Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын ақпарат көздері
Мазмұны
Кіріспе
I . Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
1 .1 Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын ақпарат көздері
1 .2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау түрлері және талдау әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болады . Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіліуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді . Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді , кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап , соны басшылыққа ұсынуы керек , яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын , қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді .
Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес , өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды : салмақ , ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекет талап етеді . Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда , материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп , тот басып жатуына , яғни миллиондаған теңгенің доғарылып , бекерге ысырап болуына жол бере алмайды . Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді .
Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып , олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты . Атап айтқанда , ішкі және сыртқы рынокты білікті серікті таңдауға қол жетті , өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады .

1 . Назарбаев Н . А . Казахстан – 2030 . Процветание ,безопастность и улучшение блогосостояния всех казахстанцев . Послание Президента страны народу Казахстана .
2 . Шеремет А.Д. Сайфулин Р. С . Методика финансового анализа. – М : ИНФРАМ, 1995.
3 . Русак Н. А Анализ финансового положения предприятия . В учебнике “Анализ хозяйственной деятельности в промышленности ”. Под общ . ред. В.И. Стражева – Минск ; Вышэйшая школа , 1995.
4 . Радионова В.М. Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции . – М: Изд – во “Перспектива”, 1995.
5 . Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности , строительстве и торговле .- М ;АО “ДИС”, “МВ -Центр”, 1994.
6 .Ковалев А.И. Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия .- М : Центр экономики и маркетинга ,1995.
7 . Балабанов И. Т. Анализ и планироваие финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М: Финансы И статистика, 1994.

I . Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы және оны сипаттайтын
көрсеткіштер
1 .1 Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын
ақпарат көздері
1 .2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау түрлері және
талдау әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты
бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі
өзгерістер болады . Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің
қаржы - шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың
1 қаңтарынан қолданысқа енгізіліуі және қаржылық есеп беру
нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі
нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа
әдістемесін жасауды қажет етеді . Қазіргі жағдайда бухгалтер
қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді ,
кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды
қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап , соны басшылыққа ұсынуы
керек , яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын
талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын , қаржы менеджментіне
дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді .
Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес ,
өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды : салмақ , ұзындық
өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы
мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара
салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей
шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі
мен өзгеше іс-әрекет талап етеді . Ол зауыт қоймалары мен ашық
алаңдарда , материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының
көгеріп , тот басып жатуына , яғни миллиондаған теңгенің
доғарылып , бекерге ысырап болуына жол бере алмайды . Кәсіпорын
мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы
қорларды қозғалысқа келтіреді .
Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір
нығайтып , олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді
өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты . Атап айтқанда , ішкі
және сыртқы рынокты білікті серікті таңдауға қол жетті , өйткені
болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған
байланысты болады .
I. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы
және оны сипаттайтын көрсеткіштер .
1 .1 . Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын
ақпрат көздері .
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор . Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие
болуымен , сондай – ақ олардың меншік иелері , жұмысшылар ,
коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында
өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық
жауапкершілікте болумен байланысты .
Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтары
қарастырмас бұрын , “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “ қаржылық
жай-күй ” дегеніміз не соны анықтап алған жөн . Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі .
Профессор А . Д Шеремет “ Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарту пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен
(меншіктік капитал және міндеттемелер , яғни пассивтер )
сипатталады” деп жазған .
Профессор Н . А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды :
“Кәсіпорының қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау , тарту және
пайдаланумен сипатталады . Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
кәсіпорынның қалыпты өндірістік , коммерциялық және басқа да
қызмет қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамттамасыз
етілуімен және оларды мақсатқа сай , тиімді тарату және
пайдаланумен , сондай- ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық
қарым – қатынаста болу төлеу қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу
мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді ”.
В. М. Радионов мен М.А Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы
“қаржы ресурстарының қалыптасуымен таратылуы және пайдаланумен
көрсетіледі” деп жазады.
М.Н. Кренина , А. И. Ковалев және В . П. Привалов қаржылық
жағдай ұғымын былайша түсіндіреді; “ Қаржылық жағдай - бұл қаржы
рсурстарының қолда барын үлестіріліп таратылуы және пайдалануын
сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы ”.
Профессор И. Т. Балабанов “Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын
(яғни төлем қабілеттілігі , несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен
капиталды пайдалану , мемлекет алдында және басқа да шаруашылық
субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау . Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін
жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік :қаржылық тұрақтылық ; несие
қабілеттілігі ; капиталды пайдалану : валюталық өзін - өзі өтеу ”-
деп жазады .
С .А . Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі
сөздермен баяндайды : “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар
көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру
қабілеттілігін кешенді түрде бағалау ”.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым
мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды бірақ олардың әрқайсысында бұл
ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар
. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге
қарағанда (мысалы еңбек өнімділігі қор қайтарымдылығы , өзіндік құн ,
жалпы табыс тиімділік) қаржылық жағдай түрі көрсеткіштерді есептеу
нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу
негізінде анықталатын анық . Қорыта келе , кәсіпорынның қаржы
жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз
қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын , тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс
.
Біздің көзқарасымыз бойынша , сенімділіккәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілетілігін көрсетеді .
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып , біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді .
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді ? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі . Бір афторлар қаржылық
тұрақтылықты “өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі , жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы”
деп түсіндіреді . Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз
қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер “өз қаражаттары есебінен активтерге (негіз қорлар ,
материалдық емес активтер , айналым қаражаттары ) жіберілген
қаражаттарды жабатын , сондай- ақ өтелмеген дебитолық және
кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін
уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты
болып табылады” деп жазады .
Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде
анықтайды . Олардың ойынша “ Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем
қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар
жағдайы”.
В .М . Родионова мен М.А. Федостова бұл ұғымды келесідей
түсіндіреді : “ Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан
артуының өзіне тән айнасы қаржылық тұрақтылық болып табылады .
Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып , оларды тиімді қолдану
арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз
ететін , сондай – ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті
шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын
сипаттайды . Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады”. Осы еңбегінде бұл афторлар одан әрі
мына анықтаманы келтіреді .
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігін сақтай отырып табысты өсіру негізде
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын
көрсететін қаржы ресурсының жағдайы .
В . Г . Артеменко мен М .В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
“Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде
артуы . Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және
оларды тиімді пайдалану арқылы өдіру және өнімді сату процесінің
үздіксіз болуын жағдай жасайды . Сондықтан да қаржылық тұрақтлық
барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады жән
кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады”
Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы , ол ең алдымен әр дайым
табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді . Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның
мөлшері мемлекетпен жабдықтаушылармен , несие берушілермен ,
жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс . Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы
үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін , осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық –
техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға
және басқаларға мүкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет .
Айта кету керек біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық , әйткенмен біз
олардың кейінгі шешімдерімен келесе алмаймыз. “ Қаржылық
тұрақтылықтың мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру тарату
және пайдаланумен анықталады”- деп жазды В .Т .Артеменко мен М .
В . Беллендир .
Біздің ойымызша бұл ұғым А . Д . Шеремет мен В .С . Сайфуллин
дәлірек және анығырақ түсіндіреді . Олар қаржылық тұрақтылықтың
мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз
етілуі деп түсіндіреді .
Э . А . Маркарьян мен Г . П. Герасименко да дәл осындай көзқараста
“ Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі”
немесе “ Сауда несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың
нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы
және толық орындау мүмкіндігін көрсетеді төлем қабілеттілігі ,
қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады” Кәсіпорынның
жұмысы нарық жағдайына өтеу мен бірге оның қаржылық жағдайы және
оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түсті
.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В. М. Радинова және М.А. Федотова келесідей түрлері
жүктейді :
1) Пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы:
2) Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі
емес:
3) Құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі:
4) Әрекет ету уақты бойынша - тұрақты және уақытша .
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады , ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес .
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық . Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім
мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді . Сондай ақ
, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды
болып табылады .
Кәсіпорынның өндірілген өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -
активтердің тиімді құрамы мен құырлымы , сондай –ақ кәсіпорынның
басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады . Ағымдағы
активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел
қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан
тұрады .
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы , оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы . Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы
соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса , соншалықты ол өзін
жайлы сезіне алады .
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес сонымен қатар
оны тарату құрлымы , әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі
де өте маңызды болып табылады .
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы(мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін
тигізеді . Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын
болса , оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады ,
алайда сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын
өз кредиторларымен уақтында есептесе ала ма жоқ па? – деген қауіп
туады .
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резерфтерге үлкен роль берілген .
Жоғарыда айтылғандардың қорыта келе , кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынандай ішкі факторларды атап көрсетуге
болады:
1) Кәсіпорынның салалық топқа жатуы:
2) Шығарылған өнімнің (жұмыс қызмет) құрылымы және оның төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі :
3) Төленген жарғылық капиталдың мөлшері:
4) Шығындардың көлемі , олардың ақшалай табыс пен салыстырғандағы
динамикасы:
5) Қорлар мен резервтерді , олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы
6) Кәсіпорындарды басқару тиімділігі .
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері , қоғамда үстемдік етуді техника мен технология , төлеу қабілеті
бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі , Қ Р үкіметінің
салық және несие саясаты , кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі
заң актілері , сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар
жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен ( салық органдары , банктер , жабдықтаушылар, сатып
алушылар , акционерлер және тағы басқалар ) өзара қарым – қатынасы
үлкен әсерді . Сондықтан да серіктестіктермен реттелген іскерлік
қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып
табылады . Әрине акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке
ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты
кәсіпорындарға салады . Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін , тек
бүгінгі күн ғана емес , болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс .
Сондай – ақ , бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір
пайызбен алғысы келетін , ал заем мерзімі біткен уақытта облигация
иелеріне де қатысты . Кез келген коммерциалық кәсіпорын сиақты
банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз
қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып кез келген банк өз клиентінің
қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді .
Басқаша айтқанда , кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы
кәсіпорынға несие беру орынды ма , жоқ па ал бұл сұрақты дұрыс
шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген
сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады .
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі
жоғары кәсіпорындармен келісім шартқа үлкен ықыласпен отырады .
Тіпті қаржы органдары әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды себебі тек осындай кәсіпорын ғана
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық
төлей алады .
Осылайша қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым – қатынастағы потенциалын анықтайды ,
кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа
қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты
дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды . Кәсіпорының қаржылық
жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл –
талдау ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға , оның шаруашылық
қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай
жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік
кәсіпкерлік қызмет арасында байланыстырушы қызметін атқарады .
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді : кәсіпорын осы мерзімге
дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады . Қаржы
ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де
кәсіпорынның дамуына байланысты қажетіліктерге жауап бере алуы өте
маңызды болып табылады , себебі қаржылық тұрақтылықтың
жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның
дамуына қажетті қаражатының болмауына , ал көп болуы – дамуға
кедергі жасап басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін .
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады
:
1) Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі:
2) Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті ,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу:
3) Айналым капиталдың көлемін оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
4) Қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
5) Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрлымын
зерттеу;
6) Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі , оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
7) Баланыстық өтімділігін , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін анықтау;
8) Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
9) Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін , сондай – ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
10) Кәсіпорының іскерлік белсенділігін анықтау;
11) Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау , яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады . Және ол 3 сатыны қамтиды ;
жабдықтау , өндіріс және өткізу ; бұлардың жиынтығы коммерциялық ,
өндірістік және қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызмет болып табылады . Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдалануына , есеп және несие тәртібін
сақтауға меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдығына сондай – ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі
мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс .
Кәсіпорын қызметінің қаржылық , өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар . Осылайша
қаржылық қызметінің жетістігі көбінесе өндірістік – сату
көрсеткіштермен анықталады . Кәсіпорынның өзі алатын төлемдері
және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына алдын ала
қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына өнім сапасының қажетті
деңгейге сәйкестігін және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге
байланысты болады .
Жоғарғы сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді . Өндіріс
процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары
кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуі кедергі жасайды
нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді . Кері байланыс
та бар , ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың
келіп түсуінің іркілісіне демек өндіріс процесінің тоқтауына
әкеліп соқтыруы мүмкін .
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен
анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын
өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды , сның ішінде
қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды . және керісінше
шикізат пен материалдар шығындарынның нормасының өсуі , еңбек
өнімділігі деңгейінің төмендеуі басқа да ресурстардың мөлшерден
тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады . Еңбек және
материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында ,
содан соң табыста талап қорытылады . Соңғы айтылған көрсеткіштің
көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып
, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады .
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсатарға қол жеткізу үшін қажетті
жағдайларды туғызады оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып
табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді .біздің ойымызша қаржылық
жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған
мыналар жатады .
1) Кәсіпорын активтерінің құрлымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
2) кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрлымдық динамикасын талдау;
3) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсалюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау ;
4) Баланс өтімділігін талдау ;
5) Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады .
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанда № 2732 “
Бухгалтерлік есеп туралы ” заң күші бар Жарлығына сәйкес , 1998
жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады;
1)Бухгалтерлік баланыс;
2)Қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп ;
3)Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп .
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болды , сондайақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған
материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен
бірге оқылады .
Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай
саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың
талаптарына сай басқада ақпараттар жазылуы тиіс . Мысалы оған
субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы қаржылық
есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады .
Нарықтық географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер қызмет
түрлері туралы ақпараттар , баға өзгерісінің әсер туралы
мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады .
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып , көрсетуге рұқсат етіледі
. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез – келген екеуі
орындалғандағана ( соңғы 2 қаржылық жыл үшін ) маңызы ие болады ;
1) Зейнетақыны жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдірді есептеу ,
сондай –ақ айыппұл санкцияларын , салық және басқа ҚР төлемдерін салу
үшін жылдық табыс ҚР заңмен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды :
2) Қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50 – ден аспайды ;
3) Активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен
аспайды.
Қазіргі кезде біздің қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп
негізгі шамалары бойнша халықаралық есеп стандартының талаптарына
сай келеді , себебі ҚР – да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті
халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді
жүргізіледі , ол біріншіден негізін құраушы нарықтық қатынастар
болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен ,
екіншіден , біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты. ҚР – да бухгалтерлік есепті реформалау процесі
барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда
болды және бағыты өзгереді .
“Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті” №2 “ Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар” деген стандартында
көрсетілгендей ,- бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы
және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдердегі
қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы маңызды әрі
дә ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады .
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық
нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен
несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің
болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған
ресурстар мен басқарушы оргындардың жұмыстарымен байланысты
ресурстар мен міндеттемелерді бағалу үшін қажетті пайдалы
ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды
қамтымайды . Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық
шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін
бағалауды , сондай – ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және
нәтижеге сенімді болуын талап етеді . Бұл нәтижесінде субъектінің
өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу , пайызды төлеу
несиені қайтару және табысты тарту қабілетін анықтайды . Егерде
қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын қызметін және
оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын
ақпаратпен емес, сонымен қатар барлық қажеті ақпараттармен
жабдықталған болса , онда яғни қолданушылар ақша қаражаттарының
айналдыру мүмкіндігін оғанда жақсы бағалайды . Бірақ коммерциялық
құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа
шек қояды , дегенімен олардың ішінде кейбіреулері ( тергеу органдары,
ревизорлар, аудиторларлар ) өкілдер болған жағдайда қаржылық
есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете
алады . Қолданушылар басты көзі ретінде сенуі тиіс .
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық
субъектілерін қызметі жөнінде қаржылық ақпараттарды жүйелендірген бірден
–бір кезіне әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандардағы шаруашылық
субъектілерінің өзара негізге байланысына және басқару шешімдерін
қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына
айналады .
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі
қызметін бухгалтерлік баланыс атқарады .
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады .
Біріншіден баланыс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік
жағдайын таныстырады . Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді
, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай ,
кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін
ақтай ала ма , соны білдіреді . Екіншіден басшылар кәсіпорынның
басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесідегі өз орны таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару
бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік
алады . Үшіншіден , баланыстың мазмұны оны ішкі қолданушы сияқты
сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді . Мысалы
аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз
тексеріс жұмысын жоспарлауда сондай – ақ клиенттің сыртқы сыртқы
есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын әдейі
жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін
көмек алады , ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды
.
Сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі
ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары
туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдердің бағалайды . Бухгалтерлік баланс -
қаржылық есептің негізгі түрі болып отырып ол есепті кезеңдегі
кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын , ағымдағы активтердің
айналымдылығы мен өтімділігі меншік капитал мен міндеттеменің қолда
барын , дебиторлық борыштың динамикасы мен жағдайы және
кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анқтауға
мүмкіндік береді . Баланыс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын
орналастыру тиімділігін оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі
шаруашылық кезеңге жетуі , қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын ,
сондай – ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді.
Осылайша бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттық ең қажетті түрі болып
табылады .
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланыс екі бөліктен ; актив
және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді . Активтер
баланс
кәсіпорынның есепті кезеңдегі бақылып , тұратын отыратын мүмкіндік
және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі . Пассивтер
кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша
міндеттемелері болып табылады , оларды өтеу мүілік құнының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz