
Жылына 240 млн. текше метр құрғақ және 105 мың тонна сұйытылған газ
шығаратын газ өңдеу зауыты, қуаты 50 мегаватт электр энергиясы және 90
гкал. жылу өндіретін газ-турбиналық электр стансасы салынып, пайдалануға
берілді.
Денсаулық сақтау саласын дамытуға байланысты былтырдан бастап медициналық
нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеу
жөнінде 2005-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылдадық. Өткен
жылы осы бағдарламаға сәйкес 132 денсаулық сақтау объектісіне күрделі
жөндеу жүргізіліп, медициналық құралдармен жабдықталды. Қармақшы және
Сырдария аудандарында туберкулезге қарсы күресу ауруханалары, Жосалы
кентінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптау лабораториясы салынып,
пайдалануға берілді. Қараөзек және Аққыр ауылдарында аурухана ашылды.
Биылғы жылы 10 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы жүргізілуде.

Спортты дамыту бағытында да бірқатар жетістіктеріміз бар. Екі балалар және
жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жалағаш кентінде мәдени-спорт кешенінің
құрылысы аяқталып, тұрғындар оның игілігін көруде. Өткен жылы әлемдік
жарыстарда жеңімпаз атанған спортшыларға лайықты құрмет көрсетілді. Ауыр
атлетикадан әлем чемпионы болған Илья Ильин “Жылдың ең үздік спортшысы” деп
танылды. Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола жүлде алған Ермек
Көкетовке облыс әкімінің 2006 жылғы стипендиясы тағайындалды. Биылғы жылы
ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Илья Ильин тағы да
алтыннан алқа тақса, Қуаныш Рахатов пен Роман Русяновский қола жүлдегерлер
атанды. Ал жуырда ғана Санта-Домингода өткен ауыр атлетикадан ересектердің
біріншілігінде Илья Ильин тағы да әлем чемпионы болды.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша өткен жылы ресупбликалық бюджеттен
1330,75 миллион теңге қаржы бөлініп, Қызылорда қаласында 128 пәтерлік, 70
пәтерлік ипотекалық және екі 60 пәтерлік коммуналдық үйлер пайдалануға
берілді. Облыстық бюджеттің есебінен ауылдық жерлерде жас мамандарға арнап
283 тұрғын үй салынды. Биылғы жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй
құрылысы үшін 712,5 млн. теңге бөлінді. Осы орайда, үстіміздегі жылы
Қызылорда қаласында 3 коммуналдық, 5 ипотекалық көп қабатты тұрғын үйлер
пайдалануға берілді. Қазір қалада тұрғын үйлердің құрылысы одан әрі
жалғастырылуда.
Соңғы жылдары мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде облыстың ауылшаруашылығы
саласында түбегейлі өзгерістер, жақсы нәтижелер бар. Облыста жылына орта
есеппен 145-150 мың гектар көлемінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге қол
жетті. Биылғы жылы диқандар егілген 72,1 мың гектар күріштің әр гектарынан
42,9 центнерден өнім жинап, 310 мың тоннадан астам Сыр маржанын өндірді.
Ауылшаруашылық саласына отандық инвесторлар көптеп тартылып, соның
нәтижесінде соңғы жылдары 15 млрд. теңгенің үстінде инвестиция енгізілді.
Облыстың ауылшаруашылық паркін жаңа техникалармен жарақтандырудың
нәтижесінде ол 26 пайызға жаңарды. Біз соңғы кездерде мал шаруашылығын
асылдандыруға ерекше назар аудардық. Мәселен, өткен жылдарда 12 асыл
тұқымды мал шаруашылығы болса, ол 2005 жылы 20-ға жеткізілді. Ал
үстіміздегі жылы 2 асыл тұқымды шаруашылық ұйымдастырылуда.
Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған “Сырдария өзенінің арнасын реттеу
және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу” жобасының біздің Сыр елі
үшін өмірлік маңызы бар.
Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсартудың негізі болатын тарихи
құрылыс- “Көкарал” бөгетін салу өткен жылдың тамызында аяқталып, қазір де
Кіші Аралдағы су деңгейі екі метрге көтеріліп, оның теңіздегі көлемі
бұрынғы 11 милиардтан 25 миллиард текше метрге дейін көбейді. Осы орайда,
бүгінде су Арал қаласына 20 шақырымдай жақындап тұр. Қазіргі уақытта суға
толған Кіші Арал ел игілігіне пайдаланылуда. Сонымен бірге аталған жобаның
екінші кезеңі бойынша Қаратереңде электр стансасы бар “Ақлақ” су тоспасы
мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың жұмыстары жүргізіледі. Биылғы
жылдың өзінде ғана теңізден 2,3 мың тонна балық ауланды. Бұл өткен
жылдармен салыстырғанда үлкен көрсеткіш, үлкен жетістік. Қазіргі уақытта
Арал теңізінде балық шаруашылығын дамытуға отандық инвесторлар мүдделілік
таныта бастады.
Алдымызда құрылысы өткен жылы басталған “Қараөзек” су торабын биылғы жылдың
қарашасында салуды аяқтау, “Сырдарияның арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтап қалу” жобасының екінші кезеңіне дайындық
жұмыстарын жүргізу міндеттері тұр.
Соңғы жылдары мәдениет саласын қаржыландыру жылдан-жылға жақсара түсуде.
Бұл салаға 2004 жылы 502 млн. 919 мың теңге, 2005 жылы 1 миллиард 83,7 млн.
тең­ге, 2006 жылы 724 млн. 927 мың теңге бөлінді.
“Мәдени мұра” облыстық бағдарламасына сәйкес облыс аумағындағы
республи­калық, облыстық дәрежедегі бірқатар ескерткіштер қалпына
келтірілді. Аралдың құрғаған табанынан 2001 жылы табылған Кердері кесенесін
зерттеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Асанас қаласының орнына
археологиялық ғылыми барлау жасалып, Сыр бойындағы ежелгі және ортағасырлық
Шірік-Рабат, Сығанақ қалаларына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Қорқыт Ата ескерткіш-кешені абаттандырылды. Жаңадан “Ақмешіт” мұражайы
ашылып, оның ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.
Осыдан бірқатар жылдар бұрын Елбасының тікелей бастамасымен “Сырдария өзені
арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру” бағдарламасының
қолға алынғаны белгілі. Кезінде бұл жобаны жүзеге асыру үшін Бүкіләлемдік
банк пен Қазақстан Үкіметі 87,5 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаржы жұмсаған
еді. Соның арқасында алдыңғы жылдың күзінде көпшіліктің көптен күткен
кенерелі жеңісі – Көкарал бөгетін қайта салып шығуға қол жетті. Бас
мердігер ретінде құрылысын Ресейдің “Зарубежводстрой” компаниясы жүргізген
ұзындығы 13,5 шақырымға жететін бұл толағай тоғанның ортасында кенет
көбейіп кететін артық суларды ұлы теңізге қарай тастап тұратын бес қақпалы
плотина орналасты. Міне, содан бергі өткен бар-жоғы екі жылдай ғана мерзім
аталмыш бөгесіннің өңіріміз үшін шын мәнінде де өмірлік маңызы болатынын
байқатып берді. Осы уақыт аралығында Солтүстік Арал теңізінің аумағы 1,5
есеге дейін ұлғайып шыға келді. Сол ауқымда жиналған судың шамасы 25
миллиард текше метрге жетті. Теңіздің бұл бөлігі бір жылға жетпей-ақ Балтық
жүйесі бойынша 42 метрлік деңгейге көтеріліп, айдын терістікке қарай 80-90
шақырым жылжыды.
Қазіргі күндері теңіздің жағалауы Арал қаласына бар-жоғы 25 шақырым ғана
жетпей тұр. Сұрапыл судың көп болғаны сонша, су мамандары бөгеттің тасқынға
төзе алмай, бұзылып кету қаупінен қорқып, плотинаның бірер қақпасын ашуға
мәжбүр болды. Кіші теңізде тұщы судың көбейе түсуі мұнда балық аулаудың
артуына мүмкіндік берді. Былтыр дарияның құярлығы мен теңізден 200 тоннадай
балық ауланса, биылғы жылдың 9 айында ол 2 000 тоннаға жеткен. Облыс
басшылығы әлгіндегі “САРАТС” бағдарламасының екінші кезеңі 2008 жылы
басталатынын айтып отыр.
Көкірегімізге нұр құя түсетін тағы бір жағдай, былтырғы жылғы сәуір айының
соңында Нұрсұлтан Назарбаев облысымызда арнайы болғанында сол сапарын
біздің Арал аймағынан бастап, осындағы “Арал-Сарбұлақ” су құбырын өз
қолымен қосып беріп кетіп еді. Мемлекет басшысының сол жолы аялы алақанынан
алғаш арқырап төгілген судың саялы болғаны соншалық, жылға жетпейтін
уақыттың ішінде бүкіл Арал қаласының халқы сапалы ауыз суға қол жеткізді.
Ал Көкарал бөгетінің еңселі еліміздің ертеңі үшін есепсіз қызмет жасай
беретініне, оның тек Арал аймағына ғана емес, бізбен жапсарлас жатқан жапан
жазықтардың барлығының экологиялық ахуалын жақсарта түсетініне иманымыз
кәміл.
Ерлан БИСЕНБАЕВ, Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
Қашаннан ақ күріштің отаны ретінде жұрт аузында жүрген Сыр бойында
Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығы тойланғалы тұрған биылғы жылы да дақылдың бұл
түрінен бітік егін өсіріліп, белгіленген мерзім ішінде жинап алынды. Облыс
бойынша өткен жылғыдан 4 мың гектардай артық егілген күріштің көлемі биыл
71,1 мың гектарға жетті. Осының өзі бұл дақыл егісі көлемінің кеңес
заманындағы негізгі деңгейіне жеткенін білдіреді.
Енді өз ауданымыздың жайына келсек, егіншілеріміз биыл қатарынан екінші жыл
күріш егіп, одан мол өнім алу бойынша облыста бірінші орынға шықты. Ауданда
өткен жылмен салыстырғанда, экономикалық өсу деңгейі 108,5 пайызға
көтерілді. Соның ішінде егін шаруашылығының алатын үлес салмағы 109,5
пайызды құрады. Сол сияқты 815 миллион теңгеге инвестиция тартылды.
Диқандарымыз 10 590 гектар алқапқа еккен күріштің әр гектарынан 50,1
центнерден алтын астық алып, көрнекті көрсеткіштің көгенін тарқатты.
Осындай толайым табыстарға қол жеткізген ауданымызда облыстық көште топ
жарған тарландар көп. Жақында облыс орталығында болып өткен “Алтын дән”
сабантойының соңын ала сондай ырыздық тасыған мерекені өзіміздің ауданда да
жоғары серпінмен өткізуімізге осы жағдай негізгі себеп болды. Сол жасампаз
жиында 2 520 гектар жерге күріш егіп, оның гектарынан 55,1 центнерден түсім
түсірген “Жаңажол” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (төрағасы
Қылышбек Әбішев) егіншілері бас жүлдені еншіледі. Келесі орындар
“Тұрмағамбет” және “Алтын дән ПВО” серіктестіктеріне бұйырды. Бригадалар
арасында да жаңажолдықтар мерейі үстем болды. Мұндағы Серікбай Пірманов
басқаратын ұжым 520 гектар жердің айналымынан 61,1 центнерден маржан дән
жинады.
Соңғы жиырма жылдан бері еліміздегі мұнайлы өлкелердің біріне айналып келе
жатқан Қызылорда облысында үстіміздегі жылы бұрын-соңды қол жетпеген
мөлшерде “қара маржан” теңізі тасытылып жатыр. Қазіргі күндері Құмкөл
даласында ашылып жатқан жаңа кен орындары бұл көлемнің келешекте те арта
түсетініне дәлел. Тек биылғы жылдың үшінші тоқсанының өзінде ғана бұл
атыраптан 6 барлау ұңғымалары қазылса, соның тең жартысы Қызылқия кенішінің
еншісіне тиеді. Үшінші тоқсанда “ПетроҚазақстан Инк.” компаниясы бойынша
өндірілген мұнайдың ауқымы 13,619 млн. баррельді, яғни 1,758 млн. тонна
құрады.
Үстіміздегі жылғы 15 маусымда Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” акционерлік қоғамының ілеспе
газды сүзгіден өткізу жөніндегі бағдарламасын бекітіп берген еді.
Бағдарлама 5 түрлі жобаны қамтиды.
Құмкөлдің газын Ақшабұлаққа жеткізіп, одан әрі Қызылордаға тасымалдау
жөніндегі жоба 2008 жылы іске қосылады. Биылғы үшінші тоқсанда осы
бағдарлама шеңберіндегі құрылыс нысандары үшін қажетті жабдық-жарақтарды
сатып алып, жеткізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Осы аралықта
Қызылқия-Арысқұм-Майбұлақ кен орындары тобындағы газды сүзгіден өткізу
жөніндегі жобаның инженерлік-техникалық жобалауларын нақтылы дайындау
бойынша да жұмыстар жүргізілді.
“Автомобиль көлігі туралы” Заңда ауданаралық және қалалық бағыттарда билет
жүйесін енгізу қажеттілігі жөнінде айтылған. Мәселе қарапайым емес, бұл
бағытта екінші жыл жұмыс жасап келеміз. Өзіңізге белгілі, біріншіден, бұл
билеттерді сатып алу үшін автостансалар қажет. Осы мақсатта басқарма
тарапынан автовокзал мен автостансалардың облыстық тізілімі құрылған.
Бүгінге 8 автостансаның жұмысы ретке келтірілген. Тасымалдаушылар
(негізінен жеке кәсіпорындар) арасында тұрақты түрде түсінік жұмыстары
жүргізіледі, нәтижесінде негізгі бағыттар бойынша билеттер сатылып келеді.
Бірақ та нәтижені жүз пайыз деп айту ерте. Облыстың тұрғындары он бес
жылдан артық автобустарда билетсіз қызмет көрсету түріне үйренген, бір
сағатта мәселені шешу қиын. Алдымен, жолаушыларды тым болмаса, бұрынғыдай
автостансаларда мініп-түсуге үйрету қажет. Алайда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның климатына әсер етуші факторлар
Солтүстік Қазақстандық өңір солтүстік облыстар шоқтығында ерекше орында
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізі (ТРАСЕКА)
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы
Солтүстік Қазақстанның географиялық орны
Солтүстік Қазақстан
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Пәндер