Дәндібай-Беғазы мәдениеті


Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Дәндібай-Беғазы заманынындағы ( б. з. б Х-VIII ғасырлар) тайпалар мәдениетінің дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы кезеңдерге бөлінеді.
Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге, бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жагынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің: тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы тән. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктетілген қаңқалармен қатар аяақтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқаларда кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі, ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңіннен тараған.
Соңғы қола дәуірінің өтпелі кезеңін, яғни алдыңғы Беғазы дәуірін Ақсу-Аюлы-2 ( Қарағанды қаласының оңтүстігіне таман ) жерлеу кешені бәрінен де гөрі толық сипаттайды. Бұл кешен біріне-бірі ұқсас төбешік обалардан құралған; обалардың етегі қырынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталармен айнала белдеуленген. Бұлар патриархаттық-әлеуметтік қауымдардың рулық бейіттері емес, патриархаттық рулық қоғамның неғұрлым көрнекті мүшелерінің қабірлері. Ішкі құрылыстары ауқымды мұндай бейіттер тұрпатының пайда болуы соңғы Андронов дәуірінде ( б. з. б. XIII-XI ғасырлар) мүлік теңсіздігінің шығуы нәтижесінде Орталық Қазақстан тайпаларында байқалған өндірістерді көрсетеді.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі ең үпкен обаның биіктігі 2 метр, диаметрі 30 метр. Үйіндінің астынан бір-біріне жалғасқан төрт тас құрлыс: үш қоршау және үлкен-үлкен төрт тақта тастан жасалған шомбал тас жәшік шықты. Бірінші, сыртқы қоршау қырынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталардан құралыпты. Екінші қоршау әдейі іріктелген тік бұрышты тақталардан көлденең қалау техникасы арқылы салынған. Қалау сол кездегі жердің бетінен басталыпты. Дуалдардың төменгі жағы тіп-тік, ал жоғарғы жағы аздап ішке қарай иілген. Бұл-cоңғы қола дәуіріндегі құрылыс техникасына тән әдіс; мұнда артылта қалау арқылы жалған күмбез жасау шешімінің бастамасы көрінеді. Үшінші кіші қоршау екіншісіне жалғастырылған. Ол тік бұрышты түрде салыныпты, бұрыштары иілген. Екінші қоршау сияқты, бұл қоршау да эллипс бітімдес. Оның батыс және шығыс дуалдарының маңдайшасына қосымша бір-бір үлкен тақта орнатылған. Құрлыс төбесінің негізгі салмағы осы тақталарға түсірілген.
Сонымен, ішкі қоршау бейне бір екі дуалмен және айналма галереямен қоршалған үй сияқты. Бейіт тамның ортасында, көлемі 4 шаршы метрдей, тереңдігі 1. 5 метрден астам шұңқырдан шомбал тас жәшік шықты; оның үстіне екі үлкен тақта тас жабылыпты. Бір кезде тігінен орнатылған және там төбесінің орталық тірегі болған нақ осындай ірі тақталар жәшіктің айналасында жатыр.
Бүкіл құрылыс алаңы тығыздалып тапталған және қалыңдығы жарты метрдей балшық, құм, қиыршық, түйір тас араласқан қабатпен жабылған. Бұл қабат дуал тіректеріне дейін жеткізіліпті; мұның өзі дуалдар мен басқа тіректердің орнықтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл құрылыстың негізін бекітіп тұрған. Қиыршық, түйір тас, саз балшық қабірдің астына да құйылған. Өтпелі кезеңдегі бір қатар басқа бейіттік құрылыстардың құрылымы да осындай немесе осыған жақын.
Дәндібай-Беғазы мәдениетінің өтпелі және дамыған кезеңдеріндегі құрлыстрдың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбесінің қалдықтары сақталыпты; бұл төбе перамидалы-сатылы жақтау түрінде бөренелермен жабылған. Бөренелерден қалған көмір мен күлдің кейде 30 сантиметрдей болатын қалы қабаты төбеге жабылған ағаштарды өртеу рәсімі жасалғанын көрсетеді. Ағаш құрлыстарды өртеп бата қылудың мұндай ғұрпы Қазақстан аумағында соңғы қола дәуірі тайпаларында кеңінен таралған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстандағы Түгіскен кесенесін қалдырған тайпаларда осындай немесе осыған ұқсас ғұрып болған.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі үлкен обаның тас жәшігінен қол-аяғы созылып жатқан адамның қаңқасы шықты. Дәндібай-Беғазы мәдениетінің басқа ескерткіштерінде созылып жатқан қаңқалармен қатар әдеттегідей бүктетіліп жатқан қаңқалар да кездеседі.
Бұл обадан табылған қыш көзе өтпелі кезеңдегі керамикалық ыдыстың үлгісі бола алады. Түрі мен өрнектелуі жағынан ол Андронов ыдыстарына жақын. Оның ернеуі үзік сызықты үш бұрыштармен және сопақша ойықтармен сәнделіпті. Бүйіріне жоғарғы жағын белдеулей әсем меандр мен бұршақ көлеміндей дөңгелек ойықтармен белдеу жүргізілген. Мұндағы өрнек түсіру техникасы көлденең сызықтары бар ірі тарақ тәрізді қалып; мұндай қалып Орталық Қазақстандағы соңғы қола дәуіріне тән. Жалпы алғанда, керамикалық ыдыстың бітімі түбірінен өзгеріске ұшырап, көшіп-қонымы көп тұрмыс салтына барған сайын бейімделе түседі.
Соңғы қола дәуірі тайпаларының шаруашылықта ілгері басуы және бәрінен бұрын, жайлаулы, кейін көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты мал санының ұдайы көбеюі жерлеу ғұрпынан да аңғарылады; бұл ғұрып бойынша өлікпен қоса ол жейді деп ет салынатын болған. Қабірлерде үй жануарларының сүйектері көп. Құрбанға шалынған малдар үшін тіпті арнаулы тас жәшіктер койылған .
Дәндібай-Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар-Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-1 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы-1-3 қоныстары және басқалары. Бұл қорымдар мен қоныстар тұрғын үйлері мен ғұрыптық-табыну үйлерінің сәулет-құрылыс жағынан жетілгендігімен, шар тәрізді керамиканың жаңа түрлерінің әр алуандығымен сипатталады. Әсіресе Беғазы тауының сілемдерінде орналасқан Беғазы тақта тас қоршаулары айта қаларлық.
Беғазыдағы ескерткіштер тобында бір тектес алты қоршау бар, көлемі жағынан бұлардың екеуі көзге түседі. Беғазы құрылыстарының негізі-кіретін дәлізі, айналма галериясы мен тіреуіш тас бағандары бар аралас тұрпаттық құрылым. Барлық ескерткіштердің іргелері 0. 8-1. 2 метрдей тереңдікте жерге көмілген. Беғазы Монументтері бір немесе екі бөлікті төрт бұрышты құрлыстардан тұрады; ал төрт бұрыштың төрт жағы әлемнің төрт жағына қарай бағдарланған, тігінен қойылған жалпақ гранит тақталармен қапталған немесе қырлы тастардан көлденең қаланған. Соңғы жағдайда қалаңған тас арасы құрлымы өте тығыз ертіндімен бекітілген. Құрлыстың көмілген бөлігінің жигінен жоғары, жер бетінде, биіктігі бір метрдей дуал бар. Ол сыртынан тігінен қатарластырып жерге қазып орнатылған, бір-біріне тығыз қиюластырылған үлкен-үлкен гранит тақталармен түгелдей қапталған.
Беғазы ескерткіштерін салу үшін сұр түсті граниттың өте үлкен кесектері іріктеліп алыныпты; мұндай гранит құрылыстарға жақын жерден шыққан. Құрылыстың кейбір тік бұрышты тақталарының салмағы үш тоннаға дейін жетеді. Дуалдар берік, әрі орнықты болуы үшін бұл тақталардың биіктігінің үштен бірі жерге көмілген, соның өзінде олардың жазық жерден биіктігі 2-2, 5 метрдей.
Жақсылап қырланған, төрт бұрышты ұзын тас бағандар тік тіреулер мен қосымша тіреулер етіп орнатылған. Тігінен қойылған қаптама тақталардың түйіскен жерлері, ішкі және сыртқы қоршаулардың бұрыштарының жалғасқан жерлері солармен нығайтылған. Оның үстіне, дуалдармен бірге олар бейіттік құрылыстың ауыр тас төбесін тіреп тұр. Үлкен қоршаулардағы мұндай бағандардың саны 14-жетеді. Құрылымы мен орнатылу мақсаты жағынан олар қола дәуіріндегі тұрғын үй құрылыстарының тіреуіш ағаш бағандарына ұқсайды.
Беғазы кешеніндегі ең ірі құрылыстардың бірі-шаршы түріндегі тақта тас қоршау; оның сыртқы орамасы 9, 6х9, 6 м, ішкі орамасы 6х6 м. Қоршаудың ішкі дуалдары қапталып 0, 7 метрдей қазылып орнатылған. Дуалдың жалпы биіктігі 2, 1 м, ал жер бетіндегі бөлігінің биіктігі 1, 3 м. Екінші, сырттағы дуалдың да биіктігі сондай-1, 3 м. Қаланған қаптамамен екі арадағы қуыс тастың сынықтарымен толтырылған, лай құйылып, әбден тығыздатылған. Осы екі метрдей дуалдың мұқият тегістелген үстіңгі беті қыш ыдыстарды және басқа заттарды қоятын сөре болған. Сынықтардың тым көптігіне қарағанда, сөреде ондаған жұқа керамикалық ыдыс тұрса керек. Құрылыстың сыртқы дуалдарын қаптаған үлкен гранит тақталар сөрені жауып тұрған. Солардың және ішкі қоршаудың төбесі есебінен үйдің бүкіл айналасы бойынша айналма галерея жасалған. Құрылыстың барлық дуалдарын төрт қырлы қатар-қатар тірек бағандар ұстап тұр. Ішкі үйдің төбесі бірнеше қатар тақта тастармен жабылған. Төбені жабу үшін қолданылған тақта тастар мөлшері жағынан ішкі үй тіректерінің аралығына сай келеді, ал ішкі үй тас бағандар арқылы үш метрлік екі бөлікке бөлініпті. Ішкі үйдің ұзындығын екіге бөлу алты метрлік ұзындықты қысқартып, оны үш метрлік тақта таспен жабу үшін ету қажет болған. Мұндай төбенің бір шеті мықты дуалға, екінші шеті құрылыстың ұзына бойына қатар-қатар орнатылған ішкі бағандарға тіреледі. Кесененің шығыс жағындағы кіреберіс ірі, биік, <<қошқар>> тақта тастармен қапталған; бұл-мәжусилік бейіт тамның маңыздылығын білдіретін болған. Кіреберісте ұзындығы -9м, көлденеңі 4м дәліз салыныпты. Ол қырлы тастан көлденең қалау әдісімен қаланған. Табыттан алыстаған сайын дәліз дуалының қалыңдығы мен биіктігі кеми береді.
Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктернің бірі-діни-ғұрыптық заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген мехрап орны. Бірінші қоршауда бұл-құрылыстың астына ор қазғанда қалдырылған жер үстел немесе сөре. Ішкі үйдің батыс қабырғасына жалғастырыпған керте үстелдің үстіне үш тас баған орнатылған. Олардың айналасындағы үстел бетіне май мен органикалык қалдықтар сінген. Мұнда толып жатқан қой сүйектері түрінде құрбан шалудың және ас берудің іздері сақталыпты. Құрбан шалу үстеліне көптеген қыш ыдыстар қойылған. Әр түрлі керек-жарақтар да, сәндік заттар мен қару-жарақ та осында тұрған.
Шаруашылықтың көшпелі қалыпқа бейімделуімен сипатталатын кейінгі даму кезенінде бір кезде жоғары дәрежеде болған Дәндібай-Беғазы мәдениеті жаңа сатыға көшеді. Өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың орнына қоршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар пайда болады. Бұлар-Қарқаралы манының Кент тауларындағы, Айдарлы, Бұғылы-2, Құрылыс алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарда өткен уақыттағы дәстүрлер әлі сақталады. Бірақ қазан тәрізді, бүйірі өте шығыңқы, мойны қысқа, ернеуі сыртына қайырылған көзелер, жағалы деп аталатын, ернеуі сыртына қарай кеңейтілген, ақырында, мойнына білеулеп балшық жапсырылған ыдыстар көбейе түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz