Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат



Кіріспе
І.Бөлім . Инфляция теориясы.
1.1.Инфляцияның мәні және факторлары
1.2. Инфляцияның себептері
1.3. Инфляцияның түрлері
ІІ.Бөлім .Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары.
2.1. Инфляцияның альтернативті көздері
2.2.Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері
2.3.Филипстің қисық сызығы
ІІІ.Бөлім . Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.
3.1. Инфляцияға қарсы саясат
3.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Курстық жұмысымда инфляция, инфляцияға қарсы саясаттың мәнін ашып көрсетуді мақсат еттім.
Инфляция (лат. «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары сан-алуан. Инфляция қарқынының артуы өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әулеметтік шиеленісті ушықтырады. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына көніл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген Филлипс қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдармен түсіндірдім.
1. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.
2. Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону: 1998.
3. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: 1999.
4. Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва: 1995.
5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы: 1998
6. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы: 2000
7. Финансы. Денежные обращение.Под ред. Дробозиной J1.A. Москва:1997.
8. Антонов А. Г. Денежное обращение, кредиты банки. Москва 1995.
9. Жуков С.Ф. Деньги, Кредит, Банки. Москва: 2001. Ю.Баймухаммедова «Роль банковской системы в регулировагши
инфляционных процессов» Вестник КазНУ. Экономическая серия 98
10 .Борисов Е «Экономическая теория» М - 94 12.Брю С. Макконелл К «Экономикс» ІЗ.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет болып
қалыитасуы мен дамуының стратегиясы» Қазақстан-2030 А. 1992 ж Н.Самуэльсон П. Экономикс 1995 1-2 т M.1992 15.Саясат 99-5 «Возможные пути улучшения экономической ситуации в РК»

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе

І-Бөлім . Инфляция теориясы.
1.1.Инфляцияның мәні және факторлары
1.2. Инфляцияның себептері
1.3. Инфляцияның түрлері

ІІ-Бөлім .Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары.
2.1. Инфляцияның альтернативті көздері
2.2.Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері
2.3.Филипстің қисық сызығы

ІІІ-Бөлім . Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.
3.1. Инфляцияға қарсы саясат
3.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмысымда инфляция, инфляцияға қарсы саясаттың мәнін ашып
көрсетуді мақсат еттім.
Инфляция (лат. желбуаз), ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы
арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі
ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып
соқтырады. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары сан-алуан.
Инфляция қарқынының артуы өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды,
қоғамдағы экономикалық және әулеметтік шиеленісті ушықтырады. Инфляция
өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық
саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін,
себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына көніл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары,
альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің
түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген Филлипс
қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның
Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдармен түсіндірдім.

І-Бөлім . Инфляция теориясы.
1.1.Инфляцияның мәні және факторлары

Инфляцияның мәні - тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының
өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің қүлдырауы. Инфляция - қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол - мемелекеттің табысы мен
шығысының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық
формацияға тәң құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары
арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляция - желбуаз көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын
сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және
кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз
ақша шығарумен жабу, ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның
құнсыздануына әкеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы
арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі
ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып
соқтырады. Оны әр елдерден соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға
болады. Мысалы АҚШ- тың бостандық үшін 1775-1783ж.ж. соғысы және 1861-
1865ж.ж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу
мүмкіндігі 60%-ға дейін төмендеген); XIX ғ. бас кезіндегі Англияның
Наполеонға қарсы соғысы; 1789-179 Іж.ж. Француз революциясы, әсіресе,
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға
жетті. 1923 жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион
(құрамында он бес нөлі бар сан) рейхсмаркаға жеттп, ол ақша өлшемі триллион
есе құнсызданды. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляцияның бұрыннан
келе жатқан феномен (айырықша қүбылыс) екенін дәлелдейді.Инфляция - дүние
жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемлардың
бірі.
Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға
өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемлекеттік шығыстар мен
кірістердің тенденстірілмеуі, яғни мемлекеттік бюджеттің тапшылығы неғұрлым
елеулі себепке жатады. Көбінесе бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады,
мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан инфляцияға әкеліп
соғады, яғни айналымдағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға
жарамдылығы қүлдырайды. Инфляция кезінде шығарылған ақша көлемі өзгермеген
жағдайда айналыстағы тауар көлемінің қысқаруы, өнімнің баламалы көлемімен
қамтамасыз етілместен ақшаның көп мөлшерде шығарылуы, тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, нақты жалақының қүлдырауы салдарынан
қымбатшылық өршиді. Инфляциялық қауіпті инвестициялар көбінесе,
экономиканы милитарландыруға байланысты, яғни негізсіз жоғары әскери
шығындар бюджетті ұдайы дағдарысқа ұшыратады: оның тапшылығы ұлғайып,
ізінше баға өседі.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның
алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бүзылған
және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі
мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу қүралы
ретінде ақша шығару қарқынын мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен
байланыстырды, бұл эммиссия ішкі айналым қасиеттілігін де алып кетті.
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық
пропорциялар бұзылады.
Инфляцияға әсер ететін факторлар, біріншіден, мемлекеттік бюджеттен
бұрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде
анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылып болмайтын
ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі;
үшіншіден, баға қайшысы деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің
бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің
арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп
шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс
инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.
Қазіргі заманғы инфляция - бұл ұсыныс пен сүраныс арасындағы дисбаланс
және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар
бұзылуының нәтижесі.

1.2 Инфляцияның себептері.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бүрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
үсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі тауар нарығында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бүзылуы әлі инфляция емес. Инфляция - елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есе өсті) емес, басқада тауар мен қызмет көрсету
бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке,
1979ж 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек
өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі
құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік
реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің
девальвациялануы мен ревальвациялануына, нарықтық байланыстардың ықпалына
және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің
әсері болады
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында(әсіресе, ХІХ-ХХ
ғасырдың бас кезіне тән классикалық түр) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мүндай
қүбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ аппараттар да бағаның инфляциялық
өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы қүрылыс
материалдарының бағалары өседі. Бүл қүрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі
тиіс.
Сонымен инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екеніи еске ұстап,
оның ішіндегі ең бастылары: біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен
кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы байланысты болмауы. Ол мемлекеттік
бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен
заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда, ақша станогы белсенді
пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық
теңдігін MV= РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы
анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитарландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
¥лттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар қоғамдық
байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша
төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауар мен қамтамасыз етілмеген ақша
массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті
тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бүл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем үқсамайды. Қазіргі рынок - белгілі дэрежеде олигополиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда аталған жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық
дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек
бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. Импорттық
инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау,
ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады.
Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады,
ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны
күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы факторларды ерекше көрсетуде. Халық пен
өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең
басты міндеті.
Инфляцияның күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (Қаңтар-көкек жылы) инфляцияның
жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру
мүмкіндігінен сақтанып, алдын -ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты.
Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы
төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен
деңгейден де алып түсті. Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де
инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бүл құбылысты қоздыратын
факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына
байланысты. Айталық Батыс Еуропада дүниежүзілік соғыс біткеннен соң
инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі
жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға менн
жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар
себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік
(диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес
экономикасына тәң жағдай Ж¥О-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру,
бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық
табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктері.

1.3 Инфляцияның түрлері.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, эдетте
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа күрделі кезінде бағаның өсуі 10%-дан
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мүндай инфляцияны
экономикалық дамуы үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мүндай инфляция өндіріс пен
сүраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоғары қаркынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ға жетеді.
Ал бұл - экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер
бағаның мұндай өсу қарқынын есептей алады.
Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасының
деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада,
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай
жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын
болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Интеринфляцияны басынан өткізген
бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу
қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946
жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері үлттық валютаға деген
секілі жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан қүлылуға тырысып
бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының
көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды.
Интеринфляцияның басталуына инфляциялық күтудіңде үлкен
әсері
болатындығын атап өту орынды. Басыңқы (придавленная) инфляция кезінде
бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60-жылдарында көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты
қарқынмен журді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің
қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды.
Инфляциялық процестің ең қызғаншағы 70-жылдардың екінші жартысы. Мысалы,
бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7%,
1966-1974 жылдары-5,1%, 1975-1980 жылдары-9,3% болды. Англияда осы кезде ол
3,1; 6,0 және 17,9%, Францияда 5,0; 5.9 және 10,9%. 80-жылдардың соңына
қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ға тең болды, 1987 жылы-3,7%-
ға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген
себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға
әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу
шаралары.
Инфляция тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол
барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның
жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы
кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болисамды күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядаи ажырата білу
керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны
"жоспарлайды", мысал ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 2001 жылы
бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының
бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады,
ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс жер етеді. Егер экономикалық
инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық
тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс
көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын
қасиеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың
қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан
әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі
"инфляцияны күту" басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның
өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімде құбылыс,
ол төмендейді деген үмітпен, түтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар
сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады.
Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында
қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз
рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу
эффектісі деп атайды.

ІІ-Бөлім .Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары.
2.1. Инфляцияның альтернативті көздері

Батыс экономистері жасаған теорияларды инфляцияның альтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әртүрлі себептеріи атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың
үлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыс пен қамтылған кездегі
өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық
жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу
қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға
тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте
жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер үлғайған сұранысқа тауар
ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем
қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның
жалпы деңгейі өседі.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы "көтеріліп", соның салдарынан төлем қабілеті бар
сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында
өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық
сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның
көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының "көтерілуі" себептерінің ең негізгісі - әскери
шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнге өмірде
қолдануға жарамай, сондықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын
тудырады. Тапшылықты, немесе ақша нарығына мемлекеттік заемдар
орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген
мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың
алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның
төмендеуі сияқты жазымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе-теңдік
орнайды. Сондықтан таза мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады,
себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының
қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны
болмаған және дамыған сүранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға
өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына оның тиімділігінің төмендеуіне
және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеуі ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.
Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындардың үлғаюымен
түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық және
финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны
көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін
екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан
жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы
ретінде де көрінуі мүмкін.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттілігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді
өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданып жүрген баға
бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап
қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның
көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бүл
жалақы мен бағаның "инфляциялық серіппе" теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы -
бағаны құрайтын элементтердің біреуі ғана . Сонымен қатар, тауар өндірісі
шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары
көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының
және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі
бүкіл әлемде болатын процесс. Оған қарсы тұратын фактор-өнімнің әрбір
өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тәң, яғни жылдан жылға
ауысатын бір қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша
инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы
мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқымды және ұшқыр инфляция басымдау
болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның
әлеуметтік экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық
өсуінің ерекшіліктеріне байланысты болады.
Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін
факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады:
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері оларда
80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің
жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару
станогымен үнемі индекстеу механизмнің қолдануы байқальш, ал сыртқы
экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді.
Никарагуада, мысалы, 1999 жылы ақшаның құнсыздануы 8500%, Перуде 8291,5%
жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия,
Чили елдері кіреді.Оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып,
ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені
үлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бүл елдерде қарқынды инфляция (бағаның
жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып,бірен-саран индекстеу
жүргізілуде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жатады елдер-Сингапур, Малазия, Оңтүстік Корся, т.б.
жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда
жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау
жүргізілген.Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға
қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы
зор роль атқаруда, жұмыссыздық бір қалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша-Вьетнам және
т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.Бұл
мемлекеттер өндірістің өсуімен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы
қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша мақсатын
басып шығарумен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары
Инфляция теориясы.Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
ТМД одағының құрылу мен даму принциптері
Инфляция жайлы ақпарат
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляция мәні
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат туралы
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат
Пәндер