Сөз бостандығы және оның келешегі



I Кіріспе

Қазақстандағы сөз бостандығының жай.күйі

II Негізгі бөлім

1. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері

2. Ақпараттық даулардың пайда болу төркіні және оларға ықпал ететін факторлар

3. БАҚ тың даулылығы. Дауларға қатыстылығы

4. Журналистермен және Бақ.пен кім дауласады.

5. БАҚ өкілдерінің құқығының бұзылуы


III Қорытынды

БАҚ туралы заң жобасы жайлы
"Бетпе-бет келгенде бет-жүз көрінбейді" дегендей, көп жылдар бойғы журналистік және, тіпті өз жарияланымдарымның кейіпкерлері айып тағылып, ары мен намысы аяққа басылуына баршамыз куә болып жүрміз.
Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуының мониторингін жүргізуге "Әділ сөз" қорына Ресейде Жариялылықты қорғау қорының президенті Алексей Кириллович Симонов “ақ жол” айтты. Ресейдегі Жариялылықты қорғау қоры (ЖҚҚ) мүндай жүмыспен көптен бері айналысады, оның сыртында Мәскеуде журналистердің құқығын қорғайтын басқа да қоғамдық үйымдар бар. Әділ сөз қоры жұмыс істей бастағанда Қазақстанда БАҚ жүйесіндегі қүқық қорғау саласы біз анықтағандай шынында да игерілмеген тың болып шықты. Осы және басқа да көптеген себептерден мониторингтің қүрылымы мен формасын көп жағдайда өзіміз біздің БАҚ-тың жағдайы мен талап-қажеттіліктерінен шыға отырып дербес жасап шығуымызға тура келді. Сөз бостандығының жағдайын тұрақты түрде бақылау үшін Қордың өзінің түрақты өкілдері бар 9 облыс қамтылды. Олар - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы. Әділ сөз қоры өз жүмысын бастаған соң кеп үзамай-ақ өз бастамасымен ақпараттар беріп отырған ерікті журналистер де пайда болғанын айту керек. Дегенмен де ақпараттар алу оңайға түскен жоқ - журналистер өздеріне көрсетіліп отырған қысым немесе қудалаулар туралы ашық айтуға тәуекел ете алмады және әлдебір белгісіз Қор, нендей көмек берері белгісіз, мүмкін, араңдату шығар деп сақтанды.
Көп ақпараттарды баспасөздің, электрондық бүқаралық ақпарат қүралдарының хабарлары берді. Жүмыс барысында қор, көзқарастары мен дүниетанымдарына қарамастан, бірқатар саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, азаматтар бірлестіктерімен, мәжіліс депутаттарымен, бас прокуратурамен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен тұрақты түрде байланыста болды. Қор мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өткізген ресми форумдарға, бейресми шаралар мен баспасөз мәслихаттарына қатысты. Олардан алынған ақпараттар да мониторинг жасауға пайдаланылды.
Мониторинг дегеніміз - тек деректерді жүйелі түрде жазып, тіркеп отыру, ал біз көмек көрсеткіміз келді. Дәлірегі, біз өзімізді көмектесуге міндеттіміз деп санадық, өйткені, көптеген бүқаралық ақпарат қүралдарында заңгерлік көмек беретін қызмет жоқ, журналистер өздеріне қатысты қандай да бір қүқықтық (әсіресе, бейқұқықтық) қимыл-қарекеттерді қалай қабылдауды, оған қалай сауатты түрде жауап қайтаруды білмейді. Ал күтпеген деуге болатындай қимыл-қареткеттер қолдарында ақпарат бар шенеуніктер тарапынан да, әділ сот жолын қуушылар тарапынан да байқалды,-деді Әділ сөз қорының төрайымы Тамара Калеева.
1. Саясат журналы 2004ж қазан-қыркүйек айлары.

2. “Континент” 2003- қаңтар

3. Интернет материалдары.

4. “Әділ сөз” қоры ұсынған Қазақстандығы

БАҚ маниторингісі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Сөз бостандығы және оның келешегі

"Бетпе-бет келгенде бет-жүз көрінбейді" дегендей, көп жылдар бойғы
журналистік және, тіпті өз жарияланымдарымның кейіпкерлері айып тағылып,
ары мен намысы аяққа басылуына баршамыз куә болып жүрміз.
Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуының мониторингін жүргізуге "Әділ
сөз" қорына Ресейде Жариялылықты қорғау қорының президенті Алексей
Кириллович Симонов “ақ жол” айтты. Ресейдегі Жариялылықты қорғау қоры
(ЖҚҚ) мүндай жүмыспен көптен бері айналысады, оның сыртында Мәскеуде
журналистердің құқығын қорғайтын басқа да қоғамдық үйымдар бар. Әділ сөз
қоры жұмыс істей бастағанда Қазақстанда БАҚ жүйесіндегі қүқық қорғау саласы
біз анықтағандай шынында да игерілмеген тың болып шықты. Осы және басқа да
көптеген себептерден мониторингтің қүрылымы мен формасын көп жағдайда
өзіміз біздің БАҚ-тың жағдайы мен талап-қажеттіліктерінен шыға отырып
дербес жасап шығуымызға тура келді. Сөз бостандығының жағдайын тұрақты
түрде бақылау үшін Қордың өзінің түрақты өкілдері бар 9 облыс қамтылды.
Олар - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс
Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы.
Әділ сөз қоры өз жүмысын бастаған соң кеп үзамай-ақ өз бастамасымен
ақпараттар беріп отырған ерікті журналистер де пайда болғанын айту
керек. Дегенмен де ақпараттар алу оңайға түскен жоқ - журналистер өздеріне
көрсетіліп отырған қысым немесе қудалаулар туралы ашық айтуға тәуекел ете
алмады және әлдебір белгісіз Қор, нендей көмек берері белгісіз, мүмкін,
араңдату шығар деп сақтанды.
Көп ақпараттарды баспасөздің, электрондық бүқаралық ақпарат
қүралдарының хабарлары берді. Жүмыс барысында қор, көзқарастары мен
дүниетанымдарына қарамастан, бірқатар саяси партиялармен, қоғамдық
бірлестіктермен, азаматтар бірлестіктерімен, мәжіліс депутаттарымен, бас
прокуратурамен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен тұрақты түрде
байланыста болды. Қор мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар
өткізген ресми форумдарға, бейресми шаралар мен баспасөз мәслихаттарына
қатысты. Олардан алынған ақпараттар да мониторинг жасауға пайдаланылды.
Мониторинг дегеніміз - тек деректерді жүйелі түрде жазып, тіркеп отыру,
ал біз көмек көрсеткіміз келді. Дәлірегі, біз өзімізді көмектесуге
міндеттіміз деп санадық, өйткені, көптеген бүқаралық ақпарат қүралдарында
заңгерлік көмек беретін қызмет жоқ, журналистер өздеріне қатысты қандай да
бір қүқықтық (әсіресе, бейқұқықтық) қимыл-қарекеттерді қалай қабылдауды,
оған қалай сауатты түрде жауап қайтаруды білмейді. Ал күтпеген деуге
болатындай қимыл-қареткеттер қолдарында ақпарат бар шенеуніктер тарапынан
да, әділ сот жолын қуушылар тарапынан да байқалды,-деді Әділ сөз қорының
төрайымы Тамара Калеева.
Мониторинг-2000 толыққанды, жан-жақты деуге болмайды. Бүл алғашқы
тәжірибе. Мүмкін сөз бостандығы мен БАҚ-тың езіне тиісті құқықтарының
латентті (жасырын) бүзылған жағдайлары едәуір көбірек шығар.
Біздер үшін БАҚ қартасында күні бүгінге дейін ақтаңдақтар бар, ондай
аймақтарда сөз бостан-дығының жағдайы қандай екені белгісіз. Ондай
аумақтарды игеру келешектің шаруасы. Дей түрсақ та мониторингтің көмегімен
Қазақстандағы сөз бостандығының бүзылуының, БАҚ өмірінің толық болмағанмен
де шынайы картинасын көруге болады.

1. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері

Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздерін
мыналар қүрайды:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздегі демократия мен сөз
бостандығының негіздерін салған және оған тікелей де тура әсер ететін
тиісті нормалары (демек, ешбір заң, ешбір заңға қосымша акт бүған қарама-
қайшы болмауы және мемлекеттік, заңшығарушы, атқарушы һәм сот органдарының
барлығыда осы нормаларды тікелей басшылыққа алуы тиіс). Бүл ретте ҚР
Президентінің күнделікті өмірде онша ескерілмейтін және Конституцияның
көлеңкесінде қалғандай көрінетін"Қазақстан Республикасындағы Конституция
туралы"Жарлығын да атап айту керек. Дей түрғанмен бүл қүқықтық акт шын
мәнісінде еліміздегі биліктің келісім-шарттың негізінде дүниеге келгенін
және оның өкілеттілік ауқымын заң жүзінде бекітті.
* Халықаралық, оның ішінде ТМД және Кедендік Одақа ясында жасалған көп
жақты және екі жақты конвенциялар,келісім-шарттар және келісімдер.Оның
ішінде, біздің ойымызша, отандық БАҚ үшін импортталатын баспа өнімдерінің
айналымға түсу режимі туралы,Қазақстан1997жылы бекіткен және бізде күні
бүгінге дейін беймәлімдеу 1950 жылғы Флоренция келісімінің, сондай-ақ
ақпараттық саладағы қызметтестік туралы Минск, Бішкек және Алматы (1998 ж.)
келісімдерінің ерекше маңызы бар.
Бүл келісім-шарттармен біз, ең болмағанда, Кедендік Одақ, аясында жалпы
ақпарттық кеңістік жасауға, ал Флоренция келісімі бойынша импортталатын
газет-журнал өнімдерінің салықтық режимі отандық БАҚтың салықтық режимінен
нашар болмайтынына кепілдік бердік;
- Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдесіндегі "Бүқаралық
ақпарат қүралдары туралы" заңы. Заң, біздіңше, кейбір кемшіліктері,
күмілжіңкі және толық емес тұстарына қарамастан тұтастай алғанда
Конституция кепілдік беретін құқықтар мен бостандықтар арнасында жасалған;
* Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуіріндегі, кейіннен өзгерістер
мен толықтырулар жасалған, радио және телехабар таратудың лицензиялық
(рүқсаттық) тәртібін бекіткен "Лицензиялау туралы" заңы;
* Қылмыстық Кодекстің тыйым салатын және шектейтін тиісті ережелері. Оның
ішінде сөз бостандығың бұзуды шектеуге бағытталғанда ережелер
* ҚР ҚК-нің 154-і бабы (азаматқа ақпарат беруден бастарту)
және155-бап(журналистің заңды түрде кәсіби қызметін жүргізуге кедергі
жасау);
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің заңды және жеке тұлғалардың
абырой, қадір-қасиет және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін күмәнді
ақпараттарды таратқаны үшін азаматтың құқықтық жауапкершілікті анықтайтын
9, 141-145 және 951-баптары
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің ұлтаралық араздықты қоздатуға
бағытталған материалдарды жариялауға және осындай сипаттағы материалдарды
республикаға әкелуге рұхсат бергені, сондай-ақ баспасөз және басқа да
бұқаралық ақпарат құралдары заңдарын бүзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті
анықтайтын188-6,188-7,"188-8-баптар ы;
ҚР-ның 1998 жылғы 26маусымдағы, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат
құралындағы шетелдік тұлғаның тікелей немесе жанама қатыстылығы 20 пайыздан
аспауын бекіткен, сондай-ақ республика аумағында ұлттық қауіпсіздігімізге
зиянды баспа өнімдері, теле және радио хабарларының таралуына
тыйымсалатын"Ұлттыққауіпсіздік туралы" Заңы;
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
телемдер туралы" заңы, атап айтқанда, осы заңның газеттік және журналдық
өнімдердің өндірістік айналымымен таратылуына салынатын қосымша қүн
салығынан босататын 57- бабының 17-тармағы;
Қазақстан Республикасының, сырттан әкелінетін газет-журнал өнімдерін мерзім-
мерзіммен толығымен көрсетпеуге, сондай-ақ оларды уақытша сақтау қоймаларын
айналып өтуге мүмкіндік беретін"ҚРкеденісі туралы" Заңы;
Үкіметтің 1996 жылдың 25 қарашасындағы,телекоммуникация саласындағы
кәсіпкерлік пен радиожиілік спектрді пайдалануды лицензиялау тәртібі туралы
Ережені бекіткен № 1443, 1999 жылдың 13қыркүйегіндегі радиожиілік
ресурстарды пайдалану үшін қаржы төлеуді
бекіткен № 1387 қаулылары;
Үкіметтің 1997 жылдың 29 маусымындағы "ҚР аумағында шетел
мемлекеттері бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін тіркеу және
тілшілік бөлімдерін ашу туралы" № 903 қаулысы;
ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары,оның ішінде1992 жылдың 18
желтоқсанындағы "Азаматтар мен ұйымдарды "ар-намысымен қадір-қасиетін
қорғау туралы № 6 және 1995 жылдың 22 желтоқсанындағы "Моральдық зиянды
өтеу туралы" № 10 қаулылар
- ҚР министрліктері мен ведомстволарының өз құзырлары аясында
қабылданатын нормативті қүқықтық актілері (егер олар белгіленген тәртіп
бойынша Әділет министрлігінде тіркелген болса); Оның ішінде:
Мәдениет, ақпаратжәне қоғамдық келісім министрлігінің 1999жылдың 24
желтоқсанындағы № 228 және 2000 жылдың 5 қаңтарындағы № 4 бұйрықтарымен
бекітілген бұқаралық ақпарат қүралдары мен ақпараттық агенттіктерді есепке
алу туралы Ережесі, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жанында
журналистерді тіркеу Ережесі;
Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 338 бүйрығымен бекітілген
дәрілік заттарды жарнамалауға рұқсат беру және жарнама берушінің тиісті
рұқсат қағазын көрсетпеген жағдайда БАҚ-тың мұндай жарнамаларды жариялауына
тыйым салатын Ережелер:
Электронды БАҚ-қа берілетін лицензияларға нормативтік-қүқықтық акт
еместігінен де өзінің құқықтық табиғатында жекелік-нақтылық сипаты болуы
тиіс қосымшалар. Осыған қарамастан оларда шектеу және тыйым салу
сипатындағы азаматтық-қүқықтық нормалар бар.
ҚР Кеден Комитетінің нормативтік-қүқықтық актілері.
Келтірілгендерден көрініп отырғандай, БАҚ қызметін реттеу үшін шығарылған
заңдар аумағы көлемді, сонымен қатар кей тұстарда қарама-қайшы, мүның өзі
оны түсінуде және тәжірибе жүзінде дүрыс қолдануда елеулі қиындықтар
тудырады.
БАҚ қызметін қандай да бір деңгейде реттеп отыратын ведомстволық
нормативті актілерге келсек, олардың саны көбейіп отырғанын және іс жүзінде
заңдардың өзінен де асып кеткенін атап айту керек. Және бүл ретте мұндай
актілер тиісті заң актілерінің құқықтық аясынан шығып кететін, яғни кейде
заңцы толықтыратын, ал кейде оған мүлдем қарама-қарсы болатын жағдайлар аз
емес.
Түтастай алғанда, жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстан
Республикасының кезекті "жылымық" кезінде қалыптасқан заңы бүрынғы
қалданыста болған заңмен салыстырғанда барынша озық және, мәселен, Ресей
Федерациясының осындай заңынан еш кем емес.
Алайда бүқаралық ақпарат қүралдары БАҚ-тың іс жүзіндегі жағдайына әсері
болмай қоймайтын қарама-қайшылығы аз емес күнделікті емірде және нақты бір
уақыттарда күн кешуге мәжбүр болып отыр.

2. Ақпараттық даулардың пайда болуына ықпал ететін факторлар

Ақпараттық салада даулардың пайда болуына ықпал ететін объективті және
субъективті факторлар ретінде, шамасы, мыналарды айтуға болады:
* экономикадағы тоқыраудың қандай да бір шектен асып кетуі және
оның қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына кері әсері;
* Президенттің, Парламентпен мәслихаттардың сайланатыны несепке алмағанда,
демократиялық институттардың жоқтығы, атқарушы биліктің жоғарғыдан бастап
төменгісіне дейін тағайындалатыны, олардың халыққа есеп бермейтіні және
тағайындаған адамға бейімділгіштігі.Осының салдары ретінде жүйенің өз
мәртебесін сақтауға ұмтылысы,
оның қоғам үшін, оның ішінде журналистер үшін жабықтығы;
* қаржылық және шаруашылық институттардың ашық дамымауы
және осыдан келіп ол рынокта үстемдік танытып отырған белгілі бір
топтардың қалыптасқан жағдайды сақтауға ұмтылысы,кәсіпкерліктің жабықтығы;
* өкімет пен бизнесті басқаруда әкімшілік таптаурындар мен әдістердің басым
түсуі, ашықтық пен қоғамдық диалогқа дайын ёместік;
* қүқықты жүзеге асыру мен басқару тәжірибесінде ведомстволық
нормативтік актілер мен әкімшілік нүсқаулардың басымдығы;
Сонымен қатар бүқаралық, оның ішінде мемлекеттік те ақпарат құралдарының,
өзінің ең ақырғы тұтынушысы қаржының жалғыз көзі болып табылатын оқырманға
объективті түрде бейімделуі, және осыған байланысты жедел, бүгінгі күнге
қажетті, оның ішінде жабық тақырыптарға да материалдар беріп отыруға
ұмтылысы бар.
Даулар мен құқық бүзулардың пайда болуына ықпал ететін факторларға сондай-
ақ жарияланған материалдардың жеткілікті зерттелмеуін және негізделмеуін
жатқызуға, ал оның себептері деп:
* ақпараттық-талдау ,экономикалық, заң қызметтерін ұстауға қажет қаржыны
үнемдеуді;
* жүмыс істеп жүрген журналистер кәсібилігінің жеткіліксіздігін атауға
болады.
Мүндай факторлар қатарына, шамасы,
* қоғамда ескі таптаурындардың басымдығын,кез-келген басқаша көзқарас жала
жабу, намысқа тию, абыроймен қадір-қасиетке тіл тигізу немесе кемсіту болып
қабылданатынын,
* ақпараттық дауларды шешетін қалыптасқан тәжірибенің жоқтығын
жатқызуға болады.

3. БАҚ-тың даулылығы. Дауларға қатыстылығы

Ақпараттық саладағы даулардың табиғаты нақты уақыттағы нақты өмірді, яғни
оған тән барлық қарама-қайшылықтарымен және кемшіліктерімен қоса бейнелеуге
міндетті ақпарат құралдарының ез табиғатында, түп негізінде жатыр. Әйтпесе
бүл салада бизнес жасау мүмкін емес. Бүл, өз кезегінде, жүрттың бәріне
бірдей үнамайды.Мониторинг, БАҚ пен журналистердің шын мәніндегі және
жалған құқықтарына, өзге құқық субъектілерінің құқықтары мен заңды
мүдделеріне байланысты дауларға көп немесе аз мөлшерде барлық БАҚ-тың
қатыстылығы бар екенін көрсетеді. Бұл ретте жарияланған материалдарда сын
неғұрлым жоғары болса, БАҚ-тың дауларға солғұрлым қатысы көп болады. Бұл
мемлекеттік аталатын да, жеке БАҚ үшін де ақиқат жағдай.
Дауға түсудің елеулі бөлігі мемлекеттік әкімшілік, оның жекелеген
уәкілдері мен олардың жүргізіп отырған саясатына байланысты сыни
материалдарға қатысты туады. Дауға түсудің бұдан да көп бөлігі, белгілі бір
мүдделерді көздейтін және іс жүзінде бүқаралық ақпарат құралдарын әсер ету
құралына айналдыратын материалдар туғызады. Санама-ланғандардың бәріне де
заң жүзінде тыйым салынбаған, бірақ мүдделері сөз болатындарға,
қозғалатындарға ұнап жарытпайды.
Дауға қалудың деңгейі мен БАҚ үшін ойдағыдай шешілуіне мына жағдайлар да
әсер етеді:
* бұқаралық ақпарат құралының түрі басылым БАҚ-тары электрондыға қарағанда
дауға үш есе көптүседі.Соңғылары ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"
Заңның 26-бабына сәйкес эфирден күмәнді мәліметтер таратқаны үшін,- егер ол
автордың алдын-ала жазылып
алынған сөздерінде болмаған жағдайда, жауапкершіліктен босатылады.
Оның үстіне электронды БАҚ аталған Заңның 16-бабында көрсе-
тілгендей,эфирлік хабарлардың жазбаларын бір ай ғана сақтайды, осыған
байланысты сонымен ісжүзінде талапкердің өз құқының бұзылғаны туралы
деректі дәлелдеу мүмкіндігі жойылады.
* БАҚ-тыңмемлекеттік аталатын немесе ресми басылым немесе арналардың
иелігінде болуы. Мүндай БАҚ жеке БАҚ-тарғақарағанда дауға едәуір аз түседі.
Оның үстіне олармен дау-дамайлар, әдетте,алдын-ала шешіледі, өйткені екі
жақ та даудың әрі қарай өрбуіне мүдделі емес.
* БАҚ-тың қоғамдағы орны елеулі немесе билік құрылымдарында айтарлықтай
байланыстары бар жеке меншік иесінікі болуы.
* Жарияланған материалдардың объективтігі,негізділіг іжәне ешқандай ілік
таптырмауы, жазылу шеберлігі.

4. Журналистермен және БАҚ-пен кім дауаласады

Билік пен БАҚ-тың басты мақсаты бір - ҚР Конституциясының 1 және 2-
бабында жарияланған принциптері негіз болатын демократиялық мемлекет құру,
дегенмен де БАҚ-тың басындағы даулардың дені биліктіңбарлық бұтақтарының
өкілдерімен болып отыр. Және де бұл даулардың көпшілігін журналистер мен
БАҚ-тың қазір қолданылып жүрген заңда бекітілген қүқының әртүрлі, әр
қырынан бүзылуы қүрайды. Даулардың көпшілігін, бір қызығы, Парламент,
Президент және Үкіметтің БАҚ-пен және жұртшылықпен байланысты жүзеге
асыруға, Үкімет жүргізіп отырған саясатты насихаттауға және қоғамдық диалог
жүргізуге тікелей мүдделі болуға тиіс баспасөз қызметтерінің және өзге де
бөлімдерінің қимыл-қарекеттері тудырады.
БАҚ-тың өзіне қатысы бар министрліктер мен ведомстволар Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Көлік және коммуникациялар
министрлігі және оның аумақтық органдарымен қарым-қатынасы шиеленістілеу
болғаны көрінеді. Мысалы, Ақпарат министірлігінде жыл ішінде БАҚ-тың
жағдайын нашарлататын екі нормативтік-қүқықтық - БАҚ-ты тіркеудің ережедері
және журналистерді тіркеу акті қабылданды. Екеуі де, біздіңше, кей
тұстарында ҚР "Бүқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңында белгіленген
қүқықтық аядан шығып кетеді немесе оған қайшы келеді. Осы министірліктің
аумақтық органдары БАҚ-ты қазіргі үкіметке бейтараптығы принципіне қарай
сыныптамақ болды.
Көлік және коомуникация министрлігінің кейбір аумақтық органдары біресе
бір, енді біреуі келесі бір электронды БАҚ-тың қызметін мүлдем тоқтатуға
немесе тоқтата тұруға және лицензиялық нормалар мен ережелерін
сақтамағанына орай радиожиліктерді пайдалануды тоқтатуға үмтылатын негізсіз
талаптарға, сот жүзіндегі таластарға шырмалып отыр. Мәселе кейде
радиотаратқыштарды өз бетімен ажыратып тастауға дейін жетті.
Ал, осы министрліктердің барлығы табиғатында және қызмет жағдайына қарай
отандық БАҚ-тың, ақпараттық нарық пен ақпараттық кеңістіктің аяғынан тік
тұруы мен дамуына мүдделі болуы шарт.
БАҚ-тың сот органдарымен, прокуратурамен қарым-қатынастары да соншалықты
ашық-жарқын бола қойған жоқ. Алғашқы инстанциядағы соттардың БАҚ-қа деген
негізсіз талаптарды қанағаттандыру пайызы елеулі. Кей соттар бұрынғысынша
мүліктік емес жеке қүқықтарда құқық субъектілерінің кейбір құқықтарын
ажырата алмайды, жөн және баға беретін пікірлерді деректермен шатастырады,
ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының БАҚ-ты жауапкершіліктен
босататын нормаларын пайдаланбайды. БАҚ-қа прокуратураның аудандық және
облыстық буындағы органдары тарапынан негізсіз кінәлау мен талаптар
қойылатын жағдайлар өте көп. Шамасы, прокурорлар өздерін бүрынғысынша тек
мемлекеттік институттар мен олардың шешімдерін өзге құқық субъектілерінің
заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе де қорғайтын "мемлекеттің көзі" санайтын
болуы керек.
Бір таң қаларлығы, журналистер мен БАҚ-тың құқын бұзу полиция органдары
тарапынан аздау. Бұл мүмкін олардың нақты жүзеге асыратын және тергеудегі
істермен айналысатындығында және басқа құрылымдарға саясаттан алыстау
екендіктеріне байланысты болуы керек. Сонымен қатар олардың тарапынан БАҚ
пен журналистердің құқығын бүзу жағдайлары мемлекеттік өзге органдардың
шешімдері мен нүсқауларын орындау барысында кездеседі.
Қүқық қорғайтын және қүқық мәселелеріне қатысты органдардың барлығы көп
жағдайда журналистер мен БАҚ-тың арыздары мен этініштеріне және оларға
көрсетілген заңсыз әрекеттерге бүрынғыша керең қалып танытып отыр.
Мониторинг айқындаған, анығына жеткен жағдайлардың журналистерге шабуыл
жасау, оларға жала жабу, заңды кәсіби қызметтеріне кедергі келтіру,
қоғамдық маңызы бар ақпараттарды беруден бас тарту сияқты жағдайлардың
барлығына тиісті әсерлестік болмаған немесе олар бойынша тергеулер аяғына
дейін жеткізілмеген.
БАҚ пен журналистер қүқығының бүзылуының елеулі пайызы аудандық және
облыстық әкімшіліктерге, сондай-ақ олардың халыққа қызмет көрсететін
муниципалды қүрылымдары мен бөлімшелеріне тиесілі. Бүқаралық ақпарат
қүралдарымен ішінара яғни алалап қарым-қатынас жасау, ойдан шығарылған
себептермен қоғамдық маңызы бар ақпаратты беруден бас тарту, БАҚ-ты
таратуды шектеу олардың тарапынан жасалатын қүқық бұзушылықтың толық емес
тізімі осындай.
Меншіктің әр түрлі нысандарындағы шаруашылық субъектілерімен де дауласу
жағдайлары көп. Мүнда қылмыстық түрғыдан жазаланатын қимыл-қарекеттерді
қүрайтын ақпарат алуды шектеу, қоғамдық маңызы бар ақпаратты беруден бас
тарту және журналистердің заңды кәсіби қызметіне тікелей кедергі жасау -
жағдайлары жетерлік. Еш негізі жоқ талап қойылатын жагдайлар аз емес
бизнестің жабықтығы сондай, ол субъектілер езі туралы тек жақсы жағынан
жазылғанын немесе мүлдем ештеңе жазылмағанын тәуір кереді.
БАҚ-пен дауласушылардың бір тобы жеке түлғалар яғни жеке адамдар. Бүл
топқа көп жағдайда жүмысына берілген бағамен, өзіне айтылған сынмен
келіспейтін қазіргі және бүрынғы бастықтар, шенеуніктер және коммерциялық
құрылымдардың қызметкерлері кіреді. Және де ондай түлғалардың қатарынан
бірнеше дауды бастайтын әрі, олардың есімдерін атаған БАҚ-тың барлығымен
дауласатын жағдайлары жиі кездеседі.
Дауға қатысушылардың арасында қатардағы азаматтардың үлесі, олар
оқырмандардың негізгі бөлігін құраса да, өте аз. Ал, даулардың барлығы
жинақтала келе бүқаралық ақпарат қүралдарының күн кешуге және қимыл-қарекет
етуге мәжбүр болып отырған ахуалын қүрайды. Ал, осындай ахуалдың
қалыптасуына, өз кезегінде, мемлекет пен отандық бизнестің лауазым иелері
тиісті нүсқаулары, қимыл-қарекеттері мен шешімдері арқылы ықпал етіп отыр.
5. Мониторингі қүрудың жүйесі мен ұстанымдары

Қүқық бүзушылық пен даулардың мониторингі жыл бойы әр ай сайын, яғни
2004 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жасалды. Жыл бойы БАҚ-қа
қатысты 612 қүқық бүзушылық пен даулар анықталды. Олардың 85 пайыздан
астамын бүқаралық ақпарат құралдарының, журналистер мен авторлардың
бостандығын, қүқығын және заңды мүдделерін бүзу қүрайды.
Мониторингтің негізіне қолданылып жүрген заңдарда белгіленген құқық
бұзушылықтар немесе нақты қимыл-қарекетті жүйелеуден немесе қимыл-
қарекетсіздіктен туындайтын даудың негізгі мәні алынды. Сонымен
мониторингтің жүйесі нақты жағдайларды, жағдайттарды және олардың заң
тұрғысынан сыныпталуын басшылыққа ала отырып жасалды..
Нәтижесінде мониторинг анықтаған даулар объективті түрде үлкен үш
бөлімге бөлінді:
1. Елдегі БАҚ-тың нақты жағдайын айқындайтын саяси, әлеуметтік,
қүқықтық және әкімшілік ахуалдың ерекшеліктері;
2. БАҚ пен журналистер қүқының бүзылуы;
3. БАҚ пен журналистерге телінетін айыптар.
Алғашқы бөлім тұтасымен әдеттегіден гөрі өзгешелеу принциптермен жасалды.
Мүнда мемлекеттің, аймақтардың және бизнес-элитаның, жоғары лауазым
иелерінің үлкен қоғамдық-саяси маңызы және осыған сай әсері бар қимыл-
қарекеттері туралы мәліметтер жинақталды. Мәліметтер мүндай қимыл-
қарекеттердің БАҚ-тың шын мәніндегі жағдайына қолайлы немесе қолайсыз әсер
ету мүмкіндігі принципі бойынша жинақталды және олардың ықтимал зардаптары
туралы болжамдар қоса берілді.
Бөлімдер, өз кезегінде, құқық бұзушылық түрлеріне байланысты тиісті
бөлімшелерге бөлінді. Әрбір бөлімше үйлестіруші құқықтық, нормалармен және
белгілі бір бөлімшеге енгізілген даулардың ең типтік дегендеріне құқықтық
талдаумен қамтамасыз етілді.

6. Елдегі БАҚ-тардың нақты жағдайын айқындайтын саяси, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы БАҚ және саяси көшбасшылық
АБАЙ ЖОЛЫ ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары
Әлеуметтік реформалар мен әлеуметтік жаңғырулар
Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
Білім саласындағы зерттеулердің бағыттары
Бөгенбай батыр
Идеология және билік
Пәндер