Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы ақпарат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы

Тексерген: Молдабеков Әмір

Орындаған: Тәңірқұлова Әсел

Топ: 403

Алматы 2007

Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ерекше орын алады.

ЕҚЫҰ-ның негізі 1975 жылы қаланып, оған бүгінгі күні 56 мемлекет кіреді. ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалатын қызметтері үш өлшемді қамтиды. Олар: адамзаттық, әскери-саяси және экономикалық-экологиялық қауіпсіздік мәселелері. ЕҚЫҰ-ның осы мәселелер бойынша атқаратын жұмысы да ауқымды: оған қару-жарақты бақылауға алу, алдын алу дипломатиялық қарым-қатынас орнату, сенімділікті нығайту, сондай-ақ экономикалық және экологиялық мәселелер, адам құқықтары және демократияландыру, сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің сайлау үдерісін қадағалау да кіреді.

1994 жылғы желтоқсанда Будапеште өткен үшінші кездесуде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесін 1995 жылғы қаңтардан бастап Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ретінде қайта құру туралы, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы Еуропа үшін қауіпсіздік моделін әзірлеуді бастау туралы шешім қабылданды.

Бұл ұйым Еуропа құрлығы, Кавказ, Орта Азия және Солтүстік Америка аймақтарындағы қауіпсіздік жөніндегі ең ірі өңірлік ұйымдардың бірі. Осылайша, ЕҚЫҰ бүгінде Еуроатлантика және Еуразия кеңістігін біріктіріп отыр.

ЕҚЫҰ-ның іс-қызметіне қатысушы елдердің мәртебелері тең және олар ешқандай да шарттық міндеттемелермен байланысты емес. ЕҚЫҰ-ның шеңберіндегі шешімдер құқықтық міндетке ие емес, саяси сипатта және консенсус арқылы қабылданады.

ЕҚЫҰ-ның институттарын саяси шешімдерді қабылдайтын саяси органдар және жедел қызмет органдары деп екі негізгі топқа бөлуге болады.

ЕҚЫҰ-ның саяси институттарының қатарына Саммиттер, Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, Жетекші Кеңес (ЕҚЫҰ-ның Экономикалық форумы), Тұрақты Кеңес, Қауіпсіздік ынтымақтастығы саласындағы форум жатады.

Жедел қызмет ететін ұйымның жалпы басшылығын қазіргі Төраға жүзеге асырады. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін мемлекеттің сыртқы істер министрі болып қызмет атқаратын Төраға 1 жыл мерзімге тағайындалады.

ЕҚЫҰ-ның Вена қаласындағы хатшылығын Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі үш жыл мерзімге тағайындаған Бас хатшы басқарады.

ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі, Парламенттік ассамблея, ЕҚЫҰ-ның ымырашылдық және арбитраждық соты, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның жедел шешім қабылдайтын органдары болып табылады.

Ұйымның жедел қызмет құралының бірі - қақтығыстарды болдырмау және дағдарыстарды реттеу мақсатында қызмет ететін ЕҚЫҰ-ның миссиялары болып табылады. Олардың ең басты қызметі қабылдаушы жаққа миссия мандатымен қабылданған міндеттерді шешуде жәрдемдесуге негізделген.

Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) - ЕҚЫҰ-ның ең танымал институттарының бірі. Бұл бюро - демократияны дамытуға заң үстемдігін бекітуге, адам құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін жауап беретін құрылым. Бюро сайлау барысын қадағалауда, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың қалыптасуында белсенді рөл атқарады, адамзат өлшемдері саласындағы міндеттемелерді орындау жөнінде сарапшылардың кеңестері мен семинарларын өткізетін форум қызметін атқарады.

Сондай-ақ, ол ақпарат алмасу орталығы, үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасын орнату үшін байланыс пункті болып табылады. ЕҚЫҰ-ның адамзат өлшемдері саласындағы миссияларына және үйлестіру көмегі бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға қолдау көрсету орталығы болып табылады. Сарапшылық көмекті қамтамасыз етеді, сондай-ақ конституциялық және құқықтық мәселелер бойынша мамандар даярлайды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өз қызметінің аясында ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің демократиялық сайлауларды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерін орындау барысы туралы ауқымды және құнды деректерді жинақтады, талдады және қорытып әлем жұртшылығының назарына ұсынды.

Тәуелсіз Қазақстанның жалпы әлемдік, оның ішінде еуропалық үдерістердің ығытындағы даму мүдделерін ескере келіп, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде және ұйымның басқа да құжаттарында негізі салынған қағидаттарды іске асыруға белсене қатысуға талпына отырып, Қазақстан Республикасы 1992 жылдың қаңтарында ЕҚЫҰ-ға енді.

Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ-ның арасындағы қатынастардың дамуын талдау олардың қалыптасуының екі кезеңін айқындауға мүмкіндік берді. Алғашқысын өзара қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңі деп сипаттауға болады, яғни ұйыммен әріптестік орнатудың алғашқы іргетасы қаланған кезең. 1994-1997 жылдар аралығында ЕҚЫҰ Орта Азия өңіріндегі нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы экономикалық жағдайды шолуға, экономикалық реформаларды жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне, адам құқықтарын қорғау және тағы да басқа бірнеше мәселелерге арналған бірқатар семинарлар өткізілді.

1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.

Ал ЕҚЫҰ мен әрі қарайғы ықпалдастықтың артуына 2003 жылы аталған меморандумға қатысты хаттамаға қол қою оң әсерін тигізсе, 2004-2006 жылдар қарым-қатынастардың нағыз жанданған тұсы болды. 2004 жылдың сәуір айында ЕҚЫҰ төрағасы - Болгарияның сыртқы істер министрі Соломон Пасси келіп, оның сапары кезінде Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының жаңа басшысы И. Викки өз жұмысына кірісті.

ЕҚЫҰ тұрақты төрағасының қызметін бір жылға оның төрағалығына сайланған елдің сыртқы істер министрі атқарады. Жалпы, ЕҚЫҰ-да төрағаны қосып есептегенде барлығы сегіз институт бар. Олар: Жоғары деңгейдегі кездесулер, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Басқару кеңесі, Тұрақты кеңес, Қауіпсіздік жөніндегі ықпалдастық форумы, Парламенттік Ассамблея және Бас хатшы.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын. Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында” атты халыққа Жолдауында арнайы акцент берілген.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетілсе, ЕурАзЭҚ-тың 2006 жылғы тамыз айындағы бейресми саммитінде Ресей Федерациясының президенті В. Путин өз елінің қолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Қазақстанның кандидатурасына Швейцария, Бельгия, Түркия, Испания, Германия, Франция, Нидерланды, Люксембург, Мальта, Ватикан және Балтық бойы елдері де қолдау көрсетуде. Венгрия, Румыния, Словакия, Чехия мен Болгария мемлекеттерінің де қарсылықтары жоқ. ЕҚЫҰ-ның келесі жылғы төрағасы - Германия мүше елдер арасында Қазақстанның кандидатурасын жақтайық деген құжат таратты. АҚШ пен Ұлыбритания қарсылығымыз жоқ, бірақ қояр шартымыз бар деп отыр.

Төрағалықтан ұтарымыз қайсы?

Алдымен ЕҚЫҰ төрағалығы Қазақстанның жан-жақты толысқан ел қатарына енгендігін, әлемдік қауымдастық алдындағы бедел дәрежесінің қай деңгейде екендігін бағамдатады.

ТМД елдері ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымға төрағалық етуге ұмтылыс осы беделді орынның мүшелері тарапынан және Достастық елдерінен де қолдау табуы Қазақстанның экономикалық және саяси даму тұрғысынан да, аумақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде де лидерлік сипатын танығандық.

Егер Қазақстанның ниеті іске асып, төрағалыққа келсе, онда еліміздің “кеңестік кезеңнен соңғы синдромды” толық жеңгендігі. Сондай-ақ, бұл - халықаралық маңызы бар қадам, себебі осы арқылы кеңестік кезеңнен кейінгі елдерге әлдеқалай бір сақтықпен қарайтын көзқарастарға да өзгерістер енбек. Қазақстан алған міндеттемелердің жемісті атқарылуына, демократияның өрістеуіне жол аша түспек. Төрағалықтағы тағы бір аса назар аударатын мәселе - Қазақстан геосаяси шеткері аймақ болудан кетіп, Еуропаның саяси сахнасына енеді.

ЕҚЫҰ төрағалығы - Қазақстанның стратегиялық бағыты

Қазақстанның ниетіне формальді қарсылық жоқ және де оның төрағалығына қай ел лайық немесе лайық емес деген де әңгіме айтылмайды. Ұйымның оған мүше елдермен қарым-қатынасы Хельсинки қорытынды актісінде айқындалған.

Айта кету керек, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қағидалы және ұдайы сын көзбен қарап келе жатқан әріптесі. Өз қызметінде Ұйым гуманитарлық мәселелерге, адам құқығы және демократиялық стандарттарға баса мән береді. Бұл түсінікті де, өйткені, ұйымдағы “бірінші скрипканың” рөлін батысеуропалық мемлекеттер ойнайды. Ал ол мемлекеттердегі қауіпсіздік мәселелерімен Солтүстік атлантикалық одақ, экономикалық проблемалармен Европалық Одақ айналысады. Сөйтіп, ЕҚЫҰ-ға қалған мәселелер ауқымы азайған.

Осы себептерден ЕҚЫҰ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өзгерістер жүріп жатқан елдерге баға беруде қаталдық танытып, ұйымның назарынан ол айналысуға тиіс экономика, аумақтық ықпалдастық, экология, миграция секілді мәселелер шығып қалды.

Қазақстанның төрағалық етуі ұйымға мүше елдердің ықпалдастықтарын тереңдетуге, гуманитарлық бағыттарға қоса, басқа да еленбей жатқан мәселелерге зер салуға қол жеткізер еді.

ЕҚЫҰ келешегі

Қазақстанның төрағалық етуі ұйым үшін де жақсылық болар еді.

Біріншіден, бұл ЕҚЫҰ-ның Еуропа шекарасынан асып, таралу аумағының ұлғаюына жол ашады.

Екіншіден, ЕҚЫҰ күннен күнге энергетикалық, өндірістік, жалпы алғанда, экономикалық қуаты артып келе жатқан Орталық Азия елдеріндегі плацдармын нығайтады. Оған серпінді де жемісті дамып, бәсекелестік жөнінен ТМД елдерінің көшбасшы болып жүрген Қазақстан мысал бола алады.

Үшіншіден, бұл - ЕҚЫҰ-ның нығаюы, ұйым қызметі тиімділігінің артуы.

Осының барлығын қаперге алғанда ЕҚЫҰ бұрынғысынан да гөрі өз міндетін орындаудағы мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Төрағалыққа ұсыныс берген елге қойылған талаптар-кедергі ме әлде қосымша ресурстар ма?

Қазақстанның төрағалығын жоғарыда айтылған елдер қолдағанымен, АҚШ пен Ұлыбритания бірқатар талаптар қоюда. Ол алдымен елді демократияландыруды тереңдету бағытындағы талаптар.

Бұл тек Қазақстанның төрағалық етуіне байланыстырыла қойылған шарттар немесе көрсетілген әлдебір қысым емес, ол “жаңа демократиялық” дейтін Румыния, Болгария, Словения елдеріне де бағытталған. Екіншіден, АҚШ, Ұлыбритания немесе ЕҚЫҰ-ға мүше өзге де елдер Қазақстанның төрағалығы туралы қағидатты тұрғыда бір түйінге келе алмай отырған жоқ.

Үшіншіден, АҚШ көтерген мәселелер біздің елімізде бүгінгі күні жүріп жатқан саяси реформалар аясындағы, Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия атқарып жатқан шараларға қатысты болуда. Жергілікті өзін өзі басқару мен жергілікті биліктің сайланбалылығы, Парламенттің өкілеттілігін кеңейту, соттардың тәуелсіздіктері мен жауапкершіліктерін арттыру, тағы сол сияқты елімізде қолға алынып жатқан істерді алға тартады.

Мұны Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси жаңғыруды қолдау, жеделдеуіне қарқын беру деп түсінген абзал.

Еліміздегі саяси реформалардың ЕҚЫҰ төрағалығына әсері

Елімізде саяси жаңғыруды жүргізу Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығын мақсат еткендігі емес, қайта мемлекеттің алдына қойған межелерін табысты атқару үшін, алдымен бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енудегі стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарған тағы бір қадамы деп бағалау орынды болады.

Сондықтан да шығар мақсаты айқындалған елдің халқы бүгінгі күні жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау көрсетіп отыр. Мемлекеттік комиссия жүргізген әлеуметтік мониторинг бойынша қазақстандықтардың төрттен үш бөлігі Елбасы ұсынған реформаны дұрыс әрі қажет деп таныған. Сұралған елдің жартысы Мемлекеттік комиссияны реформаларды жеделдететін күш деп бағалаған. Қазақстан халқы өз Президенті жүргізген саясатқа қолдау көрсетеді. Сол себептен де Президент сайлауларындағы Елбасының рейтингі 90 пайыздан төмен түскен емес.

Бұл қолға алған саяси реформалардың дұрыстығын, халықтың көкейінен шығып отырғандығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
НАТО құрылуы және қарым-қатынастары
Қазақстан жетістіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz