Жылқы – көлік құралы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жылқы - көлік құралы (4 бөлім)

Көшпелі тұрмыста жылқыны салт мінуге, түйені жүк артуға пайдаланғаны мәлім. Сондықтан жүрдек, жүйрік, бәйге аттары төрт түліктің бәрінен де асыра бағаланған. Бірақ XIX ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының отырықшылыққа бет бұрып, арбаның көбеюіне орай жылқы жегу, жүк тарту жұмыстарына кеңінен пайдаланады. Енді қазақ ішінде мініс аттарымен қатар, арба-шанаға бірдей жүретін әмбебап жылқылар да бағалана бастады. XIX ғасырда таулы аудандардан басқа аймақтардың бәрінде дерлік екі доңғалақты ағаш арба кең тарады. [86. 250-б. ]

Арба жасау үшін ағаш ұсталары сәуір, мамыр айларында қайың ағашының жұмсақ, иілгішін уақытында кесіп алып, иетін жерлерін иіп, мүшелерін бөліп-бөліп жинап қоятын. Арбаның доңғалағы үшін, әдейі қайыңның доғадай иілген жері кесіп алынады. Жаз бойы ұста арбаларды құрастыруға кірісетін. Арбаның екі доңғалағы, жүк басатын қорабы (жәрәңдік), білігі, тертелері (арбаның жетек ағашы), ешбір шеге қолданылмастан тұтастай ағаштан, көпке шыдайтындай мықты етіп жасалатын. Ұста бір жазда 20 арбаға дейін құрастыратын, бірақ жасалынуының қиындығына қарамай, базарда бағасы 1-2 сомнан аспайтын. [87. 255-б. ] Жүк тартатын кірешілер сатып алатын. Арбадағы жүк жеңіл болса «арбакеш» аттың үстіне отырып, тертелерді ерге байлайтын, жүк ауыр болса қамыт пайдаланылатын. [88. 47-б. ] Арбакештер жолдың алыс, қиындығына қарамай 20-дан 50 пұтқа дейін жүк таситын. [89. 6-б. ] Алтай қазақтары арба жеңіл жүрсін деп дөңгелекті жылқы терісімен қаптап тастайтын. Қазақтардың жасаған қос доңғалақты ағаш арбасы мен Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы халықтардың екі дөңгелекті арбаларының жүк тарту мөлшері бірдей, тек отырықшы халықтардың арбасының дөңгелегі үлкен болған. « . . . Егінші жұрттың жылқылары дөңгелегі өте үлкен, диаметрі сажынға (2, 13м А. Т. ) жететін жүк салатыны бар ерекше арбаларға жегіледі. Арбаны жүргізетін арбакеш жегілген аттың үстіне отырады. Жол жағдайына байланысты 20-дан 40 пұтқа дейін жүк салынады, алыс жолда орта есеппен 25 пұт жүк тартады . . . ». [90 а. 155-б. ]

Арбалардың шаруашылықта кең қолданылғаны жөнінде төмендегі фактілер дәлел: XIX ғасырда Ақмола облысында 132 602 арба болған, жылма-жыл 33 150 арба жасалып отырған. [90. 14-б. ] Қос доңғалақты ағаш арбаның жасалу жолы, құрылысы бір болғанымен, Қазақстанның әр аймағында әртүрлі атау қалыптасқан. «Ырдуан», «ырдабан» арба Солтүстік, Орталық Қазақстанда, «дәредике» Көкшетау облысында, «қазақ арба», Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу мен Шығыс Қазақстанда «көтек арба» деп атаған. [91. 244. XIV. LXVI] ХІХ ғасырдың аяғында байлар мен ауқатты адамдар Орынбор, Ор, Троицк, Омбы, Ташкент, Семей базарларынан күймелі арбалар мен шаналарды сатып алатын болған. «Пәуеске», повозка, пәуеске арба (күймелі арба), [92-645-б. ] «пәуескелі шана» (күймелі шана) - «кәшопка» деген сөздер қазақ тіліне сол заманда кірген. [93. 58-б. LXXI] Қыста табанына темір салынбаған құр ағаштан шауып жасалған шананы «жекпелі шана», болмаса «ырғақ шана» деп атаған. Мұндай шана атқа қамытты, қамытсыз түрде жегілген. Жекпелі шана деп балалардың ойыншық шанасынан айыру үшін айтылған. [94. 48-б. ]

Үстінде жәрәндігі (ящик А. Т. ) жоқ арба (тарадойка) тек ғана ағаштан жасалады, ешқандай темір қолданылмайды. [1] Қазақтардың қамыты киізден сырып жасалады, көшкенде арбаның тертелері қамытқа емес, аттың, өгіздің, сиырдың еріне бекітіледі. [2]

ХІХ ғасырдың аяғында қоныс аударушылардан көрген қазақтар шөп дайындау үшін ауылшаруашылық құрал-саймандарын көптеп сатып алған. В. Я. Бенькевичтің жазуынша 1891-1892 жылдарындағы жұттан соң, 1914 жылдың қытымыр қысының қарсаңында, қазақтар атпен жүретін шөп машиналарды, ат тырмаларды (конные грабли) іздеп жүріп алып, шөп дайындауға кіріскен. [95. 91-б. ] 1911 жылы Павлодар уезінің қазақтарының қолында 997 шөп машинасы, 943 ат тырма, Өскемен уезінде 95 шөп машинасы, 92 ат тырма, Зайсаңда 7 шөп машинасы, 6 ат тырма болған. [96. 220-б. ]

Атпен жүк тасуға қолданылатын құралдың бірі - cүйреткі. Х. Арғынбаев сүйреткінің атқа жегілу әдісіне қарай екі түрге бөледі. [97. 45-б. ] Атқа жегілетін жағы сүйірленіп, артқы жағы алшақтау боп, 3-4 көлденең шабақтар орнатылған басқыш тәрізді сүйреткі - біздің этнографиялық материалдарымыз бойынша тек көші-қонда жақын қашықтықтарға жүк тасуға пайдаланылған. Дәл осындай жүк артқан сүйреткіні 1927 жылы Ф. А. Фиельструп Сергиополь уезінен түсірген. (ХХХV) Сүйреткілердің 2-ші түрі Қазақстанның әр жерінде шөп үюге, ағаш тартуға, қар күреуге кір-қоқыс шығаруға пайдалынылған нұсқалары болған. Биіктігі 1м, ұзындығы 2-2, 5 м ортасында шабақтары бар тік төртбұрышты раманы арқанмен атқа жегеді, шөпті тартарда үстінен арқанмен басып тастайды. Омбы, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарында мұны «сырма» (СLXII) дейді. Жетісудің таулы жерлерінде көлденең бір ағашты бостау қып, крест тәрізді байлайды. Үйілген шөпті аларда әлгі ағашты шөптің астына тығып жіберіп, ұшындағы екі арқанмен шөптің үстін басып қояды. (ХІХ) Солтүстік облыстарда көлденең ағаш орнына ұзындығы 2 м, биіктігі 50-60 см тақтайды арқанмен атқа жегіп, қар күреу үшін пайдаланылған. (VII) Семей, Шығыс Қазақстанның, Жетісудың таулы аудандарында таудан ағаш түсіру үшін арнаулы сүйреткілер қолданылған. Көлденең сырық екі ағаш тертемен атқа жегіледі. Сырыққа төрт-бес тесік тесіліп немесе қалпақ бас жуан темірлер қағылған. Кесілген ағаштарды ұшынан кертіп шауып әлгі тесік, не темірлерге бекіткен. Осындай әдіспен бір-екі атпен 4-5 қарағайды таудан етекке сүйреп түсіретін болған. (ХХХІІ. LХХІІ)

Баян Өлгий аймағының (МХР) Алтай жағында қар қалың түсетін болғандықтан үшбұрышты ағашты атқа байлап алып жайылымды қардан тазалайды. Үшбұрыш ағаштың қабырғалары 1, 5 м, биіктігі 50-70 см, тақтайдан қағылады, мұны қаржарғыш деп атайды. Ат сүйрегенде қаржарғыштың алдыңғы үшкір тұмсығы қарды бұзады, артқы етегін адам басып, атты айдап отырады. Сөйтіп қарды жарып отырып тазалайды. [CXXIV. 99. 245-24-6. ]

Шығыс Қазақстанның таулы жерлерінде атқа түбі ашылатын қоржын сияқты екі жерден қайыспен бекітілген қос кебежелерді теңдейтін болған. Малдың қи-көңін қорадан шығаруға, топырақ тасуға пайдаланылған. Қи-қоқысты тиерде ауып кетпес үшін екі жағына кезек-кезек салып отырған, әйтпесе ауып кетеді. Затты апарған соң екі кебеженің тиегін бірдей ағытып, астыңғы қақпақтарын ашып жіберетін. Сонда ішіндегісі сау етіп түсіп қалады. Осындай әдіспен екі месті аттың екі жағына теңдеп су тасыған. Башқұрттарда екі ағаш шелекті аттың екі жағына теңдеп жабайы араның балын жинаған. Жоғарыдағы кебеже, мес, теңдеу әдісімен өте ұқсас. (LХХ. 100)

Алтай тауларында (Шығыс Қазақстан) ауырған адамды немесе өлікті жерлеу үшін бір-бірінің артынан тұрған аттың арасына ағаш табыт орнатылған. Алдымен екі бүйірі ұзындау екі ағаштың екі қысқа жағын қалың қайыспен бекіткен, сонда екі жағы ағаш, екі жағы қайыс рама пайда болған. Раманың арасына бірнеше серкенің терісін қатар-қатар қойып тарамыспен тігіп, мықты қып бекітіп тастаған. Сонда зембіл пайда болған. Бойы да, жүрістері де бірдей екі аттың ортасына раманы қояды, қайыс жақтары ердің үстіне түседі, оны мықтап бекітіп тастайды. Раманың төрт жағын да ағаштан жасап, ағаш біліктерді ердің үстін тесіп, тесіктерге шарнир ретінде жуан қайыс өткізіп бекіткен. Шығыс Қазақстанның тау ішіндегі қиын жолдарымен науқас, өлген адамды іркес-тіркес екі аттың арасындағы зембілге салып, тиісті жеріне жеткізетін салма-зембілді - «зуза» деп атаған.

Зузаның 2-ші түрі: Керегені жайып, төрт ағаштың үстіне салып буады, оған киіз салады, төсек төсейді. Ағаштардың көлденеңі ұзын болады. Екі атты кісі артында, екі атты кісі алдында, төртеуі төрт жағынан ұстап алып жүреді. Атты кісілер ауысып отырады, себебі аттар шаршайды. Зузаның үстіне ауырған адамды шалқасынан жатқызады. (CLXIII)

1910 жылдары Шығыс Қазақстанның Марқакөліндегі болыстың салмағы 12 пұт болыпты. Өзінің 500 жылқысының ішінен көтеретін біреуі табылмай, ел аралағанда болысты зузамен алып жүріпті. Тіркес екі аттың шылбырларын екі қосшы жанамалап ұстап отырған. Ел әзілдеп «сегіз аяқ Қозыбай» деп ат қойған. Қозыбайдың күмбезі Марқакөл ауданы, Алексеевка селосының жанында. ХІХ ғасырда таулы жерлерде қытай әскери керуендері жүктерін жоғарыдағы тәсілмен алып жүрген. Бұл факті екі елдің арасындағы байланысты көрсетеді. [LXXXIII. 101. 125. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқыларда асқазан - ішек жолдарының аурулары
Көлік кешені
Қазақстан Республикасының әлемдік көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері туралы
Жылқы тасымалдайды раскованными
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Павлодар аймағындағы жылқы малына арналған мал қорасының жобасы
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Жылқылар, зебралар, тарпан
Автомобиль көлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz